Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ғабит диплом(1)-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.49 Кб
Скачать

3.2 Ғ. Мүсірепов шығармарларындағы рухани құндылықтардың бейнеленуі

Ғ. Мүсірепов шығармашылығының барлық жанрында шындықтың барлық уақыттағы және кеңістік масштабындағы философиялық заңдылықтардың адамға қатысы оның ішкі жан дүниесінің тереңіне ерекше үңілген суреткер екендігі танылды. Қазақ совет драматургиясының негізін қалаушы, алғашқы эксперимент жасаушы бола отырып, шығармашылықтың әр түрлі жанрын, характер жасау шеберлігін, сюжет құруда үлкен жаңа белестерге көтерілді.

Ғ. Мүсірепов – айырықша талантты, философиялық интеллект пен аса құнды поэтикалық мәдениет иесі. Оның әдеби мұрасы өте бай, әрі жан-жақты өмірлік мәселелердің көркемдік басылымдылығын тереңінен суреттеген тұлға.

Ғ. Мүсірепов – ХХ ғасыр құрдасы. Оның шығармалары 50 жылдан астам кеңес дәуірінің әлеуметтік және мәдени кезеңінің даму сатысын түгел қамтиды. ХХ-ғасырдағы ірі саяси-әлеуметтік және мәдени қоғамның даму сатылары Мүсірепов шығармаларының барлық кезеңіне сай. Ғ. Мүсіреповтің поэтикалық әлемінің даралығы, өмірдің динамикалық кезеңі тарих сатыларымен бірге өзектесіп жатады. Суреткер дәуір талабының тарихи шындығын өз замандастарын толғандырған мәселелердің шындығымен көрсетуге тырысады: ұжым мен жеке адам, жаңа этикалық құндылықтар, жаңа психологиялық қабылдау, жаңа мәдениет. ХХ ғасырдағы нақты әлеуметтік мәселелер, адамзаттық құндылықтар оның философиялық сипаты тұрмыс-тіршілік, өмір мен өлім, адам және еңбек Ғ.Мүсірепов шығармашылығының тірегі, шығармашылық айнасы іспеттес. Ірі суреткердің негізгі мақсаты өз оқырманын ояту, оның жаңаша мәнін шығармашылығының өн бойынан көрсету әрі негізін арқау ету болып табылады.

Алғашқы драмасын жазбастан бұрын-ақ Ғ. Мүсіреповтің ертеректе жазылған шығармаларында тартысқа құрылған сюжеттер, тереңінен сезімге құрылған адамның жан-дүниесінің сыртқы-ішкі келбеті, бітім-болмысы, сөзі, қимыл-әрекет, ым-ишрат характері оның болашақ драмалық шығармаларында тереңінен көрініс табуға тікелей ықпал етті. Автордың драмалық шығармаларындағы сөз сөйлеу сипаты жаңа сапалық деңгейде көрінген, адам характерінің жан-жақты ашылуы басқа да тілдік және тілдік емес факторлармен ортақ бірлесе отырып толығымен ашылады: сюжетті әрекет, кейіпкердің өзін-өзі танытуы, шығарманың композициясы, жеке эпизодтар т.б.

Драмадағы көрінетін жан-жақты тартыс, кейіпкерлердің іс-әрекетінің шиеленісуі, характердің жан-жақты қамтылуы өмір шындығының тереңінен алынған суреткерлікті Ғ. Мүсіреповке ғана тән ерекше драма поэтикасымен бейнелеуіне тәнті етеді. Ғ. Мүсіреповтің драматургиясында әлеуметтік тартыс өмірдің ортасынан ойып алынған шындыққа құрылған сюжетті оқиғалар өз дамуында белгілі бір логикаға бағынып отырады. Ғ. Мүсірепов драмасының орталық кейіпкерлерінің характері, мінезі, бітім-болмысы белгілі бір тарихи дәуірдің алдыңғы қатарлы үздік тұлғалардың барлық типтік белгілерін бойларына жинақтай отырып, болашақ адамының рухани гүлденуіне зор ықпал етеді. Бұл Ғ. Мүсіреповтің жеке көркем фантазиясынан ғана туындаған жоқ, социализм дәуірінің суреткеріне тән ерекшелік еді.

Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады. Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланған. Үш мәрте Ленин орденімен және екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, Октябрь Революциясы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына  жазушының есімі берілген.

1991 жылы қайраткер тұрған үйде Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби-мемиоралдық мұражай үйі ашылған.

2002 жылы 100 жылдық мерейтой қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Астана қаласындағы көшелердің біріне Ғ.Мүсіреповтің есімі беріліп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры алдына қоладан ескерткіш мүсіні қойылған.

Қазақ әдебиетінің әлеміне 20-жылдардын орта тұсынан өтіп барып келген Ғ.Мүсірепов алғашқы кезде жекелеген мақалаларымен және аударма ецбектерімен көрінген. Одан кейінгі оның елеулі еңбегі болып саналатын «Тулаған толқында» атты ұзақ әңгімесі 1928 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Жазушының шын мәнінде шығармашылық белсенді еңбегі осы тұстан басталады. Әлбетте, суреткердің алғашқы көлемді шығармасының айы-күнінен бастап қана оның өнерпаздық жолының бастауын анықтау қиын. Жазушының кейініректе жазған өмірбаяндық әңгімелеріне қарағанда оның жазу жұмысына ынталануы, әдебиетке құмартуы 1928 жылдан әлдеқайда ерте басталған сияқты.

Ең алғашқы шығармаларынан бастап Ғ. Мүсірепов творчествосына тән кейбір сипаттарды айқын байқауға болады. Соның бірі жазушының көркем дүниеліктерін бірден баспаға ұсынбай көп қарап, көп жөндеуден өткеннен кейін ғана, әбден пісіп болған соң ғана жариялау дағдысы. Бұл – шын мәніндегі жауаптылықты сезінетін талғампаз сурсткерге лайықты мінез. Екіншіден, шығарманың мазмұнын ғана екшемей, оның мейлінше көркем кестеленіп, бай, жатық тілмен берілуіне ден қоюы да атап көрсетерлік ұнамды қасиеті. Жазушының алғашқы он шақты жыл ішінде жазған көптеген әңгіме, очерк, повестерінің өзінен де осы ерекшеліктерді аңғарамыз.

Қазақ әдебиеті жиырмасыншы ғасырда өзінің кемеліне келіп, барлық жанрда небір көркем туындыларды дүниеге келтірді. Қазақ әдебиеті әлем әдебиетінің қазынасына мол үлес қоса алды.

Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің өркендеуіне мол үлес қосып еңбек еткен жазушылардың бірі – Ғабит Махмутұлы Мүсірепов.

Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік ерекшелігі болады. Көптеген халыққа танымал ірі қаламгерлердің үлкенді–кішілі атақты шығармаларын қолға алып үңіле түссең–ақ, кімнің шығармасы екенін айнытпай айтуға болады. Әдемі өрнек, сұлу сөзге тұнып тұрған, ұзын сонар ширатылған Әуезов сөйлемдерін, өлең жолдарындай өзара ұйқасын тауып, үйлесіп, төгіліп тұратын, артық деп бір сөзін де алып тастауға көнбейтін Ж.Аймауытов сөйлемдерін, есте ұстауға ерекше икемді, әрбір кейіпкерін «өмірдің өзінен ойып алған» Б.Майлин сөйлемдерін басқа қаламгерлермен шатастыруға болмас.

Әдебиет әлеміне 20 – жылдардың аяғында келген жазушы Ғ.Мүсірепов шығармашылық жолын әңгіме жазумен бастап, қазіргі қазақ әдебиетінің алтын қорына «Оянған өлке», «Ұлпан», «Жат қолында» сияқты прозалық сүбелі туындылармен қатар, бірнеше ірі драмалық шығармалар, әр алуан тақырыптағы үлкенді – кішілі әңгіме, повестер қосты. Әрине, әдебиет туралы ортаға салған ойлары мен толғаныстары өз алдына бір төбе. Жазушының шеберлік шыңдау мектебі, «әсемдік әлемінің» алғашқы баспалдағы– прозаның шағын түрі әңгіме болды.

Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби сында «Ғабит Мүсірепов Майлин ізімен, бірақ одан басқалау романтикалық стильде әңгіме жанрын дамытып, сол арқылы күшті, татымды образдар галереясын жасады» деп көрсеткен болатын.

Өмірде әрбір адамның өзгеге ұқсамас өз өмір жолы болатыны секілді, әрбір шығармашылық адамының шығармашылық ұлы көшке келуі де, қызығы мен қиындығы, азабы мен рахаты, жеңісі мен жемісі мол сол көшке ілесуі де әрқилы болатыны заңды. Шығармашылық жолындағы өмірлік тәжірибесі жазушы шығармашылығына әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да болар жазушы әңгімелерінің тақырып аясы кең, ішкі мазмұны терең, айтар ойы анық.

Жазушының алғашқы әдеби көркем шығармасы «Тулаған толқында» жиырмасыншы жылдардың аяғында жазылды. Қазіргі кезде бұл шығарма повесть ретінде қарастырылғанмен, шығарманың алғашқы нұсқасы ұзақ әңгіме болған. Мұнан кейін жазушы қаламынан «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Шұғыла», «Жеңілген Есрафил», «Ер Қаптағай», «Қыран жыры», «Өмір жорығы», «Тарғыл қауын», «Сөз жоқ, соның іздері, әйел – ана тақырыбына арналған шоғыр әңгімелері туды. Бұл әңгімелерін тақырып тұрғысынан қарастырсақ сан алуан[1].

Жазушы Ғ.Мүсірепов шығармашылығы қазіргі қазақ әдебиетінде «тақырып байлығымен, жаңалығымен ғана емес», стильдік шеберлігімен де ерекшеленеді.

Қазіргі қазақ әдебиеті классиктерінің бірі С.Мұқанов кезінде Ғ.Мүсірепов шығармашылығының танылуына, өсіп жетілуіне баса назар аударып, көп ретте тікелей ықпал еткені де белгілі. Сондықтан да С.Мұқанов замандас қаламгердің шын шеберлігінің әдемі өрнектерінің «кілтін» дөп басып айтып береді: «Ғабиттің жазушылығының тұтас алғанда өзіне тән өзгешеліктері бар. Біріншіден, Ғабит бойына сіңбеген тақырыпқа жармаспайды; екіншіден, бойына сіңірген тақырыбын тез жазып тастауға асықпайды, сондықтан да шығармаларының шикісі аз болады; үшіншіден, жазатын тақырыбына күй таңдайды, күйі жетпесе игерген тақырыбын да жаза қоймайды; төртіншіден, шығармасына өте ұқыпты, сондықтан хал – қалдерінше олпы –солпысыз шығарады; бесіншіден, тілге үнемшіл, сипаттап, суреттеп отырған оқиғасына жәрдемі жоқ сөзді қолданбайды; алтыншыдан, жарқылдақ сөзді көп қолданып, шешен сөйлеуге тырысады; жетіншіден, адам портретін жасауға қазақ жазушыларының ең шеберінің бірі»

«Қазақтың сөз өнерінде «Ғабитің тілі» деген тіл бар. Ол қандай тіл? Ол – «сымға тартқан күмістей» сұлу тіл. Ол – нақты тіл, затты тіл. Ол сөз ғана емес, сөзбен салынған сурет. Ол – биік парасат, терең философия. Ол – сыр, сезім... Ғабит тілі–сырлы да сиқырлы тіл» «....қағаз бетіне түскен қолының дір еткен тұсы болмаған, әрқашан еркін, батыл байсалды қозғалған; әр сөз өз орнында шебер құрылысшының кірпішіндей берік қалаған да отырған»

Қаламгер өзінің жоғары сапалы прозалық, драматургиялық, сын– әдебиеттану еңбектерімен түрлі жанрдағы жазушыларымызға өнеге, үлгі беріп отырды. Теориялық, творчестволық пікірлер толғап, идеялық-эстетикалық пікірімізді дамытуда қосқан сыбағасы, үлесі зор. Ғ.Мүсірепов - әлеуметтік, қоғамдық зор мәнді мәселелер жайында толғанатын, әрдайым өзі өмір сүрген бүгінгі қазақ қауымның іргелі толғақты мәселелерін, проблемаларын тербейтін жазушы. Ол қозғаған қоғам өміріндегі ең сүйікті, өзекті, шешуші тақырыптар – халықтың елдік, экономикалық, мемлекеттік, мәдени рухани тіршіліктері.

Ғабит Мүсірепов стилі өмірді терең, көрікті ашады. Әр сөзі, әр тіркесі шебер қиысып, мәнерлесіп келіп сымбаттанып кетеді де, көп көрініс көз тындырады. Ғабит стилі – суретке толы. Өйткені жазушы айналаға үлкен суреткерлік сезіммен қарап, образ арқылы қабылдайды. Төңірек тірі образға толып кетеді де, ирония мен юмор да қойдай өріп жүреді. Реніш пен күлкі араласқан бедерлі образ суреткер сезімін хабарлайды.

Ғабит алғашқы әңгімелері: «Қос шалқар», «Талпақ танауда» өмірге ажуалай қарап, жымыя күліп, прозаға жаңа бір өрнек ала келгені мәлім. Бұл ажуа өмірді жеккөріп, іштей наразы болғандықтан туған ащы сөз емес; қайта өмірді сүйген, жақсылыққа құмартқан жазушының жылы лебізі, жарқын қабағы еді. Көркем сөз шебері Ғабит Мүсірепов өз шығармаларында халық тілін молынан пайдаланып отырады. Оны пайдаланғанда, өз елегінен өткізіп, оған өзінше ерекше әуен, лебізді үн қосады, сөйтіп барып көркемдіктің көрінісін тудырады. Бұл ретте тіліміздегі мақал – мәтел, нақыл сөздер да оқиға желісінің ыңғайында орынды пайдаланып, олар шығарма тілінің көркейе түсуіне одан сайын ажар беріп тұрады. Ғабең қолданысындағы кейбір сөйлемдердің өзі табиғаты жағынан нақыл сөздерге де айналып жатады. Бұл, әрине, автор ойының тапқырлығы мен ұшқырлығынан туындайды. Әңгімелеріндегі жазушы қолданған кейбір нақыл, мәтел сөздердің сипаты төмендегідей болып келеді: «Жаман иттің атын Бөрібасар қоймас болар». «Құдай сыбырлағанды естісе, сайтан сыбырламасаң да естиді. «Етті өзбек пісірсін, қырғыз турасын, қазақ жесін», «Ойда он өгіздің мүйізі сырқыраса, қырда қырық өгіздің мүйізі сырқырайды», т.б. Міне, осындай ұғымдағы тіл өнерінің үлгісін өз көзі тірісінде Ғабең айқын көрсетіп кетті. Көрсетіп қана қойған жоқ, тіліміздің тазалығын сақтай білуге сақтандырып кетті. Тілдегі салақтықтың да себебін айтты: «Тіл салақ сөйлеуден бұзылады». Мұны болдырмаудың жолдарында өз көркем туындысының тіл өнері арқылы көрсетті. Бұл ретте ол сұлу сөздерді теріп, жинақтап жатпайды, қарапайым сөздердің өзімен – ақ тамаша өрнек салады, көз алдыңа әдемі сурет әкеледі. Ал жағымсыз кейіпкерлерін суреттеуде ол қолданған теңеу – сипаттамалар олардың бет – пердесін сыпырып тастайды. Автор сөз күшінің құдіретін осылайша туындатып, өзінің шеберлік мектебін одан сайын шыңдап отырады. Ғабит Мүсірепов – өз табиғатында көркем сөздің шебері деп танылған жазушы. Алайда оның қаламынан туындаған көркемдік шеберліктің сыры бар қырымен әлі толық ашылған жоқ, зерттеліп болған жоқ. Мүсірепов стилі – тұнып тұрған бай қазына. Ол сенің бірден қолыңа түспейді, ойлануды, толғануды қажет етеді. Оның әрбір сөз қолданысына терең сыр, өзіндік бояу бар. Соларды түсіне білу қажет, аша білу қажет. Сонда ғана оның стилінен оның өзін танитын боламыз. Ал Ғабит Мүсіреповты тани білу деген сөз – қазақ әдебиетінің, ондағы шеберлік тәсілін түсіне білу деген сөз[2].