Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ғабит диплом(1)-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.49 Кб
Скачать

1. Көркем шғарманың поэтикасы: мәселенің теориялық аспектісі

1.1. «Әдеби шығарманың поэтикасы ұғымы». Көркем шығарма поэтикасының негізгі сипаттамалары

Поэтиканың негізін қалаушы Аристотель болып саналады, дегенмен одан бұрын да ізін салушылар болған. Поэтика саласымен байланысты бірқатар ережелер Аристотельдің тікелей ұстазы Платонда кездеседі (поэзияны түрлерге бөлуге қатысты, катарсис туралы, поэзияның «еліктеу» табиғаты туралы), алайда ол поэтикаға дамыған жүйе бермеді, бұл мәселелерді жалпы философилық тұрғысында қалдырып қойды. Сөйтіп, поэтика жөніндеге алғашқы жүйелік еңбек ретінде Аристотельдің поэтикасын санау керек.

Поэтика – әдебиет теориясының бөлімі, белгілі-бір ғылыми-әдістемелік алғышарт негізінде түсіндірілетін, әбеби туындының ерекше құрылымының, поэзиялық үлгінің, поэзия өнерінің техникасының (құралдардың, тсәілдердің) мәселелері [3]. «Поэтика» термині кейде зерттеу объектісінің өзі ретінде тасымалданады, мысалы, «пушкин поэтикасы», «Шекспирдің поэтикасы» және сол секілді.

«Поэтика» ұғымының тағы да бірнеше түсіндірмесі бар. Мысалдар келтіреміз:

1) поэтика – «поэзия теориясы, поэзиялық шығармашылық туралы ғылым, оның шығу тегін, заңдарын, формаларын және маңызын анықтауды мақсат етеді».

2) «…поэтика деп біз өнер ретіндегі әдебиет туралы ғылымды айтамыз, поэзиялық өнер туралы ғылымды, поэзия туралы ғылымды айтамыз (егер "поэзия" сөзін бұл сөзден гөрі әдебиеттің барлық саласын қамтитын кең мағанада түсінетін болсақ), басқаша айтқанда, поэзия теориясы» 

3) «поэтика – бұл эстетика және поэзиялық өнердің теориясы. Өзінің даму процесінде поэтика, әртүрлі қиындықтарды бастан кешіріп, кейде қандай-да бір аралас ғылымдармен жықындасып, көп жағдайда бірігіп кетеді, алайда ол алабөтен территоияда тұрғандай болып көрінсе де, барлық мәселелердің, тіпті әдебиет тарихының, социологияның мәселелеріне ұқсас мәселелердің соңғы мақсаты, ол үшін поэзиялық құрылымға жарық беру болып табылады»

Заманауи зерттеу әдебиеттерінде «поэтика» термині үш мағанада қолданылады:

1) поэтика бұл сөздің тар мағанасында «әдебилікті», «сөздің поэзиялық шығармаға айналуы және осы айналуды орын алдыратын тәсілдердің жүйесін зерттейді »

2) біршама кең түсінікте «көркем мәтіннің сөздік және өзге де құрылымдық кезеңдерін зерттеуді көздейді»

3) поэтика, жалпы эстетиканың бөлімі ретінде, әдебиет саласына ғана емес, түгелдей дерлік барлық өнерге қатысы бар

Поэтиканың міндеті (басқаша айтқанда – өздің немесе әдебиеттің) әдеби шығармаларды құрудың тәсілдерін зерделеу болып табылады. Поэтикадағы зерттеудің объектісі көркем әдебиет. Зерделеудің тәсілі құбылыстарды сипаттау мен жіктеу және оларды талқылау болып табылады.

Поэтиканың міндетін былайша түсіну ресми (форфологиялық) мектеп өкілдеріне және оған жақын ғалымдарға тән. Мысалы, В.В. Виноградов поэтиканың міндетіне мынадай анықтама берді: «Поэтиканың маңызды міндеттерінің бірі – әртүрлі дәуірлерде әртүрлі жанрлардағы сөздік-көркем туындыларды түзудің қағидаларын, тәсілдерін және заңдарын зерделеу, осындай түзудің жеке, ерекше, сол және басқа да ұлттық әдебиеттің жалпы заңдылқтары немесе қағидаларының арасын бөлу, әдеби шығармашылықтың әртүрлі түрлері мен жанрлары арасындағы өзара байланыстарды және қатынастарды зерттеу, әртүрлі әдеби формалардың тарихи қозғалысының жолдарын ашу»[3].

Поэтиканың философиялық эстетикасына қарама-қайшы келмейтін басқаша түсінігін М.М. Бахтин ұсынды. Ол Б.Томашевскийдің «Әдебиет теориясына» пікірінде былай деп жазды: «Поэтиканың міндеттеріне былай анықтама беру аз деген де дау талас тудырады, және қандай жағдайда да бір жақты. Біздіңше, сөз шығармашылығының эстетикасы болуы керек, сондықтан да әдеби туындылардың құрылымын зерттеу оның міндеттерінің бірі болып табылады, әрине маңызды міндеттерінің бірі»[4].

Поэтика – екі мағынасы бар термин: 1)әдебиеттің белгілі-бір құбылысының (кино мен театрдың сирек) өзіндік ерекшелігін анықтайтын көркемдік-эстетикалық және стилистикалық сапаларының жиынтығы - оның ішкі құрылымы, оның компоненттері мен олардың өзара байланыстарының ішкі құрылымы[5];

2) әдебиеттанудың пәндерінің бірі, мыналарды қамтиды: жалпы тұрақты элементтерді зерттеу, олардың өзара байланысынан көркем әдебиет, әдеби түрлері мен жанрлар, сөздік өнердің жеке туындылары қосылып шығады; осы элементтердің ілінісу заңдары мен эволюциясын, әдебиетті жүйе ретінде қозғалуының жалпы құрылымдық-типологиялық заңдылақтарын анықтау; тарихи тұрақты әдеби-көркем формалар мен құрылымдарды сипаттау және жіктеу (соның ішінде – көптеген жылдар бойы дамып жатқандарын, лирика, драма, роман, мысал секілді әлеуметтік және мәдени-тарихи тұрғыдан ұқсамайтындарды);олардың тарихи қызмет етуі мен эволюциясының заңдарын нақтылау[6].

Бірқатар мәселелерді қамти отырып, поэтика әдебиеттану пәні ретінде, бір жағынан стилистикамен және өлең танумен тығыз жанасады, ал екінші жағынан – эстетикамен және әдебиет теориясымен. Этетика мен теориялар олардың бастапқы қағидалары мен әдістемелік өзегіне негіз болады. Поэтика үшін әдебиет тарихымен және әдеби сынмен ұдайы өзара әрекеттесу қажет. Тарих пен сынның мәліметтеріне сүйенеді, және ол өз кезегінде зерттелетін материалдың жіктемесі мен талдауына, сонымен қатар оның дәстүрлермен байланысын, түпнұсқалығын және көркемдік құндылығын анықтау үшін теориялық критерийлер мен бағдарларды береді.

Әдебиет теориясының саласы ретінде, поэтика әдеби түрлер мен жанрлардың, ағымдары мен бағыттардың, стильдері мен әдістердің ерекшелігін зерделейді, көркемдік тұтастың әртүрлі деңгейлерінің ішкі байланыстары мен қатынастарының заңдарын зерттейді. Әдебиеттегі мәнерлеп жеткізу құралдарының барлығы айналып келгенде тілге саятындықтан, поэтика тіл құралдарын көркем пайдалану туралы ғылым ретінде де анықталуы мүмкін. Туындының сөздік (яғни, тілдік) мәтіні оның мазмұнының өмір сүруінің жалғыз материалдық формасы болып табылады. Поэтиканың мақсаты туындыдан эстетикалық әсерлерді қалыптастыруға қатысатын мәтіннің элементтерін бөлу мен жүйелендіру болып табылады. Әдетте поэтика жалпы (теориялық немесе жүйелік - "макропоэтика"), жеке (сипаттаушылық - "микропоэтика") және тарихи болып бөлінеді [7].

Жалпы, немесе теориялық поэтика көркемдік бүтіннің әртүрлі деңгейлерін түзудің заңдарын, сөздің көркем бейненің және мәтінді ұйымдастырудың жекелеген эстетикалық құралдарын (тәсілдерін) жүйелі сипаттаумен айналысады. Теориялық поэтика әдеби және әдебиден тыс шындықтың қатынастарын, «ішкі» және «сыртқы» көркем форманың арасындағы байланыстарды, шындық пен материалдың көркемдік (поэзиялық) әлеміне айналу заңдарын, көркемдік уақыт пен кеңістікті ұйымдастыруды, сонымен қатар мәтінде жазушы ойының толығысу тәсілдерін тарихи-мәдени процестің сатысына, бағытына, әдеби түріне және жанрына байланысты зерттейді.

Тарихи поэтика – әдебиеттанудың көне саласы. Тәжірибенің жинақталуына байланысты, әрбір ұлттық әдебиет көне заманда және орта ғасырлқ кезеңдерде өзінің «поэтикасын» - өлең шығарудың өзіне дәстүрлі «ережелерінің» мәліметтерін, ұнамды бейнелердің, жанрлардың, поэзиялық формалардың «каталогын», тақырыптарды таныту тәсілдерін қалыптастырды. Ру басылары мен одан кейінгі шеберлер оны пайдаланды [Веселовский, 1940, с. 500]. Тарихи поэтика көркем әдебиет тарихын бүтіндей қамтуға, әдеби тарихи-мәдени процестегі себеп-салдарлық байланыстарды реконструкциялауға баса назар аударады. Тарихи поэтика көркем жүйелердің, жанрлардың, сюжеттердің және мотивтердің шекараларының дамуы мен өзгеруін және ерте синкреттік формалардан бастап заманауи өнерге тән күрделі дамыған формаларға дейінгі жекелеген әдеби-көркем тәсілдердің (метафоралардың, эпитеттердің, салыстырулардың) эволюциясын сипаттайды.

Егер теориялық және тарихи поэтикалар сөз дамуының жалпы заңдылықтарын зерттеумен айналысатын болса, дербес жазушыларды және нақты туындылардың құрылымын сипаттаумен жеке поэтика айналысады. Жеке поэтика жазушының шығармашылық ойының тарихын және көркемдік мәтіннің эволюциясын, туындының мәтіндері арасында пайда болатын өзара байланыстарын, оның тарихи-мәдени контекст пен срытқы әлеммен байланысын зерттей алады.

Көркем әдебиетті тереңінен біліп, оның мәні туралы дұрыс талқылау үшін әдеби шығармаларды оқып қана қою жеткіліксіз. Оқырмандардан ең алдымен көркем туындылардың моральдық адамгершілік және идеялық мазмұнын, олардың көркемдік еркешеліктерін, көркемдік, тарихи және қоғамдық маңыздылығын түсінуді талап етеді. Ал бұл әрбір жеке әдеби шығарма адамның санасында оқшаулы түрде болмай, әдеби дамудың жалпы тізбегінің буынында болса ғана мүмкін болады. Сондықтан да, әдебиет әлемінде өмір сүретін әрбір адамда жалпы көркемдік шығарма деген не, қоғамдық сананың өзге формаларының қасында оның ерекшелігі қандай екендігі туралы нақты түсінігі болуы керек. Сонымен қатар әдеби туындының тақырыбы, идеясы, сюжеті, композициясы нені білдіретіндігін, негізгі әдеби түрлері, жанрлары қандай екендігін білу керек. Осы сұрақтардың барлығына барлық уақыттар мен халықтардың әдеби дамуының тәжірибесін логикалық жалпылай келе, әдебиет теориясы жауап береді.

Сонымен, кез-келген көркем туындының поэтикасының өзінің негізгі құраушылары болады:

- жанрлық өзгешелігі;

- сюжеті және композициясы;

- портрет пен көркем детальдің рөлі;

- тілі және стилі.

Аталған ққраушылардың қысқаша сипаттамасына жүгінеміз.

Жанрды зерттеушілер қандай-да бір дәуірдің немесе ұлттың немесе тұтастай әлемдік әдебиеттің туындысының шағын тобына тән тұстарын жалпылайтын әдеби туындының тарихи қалыптасқан түрі ретінде анықтайды. Жанрларды бөлу қағидалары түрлік жатуы, жетекші эстетикалық сапасы (түр аясында), жалпы құрылымы болып табылады (форма компоненттерінің белгілі-бір жүйесі) [Әдебиет теориясы, 1964, Т. 2]

Жанрлардың шығу тегі ең алдымен тақырыппен, бейнелеу затымен байланысты болса керек. Алайда жанрларды анықтауда тақырыптық немесе ресми тұстарын ескермеу оларды талдаудың өзгерістеріне алып келеді. Мысалы, Д.С. Лихачевтң айтуынша, көне орыс әдебиетінде «жанрды көрсетудің негізі, басқа белгілерімен қатар сипаттаудың әдеби ерекшеліктері емес, пәннің, тақырыптың өзі болды» бұл жекелеген жанрлардың араласуына немесе айқын емес ажыратылуына алып келді. Ал басқа жағынан алғанда, жанрды «композициялық тәсілдердің жиынтығы» ретінде талдау да дәл осы нәтижеге алып келді.

Жанрлық өзгерістер тарихи ғана емес, дербес-авторлық болуы мүмкін, ал әрбір талантты жазушы көркемдік форма саласыындағы жаңалық әкелуші болады. Осы ретте жазушылар жанрлық таңдаудың маңыздылығын сезеді. Егер де жазушы дәстүрлі жанрлық белгілеудің аясынан шығып кетсе, онда әдетте жаңадан табылған үлгінің ескі үлгілерге қатынасын түсіндіруге тырысады. Сондықтан да жанрлық трансформациялар жазушылардың әдеби-сыни ойларымен ілесіп жүруі мүмкін.

Сюжет – туындығы негізделген әрекеттер мен оқиғалардың жүйесі, оның оқиғалық тізбегі, осы ретте ол туындыда берілген ретте [8].

Сюжет — көркемдік форманың динамикалық формасы, ол қозғалысты, дамуды және өзгерісті көздейді. Барлық қозғалыстың негізінде дамудың қозғаушысы болып табылатын қарама-қайшылық жатыр.

Композиция – бұл туынды бөлшектеріінң, бейнелерінің және элементтерінің құрамы және қайсыбір уақыттық ретпен белгілі-бір орналасауы. Бұл рет ешқашан кездейсоқ болмайды және барлық уақытта мазмұндық және мағаналық жүктемеге ие болады [9]

Кең мағанасында композиция — бұл көркем форманың құрылымы. Композицяның қызметтері: бүтіннің элементтерін «ұстап тұру» , жекелеген бөліктерден бүтін жасау (ойластырылған және маңыздыланған композициясыз толыққанды көркем туынды құру мүмкін емес), көркемдік мағананы туынды бейнелерінің орналасуымен және қатынасымен көрсету. Композицияның сыртқы қабатының дербес көркемдік маңыздылығы болмайды. Туындыны тарауларға бөлу барлық туақытта көмекші сипатта болады, оқу үшін ығайлы болуы қызметін атқарады және туындының композициялық құрылымының терең қабаттарына бағынған. Сыртқы композицияның элементтеріне назар аудару керек: алғысөз, прологтар, эпиграфтар, интерлюдиялар және т.б.. Эпиграфтарды талдаудың ерекше маңызы бар: кейде олар туындының басты мағанасын ашуға көмектеседі.

Композиция ұғымы сюжет ұғымына қарағанда біршама кең және әмбебап болып табылады. Сюжет туындының жалпы композициясына еніп кетеді.

Көркемдік деталь – бұл таңдамалы немесе мәнерлі нақтылығы: пейзаждың, портреттің, сөздің, психологизмнің, сюжеттің элементі. Әдебиет шығармасындағы бейнеленген әлемнің картинасы, кейіпкердің бейнесі жекелеген шығармашылыық детальдардан қайталанбас даралыққа құралады [10].

Көркемдің бүтіннің элементі бола тұрып, деталь микроүлгілі болып тиабылады. Сонымен қатар   деталь барлық уақытта біршама ірі бейненің бөлігін құрайды. Дербес деталь, кейіпкердің соңына бекітіліп, оның тұрақты белгісі, сол кейіпкерді танитын белгіге айналады; мысалы, «Соғыс және бейбітшіліктегі» Эленнің жылтыр иықтары, княжна Марьяның нұр шашқан көздері, «нағыз парсы материясынан жасалған» Обломовтың халаты, Печориннің «ол күліп тұрғанда күлмейтін көздері» сондай.

Әдеби шығармадағы портрет - бұл көркем сипаттаудың бір түрі, онда кейіпкердің сыртқы кейпі оны авторлық көзқарас тұрғысынан едәуір айқын көрсететін жағынан бейнеленеді. Портрет әдеби кейіпкерді сипаттаудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Әдеби туындының композициясындағы портреттің орны аса маңызды және сан алуан болып табылады:

- оқырманның кейіпкермен танысуы портреттен басталуы мүмкін, алайда кейде автор кейіпкерді ол қандай-да бір әрекетті жасап болған соң немесе туындының ең соңында «көрсетеді»;

- портрет монолитті болуы мүмкін, автор егер де кейіпкердің барлық ерекшеліктерін бірыңғай «блокпен» бірден келтіретін болс, және «үзілген» болуы мүкмін, ол кезде портреттік тұстары мәтіндде «шашыраңқы» болса;

- кейіпкердің портретітк тұстарын автор немесе кейіпкерлердің бірі сипаттауы мүмкін (Печориннің портретін Максим Максимыч және саяхатшы-инкогнито салады);

- портрет «шерулі» (Одинцова), мысқылшыл (Элен және Ипполит Курагины) немесе сатиралы ( Л.Толстойдың Наполеоны) болуы мүмкін, кейіпкердің тек бет-жүзі немес бүкіл тұла-бойы, киімі, ым-ишарасы сипатталуы мүмкін;

- портрет фрагментті болуы мүмкін: кейіпкерлің барлық кейпі емес, тек төл сипаты бейнеленеді; осы ретте автор оқырманның қиялына мақтап әсер етеді, оқырман кейіпкердің портретін санасында толықтырып, авторласқа айналады (Чеховтың «Дама с собачкойындағы» Анна Сергеевна);

- кейде портрет кейіпкердің өзі, ойлары, дағдылары туралы автордың нақтылауынан тұрады.

Әдеби портреттің ең көп таралған, күрделі және қызықты түрі психологиялық портрет болып табылады. Оның алғашқы керемет бейнелері орыс әдебиетінде ХІХ ғасырдың 1-ші жартысында пайда болды: "Пиковая дамадағы" Германның портреті, А.С.Пушкиннің "Евгений Онегиніндегі" Евгений мен Онегиннің портреті, М.Лермонтовтың «"Герой нашего времени" романындағы Печориннің портреті, И. Гончаровтың "Обломов" романындағы Обломовтың портреті, т.б.

Көркем әдебиеттің тілі негізінен бірнеше факторлармен анықталады. Оған кең метафоралық, барлық деңгейлердегі тілдік бірліктердің бейнелігі тән, барлық типтегі синонимдерді, көпмағаналықты, лексиканың әртүрлі стильдік пластарын пайдалану байқалады. «Барлық құралдар, соның ішінде бейтарап құралдар да, бұл жерде үлгілер жүйесін, суретшінің поэзиялық ойын көрсетуге қызмет атқаруға шақырады» [Кожина, 1993, с. 199]. Көркемдік стильде (басқа функционалдық стильдермен салыстырғанда) сөзді қабылдаудың өз заңдары болады. Сөздің мағнасы автордың мақсаттық ұстанымымен, сол сөз элементі болып саналатын көркем шығарманың жанрлық және композициялық ерекшеліктерімен анықталады: біріншіден, сол әдеби шығарманың контекстінде ол көркемдік көп мағаналыққа ие болуы мүмкін, екіншіден, өзінің сол туындының идеялық-эстетикалық жүйесімен байланысын сақтайды және тамаша немесе орынсыз, жоғары немесе төмен, қайғылы немесе комедиялық ретінде бағаланады.

Сонымен, «поэтика» терминімен көркемдік бүтіннің әртүрлі көріністерін зерттеуді білдіруге болады: әдебиеттің ұлттық нұсқасын, әдеби процестің белгілі-бір сатысын («Көне орыс әдебиетінің поэтикасы»), жеке типологиялық категорияны – әдеби түрдің, жанрдың бағытын, т.б. («Романтизм поэтикасы», «романның поэтикасы»), нақты жазушының шығармашылығы («Гогольдің поэтикасы), жеке туындының («Евгений Онегин» романының поэтикасы») және тіпті көркем мәтінді талдау аспектісінің («Композицияның поэтикасы»). Барлық жағдайларда поэтиканың сипаттамасы зерттеліп отырған объектіні мазмұны мен формасы ортақ қайсыбір тұтастық, қатысты аяқталған жүйе ретінде қарастыруды көздейді.

Өзінің тарихи дамуында поэтика ғылым ретінде ұзақ жолды жүріп өтті, өз пәнінің шекаралық сызықтарын, міндеттерінің сипатын өзгертті, поэзиялық ережелер мәліметітінің шегіне дейін тарылып, бірде әдебиет немесе эстетика тарихының шекараларымен сәйкес келетін шекараларға дейін етек жайды.

Сонымен, «поэтика» терминінің синонимі ретінде қаралатын әдебиет теориясы көркем әдебиет дамуының жалпы заңдарын анықтайды, көркем шығарманың ерекшеліктерін, оны талдаудың қағидаларын білгілейді, және әдеби даму процесін зерттеу жолдарын анықтайды.

Әдебиеттегі мәнер құралдарының барлығы айналып келгенде тілге саятындықтан, поэтика тіл құралдарын көркем пайдалану туралы ғылым ретінде де анықталуы мүмкін. Туындының сөздік (яғни, тілдік) мәтіні оның мазмұнының өмір сүруінің жалғыз материалдық формасы болып табылады, оқырмандар мен зертетушгілердің саныс ол бойынша туындының мазмұнын құрастырады, авторлық ниетті тындатуға талпынады («Шекспир үшін Гамлет кім болды?») немесе оны құбылмалы дәуірлердің мәдениетіне байланыстырады («Гамлет біз үшін кім?»). Екі тәсіл де айналып келгенде, поэтика зерттейтін сөздің мәтінге сүйенеді. Осы жерден әдебиеттану жүйесіндегі поэтиканың маңыздылығы келіп шығады[11].

Поэтиканың мақсаты туындының эстетикалық әсерлерін қалыптастыруға қатысатын мәтін элементтерін бөлу және жүйелеу болып табылады. Бұған көркем тілдің барлық элементтері қатысады, алайда әртүрлі дәрежеде: мысалы, лирикалық өлеңдерде сюжеттің рөлі маңызды емес, және ритмика мен фоника маңызды рөл ойнайды, ал прозада - керісінше. Барлық мәдениеттің өз құралдарыынң жиынтығы болады, ол әдеби шығармаларды әдеби емес шығармалардан бөліп тұрады: шектеулер ритмикаға (өлең), лексикаға және синтаксиске («поэзиялық тіл»), тақырыпқа (кейіпкерлердің және оқиғалардың ұнамды түрлері) қойылады. Осы құралдар жүйесі тұрғысындағы оның эстетикалық қоздырғышы оның бұзылуы болып табылады: поэзиядағы «прозаизмдер», прозаға жаңа дәстүрлі емес тақырыптарды ендіру. Белгіліг-бір әдебиетке жататын зерттеуші ол зертетп жүрген туындылар секілді, осы поэзиялық олқылықтарды жақсы сезеді. Ал олардың негізін өзімен-өзі түзіледі деп қабылдайды. Өзге мәдениетті зертетуші, керісінше, ең алдымен тәсілдердің жалпы тәсілін сезінеді (көбіне өзіне таныстан ерекшелігі барын) оның бұзылу жүйелерін азықар сезінеді. Сол мәдениеттің «ішкі жағынан» поэзиялық жүйені зерттеу нормативті поэтиканың бұзылуына алып келеді (классицизм дәуіріндегідей біршама сезілген, немесе ХІХ ғасырдың еуропалық әдебиетіндегі секілді азырақ сезіледі), «түбінен» зерттеу – сипаттау поэтикасының түзілуіне алып келеді. XIX –шы ғасырға дейін аймақтық әдебиеттер тұйық және дәстүрлі болды, поэтиканың нормативтік түрі үстемдік етті. Нормативтік поэтиктер әдеби бағыттардың біріне бет бұрды және оны пысықтады. Дүниежүзілік әдебиетітң қалыптасуы (романтизм дәуірінен бастап) сипаттаушы поэтиканы құру міндетін алғашқы орынға шығарады.

Әдетте поэтика жалпы (теоретиялық немесе жүйелік – «макропоэтика») жеке (немесе сипаттаушы– «микропоэтика») және тарихи болып бөлінеді.

Сөздік-көркем туныдылардың әмбебап қасиеттерін нақтылаушы жалпы поэтика, үш салаға бөлінеді, ол салалар мәтін құрылымының дыбыстық, сөздік бейнелік құрылымдарын зерттейді.

Жалпы поэтиканың мақсаты – бүкіл осы үш саланы қамтитын тәсілдердің (эстетикалық әрекеттік элементтердің) толық жүйелендірілген репертуарын құру.

Туындылардың дыбыстық құрылымында фоника (көркем сөздердің дыбыстық ұйымдасуы) және ритмика зерттеледі, ал өлеңге қатысты – метрика және строфика (бұл ұғымдардың арасында әдетте айыомашыльық болмайды, ал егер айырмашылық қойылса, онда метрика дегеніміз дыбыстардыың үйлесімін және оларды стоптарға біріктіруді, ал ритмикадан– стоптарды қатарға үйлестіруді түсінеміз) зерттеледі.

Бұл жағдайда зерттеудің басты материалын өлең мәтіндері беретіндіктен, бұл сала көбінесе (тым тар) өлеңтану деп аталады[12].

Сөз құрылымында шығармалардың лексикасының, формологиясының және синтаксисінің ерекшеліктері зерттеледі; сәйкес сала стилистика (стилистика өзара лингвистикалық және әдебиеттану пәні ретінде қаншалықты сәйкес келетіндігі жайында ортақ пікір жоқ) деп аталады. Лексиканың («сөздердің іріктемесі») және синтаксистің («сөздердің бірігуі») ерекшеліктерін әу бастан ақ поэтика мен риторика зерттеген. Бұл жерде олар стилистикалық фигуралар мен троптар ретінде қарастырылған. Морфолоияның ерекшеліктері («грамматика поэзиясы») поэтикада соңғы уақыттарда ғана қарастыру пәніне айнала бастады.

Туындылардың бейнелік құрылымында бейнелер (кейіпкерлер мен заттар), мотивтер (әрекеттер мен амалдар), сюжеттер (іс-әрекеттердің байланыстық жиынтықтары) қарастырылады. Бұл сала «топика» (дәстүрлі атауы), «тақырып» (Б.Томашевский) немесе тар мағанасында «поэтика» деп аталады (Б. Ярхо). Егер өлеңтану мен стилистика поэтикада ерте заманнан бері қарастырылатын болса, топика, керісінше, аз жетілдірілген, өйткені туындылардың көркемдік әлемі шынайы әлемнен еш айырмашлығы жоқ деп саналған; сондықтан да бұл жерде материалдың жалпы қабылданған жіктемесі әзірленбеген.

Жеке поэтика көркем мәтіндерді жоғарыда аталған барльық аспектілер тұрғысынан зерттеумен айналысады, сөйтіп туындының эстетикалық әрекеттегі қасиеттерінің дербес жүйесін – «моделін» құруға мүкміндік береді.

Бұл жағдайда «поэтика» сөзімен әдеби процестің қайсыбір шекарасы анықталады, атап айтар болсақ – жекелеген жазушылардың, сонымен қатар бүтіндей дәуірдің көркемдік бағытта шығармаларда жүзеге асыратын ұстанымдары мен қағидалары. Отандық белгілі ғалымдарға көне орыс әдебиетінің поэтикасы, романтизмнің поэтикасы, Н.В.Гогольдің, Ф.М.Достоевскийдің, А.П.Чеховтың поэтикасы туралы монографиялар тиесілі. Бұл терминологиялық дәстүрдің бастауында А.Н. Веселовскийдің А.А.Жуковскийдің шығармасын зерттеулері (1838 – 1906) жатыр, ол жерде «Жуковскийдің романтикалық поэтикасы» деген тарау бар.

Жеке поэтиканың басты мәселесі – композиция, яғни туындының барлық эстетикалық маңызды элементтерінің (фоникалық, метрикалық, стилистикалық, үлгілік сюжеттік және тжалпы, оларды біріктіруші композиция) көркемдік бүтінмен функционалдық өзара байланыстылықта өзара қатыстылығы.

Бұл жерде шағын және үлкен әдеби формалардың арасындағы айырмашалық басым: шағын формаларда элементтер арасындағы байланыстар көп болғанымен, шексіз емес, және тұтастың жүйесіндегі әрқайсысының рөлін жан-жақты көрсетуге болады; үлкен формада бұл мүмкін емес, ішкі байланыстардың айтарлықтай бөлігі эстетикалық сезілмейтін секілді ескерілмеген болып қалады (мысалы, фоника мен сюжет арасындағы байланыс)[13].

Мәнердің барлық құралдарын талдау кезінде жүргізілуі мүмкін соңы ұғым «әлемнің бейнесі» (оның негізгі сипаттамаларымен, көркемдік уақытпен және көркем кеңістікпен) және «автордың бейнесі» болып табылады. Олардың өзара әрекеттестігі шығарма құрылымындағы барлық маңыздыларын анықтайтын «көзқарасты» береді. Бұл үш ұғымдар ХІХ-ХХ ғасырлардың әдебиетін зерттеу тәжірибесінде алға шығарылды; осыған дейн еуропалық поэтика үш әдеби түрді жеңіл-желпі ажыратуды місе тұтты: драманы (әлемнің бейнесін береді), лирика (автордың бейнесін береді) и және олардың арасындағы аралық эпос.

Жеке поэтиканың («микропоэтики») негізі жеке туындыларды сипаттау болып табылады, алайда шығармалар тобын да біршама жалпылама сипататуға болады (бір циклды, бір авторды, жанрды, әдеби бағытты,тар хи дәуірді). Мұндай сипаттаулар модельдің бастапқы элементтерінің тізбесі мен оларды жалғау ережелеріне ресмилендірілуі мүмкін; осы ережелерді ретімен қолданудың нәтижесінде тақырыптық және идеялық ойдан соңғы сөздік рәсімдеуге дейін туындыны құру процесі ынталандырылады (генеративті поэтика).

Тарихи поэтика жекелеген поэзиялық тәсілдердің эволюциясын және олардың жүйелерін салыстырмалы-тарихи әдебиеттанудың көмегімен зерттейді, сөйтіп әртүрлі мәдениеттердің поэзиялық жүйелерінің ортақ тұстарын анықтап, оларды жалпы қайнар көзге (генетикалық) немесе адам санасының әмбебап заңдылықтарына (типологиялық) келтіреді.

Әдеби сөздердің тамырлары ауызша сөздерге кетеді. Ауызша сөз тарихи поэтиканың негізгі материалын білдіреді. Ол материал жекелеген бейнелердің, стилтистикалық фигуралардың және өлеңдік өлшемдердің дамуын тереңінен қайта құрастыруға мүмкіндік береді (мысалы, жалпы үндіеуропалық ерте заман).

Салстырмалы-тарихи әдебиеттанудың құрамында болатын тарихи поэтиканың пәні, –сөздік-көркем формалардың (мазмұндылыққа ие), және жазушылардың көркем қағидаларының эволюциясы: олардың эстетикалық ұстанымдарының және көркем дүниетанымдарының.

Тарихи поэтиканың басты мәселесі – ең кең мағанасында алғанда жанр, бүтіндей көркем сөзден бастап, оның «еуропалық махаббат элегиясы», «психологиялық роман» секілді түрлеріне дейін – яғни бір-бірінен шықпайтын, алайда ұзақ өмкір сүрудің нәтижесінде бір-бірімен байланысатын әртүрлі поэзиялық элементтердің тарихи қалыптасқан жиынтығы. Әдебиетті әдебиет еместен бөліп тұратын , жанрды данр еместен ажырататын шекаралар құбылмалы, осы орайда осы поэзиялық жүйелердің қатысты тұрақтылығының дәуірі байырғы заманнан жне шығармашылық қалыптасу дәуірінен бастап кезектесіп келе жатыр. Осы өзгерістерді тарихи поэтика зерттейді[14].