- •Мазмұны
- •1. Көркем шғарманың поэтикасы: мәселенің теориялық аспектісі
- •1.1. «Әдеби шығарманың поэтикасы ұғымы». Көркем шығарма поэтикасының негізгі сипаттамалары
- •1.2 Поэтика және поэтика тарихы
- •2 Ұлы қаламгер Ғабит Мүсірепов
- •2.1 Ғабит Мүсреповтің шығармашылық өмір жолы
- •2.2 Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі жаңашылдық
- •3 Ғ. Мүсірепов әңгімелеріндегі поэтика
- •3.1 Ғабит Мүсірепов шығармаларының поэтикалық ерекшеліктері
- •3.2 Ғ. Мүсірепов шығармарларындағы рухани құндылықтардың бейнеленуі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.2 Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі жаңашылдық
Өз заманында, әскери тақырыптағы әдебиетті бірінші ашушылардың бірі Ғабит Мүсірепов өзін отандастардың ерлігін жырлайтын талантты жазушы ретінде танытты. «Қазақстан солдаты» романы қазақ әдебиетін бүкіл әлемге паш етті. ХХ ғасырдағы ұл шайқасқа қатысқан қазақтың жас жігіті туралы айтылған туында алғаш рет жарыққа шықты. Бұл қазақ халөының тағдырын көрететін озық туындылардың бірі болды. Қазақстаннан шыққан жігіт фашистерге қарсы қалай соғысып жатқандығын көрсететін керемет дүние. Романда автор кейіпкердің балалық шағынан бастап алып келеді, оқырмандардың алдына кейіпкердің есею жолын, оның рухани эволюциясын ашады – сезімдерін, ойларын, мінезін. Шығармаға басты кецйіпкердің бейнесін ашуға көмектесетін қосымша кейіпкерлерді сауатты ендіреді. Оларды интернационализм пен ерлік біріктіреді, Отанға деген махаббат жүректерінде сайрап тұрады. 1953 жылы «Оянған өлке» романы шығады – қазақ халқының еңбек ерлігі туралы , қарағандылықтар туралы, революцияға дейінгі жұмысшылардың өмірі туралы, Қазақстандағы жұмысшы тап қалай туындап, қалай қалыптасқандығы жайындағы алғашқы трилогия кітап. «Өзгелердің билігінде» романы – алдыңғы романның жалғасы 1974 жылы жарыққа шықты. Ғабит Мүсіреповты ңбарлық шығармашылығы Отанға деген ышнайыы махаббатты қазақ халқын жырлау арқылы көрсетіледі. Оынң туындыларының стилі эмоциялық бояуға толы, және оынң ана тілі қазақ тілі секілді көп қабатты, үйде тоқылған кілемнің өрнектеріне ұқсайды. Ғабит мүсірепов бірнеше жылдардан кейін ақ Қазақстанынң қайраткерлерінің санаулы қатарына еніп, бүкіл әлемге танылуы таң қаларлық емес[24].
Ғабит Мүсіреповтың Қазақстанның көркем мәдениетіндегі рөлі орасан зор. Мүсіреповтың шығармашылығы - романдары, пьесалары, әңгімелері –өмір сүруін жалғастыруда. Республикамыздың театрларының сахналарында оның пьесалары ұдайы табыстармен жүріп жатады (1992 жылы жазушының 90- жылдығына орай Алматыда театр фестивалі өтіті. Қазақстанның театр өнерінің аталмыш фестивалі бір драматургтың шығармашылығының аясында өтті. Онда республиканың 7 театры қатысты).
Әдеби мұрасы салыстырмалы түрде саны жағынан көп болмағанымен, шамамен барлық жанрларды қамтиды. Ауқымдылығы, философиялық жалпылануы –Ғ.Мүсіреповтың шығармашылық ойлауының ерекше тұстарының бірі. Бәлкім сондықтан да тарихи тақырыптар мен ірі формалар жазушыны қызықтырған болар (роман-эпопея, көп актілік драмалық пьеса). Революцияның замандасы, осы уақытпен тәрбиеленген және оның мдеалдарына шынайы сезіммен өмір сүрген жазушы өзінің туындыларында өз хақының тарихындағы үлкне әлеуметітк өзгерістерді көрсетуге тырысты. Аладйда әдебиетшінің таланты өмірдің оның тұтастығында көрсету, оның барлық түптеулерімен көрсетуіне нагізделді. Ол қандай-да бір идеяларды, деректерді және оқиғаларды толықтыруға қажеттілерді ғана қамтып қоя салмайды. Сондықтан да тіпті сюжеттері саяси бояумен көрсетілген шығармаларында (мысалы, революциялық көтерілістер, азамат соғысы туралы.) жазушы жоғары жұптылыққа, ойдан шығаруға жол бермеуге тырысты, өйткені уақыттың рухани атмосферасын бейнеледі. Және көбінесе еңбектеріндегі тарихи оқиғалар сыртқы фактор, уақыттың белгілі-бір белгілері ретінде көрсетіледі, ал түбегейлі қабаты мәселенің адамгершілік-психологиялық жағына негізделген. Сондықтан да Мүсірепов шығармаларының басты мотивтері – өмірдің мәнінің, бақытты іздестірудің, адам рухының тереңдігінің, сұлулықты, махаббаттты, ананы жырлаудың мәңгі тақырыптары. "Ең алдымен, мені суретші ретінде адам, оның өмірі және іс-әрекетітң барлық көірінстері қызықтырады. Адамның жаны, үн қатуға дайын және жарық, қиын сәттердегі, тағдыр тәлкегіндегі оның қимылы – міне нағыз әдебиеттің пәні, көркем зерттеудің объектісі», деп айтып кеткен жазушы (3).
Оның әдеби жазуының ең жоғары артықшылығы сөз стилистикасына негізделген болды. Әдебиеттанушы З.Кедрина айтқандай, - "Ғабит Мүсірепов – композициялық жинақталған және стилистикалық «әзірленген» қазақ жазушыларының бірі. Ғ.Мүсірепов шығармаларының стильі барлық уақытта керемет нүкте қойылуымен көзге түседі" (4). Осы шыңдалғандық, шақапақталуы, жазудағы нәзіктігі көптеген сыншыларға ол туралы «сөз зергері» айтуға негіз берді. Бәлкім, сондықтан да оның шығармалары келесі поэзиялық бейнелік ассоциацияларды тудырады - "Егер сқазақ әдебиетінің жұлдыздарының арасындағ ең күштісі мен биігі – Жамбылдың жұлдызы болса,меніңше, ең сұлу, ең нәзік, жаржандай жарқыраған жұлдыз – ол Ғабиттің жұлдызы" (Т.Молдагалиев) (5).
Жазушының өнердің басқа жанрларындағы еңбектері оған ұқсас әдеби опустармен ерекшеленеді, және ең бастысы – елдің үлесіне тиген тарихпен және тағдырымен сәйкес. Осы тұрғыдан алғанда Мүсіреповтың еңбектері қазақ киносында көрсетілген. Ойын фильмі сценарийінің көркемдік параметрлері әдетте республикамыздың кинотанушыларының зерттелетін мәселелерің аясына енбеді (республикамыздың ғана емес). Кинокартинаның жетістігі, синтетикалық туынды ретінде оның әдеби негізіне тәуелді болады.
Жазушының осы саладағы едәуір көрнекі деген еңбектерін айтқанда Ғ.Мүсірепов қазақ киносының қайнар бастауында тұрды дей аламыз. Өйткені ол ұлттық классика ретінде танылған «Амангелді» кинофильмі сценарийлерінің авторларының бірі болды (1938 ж, режиссері М.Левин), Кинолента Ғ.Мүсіреповтың осы аттас пьесасының (Б.Майлинмен бірлесе жазған) драма театрда табысты премьарасы қойылған соң түсірілді. Киноның ұлттық өнердің жаңа саласы ретінде қалыптасуының іргетасы қазақ жазушыларының шығармашылығы болғаны заңдылық: пьесалар, романдар, повестер. "Кинодраматургия кемел ұлттық әдебиеттің жаңа саласы ретінді туындады ", - деп атады осы оқиғаны кинотанушылар (6). Ары қарай республикамыздың кинаматографының жетістіктері қазақстандық жазушылардың киноленталарды жасауға қатысуына айқын тәуелділікте болды. «Амангелді» кинолентасының үлесіне үскен үлкен жетістік көптегена факторлармен анықталды – белгілі және сүйікті әртүстердің қатысыуымен - Ә.Өмірзақова, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов және алғашқы опералық қойылымдарында жарқыраған Ш.Жиенқұлова, К.Жандарбеков, К.Байсейітова, сонымен қатар әдеби негізінің кәсіби деңгейінің жоғары болуымен, оның дианмизмінен, бецйнелердің айқындығымен және томпақтығымен анықталды[25].
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығына тән тарихи келбеттің кеңдігіне талпынуы, жеткізудің барлық атмосферасының эпикалығы қазақ кинематографының тағы бір шыңын айырықшалайды - "Кыз Жібек" картинасы (1970 ж., режиссер С.Қожықов, суретші Г.Исмаилова, композитор Н.Тілендиев). Ғ.Мүсреповтың өзі жазғандай, - "фильм екі жас жүректің махаббаты жайында ғана емес. Бұл ұлттың қалыптасуы туралы, халықтың тағдыры, оның қайғысы мен мұңы туралы, оның ғасырлар бойындағы бостандық туралы арманы туралы ой" (7). Жазушының сценарийінде ғашықтардың қайғысы өлім мен өмір турады, мейірімділік пен зұлымдық, адамдар арасындағы жан түршігерлік дұшпандық және махаббаттың нәзік күші туралы философиялық эпопеяға ұштасады .
"Қыз Жібек" – халықтық эпостың мейілінше табысты экранға шығарылған нұсқасы, республикмыздағы алғашқы ауқымды екі сериялы кинолента. Сонымен қатар ерекшелігі картина өзінің әйгілі алғашқы бастауы аттас операның көшірмесі болған жоқ, кино өнері арқылы эпостың интерпретациясы болды. Бәлкім, киноның жетістігінің негізгі себебі де осы болар. Бірыңғай сюжетті осылай "қайта интонациялау" (қазақ операсындағы аса мінсіз жетілген формасын тапқан), өнердің сан алуан түрлерін икемді біріктіру Ғ.Мүсіреповтың шығармашылық бояуының мобильділігін, жазушының құбылыстарды көпжанрлық көрсету мен бейнелеуін білдіреді.
Қазақтың музыка өнерінің дамуы да Ғ.Мүсіреповтың есімімен тығыз байланысты. Жазушының шығармасы опералық және балет туындыларына тақылап ұсынды. Олар ұлттық музыкалық мұраның "алтын қорын" құрады. Ғ.Мүсірепов қазақ операсының бес либреттосының авторы – Е.Брусиловскийдің "Қыз Жібегі», В.Великановтың "Тұтқын қыз", Е.Брусиловский мен М.Төлебаевтың "Амангелдісі", С.Мұхаиеджановтың "Ақан-сері - Ақтоқкты", М:Төлебаевтың "Қозы-Корпеш - Баян сұлуы" М.Тулебаева (композитордың өмірден озуына байланысты аяқталмай қалды). Соңғы тақырып Е.Брусиловскийдің аттас балетінің және С.Мұхамеджановтың «Ақ Баян» операсының (ол да аяқталмаған) негізінде жатты. Жазушының сақталып қалған автбиографиясында тағы да «Отан» либреттосы жайында айтылады.
Шығармашылық еңбектері-либреттолар ғана қазақ опера өнерінің дамуына үлес қосып қоймады. Өйткені 1934 жылы республикамызда музыкалық театрдың құрылуына (өте қысқа мерзімде, екі жылдан аз) сол жылдары республика үкіметінің жанындағы өнер істері жөніндегі басқарманың бастығы болып еңбек еткен жазушының отандық өнердің тағдырына терең мүдделі көзқарасы, ұйымдастырушылық қабілеті ықпал етті. Ол барлық алдыңғы қатарлы қазақ драматургтарын опералық либреттолармен жұмыс жасауға тартты. Ол туралы жазушының М.Майлинге арналған «Біздің Би-аға» атты мақаласында айтылып кеткен. "1933 жылы Қазақстанға Л.И.Мирзоян келген соң біздің өнер мен әдебиеттің қарқынды гүлденуіне барлық қолайлы жағдайлар жасалды. Мирзоян қазақ музыкалық театрын құру ісін бірден қолға алды. Өнер секторы ағартушылық Қалықтық комитеті ТемірбекЖүргеновқа бағынышты болды. Жүргенов сөзге шебер, шешімтал, тегеурінді және қайратты адам еді. Сектордың бастығы мен болғандықтан, Жүргенов бір жылдың ішінде театр ашуға міндеттеді. Сол күні мен жазушыларды жинауды сұрап, жиналыс өткіздім. Бейімбет (Майлин) «Жалбырау» мен «Шұғаның белгісі» бойынша, Мұхтар (Әуезов) бойынша "Айман-Шолпан" бойынша , мен - "Қыз Жібек" бойынша либретто жазуға уәде берістік. Бір жылдан аз уақыт ішінде "Айман-Шолпан" қойылымымен Қазақ музыка-драма театры ашылды "(8). Біз Ғ.Мүсіреповтың және Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» қойылымымен театр опаралық театр боылп айьуға құқылы болды деп айта аламыз.
