Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеңес беру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.67 Кб
Скачать

23.Кеңес берудегі «эмпатия» ұғымы.

Эмпатия( лат. empatheіa ) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Эмпатияны алғаш рет АҚШ психологы Э.Титченер (1867 – 1927) зерделеді. Ол философиядағы “ұнату” сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық негіздерін ашып көрсетті. Сол арқылы адамның күйзеліске түсу себептерін ғылыми тұрғыда жүйелеп шықты. Cезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі. Эмпатия адамның өзгелер қайғы қасіреті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл күйде болуы. Эмпатия өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатия айқын көрінісі — идентификация. Бұл адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргеңдей халде болуы.

24.«Өзін-өзі тану» сабақтарының адам тұлғасына өзіндік әсері.

Өзін-өзі танудың алғашқы қадамы: өзін-өзі тану, өзінің істеген ісінің салдарын білу, оны саналы түсіну. Біз өзімізді тануды ойымызды, ісімізді, өзгелердің бізге қарым-қатынасын саналы түсінуден бастаймыз. Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлғаның бойында рухани-адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуімен, адамзаттың табиғатпен үйлесімділікке дамуын сезіндірумен айқындалады. Өзін-өзі тану бастауыш буында оқитын жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуда, оның бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ең маңызды орын алады, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың зердесі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Ол арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды, өзіндік пікірі қалыптасады, өзін-өзі танудың қарапайым қадамдарын жасай алады.

Өзін-өзі тану әңгімелесуге, шындықты бірлесе іздестіруге, білімді бірге игеруге, өздік шығармашылықты, ішкі белсенділікті оятуға бағытталған. Жеке тұлғаның бойында жақсы көру, бейбітшілік, әдептілік, шыншылдық, аяушылық, адалдық, имандылық, сыйластық, достық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, жанашырлық, жақсылық жасау, әділеттілік, елжандылық, ізеттілік, сенім, махаббат, қайырымдылық, қамқорлық жасау сияқты құндылықтарды қалыптастыру көзделген. Өзін-өзі тану психологиялық, педагогикалық, философиялық ғылым негіздеріне сүйене отырып, мына міндеттердің орындалуын көздейді:

25.К.Ж.Кожахметованың этномәдени даму тұжырымдамасы.

Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы этномәдени білім беру әдіснамасы мен теориясының дамуын ашып көрсетуде этнопедагогика ілімінің әдіснамалық негізін салушылар С.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева, Ә.Табылдиев және т.б. іргелі зерттеулері талданып, этномәдени білім беру теориясының даму үрдістері ашылған.

Біз этномәдени білім берудің құрылымдық бөліктеріне мыналарды жатқызамыз:

-өзінің төл мәдениетін саналы, сыни тұрғыдан игеру нәтижесінде оқушыларды мәдениетаралық толеранттылыққа тәрбиелеу;

-этномәдени дәстүрлерді танып-білуде бейнеленген жеке тұлғалық мәнге ие болуын қамтамасыз ететін оқушылардың әлеуметтік ортада өзін-өзі танып-білуі мен өзін-өзі жүзеге асыруы;

-тұлғаның этномәдени сабақтастығының траекториясы мен оны мәдениетаралық диалогқа дайындау жағдайында педагогтар мен балалардың педагогикалық, әлеуметтік өзара әрекеті.

Этномәдени білім берудің сипаттамасы және оның негізгі категориялары: этномәдени даму, этномәдени тәрбие, этномәдени оқыту. Оларға берілген анықтамаларды қоштай отырып, этномәдени даму дегеніміз баланың мәдени ортаға ену процесі деп санаймыз, онда тұлғалық жаңа құрылымдары бірнеше мәрте қайта жаңғыртылады және бекітіледі, соның негізінде тұлғаның тұрақты этникалық құрылымы жеткілікті дәрежеде қалыптасады.

Сонымен, оқушыларға этномәдени білім беру балаларға ана тілін, төл мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын, жалпыадамзаттық мәдени қазынаны игерте отырып, олардың мәдениетаралық ұлттық сана-сезімі мен этномәдени сәйкестілігін қалыптастырып, төзімділігін тәрбиелеуге бағытталған білім беру жүйесі болып табылады.

Кез келген этнопедагогикалық құбылыстар мен фактілерді оқып-зерттеу мен оларға сипаттама беру үшін теориялық-әдіснамалық аппаратты қолданбай іске асыру мүмкін емес.

Әрбір ғылымның негізгі тұғыры – әдіснама екенін ескере отырып, мектеп оқушыларына этномәдени білім берудің әдіснамалық негізін айқындау барысында философтардың, психологтардың, педагогтардың, әлеуметтанушылардың, мәдениеттанушылардың т.б. берген ғылыми ой- тұжырымдары біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамасын ашуға негіз болды. Этномәдени білім беруді әртүрлі әдіснамалық тұрғыдан қарастыруға болады.