Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеңес беру.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.67 Кб
Скачать

4.Психологиялық кеңес және түзетудегі психаналитикалық тұрғы.

Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда.

Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағынын бір жақты көрсету қиын. Сондықтан психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмыстарының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін кәсіби кеңес беру, ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес т.с.с.

Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, жанұя бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.Р.С.Немовтың пікірінше, «психокоррекция» ерекшелігі – психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсер ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.

  1. З.Фрейд өзінің бір әйел пациенті неғұрлым адамдар аз жүретін жерде қыдырғанды қалайтынын байқаған. Фрейд осының мәні неде екенін қалайша түсіндіреді?

  2. Психологиялық кеңес беру, психотерапия, психологиялық түзету ұғымдарының ара қатынасы.

Психологиялық қызмет өз іс – әрекетін психологиялық зерттеу, психопрофилактикалық, коррекциялық, дамытушылық және кеңес беру бағытында жүзеге асады. Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекциялық және психотерапия бір-бірімен тығыз байланысты. Оның үстіне тәжірибеленуші психологтардың өздері бұл салаларды араластырып алып жатады.  Психологиялық кеңес беру барысында клиентке ықпал етудің басты құралы – жоспарланған әнгімелесу болып табылады. Оның көмегімен тұлғалар арасындағы қатынастарда орын алған неше түрлі қиындықтар мен психологиялық проблемеларды шешуге бағытталған жұмыс жүргізіледі.  Әнгімелесу кеңес беру, психокоррекция жән психотерапия жұмыстарында жиі қолданылады. Дегенмен, егер кеңес беру жұмысы бәрінен бұрын клиентке оның басқалармен қарым – қатынас мәселелерін реттеуге көмектесумен шектелсе, психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал негізінде жатқан адамның жеке мәселелерін шешуге бағытталған. Психотерапия мен кеңес берудің айырмашылығы - кең және көп қырлы тақырып. Осыған байланысты, клиентпен жүргізілетін бірінші жұмыс – психологиялық көмектен не күтуге болатындығын және керектігін оған жете түсіндіру. Осы көзқарас тұрғысынан нақты мақсатқа жетуге бағытталған психологиялық кеңес беру көбінесе өзіндік ерекшелікпен сипатталатын, өте ұзақ және терең зерттеуді талап ететін психотерапевтік көмек көрсету жұмысының алғашқы қадамы ретінде қызмет етеді. Кеңес алуға келген адам алғаш рет өзінің өмірлік сәтсіздіктеріндегі өзінің ролі туралы ойланатын және оған шын мәнінде көмектесу үшін психологпен бір немесе бірнеше кездесудің жеткіліксіз екенін түсіне бастайтын жағдайлар болады.