Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеңес беру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.67 Кб
Скачать

57.Кеңес алуға келген клиент үнсіз келіп отырды. Сіз консультант ретінде осы жағдайда не істейсіз?

58.Психикалық және психологиялық денсаулықты сақтаудың объективті шарттары.

Жеке индивидтен бастап бүкіл ұлттың денсаулығын сақтау мен нығайтуды тек медицина ғана қамтамасыз етпейді. Қазіргі замандағы экологиялық жағдайдың төмендеуі, әлеуметтік-психологиялық мәселелердің көбеюі, стрестің артуы денсаулық құбылысының психологиялық жақтарына ерекше назар аудартады. Сондықтан, денсаулық мәселесі медициналық қана емес, психологиялық ғылым салаларында да тереңінен, әдіснамалық- теориялық тұжырымдап, қарастыруды қажет етеді. Осыған орай, соңғы жылдары ғылым мен тәжірибеде «денсаулық психологиясы», «психологиялық саулық» (И.В. Дубровина), «психикалық саулық» (Денсаулықты сақтаудың дүниежүзілік ұйымы, 1979), «кәсіби денсаулық психологиясы» (GeorgeEverly, 1986) атты ұғымдар орнығып қалды. Тіпті, қазіргі кезде психолог мамандығының еуропалық дипломын (EuropeanCertificateinPsychology, EuroPsy) алу үшін денсаулық психологиясының аясындағы мәселелерді шешуге қатысты құзіреттердің студенттерде дамуы маңызды шарт болып табылады (Houdmontetal., 2010) . Адамның өз денсаулығына қатынасын көптеген психологиялық факторлар бейнелейді. Осы факторлар бойынша денсаулық психологиясында бірнеше психологиялық үлгілер бар.А. Бандураның (Bandura, 1997) әлеуметтік үйрену теориясының аясында тұлғаның өз әрекеттерінің тиімділігіне сенімді болу тұжырымдамасы іс-әрекеттің басталуын да, барысын да анықтайды. Индивидтің өз әрекеттерінің тиімділігіне сенімді болуы шылым шегу, алкоголизм сияқты тәуелділіктерді және көптеген науқастарды емдеуде предиктор ретінде қарастырылады (Condiotte, Lichtenstein, 1981; Kavanaghetal., 1996; 1999). Денсаулық психологиясына қатысты мәселелерді бақылау локусымен түсіндіретін үлгілер бар. Осы орайда «денсаулықты бақылаудың локусы» термині қолданылып, индивидтің денсаулықты сақтаудың сыртқы немесе ішкі факторларына сенімділігін бағалаудың арнайы әдістемесі қарастырылады (Wallstonetal., 1976). Субъектінің өз денсаулығын сақтауға қатысты мінез-құлқы, жүріс-тұрысы денсаулықты бақылаудың локусы арқылы болжанады. Мәселен, бақылаудың интернальді локусы денеге күш түсіруді үзбей жүзеге асырумен (Normanetal., 1997); дұрыс тамақтанумен (Steptoe, Wardle, 2001) оңды корреляция көрсетеді. Сонымен қатар, адамның денсаулыққа қатынасын анықтайтын психологиялық факторларға оның тұлғалық сапалары мен әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері жатады .Денсаулықты сақтаудың және нығайтудың субъективті жақтары көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады. Солардың шегінде адамның өз денсаулығына қатынасы, өзара әрекеттесудің нәтижесі арқылы анықталатын соматикалық денсаулықтың психологиялық сипаттамасы – «соматонозогнозия» (Квасенко, Зубарев, 1980) ұғымы негізделеді. Жалпы, денсаулықты сақтау мен нығайту тұлға субъектілігінің нәтижесі болып табылады. Әрине, субъект қасиеттері денсаулық төмендеген жағдайда өзекті болады.

59.Педагогтардың «эмоциялық жанып кету» синдромы.

Кәсіптік жану синдромы: оның іске қосатын механизм тек сыртқы жағдайлармен ғана шартталмайды, сонымен бірге адамның жеке ерекшеліктерімен, мысалы, психологиялық икемінің. Педагог, тәрбиеші кәсіптері үнемі жан-тәнін сала күш және энергия жұмсауды талап етеді. Аталған кәсіп өкілдері біртіндеп эмоциялық қажу және құлазу – эмоциялық жану белгісіне ұшырайды. Кәсіптік жану синдромы: оның іске қосатын механизм тек сыртқы жағдайлармен ғана шартталмайды, сонымен бірге адамның жеке ерекшеліктерімен, мысалы, психологиялық икемінің болмауынан да ұйымдастырушылық, кәсіби күйзелістердің және жеке тұлғалық факторлардың құрамдасуы салдары ретінде дамиды. Адамның «күйіп кетуі»  өз дамуының бастапқы кезеңінде неғұрлым қауіпті. Педагог оның белгілерін мүлде сезінбейді, сондықтан оның мінез-құлқындағы өзгерістерді алғаш рет әріптестері байқайды.  «Күйіп кетуді» жеңу үшін педагогтар сабырлылықты (өз қызметі, жеке басы, маңайындағылар үшін жағымсыз әсерін тигізбейтін күйзеліс жағдайларын көтеруге мүмкіндік беретін белгілі бір жеке қасиеттерінің үйлесімін) дамытулары қажет. Сабырлы адамдар кез келген өзгерістерге әрдайым дайын болады және оларды жеңіл қабылдайды. Олар дағдарыс жағдайларында қиындықтарды оп-оңай жеңіп шығады. Сабырсыз адамдарға кез келген өзгерістерге бейімделу қиын, оларға өз мінез-құлықтарын, мақсаттарын, көзқарастарын өзгерту оңай емес. Егер бір нәрсе дұрыс болмай жатса, олар күйзелісті жағдайға түсе бастайды. Сабырлылыққа жаттығушы адамдар – олар өзгерістерге дайын, бірақ аяқ астынан болатын немесе күрделі өзгерістерге емес. Бұл адамдарға қоршаған жағдайға біртіндеп, оқыс қимылсыз бейімделу тән, олай болмаған жағдайда, олар күйзеліске тез ұшырайды.   Сабырлылықты тежеуші адамдар – сыртқы жағдайлардың әсерінен өзгере қоймайды, олар сенімді позиция мен өздік көзқарасқа ие. Алайда бұндай адам өмір саласының психиканы жаралайтын бір мәртелік қана өзгерісіне бара алады. Егер күйзеліс оның өмірінен үнемі орын алатын болса, ол абыржып қалады.

60.Егер «жақсы» оқитын оқушы «3»-ке жауап берсе, мұғалім оған көбінде «4» қояды. Себебін түсіндіріңіз.

61. Тәрбиешілер, мұғалімдермен жүргізілетін консультацияның (кеңес беру) ерекшеліктері.

62. Психологиядағы «бағыттылық», «кәсіби бағыттылық» ұғымдарының арақатынасы.

63.Аяқталмаған сөйлемді жалғастырыңыз: «мұғалімдерде мынандай қасиеттер бар...»

1. білімділік

2. ақылдылық

3.ізденімпаздық

4. байқампаздық

5. еңбекқор…

64.Баланы тәрбиелеу стильдерінің өзгеруінің реті (тарихы).

1. беделді

2. өктемшіл

3. либерал

4. бейтарап

Беделді стиль.Баланың жеке қалыптасуында сіз маңызды ролді түсінесіз, бірақ, өзін-өзі дамытуға құқығыңыз бар екенін мойындайсыз. Қандай талаптарды талап етуге, қайсысын талқылау керектігін жақсы білесіз. Ақылмен өзіңіздің көзқарасыңызды қайта қарауға дайынсыз. Ата-аналар олардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сәйкес өз балаларының жеке жауапершілігін және дербестігін мадақтайды. Жасөспірімдер отбасылық мәселелерді талқылауға, шешім қабылдауға қатысады, ата-аналардың пікірін, кеңесін тыңдайды, талқылайды. Ата-аналар балаларынан саналы тәртіпті талап етеді және оларға көмектесуге тырысып, талаптарына айқын қарайды. Сол кезде ата-аналар дұрыс, жауапты әлеуметтік тәртіпті қалыптастыратын тұрақтылықты білдіреді, әділеттілік туралы ойлайды.

 Өктемшіл стиль, Сіз балаңыздың қандай болып өсуін жақсы білесіз және бұған көп күшіңізді жұмсайсыз. Өзіңіздің талаптарыңызда сіз мүмкін, кесімді және бірбекткейсіз. Балаға сіздің бақылауыңызда өзін жайсыз сезінуі таң қаларлық жағдай емес. Мұндай тәрбие стилі бар ата-аналар баланың дербестігіне шектеу қояды, қатаң бақылауға алып, қатыгез тыйыммен, сөгіспен және физикалық жазалаумен өздерінің талаптарын сәл негіздемейді. Жасөспірімдік шақта ата-аналардың өктемшілдігі шиеленіс пен дұшпандық тудырады. Белсендірек, күштірек жасөспірімдер қарсы тұрады және ашу шақырады, агрессивті күйге түсіп, мүмкіндік болған жағдайда ата-аналарының үйінен жиі қашады. Ұялшақ, өзіне сенімі жоқ жасөспірімдер ата-аналарының айтқанын тыңдап, дербестік танытпайды. Егер де ересек жасөспірімдерге қатысты аналар «келісім беру» тәртібіне жақынырақ  тұрса, өктемшіл әкелер ата-аналар билігінің таңдалған түрін ұстанады. Мұндай тәрбиеде балаларда кінә сезімі және жазалау алдындағы қорқыныш негізінде ішкі бақылау механизмі ғана қалыптасады, жазалау қаупі жоқ болған кезде жасөспірімнің тәртібі қоғамға қарсы болуы мүмкін. Өктемшіл арақатынас балаларымен рухани жақындықты басады, сондықтан күдіктілікке, үнемі сақтыққа және қоршаған ортаға дұшпандыққа алып келетін олардың арасында ынтықтық сезімі сирек болады.

Либералды стиль.Сіз өзіңіздің балаңызды жоғары бағалайсыз, оның әлсіздігі кешірімді деп санайсыз. Балаңызбен оңай тіл табысасыз, сенесіз, шектеу мен тыйымға бейім емессіз. Бірақ ойлану керек: мұндай бостандық балаға керек пе? Ересек болған кезде мұндай жасөспірімдер құптай бермейтіндермен шиеленіседі, басқа адамдардың қызығушылығын есепке алмайды, мықты эмоционалды байланыс орната алмайды, шектеу мен жауапкершілікке дайын болмайды. Бір жағынан ата-аналар жағынан немқұрайлық және эмоционалды күш кемшілігін қабылдап, балалар қорқыныш пен сенімсіздікті сезеді. Отбасы жасөспірімнің тәртібін бақылай алмаса, қоғамда дербестік, жауапкершілік тәртібі қалыптаспағандықтан, бейәлеуметтік топқа кіруі мүмкін.

Бейтарап стиль.Тәрбиелеу мәселесі сіз үшін аса маңызды емес, өйткені сізде басқа мәселелер көп. Бала өз мәселесін өзі шешуге мәжбүр. Бірақ, ол сіздің қолдауыңызға және көбірек қатысымыңызға құқығы бар екенін ұмытпаңыз!