- •2.Психологиялық кеңес берудің негіздері
- •4.Психологиялық кеңес және түзетудегі психаналитикалық тұрғы.
- •З.Фрейд өзінің бір әйел пациенті неғұрлым адамдар аз жүретін жерде қыдырғанды қалайтынын байқаған. Фрейд осының мәні неде екенін қалайша түсіндіреді?
- •Психологиялық кеңес берудегі бихевноральді бағыт.
- •14 .Өзін-өзі өзектілендіру проблемасы.
- •15.Кеңес берушінің клиенттің мәліметтін анықтаудағы тәсілдері.
- •16. В.Франклдің «өмір мағынасы» тұжырымдамасы.
- •17. Тұлғаға бағдарланған терапия.
- •18.Кеңес беруде қолданылатын әдіс – сұхбат. Түсіндірмеңізді беріңіз.
- •20.М.Р.Битянованың «сүйемелдеу парадигмасы».
- •21.«Сенім телефонының» атқаратын қызметі.
- •22.Психологиялық қолдау тұжырымдамасы.
- •23.Кеңес берудегі «эмпатия» ұғымы.
- •24.«Өзін-өзі тану» сабақтарының адам тұлғасына өзіндік әсері.
- •25.К.Ж.Кожахметованың этномәдени даму тұжырымдамасы.
- •26.Қазақ отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары.
- •27.Қазақ мәдениетіндегі тиым сөздерді келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •31.Психологиялық терапия мен медициналық терапияның арақатынасы
- •46.Топтық психологиялық кеңес беру.
- •50.Баланың мектепке дайындығының мәселелері.
- •51.Бірінші сынып оқушысына: сен шетелдік азаматпен жолықтың, сен оған «велосипед» деген сөздің мағынасын түсіндіру үшін не істейсің? Баланың жауабынан нені анықтауға болады.
- •52.Жеткіншектермен жұмыс істеудің ерекшеліктері.
- •54.Мамандық таңдаудың мотивтері.
- •57.Кеңес алуға келген клиент үнсіз келіп отырды. Сіз консультант ретінде осы жағдайда не істейсіз?
- •58.Психикалық және психологиялық денсаулықты сақтаудың объективті шарттары.
- •59.Педагогтардың «эмоциялық жанып кету» синдромы.
- •65.Психологтың диагностикалық-коррекциялық жұмысының бірізділігі.
- •66. Баланың мектепке дайындығын анықтауда қолданылатын әдіс-тәсілдер.
- •68. Психологиядағы «мен - тұжырымдамасы».
- •70. Адамның өзіндік бейнесі
- •72. Консультант тәжірибесінде вербалды, вербалды емес тыңдаудың ерекшеліктері.
- •83.Манипулятордың сегіз типі (д.Карнеш).
- •85. Психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру. Кеңес беру психологиясының ұйымдастыруда әр психолог мынадай міндеттері орындаулары қажет:
- •87. Тәжірибелі кеңес берушінің кәсіби мәнді қасиеттерін сипаттап бер
- •90. Кеңес берудегі сұхбаттың қорытынды сатысына сипаттама бер
1.Білім берудегі психологиялық қызметтің даму кезеңдері
Білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен тәжірибесін талқылау сұрақтары психологтардың еңбектерінде қарастырылып келеді. Қазақстандагы психологиялык қызмет жайлы зерттеулер республикалық баспасөзде және жеке туындыларда жарияланғанымен, дәл психологиялык кеңес беруді кеңінен қарастыру, әрі оны оқытуға енгізу мәселесі қолға алынбай келеді.Байланыстар туралы ойды психика құбылысының мүмкін пайда болу механизмі ретінде қарастыруды алғаш рет Дж. Локк (1632-1704) ұсынған, алайда байланыс ұғымының өзі, оның түрлері мен ерекшеліктері жөніндегі ұғымды Аристотель енгізген болатын. Алғашқы әсерлену мен оны тудыратын түсініктер мен идеяларды түсіндіретін болашақ мектептің негізгі қағидаларының анық баяндалуы Д.Гартлидің үлесі (1747). Д. Гартли сыртқы әсерлер үлкен және кіші толқулар пайда болатын жүйке тінінің жауап қайтаруын тудырады деген материалистік түсінікке сүйенген. Оның айтуынша, «бір кезде пайда болған кіші толқулар сақталып, жиналып «орган» құрайды, ол келесі реакциялардан жаңа сырттық әсерлерден реакцияларды сақтайды. Соның арқасында организм… сәйкес тарихы бар оқытушы жүйе болады. Үйретуге жарамдылықтың негізі - есте сақтау. Есте сақтау Гартли үшін жүйке ұйымдасуының ортақ іргелі қасиеті» [244, 133 б.]. Д. Гартли бойынша оқытуда есте сақтау үлкен рөл атқарады.Психолог ғалымдар Г.С.Абрамова, Ю.Е Алешина, А.А.Бодалев, Г.В.Бурменская, И.В.Дубровина, В.Н.Карандашев, А.Г.Лидерс, Е.И.Рогов, В.В.Столин кеңестік дәуірдегі жэне одан кейінгі уақыттағы психологиялык қызметтің, соның ішінде психологиялык кеңес берудің мазмұнын анықтап берді.Жоғары оку орнында психологиялык қызметті қалай жүргізуге болатындыгы, студенттердің жеке басын қалыптастыруда психологиялык кеңес берудің маңыздылығы туралы зерттеулерді О.М.Анисимова, Н.М.Владимирова, М.Д.Дворяшина, М.В.Зюзько, Н.С.Копеина, Б.Б.Коссов, Н.Н.Обозовтардың еңбектерінен кездестіре аламыз. Қазақстанда осы мэселемен айналысып жүрген Т.А.Абдрашитова (психологиялык кеңес беруді психологиялык белсенді заттарға тәуелді адамдарға қолдану), А.Р.Ерментаева (психологиялык тәжірибенің студенттің субъект-бағдарлы дамуына ықпалы), Е.Г. Ким (оқытуда эриксондық гипнозды қолдану) және т.б. бірқатар зерттеушілерді атап өтуге болады.
2.Психологиялық кеңес берудің негіздері
Психологиялық кеңес – бұл психолог жұмысының жаңа аймағы. Қазіргі уақытта өз бетінше дербес жұмыс істеу сферасында жұмыс істеу формалары – ғылыми-зерттеу, психологиялық оқыту, психологиялық коррекция, психодиагностика сияқты бағыттарымен сипатталады. Психологиялық кеңес беру – практикалық психологияның ерекше бөлімі. Ол маман психологтан кеңес түрінде немесе нұсқау жүзінде тікелей психологиялық көмекті қажет ететін адамдарға ықпал етумен байланысты.Психолог – кеңесшіге адамдардың орташа қабаты және денсаулығының денелік және психологиялық жағдайы жоғары риск аймағындағы адамдар барады. «Жоғары риск аймағы» түсінігіне өмірлік ситуацияларға жүйкелік, дене ауруларына бейім, ауырып қалу қаупі бар адамдарды жатқызамыз. Басқа денелік-психологиялық күшті, денсаулығы мықты адамдар қандай болмасын өмірлік жағдайдан шыға алады. Олар тек шаршағандықты ғана сезінеді.Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер - әдетте өмірге қабілеттілігі нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологқа көбінесе көмек сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады және де сол мәселелері оны психологқа баруға итермелейді.Психолог-кеңесшіні адамдар не үшін іздейді? Неліктен олар оған барады?Кейбір адамдар өз мәселесін қалай шешу керектігін біле тұра психологқа барады. Өйткені олар психологтан эмоционалды тіректі қажет етеді. Ал кейбіреулері мәселені қалай шешуді білмей, кеңес сұрай барады. Үшіншілері - өзіне сенімсіз, берілген мүмкіндіктің қайсысын тыңдауды білмегендігінен барады. Оларды сендіріп, иландырып, дұрыс жолға қарай бағыттау керек. Төртіншілері - көбіне жалғызбасты адамдар, оларға біреуге ішін жарып, сырласу керек. Бұндай адамдарда әдетте психологиялық проблемалары жоқ, алайда олар зейін қойып тыңдайтын адамдарды іздейді.
3.Психологиялық кеңес берудің бес қадамы.
Психологиялық кеңес беру- – тұлғааралық қарым-қатынастағы қиындықтармен байланысты әр түрлі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тәуелсіз жұмыс. Онда әсер етудің негізгі құралы ұйымдастырылған әңгіме болып табылады.
Жалпы алғанда «кеңес берудің» анықтамасы негізгі деген бірнеше ережелерден тұрады:
1. Кеңес беру адамға өзінің қалауы бойынша белгілі бір амалды таңдап алуына және сол бойынша әрекет етуіне көмектеседі.
2. Кеңес беру жаңа мінез-құлыққа үйренуге көмектеседі.
3. Кеңес беру тұлғаның тұлғаның дамуына жағдай туғызады.
4. Кеңес беруде клиенттің жауапкершілігіне мән беріледі, яғни тәуелсіз жауапты адам тиісті бір жағдайда өз бетімен шешім қабылдай алатындығы ескеріледі, ал кеңес беруші болса клиенттің еріктілік мінез-құлқына ынта-жігер беріп, жағдай жасайды.
5. Кеңес берудің өзегі философияның «тұтынушы – орталықтану» терапиясына неізделген клиент пен кеңес берушінің арасындағы «кеңес беру өзара әрекеттестігі» болып табылады.
Психологиялық кеңес берудің мазмұны– психолог өзінің кәсіптік-ғылыми білімін қолдана отырып, екінші адамға өзінің жаңа психологиялық тапсырмаларын шешу қабілетін сездіретін жағдай жасайды.
Клиенттің психологиялық тапсырмасының қалыптасуында психологқа адамның өзіне ден қоюға, маманның философиялық және адамгершілік-этикалық айқындалуын талап ететін өмір мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді.
