Есеп№5.
ҚР резиденті, заңды тұлғаның корпорациялық табыс салығын анықтаңыз. Заңды тұлға келесідей табыс тапты:
-тауарды сатудан түскен табыс- 150 000 тенге,
- қызмет көрсетуден түскен табыс -250 000 тенге.
-дивидендтер150 000 тенге,
-жарғылық капиталға салым ретінде қайтарымсыз түрде алынған мүлік- 2500 000 тенге.
-жеке тұлғадан қайтарымсыз түрде алынған ғимарат құны – 2 450 000 тенге
Заңды тұлға келесідей шығын шығарды:
- ЖЖТ алумен байланысты шығындар- 90 000 тенге.
-Тауар қабылдаушыға төленген айыппұлдар-250 000 тенге.
-Мемлекеттік бюджетке төленген айыппұлдар – 150 000 тенге.
-қайырымдылық көмек – 170 000 тенге
ШЕШУІ:
1)ЖЖТ=150000+250000+2450000=2850000
дивидендтер мен жарғылық капиталға салым ретінде қайтарымсыз түрде алынған мүлік құнына салық салынбайды
2)шегерімдер=90000+250000=340000
мемлекеттік бюдж төленген айыппұл шегерімге жатпайды
3)ССТ=2850000-340000=2510000
4)Түзету енгіземіз:
2510000*3%=75300
2510000-75300=2434700
5)КТС=2434700*20%=486940
Жауабы:КТС=486940
Есеп№6.
ҚР-ның резидент емес заңды тұлғасының 2010жылға корпорациялық табыс салығын анықтаңыз.
Заңды тұлға ҚР-ның резидент емес тұлғасы ,тұрақты мекеме құрып жұмыс істейді, ол 2010жылы келесідей табыс тапты(мың. тенге)
-Тауарды сатудан түскен табыс 600
-Ғимаратты өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс 1000
- оң бағамдық айырма 500
Келесідей төлемдер жасады:
- ЖЖТ алумен байланысты шығындар 900
- НК есептеген айыппұл көлемі 300
- Заказ беруші есептеген айыппұл көлемі 100
- көлік құралдарына салынатын салық сомасы 25
Шешуі:
ЖЖТ= 600+1000+500 = 2100
Ш = 900+100+25 = 1025
ССТ = 2100-1025 = 1075
КТС = 1075*20%= 215
Резидент емес болғандықтан;
ТАЗА ТАБЫС = (1075-215)*15% = 129
ЖАЛПЫ КТС= 129000+215000= 344000тг
Есеп№7.
ҚР-ның резидент емес заңды тұлғасы,тұрақты мекеме құрып жұмыс істемейтін РК СП «Мухаммад»-тың 2010жылға корпорациялық табыс салағын анықтаңыз.
СП «Мухаммад» 2010 жылы келесідей табыс тапты (мың. тенге):
- қызмет көрсетуден түскен табыс 1200
- мүлікті жалға беруден түскен табыс 300
- сыйақылар 250
- Ғимаратты өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс 2000
Келесідей төлемдер жасады:
- ЖЖТ-ты алумен байланысты шығындар 900
- Күмәнді міндеттемелер бойынша шығындар 150
- Емдеу комплексінің құрылысына кеткен шығындар 800
Шешуі:
Тұрақты мекеме құрмай резидент емес заңды тұлғалар әр төлем көзінен жеке салық төлейді. Оларға шегерім есептелмейді. Сыйақылар бойынша салық ставкасы 15% , ал қалған басқа жағдайларда 20%
1200000 тг*20%=240000тг
300000 тг*20%=60000тг
250000 тг*15%=37500тг
2000000 тг*20%=400000тг
КТС =240000тг+60000тг+37500тг+400000тг=737500 тг
Жауабы: төлеуі тиіс КТС сомасы 737500 тг
Есеп №8
«Білім» ААҚ-ның 2010жылға корпорациялық табыс салығын анықтаңыз.
«Білім » ААҚ-ы нашар еститін балаларға білім беру сферасында қызмет етеді.
«Білім» ААҚ-ның штатында 58 жұмысшы қызмет етеді;соның ішінде мұғалім 38- , және қызмет көрсету персоналы-20; 30 – жұмысшы бала кезінен мүгедек.
2010жылы «Білім» ААҚ-ы келесідей табыс тапты:
- білім беру қызметінен тапқан табыс 900
- мүлікті жалға беруден түскен табыс 200
- « Сорос Қорынан» грант 800
- өтеусіз алынған мүліктентен түскен табыс 300
Келесідей төлемдер жасады:
- ЖЖТ алумен байланысты шығындар 2000
Шешуі:
30-х
58-100%
Х
=51.724≈52%
Жауабы: 52% босатылады.
Есеп№9
«Алси» фирмасының президентінің 2010жылғы ақпан айына жеке табыс салығын анықтаңыз..
«Алси» фирмасының президенті 2010жылдың ақпан айында келесідей табыс тапты:
- түскен жалақы көлемі |
102000 т. |
- «Алси» фирмасынан пәтер |
2600000 т. |
-балаларынан мерейтойына сый ретінде үй |
3700000 т. |
- мерейтойына шығарған кітап үшін гонорар |
100000 т. |
Шешуі: Бұл жерде біз салық салынатын табыты анықтаймыз және де сол сомадан біз минималды жалақы көлемін және міндетті зейнетақы аударымын шегереміз (10 пайыз) және шыққан соманы 10 %- ға көбейтеміз.
ССТ:102000+260000+100000=2 802000 тг
ЖТС: (2802000-19966-280200)*10%=250183
