Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на всякий.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.06 Кб
Скачать

1) Сабақ – өркеннің негізгі өсі. Жалпы сипаттама және сабақ функциясы. Дара жарнақты өсімдік сабағының алғашқы анатомиялық құрылысы.

Сабақ- қалыпты жағдайда шексіз өсетін полисимметриялы өстік орган болып табылады. Оның ұзындыққа өсуін төбелік және қыстыра меристемалары қамтамасыз етеді. Бұтақтану мен бүршіктенуінің пайда болуы сырт жағынан жүзеге асады. Сабақ жапырақ пен тамырдың арасын байланыстырып тұрады, жақсы жетілген ассимиляциялық системаның түзілуіне мүмкіндік туғызады және жапырақтардың оларға күннің сәулесі жақсы түсетіндей жағдайда орналасуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ұшында алғашқы меристема орналасады. Осы жерде жапырақтың алғашқы бастамасының деңгейінде прокамбий түзіледі. Одан алғашқы флоэма мен алғашқы ксилема пайда болады. Камбийден сыртқа қарай алғашқы қабық, ал ішке қарай өзек орналасады. Өсу конусының ұшындағы клеткалардың қабатынан эпидермис пайда болады. Сабақтың алғашқы құрылысында ұлпаларды, тамырдағы секілді екі комплекске: сырты эпидермиспен қапталған алғашқы қабыққа және орталық цилиндрге бөледі. Сабақтың анатомиялық құрылысы жүгері және қара бидай сабағының кесінділерінде салыстырмалы түрде көрсетіледі. Дара жарнақты өсімдіктерде камбийдің болмайтындығына ерекше көңіл бөлінеді.

2) Гольджи кешені, құрылысы, атқаратын қызметі, өсімдік және жануарлар жасушаларында орналасуы.

Гольджи жиынтығы -өсімдіктер мен жануарлардың біржарғақшалы органоиды.1898 жылы итальян ғалымы Гольджи жануарлар жасушаларынан тапқандықтан бұл органоид осы ғалымның есімімен аталды. Өсімдіктер мен қарапайымдылар жасушаларындағы Гольджи жиынтығының пішіні әр түрлі болады. Көп жағдайда орақ немесе таяқша пішінде жеке денешіктер түрінде кездеседі. Оның жарғақтары жасуша цитоплазмасының барлығына таралмайды.Олар ядроға жақын орналасады және қуыс цистерна түзеді. Қуыс цистернадан біртіндеп жарғақшалық көпіршіктер-диктисомалар баулықсызданады. Гольджи жиынтығында рибосомалар болмайды,сондықтан да ол ешқашан нәруыз синтездемейді. Алайда онда көмірсулар мен липидтердің синтезі және жаңару процесі болады. Заттардың жасушаішілік тасымалдануы қосалқы қызмет атқарады. құрылысы Ол бір-бірімен тығыз байланысқан үш бөліктен тұрады: 1)жарғақшамен шектесіпғ5-10-нан топтаса орналасқан қуыстар; 2)қуыстармен байланыса орналасқан ірі түтікшелер; 3)майда көпіршіктер.

3) Қолдан сұрыптаудың түрлері.

Қолдан сұрыптау – өсімдіктер мен жануарлардың жаңа сорттары мен тұқымдарын шығару. Қолдан сұрыптау нәтижесінде үй жануарларының қазіргі тұқымдары, және мәдени өсімдіктердің жаңа сорттары алынады. Қолдан сұрыптау теориясының негізін салған Ч.Дарвин (1859). Қолдан сұрыптау табиғи популяцияның оқшаулығына және адамға қажетті белгілері бар организмдерді жеке шағылыстыруға немесе будандастыруға негізделген. Ағылшынның мамандары, мысық, сиырға жүргізілген сұрыптаудың нәтижесінде етті, сүтті және сүтінің майлылығы жоғары, т.б. тұқымдарды шығарды. Қолдан сұрыптау екі негізгі формада жүргізіледі: жаппай және жекелей. Жаппай сұрыптау дегеніміз бастапқы материалдан селекционер үшін тиімді белгілері бар особьтар топтарын бөліп алу. Жаппай сұрыптау айқас тозаңданатын өсімдіктерге жиі қолданылады. Қарабидайдың көп тараған (мысалы Вятка сорты) сорттары осы жолмен шығарылған. Жаппай сұрыптау арқылы біртекті генотиптік материал бөліп алуға болмайды, өйткені айқас тозаңданатын өсімдіктер популяцияларында әрқашан да көптеген гетерозиготалық особьтар болады. Жалпы сұрыптау әдетте келесі бірқатар ұрпақта әлденеше рет, кейде бір рет қолданылады. Жеке сұрыптау адамдардың назарын аударатын белгілері бар және олардан ұрпақ алуға болатын жекелеген особьтарды бөліп алуға негізделеді. Ол да бір реттік немесе қайталанбалы бола алады. Бұл әдіс өздігінен тозаңданатын (бидай, арпа, сұлы) өсімдіктерге қолдануға қолайлы. Өздігінен тозаңданатын бір особьтың ұрпағын таза линия деп атайды. Жеке сұрыптау өздігінен тозаңдану арқасында гомозиготалық формалардан тұратын таза линия бөліп алуға әкеп соғады. (Гетерозиготалар санының кеміп, гомозиготалар санының артуына әкеп соғатфн моногибридтік шағылыстыруды естеріңе түсіріңдер). Жеке сұрыптаудың нәтижесінде бір немесе бірнеше гомозиготалық таза линия болып табылатын сорттар алынады. Алайда таза линия ішінде де мутация болып гетерозиготалы особьтар кездеседі. Вегетативтік жолмен көбейетін өсімдіктер сорттарында шаруашылыққа пайдалы блгілері бар кез-келген гетерозиготалы форманы сақтап, көбейтуге болады. Жынысты жолмен көбейгенде гетерозиготалы особьтардан тұратын сорттардың қасиеттері сақталмайды және олар ажырай бастайды.

7билет