- •1 Билет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •1)Тамыр және тамыр жүйесі. Атқаратын қызметі мен эволюциялық шығу тегі. Жас тамыр ұшының аймақтары. Тамыр жүйесінің түрлері.
- •2) Өсімдік жасушасының вакуолярлық аппараты, шығу тегі, атқаратын қызметтері. Орталық вакуоль, тонопласт, вакуоль шырынының құрамы.
- •3) Адамның қалыпты микрофлорасы, оның ролі. Адамдағы патогенді микроағзалар. Күйіс қайырушы жануарлардың қарнындағы микроағзалар, олардың әрекеті. Жануарлардағы патогенді микроағзалар.
- •1) Өркен және өркендер жүйесі. Өркен элементтері. Сабақта орналасуы мен жасалуына байланысты бүршіктің түрлері. Өркеннің өсуі және бұтақтануы.
- •2) Эндоплазмалық тор. Жалпы сипаттамасы, құрылысы, атқаратын қызметі.
- •3) Эволюциялық ілімнің дамуының алғы шарттары. Ч. Дарвиннің еңбектері.
- •1) Сабақ – өркеннің негізгі өсі. Жалпы сипаттама және сабақ функциясы. Дара жарнақты өсімдік сабағының алғашқы анатомиялық құрылысы.
- •2) Гольджи кешені, құрылысы, атқаратын қызметі, өсімдік және жануарлар жасушаларында орналасуы.
- •3) Қолдан сұрыптаудың түрлері.
- •1)Жапырақ морфологиясы мен функциясы. Жай және күрделі жапырақтар классификациясы. Жапырақ формациясы. Гетерофилия және анизофилия. Жапырақтың анатомиялық құрылысы.
- •3 Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі гипотезалар.
- •1)Вегетативтік көбею әдістері. Өсімдіктердегі регенерация құбылысы. Партикуляция. Микроклональды көбейту тәсілдері. Қалемшелеу. Будандастыру - мәдени өсімдіктерді көбейту әдісі ретінде.
- •3 Биогенездің негізгі кезеңдері және биохимиялық эволюция сатылары.
- •9 Билет
- •3)Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы.
- •10 Билет
- •3)Мутация түрлері және оның генотипке байланыстылығы.
- •11 Билет
- •2)Рибосомалар. Құрылысы, химиялық ұйымдасуы, рибосомалық рнқ және ақуыздар. Про- және эукариот рибосомалары. Полисомалар. Рибосомалар функциясы – ақуыздардың биосинтезі.
- •12 Билет
- •1 Сұрақ жоқ базада
- •13 Билет
- •1 Сұрақ жоқ фазада
- •14 Билет
- •1 Сұрақ базада жоқ
- •15 Билет
- •3) Насекомдардың дене құрылысы және олардың туындылары.
- •16 Билет
- •17Билет
- •18Билет
- •3.Көкөніс және жеміс-жидек аурулары, онымен күресу шаралары. Ауруларды есепке алу жолдары.
- •25 Билет
- •2.Микроағзалардың дамуы және өсуі. Өсу қисығы. Өсу фазалары.
3.Көкөніс және жеміс-жидек аурулары, онымен күресу шаралары. Ауруларды есепке алу жолдары.
Көкөніс дақылдары саңырауқұлақтармен (қара мойнақ, түйін ауруы, пероноспороз), бактериялармен (талшықтық, кілегей бактериоз), вирустармен (мозаикалар), фитоплазмалармен (столбур) зақымданады. Аурулар жемістерді, сабақтарды, жапырақтарды, тамырларды, тұқымды зақымдап үлкен шығын келтіреді, өнім түсімін төмендетеді. Ауру өсімдіктердің жағдайын нашарлатады, жапырақтардың ассимиляциялық қабілеті төмендейді, өсімдіктердің өсуін тежейді және мүшелерін өзгеріске ұшыратады, кейде өсімдіктер өліп қалады. Қызанақтың төбе шірігі ауру өсімдік қолайсыз жағдайларда (күн ыстық болғанда және ылғал мен қоректік заттар жетіспегенде) өскенде пайда болады. Жемістің бетінде кейін қоңырланатын, суланған, қара-жасыл түсті дақ дамиды. Ал зақымданған ұлпа қыртыстанады, қатаяды, әрі құрғақ болады. Ылғал көп болғанда шіріктің сулы шірікке айналуы мүмкін. Ауруға көбіне алғашқы жемістер шалдығады. Бактериялық төбе шірігі пісіп келе жатқан жемістерде суланған дақтар түрінде білінеді. Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді: тұқым немесе көшет арқылы, ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар мен бактериялар қоздыратын ауруларды таратуда олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор. Ауру қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары арқылы жүздеген шақырым, кейде тіпті бір құрылықтан екіншісіне таралуы мүмкін. Ауа райы жағдайларына байланысты аурудың дамуы және таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын құбылмалы болады. Өсімдіктің солуын тежеу үшін көкөніс және басқа да суды көп қажет ететін дақылдарды уақытында суғарып отыру қажет. Күресу шаралары: ауыспалы егістікті сақтау, өсімдік қалдықтарынан тазарту, тұқымды тек сау жемістерден алу, суару ережесін сақтау, төзімді сорттарды өсіру, өсіп даму кезеңінде аурудың алғашқы белгілері байқалғанда фунгицидтерді пайдалану қажет.
25 Билет
1.Сүйекті балықтар класының морфо-физологиялық сипаттамасы. Жабынының, қаңқасының, ішкі мүшелер жүйесінің құрылысы. Майшабақтәрізділер, трескатәрізділер отрядтары. Омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың ең түрге бай тобы. . Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қашаған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады. Жақсүйектерде және т.б. сүйектерде де тістері бар. Ал тұқы балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері де болады. Ауыз қуысына көлемді жұтқыншақ жалғасады. Қысқа өңеші қарынмен жалғасқан. Қоректік заттарға байланысты қарынның көлемі мен пішіні әр түрлі. Жыртқыш балықтардың (алабұға, шортан) қарны үлкен әрі созылғыш. Қарыннан аш ішек басталады. Сүйекті балықтардың ішегі едәуір ұзын. Кейбір балықтарда аш ішек пен тоқ ішектің түйіскен жерінде ұсақ тұйық өскіндер болады. Олар ішектің ішкі сіңіру бетін үлғайтады. Тік ішек аналь тесігімен аяқталады. Бауырлық, үйқыбездің өзектері аш ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады. Бауыр улы заттар мен зиянды өкімдерді зарарсыздандыруға қатысады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше - торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Су түбінде тіршілік етуге бейімделген сүйекті балықтарда торсылдақ болмайды. Сүйекті балықтар желбезектерінің сыртында сүйекті желбезек қақпағы болады. Желбезек шашақтары бірден сүйекті желбезек доғаларына бекіген. Сүйекті балықтардың терілі желбезекаралық пердесі болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалуына тікелей байланысты. Сүйекті балықтардың қантарату жүйесі теміршекті балықтарға ұқсас. Қарыншаның қабырғасы құлақшадан қалың, одан құрсақ қолқа қантамыры басталады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзек болады. Оларда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі - қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар миының қүрылысы темір шекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші. Алдыңғы ми - шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу. Көзінің құрылысы шеміршекті балықтарға ұқсас. Есту мүшесі де тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бірімен-бірі түрліше дыбыстар шығару арқылы байланыс жасайды. Дыбыстарды қабылдайтын; балықтар тіршілігінде маңызы зор.Майшабақтәрізділер (лат. Clupeіformes) — сүйекті балықтар класының нағыз сүйекті балықтар тобының отряды. Қазба қалдықтары жоғарғы юра кезеңінен белгілі. Құрылысы қарапайым, морфологиясы мен биологиясы әр түрлі. Майшабақтәрізділердің денесінің екі бүйірі қысыңқы, оған циклоидты қабыршықтары бос бекігендіктен оңай алынады. Бүйір сызығы жоқ, бірақ желбезек қақпақшасында сейсмосенсорлы өзекшелері жақсы жетілген. Құрсақ жүзбе қанаттары кеуде жүзбе қанаттарынан әлдеқайда кейін орналасқан. Жүзбе қанаттарында тікенек талшықтар болмайды. Желбезек жарғақтары тамағына бекімеген — жаға тәрізді. Жақ сүйектерінде тістері болады. Трескатәрізділер (Gadіformes) – нағыз сүйекті балықтардың бір отряды. Қазба қалдықтары палеоценнен белгілі. Негізінен салқын су айдындары мен су түбіне жақын топтасып тіршілік ететін балықтар. 12 тұқымдасқа жататын 750-ден астам түрі белгілі. Дүние жүзіндегі барлық теңіздерде кездеседі, ішінде 1 ғана түрі тұщы суда кездеседі. Трескатәрізділердің ұзындығы 11 см-ден 1,8 м-ге дейін жетеді. Көпшілік түрлерінің иегінің астында жалғыз мұртшасы болады. Арқасында 1 – 3, құйрық астында (аналь) 1 – 2 қанаттары бар. Құрсақ қанаттары кеуде қанаттарының астына не алға қарай орналасқан. Қабыршақтары циклоидты (балық денесін қаптайтын сүйек негізді табақша). Көпшілігінің уылдырығы (бірнеше мыңнан 60 млн-ға дейін) пелагиялы, оны бөліп-бөліп, ақпан – сәуір айларында шашады. Қорегі әр түрлі: эврифагтар, зоопланктондар, бентофагтар. Ірі түрлері жыртқыш балықтар. Трескатәрізділердің кәсіптік маңызы зор, еті аса майлы емес (майл. 1%-дай), майы А және Д витаминдеріне бай. Дүние жүзінде бір жыл ауланатын балықтардың 10 – 15%-ын Трескатәрізділер құрайды.
