- •1 Билет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •1)Тамыр және тамыр жүйесі. Атқаратын қызметі мен эволюциялық шығу тегі. Жас тамыр ұшының аймақтары. Тамыр жүйесінің түрлері.
- •2) Өсімдік жасушасының вакуолярлық аппараты, шығу тегі, атқаратын қызметтері. Орталық вакуоль, тонопласт, вакуоль шырынының құрамы.
- •3) Адамның қалыпты микрофлорасы, оның ролі. Адамдағы патогенді микроағзалар. Күйіс қайырушы жануарлардың қарнындағы микроағзалар, олардың әрекеті. Жануарлардағы патогенді микроағзалар.
- •1) Өркен және өркендер жүйесі. Өркен элементтері. Сабақта орналасуы мен жасалуына байланысты бүршіктің түрлері. Өркеннің өсуі және бұтақтануы.
- •2) Эндоплазмалық тор. Жалпы сипаттамасы, құрылысы, атқаратын қызметі.
- •3) Эволюциялық ілімнің дамуының алғы шарттары. Ч. Дарвиннің еңбектері.
- •1) Сабақ – өркеннің негізгі өсі. Жалпы сипаттама және сабақ функциясы. Дара жарнақты өсімдік сабағының алғашқы анатомиялық құрылысы.
- •2) Гольджи кешені, құрылысы, атқаратын қызметі, өсімдік және жануарлар жасушаларында орналасуы.
- •3) Қолдан сұрыптаудың түрлері.
- •1)Жапырақ морфологиясы мен функциясы. Жай және күрделі жапырақтар классификациясы. Жапырақ формациясы. Гетерофилия және анизофилия. Жапырақтың анатомиялық құрылысы.
- •3 Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі гипотезалар.
- •1)Вегетативтік көбею әдістері. Өсімдіктердегі регенерация құбылысы. Партикуляция. Микроклональды көбейту тәсілдері. Қалемшелеу. Будандастыру - мәдени өсімдіктерді көбейту әдісі ретінде.
- •3 Биогенездің негізгі кезеңдері және биохимиялық эволюция сатылары.
- •9 Билет
- •3)Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы.
- •10 Билет
- •3)Мутация түрлері және оның генотипке байланыстылығы.
- •11 Билет
- •2)Рибосомалар. Құрылысы, химиялық ұйымдасуы, рибосомалық рнқ және ақуыздар. Про- және эукариот рибосомалары. Полисомалар. Рибосомалар функциясы – ақуыздардың биосинтезі.
- •12 Билет
- •1 Сұрақ жоқ базада
- •13 Билет
- •1 Сұрақ жоқ фазада
- •14 Билет
- •1 Сұрақ базада жоқ
- •15 Билет
- •3) Насекомдардың дене құрылысы және олардың туындылары.
- •16 Билет
- •17Билет
- •18Билет
- •3.Көкөніс және жеміс-жидек аурулары, онымен күресу шаралары. Ауруларды есепке алу жолдары.
- •25 Билет
- •2.Микроағзалардың дамуы және өсуі. Өсу қисығы. Өсу фазалары.
17Билет
Инфузориялар типі. Ядролық аппараттың құрылысы және жыныстық көбею (конъюгация, аутогамия) ерекшеліктері. Инфузориялардың систематикасы. Кірпікшелі және сорғыш инфузориялар кластарының негізгі белгілері. Протозоа филогениясы. Инфузориялар — бұл типке көп ұсақ кірпікшелері бар қарапайым жәндіктер жатады, 7000-нан астам түрі белгілі. Бұлардың ерекшелігі - денесінде екі түрлі ядросының болуы - үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішкене генеративті - микронуклеус.Инфузориялар типі екі класқа бөлінеді. Кірпікшелі инфузориялар - Ciliata және сорғыш инфузориялар - Suctoria. Кірпікшелі инфузориялардың кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезендерінде болады, ал сорғыш инфузориялардың даму циклының алғашқы кезеңінде ғана кірпікшелері болады да, содан кейін жойылады. Конъюгация (лат. conjugatіo – қосылу) – екі генеративті (жынысты) ядроның қосылуы. 1) балдырларда (кейбір диатомды, коньюгатты түрлерінде) – құрылысы бірдей балдырлардың вегетативті екі клеткасындағы заттардың біріне-бірі құйылып қосылуы; төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда – сыртқы пішіні ұсақ екі талшықсыз клеткалардың қосылуынан болатын жыныстық процесс; 2) инфузорияларда – жыныстық ядроларының алмасуы және олардың жұптанып қосылуы; 3) бактерияларда – генетикалық материалдарының алмасуы. Бұл кезде екінші клеткаға ДНҚ жіпшесінің бір бөлігі ауысады; 4) хромосома Конъюгациясы – гомологтық хромосомалардың уақытша жұптасып айқасуы; бұл кезде хромосоманың гомологтық бөліктерінде алмасу жүреді. Конъюгация – прокариотты (ядролы) организмдердің тұқым қуалау факторларын (өзгергіштігін) күшейтетін процесс деп те саналады. Кірпікшелі инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында (псаммофильді түрлері) тіршілік етеді.Паразит инфузориялар да кездеседі. Денелерінің ұзындығы 30 - 40 мкм-нан 1 мм-ге дейін.Кірпікшелі инфузориялардың денесін (өмір бойы) кірпікшелер қаптап тұрады. Кірпікшенің құрылысы талшықтың құрылысына өте ұқсас. Кірпікшенің ортасында қалың орталық 2 фибрилла, ал қалған 9 фибриллалар екеуінің айналасында орналасқан.Фибрилдер кинетосомаға жалғасады. Кірпікшелілер жыныссыз және жынысты - конъюгация жолымен көбейеді.Инфузориялардың көп таралған белгілі түрлерінің біреуі - инфузория туфелька немесе парамеция - Paramaecium caudatum. Ұзынша сопақтау болып келген, тұщы суларда өздігімен қозғалып жүретін күрделі құрылысты қарапайым жәндік.
Сорғыш инфузориялар тұщы суларда және теңіздерде субстратқа сабақшасымен тіркеліп тіршілік етеді. Кірпікшелері, ауыз тесігі, жұтқыншағы жоқ, тек дамуының алғашқы кезеңдерінде ғана кірпікшелері болады, кейін олар жойылып кетеді.Денесінде сорғыш таяқшалары немесе қармалауыштары болады, бұлар ұзын, жиырылғыш, қуыс түтіктер. Осы таяқшалары арқылы басқа кірпікшелі инфузорияларды ұстап қоректенеді. Таяқшалары өте сезгіш. Егер кірпікшелі инфузория сорғыш таяқшаға тиіп кетсе, олар сол сәтте оған жабысады. Ұсталған кірпікшелі инфузорияға таяқшалардың бірнешеуі бұрылып келіп, жабысқан жерінің пелликуласын ерітіп жіберіп ішіндегі цитоплазманы сорып алады.
2)Су алмасу экологиясы. Әр түрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасуындағы ерекшеліктері (ксерофиттер, мезофиттер, гигрофиттер, галофиттер) және су тапшылығына өсімдіктердің бейімделуі.Ксерофиттер-бұл топқа қуаңшылық аймақтарда өсіп-өнетін,топырақ пен ауадағы су тапшылығына төзімді өсімдіктер жатады.олар онтогенездік даму процесінде ауа мен топырақ қуаңшылыққа бейімделеді.жер үстілік органдардың суды буландыратын ауданы өте аз.мезофиттер-бұл топқа ауа және топырақ ылғалдығы орташа қоңыржай аймақтарда өсіп-өнетін өсімдіктер жатады. Гигрофиттер-бұл топқа ылғалы мол, ауа және топырақ ылғалдығы жоғары тіршілік ететін өсімдіктер жатады.нағыз гидрофильді шөптесін өсімдіктер және ылғалы мол тропикалық ормандардағы эпифиттер,ауа ылғалдығы шамалы ғана төмендеген жағдайдың өзінде өсіп-дамуы нашарлай бастайды.ауа райы ашық ,жарық жақсы түсетін ,бірақ топырақ ылғалдығы мол аймақтарда-су қоймаларына жақын ,өзен атырауларында өсіп-өнетін өсімдіктерді де гигрофиттерге жатқызуға болады. Өсімдіктегі су тапшылығы- судың сіңуіне,тамыр қысымына,тұқымның өнуіне,устицалар қимылына,транспирацияға,фотосинтез бен тыныс алуга,ұлпалардың ферменттік,минералдық және органикалық қосындылардың ара қатынасына және т,б қолайсыз әсер етеді.су жетіспеген жағдайда жапырақта фотосинтез қарқындылығы төмендеп моно және дисахаридтердің мөлшері азаяды.
3) Насекомдардың қанаттары, құрылысы және шығу тегі Сыртқы құрылысы: ересек насекомдардың денесi үш бөлiмнен тұрады: бас, кеуде, құрсақ. Басында қос буынды әртүрлi антенналары (мұртшалары), қарапайым немесе күрделi көздерi және ауыз аппараттары орналасады. Насекомдарда жақсы дамыған антенналар мен көздiң бар болғандығына байланысты, цефализация айқын байқалады. Насекомдардың газ алмасуы денесiн толық қамтитын бұталанған ауа түтiкшелерiнен тұратын трахея немесе кеңiрдек жүйесi арқылы iске асады. Трахеялар стигма деп аталатын тыныс тесiктерiнен басталады.Метаболизм нәтижесiнде түзiлген азотты заттардың экскрециясы, насекомдарда түтiкшелер арқылы iске асады. Бұл заттар несеп жолы арқылы шығарылады. Олар артқы iшекке түсiп, нәжiспен бiрге аналь тесiгi арқылы сыртқа шығарылады.Насекомдар дара жыныстылар.Көптеген насекомдардың қанаттары болады, бiрақ кейбiр отрядтардың өкiлдерi қанатсыз болып келедi, мысалы, Thysanura (қылтанқұйрықтылар) және Collembola (аяққұйрықтылар). Екi жұп қанаттары бiр-бiрден ортаңғы және артқы кеуде сегменттерiнде орналасқан. Ең қарапайым болып Hymenoptera (жарғаққанаттылар) және Diptera (қосқанаттылар) отрядтар өкiлдерiнiң жарғақ қанаттары есептеледi. Осы типтi қанаттардың эволюциясы нәтижесiнде түктермен жабылған ручейниктердiң (Trichoptera) қанаттары, көбелектердiң қабыршақты қанаттары (Lepidoptera), тiкқанаттылардың қабықшалы үстiңгi қанаттары (Ortloptera) және қоңыздардың мүйiздi үстiңгi қанаттары (Coleoptera) пайда болды. Қосқанаттылардың екiншi қанаттар жұбы ызылдауыққа айналған. Құрсақ сегменттерiнiң саны 3 пен 11 аралығында болады. Оларда өсiндiлер болмайды. Тек 8-шi және 9-шы сегменттерiнде жыныс өсiндiлерi болады. Кейбiр түрлерiнiң 11 сегментiнде церкилер болады
