Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на всякий.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.06 Кб
Скачать

1 Билет

1) Өсімдік жасушасының жалпы құрылым белгілері. Цитоплазма. Вакуольдік жүйенің өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Пластидтер. Ядро. Органикалық және минералды заттардың өсімдік жасушасында жинақталу түрлері. Өсімдік жасушасының жалпы құрылым белгілері. Өсімдіктер клеткасы клетка қабықшасы, протопласт,пластидтер,ядро және ірі вакуольдерден тұрады. Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы оның жұқа плазмалық жарғақшасы(мембрана) сыртын өте тығыз, таза жасуынықтан (клетчатка) тұратын берік, қалың, серпімді қабықша қаптайды Бұл қабықша цитоплазмадан бөлінген өнімнен түзіледі, оның әр жерінде көршілес орналасқан жасушалардың цитоплазмасымен байланысатын көп майда саңылаулары (қабықшаның жұқа жері) бар. Тығыз, берік қабықша өсімдікке белгілі пішін берумен бірге, цитоплазманы зақымданудан және кеуіп кетуден сақтап тірек қызметін атқарады. Жасуынық (клечатка немесе целлюлоза) ыстық суда, қышқылда, сілтіде ерімейтін тұрақты зат. Ол тек өте күшті тұз қышқылы мен күкірт қышқылында қантқа айналады.  Цитоплазма – клетканың күрделі құрылымды кешені. Мұнда тірі клеткаға тән тіршілік белгілерінің барлығы бар. Ц. клетканың барлық тірі компаненттерінің қажетті тіршілік орны, субстраты. Ц –да әр түрлі қызмет атқаратын органеллалар жүйесі орналасады. Биологияда « протоплазма» деген ұғымды 1839 ж. чех ғалымы Ян Пуркинье енгізсе, 1862 ж. Келликер ядроны қоршап жатқан сұйықтықты « цитоплазма» деп атаған. Ц-ның құрылымдық негізі-фосфолипидтер мен ақуыздардан құралған жұқа, аса тығыз үлпекті биологиялық мембрана. Ц-ның негізгі құрылымдарына гиалоплазма, органеллалар және қосымшалар жатады. Вакуольдік жүйенің өсімдік тіршілігіндегі маңызы:. Вакуольдің сұйықтығының құрамына ерітінді күйінде минералды тұздар, көмірсулар, сондай-ақ клетканың тіршілігіне қажетті әр түрлі органикалық қышқылдар, таниндер, пигменттер және тағы да басқа заттар болады. Онда қор заттармен қатар клеткаға қатерлі улы заттар, сондай-ақ екінші реттік метоболиттер жинақталады. Вакуоль клетканың осмос қысымын анықтап, зат алмасу, секреттеу және қорғаныш қызметтерін атқарады.Пластидтер – түрлі заттардың синтезі, оның ішінде ең бастысы фотосинтез үрдісі жүретін органоид. Ол өсімдіктердің клеткаларына ғана тән. П.П-ң үш типі бар: түссіз (мөлдір) – лейкопластар, жасыл – хлоропластар, реңі қызыл-сары түсті – хромопластар. Хлоропластар – балдырлардың талломдары, жас сабағы, піспеген жемістерінің клеткаларында болатын сопақ және диаметрі 4-5 мкм болатын домалақ пішінді жасыл түсті пластидтер. Лейкопластар қоректік заттардың қорын, әсіресе крахмал жинақтайтын түссіз, домалақ пластидтер. Лейкопластардың қос мембраналы қабықшасы құрылымсыз строманы қоршап жатады. Хромопластар лейкопластар мен хлоропластардың стромаларында каротиноидтардың жинақталуынан пайда болатын қызғылт-сары және сары түсті пластидтер. Олар гүл күлтелерінде, піскен жемістерде, кей жағдайларда – тамырсабақтарда, күзгі жапырақтарда кездеседі. Каротиноидтардың бар болуынан қызғылт-сары түске боялатын хромопластар белгілі бір қызметтер атқармайды. Ядро - жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні - домалақ, таяқша, үрмебұршақ тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б. эритроциттер (қан жасушасы) мен тромбоциттерде (қанның пластинкасы) ядро болмайды. Ядроның сыртын цитоплазмадан бөліп тұратын екі қабат жарғақша қаптайды. Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек ядро шырыны болады. Ядро цитоплазмамен тығыз байланысып, жасушаның барлық тіршілік әрекеттеріне (өсу, көбею, зат алмасу) қатысады. Ядро кабықшасы (жарғақшасы) заттардың козғалысын (ядроға енуі, ядродан шығуы) реттейді. Ядро шырынында хромосомалар мен ядрошықтар болады.

2) Цитология тарихы. Жасуша теориясының негізгі қағидалары. Цитология мен жасуша биологиясының негізгі жетістіктері. Цитологияның  биология ілімінен өзінің іргесін бөлгеніне небары жүз жылдай ғана уақыт өтті. Осы аралықта ол жедел қарқынмен дамып, жазбаша морфологиялық ілімнен экспериментальды ілімге айналды. Сөйтіп цитология бүгінгі таңда клетканының құрылысын ғана емес, ондағы күрделі физиологиялық процестерді де зерттейтін ауқымды ғылым саласының біріне айналып отыр. XIX ғасырдың басында жүргізілген микроскопиялық зерттеулер жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің клеткадан құрылатынын дәлелдеп қана қоймады, органикалық дүниенің даму заңдылықтарын ашып берді. Я. Э. Пуркине және И. П. Мюллер ұйымдастырған ғылыми мектептер өмірге клетка теориясы жөнінде көп жаңалықтарды әкелді. Клетка  теориясы ашылғанға  дейін биология саласында оптикалық құралдармен жабдықтау, оны жетілдіру сияқты күрделі жұмыстар жүргізілді. Сөйтіп өсімдіктер мен жануарларды зерттеуде алғашқы мағлұматтар алына бастады. 1665 жылы Роберт Гук тұңғыш рет үлкейтіп көрсететін шынының көмегімен тозағашының құрылысын зерттеп, оның «клеткадан» тұратынын анықтады. Кейін өсімдіктердің өсіп дамуын бақылай келе М. Мальпиги (1671), II. Грю (1671) бұл жаңалықтарды толық. дәлелдеді.  А. Левенгук  (1680)  бірінші рет  қан құрамында эритроциттердің  барын анықтаса, Фантана  (1781)  жануарлар клеткаларындағы небір құпияларды  ашты. Осыдан кейін өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларының құрылыстары белгілі бола бастады. Қлетканың құрамындағы  негізгі  элемент — протоплазма   (Пуркине  1830)   мен ядро (Браун 1833) табылды. Осы мағлұматтарды негізге алып әрі әр түрлі ұлпалардың құрылысын, дамуын жанжақты зерттеп, соңынан нәтижелі қорытындыларын саралай отырып,  1838—1839 жылдары    Т. Шванн    өзінің атақты клетка теориясын жазды. Ф. Энгельстің клетка теориясын XIX ғасырдағы ұлы жаңалықтардьң бірі деп атауына да осы негіз болса керек.Жасуша теориясының негізгі қағидалары:1. Жасуша – барлық тірі организмдердің ең кіші өлшем бірлігі.2. Әр түрлі органиэмдердің жасушалары – қүрлысы, құрлымы, химиялық құрамы, зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері жөнінен ұқсас. 3.Организмдердің жасуша құрлыстарының ұқсас болуы - өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегінің бір екендігінің дәлелі болып табылады.4. Жасушалар бөліну арқылы көбейеді.5. Жасушаның негізгі құрлымдық бөлігіне цитоплазма және жасуша мембранасы жатады, ол барлық жасушаларға тән қасиет.6. Көп жасушалы организмдер жасушаларының ең негізгі бөлігі – ядро, онда тұқым қуалау ақпараттары сақталып, келесі ұрпақтарға беріліп отырады. Тірі организмдер жасушалары ядросының жетілуіне байланысты екі топқа бөлінеді, яғни ядросыз жасушалы организмдер – прокариоттар, ал ялросы толық жетілген жасушалы организмдер – эукариоттар деп аталады. Цитология мен жасуша биологиясының негізгі жетістіктері. Соңғы кезде тірі жасушаларды немесе олардың компоненттерін зерттеу үшін бейнелерді өңдеуде жарық микроскоптың электронды-компьютермен үйлесімі кеңінен қолдана бастады (әсіресе фазасы қарма-қарсы). Бейнелерді электронды өңдеуде бейнетаспа қолданады, сонымен бірге бақылап отырған құрылымды қарама-қарсы етіп, фондық деңгейді "алып" және белгілейді. Мұндай әдістеме микротүтікше сияқты құрылымды телеэкраннан көруге мүмкіндік береді, жарық микроскоптың рұқсат етілген күнінен (20 нм) аз мөлшерде. Мұндай жүйені қолдануда тек цейтраферлі кино түсірілімді алмастырмайды, сонымен бірге бейнетаспаны қолданады, бейнелерді компьютерлік өңдеуде рұқсат етіледі: құрылым тығыздығының мәліметі туралы, сонымен бірге үш өлшемді ұйымдасу. Тірі жасушаларды зерттеуде бұл әдістің флуоресценттік микроскоппен үйлесімділігі үлкен жетістікке әкеледі.

3)Антимикробтық заттар. Антимикробтық заттардың практикалық маңызы: химиотерапевтік препараттар, консервлеушуі, дизенфекциялаушы және залалсыздандырушы қосылыстар. Антимикробты заттар бактирдцидті (бактерияларды жоятын) немесе бактериостатикалық (бактерияның көбеюін, өсуін тежейтін), фунгистатикалық (саңырауқұлақтарды тежейтін) немесе фунгицидті (саңырауқұлақтарды жоятын) қасиетке ие. Микробтарға қарсы химиотерапевтік дәрілік заттар жұқпалы аурулар кезінде этиотропты емдеу үшін (яғни ауру себебі микроб болғанда ), және жұқпаны алдын-алу үшін қолданылатын(сирек және аса сақтықпенпен!) химиялық препараттар.Химиопрепараттарды организм ішіне енгізетіндіктен , олар адам және жануарларға уыттылығы жоқ және жұқпа қоздырғыштарына жоюшы әсер ететін, яғни таңдамалы әсері болуы керек. Көбінесе заррсыздандыру үшін, әр түрлі химиялық заттар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда әр түрлі қасиеттері бар (тұрақтылығы, еріткіштігі, қолдану көлемі) жуғыштың қасиеті, организмнің РН маңыздылығы т.б. химиялық топтарға рұқсат етілген. Қазақстанда жиі кездесетін дезинфектанттар болатын хлораралас заттар. Хлораралас заттар (галлоидтер):Объектілерге өндеу жүргізілгенде хлораралас заттар ауаға жоғарғы тығыздығына байланысты “белсенді хлор” шығарады, антимикробтың әсерінде молекуланың құрылысын қайталанбайтындай зақымдандырады. Асқын тотығы универсалдық микробқа қарсы әсері бар. Мысалы: грамм оң, грамм теріс бактерияларға, вирустарға, патогендық санырауқұлақтарға әсер етеді.Организмге айтарлықтай зиянды әсері білінбейді. Көбінесе эндоскоптарды, линзаларды зарарсыздандыру үшін қолданады.