- •1.1 Электронды білім беру: тарихы мен алғышарттары
- •Электронды білім беру жүйесін жүргізу қадамдары
- •1.3. Көпфункционалды контенттің классификациясы
- •Электронды білім берудің ақпараттық жүйесін жобалау
- •Жүйені жасауға қойылатын талаптарға сараптама
- •2.2. Жүйе сәулетін жобалау Классикалық үш деңгейлі архитектура
- •Электронды білім беру үшін көпфункционалды контентті құру
- •3.1. Қолданылатын бағдарламаға сипаттама
- •3.2 Қолданушының интерфейсі
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1 Техникалық экономикалық негіздеу
- •4.2 Экономикалық тиімділік есебі
- •4.3 Күрделі шығындардың өзін ақтау мерзімі мен жылдық үнемдеу тиімділікті анықтау есебі
- •5. Еңбекті қорғау шараларының жиынтығы
- •5.1 Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
- •5.2.2 Жарақаттану себептері
- •8.2.3 Оқыс жағдайларда дәрігерлік көмекке дейінгі көмек
- •5.2.4 Кәсіптік аурулардың сипаттамасы
- •5.3 Жекелеме қорғау құралдары
- •5.4 Кәсіпорын мәдениеті
- •Кәсіпорынның интерьері
- •Функционалды бояу
- •5.5 Есептеу техникасын қолдануда қауіпсіздік техникасы
- •5.5.1. Жалпы ережелер
- •5.5.3 Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
- •8.5.4 Жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздінің талаптары
- •5.5.5 Авария, өрт, жарақат алу кезіндегі іс қимылдар
- •5.5.6 Нұсқауларды бұзғаны үшін жауапкершілік
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
3.2 Қолданушының интерфейсі
Курстың мазмұны өзара бір-бірімен тығыз байланысты ЦБР -лардан тұрады, әр ЦБР құрамында 3 компонент бар: теориялық бөлім, интерактивті бөлім (тапсырмалар), бақылау бөлімі (тест тапсырмалары).
ЦБР терезесі көрініс жағынан үш бөлікке бөлінген :
терезенің жоғарғы жағында – ЦБР номері, тақырыптың атауы;
терезенің ортасында – негізгі ақпараттық блок;
терезенің төменгі бөлігінде – басқару панелі, оған дыбыс қаттылығын реттегіш, бейне элементтерімен жұмыс істеуге арналған басқару элементтері, навигация батырмалары («Алдыңғы», «Келесі») орналасқан.
Т
еориялық
материалдың демонстрациялануы графикалық
бейнелер (иллюстрациялар, графика және
т.б.), анимацияланған сюжеттер . Мәтіндік
блоктар. бейнеүзінділер және т.б.
түрлердегі дыбысталған бейнеэлементтер
түрінде көрсетіледі.
Сур. 1 - ЦБР терезесі
Сур. 2 - Теориялық материалдың демонстрациялануы: мазмұны
Сур. 3- Теориялық материалдың демонстрациялануы: дәріс сабақтары
«Келесі» батырмасын басқан кезде тақырып материалын бекіту үшін әртүрлі тапсырмалар берілген интерактивті бөлімге өтеді.
ЦБР интерактивті бөліміндегі негізгі ақпараттық блок экранының төменгі бөлігінде алдыңғы немесе келесі тапсырмаларды орындауға өту үшін «Алдыңғы», «Келесі» батырмалары, ал экранда ағымдағы терезедегі қарастырылып тұрған тапсырманың орындалуын тексеру үшін «Тексеру» батырмасы орналасқан. Интерактивті бөлімдегі әртүрлі тапсырмалар бірнеше балама жауаптардың ішінен біреуін таңдап алуға; «Ия», «Жоқ» жауаптарының біреуін таңдауға; мәтіндік жолдарды толтыруға; қалдырылып кеткен сөздерді орнына қоюға; дұрыс жауаптарды тауып сәйкестендіруге; және т.б. тапсырмаларды бағытталған.
.
Сур. 4 - ЦБР -ның интерактивті бөліміндегі тапсырмалар түрлері: мәтіндік жолдарды толтыру
Сур. 5 - ЦБР -ның интерактивті бөліміндегі тапсырмалар түрлері: дұрыс жауаптарды тауып сәйкестендіру
Интерактивті бөлімдегі тапсырмалар кері байланыспен қамтамасыз етілген: тапсырманы орындап болған соң «Тексеру» батырмасын басқанда оның нәтижесін тексеру кезіндегі реакция «Дұрыс», «Қате» хабарламалары түрінде экранға шығады .
Қате жауап болған жағдайда тапсырманы тағы орындауға мүмкіндік беріледі, «Жалғастыру» батырмасын шерту арқылы тапсырманы қайта орындайды. Ал «Жауабы» батырмасын шертіп, тапсырманың дұрыс жауабын қарауға болады. Тапсырма дұрыс орындалған жағдайда «Жалғастыру» батырмасын шерту арқылы келесі тапсырманы орындауға өтеді, ал барлық тапсырмалар толық орындалып болған соң бұл «Жалғастыру» батырмасы арқылы келесі тестілеу бөліміне өтеді. Қажет жағдайда білім алушылар тапсырманы жаңғыртып, оны қайта орындай алады.
Терезенің сол жақ төменгі бұрышында ЦБР бөлімдеріне өту батырмалары орналасқан. 1-ші батырма теориялық материал бөліміне, 2-ші батырма интерактивті тапсырмалар бөліміне , ал 3-ші батырма тестілеу бөліміне тікелей баруға мүмкіндік береді.
Егер интерактивті тапсырманы орындау қиындық кездессе, 1-ші батырманы басып теориялық материалды қайтадалап оқуға болады.
Білім алушылардың тақырып материалдары бойынша алған білім, білік, дағдылары «Тест тапсырмалары» бөлімінде тексеріледі.
Тест сұрақтары 5 түрлі жауап нұсқаларынан біреуін таңдауға негізделген. Жауапты белгілеген соң «Алдыңғы», «Келесі» батырмаларын шерту арқылы басқа тест сұрақтарына өтуге болады .
Сур. 6 – Тест тапсырмалары» бөлімі
Тест тапсырмалары орындалып болған соң, экранға дұрыс және қате жауаптардың ұпай көрсеткіштері және тест қорытындысы көрсетіледі
«Қайта қарау» батырмасын шерткенде қолданушының жауаптарын тексеру нәтижесі, дұрыс және қате жауаптары көрсетіледі.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Мұндай интерактивті тапсырмаларда дайын шешімдерді бермеу керек, себебі, бағдарламаның негізгі міндеті – мәселелердің шешімдерін табуға итермелеу, білім алушылардың алған нәтижелерін тексеріп, қайта қарауына жағдай жасау. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті тапсырмаларды қолдану оқытушының жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне тікелей байланысты.
