- •1.1 Электронды білім беру: тарихы мен алғышарттары
- •Электронды білім беру жүйесін жүргізу қадамдары
- •1.3. Көпфункционалды контенттің классификациясы
- •Электронды білім берудің ақпараттық жүйесін жобалау
- •Жүйені жасауға қойылатын талаптарға сараптама
- •2.2. Жүйе сәулетін жобалау Классикалық үш деңгейлі архитектура
- •Электронды білім беру үшін көпфункционалды контентті құру
- •3.1. Қолданылатын бағдарламаға сипаттама
- •3.2 Қолданушының интерфейсі
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1 Техникалық экономикалық негіздеу
- •4.2 Экономикалық тиімділік есебі
- •4.3 Күрделі шығындардың өзін ақтау мерзімі мен жылдық үнемдеу тиімділікті анықтау есебі
- •5. Еңбекті қорғау шараларының жиынтығы
- •5.1 Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
- •5.2.2 Жарақаттану себептері
- •8.2.3 Оқыс жағдайларда дәрігерлік көмекке дейінгі көмек
- •5.2.4 Кәсіптік аурулардың сипаттамасы
- •5.3 Жекелеме қорғау құралдары
- •5.4 Кәсіпорын мәдениеті
- •Кәсіпорынның интерьері
- •Функционалды бояу
- •5.5 Есептеу техникасын қолдануда қауіпсіздік техникасы
- •5.5.1. Жалпы ережелер
- •5.5.3 Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
- •8.5.4 Жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздінің талаптары
- •5.5.5 Авария, өрт, жарақат алу кезіндегі іс қимылдар
- •5.5.6 Нұсқауларды бұзғаны үшін жауапкершілік
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
Электронды білім беру жүйесін жүргізу қадамдары
Жаңа электрондық оқыту жобасын енгізу алдында дамыған елдердің тиісті тәжірибесі егжей-тегжейлі зерттелді. Бұл электрондық оқытудың қарқынды дамуы білім беру жүйесінің жетекші бағыттарының бірі болып табылатынын көрсетеді.
Цифрлық білім беру ресурстары бірыңғай мемлекеттік білім беру кеңістігін қамтамасыз етуге жетудің перспективалы құралы болып табылады. Біз компьютер пайдалануы цифрлық білім беру ресурстарының тиімділігі мен сапасына тікелей байланысты бес жаңа оқу құралын беретінін білеміз: интерактивтілік, мультимедиялық, модельдеу, байланыс, өнімділік. Әзірге, алғашқы үш құрал жергілікті тасымалдағыш арқылы және соңғы екеуі бірінші интернет ресурстарда пайдаланылып келді. Жаңа замандық цифрлық білім ресурстары аталған педагогикалық құралдардың барлығын қолданады және жаһандық компьютер желісі арқылы таратылатын жоғары интерактивті, мультимедиялық тұрғыда бай электронды оқу өнімдері болып табылады.
Цифрлық білім беру ресурстары – оқытуды фотосуреттер, бейне, статикалық және динамикалық модельдер, интерактивті модельдеу мен виртуалды шындықты модельдеу объектілері, дыбыс және басқа да білім беру материалдары арқылы интерактивті жолмен жүргізуді қамтамасыз ететін оқыту пәндері бойынша жүзеге асырылған сандық дидактикалық материалдар. Цифрлық білім беру ресурстарының мақсаты - білім алушылардың ақпараттық қоғамдағы психикалық қабілеттерін нығайту және білім беру жүйесінің барлық сатыларында білім сапасын арттыру. Мультимедиялық электрондық оқыту материалдарының желісін құру мәселесін шешу электронды оқу өнімдерінің жаңа архитектурасын жасау, құрамдас бөліктерінің құрылымын біріздендіруді және пайдалану үшін бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз ету ортасын жүзеге асыруды талап етеді.
Соңғы жылдардағы оқыту бағдарламалары мен оқу барысындағы электрондық оқулықтардың қолданылуы жөнінде зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың, интербелсенді оқыту бағдарламалары көмегімен берілген материалдың есту арқылы – 22%-ы, көру арқылы – 35%-ы, көру-есту арқылы – 50%-ы, ал мультимедиалық интербелсенді оқыту бағдарламалары көмегімен берілген материалдың 80%-ы есте сақталады екен. Цифрлық білім беру ресурстарының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:
Оқу материалын бейне түрінде көрсетеді, виртуалды стендтерді құруға мүмкіндік береді.
Дәріс, практикалық, зертханалық сабақтарды оқытушы мен білім алушы бірлесе отырып өтуін қалыптастырады.
Студенттің білім деңгейін автоматты түрде бақылауға болады.
Студенттерге оқу материалын өз бетімен жаңа деңгейде меңгеруін қалыптастырады.
Электронды кітапхана дерек қорын және қашықтан оқыту негізін құрайды.
Студенттің қалауы бойынша қолданушы интерфейсін бейімдеуге және тиімді етуге болады.
Мультимедиалық түрдегі материалдарды қолдану баспа түріндегімен салыстырғанда студентке оқу материалын жылдам меңгеруге және жақсы есте сақтауға мүмкіндік береді.
Мультимедиалық оқыту курсының аясында ыңғайлы, қарапайым навигация механизмін тұрғызу мүмкіндігін береді. Баспа шығармасында мұндай мүмкіншіліктердің екі түрі бар: мазмұн мен колонтитулдар, кейде оларға тезаурустар да жатқызылады. Ал, мультимедиалық оқу курстарында беттерді парақтамай, жылдам түрде қажетті бөлімге, фрагментке баруға немесе дәл осылай жылдам кері қайтуға болады.
Мультимедиалық оқу курстарында гипермәтіндік сілтемелерді баспа мәтіні бойынша орналастыруға да болады, сондай-ақ, суреттерді, қосымша әдебиеттерді қарау мүмкіндігі бар. Желілік оқыту бағдарламаларын қолдану кезінде пән жөнінде негізгі мәселелерді электрондық оқу залында, жұмыс орнында қала отырып,талқылауға болады және студент оқу курсының авторына пән туралы түсініктеме беруді өтініп, электрондық поштамен хат жаза алады.
Цифрлық білім беру ресурстарының басты артықшылығы – бұл студент пен курс элементтерінің арасындағы интерактивті әрекеттесу мүмкіндігінің болуы.
Компьютер технологиялары оқу процесінде қосымша материал ретінде емес, толықтай оқу процесінің тиімділігін айтарлықтай арттыратын бөлінбес бөлігі болуы тиіс. Бұл кезде енгізілген өзгерістерді қабылдай алатын және оларды практикада қолдана алатын кадрларды дайындау маңызды болып табылады. Осының арқасында мектептерде информатика пәнінің мұғалімінің рөлі арта түседі. Ақпараттық білім ортасы әртүрлі ақпараттандыру түрлері мен формаларынан тұрады: ақпараттық жасақтама (оқу жоспары, сабақ кестесі, білім алушылардың аттестациясы, сыныптарды жүктеу), оқу әдістемелік қамтамасыз ету (пәндер және тақырыптар бойынша цифрлық білім беру ресурстары, лабораториялық және практикалық сабақтарды жүзеге асыру, бақылау сұрақтары және т.б.), телеконференция(off-line), хабарландырулар тақтасы, білім алуды қолдау және есеп берулер. Сондықтан оқытушы электрондық бағдарламаларды қолдана білуі керек.
Цифрлық білім беру ресурстары және оларды ұсыну мен мағынасына байланысты түрлері
Цифрлық білім беру ресурстары – іске қосу үшін компьютердің болуын қажет ететін білім беру мақсатында қолданылатын өнім. Жедел дамып жатқан ақпараттық технологиялар білім беру процесінің жаңа, тиімді дәстүрлі құралдарға қосымшалар ұсынады. Оларды педагогтар өзінің әдістемелік жүйесіне барынша көптеп ұсынуда. ЦБР ын қолдану оқу процесінің тиімділігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер береді. ЦБР оқудағы көрнекіліктің оперативті жүйесі, білім алушылардың практикалық дағдысын арттырудағы,білім алушыларды бақылау және сауалнама жүргізудегі ұйымға, үй тапсырмаларын бағалау мен бақылаудағы, сызбалармен, кестелермен, графиктермен, шартты белгілермен жұмыстағы, мәтіндерді өңдеудегі және білім алушылардың шығармашылық жұмыстарындағы қателерді жөндеудегі көмекші.
Бағдарламаланған оқудағы ерекшелік оқу процесінің белсенділігін арттырудағы білім алушылардың өзіндік жұмыс жасауының тізбектілігі, оқытуды индивидуалдау және дифференциялауға негіз болатын жедел кері байланыстың бар болуы. Білім берудегі ЦБР пайдалану педагогтарға оқудың ұйымдық формалары мен әдістерін, мазмұнын сапалы өзгертуге мүмкіндік жасайды. Педагогикалық қызметтің құралдары жақсартылады, оқытудың сапасы мен тиімділігі артады. ЦБР дәстүрлі білім берумен салыстырғанда көптеген артықшылықтарға ие. Цифрлық білім беру ресурстарының мақсаты білім алушылардың ақпараттық қоғамдағы интеллектуалды мүмкіндіктерін көбейтуге және білім берудің барлық деңгейлеріндегі сапасының артуына мүмкіндік береді.
ЦБР ын қолданудағы төмендегі негізгі педагогикалық мақсаттарды бөліп көрсетуге болады:
қазіргі замандық ақпараттық технологияларды қолдану есебінен оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейлерін идентификациялау;
білім алушының тұлғасын дайындау, тұлғаны ақпараттық қоғам шартында ыңғайлы өмірге дайындау.
Негізгі оқу әсері мен басқару компьютерге берілгенде, оқытушы білім алушылардың бойынан іздеу мақсатын қою, алдын ала алған білімдерін белсенді пайдалану, дайын дерек көздеріндегі жетіспейтін білімдерді толықтыру қызығушылығы, өзіндік іздеу сияқты қасиеттерін анықтау мен тіркеп отыру сияқты мүмкіндіктер алады. Бұл оқытушыға білім алушылардың оқуға деген шығармашылық қатынастарын дамыту және басқару, жобалау қызметін дамытуға мүмкіндік береді. Оқу жұмыстарын тексеру эталонын жеткізу, қателердің болу себептерінің анализі білім алушыларды ақырырындап оқу танымдық қызметтерін өзіндік басқару және өзіндік жөндеуге үйретеді.
