Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomdy_1179_zh_1201_mys_uchebnik.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.55 Mб
Скачать

1.3. Көпфункционалды контенттің классификациясы

Біз оқу процесінде қандай материал (ЦБР, оқулықтарға электронды қосымшалар, электронды оқулықтар , басқа да электронды оқу басылымдары) қолдансақ та, олардың негізі - оқу процесінде қолданылатын құрылымдалған пәндік мазмұн болып табылады.

Оқу контенті – оқыту мазмұнын қамтамасыз ететін ақпараттық толықтыру (қолданбалы бағдарламалық өнімдер және сандық білімдік ресурстар). 

Электронды оқулықтың негізгі құрылымдалған компоненттері төменде көрсетілген:

  1. Негізгі материал. Басылымның негізгі мазмұнын береді және білім алушылардың қабылдауы үшін міндетті болатын ақпараттың түсіндірмесін қамтамасыз етеді. Оқулықтың негізгі материалы мәтіндік/гипермәтіндік және аудио-визуалды формада берілуі мүмкін. Визуалды қатар статикалық және динамикалық графиканың шынайы және синтезделген объектілерімен берілуі мүмкін. Оқылатын объектілердің мәтіндік түсініктемесін сәйкес видеофрагменттермен, анимациямен, модельдермен және аудиожазбалармен ауыстыру мүмкіндігі бар;

  2. Түсіндірмелі мәтіндер, негізгі материалдардың сүйемелдеуші кілттік терминдері, барлық графикалық бейнелер және қиын графикалық бейнелердің маңызды мағыналық фрагменттері, формулалар. Түсіндірмелі мәтіндер сәйкес сөз немесе бейнені белсенділікке келтіру барысында жылжымалы көмекші түсіндірмелер түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

  3. Қосымша материалдар. Ол негізгі материалмен навигация жүйесі арқылы байланысады және негізгі материалды оқу барысында білімді тереңдету және кеңейту қызметін атқарады. Пәндік облыстың материалын жан жақты оқу мақсатында қосымша материал төмендегілерден тұруы мүмкін: анықтамалық ақпараттан тұратын мәтіндік/гипермәтіндік контент(әдеби шығармалардан үзінді, атақты ғылыми мақалалардан үзінді); аудио-визуалды контент; мультимедиалық контент. Қосымша материал негізгі дидактикалық принциптерге сәйкес болуы, жан-жақтылықты қамтамасыз етуі, контентпен белсенді-қызметтік әрекеттесу формасын қамтамасыз етуі тиіс. Цифрлық білім беру ресурстарында қосымша материал негізі оқу материалымен бірге гипермәтіндік қосымшалар түрінде немесе жылжымалы терезелер түрінде берілуі мүмкін.

  4. Жылжыту аппараты (тақырып, сигналдар – символдар, алфавиттер, тақырыптық көрсеткіштер) қажетті бөлімге бірдей өту, негізгі және қосымша материал арасындағы байланысты қамтамасыз ету қызметін атқарады[22].

  5. Қабылдауды ұйымдастыру аппараты. Ол модельдейтін, қорытындылайтын және бекітетін материалдардан тұрады. Оқулықта білімді тексеретін тапсырмалар мен сұрақтар, тәжірибелерді жүргізетін, сонымен қатар кері байланысты қамтамасыз ететін өзіндік жұмыс істеуге арналған практикалық сабақтар мен материалдар, нұсқаулықтар, материалдар және тапсырмалар, алдын ала оқылған материалдарға сілтемелер мен тапсырмалар, ішкі және пәнаралық байланысты орнатуға бағытталған компоненттер берілуі мүмкін. Электронды оқулықтың классикалық баспа оқулығынан айырмашылығы оның құрамына инструменталдық компоненттерді енгізу, жаттығу, өзін – өзі бақылау және дидактикалық ойындарды өткізу үшін интерактивті объектілерді қосу мүмкіндігіне байланысты.

Оқу контентіне қойылатын талаптарды қарастырайық

  1. Білім контенті мультимедиалық және интерактивті болуы тиіс.

Мультимедиалылық – қазіргі заманғы электронды оқулықтардың маңызды сипаттамасы. Мультимедиалық құрамаларды таңдаудағы критерий нақты оқу материалын ұсынудағы маңыздылық деңгейі болып табылады. Барлық таңдалған компоненттер материалды түсіндіруде сапалы түрде жаңа мағыналар әкелу керек, алайда егер материал түсініктемесін қолданбағаннан маңызды ештеңе жоғалтпаса – оны қолданбай-ақ қоюға болады. Ең алдымен таңдалған материалдар синтезі маңызды рөл атқарады. Нәтиже механикалық қоспа емес, бірыңғай, жақсы құрылымдалған материалды түсіндірудің логикасына сәйкес контент әзірленуі тиіс. Интерактивті оқу әртүрлі аудиовизуалды құралдар: мәтін, графика, аудиоклип және анимациялардың көмегімен құрылған контенті шынайылық атмосферасын ұсына алатын қосымша құралдарды қолдану арқылы жасалған. Олар білім алушылардың көңілін аударту үшін, оқу мақсатын және оқу контентін ұсыну, оқытушының оқыту стратегиясын жүзеге асыруда білім алушылардың қатысуына көмектестін демонстрациялау және ынталандыру құралдарын жүзеге асыру үшін қолданылады. [23]

  1. Мультимедиялық контенттің типтік компоненттері:

  • символдық ақпарат(мәтін, гипермәтін, формулалар);

  • статикалық шынайы және синтезделген визуалды қатар (фотосуреттер, 2D – фотопанорамалар, микрофотосуреттер, микросъемка, сызбалар, диаграммалар, графикалар, оқу суреттері және т.б.);

  • динамикалық шынайы және синтезделген шынайы қатар (видеотиптер, видеоэкскурсиялар, 3D – фотопанорама, 2D – анимациялар, объектілерді бірінің үстіне бірін орналастыру, 3D анимациялар бойынша құрылған анимациялар, объектілердің виртуалды үшөлшемді модельдері және т.б. );

  • дыбыстық қатар (аудиофрагменттер).

Сур. 1 - Электронды контенттің негізгі компоненттері

Символдық ақпарат(мәтін, гипермәтін, формулалар) . Мәтіндерді параграфтарға бөлеміз. Параграфтар мәтіні ішкі тақырыптардың, тізім, кестелердің көмегімен құрылымдалады. Математикалық, жаратылыстану және техникалық мәтіндерде формулалар болуы мүмкін. Гиперсілтемелер контенттің желілік құрылымын қамтамасыз етеді. ЦБР мәтінін парақтау оны қарауға ыңғайлы болуы тиіс: жылжыту сызығын және беттерді парақтауды көп қолданбаған дұрыс, негізінен мағыналық блокты бір экранда жылжыту сызығы мен парақтаусыз қарап шығу дұрыс. Экран бөлігін тиімді пайдалану навигация элементтерін және медиалық контентті миниатюрлеу, жылжымалы терезелерді қолдану көмегімен жасалады.

Стемлер компьютерді қолданып оқытылатын оқу контентін әзірлеуде жүзеге асырушылар адамдардың компьютер экранындағы жазуды қағазға басылып шығарған жазуға қарағанда 28% ке баяу оқитынын ескеруі қажет дейді. Сондықтан, бір бетте тым көп мәтін орналастырылған болса, білім алушыларға экраннан ұзақ уақыт көздерін алмауларына тура келеді. Бұл көздің шаршауына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, білім алушылар ұзақ мәтіндерді онлайн режимде емес, қағазға басып шығарып кейіннен оқуға бейім болады. Сондықтан, бізге білім алушылар оқу контентін онлайн режимінде оқығаны қажет болса, біз экрандағы мәтін көлемін азайтуымыз керек және оны оңай оқылатындай безендіруіміз қажет. Төменде мәтінді безендіру және орналастыру бойынша кеңестер берілген:

  • Беттегі мәтін көлемін азайтыңыз. Тек өте маңызды мәтінді бөліп көрсетіңіз.

  • Мәтінді қажеттілігіне қарай мәтін блоктарына бөліңіз және мәтін блоктарының арасында жеткілікті орын қалдырыңыз.

  • Мәтінді беру үшін мүмкіндігінше тізімдерді пайдаланыңыз. Кері жағдайда мәтінді қысқа абзацтарға орналастырыңыз. Әдетте білім алушылар тізімдерде қысқаша ескертулер мен пікірлер қалдырады. Бұл оларға осы ескертулерін оңай оқып және есте сақтауға көмектеседі. Сондықтан мәтіндерді тізім түрінде орналастырған дұрыс. Алайда, кіріспе, түсініктеме болуы керек жерлерге қызқа абзацтарды пайдаланған дұрыс.

  • Мәтінде кездесетін техникалық/ғылыми терминдерді түсіндіру үшін «жылжымалы көмек» құралын пайдаланыңыз. Электронды оқу контентінің сөз бөлшектері мен ғылыми немесе техникалық сөздері нақты сөздер немесе сөйлемдермен байланысты жылжымалы көмекте түсіндірілуі тиіс.

  • Кілттік сөздерді майлы шрифтпен ерекшелеу. Электронды оқу контентінің мәтіні негізінен қара шрифтпен берілуі тиіс және әріптердің әртүрлі өлшемдері тақырыптар мен атауларды басқа мәтіндерден бөліп көрсету үшін қолданылады.

Статикалық шынайы және синтезделген визуалды қатар (фотосуреттер, 2D – фотопанорамалар, микрофотосуреттер, микросъемка, сызбалар, диаграммалар, графикалар, оқу суреттері және т.б.). Электронды оқулықтың мәтіні классикалық баспа оқулығымен салыстырғанда жоғары сапалы суреттер арқылы көптеп берілуі мүмкін. Экран бөлігін тиімді пайдалану мақсатында иллюстрациялайтын материалды компактілі ұсынудың келесі түрлері болуы мүмкін: иллюстрацияларды масштабтау, слайд – шоу, формула және сурет фрагменттеріне жылжымалы нұсқаулықтардың болуы,, интерактивті карталар, уақыт ленталары және блок-схемалар, табиғи және техногенді объектілердің құрылымдық сызбасы және т.б.;

Графика білім алушының оқуға деген қызығушылығын арттыра түсу үшін және мәтін мағынасын оңайлату үшін электронды оқу контентін жүзеге асыруда пайдаланылған.

Графикалық объектінің ақпараты білім алушыларға анық байқалуы үшін төмендегілерді жүзеге асыру керек:

  • Мысал болып табылатын графиканы алдыңғы қатарға, ал мысал болып табылмайтынын – артқы қатарға қолдану;

  • Алдыңғы қатардағы суретті анық көрсету үшін, қанық түстер байдаланыңыз, ал артқы қатардағы суреттер ашық болуы тиіс;

  • Аудиторияға қандай да бір ойды көрсету үшін безендіру эффекілерін пайдалану керек;

Динамикалық шынайы және синтезделген шынайы қатар (видеотиптер, видеоэкскурсиялар, 3D – фотопанорама, 2D – анимациялар, объектілерді бірінің үстіне бірін орналастыру, 3D анимациялар бойынша құрылған анимациялар, объектілердің виртуалды үшөлшемді модельдері және т.б. ). Негізгі қасиеттері динамикамен берілетін объектілер мен процесстерді динамикалық видеоқатарлармен иллюстрациялау қажет. Білім алушылардың пәнге қызығушылығын виртуалды шынайылықтағы масштабталатын объектілер мен жылжымалы нұсқаулықтар арқылы туғызуға болады. Математикалық, жаратылыстану және техникалық пәндік облыстарды құбылыстар мен процесстердің қиын байланысын зерттеу барысында олардың визуализациясын қамтамасыз ететін интерактивті параметрлік модельдер қолдану тиімді. Параметрлік модельдер виртуалды лабораториялық жұмыстардың негізі ретінде қолданылуы мүмкін. Динамикалық объектілердің қанықтылығын арттыру іске қосу режимін немесе құбылыстар/параметрлердің бастапқы параметрлерін таңдау мүмкіндігін жүзеге асыру есебінен жасалуы мүмкін.

Дыбыстық қатар (аудиофрагменттер) электронды оқулыққа дыбыстық объектілерді ұсыну үшін қосылады.

  1. Қандай да бір контенттің компоненттерінің интерактивтілік деңгейі білім алушылардың жас айырмашылықтарымен, пәндік облыстың спецификасымен анықталуы тиіс.

Мұндай талаптар инвариантты сипаттамада болады. Қазіргі заманғы оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін нақты пәндік облыстарға арналып жүзеге асыратын білім контентіне спецификалық талаптарды таңдау маңызды болады.

Мультимедиалы интерактивті контенттің тағы бір түрі ойын модульдері болып табылады. Әртүрлі типтегі электронды оқулық деңгейінде интерактивті тапсырмалар өзіндік дайындалу(жаттығу және өзін-өзі бақылау) мен бақылаудың(кіріспе, аралық, қорытынды) әртүрлі түрін қамтамасыз етеді.

Білім алушы үшін «көрсету» және «сүйреп апару» негізіндегі жасалатын жұмыстар ыңғайлы болып табылады.

«Көрсету» типіндегі тапсырмалар бір немесе бірнеше жауап вариантын таңдау, сонымен қатар мультимедиялы композициядағы қандай да бір объектіні көрсетуге арналған қиын тапсырмаға негізделген бұрыннан бар интерактивті тапсырмаларды жатқызуға болады.

«Сүйреп апаруға» арналған тапсырма анағұрлым қиын жүзеге асырылады(техникалық түрде де, әдістемелік түрде де). Олар әзірге қолданушыға ыңғайсыз, ал олардың типологиясы түрліше болып келеді. «Сүйреп апару» тапсырмасының кең тараған түрі «бірдің бірге», «бірдің көпке» сәйкестігін орнату, реттеу, элементтерді топ бойынша үлестіру, мультимедиялық композицияны сүйреп апару көмегімен құрастыру болып табылады.

Сонымен қатар пернетақтадан жауабын енгізуге негізделген тапсырмалар да бар. Алайда, бұл тапсырма түрін барынша қолданбаған дұрыс, себебі бұл тәжірибесіз қолданушыны қиындықтарға жолықтыруы мүмкін.

Қорытынды бөлім әдетте тест, красворд типінде нәтижесін тіркеп, анализ жасау үшін әдетте баллдық жүйемен жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]