- •1.1 Электронды білім беру: тарихы мен алғышарттары
- •Электронды білім беру жүйесін жүргізу қадамдары
- •1.3. Көпфункционалды контенттің классификациясы
- •Электронды білім берудің ақпараттық жүйесін жобалау
- •Жүйені жасауға қойылатын талаптарға сараптама
- •2.2. Жүйе сәулетін жобалау Классикалық үш деңгейлі архитектура
- •Электронды білім беру үшін көпфункционалды контентті құру
- •3.1. Қолданылатын бағдарламаға сипаттама
- •3.2 Қолданушының интерфейсі
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1 Техникалық экономикалық негіздеу
- •4.2 Экономикалық тиімділік есебі
- •4.3 Күрделі шығындардың өзін ақтау мерзімі мен жылдық үнемдеу тиімділікті анықтау есебі
- •5. Еңбекті қорғау шараларының жиынтығы
- •5.1 Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
- •5.2.2 Жарақаттану себептері
- •8.2.3 Оқыс жағдайларда дәрігерлік көмекке дейінгі көмек
- •5.2.4 Кәсіптік аурулардың сипаттамасы
- •5.3 Жекелеме қорғау құралдары
- •5.4 Кәсіпорын мәдениеті
- •Кәсіпорынның интерьері
- •Функционалды бояу
- •5.5 Есептеу техникасын қолдануда қауіпсіздік техникасы
- •5.5.1. Жалпы ережелер
- •5.5.3 Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
- •8.5.4 Жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздінің талаптары
- •5.5.5 Авария, өрт, жарақат алу кезіндегі іс қимылдар
- •5.5.6 Нұсқауларды бұзғаны үшін жауапкершілік
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
Функционалды бояу
Бөлімшелер мен жиһаздардың бояуы оларды сырттай жақсы қабылдауға және жақсы көңіл-күй тудыруға мүмкіндік беруі қажет. Жарық көздері, мысалы шырақтар мен терезелер, терезе шынысына шағылысып, белгілердің дәлділігі мен нақтылығын азайтады және физиологиялық тұрғыдан алғанда ыңғайсыздық тудырады, әсіресе ұзақ уақыт жұмыс атқарған уақытта. Шағылысу барынша аз мөлшерде болуы керек. Артық сәуле шағылысуынан сақтандыру үшін терезе перделері болуы қажет.
Терезелердің орналасуына байланысты қабырғалар мен еден келесі түспен боялуы тиіс:
оңтүстік жаққа қараған терезелер – қабырғалары жасыл-көгілдір немесе ашық көгілдір; едені – жасыл;
солтүстікке қараған терзелер – қабырғалары ашық-қызғылт немесе қызғылт-сары түсті; едені –қызыл-қызғылт;
терезелері шығысқа қараған – қабырғалары сары-жасыл түсті немесе жасыл; едені- қызыл-қызғылт;
терезелері батысқа қараған – қабырғалары сары-жасыл немесе көгілдір-жасыл түсті; едені- жасыл немесе қызыл-қызғылт.
Компьютер орнатылған бөлмелерде шағылысу коэффициенттері дәрежесін қамтамасыз ету қажет: төбе үшін: 60...70 %, қабырғалар үшін 40...50%, еден үшін : шамамен 30%. Басқа қабырғалар мен жиһаздар үшін: 30... 40%.
5.5 Есептеу техникасын қолдануда қауіпсіздік техникасы
5.5.1. Жалпы ережелер
5.5.1.1 компьютер операторы мен басқа оргтехникамен (принтерлер, сканер, ксерокс және т.б.) жұмыс істеуге келесі адамдарға рұқсат етіледі:
- жасы 16-дан кем емес;
- медициналық тексеруден өткен;
- еңбекті қорғаудың алғашқы инструктажын, сонымен бірге жұмыс орнында еңбектің қоғаудан инструктаж алғандар;
- орындалатын жұмысы бойынша қауіпсіз жұмыс түрлеріне үйретілгендер.
5.5.1.2 оператор міндетті:
- ережелер мен нұсқауларда бекітілген ішкі еңбек ережелерін орындауға;
- еңбек қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігі ережелеріндегі талаптарды орындауға;
- жетекжісіне дербес компьютер мен басқа оргтехниканың ақауларын хабарлауға, онсыз өндіріс жұмысын қауіпсіз атқаруға болмаса;
- жұмыс орнында бөтен адамдардың болмауына;
- қажет болған жағдайда кәсіпорында оқыс жағдайларда жарақаттанғанға мүмкіндігінше сабыр сақтай отырып, көмек көрсете білуі;
- өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау;
- өз мамандығы бойынша қажетті мерзімде жүйелі түрде медициналық тексеруден өту;
5.5.1.3 Қызметкер берілген жұмыс орынындағы өндірістік қауіпті және зиянды факторларды білуі қажет:
- электр тогынан жарақаттану немесе жермен жалғастыратын қондырғының жоқтығынан не бүлінуінен жарақат алу мүмкіндігін;
- компьютер мониторының дұрыс орналаспау не дұрыс жұмыс атқармауынан зиянды әсерін;
- монитордың, клавиатура, орындық пен столдың дұрыс орналаспауынан пайда болатын ауруларды;
- желдетілмейтін бөлмелердегі көшірме және басатын оргтехника жұмысы кезінде бөлінетін зиянды булар, газдар мен аэрозолдардың зиянды әсерін.
5.5.1.4 Қызметкер қала ішінде жұмысқа бара жатқанда және жұмыстан кейін жүргіншілерге қатысты жол ережелерін , ал транспортпен жұмысқа алып келген жағдайда пассажирлер ережесін сақтау қажет.
5.5.1.5 Суды ашық су құбырларынан ішуге тиым салынады. Ішуге арналған су қайнаған болуы тиіс, ол үшін жұмыс орынында қайнаған су қойылу ұйымдастырылады, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда жұмысшы қайнаған суды өз үйінен алып келуі тиіс.
5.5.1.6 қызметкер кез-келген жұмысты орындау кезінде қауіпті дұрыс сезіне білуі керек және сабыр сақтау да қажет. Аталған қасиеттері жоқ адам жұмысқа жіберілмейді.
Сурет 8.3 - Монитордан көзге дейінгі ара қашықтық
5.5.2 Жұмыс басталар алдындағы еңбекті қоғауға қойылатын талаптар
5.5.2.1 Жұмыс басталар алдында оператор міндетті:
- жұмыс жетекшісінен қауіпсіз еңбек қауіпсіздігі тәсілдері және жұмыс жолдары мен оларды орындаудың өндірістік тапсырмаларын алу;
- киімді дұрыс киіп, жалбыраған шеттері көрінбейтіндей барлық түймелерін салу, шашы бетін, көзін жаппайтындай дұрыс тарап жатқызу;
- жұмыс орынын қауіпсіз жағдайға бейімдеу;
- өкшесі тым биік аяқ киім киіп келуге тиым салынады.
5.5.2.2 Компьютерді не басқа оргтехниканы іске қоспас бұрын электр тізбектерінің, штепсельдің, вилка мен розетканың дұрыстығын тексеру қажет. Вилкалар мен розеткалар Евростандарт талаптарына сәйкес болуы болуы қажет.Бұл вилкалар мен розеткалардың айрықша ерекшеліктеріне үшінші тізбектің болуы жатады, ол компьютердің немесе басқа прибордың жермен жалғасуын қамтамасыз етеді.
Үшінші жермен қосатын тізбек болмаған жағдайда жермен қосу қарапайым әдіспен орындалады;
5.5.2.3 Жұмысқа қосылатын жабдықтың корпусы бүлінбегеніне көз жеткізу қажет және оның үстінде заттар, қағаздар, т.басқалар жоқтығын тексеру қажет. Жұмысқа қосылатын жабдықтардың корпусындағы желдеткіш тесіктері пердемен, жабылмауы, қағазбен үйіліп қалмауы, жабысқақ лентамен жабыстырылмауы және бақадай да жабылып қалмауы тиіс.
