- •1.1 Электронды білім беру: тарихы мен алғышарттары
- •Электронды білім беру жүйесін жүргізу қадамдары
- •1.3. Көпфункционалды контенттің классификациясы
- •Электронды білім берудің ақпараттық жүйесін жобалау
- •Жүйені жасауға қойылатын талаптарға сараптама
- •2.2. Жүйе сәулетін жобалау Классикалық үш деңгейлі архитектура
- •Электронды білім беру үшін көпфункционалды контентті құру
- •3.1. Қолданылатын бағдарламаға сипаттама
- •3.2 Қолданушының интерфейсі
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1 Техникалық экономикалық негіздеу
- •4.2 Экономикалық тиімділік есебі
- •4.3 Күрделі шығындардың өзін ақтау мерзімі мен жылдық үнемдеу тиімділікті анықтау есебі
- •5. Еңбекті қорғау шараларының жиынтығы
- •5.1 Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
- •5.2.2 Жарақаттану себептері
- •8.2.3 Оқыс жағдайларда дәрігерлік көмекке дейінгі көмек
- •5.2.4 Кәсіптік аурулардың сипаттамасы
- •5.3 Жекелеме қорғау құралдары
- •5.4 Кәсіпорын мәдениеті
- •Кәсіпорынның интерьері
- •Функционалды бояу
- •5.5 Есептеу техникасын қолдануда қауіпсіздік техникасы
- •5.5.1. Жалпы ережелер
- •5.5.3 Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
- •8.5.4 Жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздінің талаптары
- •5.5.5 Авария, өрт, жарақат алу кезіндегі іс қимылдар
- •5.5.6 Нұсқауларды бұзғаны үшін жауапкершілік
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
5.3 Жекелеме қорғау құралдары
Өндірісте жекелеме қорғау құралдары деп оларды қолданғанда жұмыс істеушіге өндірістік қауіпті және зиянды факторлардың әсерін жоғалтатын немесе азайтатын құралдарды атайды. Қорғау құралдары оларды қолдану сипатына қарай екі категорияға бөлінеді: ұжымдық және жекелеме қорғау.
Ұжымдық қорғау құралдарына ауа ортасын қалыптандыру құралдары (желдету және бөлмені жылыту қондырғылары), жарықтандыруды қалыптастыру (жарықтандыру көздері, жарықтандыру ойықтары); шудан, вибрациядан, ультракүннен, электр тогынан, статикалық электрден, механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден сақтандыру құралдары жатады.
Жекелеме қорғау құралдарына изоляциялауыш костюмдер, арнай киім мен аяқ киім, аяқты, көзді, құлақты қорғау құралдары, сақтандырғыш құралдар (диэлектрикалық кілемшелер) жатады.
Сақтандыру құралдары кәсіпорынның жеке меншігінде болады және оны қолданып болған соң қызметкер жұмыстан шыққанда не басқа жұмысқа ауысқанда және құралдың қызмет көрсету мерзімі аяқталғанда міндетті түрде кәсіпорынға қайтарып беріледі. Сақтандыру құралдарын қолдану мерзімі оларды іс жүзінде қолдануға берілген күннен бастап есептеледі. Мысалы, санитарлық киімнің (халаттар) қызмет ету мерзімі 4 айдан 6 айға дейін.
Әкімшілік міндетті: жұмыс істеушілерді сақтандыру құралдарымен қамтамасыз етіп, оларды дұрыс қолдана білуге үйретуге; жұмысқа сақтандыру құралдарынсыз, кір жұмыс киімімен, сынған сақтандыру құралдарымен жұмысқа рұқсат бермеуге. Жұмысшылар мен қызметкерлер өз жақтарынан өздеріне берілген сақтандыру құралдарына ұқыпты қарауға тиіс, құралдарды жөндеу, тазарту қажеттілігін әкімшілікке мезгілінде хабарлап отыруы қажет. Жұмыстан соң арнайы жұмыс киімдерін және басқа сақтандыру құралдарын кәсіпорыннан алып шығуға тиым салынады.
Сақтандыру құралдарын дұрыс берудің инструкциялық талаптарын қатаң сақтау кәсіпорын әкімшілігіне жүктеледі.
5.4 Кәсіпорын мәдениеті
Кәсіпорын мәдениеті – бұл жаңа техника, прогрессивті технология, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру негізінде құрылған кәсіпорының жалпы деңгейі. Кәсіпорынның жоғары мәдениеті еңбек өнімділігін арттырады және кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады, әрбір жұмыс атқарушыға барынша жоғары қауіпсіз жағдайлар туғызады, өндірістік жарақат алу мен ауруларды төмендетеді, ұжымдағы психологиялық климатты жақсартады.
Кәсіпорындарда орындалуы тиіс шаралар:
- өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулармен ауыру мөлшерін жүйелі түрде төмендету;
- құрал-жабдықтарды, бөлімшелер мен кәсіпорын территориясын техникалық қауіпсіздік ережелеріне, өндірістік санитария техникалық эстетика мен қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан таза ұстау;
- жұмысшыларды мезгілінде сапалы және ыңғайлы арнайы жұмыс киімдерімен және сақтандыру құралдарымен қамтамасыз ету;
Кәсіпорын мәдениетін көтеру шараларын ұжымдық келісім шартқа және еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру жоспарына енгізеді.
Кәсіпорынның интерьері
Интерьер (франсуздың. Interieur-ішкі деген сөзінен)- бұл кез-келген бөлімшенің технологиялық процестер талаптарына сай, еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік санитария, эргономика мен еңбек психологиясына сәйкес ұйымдастырылған бөлімшенің ішкі кеңістігі, ол оның функционалды қызметіне жауап береді.
Интерьерге кәсіпорынның мәдениетін көтеру және еңбек жағдайларын жақсарту тұрғысынан жоғары мағына беріледі. Интерьерді ұйымдастыру барысында оны құрайтын келесі элементтерді қолдану қажет: құрылыс конструкциясы мен өңдеу материалдары, санитарлық техника мен жарықтандыру жүйесі, көпшілік ақпарат құралдары, көгалдандыру.
