Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomdy_1179_zh_1201_mys_uchebnik.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.55 Mб
Скачать

5.1 Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы

а) Бір жұмыс істеушіге қажетті аудан мен көлем.

S 1 жұм. = S каб – S комп / N ≥ 4,5 м2 (8.1)

V 1 жұм. = V каб – V комп / N ≥ 15 м3, (8.2)

N – бір аусымда жұмыс істейтін жұмысы саны.

Кабинеттің ауданы мен көлемі

S каб = 6,14 * 5,35 = 32,85 м2,

V каб = 6,14 * 5,35*3,1 = 101,8 м3.

Компьютердің ауданы мен көлемі:

S комп = 0,95 * 0,6 = 0,57 м2,

V комп = 0,95 * 0,6 * 1,25 = 0,71 м3

Сондықтан:

S 1 жұм. = 32,85 – (0,57 * 2) / 2 = 15,8 м2 ≥ 4,5 м2,

V 1 жұм. = 101,8 – (0,71 * 2) / 2 = 50,2 м3 ≥ 15 м3.

б) Микроклимат параметрлері бойынша ұсыныстар.

Адамның өндірістік еңбек қызметі негізінен көбінесе бөлімшелерде өтеді, олардың жұмыс зонасы белгілі бір метрологиялық жағдайлармен және ауаның қозғалу жиілігімен сипатталады.

Өндірістік ортаның метрологиялық жағдайларын (микроклимат) анықтайтын негізгі факторларға ауаның температурасы мен ылғалдылығы, оның қозғалысы (ауаның жылдамдығы), жылу берілу жатады. Бұл физикалық факторлар жиынтығы организмнің қоршаған ортамен жылу алмасуына тікелей әсерін тигізеді.

Бірақ адам организміне қолайсыз метрологиялық жағдайлардың ұзақ уақыт әсер етуі (ауаның жоғары не төмен температурасы, жоғары не төмен ылғалдылығы, ауаның жылдамдығы, жылу көздері) термореттелуді бұзады, организмнің қызып не тоңуына байланысты көңіл-күйі төмендейді, еңбек өнімділігін төмендетеді және жиі ауруға шалдықтырады.

Өндірістегі микроклиматтың бірталай ерекшеліктері бар: жекелеген факторлардың басымдылығы (мысалы, ауаның төмен температурасы, жоғары ылғалдылығы), олардың белгілі бір сәйкестігі. Көптеген жағдайларда микроклиматтың параметрлері уақытқа және технологиялық процестердің периодына, жыл мезгілдеріне т.б. байланысты тұрақсыз. Микроклимат бөлменің горизонталь және вертикаль бойымен технологиялық процесстер сипатына, құрал-жабдықтар түріне, бөлменің размері мен құрылыс ерекшеліктеріне қарай өзгеруі мүмкін.

Өндірістік бөлмелердегі ауалы ортаның жоғарыда көрсетілген параметрлерінен басқа адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне ауадағы газдардың құрамы мен оның құрамындағы түрлі зиянды қоспалардың әсер беретін маңызы зор.

Жұмыс істеу зонасы деп биіктігі еденнен 2 м биіктікте жұмысшының үнемі немесе уақытша жұмыс істейтін орынын атайды. Ауаның оптималды және рұқсат етілген температура, ылғалдылық пен ауаның жылдамдығы параметрлерін ГОСТ адамның жыл мезгілдеріне байланысты энергия шығынын ескере отырып бекітеді. ГОСТ сонымен қатар жұмыс зонасындағы артық жылу мөлшерін де ескереді.

Микроклиматтың оптималды параметрлеріне келесі үйлесімдіктер есептеледі, олар адам организміне ұзақ және жүйелі әсер еткенде организмнің термореттеу реакциясына күш салмай қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, жылулық комфорт жасайды, сол арқылы жоғары еңбек ету қабілетіне игі әсерін тигізеді. Микроклиматтың рұқсат етілген параметрлерінің әсер етуі организмнің функционалды жағдайының жылдам қайтарымды өзгерістерін туғызуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда денсаулығы бұзылмайды, тоңуы және еңбек ету қабілеті біраз төмендеуі мүмкін.

Барлық жұмыс кеткен энергия шығынына байланысты үш категорияға бөлінеді: 1- жеңіл, 2- орташа, 3- ауыр. Екінші категория екі топқа бөлінеді: 2а және 2б. Бірінші категорияға энергия шығыны 172 Вт /150 ккал/сағ/ дейінгі отырып орындалатын немесе тұрып не жүріп орындалатын, бірақ жүйелі физикалық қозғалысты немесе ауыр көтеруді қажет етпейтін жұмыстар жатады. Екінші категорияға энергия шығыны 172- 232 Вт /150-2 ккал/сағ/ талап ететін жұмыстар жатады. Бұл отырып немесе үнемі жүрумен байланысты, бірақ ауырды тасымалдауды қажет етпейтін жұмыстар. 2б категория 232- 293 Вт /200- 250 ккал/сағ/ энергия шығынымен сипатталады. Бұндай жұмыстар жүріп 10 кг дейін жүк тасымалдаумен байланысқан. Үшінші категорияға ауыр жұмыстар энергия шығыны 293 Вт /250 ккал/сағ/ артық , көбінесе жүйелі түрде физикалық күшпен ауырды /10 кг-нан артық/ тасымалдаумен орындалады.

Операторлар жұмысы 1 категорияға жатады. Есептеу техникасы жылу шығару көздеріне жатады, сол себепті бөлменің температурасын көтеріп, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын төмендетеді. Компьютер орнатылған бөлмелерде микроклиматтың белгілі бір параметрлері сақталуы қажет. СН-245-71 санитарлық нормада комфортты жайлы жағдайларды тудыратын микроклимат параметрлері мөлшері бекітілген. Бұл нормалар жыл мезгіліне, еңбек процесінің сипатына, және өндірістік бөлімшенің сипатына тәуелді жағдайда бекітіледі. (8.1-кестені қара).

Кесте8.1 - Жұмыс категориясының ауырлық дәрежесінің сипаттамасы және микроклиматтың оптималды параметрлері:

Жыл мезгілі

Микроклимат параметрі

Көрсеткіші

Суық

Бөлмедегі ауа температурасы

Салыстырмалы ылғалдылығы

Ауаның қозғалу жылдамдығы

22…24°С

40…60°С

до 0,1 м/с

Жылы

Бөлмедегі ауаның температурасы

Салыстырмалы ылғалдылығы

Ауаның қозғалу жылдамдығы

23…25°С

40…60%

0,1…0,2м/с

Микроклиматтың қажетті параметрлерімен қамтамасыз ету үшін желдеткіш жүйесін енгізу қажет. Ол бөлмеден ластанған жылы ауаны шығарады және оған таза ауаны береді.

Механикалық желдеткіштің ең тиімді жетілдірілген жүйесіне ауаны кондиционерлеу жатады, сыртқы орта жағдайларына тәуелсіз бөлмеде автоматты түрде қалыпты жағдайды ұстап тұрады немесе белгілі бір бағдарлама бойынша адамдарға не технолгиялық процестің қалыпты өтуіне қажетті қолайлы температура, ылғалдылық, ауаның жиілігі мен жылдамдығын өзгертеді.

Кондиционер – бұл вентиляционды қондырғы, ол автоматты түрде реттеу қондырғыларының көмегімен бөлмеде ауаның берілген параметрлерін ұстап тұрады. Кондиционерлер екі түрлі болады: ауаны толық кондиционерлеу қондырғысы, үнемі бір температураны, салыстырмалы ылғалдылықты, ауа қозғалысы мен тазалығын қамтамасыз етеді; жартылай кондиционерлеу қондырғысы, тек бірнеше параметрдің, көбінесе температураның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Орталық кондиционерлердің конструкциясы ауаны қызмет көрсететін бөлмеден тыс жерде дайындауды және оны ауатаратқыш жүйе арқылы таратуды қарастырады. Жергілікті кондиционерлерде ауаны дайындау қызмет көрсетілетін бөлмеде орындалады. Ауа ауатаратқыш құбырларсыз таратылады. Орталық кондиционерлер ірі цехтарда қолданылады, олар жоғары өнімділігімен ерекшеленеді (30-350 мың м3/сағ.). Жергілікті кондиционерлерді шағын бөлмелерде (лабораторияларда, байқау кабиналарында, жұмыс кабинеттерінде т.б) қолданады.

Олардың өнімділігі орталық кондиционерлерге қарағанда төмен. Жобада жергілікті кондиционер қабылданған.

в) Табиғи жарықтандыру.

Рационалды табиғи жарықтандыру психологиялық комфорт қамтамасыз етеді, көру және жалпы шаршауды болдырмайды, көздің кәсіптік ауруларға шалдығуына жол бермейді, еңбек өнімділігін көтереді және еңбек сапасын жақсартады, жарақаттану қауіптерін төмендетеді.

Өндірістік бөлімшелерді жарықтандыруға еңбекті қорғау келесі негізгі талаптарды қояды: жарықтың жеткілікті болуы және көзбен көру жұмысының сипатына сәйкес болуы тиіс, көру обьектісі мен фон аралығында көлеңке болмауы, араларында біршама шектеу болуы қажет; жарық көзі обьектіде шағылыспауы тиіс; жарық көзі жұмыс істеушінің көзін шағылыстырмауы керек; жұмыс ауданын жарықтандыру дәрежесі үнемі бір қалыпта болады; жасанды жарықтандыруға арналған электр қондырғылары қызмет көрсетуге залалсыз болуы қажет.

Кәсіпорынның өндірістік, қосымша және әкімшілік-тұрмыстық бөлімшелерінде табиғи және жасанды жарықтандыру қолданылады.

Табиғи жарық (күннің көрінетін жарық энергиясы) организмнің жұмысын реттейді, оның қоршаған ортаны сезіне білу қабілетін қамтамасыз етеді, бөлмеде бірқалыпты жарық тудыруға мүмкіндік тудырады.

Күннің жерге түсетін барлық жалпы энергиясы мөлшерінің шамамен 52% көзге көрінетін жарық, қалғаны – көзге көрінбейді: жылулық, инфрақызыл (43%) және ультракүлгін (5%).

Ультракүлгін сәуленің ұзақ мерзімде болмауы немесе оның қажетті мөлшерден аз дозасы адам организміне кері әсер етеді, патологиялық өзгерістер туғызады және олар ультракүлгін жетімсіздігі деп аталады (жарық сәуледен аштық).

Табиғи жарықтандырудың келесі жүйелерін ажыратады: жанама –күндізгі жарық бөлмеге ғимараттың қабырғаларындағы тесіктер арқылы түседі; жоғарғы - жарық ғимарат төбесіндегі тесіктер арқылы енеді; комбинирлі – жанама және жоғарғы жарықтандыру бірге қолданылады; бірлескен –жарықтандыру тәуліктің жарық кезінде табиғи мен жасанды түрін бірге қолдану арқылы орындалады. Бұл жағдайда көру жұмысының жағдайларына табиғи жарықтың жеткіліксіз болуынан жарықтандыру үнемі табиғи жарық көздерімен толықтырылады, ол арнайы СНиП талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Бұл дипломдық жобада біржақта жанама жарықтандыруды қолдану қарастырылған.

Табиғи жарықтандыру коэффициентінің (ТЖК) мөлшерленген мағынасын анықтау:

Мөлшерленген мағынасы (ТЖК) келесідеі анықталады:

ен = е * m * c, (8.3)

е – ТЖК мағынасы , %;

m- жарықтандыру климат коэффициенті (күннің тура сәулесін ескермейді), ғимараттың географиялық тұрған жеріне байланысты анықталады;

с – күн климатының коэффициенті (тура күн сәулесі ескеріледі), ғимараттың географиялық тұрған жеріне байланысты анықталады;

Оргтехникамен жұмыс кезінде көру жұмысының сипаты жоғары дәлділікті қажет етеді (айқындау обьектісінің ең аз размері - 0,3-0,5 мм). е = 2 % деп қабылдаймыз

Жобада біржақты жарықтандыру типі қарастырылған, қабылдаймыз: m = 1,00, с = 0,85. Сондықтан:

е = 2 * 1,00 * 0,85 = 1,7 %.

Жарық ойықтары ауданын анықтау.

Жанама жарықтандыруда жарық ойықтарының қажетті ауданы жуық мөлшермен келесі формула бойынша анықталады: (8.4), м2:

Sок = ен * ηо * Sn * Кзд / τо * τ1 * 100, (8.4)

ен – жанама жарықтандыруда ТЖК -ң мөлшерлі мағынасы, (8.3) формуласымен анықталады;

τо - жарық ойығының сәулені өткізудің жалпы коэффициенті, ойық шынысы материалына, былғану дәрежесіне, конструкция типі мен күннен қорғау қондырғысына байланысты. Бұл коэффициент 0,15—тен 0,30 шамасы аралығында өзгереді. Есептеу үшін оны 0,30 тең деп аламыз.

Кзд - терезелердің қарсы тұрған ғимараттар көлеңкесінен қараңғылануын ескеретін коэффициент. Кзд - 1,7- ден 1-ге дейін ғимараттар арасының бір ғимараттың биіктігіне қатынасымен анықталады. Есептеу үшін 1,0 тең деп аламыз.

ηо – терезенің жарық түсіру сипаттамасы;

τ1 - коэффициент, ТЖК-ң бөлімше қабырғаларынан шағылысып түскен және жанындағы ғимараттың төбесінен шағылысқан жарыққа байланысты өсуін ескереді;

Sn – бөлме ауданы:

Sn = 5,35 * 6,14 = 32,849 м2.

Бөлме ұзындығының Z оның тереңдігіне В ара қатынасы тең болады:

Z = 5,35 м,

В = b / 2, мұнда b – бөлменің ені,

В = 6,14 / 2 = 3,07 м,

Z / В = 5,35 / 3,07 = 1,74 = 2.

Жұмыс қабырғасынан терезеге дейінгі биіктігін анықтау үшін жұмыс қабырғасы еденнен ,8 м биіктікте , ал терезенің төменгі жағы еденнен 1,2 м жоғары деп қабылданады. Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып келесі мөлшеді анықтаймыз :

h1 = hок + 1,2 м – 0,8 м, (8.5)

мұнда hоктерезе биіктігі.

hок = 2,4 деп қабылдаймыз.

Сонда :

h1 = 2,4 + 1,2 м – 0,8 = 2,8 м

Бөлімше тереңдігінің В оның биіктігіне h1 жұмыс қабырғасынан терезенің жоғары жағына дейін ара қатынасы тең болады:

В / h1= 3,07 / 2,8 = 1,096 = 1,5.

Сол себепті 2.2 [1] таблицасы бойынша жарықтандыру мағынасы

ηо = 9,5.

ρср – төбеден, қабырға мен еденнен шағылысып түсетін орташа өлшенген коэффициенті;

а – ең жақын терезеден жұмыс орнына дейінгі ара қашықтық, м. а = 1 м аламыз.

«а» қашықтығының бөлменің тереңдігіне В ара қатынасы тең:

а / В = 1 / 3,07 = 0,326.

Жоғарыда көрсетілгеннен көреміз, коэффициент τ1 біржақты жанама жарықтандыруда таблице 2.6 [1] сәйкес тең болады: τ1 = 1,1.

Sок = 1,7 * 9,5 * 32,849 * 1,0 / 0,3 * 1,1 * 100 = 16,076 м2.

Бір терезенің ауданы:

Sок = hок * b, (8.6)

мұнда b – терезенің ені:

b = Sок / hок

b = 16,076 / 2,4 = 6,698 м.

жобадағы бөлмелердің геометрикалық размерлерін ескере отырып нақтылы 6,698 м енді терезені шынылау үшін оның есептік мөлшерін анықтау мүмкін емес. Бір терезенің размерін қабылдаймыз:

S'1 ок = 2,4 * 4 = 9,6 м2 (нақтылық жарықтану).

Sок / Sn = 16,076 / 32,849 = 0,489 = 1 / 2,04,

Sок / Sn = 9,6 / 32,849 = 0,29 = 1 / 3,42,

Sок / Sn = 1 / 2 ÷ 1 / 4.

Сурет 5.1 - Терезе ойықтарының орналасу схемасы

г) Жасанды жарықтандыру.

Жасанды жарықтандыру көбінесе электр жарық көздерінің екі түрінің көмегімен орындалады: қыздыру лампасы және люминесцентті лампа, олардың қыздыру лампасына қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:

- сәуленің спектрлік құрамы табиғи, күндізгі жарыққа жуық;

- КПД жоғары (1,5- 2 есе қыздыру лампасының КПД-н артық);

- жарықты беруі жоғары (қыздыру лампасынан 3 есе артық);

- қызмет көрсету мерзімі ұзақ.

Жарық ағынының коэффициентін пайдалану тәсілі арқылы жалпы жасанды жарық есебі:

Жарықтандыру есебі ауданы 32,849 м2, ені 6,14 м2, ұзындығы – 5,36 м2 бөлме үшін жүргізіледі.

Коэффициент тәсілі есебінде қажетті лампалар ағыны әрбір жарық шырағы Фсв, келесі формуламен анықталады:

Фсв = Еmin * К * S * Z / N * η, (8.7)

Мұнда Еmin – мөлшерленген төменгі жарықтандыру, лк;

К – қор коэффициенті;

S – жарықтанатын аудан, м2;

Z – жарықтың біркелкі түспеуін ескеретін коэффициент;

N – шырақтар саны;

η – пайдалану коэффициенті, бірлік бөлшегінде.

Люминесцентті лампаларға (комбинирленген) мөлшерленген жарықтануды қабылдаймыз Еmin = 750 лк.

Жарықтану ауданы:

S = 32,849 м2

Қор коэффициентінің мағынасы айрықша жиілікті режимдегі бөлмелерге /люминесцентті лампаларымен/ тең болады: К = 1,3

Люминесцентті лампалар үшін Z тең 1,1 деп қабылдаймыз.

Пайдалану коэффициенті η бөлме индексі i және төбенің сәулені шағылыстыру қабілеті ρп және қабырғаның қасиетіне ρс байланысты анықталады.

Бөлменің индексі келесі формула бойынша анықталады:

i = A * B / (A + B) * Hp, (8.8)

мұнда А – бөлменің ұзындығы, м;

В – оның ені, м;

А = 5,35 м, В = 6,14 м; Нр – жұмыс орнынан шырақты іліп қою биіктігі :

Нр = (hокна + 1,2 – 0,8),м, (8.9)

Нр = (2,4 + 1,2 – 0,8) = 2,8 м.

Осыдан : i = 5,35 * 6,14 / (5,35 + 6,14) * 2,8 = 1,02.

Қабылдаймыз i = 1,00.

Шағылысу коэффициентін қабылдаймыз: Көрініс коэффициентін қабылдануы: ρ = 70 %.

Шырақтар санын N, бөлменің размеріне қарай анықтаймыз:

N = S / L2, (8.10)

Мұнда: S – бөлменің ауданы, м;

L – шырақтардың арасындағы қашықтық , м:

L = (1,5 ÷ 1,9) * Hр ; (8.11)

Қабылдаймыз: L = 1,7 * 2,8 = 4,76 м.

Сондықтан :

N = 32,849 / 4,76 2 = 1,45. Принимаем N = 2.

Бөлменің индексін біліп i, 3.3 таблицасынан табамыз η = 0,49;

(Шамдар типі: ОД).

Осыдан шығады:

Фсв = 750 * 1,3 * 32,849 * 1,1 / 2 * 0,49 = 35949,43.

Жобада жарықтандырудың комбинирлі жүйесі қабылданғандықтан, жұмыс орындарындағы жарық ағыны ескерілген (ЛДЦ 20 жарық ағыны 820 лм - 2 дана), ал қалған бөлігінде жалпы жарықтанжыру (ЛБ 80 жарық ағын 5220 лм - 6 дана және ЛД 30

жарық ағыны 1640 лм - 2 дана).

Fтабл = 820 * 2 + 5220 * 6 + 1640 * 2 = 36240 Лм.

Жарықтандыруды нақтылы (факт.) түрде формула арқылы есептейміз:

Ефакт = Fтабл * N * η / K * S * Z, (8.12)

Ефакт = 36240 * 1,45 * 0,49 / 1,3 * 32,849 * 1,1 = 548,14 лк.

8.2 Өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулар

8.2.1 Еңбек жағдайларының сипаттамасы

Еңбек жағдайлары техникалық прогреспен, өндірісті механизациялау мен автоматтандырумен, жалпы даму дәрежесімен және еңбекті қорғаумен тікелей байланысты.

Қазіргі кезде компьютерлік технология адам өмірінің барлық қызмет ету саласында кеңінен қолданылады. Адам компьютермен жұмыс істегенде қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайды: электромагнитті өрістер (радиожиілік диапазоны ВЧ, УВЧ, СВЧ), инфрақызыл мен иондаушы сәулелер, шу мен вибрациялар, статикалық электр, тағы басқалары. Компьютермен жұмыс оператордың ақыл-ой мен жүйке-жүйе жұмысына көптеген жүктеме береді, көру органдарына күш түседі және қолдың бұлшық еттеріне де клавиатурамен жұмыс жасауда жүк түседі. Жұмыс орынының элементтерін дұрыс орналастыру мен рационалды конструкциясы оператордың оптималды жұмыс орынын ыңғайлы ұстап отыруға зор маңызы бар.

Тұтынушылардың жұмыс орындары бар бөлме келесідей сипатталады:

- бөлме ұзындығы : 5,35 м;

- бөлменің ені : 6,14 м;

- бөлменің биіктігі : 3,1 м;

- терезелердің саны : 1;

- жұмыс орындарының саны : 2;

- арықтандыру: жасанды;

- есептеу техникасының саны : 2;

Тұтынушы жұмыс орнында келесі факторлардың әсеріне ұшырайды, олар келесі зиянды әсерлерге әкеліп соқтыруы мүмкін:

- жеткіліксіз жарықтандыру;

- ЭЕМ –нан шу;

- дисплей экранынан сәуледен зардап алу;

- артық жылу шығару.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]