Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomdy_1179_zh_1201_mys_uchebnik.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.55 Mб
Скачать

КІРІCПЕ

Елбacымыз Н.Ә.Нaзaрбaевтың «Қaзaқcтaн – 2050» cтрaтегиялық бaғдaрлaмacының негізгі мәcелелерінің бірі – жacтaрдың білім caпacын aрттыру мaқcaтындa олaрдың интеллектуaлды жaн-жaқтылыққa тәрбиелеу. Әлемдік білім беру cтaндaрттaрынa caй болуы үшін, жac ұрпaқттың модернизaциялaнғaн aқпaрaттық технологиялaрды қолдaнуының мaңызы aйрықшa. Бүгінгі тaңдa жacтaрғa пәнді ұғындырудың тиімді жолы – білім берудегі зaмaнaуи технологиялaр негізі болып тaбылaды. Еліміздегі білім беру caлacын дaмыту үшін, зaмaн тaлaбынa caй caпacы жоғaры білім беру aрқылы білікті мaмaндaрды дaярлaу және қоғaмның cұрaныcынa қaжетті болып отырғaн мaмaндaрды қaлыптacтыру, cонымен қaтaр aқпaрaттық-коммуникaциялық технологиялaрды білім беру үрдіcіне тиімді қолдaнуымыз керек.

«Біз елімізде қaзіргі зaмaнғы жaңa технологиялaрды дaмытуымыз керек. Әcіреcе, өмірдің бaрлық caлaлaрынa мультимедиaлық технологиялaрды енгізіп, дaмытуымыз қaжет. Мультимедиaлық технологиялaрдың әзірлеудің көзге түcетін негізгі бaғытының бірі электрондық үкіметті дaмытуғa, бірі білім caпacының деңгейін жоғaрылaтуғa, медицинaнылық және электронды-бизнеcті дaмытып, жетілдіруге бaғыттaлуы тиіc» деп Президентіміз Н.Ә.Нaзaрбaев aтaп aйтқaндaй, зaмaнaуи жaңa aқпaрaттық технологиямен орындaлaтын қызметтер өзінің нaқты формacындa тиімді орындaлып, aдaмзaт өркениетті және білімді болaды.

Бaрлық компьютерлік технологиялaрдың ішінде жaлпы оқу үрдіcіне қолaйлыcы – мультимедиaлық технологиялaр болып тaбылaды. Бүгінгі тaңдa мультимедиaлық технологиялaр – жaлпы оқу үрдіcінде жaңa aқпaрaттық технологиялaрдың кеңінен дaму үcтінде. Электронды оқу құрaлы оқушы үшін дaйын мaтериaл. Электронды оқу құрaлдaрымен жұмыc іcтеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін еcепке aлa отырып, оқып үйрену іcін жеке дaрa жүргізу болып caнaлaды.

Қaзіргі тaңдa оқу процеcінде жоғaрғы оқу орындaрындa және мектептерде электронды оқу құрaлдaрын тиімді пaйдaлaну мүмкіншіліктері берілген. Электронды оқу құрaлдaрын бірнеше прогрaммaлaрмен бaйлaныcтырып жacaуғa болaды. Электрондық оқу құрaлының мaзмұны оқушының интеллектілік ойлaу қaбілетін дaмытуғa бaғыттaлуы қaжет. Ол үшін мынa қacиеттерді қaнaғaттaндыруы жеткілікті: жинaқылық, жүйелілік, эcтетикaлық көркемділік, жылдaмдылық және т.б. Электрондық оқу құрaлын әзірлеу бaрыcындa оны мәтіндік aқпaрaттaн гөрі грaфиктік aқпaрaтпен көбірек қaмту керек, cебебі ол оқу құрaлын көрнекі етіп, оқу бaрыcындa aқпaрaтты тез қaбылдaуынa жaғдaй жacaйды. Ондa мәтіндер, грaфикaлық элементтер, нaвигaциялaр, электрондық aнықтaмaлaр және олaрдың түcтерін әр түрлі етіп, aнимaциялaр aрқылы жacaуғa болaды. Электрондық оқу құрaлын жacaудa электрондық құрaлдaрды aнимaция элементтерімен, cуреттермен, видеолaрмен қaмтaмacыз ету өте тиімді және қолдaныcтa дa ыңғaйлы болып келеді. Cебебі, мұндaй түрде бейнеленуі оқушының немеcе cтуденттің еcте caқтaу қaбілетінің дaмуынa және оқығaн мaтериaлын ұмытпaй, оны дaмытуынa игі әcерін тигізеді.

Теxникaның дaмығaн зaмaнындa бaрлық мүмкіншліктерді неге пaйдaлaнбacқa, әcіреcе қaзіргі кездегі е-lеarnіng оқыту жүйеcі aрқылы оқытудa информaтикa пәнінен электронды оқу құрaлын жacaу. Aқпaрaттық теxнологиялaрcыз оқыту тиімділігін aрттыру, бәcекеге қaбілетті оқу орны қaтaрынa қоcылу мүмкін емеc. Қaзіргі уaқыттa білім беру үрдіcіне электрондық құрaлдaрдың енгізілуі білім aлуғa жaңa мүмкіндіктер aшaтындықтaн aca мaңызды болып отыр. Оқыту үрдіcін үздікcіз және толық деңгейде бaқылaу, cонымен қaтaр aқпaрaттық ізденіc қaбілетін дaмыту. Электрондық оқу құрaлы деп – білім берудің бaғытындa компьютерлік теxнологияcын кеңінен пaйдaлaну aрқылы негізделіп электронды түрде оқып – үйрену құрaлдaрын aйтaды. Өзінің бaрлық мүмкіндіктеріне қaрaй компьютердің бүгінгі тaңдa оқытудaн ең қaжетті құрaлынa aйнaлды, бірaқ оны тиімді түрде пaйдaлaну жолдaрының әлі aшылмaғaн тәcілдері, күнделікті caбaқтaрғa қолдaну үшін әлі де aйқындaлaтын жaқтaры көп екенін ғaлымдaр дa, мұғaлімдерде жиі aйтып келеді. Cоңғы кезде компьютердің және электрондық оқу құрaлдaрының қaжеттідігі қолдaныcқa кіруі бұл мәcеленің өзекті мәcелеге aйнaлғaнынaн көре aлaмыз. «Электрондық оқу құрaлы» деген cұрaққa,бір қaрaғaндa электрондық оқу құрaлы жaлпығa мәлім құрaл, бұл оқу құрaлын қолдaну aрқылы оқытушы cияқты оқушылaрдың білім деңгейін бaқылaйды, үлгерімін текcере aлaды және де aдaмдaр электрондық оқу құрaлдaрын диcкетaлaрдa (қaтты немеcе иілгіш диcкеттерде ) aлып жүруге болaды. Электрондық оқу құрaлы өте тиімді әрі ыңғaйлы құрaл. Ол мәтіндік гиперcілтемелерден, мaзмұннaн және көптеген cуреттерден тұрaды. Cонымен қaтaр электрондық оқу құрaлы міндетті түрде оқушының білім деңгейін бaқылaу үшін теcттік cұрaқтaрдaн тұруы тиіc.

Электрондық оқу құрaлы – білім aлaтын өнім, бірaқ дәcтүрлі оқулықтaн aйырмaшылығы бұл оқулықты тек компьютер көмегімен ғaнa көріп шығуғa болaды. Электрондық оқу құрaлы кәдімгі оқулықтaр cияқты бaрлық тaлaптaрғa caй болуы керек. Қaзіргі электрондық оқу құрaлдaры текcтік мaтериaлдaрдaн бacқa міндетті түрде жaқcы ойлacтырылғaн грaфикaлық мaтериaлдaрдaн тұруы тиіc. Мұндa оқу құрaлының тек дизaйн жaғынaн емеc түcінікті, білім алушы тез қaбылдaйтын мaтериaлдaрдaн тұруы керек. Электрондық оқу құрaлындaғы aнимaция, диaгрaммa, видиоклиптер, cтруктурaлық құрылымы жaғынaн оқушылaрды өзіне тaртып қaнa қоймaй оқушының еcінде қaлуынa үлкен ықпaл етеді.

Жоғaрыдaғы aйтылғaндaрды еcкере отырып, электрондық оқулықтa теориялық оқу aқпaрaтын құрылымдaу және бейнелеу әдіcінің күрделі де өзекті проблемa екенін aтaп өту қaжет.

Дипломдық жұмыcтың мaқcaты - электрондық оқулықтa теориялық оқу aқпaрaтын құрылымдaу және бейнелеу әдіcтерін зерттеп, aнықтaу болып тaбылaды.

Қойылғaн мaқcaтқa caй келеcі зерттеу міндеттері қойылды:

  • Электрондық оқыту мен дәcтүрлі оқытуды caлыcтырмaлы тaлдaу;

  • Электрондық оқыту құрaлдaрының жіктемеcін жacaу;

  • Электронды оқулықтa теориялық оқу aқпaрaтын құрылымдaу мен бейнелеу әдіcі, қойылaтын тaлaптaрды aнықтaу;

  • Электрондық оқулықтa оқу aқпaрaтын құрылымдaудың aқпaрaттық моделін жacaу;

  • Электрондық оқулықтaғы оқу aқпaрaтын бейнелеу әдіcтерін жүйелеу;

  • Электрондық оқытудa оқу aқпaрaтын құрылымдaу мен бейнелеуді компьютерде іcке acыру.

Қойылғaн міндеттерге cәйкеc жұмыcтaр жүргізіліп, теориялық және прaктикaлық жaғынaн мaңызды бірқaтaр нәтижелер aлынды:

  • Электрондық оқыту құрaлдaрының жіктемеcін жacaлынды;

  • Электронды оқулықтa теориялық оқу aқпaрaтын құрылымдaу жолдaрын қaрacтыру мен бейнелеу әдіcтерін зерттеу негізінде оқу aқпaрaтын құрылымдaу тaлaптaры aнықтaлды;

  • Электрондық оқулықтa оқу aқпaрaтын құрылымдaудың aқпaрaттық моделі жacaлынды.

  1. Е-LEARNING-ТІ ҚОЛДАУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІН САРАПТАУ

1.1 Электронды білім беру: тарихы мен алғышарттары

Соңғы бірнеше онжылдықтарды жаңа ақпараттың мәдениеттің құрылу жылдары деп сипаттауға болады. Ақпараттық технологиялар және технологиялық құрамдар рөлінің білім беру саласында да бірден артып отырғанын байқаймыз.

Электронды оқыту, бастапқыда сырттай білім берудің дәстүрлі моделін CD-ROM базасында құрылған курстармен толықтыру мақсатында пайда болған. Білім беру саласында бұл бағыт «қашықтықтан оқыту» деген атауға ие болды. Ағылшын тілінде ол «e-learning» терминімен аталып, «ресурстар мен сервистерге қолжетімділікті арттыру сонымен қатар біліммен қашықтықтан алмасуды арттыру және бірлесіп жұмыс жасау арқылы, білім беру сапасын Мультимедиа және Internet жаңа технологияларын қолдану арқылы жақсарту» деп түсіндіріледі. Жаңа «оқу аудиториясынан тыс» білім беру түсінігі компанияларға өздерінің білімі мен дағдыларын тұрақты түрде толықтырып және жетілдіріп отыратын, ұйымның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алатын жұмысшылардан тұратын білімді және тәжірибелі топтарын - өзіндік «интеллектуалды капиталдарын» құруға мүмкіндік беретін «үзіліссіз оқудың» негізін салғандықтан бірден тарап кетті.

Қазіргі заманғы электрондық оқыту ақпараттық технологиялар мен шетел тілдеріне байланысты тақырыптардағы компьютер тренингілерінен бастау алады. Олар жеке қолдануға негізделген болды және орталықтандырылған бақылауда болмады. Internet технологияларының тарауы Web қорындағы тренингтардың көбеюіне әкеліп, CD-ROM да жазылған компьютер курстарын шеттетті. Web қорындағы тренингтар оқу курсын оңай және тиімді басқаруға мүмкіндік берді. Тыңдаушыларды, оқытушыларды және менеджерлерді байланыстыратын біріккен виртуалды орта құру мүмкіндігі туды. E-learning технологиясының ары қарай дамуы оқу контентін және оқу құралдарын басқару құралдарын жүзеге асыру құралдарының электронды курстарының кітапханаларын құруға әкелді. Виртуалды оқу курстары, мультимедиа тасымалдау құралдары және электронды оқытудың когнитивті мүмкіндіктерін айтарлықтай күшейткен ойын технологиялары пайда болды. Электронды және қашықтықтан оқытудың жаңа түрі ретінде мобильді оқыту және мобильді бұлттық технологиялардың пайда болуы білім беру қызметтерін алудағы уақыт және орналасу жеріне байланысты шектеулерді қысқартты.

Қазіргі педагогикалық практикаға «Электронды оқыту» терминінің ену тарихын қарастырсақ, төмендегі кезеңдерді атап көрсетуге болады:

  1. Электронды оқыту қашықтықтан оқытудың жақсартылған формасы, яғни жүзеге асыру барысында оқытудың түрлі электрондық құралдары қолданысқа түсетін қашықтықтан оқыту формасы. Бұл кезең ХХ ғасырдың 90 жылдарында байқалған. Бұл кезеңде әр түрлі электрондық ортаға арналған жобалау негіздері жасалды.

  2. Электронды оқыту корпоративті білім берудің құралы ретінде. Бұл кезең әртүрлі экономикалық орталарға ақпараттық және коммуникациялық технологияларді белсенді түрде ендірумен, сонымен қатар экономиканы жаһандандыру және трансұлттық корпорациялар мен компанияларды құру кезімен сәйкес келеді. Бұл компаниялар мен корпорациялардың менеджмент міндеті қысқа уақыт аралығында, орналасқан орындарына тәуелсіз түрде компания қызметкерлерінің барлығына арналған білім беру программаларын жүзеге асыру болатын. Бұл кезең ең алдымен білім берудің электрондық құралдарын, ұйымдар моделін құру және оқу процесін қолдаумен, электронды оқытуды басқарудың түрлі модельдерін, оның сапасы мен тиімділігін бағалау жолдарын өңдеумен сипатталады.

  3. Электронды оқыту жүйелік процесс ретінде. Бұл кезеңде электронды оқытудың кешенді мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламалық жүйелерді дамыту орын алды. Процессті жүйелендіру кешенді шешімдерге халықаралық терминологияда e-learning systems (электронды оқыту жүйелері) деп аталатын жүйелер ендіріледі. Олардың құрамына келесі компоненттер кіреді: оқытуды басқару, оқыту мазмұнын басқару, оқыту нәтижелерін бақылауға арналған компетенцияларды басқарушы ішкі жүйелер, оқу материалдарын «қажетті уақытта қажетті санын қажетті орынға» жеткізу жүйелері, тестілеу жүйелері, оқыту ортасын интерактивті қолдау.

  4. Электронды оқыту, дәстүрлі күндізгі оқытуға алттернатива ретінде. Бұл деңгей қазіргі уақытта дамып отыр. Комминикацияны дамыту электронды оқытуды қолжетімділік пен сапаның жаңа деңгейіне шығарды. Қазір барынша алыс елдімекендерде болуы мүмкін Интернет желілеріне кеңкөлемді қолжетімділік сабақтарды face-to-face  learning  (бетпе-бет білім беру) технологиясын қолдану арқылы жүргізуге мүмкіндік береді. Ол білім алушыларға тек текстілік және графикалық мәліметтермен өзіндік танысуға мүмкіндік қана беріп қоймай, шынайы уақытта шынайы оқу сабақтарына қашықтықта отырып қатысуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл электронды оқудың даму деңгейі әртүрлі деңгейдегі сәйкес заңды актілерде де қолдау табуды.

«Электронды оқыту» оқу процесінің ұйымдасу формасы болғандықтан, ол оқудың мақсаты мен принциптеріне әсер етпейді (ғылымилық, жүйелілік, белсенділік, көрнекілік ), алайда, электронды оқыту оқытудың әдістерін, құралдарын және мазмұнын өзгертеді. Бұл оқу процесі субъектерінің бір бірінен қашықтаулары мен өзара әсерлесу схемаларының өзгеруіне байланысты болады. Электронды оқытуды ұйымдастыру барысында екі түрлі мәселелер шешілуі керек: әдістемелік және техникалық сипаттағы.

Электронды оқытуды ұйымдастырудың техникалық аспектілерін қарастырсақ, соңғы жылдары білім берудің қашықтықтан оқыту технологиялары көптеп даму үстінде екенін ескеру қажет. Осылай, ХХІ ғасырдың басында коммуникациялық сферада үлкен алға жылжу байқалды, нәтижесінде, уақыт өте келе физикалық ақпарат тасығыштарда жазылған әртүрлі қашықтықтан оқыту курстарын ысырып, Интернет жаһандық желі ретінде электронды оқыту үшін әлем бойынша негізгі қор болды.

Электронды оқытуды жүзеге асыруда оның техникалық негізі оның ақпараттық ортасы болуы тиіс. Мұндай орта барлық формадағы оқытуды ұйымдастыру негізі болуы тиіс, себебі оқытудың жаңа стандарттары пайдаланылған оқу-әдістемелік кешендер мен оқытушылардың тұлғасына, оқытудың формасы мен әдістеріне тәуелсіз түрде қандай болмасын жүйедегі бітірушілерге бірдей талап қояды.

Жаңа технологияларды ендіру оқу процестерін түрлендіреді деп күтілген: оқу процесіндегі оқытушының басқарушы рөлінен алдыңғы орынға білім алушының шығуы және осы түрлендірудің білім алушыға ой түю дағдысы, шешім қабылдаудағы, ақпарат іздеудегі, коммуникативтік қабілеттерін, шығармашылық потенциалдарын, ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта, мұндай білім беру жүйесіне және кадрларды кәсіби дайындауға алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру салдары туралы радикалды ойлар анағұрлым аз айтылады. Бұл процесс, күтілгенге қарағанда анағұрлым қиын және жаңа технологиялардың артықшылығы да айтарлықтай анық емес болып шықты.

Анығы, жақында пайда болған әлі нақты шекаралары орнатылмаған түсінікпен жұмыс жасап жүрміз. Бұл диссертациялық жұмыста біз электронды оқыту саласындағы қарама қайшылықтарды зерттейміз. Біздің зерттеуіміз бойынша, электронды оқытуды зерттеу үшін келесі себептер бөгет болып келді:

  1. Терминнің анықталмағандығы. Бір жағынан, бір түсініктің бірнеше түсіндірмесі бар, екінші жағынан - әртүрлі түсініктері мағынасы ұқсас анықтамалар беріліп жатады.

  2. Цифрлық технологиялар заманында оқытушының рөлі төмендеп кететіні туралы қате түсінік. Қоғамда электронды оқытуды қолдану студенттерді өзіндік ұйымдасатын және өзіндік білім алатын білім алушылар жасап өзгертетіні туралы қате түсінік қалыптасқан.

  3. Ғылыми зерттеулердегі белгісіздік. Электронды оқытуды зерттеу нәтижелерінің жарияланымдарырында қарама-қайшылықтар бар.

  4. Білім беру барысында дәстүрлі білім берумен салыстырғанда электронды оқытудың тиімділігі айқын болмауы.

Терминнің анықталмағандығы

«Электронды технология» түсінігі - көпжақты. Ғылыми әдебиеттерде негізгі екпін осы технологиялармен жүзеге асыратын әртүрлі функцияларға қойылады. Бұл осы терминді фактілік және потенциалды пайдалануда қарама-қайшылықтар тудырады. Электронды технологияларды сипаттайтын ғылыми мақалалар мен жарияланымдарды зерттей келе біз авторлардың «электронды білім беру» ретінде берген бірнеше терминдерін анықтадық: интернет-білім, қашықтықтан оқыту, желілік оқыту, компьютерлік-жанама коммуникациялар, компьютерлік оқыту, e-Learning, виртуалды сыныптар, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, ашық білім беру, телеоқыту, үлестірілген оқыту, web-білім беру, виртуалды білім беру.

Оқу процесінде электрондық технологияларды қолдануды зерттейтін көптеген авторлар электронды оқыту облысы әлі ғылымның және білімнің нақты бөлігі болып қалыптасқан жоқ дейді. Кейбір анықтамалар негізінен онлайн режимінде коммуникацияның интерактивті болуына мән берсе, енді біреулері алыстағы және кеңейтілген мәліметтер қорына қолжетімділікті алдыға қояды. Кейбір ғалымдар, ең бастысы – мультимедиялылық десе, енді бірі оқыту барысында ортақ жұмыс ретінде қолдану мүмкіндігін алдыңғы орынға қояды. Бір авторлар цифрлық технологияларды дәстүрлі білім беруге толықтыру ретінде қолдануды ұсынса, енді бірі оқыту процесін толықтай өзгертуді ұсынады (А.А. Андреев, С. Арафех, С. Гури-Розенблит, М. Трукано, К.Х. Хан, А.В. Батес, Н. Носов, А.В. Хуторской, Е.Д. Патаракин, Ю.А. Дубровская). Бұл қарама қайшылықтар негізінен жаңа технологиялар кешенді және кең диапазонды сапа және білім беру практикасының әртүрлі облыстарында қолдануды ұсынатындарында болып отыр.

Біздің ойымызша, қашықтықтан оқыту және электронды білім берудің (e-learning) кейбір тұстары ұқсас, бірақ бұлар синоним сөздер емес. Қашықтықтан оқытудың пайда болғанына бірнеше онжылдықтар болса, электронды оқыту интернеттің дамуына қарай жаңа құбылыс болып табылады. Электронды оқыту толығымен қашықтықтан оқыту деген сөз емес. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту – білім алушы мен оқытушыны білім берудің белгілі бір деңгелерінде физикалық түрде бөлу. Ал электронды оқытудың негізгі сипаттамасы қашықтық болып табылмайды, ол лекция, семинар және практикалық сабақтарды байыта түсу үшін жасалған. Қазіргі кезде көптеген жоғарғы оқу орындары жаңа технологияларды қашықтықтан оқыту үшн емес, негізінен өткізілетін сабақтардың сапасын арттыру үшін қолданылады. Біздің ойымызша, ең тиімдісі – аралас (комбинирленген) оқыту, яғни сабақтардың бір бөлігі аудиторияда жаңа технологияларды қолдану арқылы(e-learning), ал екінші бөлігі қашықтықтан оқыту арқылы жүргізілуі керек(Қашықтықтан оқыту).

Осылайша, зерттеуді жүргізу және нәтижелерін тіркеу барысында авторлардың «электронды оқыту» сөзінің астарында не түсінетіні маңызды – бұл не қашықтықтан оқыту, не бұл аудиторияда оқыту. Яғни барлық мақалада немесе электронды оқыту туралы зерттеулерде терминнің параметрлерін нақты анықтап, не туралы айтылып тұрғаны берілуі керек. Электронды оқыту - білім алушылар мен педагогтардың өзара байланысын, көрсетілген ақпараттың байланыс арқылы тасымалдануын қамтамасыз етуін, білім беру бағдарламаларын өңдеуді жүргізетін техникалық құралдар, ақпаратты және телекоммуникациялық желілерден тұратын және мәліметтер қорында сақталған мазмұнды қолданатын білім беруді қамтамасыз ететін ұйым.

Білім беруді қашықтықтан оқыту технологиялары – білім алушылар мен педагогиктардың жанама байланыстары барысында ақпараттық және телекоммуникациялық желілерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын білім беру технологиялары.

Түсініктерге осылайша анықтама беру қашықтықтан оқытудың әдістемелік негіздерін электронды оқытудан ажыратуға көмектеседі.

Цифрлық технологиялар дәуірінде оқытушылардың рөлінің төмендеуі деген қате түсінік.

Электронды оқытуды зерттеушілер ол студенттерді оқу процесі мен жобалаудың ортасына қояды дегенді ерекшелеп көрсетеді. Бұл студенттердің ойлау және өздігінен білім алу қабілетін дамытуға, олардың шығармашылық потенциалдарын арттыруға көмектеседі. Негізгі мақсат: электронды оқыту ортасында оқытушының рөлін «ақылшы» позициясынан «бақылаушы» позициясына ауыстыру(Б. Хольберг, Х.Я. Цинь, Г. Драйдент, А.А. Андреев, В. Виин). Қазіргі ұрпақ жаңа технологиялардың көмегімен білім алуға бейім және өз білімі үшін жауапкершілікті өзіне ала алады деген түсінік бар. Алайда, зерттеулердің нәтижесі бұл тұжырымды қостамайды. Сонымен, көптеген білім алушылар ақпараттық және компьютерлік технологияларды күнделікті өмірде әртүрлі мақсатпен қолданады, мысалы, музыка және видео файлдарын көшіру, достарымен қарым қатынас орнату, компьютерлік ойындар, Power Point –та презентациялар әзірлеу. Зерттеушілер студенттерде психологиялық деңгейдегі шектеулер барын айтады, яғни компьютерлік тынышсыздық және компьютердің жеткілікті өзіндік тиімді еместігі. Мұндай студенттерге тұрақты консультациялар түріндегі оқытушының көмегі керек. Бұл жерден электронды оқыту өзіндік түрде тиімді болмайтыны шығады. Оның тиімділігі дұрыс басшылық жасауға, сүйемелдеуге және оқыту оқытушы тарапынан консультациялар беріліп тұруға байланысты.

Білім беру процесіндегі оқытушының рөлін растайтын тағы бір аспект кәсіби орталықтарда дайындалған оқыту-әдістемелік материалдардың сабақтарды осы материалдарды сауатты пайдалану арқылы өткізетін оқытушының қатысуынсыз пайдасыздығы.

Цифрлық замандағы оқытушының рөлі төмендейтіні қате түсінік екенін көрсететін тағы бір дәлел ақпаратқа қолжетімділік пен білім алудың арасындағы түсініксіздік. Интернет кез келген ақпаратқа шексіз қолжетімділік береді, алайда ақпаратты жіберу мен білім алудың арасында үлкен айырмашылық бар. Барлық деңгейдегі дәстүрлі білім беру мекемелерінің міндеті білім алушыларға білімді оқу арқылы, оқытушылармен байланыс арқылы, білім беру процесіне қатысу арқылы көмек беру болып табылады. Қолжетімді ақпарат оқытушының көмегінсіз автоматты түрде білім ретінде берілмейді. Осыдан электронды білім беру туралы зерттеулерді электронды оқытуды тиімді түрде басқара алатын оқытушының жаңа рөлі туралы зерттеулермен толықтыруға болады деген шешімге келеміз.Электронды оқыту бағдарламалары оқытушылар мен білім алушылардың синхронды және асинхронды кездесулеріне қарағанда толығырақ зерттеуді талап етеді. Сонымен, аралас-оқыту немесе онлайн-оқытуды жүргізу үшін оқытушылардың жаңа буынын дайындау жаңа оқыту процесінің бөлінбес бөлігі болып табылады.

Ғылыми зерттеулердегі белгісіздік

Электронды оқыту облысы көптеген ғылыми тақырыптарды қамтитын қиын әрі көпжақты болып табылады, ол қолданатын технологиялар мен әлеуметтік – мәдени салдарлары. Электронды оқытумен байланысты төрт түрлі зерттеулер тобын бөліп көрсетуге болады: басқару және басшылық, қолданылатын технологиялар, педагогика және әлеуметтік контекст. Барлық облыстар өзара байланысты болып табылады. Мысалы, белгілі бір мекемедегі электронды оқытудың қандай да бір технологиясын жүзеге асыруды анализдейтін болсақ, сәйкес мекеменің администраторлары бұл технологияны қалай ендіру және қолдау керек екендігі туралы шешім қабылдауы тиіс. Педагогика тұрғысынан жаңа технологияны қабылдау оқытушы мен білім алушылардың рөлінің өзгеруіне, оқыту процесін қайта құрылымдау тәрізді салдарларын ала келеді. Сонымен қатар, білім беру мекемелеріне қандай да бір инновациялық технологияларды қабылдау жергілікті қоғамдастыққа да әсер етеді. Технология, басқару, педагогика және әлеуметтік салдарлардың арасында анық байланыстың болуына қарамастан, кешенді зерттеулер әлі жүргізілмеген.

Жаңа білім беру технологиясының тиімділігінің жоқтығы.

Білім берудің электрондық технологияларын жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі үлкен мәселе тудырады, соның ішінде мұндай технологияларды әзірлеу мен сүйемелдеуге кететін шығындар айтарлықтай үлкен. Алатын ауқымының үлкендігіне қарап ақпараттық және коммуникациялық технологияларды ендіру экономикалық түрде тиімді болуы керек еді. Алайда, жаңа контентті әзірлеу, ендіру және сүйемелдеу және электронды оқыту процесін басқару анағұрлым қымбатқа түседі. Егер e-learning білім беру процесіне корпоративті компьютерлік желі орнатылған және оқытуға білім алушылардың айтарлықтай көп саны тартылған шартымен жүзеге асырылатын болса, білім беру қызметінің құны дәстүрлі оқытуға кететін шығынмен теңесуі мүмкін. Алайда электронды білім беру алдын ала қаржылық шығынды қажет ететіндіктен, дәстүрлі білім беруден сәл қымбатқа түседі. Жаңадан ендірілген технологиялар айқын тиімділікпен көзге түспесе, білім алушылар мен оқытушылар экономикалық түрде тиімді әрі білім беру технологиялары мен әдістеріне сәйкес оқыту түрін таңдауға құқықтары бар.

E-learning келешегі

E-Learning келешегі зор болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың қандай жылдамдықпен дамып отырғанын зерттей отырып, біз қашықтықтан оқыту жүйесін қандай жарқын болашақ күтіп тұрғанын болжаймыз.

• Әлемге таралуы.

Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттары - ірі электронды оқыту нарығы. Еуропа екінші орында тұр. Қашықтықтан білім берудің нарықтық өсу қарқыны өте жоғары болып табылады. Сондықтан болашақта, әр елдің ауқымы сөзсіз. Бұл мемлекеттің әлеуетін дамыту үшін тамаша мүмкіндік болып табылады. Сонымен қатар, әр елде қашықтықтан білім беру жүйесін енгізу, құрлықтар арасындағы виртуалды шекараны өшіру үшін көмектеседі. Бұл өз кезегінде болашақ пайдалы алғышарттарды береді.

• Ғаламдық бірлескен халықаралық жобалар.

E-learning жаһандық деңгейде талқыланады. Тұрақты түрде конференциялар, саммиттер ұйымдастырылып тұрады, үнемі келіссөздер мен талқылаулар жүргізіледі. Географиялық орналасуы бойынша шектеулер жоқ жаһандық халықаралық жобалардің мерзімді түрде іске асып тұру жоспары пайда болады. Бұл, үлкен аудиторияда өтетін онлайн - конференциялар, онлайн ұсыну және талқылау мүмкіндігі бар жобалардың мақалалары болады. Маңызды шешімдер қабылдау үдерісін жеделдету мүмкін болатын, мемлекеттік жұмыстар қашықтықтан жүргізу мүмкіндігі пайда болады және оффлайн – рәсімдерді жүргізуге кететін шығындарды азайтады.

• Білім деңгейін көтеру.

Бұл - e-learning дамытуға себеп болып отырған тағы бір өте маңызды сәт. Қашықтықтан оқыту үрдісінің нұсқаулықтары үнемі жетілдірілуде. Бұл ұсынылып отырған мазмұн мен кез келген технологиялық аспектілерде көрініс табады. Мұнда тікелей байланыс бар: жеткізілетін білім сапасы жоғары болса, осы дайындықтан өткен білім алушының да біліктілігі жоғары.

Қашықтықтан білім берудің даму қарқынын, пайдаланушылар тарапынан оқытудың осы түріне қызығушылықты және басқа да көптеген факторларды бағалай отырып жақын арады e-learning жүйесі дәстүрлі білім беру жүйесіне қарағанда танымал болады деп болжауға болады.

Бұл оқыту түрінің тиімділігі мен қолайлылығына көзі жеткеннен кейін e-learning-ді пайдаланып отырған мемлекеттік мекемелер мен үлкен корпорациялардың саны барған сайын артуда.Төменде электронды оқыту сферасына байланысты кейбір маңызды статистикалық мәліметтер көрсетілген.

жеке тұлғалар, корпорациялар мен бүкіл мемлекеттік органдар саны өсуде, олар тек оқыту Бұл әдістің тиімділігі мен қолайлылығын тануы ретінде, электрондық оқыту пайдалануға бастайды. Мұнда электрондық оқыту саласындағы кейбір маңызды статистика болып табылады және 2015 жылға арналған сандар жобалық. Кейбір деректер электрондық оқыту айналысатын мамандар кезінде таң болып табылады.

  1. Электронды білім беру әлемдік нарығының көлемі

2015 жылы e-learning нарығының жалпы көлемі әлем бойынша 107$ млрд. –қа жетеді деп күтілуде. 2010 жылы жалпы түсім 32,1$ млрд – ты құраған. Соңғы бес жылдағы жылдық орташа өсім 9,2% болған. Осылайша, 2015 жылы жалпы түсім 49,9$ млрд. –ты құрады.

  1. Электронды білім беру нарығының максималды өсім қарқыны бар алдыңғы 10 мемлекет

Өсім қарқынынан электронды білім беру аталған барлық мемлекеттерде дамып отырғанын және бұл мемлекеттердегі e-learning сферасының дамуынан түсетін түсімдерді анықтауға мүмкіндік беретін маңызды көрсеткіш болып табылады.

Мемлекеттердегі өсім қарқыны:

  1. Үндістан – 55 %

  2. Қытай – 52%

  3. Малайзия – 41%

  4. Румыния – 38%

  5. Польша – 28%

  6. Чехия – 27%

  7. Бразилия – 26%

  8. Индонезия – 25%

  9. Колумбия – 20%

  10. Украина – 20%   

3. Қашықтықтан оқыту жүйелерінің нарығы (ҚОЖ) ҚОЖ нарығының көлемі 2013 жылы $ 2,55 млрд. құраған және бұл кезде орташа жылдық өсім 25,2% -ды қамтыған. Бұл есептерді ескере отырып, 2015 жылы нарық көлемі 4$ млрд.-ты қамтитынын болжауға болады. Бұл жерде негізгі үлес Солтүстік Америка елдеріне жататынын айтуға болады.

4. E-learning курстарын негізінен сатып алушылар

Электронды оқыту курстарын негізінен ірі компаниялар сатып алады. Бқл компаниялар e-learning курсын сатып алушылардың 30% ын қамтиды. 5. Корпоративті білім беруді жүргізу тәсілдері

2014 жылдың мәліметтері бойынша корпоративті оқытуды жүргізудің келесі тәсілдерін атауға болады:

47% оқу уақыты оқыту аудиторияларында шынайы инструкторлардың басшылығымен өткізілген, бұл көрсеткіштің өсімі алдыңғы жылмен салыстырғанда 3% ды көрсеткен.

29,1% оқу уақыты аралас оқу түрлерін пайдалану арқылы жүргізілген, бұл көрсеткіштің өсімі алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,8% -ды құраған.

28,5% оқу уақыты өзіндік онлайн оқу режимінде инструктордың қатысуынсыз өткізілген, бұл көрсеткіштің өсімі 2,6% ды құраған.

15% оқу уақыты қашықтықтан оқу процесін басқаратын инструктормен виртуалды оқу сыныптары мен вебинарлардың көмегімен өткізілген. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 1%-ға төмендеген.

4,2% оқу уақыты әлеуметтік желі арқылы оқыту үшін жұмсалған. Бұл көрсеткіштің өсімі алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,9% ды құраған.

Қазақстандағы электронды оқыту

1. Электрондық оқыту жүйесін енгізу - әлемдік білім беру кеңістігіне кірудегі алғашқы қадам.

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жүйесінде елеулі өзгерістер, елдің халықаралық қоғамдастыққа интеграциялау білім беру жүйесін реформалау қажеттілігіне әкелді. Қазақстан білім беру жүйесіндегі жаңғыртулар оқылатын курстар мен оның мазмұнына өзгерістер енгізе отырып, сондай-ақ оқыту әдістемесін өзгерту, оқытушының әдістемелік тәсілдерін көбейту, білім алушылардың сабақ барысындағы белсенділігін арттыру, оқылатын тақырыптарды жағдайды қарастыра отырып барынша шындыққа жақындату және қоғамдық мәселелердің шешімін іздеу жолдарына бағытталады. Қоғамның дамуы жаңа ақпараттық технологияларды өмірдің барлық салаларында қолдану қажеттілігін айтады. Қазіргі замандық білім уақыт талаптарынан қалыспау керек, яғни оқу орнының басты мақсаты – білімді, зерек, өздігінен білім ала алатын қызметкерлер дайындау болғандықтан, қазіргі замандық оқытушы өз қызметінде компьютерді міндетті түрде пайдалануы тиіс. Осы себептен де ҚР Білім және Ғылым Министрлігі электронды оқыту бағдарламасын енгізді.

Электрондық оқытудың негізгі мақсаты: қалалық және ауылдық мектептердегі білім деңгейін теңестіру, зерек және технологиялық сауатты білім алушыны дайындап шығару. Жаңа электрондық оқыту жобасын енгізу алдында дамыған елдердің тиісті тәжірибесі егжей-тегжейлі зерттелді. E-learning жүйесінің қарқынды дамуы бұл білім беру жүйесінің жетекші тенденцияларының бірі екенін көрсетеді.

Мемлекеттік бағдарламаның осы бағытын жүзеге асыру барысында әрбір білім беру ұйымы цифрлық білім беру ресурстарымен, 4-10 Мбит жылдамдықты кеңжолақты Интернетпен қамтамасыз етіледі. Электрондық оқыту жүйесін енгізу оқу процесін және статистиканы (электрондық журналдар, кітапхана, кестесі, күнделік, смс-ескерту ата-аналар) автоматтандыруды толық қамтиды. Оқытушылар мен студенттер әлемдегі ең үздік білім беру ресурстарына қол жеткізе алады. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы қазіргі заманғы жабдықтармен күшейтілетін болады. Электрондық оқыту жүйесінің Нормативтік-құқықтық базасы, халықаралық стандарттарға және электрондық оқыту жүйесін техникалық регламентерін пайдалану негізінде әзірленді.

«E-learning» жобасын жүйесін жүзеге асыру екі деңгейге негізделген. Бірінші деңгей, 2011-2015 жылдарда жүйеге 50% - дан астам білім беру ұйымдары қосылады. Екінші деңгейде, 2016-2020 жылдарда 90%-дан астам білім беру ұйымдары қосылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]