Этиологиясы. Жіктелуі
Шығу тегі бойынша опиоидтардың келесі түрлерін ажыратады:
Табиғи: опий-сырец, омнопон, опийдің таза алкалоидтары: морфин,кодеин,тебаин
Жартылай синтетикалық: героин /диацетилморфин/, гидрокодон, оксикодон,бупренорфин
Синтетикалық: метадон, тримеперидин/ промедол/, LAAM, фентанил, буторфанол,налбуфин
Рецепторларға әсер етуі бойынша:
Опиоидты рецепторлардың агонистері: морфин, кодеин,промедол,метадон,фентанил,гидрокодон,оксикодон,LAAM.
Жартылай опиоидты рецепторлардың агонистері: бупренорфин
Опиоидты рецепторлардың агонистері-антагонистері немесе аралас әсерлі препараттар: буторфанол, налбуфир, налорфин
Клиникалық көріністері
F11.0 Опиоидтарды қолданумен шақырылған жедел интоксикация(улану)
Опиоидтарды енгізу әдістеріне байланысты эйфорияның даму уақыттары:
Көктамыр ішіне енгізгенде 10-30 сек соң
Шеккен кезде10-20 сек соң
Бұлшық етке және тері астына енгізгенде 3-5 мин соң
Интраназалды қолданғанда 10-15 мин соң
Ішке қабылдағанда 15-30 мин және одан көп уақыттан соң
Опиаттарды қабылдағанда жедел улану кезеңі ЕКІ фазада өтеді. Есірткіні көктамыр ішіне енгізгенде лезде ЭКСТАЗ, РАҚАТ сезімі, бүкіл денеге іштің жоғары бөліміне таралатын және басқа екпінді әсермен басталады. Бұл кезде жиі бет терісінде жағымды қышыну не шаншу, аяқ қолдарында жағымды ауырлық сезімі, ауыздың құрғауы байқалады. Бұл жағдай шамамен 1ден 3минутқа дейін созылады. Опиоидтарды басқа жолдармен енгізгенде аталған әсерлер болмайды. Ұзақ уақыт жүйелі түрде қолдану және оларға тәуелділіктің пайда болуы бұл уланудың бастапқы фазасы әлсірейді не мүлдем жоғалады. Келесі фазада эйфория, рақат сезімі,тыныштық, физикалық жайлылық сезімі, жағымды босаңсу және безушілік(отрешённость); (наркомандар жаргонымен айтқанда «кайф») қосылады. Зейін және есте сақтау қабілеттері төмендеген. Ұйқышылдық (наркомандардың жаргонымен «залипание») кенеттен не сыртқы әсерлермен шақырылған сергектену кезеңімен алмасады. Көңіл күйлері жайбарақат. Кейде көп сөйлеп,мақтаншақтық қосылады. Сыртқы бейнесі тату,жайбарақат. Бет қалпы гипомимикалық, көздері жартылай жабық.
Жедел опиийдті улануға тән белгілер:
қарашықтың бірден тарылуы
ауырсынуды сезбеу
бозару
тері жамылғылары құрғақ
АГ,сосын артериалды гипотензиямен ауысады
ЖЖЖ және ТАЖ төмендеуі
Ауызда құрғақты сезіну
қаңқа бұлшықеттерінің тонустарының төмендеуі
Ішек перистальтикасы өте баяу
Іш қату
Зәрдің тоқтап қалуы
Опиоидтар дозасының шектен тыс болуы(передозировкаF11.02, f11.05)
Толерантты адамдардың және есірткіден шыққан соң есірткіні әдеттегі дозадан көп қолданғанда дамиды.
Қатерлі «смертельный» шектен шығу опиоидты және алкогольді улану қатар жүргенде дамиды.
Опиоидтарды енгізудің барлық жолдарында да пайда болады.
Тән белгілер:
негізі коматозды жағдай тән
қарашықтары тарылған
тері жамылғылары цианоздалған,ылғалды жабысқақ
дене температурасы төмендеген
Мидың ауыр гипоксиясында қарашықтар кеңейіп,жарыққа реакциясы болмайды.
ТАЖ және тереңдігі жиілейді, тіпті тыныс алудың тоқтап қалуымен жүреді
Өкпенің кардиогенді емес ісінуі тыныс алудың тежелуі өлім себебі болып табылады.
