Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Неврология, Психиатрия және наркология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Опиин құмарлық. Клиника. Диагностика. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
Тексерген: Дүйсенбаева Б. Д.
Орындаған: Махаммадалиев Ж.Ф.
5-035 топ
Қарағанды 2016
Жоспар:
Кіріспе. Опиоидтар дегеніміз не? Әсері қандай?
Негізгі бөлім
ХАЖ-10 бойынша жіктелуі
Опиоидтарға тәуелділік синдромы
Этиологиясы
Клиникасы
Диагностикасы
Емі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Опиоидтар- ОЖЖ және АІЖ орналасқан ағзаның опиоидты рецепторларымен байланысуға қабілетті заттар. Опиоидтар, морфинмен құрылысы жағынан ұқсас болып келеді және опиаттар деп те атайды.
Опиоидтардың ағзаға әсерлері:
Анальгетикалық
Седативті
Тыныс алу және жөтел орталықтарын тежейді
Ішек перистальтикасын төмендетеді.
Опиоидтар медицинада өте кеңінен қолданылатын күшті анальгетиктер ретінде қолданылады.
Опиоидтарды жиі қолдану эйфорияны шақырады, сонымен қатар тәуелділік және абстинентті синдромдардың дамуына алып келеді.
Опиын көкнәрі (лат. Papaver argemone)-көкнәрлар тұқымдасына жататын біржылдық шөптектес өсімдік. Қазақстанда көкнәр туысының 11 түрі өседі, оның көбі жабайы, ал апиын көкнәрі мәдени түрі. Тамырының ұзындығы 20см, сабағы тік түксіз, көкшіл-жасыл түсті, биіктігі 100-150см. Жапырағы көкшіл-сұр түсті, жапырақ тақтасының жиектері терең иректелген салалы, сағақсыз, сабаққа кезектесе отырмалы бекінеді. Маусымда гүлдейді, гүлдері ірі, жеке-жеке орналасады, гүлшоғыр құрамайды. Тұқымдары өте көп, ұсақ, бүйрек пішінді. ақ, сұр, қара түсті. Өсімдіктің барлық мүшесінде болатын бунақты түтіктерінен сүт бөлінеді, сүті ауада тез қатаяды, оны апиын (грекше "опос"-шырын) дейді. Сүт шырынында 20-дан астам алкалоидтар бар, олар: морфин, кодеин, папаверин (көкнәрдің латынша аты), протопин, тебаин және т.б
Опиын- Көне Грекияда да, Египетте де дәрі есебінде ерте заманнан белгілі болған. Парсы елдерінде апиынды тек дәрігерлердің рұқсатымен қолданған. Қытайда апиын туралы медициналық мәлімет 973 жылы жазылған. 1669 жылы ағылшын дәрігері Томас Сайденгейм апиынның бәйшешекпен қосылған спирттегі ерітіндісін ауруға қолданудың дәл мөлшерін анықтаған. Апиынның белгіленген мөлшері артық болса уландыратынын ескерткен. Өсімдіктің барлық мүшесі улы.
Морфин
Морфин (көне греко-рим құдайы Морфейден шыққан), опийдің ең негізгі алкалоиды. Құрамында опий мөлшері 10%. Мак снотворныйының құрамында бар. Мұнда тек бір стереоизомер бар- морфин. Морфин фармокологиялық синтез нәтижесінде пайда болды. Морфиннің хлорсулы тұзын морфий деп атайды. Алколоидтардың ішінде морфинді 1803 жылы неміс дәріханашысы Фридрих Вильгельм Сертюнер анықтап бөліп алған. Сертюнер морфиннің ұнтағын иттің тамағына қосып бергенде иттің қатты ұйқыға кетіп, ауырған жерін сезбейтіндігі анықталған. Бұл препаратты Сертюнер ұйқы құдайы есімімен атаған. Орта ғасырларда апиынды темекі секілді тарта бастаған, ондай адам басы айналып бейжай болып шала ұйқыға кететін болған. Апиынды тарту Кіші Азиядан басталып шығысқа, әсіресе Қытайға таралған. 1796 жылы Қытай үкіметі апиын таратуға тыйым салады. 1820 жылдан бастан апиынды ше елдерге шығаруға тыйым салынған.
Физико-химиялық қасиеттері: Морфин- фенантрен туындысы, морфинді алколоид тобына жатады. Морфин молекуласы 5 асимметриялы атомнан тұрады. Оның құрамыда альфа, бетта және гамма изомерлер бар.
су (20 °C) — 1:5000
су (100 °C) — 1:500
диэтилді эфир — 1:7630
диэтилді эфир, сумен қаныққан — 1:10600
бензол — 1:1600
хлороформ — 1:1500
этанол (20 °C) — 1:250
этанол (100 °C) — 1:13
Опиоидтарға тәуелділік синдромы
Опиоидтарға тәуелділік синдромы – морфинизм, опиоидты наркомания деп те аталады.
Опиоидтарға тәуелділік синдромы – опий препараттарын не олардың синтетикалық туындыларын патологиялық құмарлықпен қабылдауымен және оларды қабылдауды тоқтатқан соң абстинентті жағдайдың дамуымен сипатталатын ауру.
ХАЖ – 10 бойынша кодтары
F11. Опиоидтарды қолданумен шақырылған сана сезім және қимыл-әрекеттердің бұзылыстары
F11.0 Опиоидтарды қолданумен шақырылған жедел интоксикация(улану)
F11.1 Опиоидтардың зиянды әсері (пагубное употреб)
F11.2 Опиоидтарға тәуелділік синдромы
F11.3 Опиоидтарды қолданумен шақырылған абстинентті жағдай
F11.4 Опиоидтарды қолданумен шақырылған, делириямен жүретін абстинентті жағдай
F11.5 Опиоидтарды қолданумен шақырылған психотикалық бұзылыстар
F11.6 Опиоидтарды қолданумен шақырылған амнестикалық синдром
F11.7 Опиоидтарды қолданумен шақырылған резидуалды және қысқа уақытты психотикалық бұзылыстар
F11.8 Опиоидтарды қолданумен шақырылған басқа сана сезім және қимыл-әрекеттер бұзылыстары
F11.9 Опиоидтарды қолданумен шақырылған анықталмаған сана сезім және қимыл - әрекеттердің бұзылыстары
