Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
test.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

35Жастағы әйел адам. Шағымдары: жөтел, ентікпе. Өзін 3 ай бойы аурумын деп есептейді. Рентгенологиялық зерттеуде оң өкпенің көлемі кішірейген және бөлікшелік көлеңке анықталды.

Диагнозды анықтау үшін қандай қосымша әдіс қолдануға болады:

/

Сызықтық томография

/

Дәлдеп рентгенография жасау

/

Латерография

/

Зонография

/

Рентгеноскопия

!

Науқас 37 жаста. Шағымдары дене қызуының 380С қа дейін көтерілуі, жөтел, жалпы әлсіздік. Аускультацияда: оң өкпенің ортаңғы бөлігіндегі тыныстың әлсіреуі мен ұсақкөпіршікті сырылдар . Рентгенологиялық зерттеу жүргізілді.

Төмендегі көрсетілген рентгенологиялық белгілердің қайсысын науқаста күтуге болады:

/

Контуры тегіс емес тығыздалған аймақ

/

Барлық өкпе алаңында диффузды майда ошактар

/

Өкпе алаңының тоталды жарықтануы

/

Сұйықтық деңгейі бар ошақты домалақ көлеңке

/

Өкпе алаңының тоталды көлеңкеленуі

!

Науқас ер адам 27 жаста. Оң жақ бел аймағындағы әртүрлі сипаттағы аурулар . Құрсақ қуысының тура және бүйір бағыттағы рентгенограммаларында оң бүйректің астаушалар аймағында көлеңкелену анықталады.

Диагнозды анықтау үшін төменде көрсетілген әдістердің қайсысын жүргізген тиімді:

/

УДЗ

/

Зонография

/

Пиелография

/

Сызықтық томография

/

дәлдеп рентгенография жасау

!

Бронхиальді ұстама кезінде обструкцияның туындауына қандай механизм басты болып табылады?

/

Бронхоспазм

/

Ісік

/

Дискинезия

/

Дискриния

/

Гиперплазия

!

16 жасар ер бала, студент. Іріңді қақырықпен қалжырататын жөтелге, кеуде қуысындағы күйдіру сезіміне, бұлшық еттегі ауруға, суықта аяқ-қол саусақтары ұшындағы қатты ауруға шағымданады. Тобында бірнеше адам ауырған. Қарағанда: температурасы 38,40С. Оң өкпенің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы, қатаң тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан талдауында: эритроциттер-3,9х1012/л, Hb-138 г/л, лейкоциттер 12,5х109/л, ЭТЖ-35 мм/сағ. Рентгенограммада:оң жақ төменгі бөлікте гомогенді қараңғылану анықталады.

Көрсетілгендер ішінде қандай қоздырғыш БАРЫНША мүмкін?

/

Micoplasma pneumoniae

/

Staphylococcus aureus

/

Steptococcus pneumoniae

/

Klebsiella pneumoniae

/

Haemophilus influenzae

!

20 жасар қыз, әлсіздік, артралгияларға шағымданады. 5 ай бойы субфибрильді температура, тез салмақ жоғалту, шаштының түсуі, дімкәстік мазалайды. Қарап тексергенде: температурасы 38°С. Бет доғасы аймағы мен мұрын қанаттарында эритематозды бөртпелер бар. Қол саусақтары ұршық тәрізді деформацияланған, тобық-өкше буындарының ісінуі бар. Пульсі 98 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 3,9х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ.

Диагнозды нақтылауға қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді?

/

Антинуклеярлы антиденелер

/

Цитруллинге антиденелер

/

Миоглобинге антиденелер

/

Sm-антигенге антиденелер

/

Рибонуклеопротеинге антиденелер

!

55 жасар әйел, шүйде аймағындағы ауру сезіміне, тез шаршағыштыққа, кешке қарай табанындағы ісінулерге шағымданады. Анамнезінде 4 жылдан бері артериалдық қан қысымы 160/110 мм с.б.б. дейін көтеріледі. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 85 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 160/100 мм.с.б.б. Қандағы ренин деңгейі төмендеген.

Көрсетілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША тиімді?

/

Индапамид

/

Периндоприл

/

Бисопролол

/

Амлодипин

/

Лозартан

!

34 жастағы ер адам, электрик, шынтақ, балтыр-табан, тізе, кәрі жілік-білезік, саусақ аралығы буындарының домбығуы мен ауыруына шағымданады. Саусақ аралығы буындары жуандаған, қимылдары шектелген, оң жақтағы балтыр-табан буындары қимылсыз. Жіліншік пен білезіктің бұлшық еттерінің айтарлықтай семгендігі байқалады. Қанның жалпы анализі: эритроциттер – 3,2 ×1012/л, HB – 92 г/л, түсті көрсеткіш – 0,8, лейкоциттер – 4,3×109/л, ЭТЖ – 58 мм/сағ. Рентгенографияда – узурация, шығулар, оң жақтағы балтыр-табан буындарының анкилозы анықталады.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

/

Ревматоидты артрит

/

Остеоартроз

/

Бруцеллездік артрит

/

Подагралық артрит

/

Ревматикалық артрит

!

45 жастағы әйел, бүкіл денесіндегі ісікке, әлсіздікке шағымданады. 5 жылдан бері оң жақ балтыр аймағында жыланкөз бар. Бір айдың ішінде бетінде, аяқтарында ісінулер, әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: терісі боз, бүкіл денесінде ісіну бар. Жалпы қан талдауында: эритроциттер – 3,2×1012/л, HB – 90 г/л, лейкоциттер – 9,3×109/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1004, белок – 5,4 г/л, лейкоциттер – 6-8 көру алаңында, эритроциттер – 1-2 көру алаңында, цилиндрлер – 12-14 көру алаңында, жалпы ақуыз - 55 г/л.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

/

Бүйрек амилоидозы

/

Пиелонефрит

/

Гломерулонефрит

/

Бүйрек гидронефрозы

/

Миеломды ауру

!

Әйел 35 жаста, тамағындағы “түйір” тұрғандай сезімге, қатты тамақты жұтудың қиындауына, сұйық тамақ ішкенде шашалуға, аяқ-қолдарының тоңуына, кезеңді түрде кешке қарай дене температурасының 370С дейін көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: қолының білектерінің тері жабындысы тығыз, аузы құралып келе жатқан кисет тәрізді. Жалпы қан талдауы: эритроциттер 3х10 12 /л, Hb 85 г/л, өңеш рентгеноскопиясы – төменгі үштен бір бөлігінің гипотониясы анықталады.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША негізделген?

/

D-пеницилламин

/

Месалазин

/

Метотрексат

/

Преднизолон

/

Инфликсимаб

!

Жалпы тәжірибелік дәрігерге 39 жасар әйел, аздаған қан мен шырыш қоспаларымен, күніне 2-3 ретке дейін болатын диареяға шағымданып келді. Терісінде түйінді эритема. Қан талдауында: эритроциттер 3х109 /л, Hb 113 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ. Эндоскопияда: сол жақтық колит, контактты қан ағушылық, бірен-саран бір-бірімен қосылған эрозиялар анықталады.

Төменде көрсетілген қандай дәріләрді тағайындау БАРЫНША негізделген?

/

Месалазин

/

Ципрофлоксацин

/

Инфликсимаб

/

Циклоспорин

/

Тетрациклин

!

Ер адам 39 жаста, жанұялық дәрігерге шаршағыштыққа, әлсіздікке шағымданып келді. Қан талдауында: эритроциттер - 1,9х109 /л, Нb - 58 г/л, түстік көрсеткіші-1,0; лейкоциттер-1,2х109/л, таяқшаядролылар-1, сегментті ядролылар-18, лимфоциттер- 81, ЭТЖ 35 мм/сағ. Сүйек кемігінде – май жасушалары басым.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

/

Болезнь Маркиафавы-Микели

/

Апластическая анемия

/

В12 -дефицитная анемия

/

Железодефицитная анемия

/

Болезнь Минковского-Шоффара

!

Бронхиальді демікпе кезінде гормонға тәуелділіктің дамуы қандай механизмге БАРЫНША тән?

/

Кортикостероидтарға қабыну жасушылар сезімталдылығының төмендеуі

/

Иммунды қабынудың өршуі

/

Эндогенді кортиз деңгейінің жоғарлауы

/

Эпителий жасушасының кортизолға сезімталдылығының жоғарлауы

/

Жаңа этиологиялы бағалы аллергендердің қосылуы

!

Скрипкада ойнайтын 36 жасар ер кісі, 2 ай шамасында ысқышты шайырмен өңдеген кезде ұстама тәрізді жөтелдің пайда болғанына шағымданады. Шылым тартпайды. Объективті: тері жабындылары өзгермеген, мұрынмен дем алу қалыпты, өкпенің аускультациясы кезінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, дауысты, минутына 70 соққыға дейін. АҚ – 125/70 мм сбб.

Диагнозды нақтылауға қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді?

/

Спирометрия

/

Пикфлоуметрия

/

Рентгенография

/

Қақырық анализі

/

Томография

!

18 жасар жігіт, аяқтарындағы жансыздануға шағымданады. Қарап тексергенде: кеуде торшасы жақсы қалыптасқан, тар жамбас, аяқтары жіңішке. яремной ойығында айқын пульсация анықталады. Артериальды қан қысымы оң жақта 180/120 мм.с.б.б., сол жақта 120/80 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті, негізінде жауырын аралық кеңістікке берілетін систолалық шу естіледі. Рентгенографиясында: жүрек көлеңкесінің жоғарғы контурының 3 саны тәрізді деформациясы, III-VIII қабырға узурациясы.

Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

/

Қолқа коарктациясы

/

Гиперальдостеронизм

/

Түйінді периартериит

/

Спецификалық аортоартериит

/

Қолқа доғасының туа пайда болған ирелеңі

!

Ер адам, 49 жаста, бас ауыруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Анамнезінде: 5 жылдан бері, 600 метр жүргенде, 5 қабатқа көтерілгенде төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды, физикалық жүктемені қойғанда ауру сезімі қайтады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 95 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 180/90 мм.с.б.б.

Қандай дәрілік заттар БАРЫНША тиімді?

/

Бета-адреноблокаторлар

/

Кальций антагонистері

/

Тиазидті диуретиктер

/

Ұзақ әсерлі нитраттар

/

Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторы

!

54 жастағы әйел тізе буындарының домбыққандығына және олардың ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: дене бетімі толық, тізе буындары көлемі жағынан ұлғайған, оң жақтағы қуыста – кішкентай ойыс. Буындардың пальпациясы кезінде қимыл жасағанда – дөрекі түрдегі қытырлау, қимыл жасауы ауырсынулы. Жалпы қан анализі - эритроциттер – 4,2×1012/л, HB – 133 г/л, түсті көрсеткіш – 0,9, лейкоциттер – 5,3×109/л, ЭТЖ – 14 мм/сағ. С-реактивті ақуыз +. Буындардың рентгенографиясы: буын тесігі тарылған, субхондралды остеосклероз анықталады.

Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

/

Остеоартроз

/

Реактивті артрит

/

Бруцеллезді артрит

/

Ревматоидты артрит

/

Подагралық артрит

!

36 жастағы жүргізуші ер адам, түннің екінші жартысында және таң ертен күшеетін омыртқаның бел және төменгі кеуде бөлігінде шамалы ауыру сезіміне, омыртқа қозғалысының шектелуі және таң ертелік қырусыларға шағымданып клиникаға түсті. Шобер (2 см), Томайер (20 см), Кушелевсий симптомдары оң. Рентгенограммада екі жақты сакроилит белгілері. ЭТЖ – 25 мм/с.

Қандай дәріден емді бастау БАРЫНША тиімді?

/

Диклофенак

/

Азатиоприн

/

Метотрексат

/

Преднизолон

/

Аллопуринол

!

Әйел 40 жаста, жиі аш қарынға кезеңді түрде пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, кекіруге, іштің жоғарғы бөлігінің кернелуіне, лық толу, жайсыздық сезіміне шағымданады. Көрсетілген симптомдар 5 айдан бері мазалайды, нервтік күштенуде күшейе түседі. Қан талдауында: эритроциттер 4,5х1012 /л, Нb-128 г/л, лейкоциттер 4,5х109 /л. Эзофагогастродуоденоскопияда: асқазан мен 12 елі ішек шырышты қабаты қызғылт түсті, таза. Жасырын қанға нәжіс теріс.

Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

/

Функциональді диспепсия

/

Созылмалы гастрит

/

Созылмалы дуоденит

/

Асқазанның ойық жара ауруы

/

Диаграмманың өңеш тесігінің жарығы

!

3 апта бұрын миокард инфарктін алып, үйде реабилитация өткен 69 жасар ер адамда кіндік жарығының қысылуы пайда болды. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, жүректің соғу жиілігі минутына 80 рет, Артериальды қан қысымы – 140/90 мм.,с.б.б.

Көрсетілген жүргізу әдістерінің қайсысы БАРЫНША тиімді?

/

Хирургиялық аруханаға жатқызу

/

Қою және бандаж кию

/

Жарықты үйде абайлап орнына салу

/

Жарық тұсына мұзбен грелка қою

/

Емхана хирургын кеңеске шақыру

!

56 жасар ер кісі. Тамақ қабылдаумен байланысссыз іштегі жағымсыз сезімдерге, жүдеуге, тамақтағы «қыңырлыққа», іш көлемінің үлкеюіне, еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Оъбективті: тамақтануы төмен, іші жайылған, пальпация кезінде нақты локализациясыз ауру сезімі, төменгі-бүйір бөлімдерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Қан анализінде – эритроциттер 3,0х1012 г/л, гемоглобин 89 г/л, ЭТЖ – 65 мм/с

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

/

Ішперденің канцероматозы

/

Бауыр циррозы

/

Бадд-Киари синдромы

/

Спонтанды перитонит

/

Қақпа венасының тромбозы

!

Ер адам 19 жаста, ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, іштегі ауру сезімі, сұйық нәжіс 15 ретке дейін, тұлғасындағы бөртпелер. Екі апта бойы ауырады, терапевтте ангинаға байланысты ем қабылдаған. 3-4 тәулікте ұсақ нүктелі, тұлғаның симметриялық бөліктерінде, шамалы қышитын бөртпелер пайда болды. Объективті: дене қызуы 39,5°С, бөртпесі сақталған, перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланады, іштің пальпациясы ауру сезімді, илеоцекальді аймақта шұрылдау, бауыр мен көкбауыр ұлғайған.

БАРЫНША мүмкін диагноз?

/

Иерсиниоз

/

Қызылша

/

Баспа

/

Қызамық

/

Лептоспироз

!

38 жастағы ер адам реконвалесценция кезеңіндегі «Бөртпе сүзегі» диагнозымен оң жамбас аймағында ауыру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде тері қызаруымен ауыру сезімді инфильтрат анықталды. Дене қызуы 38°С, қан анализінде - лейкоцитоз.

Науқаста бөртпе сүзегінің қандай асқынуы БАРЫНША мүмкін дамыды?

/

Тромбофлебит

/

Тілме

/

Дерматит

/

Пневмония

/

Лимфаденит

!

40 жастағы әйел аурудың 13-күні лоқсу, құсу, ұйқышылдық, қызыл иектің қанауы, зәрдің қоюлануы мен нәжістің түссізденуіне шағымданады. Әлсіздік, тәбетнің жоғалуы, буындағы ауру сезімі, дене қызуы 37,3°С көтерілуімен ауруы біртіндеп басталды. Қарап тексергенде: терісі сарғыш, бауыр мен көкбауыры ұлғайған.

Осы дерт кезінде қандай ферменттің жоғарлау БАРЫНША мүмкін?

/

Аланинаминотрасфераза

/

Холинэстераза

/

Креатинкеназа

/

Фосфатаза қышқылы

/

Сілтілі фосфатаза

!

Ер адам 43 жаста, көкөніс қоймасының жұмысшысы. Жедел ауырды. Шағымдары: қалтырау, дене қызуының 39°С көтерілуі, тамағы мен ішінің ауыруы, 2 рет сұйық нәжіс. Ауруының 6-күні терісі мен склерасының сарғаюы, көп майда нүктелі бөртпелер пайда болды. Объективті: дене қызуы 38,7°С, аңқасы гиперемияланған, терісінің шамалы сарғыштығы , лимфа түйіндерінің барлық топтары пальпацияланады, іші жұмсақ, илеоцекальді аймақта ауру сезімі, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы анықталады.

Госпитальді алды «Иерсиниоз» диагнозына күдіктенгенде БАРЫНША ақппаратты диагностикалық әдіс?

/

Бактериологиялық әдіс

/

Жуан тамшы және қанның жұқа жағындысы

/

Инструментальді әдіс

/

Биохимиялық әдіс

/

Биологиялық әдіс

!

46 жастағы ер кісі тәбетінің жоғалуы, эпигастрий және оң қабырға асты ауыру сезімі, тұрақты жүрек айну, әлсіздікке шағымданады. Ауыру 2 апта бұрын әлсіздіктен басталып, біртіндеп тәбеті жоғалған, жүрек айну қосылған. 2-3 күннен соң көздерінің сарғаюы және зәр түсінің өзгеруі байқалған. 5 ай бұрын операция болған. Об-ті: терісі және кілегей қабаттары сарғыш, гепатомегалия. Қанда трансаминазалар, жалпы және тікелей билирубин көбейген.

Диагнозды нақтылау үшін көрсетілген әдістерінің қайсысын өткізу БАРЫНША тиімді?

/

Вирусты гепатит маркерлеріне ИФА өткізу

/

ЭРПХГ

/

ЭФГДС

/

Бауырдың пункциялы биопсия

/

Іш қуысы мүшелердің УДЗ

!

Жедел бруцеллезге БАРЫНША тән симптомокомплекс:

/

Қалтыраумен қызба, полиартронейромиалгия, гепатомегалия;

/

Қалыпты температура, анкилоз, спондилез;

/

Субфебрильді қызба, артриттер, бурситтер, түнгі тершендік;

/

Жоғары қызба, бас ауыру, құсу, тырысулар, парез бен паралич;

/

Гепатолиенальді синдром, лимфаденопатия, геморрагиялық синдром;

!

35 жастағы ер адам үш күн бұрын жедел ауырды. Жоғары қызба, оң жақ шап аймағында ауыру және ісіну пайда болды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр,

қозған, дене қызуы 40С, тілі қалын ақ жабындымен жабылған, ерні құрғақ, беті және коньюктивасы қызарған. Лимфа түйіндері ұлғаған, тері асты май қабатына жабысқан, қозғалмайды, тері қызарған және қатайған, пальпацияда айқын ауру сезімді. Эпид.намнез: сиыр етін бөлшектеуге қатысқан. Тағы екі адам ауырды.

БАРЫНША мүмкін диагноз? / Оба

/

Листериоз

/

Мелиоидоз

/

Туляремия

/

Бруцеллез

!

Әйел адам 18 жаста, «вирусты гепатит В» диагнозымен ауыр жағдайда түсті. Есі бұлыңғыр, психомоторлы қозу, терісінің сарғыштануы, денесінде петехиальді бөртпе, «кофе» түстес құсық. Ауруының 10-күні. Объективті: іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасының бойымен, пальпацияда науқас дәрігердің қолын итереді.

Вирусты гепатиттің қандай асқынуы БАРЫНША мүмкін дамыды? / Энцефалопатия / Холестаз

/

Холангит; / Холецистит

/

Геморрагия

!

29 жастағы әйел ауыл тұрғыны. Аурудың 10-күні дәрігерге қаралды: жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, жедел ауырды, қалтыраумен дене қызуы 39С, қатты терлеу, таң ертен дене қызуының төмендеуі. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, микрополиаденит белгісі, бауыр және көк бауыр ұлғаюы.

БАРЫНША мүмкін диагноз?

/

Бруцеллез

/

Бөртпе сүзегі

/

Лептоспироз

/

Токсоплазмоз

/

Іш сүзегі

!

28 жастағы 9-10 апталық жүкті ауырғанның үшінші күніне дене қызудың көтерілуіне, құрғақ жөтелге, бөртпелердің пайда болуына, әлсіздікке шағымданады. Об-ті: жүтқыншағы қызарған, мойын артқы және шүйде лимфатүйіндері қолға сезіледі. Денесінде көптеген қызғылт дақты бөртпелер. Қызамыққа күдіктену кезінде жүктіні жүргізудің БАРЫНША тиімді тактикасы:

/

Жүктілік тоқтатылады

/

Бақылау міндетті емес

/

Жүктілік жалғастырылады

/

Босанғанына дейін бақылау

/

3 ай ішінде бақылау

!

18 жастағы ер кісі оң қабырға астындағы ауырсыну сезімі, терісінің сарғаю, әлсіздікке шағымданады. Бір апта бұрын тәбеті нашарланып, жалпы әлсіздік пайда болған. Үшінші күніне t-38°С-дейін көтерілген, 6-ші күні сарғайған. Эпид. анамнез: бір ай бұрын ауыл шаруашылық жұмыста сарғайған ауру адаммен контакт болған. Об-ті: терісі және кілегей қабаттары сарғыш, іші кебінкі, бауыры 3-4 см қабырға астыннан шығынқы, сезімтал. Жалпы билирубин-68 мкмоль/л (тікелей фракциясы басым).

Көрсетілген тәсілдердің қайсысының тағайындағаны БАРЫНША тиімді?

/

Дезинтоксикациялық

/

Гормональді

/

Холеретикалық

/

Вирустарға қарсы

/

Гемотрансфузиялық

!

Ревматоидты артритпен 57 жастағы әйел метотрексат қабылдайды, қанында макроцитарлы гиперхромды анемия анықталды.

Осы асқынудың алдын алу үшін қандай дәріні тағайындау БАРЫНША тиімді?

/

Фолиева қышқылы

/

Сорбиферді

/

Витамин В12

/

Пиридоксальфосфат

/

Аскорбин қышқылы

!

69 жастағы ер адамда созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар.

Органопротективті мақсат және өміршеңдікті жоғарлату үшін тағайындау БАРЫНША тиімді:

/

Капотенді

/

Фуросемидті

/

Кордаронды

/

Дигоксинді

/

Изокетті

!

Операция жасалған жүрек ақауымен әйел варфарин қабылдайды, гастроскопияда рефлюкс-эзофагит анықталды.

Көрсетілген дәрілердің қайсысы варфариннің биожетімділігін БАРЫНША тиімді төмендетеді?

/

Фосфалюгель

/

Флогензим

/

Мотилиум

/

Но-шпа

/

Креон

!

68 жастағы ер адамда жүрек жетіспеушілігіне жүрекшенің жыпылық аритмиясы қосарланған. Жүргізілген терапия фонында жиі политопты қарыншалық экстрасистолия анықталды.

Осы асқынуды қандай дәрінің шақыруы БАРЫНША мүмкін?

/

Дигоксин

/

Изокет

/

Конкор

/

Кордарон

/

Моноприл

!

Жедел панкреатитпен ауыратын ер адамға қандай дәріні тағайындау ауырсыну синдромын күшейтуі БАРЫНША мүмкін?

/

Морфинді

/

Кетоналды

/

Баралгинді

/

Промедолды

/

Платифиллинді

!

49 жастағы ер адам бронхиальді ұстамаға байланысты сальбутамол қабылдайды. Жүрек қағу, ырғақ бұзылыстары пайда болды. ЭКГ де: синусты тахикардия ЖСЖ 100 рет мин, бірлі жарым экстрасистолиялармен үзіледі. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау науқастың жағдайын төмендетуі БАРЫНША мүмкін?

/

Эуфиллинді

/

Бромгексинді

/

Будесонидті

/

Конкорды

/

Инталды

!

Өкпенің ошақты туберкулезін ің рентгендік сипатын көрсетіңіз:

/

1-2 сегменте орналасқан диаметрі 12 мм-ге дейінгі полиморфты ошақтар

/

1-2 сегментте орналасқан біртекті ошақтар

/

1-2 сегментте орналасқан көптеген ошақтар

/

1-2 сегментте орналасқан диаметрі 2 см-ден астам полиморфты ошақтар

/

Өкпенің төменгі бөлігінде орналасқан бронхогенді ошақтар

!

Ошақты туберкулездің диагностикасында орын алатын маңызды шешуші зерттеу, ол-:

/

Рентгенологиялық зерттеулер

/

2 ТБ-пен Манту реакциясы

/

Объективті тексеру мәліметтері

/

Кохтың туберкулинді сынамасы

/

Лабораториялық мәліметтер

!

27 жастағы еркек еңбекке қабілетінің төмендуіне, тәбеттінің нашарлауына, жөтелге, кешке температурасы 38о дейін көтерілуіне шағымданады. Өкпенің сол жағында майда көпіршікті сы-рылдар естіледі. Рентгенограммада: - сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде күшейген өкпе суретінің тұсында бояуы әлсіз қанықтағы ошақты көлеңкелер көрінеді. Қан анализінде лейкоциттер-9,8 х 109 және ЭШЖ 29 мм/сағ. Қақырықтан ТМБ-сы анықталмады .

Сіздің қойған болжама диагнозыңыз:

/

Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы

/

Милиарлы туберкулез

/

Карциноматоз

/

Өкпенің ошақты туберкулезі

/

Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі

!

Профилактикалық зертеуде 45 жастағы пациенттің рентгенограммасында бояу қанықтығы әлсіз ошақты көлеңкелер диаметрі 10 мм 1-2 сегменте көрінеді. Шағым айтпайды. Қан анализі-нің көрсеткіштері қалыпты.

Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

/

Окпенің ошақты туберкулезі

/

Өкпе туберкуломасы

/

Біріншілік туберкулездің комплексі

/

Өкпенің инфильтратты туберкулезі

/

Өкпенің диссеминирлі туберкулезі

!

Ошақты туберкулездің ажырату диагностикасын қандай аурулармен жүргізіледі:

/

Ошақты пневмониямен

/

Мононуклеозбен

/

Карциноматозбен

/

Дөңгелек инфильтратпен мононуклеозбен

/

Диссеминирлі туберкулезбен

!

Оң өкпенің жоғарғы бөлімінің 6 сегментінде домалақ түзілім профилактикалық зерттеуде 36 жастағы еркектен анықталған. Клиникалық зерттеуден кейін «Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы, ТМБ- » деген клиникалық диагноз қойылған. Науқастың категориясыны және типіне байланысты туберкулемаға ем белгілеңіз:

/

Eмі 1 категория бойынша, «жаңадан анықталған»

/

Eмі 2 категория бойынша, «қайталану/рецидив»

/

Eмі 3 категория бойынша, «ем сәтсіз аяқталу»

/

Eмі 4 категория бойынша, «ем үзілген»

/

Жеке, резерв тобындағы препараттармен

!

Хирургиялық ем қайсысына көрсетілгенін анықтаңыз:

/

Конгломератты туберкуломаға

/

Псевдотуберкуломаға

/

Бронхтың зақымдануымен жүретін туберкуломаға

/

2 см өлшемдегі солитарлы туберкуломаға

/

Инфильтратты-пневмониялық туберкуломаға

!

40 жастағы еркек флюорографиялық зертеуді соңғы 2 жылда өтпеген. Рентгендік зертеу арқылы жоғарғы бөліктің оң жағында өлшемі 12 см астам домалақ көлеңке шеті анық айнала-сында фиброзды ошақты өзгерістер бар. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

/

Жоғарғы бөліктің оң жағындағы туберкулома

/

Біріншілік туберкулездің комплексі

/

Өкпенің диссеминирлі туберкулезі

/

Оң өкпенің ошақты туберкулезі

/

Оң жағының фиброзды ошақты туберкулезі

!

Туберкуломаға және перифериялық ракқа ажырату диагностика жүргізгенде перифериялық рактың пайдасына не шешеді:

/

Шеті кедір-бұдырлы көлеңке

/

Жасы жас науқас

/

Бұрында экссудатты плевритпен ауырып жазылған

/

Домалақ көлеңке тығыз шөгіндісімен

/

Туберкулиннің жоғарғы сезімталдығы

!

Туберкуломаға және перифериялық ракқа ажырату диагностикасын жүргізгенде туберкулема-ның пайдасына не шешеді:

/

Экссудатты плеврит анамнезінде

/

Ентігу

/

Құрғақ ауыр қинайтын жөтел

/

Науқастың егде жасы

/

Шеті кедір-бұдырлы көлеңке

!

Оң өкпенің бірінші сегментінде орналасқан инфильтратты туберкулез, ТМБ (+) алғаш рет 26 жастағы ерекетен анықталған, ол науқас 2 ай бойы қарқынды фазасын 4 АБП-мен ауруханада емделді және жалғастырушы фазасы 4 ай жүргізілді. Бактерия бөлуі тоқталды. Рентгенограмма-да –оң өкпенің 1-сегментінде шеті анық диаметрі 3 см дейінгі біртекті көлеңке көрінеді. Сіздің қойған болжама диагнозыңыз:

/

Туберкулома

/

Дөңгелек инфильтрат

/

Толған киста

/

Шеткі/перифериялық қатерлі ісік

/

Эхинококк

!

Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасын 25 жастағы еркекке қойыған. І категория бойынша 6 ай емделді. ТМБ –анықталмады. Туберкулеманың өлшемі 6 см диаметірінде. Нарко-маниямен ауырады. Мұнан былайғы емдеу тактикасын таңдаңыз.

/

Үнемді резекция

/

Пневмоперитонеум

/

Эндотрахеальды дәрі құю

/

Жасанды пневмоторакс

/

Антибактериальды терапияны жалғастыру

!

Жаңадан анықталған науқастардың арасында инфильтратты туберкулез қанша % дейін кездесетінің көрсетіңіз:

/

66-75 %

/

30 -40%

/

41-50 %

/

51-65 %

/

76-80%

!

Өкпенің инфильтратты туберкулезіне тән морфологиялық ерекшеліктерін көрсетіңіз :

/

Ортада орналасқан ошақтың айналасында болатын перифокальды қабыну

/

Өкпе тініндегі экссудат

/

Әртүрлі бояу қанықтықтағы ошақтар

/

Продуктивті қабыну, ошақтардың диссеминациясы

/

Экссудатты қабыну, ошақтардың полиморфизмы

!

30 жастағы еркектің кешке қарай дене қызуы 37,7оС дейін көтеріледі. Қақырықты жөтелге, оң жақ кеуде қуысының ауыруына, әлсіздікке, дімкәстікке, жүдеуге шағымданады. Осы шағым-дар бойынша терапевтке қаралады.

Дұрыс зерттеу әдісін таңдаңыз:

/

ТМБ-на қақырықты зерттеу, флюорография

/

Спирография, флюорография

/

Бронхография, флюорография

/

Торакоскопия, флюорография

/

Электрокардиография, флюорография

!

35 жастағы әйел кеуде қуысының ауыру сезіміне, әлсіздікке, жөтелге шағымданады. Қақырық-та қан жолағы бар. 5 күндей дене қызуы субфебрильді болды. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл-дар жоқ. Қақырықта ТБ анықталмаған. Лейкограммада: лейкоциттер – 9,5 х 109, эозинофильдер – 7 %, ЭШЖ – 20 мм/сағ. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің 2-ші сегментінде диаметрі 4 см-ге дейін, шеті салыстырмалы анықтықтағы, бояу қаңықтығы әлсіз гомогенді күңгіртену көлеңкесі көрінеді.

Мүмкін болатын диагнозды таңдаңыз:

/

Инфильтратты туберкулез

/

Ракті пневмония

/

Жоғары бөліктік пневмония

/

Абсцестелген пневмония

/

Эозинофильды инфильтрат

!

Оң жақ өкпенің төмеңгі бөлігінің бірінші рет анықталған инфильтратты туберкулезінің ыды-рау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен 1 категория бойынша емнің қарқынды фазасын 50 жастағы еркек бітірді. Терапевтикалық нәтижесі жетістікпен аяқталды, бактерия бөлінуі тоқтады, бірақ тіннің ыдыраған жерінде жіңішке қабырғалы каверна түзілді.

Мұнан былай қарай жүргізілетін емдік тактиканы анықтаңыз:

/

Пневмоперитонеумды белгілеу

/

Кортикостероидтарды белгілеу

/

Резерв тобындағы препараттарды белгілеу

/

В,С тобындағы витаминдерді белгілеу

/

Дезинтоксикациялық дәрілерді белгілеу

!

35 жастағы Б. деген еркек 2 апта бұрын жедел ауырға , дене қызуы 39о дейін көтерілген, жө-тел қақырықпен және көп мөлшерде бөлінді, жағымсыз иіс мазалады. Объективті: науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Тыныс алу актісінде кеуденің сол жақ жартысы тыныс алуда қалып қояды. Перкуторлы: сол жақ жауырын аралығындағы кеңістікте өкпелік дыбыс қысқарған және осы жерде әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Лейкограммада: лейкоцитоз – 20 х 109, ЭШЖ – 55 мм/сағ. Қақырықта ТМБ анықталмаған. Рентгенограммада – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде күнгірттену көлеңкесінің тұсында көлденен деңгейдегі сұйықтық сақинатәріздес қуыс-та көрінеді.

Клиникалық диагнозды қойыңыз:

/

Абсцестелген пневмония

/

Өкпенің инфильтратты туберкулезі

/

Бронхоэктатикалық ауру

/

Инфаркты пневмония

/

Метастазды ісік

!

жастағы науқаста варианттық стенокардия анықталды. Вариантты стенокардиясы бар науқастарда кардиалгияны алдын алу үшін қай препарат тиімді болып саналады?

/

кальций антогонистері

/

нитраттар

/

бета-адреноблокаторлар

/

метилксантиндер

/

ацетилсалицил қышқылы

!

50 жастағы науқаста қантты диабет жғне диабеттік нефропатияның үдеуімен қосарланған артериальды гипертензия анықталды. Гипотензивті дғрілік заттардың қай тобын ерте тағайындағанда бүйрек асқынуларының дамуын алдын алар еді?

/

ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын

/

альфа-адреноблокаторларды

/

кальций каналдарының блокаторларын

/

диуретиктерді

/

симпатолитиктерді

!

60 жастағы науқаста жеңіл дғрежелі ауруханадан тыс пневмония анықталды. Осы науқасқа эмпирикалық антибактериальды терапия жүргізу үшін кандай дғрілік зат тағайындаған жөн?

/

амоксициллин/клавуланат

/

гентамицн

/

ко-тримоксазол

/

левофлоксацин

/

эритромицин

!

45 жасатағы науқаста жүректің ишемиялық ауруы, күштемелі стенокардия ФК II, қарыншалық экстрасистолия анықталды. Сонымен бірге гипертиреоз анықталды. Аталған антиаритмиялық дғрілік заттардың қайсысы қалқанша безінің қызметіне ғсерін тигізеді?

/

амиодарон

/

этазицин

/

хинидин

/

дигоксин

/

лидокаин

!

35 жастағы науқас пульмонологиялық бөлімшеге созылмалы іріңді бронхит клиникасымен түсті. Осы жағдайда аталған фторхинолондардың қайсысы эмпирикалық антибактериальды терапия үшін ұсынылады?

/

левофлоксацин

/

ципрофлоксацин

/

офлоксацин

/

пефлоксацин

/

гатифлоксацин

!

65 жастағы ер адамда артериальды гипертензия анықталды. Сонымен бірге, қуық асты безінің диффузды гипертрофиясы анықталды. Қосалқы ауруын ескере отырып, төменде аталған препараттардың ішінен таңдаулы препаратты атаңыз?

/

альфа-адреноблокаторлар

/

кальций каналдарының блокаторлары

/

диуретиктер

/

симпатолитиктер

/

ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторлары

!

Қарапайым жасырын клиникалық зерттеу неғұрлым мүмкін болжайды:

/

Науқас, зерттеушіге қарғанда, өзіне тағайындалған емді білмейді

/

Дәрігер де, науқас та тағайындалған емді біледі

/

Дәрігер де, науқас та тағайындалған емді білмейді

/

Дәрігер де, науқас та, зерттеуші де тағайындалған емді білмейді

/

Дәрігер, науқас, зерттеуші тағайындалған емді біледі

!

46 жастағы науқас ентігуге, 2 қабатқа көтерілгенде төс артындағы қысып ауырсынуға шағымданады. Дәрігер тәулігіне 100 мг аспиринді күн ара тағайындады. Бір айдан кейін науқаста эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болды. ЭФГДС: эрозивті гастродуоденит. Неғұрлым тиімді тактика:

/

Аспириннің орнына тиклопидин

/

Аспириннің орнына диклофенак

/

Аспириннің орнына пентоксифиллин

/

Аспириннің тәуліктік дозасын 50 мг дейін азайту

/

Аспириннің тәуліктік дозасын 25 мг дейін азайту

!

Екі жыл бұрын миокард инфарктымен ауырған артериялық гипертензиямен сырқаттанатын науқас тәулігіне 10 мг эналаприл қабылдайды. Ем барысында аз өнімді ауыр жөтел пайда болды. Неғұрлым тиімді тактика:

/

Эналаприлдің орнына карведилол тағайындау

/

Эналаприлдің дозасын азайту

/

Эалаприлдің орнына каптоприл тағайындау

/

Эналаприлдің орнына периндоприл тағайындау

/

Муколитиктер мен қақырық түсіретін препараттар тағайындау

!

Қос жасырын клиникалық зерттеу неғұрлым мүмкін болжайды:

/

Дәрігер де, науқас та тағайындалған емді білмейді

/

Дәрігер де, науқас та тағайындалған емді біледі

/

Науқас, зерттеушіге қарғанда, өзіне тағайындалған емді білмейді

/

Дәрігер де, науқас та, зерттеуші де тағайындалған емді біледі

/

Дәрігер, науқас, зерттеуші тағайындалған емді білмейді

!

Артериялық гипертензиямен және жүктемелік стенокардиямен ФК II сырқаттанатын науқас атенолол 100 мг тәуліктік дозада қабылдайды. Соңғы кезде науқасты жүрген кезде пайда болатын және демалғанда басылатын аяқтарының ауырсынуы мазалауда. Неғұрлым тиімді тактика:

/

Атенололдың орнына карведилол тағайындау

/

Атенололдың дозасын тәулігіне 50 мг дейін азайту

/

Емге никотин қышқылын қосу

/

Емге аспирин қосу

/

Емге пентоксифиллин қосу

!

Вирусты С гепатитпен ауыратын науқас күн сайын интерферон 10 млн ЕД бұлшық етке қабылдайды. 2 аптадан соң науқаста екі жақты төменгі бөлікті пневмония дамыды, қақырығында саңырауқұлақтар анықталған. ЖҚА: эритроциттер – 3,0 х 1012/л, лейкоциттер – 2,5 х109/л. Неғұрлым тиімді тактика:

/

Интерферонды доғарып, флуконазол тағайындау

/

Интерферонның орнына ламивудин тағайындау

/

Интерферонның орнына ацикловир тағайындау

/

Интерферонның орнына рибавирин тағайындау

/

Интерферонның дозасын күн сайын 5 млн ЕД лейін азайту

!

34 жастағы сырқаттың бронх демікпесі ауруына байланысты ингаляциялық глюкокортикоидтық дәріні қабылдағанына 3 жыл болды. Соңғы 6 айда ауыз қуысының кілегей қабатында кандидозды стоматит жиі көрініс беріп жүр. Зеңденуге қарсы жергілікті қолданылатын дәрі:

/

Нистатин

/

Амфотерицин В

/

Кетоконазол

/

Миконазол

/

Клотримазол

!

68 жастағы сырқат 14 жыл бойы артериялық гипертензия ауруымен ем қабылдайды. Терапевтің қабылдауында бір жыл бойы дәм сезудің бұзылуына байланысты келді.

Дәм сезудің бұзылуына алып келетін антигипертензиялық дәрмектер тобы:

/

ААФ ингибиторлары

/

Диуретиктер

/

Ангиотензин-II рецепторларының антогонистері

/

Кальций антогонистері

/

Бетаблокаторлар

!

Аурухананың нефрология бөліміне созылмалы пиелонефритпен 39 жастағы сырқат түсті. Сырқаттың зәр себіндісінен көкіріңді таяқшасы анықталған. Көкіріңді таяқшасына қарсы әсер ететін антибиотиктер:

/

Карбенициллин, азлоциллин

/

Гентамицин, тетрациклин

/

Ампициллин, оксациллин

/

Эритромицин, флуклоксациллин

/

Цефазолин, нистатин

!

Кеуде сарайы органдарының алдыңғы проекциясындағы жалпы шолу рентгенограммасында сол өкпе алаңында қарқындылығы жоғары толық қараю байқалды. Оң өкпенің ауалылығы артқан.

Рентгенологиялық синдромды ата:

/

Тотальді қараю

/

Субтотальді қараю

/

Сақина тәрізді қараю

/

Дөңгелек тәрізді қараю

/

Жайылмалы ағару

!

23 жастағы науқастың асқазан жарасын емдеу үшін эрадикациялау

дәрілерін қолданғанына 4 күн болды. Соңғы екі күнде ауызы темір татыды.

Жанама әсерге себеп болатын дәрі:

/

Трихопол

/

Пантопрозол

/

Денол

/

Амоксициллин

/

Кларитромицин

!

42 жастағы науқас ревматоидтық артрит ауруының еміне жылына екі мезгіл бейстероидты қабынуға қарсы дәрі қабылдайды. Сырқаттың жұмысы іс-сапарлармен байланысты. Кезекті емді қабылдау кезінде іс-сапарға шығатындықтан, терапевттен күніне бір рет қолдануға ыңғайлы дәрі беруін өтінді.

Тәулігіне бір рет қолданатын дәрі:

/

Мелоксикам

/

Индометацин

/

Ортофен

/

Диклофенак

/

Бутадион

!

48 жастағы бронх демікпесінің ауыр түрімен 4 жыл бойы ауыратын сырқат терапевтің қабылдауына келді. Соңғы екі айда сырқаттың басы ауырып, ұйқысы бұзылды. Басының рентгенограммасында ми ісігіне күдік тууына байланысты, сырқатты магнитрезонансты томография зерттеуіне жіберді. Зерттеу нәтижесінде ісік анықталмады.

Бронх демікпесінде ұзақ қолданғанда мидың псевдоісігі көрінісін беретін дәрі:

/

Преднизолон

/

Кетотифен

/

Сальбутамол

/

Беродуал

/

Эуфилин

!

50 жастағы науқас стационарда ЖИА, инфаркттан кейінгі кардиосклероз, созылмалы диффузды гломерулонефрит, симптоматикалық артериалды гипертензия, III дәрежелі қан айналымының жетіспеуі диагнозымен жатыр. Диуретикалық ем ретінде күнде ішке 120 мг фуросемид тағайындалған. Тәуліктік диурез емнің алғашқы 3 күнінде 1-1,1 л (күнделікті қабылданатын сұйықтықтың мөлшері 1 л). АҚҚ 180/120 мм сын.бағ. Қан сарысуында калий концентрациясы 3,8 ммоль/л, натрий 134 ммоль/л, ақуыз 55 г/л. Шумақша фильтрациясы 56 мл/мин.

Диуретиктерге рефрактерлықтың болуы мүмкін себептерін көрсетіңіз.

/

Гипонатриемия, гипопротеинемия, фуросемидтің жеткіліксіз дозасы.

/

Гипокалиемия, гиперпротеинемия

/

Гиперкалиемия, фуросемидтің үлкен дозасы

/

Гипернатриемия.

/

Шумақша фильтрациясының жоғарлауы.

!

Науқаста бірнеше жылдар бойы таңертең мезгіл-мезгіл қақырықты жөтел болып тұрады, бактериалды асқынусыз қақырық-шырышты, асқынған кезде шырышты-іріңді немесе іріңді; жүрген кезде ентігеді, соңғы кездерде үйреншікті жүктемеде дем шығаруда қиындық байқалады. ЖҚА: Нв - 178 г/л, Эр-5,9х1012/л. Салыстырмалы-айқын акроцианоз, тыныс жиілігі минутына 24, ЖЖЖ минутына 100, АҚҚ 170/100 мм сын.бағ. ЭКГ: Синусты ырғақ ЖЖЖ-мен минутына 109, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Науқасқа қай препарат қарсы көрсетілген және неге?

/

Пропранолол, себебі ол 1 және 2 адренорецепторларды тежейді

/

Верапамил, себебі ол шабан кальций өзегін тежейді

/

Метопролол, себебі ол кардиоселективті бета-блокатор

/

Карведилол, себебі ол заттың тамыр кеңейтетін қасиеті бар

/

Кандесартан, себебі ол агиотензин II рецепторын тежейді

!

ЖИА ауруымен. Жүктеме стенокардиясы ФК II. НI-IIA 58 жастағы науқас 1 ай бойы дәрігердің тағайындауымен күніне 2 рет 50 мг тромбоАСС, күніне 1 рет 20 мг-нан кардикет, күніне 3 рет 1т панангин қабылдаған. Аяғында ісіктер пайда болуына байланысты, өздігінен, негізгі емге қосымша 10 күн бойы зәр айдайтын препарат қабылдаған. Осыдан кейін науқас өзін жаман сезіне бастаған , жүрек аумағында ауырлық және жайсыздық пайда болған, жүктемелерді ауыр көтере бастады, ангиноздық ұстамалары жиіленді. Объективті: АҚҚ - 120/80 мм сын.бағст. ЖЖЖ минутына – 42.

Науқас қай препаратты қабылдады және осы асқынудың себебі неде?

/

Триамтерен, калийдың шығарылуын төмендетеді, осы асқынудың себебі болды

/

Фуросемид, себебі ол жүрек алды жүктемені төмендетеді , осы асқынудың себебі болды

/

Гидрохлортиазид, себебі ол гипокалиемияға әкеліп соғады, осы асқынудың себебі болды

/

Маннит, себебі ол қан сарысуында осмотитакалық қысымды жоғарлатады

/

Ацетазоламид, себебі ол гиперхлоремиялық ацидозға әкеліп соқтырады

Берiлген рентгенологиялық бейне қандай патоморфологиялық субстратқа сәйкес:

/

Плевра қуысында ауа мен сұйықтық жиналуы.

/

Плевра қуысында ауа жиналуы.

/

Плевра қуысында сұйықтық жиналуы.

/

Шектелген диафрагмаүстiлiк сұйықтықтың плевра қуысына жиналуы.

/

Шектелген апикальдi ауаның плевра қуысына жиналуы.

!

38 жастағы Б. деген науқаста жоғарғы ернінің фурункулы, ыстығы 3 күн бойы 38,2С дейін көтеріледі. Анамнезінде белінде кезеңдермен пайда болатын ауырсынулар, түнде жиі несеп шығару, шөлдеу, қан қысымының жоғарлауы. ЖНА: салмағы-1005, ақуыз - 0, 182, лейкоциттер – 35-40, эритроциттер – 0-1; ЖҚА: Нв -85г/л, Эр -3,2х1012/л, Lе -12х1012/л, СОЭ-25 мм/с. Осы жағдайда қай бактерияға қарсы препарат қажетсіз?

/

Канамицин

/

Ципрофлоксацин

/

Цефотаксим

/

Оксациллин

/

Цефазолин

!

57 жастағы А. деген науқас бірнеше жыл бойы бас ауруына, құлақтағы шуға, АҚҚ жоғарлауына шағымданады. Анамнезден, таңертең мезгіл-мезгіл қақырықты жөтел болып тұрады, бактериалды асқынусыз қақырық-шырышты, асқынған кезде шырышты-іріңді немесе іріңді; жүрген кезде ентігеді, соңғы кездерде үйреншікті жүктемеде дем шығаруда қиындық байқалады. ҚЖА: Нв - 178 г/л, Эр-5,9х1012/л. Салыстырмалы - ҚҚ 170/100 мм сын.бағ., ЖЖЖ минутына 56, дем алу жиілігі минутына 18. Қай төменде көрсетілген гипотензивті препарат ең қажетті және неге?

/

Амлодипин, себебі ол жүректің әлеует тәуелді кальций түтіктеріне және миокардтың өткізгіш жүйесіне әсер етпейді

/

Пропранолол, себебі ол 1 және 2 адренорецепторларды тежейді

/

Метопролол, себебі ол тек қана 1 адренорецепторларды тежейді

/

Верапамил, себебі ол баяу кальций өзегін тежейді

/

Тимолол, себебі ол ішкі адреномиметикалық белсенсіз -адренорецепторлардың селективті емес блокаторы болып есептеледі

!

57 жасар науқас ентігуге, ауа жетіспеушілікке, тыныс алудын ауырлауына, жүрек тұсында батып ауырсынуға шағымданады. Науқас тыныс алуға шамасы жетпегендіктен отыр. Өкпеде аускультация кезінде аздап әлсізденген тыныс , т/б санаулы ылғалды көпіршікті сырылдар . Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты , ЖСС 100 рет минутында, АҚ-230/170 мм сын.бағ. Осы жағдайда қай диуретик қарсы көрстетілген және неге?

/

Маннит, себебі ол қан сарысуында осмотитакалық қысымды жоғарлатады

/

Фуросемид, себебі ол жүрек алды жүктемені төмендетеді .

/

Триамтерен, өйткені ол калийдың шығарылуын төмендетіп, науқастың жағдайын нашарлатады

/

Ацетазоламид, себебі ол гиперхлоремиялық ацидозға әкеліп соқтырады

/

Гидрохлортиазид, себебі ол гипокалиемияға әкеліп соғады, науқастың жағдайын нашарлатады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]