Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
test.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

30 Жастағы әйелге бір ай алдын операция жасалған: жүректің ревматикалық ақауына байланысты қосжармалы клапанды протездеу.

Тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу мақсатында қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?

/

Варфарин

/

Гепарин

/

Тромбоасс

/

Плавикс

/

Тромбокард

!

Науқас 47 жаста, стационарға бас ауруына, құлағындағы шуға, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінен: созылмалы обструктивті бронхит бойынша терапевтте диспансерлік есепте тұрады, соңғы 2 жыл ішінде артериялық қысымның 170/100 мм.с.б. дейін көтерілетін айтады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық,өкпесінде қатаң тыныс үстінен құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, тахикардия, жүре жиырылу жиілігі минутына 100 рет, артериялық қысым 160/90 мм.с.б. Қандай дәрмек бұл жағдайда қарсы көрсетілген?

/

Конкор

/

Эналаприл

/

Арифон

/

Амилодипин

/

Верапамил

!

Науқас 52 жаста, кардиологиялық бөлімшеге артериялық гипертония ІІІ дәрежесі, қауіп 4 диагнозымен келіп түсті. Анамнезінен: артериялық гипертония диагнозымен диспансерлік есепте тұрғанына 8 жыл болған, антигипертензивті терапияны үнемі қабылдап жүреді. Соңғы екі аптада артериялық қысымның 190/110 мм.с.б. жоғары көрсеткіштері сақталып келеді. Қан анализінде: гиперхолестеринемия. Несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- ырғақ синусты, дұрыс, жүрек жиырылу жиілігі 85 рет минутына, сол қарыншаның гипертрофиясы.

Бұл жағдайда дәрілік заттардың қандай комбинациясы мүмкін?

/

Арифон + Конкор + Амлодипин

/

Арифон + Конкор + Верапамил

/

Арифон + Атенолол + Дилтиазем

/

Гипотиазид + Эгилок + Изоптин

/

Моноприл + Конкор + Дилтиазем

!

57 жастағы науқас кардиологиялық орталыққа үнемі сақталатын жүрек тұсында ауырсынуға, дене қызуының көтерілуіне, сол иық буынындағы ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен: 3 апта алдын жедел трансмуральды миокард инфарктісін өткерген. Конкор, плавикс, тромбоасс, моноприлді үнемі қабылдайды. Қарағанда: дене қызуы 37,40 С, өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ; жүрек тондары ырғақты, тұйықталған, жүректің абсолютты тұйықтық аймағында перикардтың үйкеліс шуы, артериялық қысым 130/70 мм.с.б., жүрек жиырылу жиілігі 76 рет минутына. Қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ жоғарылауы, тропаниндер қалыпты деңгейде. Электрокардиограммада І, ІІ,ІІІ, тіркемелерінде ST сегментінің көтерілуі.

Бұл жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?

/

Преднизолон

/

Оликард

/

Гентамицин

/

Амоксициллин

/

Диклофенак

!

Науқас 28 жаста, стационарға физикалық күштемеде дамитын төс артындағы қысып ауырсынуға, ентігуге жүрек соғуының жиіленуіне шағымданып түсті. Анамнезінен: ауырғанына 3 жыл болған қазірге дейін дәрігерлерге қаралмаған, туған ағасы жүрек ауруынан 25 жасында өлген. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек шекаралары солға ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, төстің оң жағында ІІ қабырға аралықта дөрекі систолалық шу, пульс 72 рет минутына, артериялық қысым 90/60 мм.с.б. Қан және несеп анализінде патология жоқ. Электрокардиограммада- сол қарыншаның айқын гипертрофиясы систолалық күштемемен. Эхокардиография- сол қарыншаның және қарынша аралық перденің гипертрофиясы.

Келтірілген жағдайда қандай дәрмек гемодинамиканы және болжамды нашарлатады?

/

Дигоксин

/

Обзидан

/

Верапамил

/

Анаприлин

/

Амиодарон

!

Лосепрозол қандай топ дәрмектеріне жатады?

/

Протон насосының блокаторлары

/

М-холиноблокаторлар

/

Симпатомимектер

/

Н-2 гистамин рецепторларының блокаторлары

/

Н-1 гистамин рецепторларының блокаторлары

!

Мына симптомдардың жиынтығы: гепатомегалия, гипергликемия, терінің гиперпигментациясы, қан сарысуында темір деңгейінің жоғарлауы қандай патологияға тән?

/

Гемохроматоз

/

Бүйрек үсті безінің гиперфункциясы

/

Вирусты этиологиясымен созылмалы гепатит

/

Вильсон-Коновалов ауруы

/

Жильбер ауруы

!

51 жасар ер адам, стационарға ұзақ ауырсынуға және оң қабырға астының түйіліп тұруына шағымданып түсті. Зерттегенде: сарғыштық жоқ, Кери симптомы оң мәнді, температурасы субфибрильді, ЭТЖ – 30 мл/сағ.

Болжам диагнозы қандай?

/

Созылмалы холецистит, өршу

/

Созылмалы панкреатит, өршу

/

Асқазан ойық жарасы, өршу

/

Созылмалы гепатит, өршу

/

Одди сфинктерінің дисфункциясы

!

17 жасар жас адам, амбулаторлы тексерілуде. Дені сау жағдайда 380С-қа дейін қызба пайда болды, сол кезде терісінде және кілеген қабатында геморрагиялық бөртпелер, экхимоздар пайда болды. Бір рет «мелена» болды, сосын нәжісте Грегерсен реакциясы екі апта бойы оң мәнді болып тұрды. Қанда тромбоциттер 60х109/л. Барлық белгілер өз бетімен ізсіз өтіп кетті. Осыдан алдын баспамен ауырып, сульфаниламид дәрмектерін қабылдаған. Қандай диагноз болуы мүмкін?

/

Верльгоф ауруы

/

Мәллори-Вейса синдромы

/

Бейспецификалық жаралы колит

/

Тоқ ішектің дивертикулезі

/

Меккеля дивертикулі

!

28 жасар әйел, оң қабырға астының тұйық ауырсынуына, стресстік жағдайларда ауырсынудың пайда болуына, дене температурасы жоғарламайды, үлкен дәреті тұрақсыз, ашуланшақтық, ішінің ауруымазалаған соң, аймақтық терапевтке келген. Қолында зерттеу нәтижелері бар:қан анализі, копрология қалыпты. Холецистограммада: өзгеріссіз. Дуоденальды зондтауда патология анықталмады.

/

Өт жолдарының дискинезиясы

/

Созылмалы холецистит

/

Ішектің тітіркену синдромы

/

Нейроциркуляторлы дистония

/

Одди сфинктерінің дисфункциясы

!

27 жасар науқас, стационарға сол жақ мықымының толғақ тәрізді ауырсынуына, кілегей және қан аралас сұйық нәжістің тәулігіне 6-8ет, 8 кг салмақ тастауға, ұзақ уақыт бойы субфебрилитет болуына шағымданып, түсті. Анамнезінен: екі жыл көлемінде ауырады. Жұқпалы аурулар ауруханасында және практология бөлімінде ем қабылдаған, бірақ нәтижесіз. Сонымен гастроэнтерология бөліміне жіберілген. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғылары және кілегей қабығы бозғылт, тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Ішті палпациялағанда сол жақ мықым аймағында ауырсынады, бауыры жіне көкбауыры ұлғаймаған. Қан анализінде: анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ-нің жоғарлауы, гипопротениемия. Капралогия: нәжіс ботқа тәрізді, шырыш және қан көп мөлшерде. Коланоскопия: гиперемия болмауы түйіршіктілік, іркістердің сигма тәрізді ішекте көптеген жаралардың болуы, саңылаудай ірің және қан.

Қандай болжам диагноз?

/

Бейспеципикалық жаралы колит

/

Крон ауруы

/

Ішектің тітіркену синдромы

/

ішектің дивертикулы

/

Синма тәрізді ішектің рагі

!

53, жасар ер адам ішінің жоғарғы бөлігінің ауырсынуына, жиі көп мөлшерде нәжістің болуымен стационарға түсті. Анамнезінен: жақын арада қонақта көп тамақ жеп, ішімдік көп мөлшерде ішкен. Капрология:қорытылмаған көп мөлшерде бұлшық ет талшықтары, көптеген бейтарап майлары, крахмал.

Қандай диагноз болуы мүмкі?

/

Созылмалы панкреатит

/

Созылмалы энтероколит

/

Созылмалы гастрит

/

Созылмалы холецистит

/

Іштің тітіркену синдромы

!

42 жасар науқас ішінің әсіресе сол қабырға асты ауырсынуымен стационарға түсті. Анамнезінен: 5 жыл бұрын өт тас ауруы бойынша операция жасалған. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тері жабындылары аздаған сарғыш. Ішін палпациялағанда сол қабырға астында, Шоффар және Губергриц зоналарында ауырсынады. Қан анамнезінде: лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарлауы, α-амилазаның жоғарлауы.

Қайсы диагноз басқалардан гөрі дәлелдікті талап етеді?

/

Созылмалы холангит

/

Созылмалы пакреатит

/

Ойық жара ауруы

/

Созылмалы гастрит

/

Созылмалы гепатит

!

Соңғы кездері асқазан және 12-елі ішек ойық- жара ауруымен ауыратын науқастың клиникалық көрнісі өзгерді: тамақтанғаннан соң ауырлық пайда болды, жүрек айну, тамақ қалдықтарын екінші күн жартысында құсу, ауыз қуысынан жағымсыз иіс, салмақ тастау пайда болды.

Бірінші орында қай асқынуды ойлау қажет?

/

Қақпаның органикалық стенозы

/

Функциональды стеноз

/

Жараның малигнизациясы

/

Жараның пенетрациясы

/

Жараның перфорациясы

!

38 жасар кәсіпкер іш көлемінің үлкейуіне, терінің, кілегей қабатының, сарғайуына, зәрдің түсінің өзгеруіне, іштің кебуіне, үлкен дәретінің тұрақсыздануына, айқын жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, уақыт пен кеңістікте ориентациясының бұзылуына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне жазуының нашарлауына, ұйқысының инверсиясына(күндіз ұйқы сұрау, түнде ұйқысыздық) шағымданады. Анамнезінен: балалық шаңында – гепатит А. Соңғы 7 жыл көлемінде ішімдік көп ішкен. Жағдайының нашарлауы соңғы 2 аптада, оны диетаны бұзуымен және ішімдікті көп қабылдағаны мен байланыстырады.

Болжам диагнозы қандай?

/

Бауыр сирозы

/

Өт тас ауруы

/

Созылмалы гепатит

/

Созылмалы панкреотит

/

Ұйқы безінің рагі

!

65 жасар науқас, пенсионер оң қабырға астының ауыр болуына, физикалық күш түскенде өршуіне, кешке балтыр және аяқ басының аздап ісінуіне, зәрінің түсінің өзгеруіне шағымданады. Гепатологқа науқасты қызы алып келген, өйткені әкесінде ұмытшақтықпен, пәтерде орентациясы бұзылған. Бұл жағдайлар 2 апта бұрын көп мөлшерде ішімдік қабылдағаннан кейін пайда болған. Ішімдікті көп жылдар бойы ішеді. Қарағанда:апатиялы, жүрісі сенімсіз, координация сақталмаған, нистагм терісі склерасы сарғыш, аздаған «тамырлық» жұлдызшалар, «бауырлық» алақан, тілі ашық қызыл, асцит, балтыры мен аяқ басында аздаған ісік.

Дұрыс диагноз қою үшін қандай мамандардың қосымша кеңестері қажет?

/

Психиатор

/

Кардиолог

/

Нарколог

/

Неврапатолог

/

Анколог

!

52 жасар науқас ұзақ уақыт бойы шаршағыштықпен шағымданып жүрген кезде, оң қабырға астында ауырлық, жүрек айну, аздаған сарығыштық пайда болады, Бұл кезде бауырдың функциясының биохимиялық көрсеткіштері бұзылады: аланин тарнсфераза, билирубин, сулемовая проба, тимоловая прова, ақуздық фракция.

/

Созылмалы персиктирлеуші гепатит

/

Портальды бауыр цирозы

/

Билиарлы бауыр цирозы

/

Созылмалы активті гепатит

/

Бауыр псевдоцирозы

!

60 жасар әйел қабылдау бөліміне оң қабырға астының интенцивті ауырсынуына, оның жүрек аймағына беріліп және майлы тағам жегеннен соң болатын ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен: 3 жыл бойы ауырады. Объективті.денеқызуы 38,20, өт қабы праекциясында ауырсынады, Ортнер симптомы оң мәнді. Қанда: лейкоциттер -9,8 мың, ЭТЖ-18 мм/сағ. Өтті зерттегенде В-порциясында- шырыш және лейкоциттер.

/

Созылмалы калькулезсыз холецистит өршу пазасында

/

Созылмалы панкреатит өршу пазасында

/

Созылмалы гепатит өршу пазасында

/

12 елі ішік ойық -жара ауруы өршу пазасында

/

Созылмалы дуоденит өршу пазасында

!

32 жасар науқас жедел «қанжа» тәрізді эпигастри аймағының ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен:сонғы 3 жылда 12 елі ішек ойық- жара ауруымен аурады, және де ол жиі ресидив береді. Н2 гистамин блокаторлары терапиясына реакция оң мәнді. Қан құю жасалған. Ранитидинмен төрт апта терапия жүргізгенде жара тыртықталған.

Ары қарай емдеу тактикасы қандай?

/

Кларитромицин+амоксициллин+омепрозол

/

Тетрациклин+метронидазол+омепрозол

/

Кларитромицин+метронидазол+квамател

/

Амоксициллин+де-нол+омепрозол

/

Амоксициллин+метронидазол+квамател

!

48 жасар науқас оң қабырға астының ауырсынуына, сарғыштыққа жалпы әлсіздікке шағымданып, қабылдау бөліміне түсті. Анамнезінен: ішімдікті көп ішеді, бір апта бұрын өңештің барикозды кеңейген веналарына қан кету болған. Қарағанда: терісі және склерасы сарғыш, телеангиэктазиялы, іші кепкен, гепатоспленомегалия. Қанда: анемия тромбоцитопения, ЭТЖ-44 мм/сағ жалпы билирубин тура пракция есебінен 68 мк/моль –л.

Бұл жағдайда не тағайындаған жөн?

/

Гептрал + жаңа тағайындалған плазма + дәрумендер С, К.

/

Преднизолон + гепабене + креон.

/

Гептрал + эритромасса + креон

/

Преднизолон + гепабене + креон.

/

Феррум-Лек + преднизолон + гептрал

!

45 жасар ер адам тамақтанғаннан соң және физикалық күштемеден кейін болатын төс артының ауырсынуына, қыжылдауға, жеген тамақты кекіруге, тамақты жұтынғанда қиындықты сезіну мазалайды. Зерттегенде:ЭКГ патологиясыз; Эндоскопиялық пиброгастродуоденоскопия: томенгі өңештің спиинктері жабылмайды, гиперемия, өңештің шырышты қабаты ісінулі, бір қатар эрозиялар.

Бұл жағдайда қандай дәрмектерді комбинациясы тиімді?

/

домперидон + рабепразол

/

маалокс + ампициллин

/

омепразол + смекта

/

омепразол + маалокс

/

омепразол + но-шпа

!

27 жасар науқас ішінің оң бөлігінің сыздап ауырсынуына, үлкен дәретінің сұйылып тәулігіне 6-8 ретке дейін болуына, 8 кг азуына (2 жыл ішінде), ірі буындардың ауырсынуына ұзақ субфебрилитет болуына шағымданып стационарға түсті. Зерттегенде: екі балтырында түйінділік эритема, оң мықым аймағында айқын ауырсыну; іш перделік тітіркену симптомы жоқ. Гемоглобин 84 г/л, түсті көрсеткіш 0,8; лейкоциттер 12,6 мың 1мкл-да, ЭТЖ 56 мм/сағ. Жалпы белок 49 г/л, альбуминдер 39% , холецтерин 2 мк моль/л, темір сары суы 7мк моль /л. Колоноскапияда соқыр ішектің шырышты қабатында терең жара саңлаулары анықталды.

Қандай дәрмектердің комбинациясын пайдаланған тиімді?

/

Сульфасалазин+преднизолон

/

Сульфасалазин+вольтарен

/

Омепразол+церукал

/

Сульфасалазин+смекта

/

Преднизолон+де-нол

!

37 жасар әйел түнде аш қарында пайда болатын эпигастри аймағының түйіліп ауырсынуына, тамақтанғаннан кейін ауырсынудың басылуына шағымданып стационарға түсті. Анамнезінен: 5 жыл бойы ойық- жара ауруымен ауырады. Бұл өршу екі апта бойы. Оюъективті: тілі ақ жабындымен жабылған эпигастри аймағы жайылмалы ауырсынады. Бауыры және көк бауыры үлкеймеген. Қан және зәр анализі өзгеріссіз. Эндоскопиялық фиброгастродуоденоскопия: өңеш өтімді, асқазанның шырышты қабаты қызарған, бөрітпелер гипертропияланған, 12 елі ішектің алдынғы қабат буылтығында жара депекті 0,5х 0,7см.

Бұл жағдайда қандай дәрмектің комбинациясын қолданған тиімді?

/

Кларитромицин+флемоксин+париет

/

Омепразол+де-нол+маалокс

/

Метронидазол+де-нол+алмагель

/

Тетрациклин+омепразол+квамател

/

Кларитрамицин+флемоксин+гастроципин

!

34 жасар науқас екі апта ішінде пайда болған «түнде» және «аштық» тәрізді эпигастри аймағының ауырсынуына шағымданып стационарға түсті. Эндоскопиялық зерттегенде алғаш рет 12 елі ішектің алдынғы қабырғасында 1,2 см өлшемді жара анықталды. Биоптатта Helicobacter pylori табылды.

Бұл жағдайда қандай дәрмектің комбинациясын қолданған тиімді?

/

Бұл жағдайда қандай дәрмектің комбинациясын қолданған тиімді?

/

Омепразол + метронидазол + ампициллин

/

Квамател + де-нол+тетрациклин

/

Омепразол +гастроцепин+тетрациклин

/

Де-нол+ампициллин + алмагель

!

45 жасар науқас терапевке оң қабырға астының сыздап ауырсынуына, жүрек айнуға аузына ащы дәм келуіне шағымданып келді. Бұл симптомдар екі жыл бойы мазалайды, нашарлауын диетаны бұзғанымен байланыстырады. Қан мен зәр анализі патологиясыз.

Бұл жағдайда қандай дәрмек қарсы көрсеткіш?

/

Но-шпа

/

Ампициллин

/

Ксилит

/

Церукал

/

Сорбит

!

54 жасар науқас ішінің жоғары бөлігінің белбеу тәрізді ауырсынуына жүрек айнуына, ішінің кебуіне үлкен дәретінің сұйылып тәулігіне үш- төрт рет майлы жылтыр болуына стационарға шағымданып түсті. Оюъективті. Тілі ылғалды ақ жабындымен жабылған. Іші кепкен, Шоффара зонасында, Мейо-Ропсана нүктесінде аздап ауырсынады. Қан анализі патологиясыз. Копрология: стеатория, креатория, амилорея. Ультра дыбыстық зерттегенде: өт қабының қабырғалары қалыңдаған,ұйқы безінің денесі мен басы үлкейген, эхоструктурасы біртекті емес.

Қандай терапия тізбегі тиімді?

/

Креон+омепразол+урсосан

/

Омепразол+линекс+церукал

/

Фестал+омепразол+но-шпа

/

Креон+квамател+но-шпа

/

Омепразол+аллохол+но-шпа

!

27 жасар науқас сол мықын аймағының толғақ тәрізді ауырсынуына, үлкен дәретінің шырыш және қан араласып сұйылуына тәулігіне 6-8 ретке дейін, 8кг азуына ұзақ субфебрилитетке шағымданып стационарға түсті. Анамнезінен: 2 жыл көлемінде ауырады. Жұқпалы аурулар ауруханасында және проктология бөлімінде емделген, бірақ нәтижесіз. Осыған байланысты гастраэнтерология бөліміне жіберілген. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тері жабындылары және шырышты қабаты бозғылт, тілі ылғалды ақ жабындымен жабылған.ішті палпация жасағанда сол мықын аймағы ауырсынады, бауыры және көк бауыры үлкеймеген. Қан анализінде: анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарлауы, гипопротеинеимия. Копрология нәжіс ботқа тәріздес көп мөлшерде шырыш пен қан. Колоноскопия: гиперемия, түйіршікті іркістер жоғалған, сигма тәрізді ішекте көптеген майда жаралар, саңылауында қан мен ірің.

Қандай дәрмектің комбинациясы ең тиімді?

/

Преднизолон+сульфасалазин

/

Сульфасалазин+омепразол

/

Но-шпа+смекта

/

Преднизолон+азатиоприн

/

Церукал+сульфасалазин

!

52 жасар әйел кіндік аймағының ауырсынуына, депекациядан кейін басылатын, ішінің кебуіне үлкен дәретінің тұрақсыздығына шағымданып стационарға түсті. 2 жыл көлемінде ауырады. Стрестан кейін екі ай көлемінде жағдайы нашарлаған. Оюъективті: тері жабындылары таза, кадімгі түстес, іші жұмсақ тоқ ішек бойымен ауырсынады, сигма тәрізді ішек түйілген. Қан анализі патологиясыз. Копрология: көп мөлшерде шырыш. Колоноскопия: тоқ ішектің шырышты қабаты ашық қызыл, эрозиялар және жаралар жоқ дискенезия белгілері.

Қандай ем тағайындау қажет?

/

Грандаксин+имодиум

/

Креон+де-нол

/

Интетрикс+хилак-форте

/

Интетрикс+креон

/

Интетрикс+но-шпа

!

40 жасар науқас ұзақ уақыт созылмалы холециститпен ауырады, диетаны бұзғаннан кейін қатты белбеу тәріздес ауырсыну пайда болды, іші кепті жүрегі айныды склералары сарғайған. Хирургиялық бөлімге «жедел холецистит» деген диагнозбен жатқызылды. Екі күн бақылағаннан кейін диагноз алынып, терапия бөліміне науқасты созылмалы панкреотиттің өршуімен ауыстырды.

Бұл жағдайда қандай дәрмек қарсы көрсеткіш?

/

Морфин

/

Баралгин

/

Но-шпа

/

Промедол

/

Платифиллин

!

48 жасар науқас тез шаршағыштыққа, әлсіздікке басының ауруына, жүректің айнуына, оң қабырға астында ауырлық сезімнің, қызыл жегінің қанауына шағымданып түсті. Анамнезінен: он жыл бойы бауырдың созылмалы ауруы бойынша емделген. Соңғы жылдары өзін жақсы сезінген, диета сақтамаған кездейсоқ жынысты қатынаста болмаған нашақорлық қабылдамайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тері жамыбындылары және склерасы сарғайған, «бауырлық» алақан, көкіректің жоғарғы бөлігінде тамырлық жұлдызшалар, тілі құрғақ ақ жабындымен жабылған, гепатоспленомегалия. Қан анализінде анемия ЭТЖ-ның жоғарлауы, гипербилирубинемия әсіресе тура пракцияның жоғарлауымен, аланин және аспарагин трансперазаның үш есеге жоғарлауы. Гепатит маркерлары: вирусты гепатит С-ның барлық маркерлары оң мәнді.

Қан дәрмектерді тағайындаған жөн?

/

Гептрал+урсосан

/

Эссенциале+креон

/

Гептрал+урсосан

/

Гептрал+креон

/

Преднизолон+эссенциале

!

25 жасар ер адам, созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Қан анализінде: гемоглобин – 96 г/л, эритроциттер – 2,8 млн., лейкоциттер – 8,2 мың, ЭТЖ – 35 мм/ч., мочевина – 16 ммоль/л, креатинин – 0,250 ммоль/л. Зәр анализінде: сал. тығ. – 1005, белок – 4,5 г/л, лейкоциттер – 8-12 к/а, эритроциттер 20-25 к/а.

Гломерулонефритте ең тиімді қосарланған терапия қандай?

/

Цитостатиктер+кортикостероидтар+антиагреганттар+антикоагулянттар

/

Цитостатиктер+антибиотиктер+иммуномодуляторлар+антиагреганттар

/

Цитостатиктер+стероидты емес қабынуға қарсы дәрмектер+антиагреганттар+антикоагулянттар

/

Антибиотиктар+кортикостероидтар+антиагреганттар+антикоагулянттар

/

Цитостатиктер+антибиотиктар+антиагреганттар+антикоагулянттар

!

Созылмалы бүірек жетіспеушілігіне қандай ерте белгі тән?

/

Никтурия

/

Поллакиурия

/

Ануроия

/

Олигоурия

/

Дизурия

!

20 жасар науқас, стационарға ісік синдромымен түсті. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1028 г/л, протеинурия – 4,2 г/л, эритроциттер – 5-6 көру алаңында, лейкоциттер – 4-5 көру алаңында, гиалинді цилиндрлер; креатинин деңгейі – 0,087 мкмоль/л.

Диагнозды верификациялау үшін қандай зерттеу әдісі ең тиімді?

/

Бүйректің пунциондық биопсиясы

/

Экскреторлы урография

/

Бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі

/

Бүйректің рентгенографиясы

/

Бүйректің томографиясы

!

Иммунды гломерулонефритнің дамуындағы факторға не жатады?

/

Салқын тию +вакцинация +стрептококкты инфекция

/

Жарақаттар+жәндіктер уы+вакцинация

/

Улану+ жәндіктер уы+вакцинация

/

Жарақаттар+операциялар+жәндіктер уы

/

Салқын тию + жәндіктер уы+жарақттар

!

24 жасар науқас, басының ауруы, шөлдеу, жүрек айнау, құсу, мұрнынан қан кету, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі мазалайды. 10 жыл көлемінде ауырады. Бірнеше рет стационарда ем қабылдаған. Объективті: бозғылт, теріде қасылған іздер, бел аймағында ұрғылау симптомдары екі жағында да оң мәнді. АҚ – 180/110 мм. сын. бағ. ЖЖЖ – 100 рет/мин. Қанда: гемоглобин – 96 г/л, эритроциттер – 2,8 млн., лейкоциттер – 8,2 мың, ЭТЖ – 35 мм/ч, мочевина – 16 ммоль/л, креатинин – 0,250 ммоль/л, билирубин 22 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005 г/л, протеинурия – 4,5 г/л, эритроциттер – 20-25 көру алаңында, лейкоциттер – 8-12 көру алаңында.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің терминальды сатысындағы науқасқа дұрыс диеталақ нұсқауды таңдаңыз:

/

Жануар тәулігіне ақуызы 20г дейін

/

Сұйықтық тәулігіне 2 литрге дейін

/

Тұз тәулігіне 3 г дейін

/

Майлар тәулігіне 90г дейін

/

Камірсулар тәулігіне 50г дейін

!

76 жасар науқас,бөлімге бел аймағының ауырсынуы, дизуриялық белгілермен түсті, жоғары аталған шағымдар бойынша осыған дейін ем қабылдаған. Жалпы зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1007 г/л, ақуыз – 0,05г/л, эритроциттер – жоқ, лейкоциттер – 20-30 көру алаңында, бактериялар+++. Қанда: креатинин – 0,23 ммоль/л.

Қандай болжам диагноз?

/

Созылмалы пиелонефрит

/

Жедел пиелонефрит

/

Созылмалы гломерулонефрит

/

Жедел гломерулонефрит

/

Жедел цистит

!

76 жасар ер адам, созылмалы пиелонефритпен ауырады. Жалпы зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1007 г/л, аңуыз – 0,05г/л, эритроциттер – жоқ, лейкоциттер – 20-30 көру алаңында, бактериялар+++. Қанда: креатинин – 0,23 ммоль/л.

Осы науқасты антибактериялды емдеу үшін қандай дәрмек қолданған жөн?

/

Ампициллин

/

Бисептол

/

Фурадонин

/

Пенициллин

/

Гентамицин

!

70 жасар науқас, оң бел аймағының интенсивті ауырсынуына, дене қызуының 38оС-қа дейін жоғарлауына, зәрде құрт тәрізді қан ұйытқылрының пайда болуына, азуына шағымданады. Ұрғылау симптомы оң жақта оң мәнді. Қан анализінде: гемоглобин – 98 г/л, эритроциттер – 3,2 млн., лейкоциттер – 10 мың, ЭТЖ – 70 мм/сағ. Зәр анализінде: сал. тығ. – 1012, ақуыз – 1,2 г/л, лейкоциттер – 5-6 к/а, эритроциттер 50-ге дейін к/а.

Қандай диагнозды болжауға болады?

/

Бүйрек ісігі

/

Бүйрек туберкулезі

/

Бүйрек поликистозы

/

Бүйрек амилоидозы

/

Зәр тас ауруы

!

40 жасар науқас, бел аймағының ауырсынуына, ауырсынудың шат аймағына берілуіне, зәр шығарғанда ашытып ауырсынуына, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Қанда: лейкоциттер – 8,6 мың, ЭТЖ – 24 мм/сағ, мочевина – 9,2 ммоль/л, креатинин – 0,120 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1018 г/л, эритроциттер – 20-25 көру алаңында, лейкоциттер – 5-6 көру алаңында, оксалаттар+++, фосфаттар++.

Қандай диагнозды болжауға болады?

/

Зәртас ауруы

/

Бүйрек ісігі

/

Бүйрек туберкулезі

/

Бүйрек поликистозы

/

Бүйрек амилоидозы

!

40 жасар науқас М, бел аймағының интенсивті ауырсынуыныа, ауырсыну шат аймағына беріледі; зәр шығарғанда ашытып ауырсынуына, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Қанда: лейкоциттер – 8,6 мың, ЭТЖ – 24 мм/сағ, мочевина – 9,2 ммоль/л, креатинин – 0,120 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1018 г/л, эритроциттер – 20-25 көру алаңында, лейкоциттер – 5-6 көру алаңында, оксалаттар+++, фосфаттар++.

Осы жағдайды қай дәрмекті тағайындау керек?

/

Баралгин

/

Нитроксалин

/

Амоксициллин

/

Метотрексат

/

Преднизолон

!

Созылмалы бүйрек жетіскаушілігінің терминальды сатысында қандай терапия әдісік қолдаған мағызды?

/

Гемодиализ

/

Плазмаферез

/

Гемосорбция

/

Лимфосорбция

/

Қанды лазерлі соулему

!

24 жасар науқас басының ауруы шөлдеу, жүрек құсу айну, мұрнынан қан кету, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі мазалайды. 10 жыл көлемінде ауырады стационарда бірінеші рет ем қабылдаған. Объективті: бозғылт терісінде қасыған іздер, бел аймағының ұрғылау симптомы екі жақта да оң мәнді. АҚ – 180/110 мм. сын. бағ. ЖЖЖ – 100 рет/мин. Қанда: гемоглобин – 96 г/л, эритроциттер – 2,8 млн., лейкоциттер – 8,2 мың, ЭТЖ – 35 мм/сағ., мочевина – 16 ммоль/л, креатинин – 0,250 ммоль/л, билирубин 22 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005 г/л, ақуыз-4,5 г/л, эритроциттер – 20-25 көру алаңында, лейкоциттер – 8-12 көру алаңында.

Осы асқынған жағдайда қандай терапия жүргізу керек?

/

Цитостатиктер+кортикостероидтар+антиагреганттар+антикоагулянттар

/

Цитостатиктер+антибиотиктер+иммуномодуляторлар+антиагреганттар

/

Цитостатиктер+стероидты емес қабынуға қарсы дәрмектер+антиагреганттар+антикоагулянттар

/

Антибиотиктар+кортикостероидтар+антиагреганттар+антикоагулянттар

/

Цитостатиктер+антибиотиктар+антиагреганттар+антикоагулянттар

!

Жедел лейкоз диагнозын дәл анықтауға қандай міндетті зерттеу әдісі қажет?

/

Сүйек миының пункциясы

/

Қан жұғындысы

/

Коагулограмма

/

Мықын сүйегінің трепанобиопсиясы

/

Бауыр мен көкбауырдың УДЗ

!

42 жасар науқас жарақатқа байланысты ортопедия бөлімшесіне түсті. Зерттеу барысында ноқатқа дейін қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -107 г/л, эритроциттер 3,4х1012/л, тромбоциттер 172х109/л, лейкоциттер 45х109/л, пролимфоциттер-3%, сегменті ядролы-5%, моноциттер-2%, лимфоциттер-90%. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтималды?

/

Созылмалы лимфолейкоз

/

Сүйектің туберкулезі

/

Агранулоцитоз

/

Лимфоцитарлық лейкомоидтық реакция

/

Лимфосаркома

!

18 жастағы бойжеткен, денесіндегі көптеген қан құйылуларға және мұрнының қанауына шағымданады. Анамнезінен: тұмаумен (грипп) ауырғаннан кейін басталған. Объективті: терісінде әртүрлі түсті көптеген қан құйылулар байқалады. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыр және көк бауыр өлшемдері қалыпты. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -122 г/л , эритроциттер -4,1х1012/л, лейкоциттер 6,8х109/л, тромбоциттер – 22х109/л. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтималды?

/

Иммунды тромбоцитопениялық пурпура

/

Аппастикалық анемия

/

Жедел лейкоз айқындалу сатысы

/

Тамырішілік шашыраңқы қан ұю (ТШҚҰ) - синдромы гипокоалуляция фазасы

/

Тромбоцитопатия

!

Науқас 32 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, көз алдында «шіркейлердің» пайда болуы, ентігу, тырнақтарының сынғыштығы. Анамнезінен: 7 жүктілік болған, оның 4-інде түсік тастаумен аяқталған, етеккірі 5-7 күн, көп қан кетеді. Объективті: тері және көзге көрінетін сілемей қабаттары боз, таза, құрғақ. Тырнақтары жұмсақ, тез сынады. Ауыз бұрыштары тілінген. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -62 г/л, эр -2,6х1012/л, лейкоциттер 4,9х109/л, тромбоциттер – 180х109/л. Эритроциттердің тұну жылдамдығы - 30 мм/ сағ. Төменде аталған дәрілердің қайсысы ең ықтималды?

/

Сорбифер-дурулес

/

В12- дәрумені

/

Фолий қышқылы;

/

Аскорбин қышқылы

/

Эритропоэтин

!

Тамырішілік шашыраңқы қан ұю (ТШҚҰ) - синдромын нақтылау үшін қандай зерттеу қажет?

/

Коагулограмма;

/

Қан жұғындысы;

/

Төс пункциясы;

/

Қан ұюының VIII факторы

/

Қанның иммуносерологиялық талдауы.

!

21 жастағы әйел, әлсіздікке, бас ауруына, жүрек қағуына, буындардың аурысынуына, денедегі «көгерулерге» шағымданады. Ауру тарихынан: 2 аптадан бері ауру. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тері мен көзге көрінетін сілемейлі қабаттары боз, көптеген қанталау ошақтары бар. Лимфа түйіндері 1-1,5 см-ге дейін ұлғайған, ауырмайды. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия 100 соққы/мин. Орташа гепатоспленомегалия. Жалпы қан талдауы: гемоглобин - 99 г/л , эритроциттер -3,0х1012/л, лейкоциттер 87х109/л, тромбоциттер – 57х109/л. Лейкоформулада: бласттар 60 %, сегментті ядролы 27%, лимфоциттер 13%, Эритроциттердің тұну жылдамдығы 60мм/сағ. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтималды?

/

Жедел лейкоз;

/

Аппластикалық анемия;

/

Тромбоцитопениялық пурпура;

/

Созылмалы лимфолейкоз;

/

Жүйелі қызыл жегі.

!

71 жастағы науқас, тәбетінің төмендеуіне, тағам қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағындағы ауырлыққа, тіл ұшындағы ауырсыну мен күйдіруіне, жалпы әлсіздікке, ентігуге, аяқта «құмырсқа жүру» сезіміне, аяқтың ұюына шағымданады. Анамнезінен: көптеген жылдар бойы созылмалы гастритпен зардап шегеді. Объективті: тері боз, сарғыш түстес, тілі тегіс, «лекталған», глоссит. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -80 г/л , эритроциттер -2,2х1012/л, лейкоциттер 7,1х109/л, тромбоциттер – 160х109/л. Гемограммады: макроциттер, мегалоциттер, эритроциттерде Джолли денешігі, Кебат сақиналары. Миелограммада: қан өндірілуінің мегалобласты түрде жүруі эзофагогастродуоденоскопияда жайылмалы атрофиялық гастрит. Төменде аталған дәрілердің қайсысы ең тиімді?

/

В12- дәрумені

/

Фолий қышқылы

/

Сорбифер-дурулес

/

Флудара

/

Эритропоэтин

!

56 жасар ер кісі, еңбекке қабілетінің төмендеуіне, тершеңдікке, сүйектердің ауруына, жүдеуге, сол жақ қабырға астының ауырсынуына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін шырыш қабаттары боз. Спленомегалия салдарынан іш ұлғайған. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -105 г/л, эритроциттер- 3,5х1012/л, тромбоциттер-450х109/л, лейкоциттер-205х109/л. Лейкоформулада: бласт-1%, промиелоцит-3%, миелоцит-7%, метамиелоцит-11 %, таяқша ядролы-21%, сегменті ядролы -47%, эозинофильдер-7%, базофиль-3%, Эритроциттердің тұну жылдамдығы -40 мм/с. Цитогенетикалық талдау: Филадельфия хромосомасын оң. Төменде аталған дәрілердің қайсысы «бірінші қатардағы» ем ретінде тағайыңдалады?

/

Гливек

/

Гидреа

/

Интрон

/

Миелосан

/

Миелобрамол

!

62 жасар науқас әйел, әлсіздікке, бас айналуына, сол жақ қабырға астының ауруына шағымданады. An. morbi: өзін салқын түскеннен бері аурумын деп санайды. Объективті: тері мен көзге көрінетін сілемей қабаттары боз, сарғыш түстес, орташа, гепатоспленомегалия. Жалпы қан талдауы: гемоглобин-80 г/л, эритроциттер- 2,4х1012/л, ретикулоциттер-17%, тромбоциттер-220х109/л, лейкоциттер-9,1х109/л. Эритроциттердің тұну жылдамдығы -28мм/с. Зәр талдауы: уробилин +++. Биохимиялық талдауы: жалпы билирубин-32 мкмоль/л, тіке-4,7 мкмоль/л, тіке емес-27,3 мкмоль/л. Төменде аталғандардың қайсысы «бірінші қатардағы» емге жатады?

/

Преднизолон

/

Гептрал

/

Эритропоэтин

/

Фолий қышқылын

/

Циклофосфан

!

16 жасар науқас, талмаға, көзінің алды қарауытуына, кесек жеуге құштарлыққа, тырнақтарының сынуына шағымданады. Анамнезінен: етеккірі 3 күннен. Объективті: тері мен көзге көрінетін сілемей қабаттары боз, құрғақ, ауыз бұрыштарының тілінуі. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -85 г/л, эритроциттер- 2,8х1012/л, реңдік көрсеткіш-0,72, тромбоциттер-180х109/л, лейкоциттер-4,3х109/л. Лейкоформулада: таяқша ядролы -4%, сегментті ядролы -62%, моноциттер-9%, лимфоциттер-22%, Эритроциттердің тұну жылдамдығы -18 мм/с. Сарысулы темір – 6,7мкмоль/л, сарысулы ферритин -10,24 нг/дл. Төменде аталған дәрілердің қайсысы ең тиімді?

/

Сорбифер-дурулес

/

В12- дәрумені

/

Фолий қышқылы

/

Флудара

/

Эритропоэтин

!

21 жасар науқас, әлсіздікке, бас айналуына, дене қызуының 37-380 С-қа жоғарылауына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін сілемей қабаттары боз, лимон-сары түстес. Орташа гепатоспленомегалия байқалады. Жалпы қан талдауы: гемоглобин- 55 г/л, эритроциттер- 1,6х1012/л, ретикулоциттер-15%, тромбоциттер-180х109/л, лейкоциттер-9,9х109/л. Эритроциттердің тұну жылдамдығы -25 мм/с. Биохимиялық талдауы: жалпы билирубин-41 ммоль/л, тікелей -4,9 ммоль, тікелей емес-37 ммоль/л, Кумбс реакциясы +++. Төменде аталған дәрілердің кайсысы «бірінші қатардағы» емге жатады?

/

Преднизолон

/

Амоксиклав

/

Эритропоэтин

/

Фолий қышқылы

/

Циклофосфан

!

57 жасар науқас, инфаркт миокардымен аурады. Варфаринді 2,5 мг тәулігіне 2 рет қабылдау барысында денесінде ауқымды қан құйылулар, мұрыннан қан ағу пайда болған. Жалпы қан талдауы: гемолобин-131 г/л, эритроциттер- 4,0х1012/л, тромбоциттер-100х109/л, лейкоциттер-5,5х109/л. Коагулограммада: протромбинді уақыт-25с, антитромбин ІІІ-68%, фибриноген-1,5 г/л, қанның ұю уақыты-20 мин. Төменде аталған дәрілердің кайсысы «ең тиімді» емге жатады?

/

Криоплазма

/

Гепарин

/

Аминокапрон қышқылы

/

Эритропоэтин

/

Глюкоза + трентал

!

Остеоартроздың классификациялық диагностикалық критерийлеріне қайсысы жатады?

/

Механикалық сипаттағы ауыру сезімі

/

ЭТЖ-ның айқын жоғарылауы

/

Буын маңы остеопорозы

/

Проксимальды фалангааралық буыдардың зақымдалуы

/

Бір сағаттан артық таңертеңгілік құрысу

!

Бехтерев ауруының клиникалық диагнозды дәлелдеу үшін қандай маңызды зертханалық диагностикалық көрініс болады?

/

НLА 27 антигендерінің анықталуы

/

Эритроциттердің тұну жылдамдығының ұзақ уақыт жоғарлауы

/

Гипохромды анемия

/

Қан сарысуында С реактивті ақуыз және глобулиндер фракциясының жоғарлауы

/

Ревматоидты фактор

!

26 жастағы науқас, 2 апта ішінде сол жақ тізе және тобық буындарының ауыру сезіміне, ісінуге, қозғалыстың шектелгеніне шағымданады. Қарап тексергенде сол жақ тізе, тобық буындарының пішіні өзгерген, гипертермия. Қанда: лейкоциттер-10 мың, эритроциттердің тұну жылдамдығы-25 мм/с.

Қандай болжам диагноз?

/

Реактивті артрит

/

Жедел ревматикалық қызба

/

Ревматоидты артрит

/

Септикалық артрит

/

Подагра

!

52 жастағы әйел, физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу, басының ауыруы, әлсіздік 2 апта ішінде пайда болғанын байқайды. Анамнезінен: 10 жыл көлемінде ревматоидты артритпен ауырады. Метотрексатты тұрақты қабылдайды. Рентгенде: өкпе түбірінің кеңеюі, өкпе суретінің күшеюі, өкпе құрылымының ұяшықталуы. Спирограммада: форсирленген тыныс шығару көлемінің төмендеуі.

Қандай дерттің болуы барынша мүмкін?

/

Өкпелік фиброздың

/

Өкпенің созылмалы обструктивті аурудың

/

Пневмонияның

/

Пневмониттің

/

Созылмалы бронхиттің

!

52 жастағы әйел, физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу, басының ауыруы, әлсіздік 2 апта ішінде пайда болғанын байқайды. Анамнезінен: 10 жыл көлемінде ревматоидты артритпен ауырады. Метотрексатты тұрақты қабылдайды. Қанда: АЛТ – 40 МЕ, АСТ - 55 МЕ.

Қандай дерттің болуы барынша мүмкін?

/

Токсикалық гепатиттің

/

Бауыр циррозының

/

Фелти синдромының

/

Майлы гепатоздың

/

Вирусты гепатиттің

!

50 жастағы науқас, соңғы екі жыл бойы тізе буындарының аздап ауыруы мазалайды, жүргенде күшейетін. Объективті: тізе буындарының пішіні бұзылған, буын айналасындағы тін тығызданған. Жалпы қан талдауы: өзгеріссіз. С реактивті ақуыз – теріс. Рентгенограммада: тізе буындарының саңылауының тарылуы, субхондральды склероз.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

/

Гонартроз

/

Коксартроз

/

Реактивті артрит

/

Анкилоздаушы спондилоартрит

/

Остеоартроз реактивті синовитпен

!

14 жастағы оқушы, дене қызуының 390С көтерілуі, ірі буындарында симметриялы, ұшпалы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 2 апта бұрын ангинамен ауырған. Қарап тексергенде: терісінде сақина тәрізді эритема, тізе буындары ісінген, қозғалғанда айқын ауырады.

Берілген диагноздардың қайсысы барынша мүмкін?

/

Жедел ревматикалық қызба

/

Ревматоидты артрит

/

Жүйелі қызыл жегі

/

Бехчет ауруы

/

Анкилоздаушы спондилоартрит

!

25 жастағы ер адам, бел омыртқа аймағы және сол жақ жамбас - сан буындарында ауру сезімі пайда болған, тізе буындарының ауыру сезімін, әсіресе, түнде күшейетін және қозғалысының шектелуіне шағымданады. Алғашында 6 ай бұрын тізе буындарының ауыру сезімі пайда болған. Объективті: омыртқа бойымен ауру сезімі. Қозғалысы шектелген. Қанда: гемоглобин 120 г/л, эритроциттер 3,7 мил, лейкоциттер 7 мын, эритроциттердің тұну жылдамдығы-30 мм/сағ, С реактивті ақуыз (оң мәнді), ревматоидты фактор (теріс).

Берілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

/

Анкилоздаушы спондилоартриттің

/

Рейтер ауруының

/

Ревматоидты артриттің

/

Туберкулезді спондилиттің

/

Бел омыртқа аймағының остеохондрозының

!

20 жастағы ер адам, жедел респираторлы вирусты инфекциядан 2 апта өткеннен кейін дене қызуы 37,50С дейін көтерілуіне, аяқтарында бөртпелерге, буындардың ауырсынуына шағымданады. Объективті: аяқтарында симметриялы майда, папулезді бөртпелер, тізе, тобық буындарының ауру сезімі. Қанда: лейкоцитоз.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

/

Геморрагиялық васкулит

/

Аллергиялық дерматит

/

Түйінді полиартериит

/

Облитерлеуші тромбоангиит

/

Түйінді эритема

!

30 жастағы науқас әйел, емханада қарап тексергенде бетінде амимия, ауызы айналасында «шақша» (кисет) тәрізді қатпарлар, қол ұшы саусақтарының терісі тығыздалған , мұздай.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

/

Жүйелі склеродермия

/

Жүйелі қызыл жегі

/

Шегрен синдромы

/

Фелти синдромы

/

Дәнекер тінінің аралас ауруы

!

26 жастағы ер науқас, 2 апта ішінде сол жақ тізе және тобық буындарының ауыру сезіміне, ісінуге, қозғалыстың шектелгеніне шағымданады. Анамнезінен: 1,5 ай бұрын уролог дәрігерде емделген. Қарап тексергенде сол жақ тізе, тобық буындарының пішіні өзгерген, гипертермия. Қанда: лейкоциттер-10 мың, эритроциттердің тұну жылдамдығы-25 мм/с.

Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу қажет?

/

Уретрадан қырынды алу

/

Ревматоидты факторда анықтау

/

Стрептококкқа қарсы

/

Райт және Хедельсон реакциясы

/

Зәр қыщқылының деңгейін анықтау

!

26 жастағы науқас, дене қызуының 380С көтерілуіне, сол жақ тізе, сирақ буындарындағы өткір ауыру сезіміне, олардағы домбығу мен қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Объективті: сол жақ тізе және тобық буындары ісінген, сипағанда ыстық, өткір ауру сезімді, сіңірі мен оң табан сүйегі ауырады. Қанында: лейк-10 мың, эритроциттердің тұну жылдамдығы-46 мм/сағ, С реактивті ақуыз оң мәнді. Ревматоиды фактор 1:10. Жалпы зәр анализі: протеин 0,066 г/л, лейкоциттер 7-8-8 к/а, эритроциттер 2-3 к/а.

Қандай препарат емге қажет?

/

Антибиотик макролидтер тобынан;

/

Қабынуға қарсы стероидты емес препарат;

/

Антибиотик пенициллин тобынан;

/

Алтын препараты;

/

Хинолинді.

!

50 жастағы науқас, соңғы екі жыл бойы тізе буындарының аздап ауыруы мазалайды, жүргенде күшейетініне шағымданады. Объективті: тізе буындарының пішіні бұзылған, буын айналасындағы тін тығыздалған. Рентгенограммада: тізе буындарының саңылауының тарылуы, субхондральды склероз.

Қандай препаратты тағайындау барынша тиімді?

/

Хондроитин сульфатты

/

Кальцеминді

/

Ампициллинді

/

Индометацинді

/

Триамцинолонды

!

32 жастағы әйел, соңғы 2 ай ішінде физикалық күш түскендегі еңтігуге, кешке қарай табанының сыртқы беткейінде ісінулерге, әлсіздікке, тез шаршаңдыққа шағымданады. Анамнезінде: 12 жасында буындардың зақымдалуымен және эндокардитпен жүрген, алғашқы ревматикалық шабуыл болған. Жүрек тондары бәсендеген, дөрекі пансистололық шу естіледі.

Көрсетілген зерттеулердің қайсысы барынша тиімді?

/

Допплерографиямен жүректің ультра дыбыстық зерттеу

/

Электрокардиография

/

Кеуде қуысының рентгенограммасы

/

Фонокардиография

/

СРБ анықтау

!

25 жастағы жігітте, бел омыртқа аймағы және сол жақ жамбас - сан буындарында ауру сезімі пайда болған, тізе буындарының ауыру сезімі, әсіресе, түнде күшейетін және қозғалысының шектелуіне шағымданады. Алғашында 6 ай бұрын тізе буындарының ауыру сезімі пайда болған. Объективті: омыртқа бойымен ауру сезімі. Қозғалысы шектелген. Қанда: гемоглобин-120 г/л, эритроциттер-3,7 мың, лейк 7 мын, эритроциттердің тұну жылдамдығы-30 мм/сағ, С реактивті ақуыз оң мәнді, ревматоидты фактор теріс мәнді.

Науқастың емінде қандай алғашқы таңдаулы препараты қолданады?

/

Сульфасалазин

/

Хинидин

/

Кризанол

/

Метотрексат

/

D-пеницилламин

!

30 жастағы науқас әйелді, емханада қарап тексергенде бетінде амимия, ауызы айналасында «шақша» (кисет) тәрізді қатпарлар, қол ұшы саусақтарының терісі тығыздалған, мұздай.

Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу барынша тиімді?

/

Тропоизомеразаға антиденелерді анықтау

/

Циклдік цитрулиннирленген пептидке антиденелер

/

Ревмотоидты факторды анықтау

/

Қос спиральды ДНК- ға антиденелерді анықтау

/

Антинуклеарлық антиденелерді анықтау

!

30 жастағы науқас, дене қызуының 38С дейін көтерілуі, бас ауыруы, бас айналуы, көз көру өткірлігінің төмендеуіне шағымданады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары солға ығысқан, жүректің барлық нүктелерінде мойын тамырлары, құрсақ қолқасына берілетін систолалық шу естіледі. Сол жақ шыбық артериясының пульсациясының бәсеңдеуі артериалды қан қысымы оң қолында 230/130 мм б., сол қолда 150/130 мм б., аяқта 220/110 мм б.

Қандай диагноздың болуы мүмкін?

/

Спецификалық емес аортоартериит.

/

Жедел ревматизмдік қызба;

/

Ревматизмдік емес миокардит;

/

Гигантты жасушалық артериит;

/

Артериальды гипертония;

!

30 жастағы науқас әйелді, емханада қарап тексергенде бетінде амимия, ауызы айналасында «шақша» (кисет) тәрізді қатпарлар, қол ұшы саусақтарының терісі тығыздалған , мұздай. Қанда: гемоглобиндер-120 г/л, эритроциттер-3 млн, лейкоциттер-4 мын, эритроциттердің тұну жылдамдығы-34 мм/сағ. SCL-70(+). Базисті терапияны жүргізу үшін қандай препаратты тағайындау барынша тиімді?

/

D-пеницилламинді

/

Делагилді

/

Димексидті

/

Циклофосфанды

/

Метилпреднизолонды

!

65 жастағы науқас, кенеттен басының ауруы, оң жақ көзінің көру өткірлігінің төмендеуі, иық-белдеуі бұлшықетіндегі ауырсыну, жүдеуге шағымданады. 3 жыл бойы ауырады. Кейін оң жақ бетіндегі ауру сезімі мен парестезиялар қосылды. Жағдайы ауыр, сипағанда оң самайындағы артерия тығыз, пульсациясы төмендеген. Артериялық қан қысымы 140/30 мм с.б.б. Қанда: лейкоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығы жоғарылаған.

Терапияны жүргізу үшін қандай препаратты тағайындау барынша тиімді?

/

Преднизалон

/

Кавинтон

/

Курантил

/

Селсепт

/

Плавикс

!

19 жастағы ер адам, 39оС дейінгі қызба, жөтел, бетінің қызаруына шағымданады. Объективті: бетінің ісінуі мен гиперемиясы. Кеудесінде, арқасында эритематозды папулезді бөртпе. Афтозды стоматит. Шаштарының түсуі. Қанда: эритроциттер - 3,0 млн, гемоглобин – 98 г/л, лейкоциттер - 3 мың, эритроциттердің тұну жылдамдығы – 40 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок - 0,99 г/л, эритроциттер 2-3-8 көру алаңында, цилиндр 0-1 КА.

Терапияны жүргізу үшін қандай препаратты тағайындау барынша тиімді?

/

Преднизалон

/

Кавинтон

/

Курантил

/

Селсепт

/

Плавикс

!

Науқаста ауыздың құрғауы, шөлдеу, жалпы әлсіздік, азғындық, зәр шығару кезінде қышынудың болуы. Жағдайының нашарлауы 1 ай көлемінде. Объективті: тері қабаты құрғақ , артерилады қан қысымы 135/80 мм/с б.б.

Қандай өзгеріске тән?

/

Инсулиннің салыстырмалы жетімсіздігі

/

Инсулиннің абсолютті жетімсіздігі

/

Инсулин резистенттілігінің төмендеуі

/

Антидиуретикалық гормонның төмендеуі

/

Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы

!

Науқас әйел тұншығу, ауа жетіспеушілігіне, ашуланшақтыққа шағымданады. Анамнезінде: жүйелі қызыл жегі. Тиретропты гормон төмендеген, тийодтиронин-72, тироксин-75.

Науқастың қазіргі жағдайын қандай өзгеріске байланысты?

/

Аутоиммунды өзгерістер

/

Қалқанша безінің қабынулы өзгерістері

/

Генетикалық өзгерістер

/

Хромосомды аномалиялар қалқанша безінің жарақаты

/

Қалқанша безінің жарақаты

!

55 жасар ер кісіде қант диабетінің І типі, физикалық жүктемеден кейін қысқа кезеңді қозулы кома дамыды.

Науқаста команың қай түрі дамыды?

/

Гипогликемиялық кома

/

Гиперосмолярлық кома

/

Кетоацидоздық кома

/

Бауырлық кома

/

Гипергликемиялық кома

!

43 жастағы әйел тез ашулануға, жалпы әлсіздік, құйылулар(приливы), тәулігіне 15 рет болуына шағымданады. Объективті: гипергидроз, артериалды қан қысымы - 150/90 мм.с. б.б. жүректің жиырылу жиілігі- 86 рет мин.

Қандай болжам диагноз?

/

Патологиялық климакс

/

Тиреотоксикоз

/

Ретериалдық гипертензия

/

Феохромоцитома

/

Гипотиреоз

!

39 жасар, әйел қаралу кезіндегі шағымдары: басының ауыруы, артық дене салмағына. Артериалды қан қысымы -180/100 мм.с.б.б. іш терісінің қоңыр қызыл жолақтары, тері гиперпегментациясы. Анамнезінде: қан сарусуында адреногортикотропты гормонның мөлшері аздап жоғарылаған.

Қандай келесі аурулардың салдары болуы мүмкін?

/

Иценко-Кушинг ауруы

/

Адиссон ауруы

/

Гипоталамиялық синдром

/

Алиментарлық семіздік

/

Конн синдромы

!

30 жастағы әйел қаралу кезіндегі шағымдары: жиі бас ауру. Тексергеннен кейін алғаш анықталған Конн синдромы диагнозы қойылды.

Науқаста артериялық қан қысымының жоғарылауы қай механизмге байланысты?

/

Қан тамыр ағымында судың және натрийдің жиналуы

/

Қандағы глюкокортикоид концентрациясының жоғарылауы

/

Қандағы катехоламиндердің концентрациясының жоғарылауы

/

Ангиотензин айналдырушы ферментінің активациясы

/

Ренин концентрациясының жоғарылауы

!

Науқас 39 жаста қаралу кезіндегі шағымдары: бастың ауыруы, құлақтағы шуыл. Тексеру кезінде жоғары артериалды қан қысымы 180/110 м.с.б.б. Гиперкальцемия, екі бүйректің табақшасының конкременттері анықталды.

Қандай себеп артериялық гипертензияны дамытты?

/

Гиперпаратиреоз

/

Аорта коарктациясы

/

Гипертиреоз

/

Бүйрек үсті безінің альдестеромасы

/

Иценко-Кушинг синдромы

!

48 жастағы әйелде қорқыныш сезімі, полидипсия, тахикардия байқалады. Артериалды қан қысымы - 300/130 мм.с.б.б. Қандағы глюкоза 20 ммоль/л.

Науқастың диагнозы?

/

Ферхромоцитома

/

Иценко-Кушинг синдромы

/

Артериалды гипертензия

/

Тиреотоксикоз

/

Конн синдромы

!

3 жыл бойы қант диабетінің І типімен ауыратын 15 жасар қыз бала инсулино терапиясын алады. Аздаған физикалық жүктемеден кейін естен танып, қысқа мерзімде тырысу болды.

Терісі ылғалды, төменде көрсетілген диагноздың қайсысы болуы мүмкін?

/

Гипогликемиялық кома

/

Гиперосмолярлы кома

/

Кетацидоздық кома

/

Лактоацидоздық кома

/

Жедел өкпе-жүрек жеткіліксіздігі

!

46 жаста, ер кісі дәрігерге алғаш рет келуде. Шағымдары: шөлдеу, ауыздың құрғауы, айқ-қол саусақ ұштарының жансыздануы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі. Артериалды қан қысымы - 150/90 мм.с. б.б. Дене салмағы-80кг, дене салмағының индексі 32, қандағы глюкоза-9,1 ммоль/л.

Қандай диагноз барынша мүмкін?

/

Метаболикалық синдром

/

Қан диабеті 2 тип

/

Қан диабет 1 тип

/

Семіздік

/

Артериалды гипертензия

!

18 жастағы, жеткіншек жедел респираторлы инфекциямен ауырғаннан кейін 3 апта өткеннен соң салмағының төмендегенінің, шөлдеу сезімінің пайда болғанын, кіші дәреттің жиілегенін байқаған. Тілі мен тері қабаттары құрғақтау. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Ашқарынға гликемия 17 ммоль/л. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы-1030, кетон денелері (++), глюкоза 5 %.

Қандай ем тиімді?

/

Инсулин 0,1 б/кг есеппен

/

Инсулин 6 бірлік

/

Сиофор 1таб кешкі уақытта үнемі

/

Диабетон мр 2 таб азанда, үнемі

/

Инсулин 1,0 б/кг есеппен

!

Ұзақ уақыт бойы қант диабеті І типімен ауыратын, 45 жастағы ер кісі тексеру кезінде тұрақты микроальбуминурия анықталды.

Қандай емдеу түрі тиімді?

/

Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын тағайындау

/

Диуретиктерді тағайындау

/

Антикоагулянттар

/

Ақуыз препараттары

/

Антиагреганттар

!

Жансақтау бөліміне қант диабеті І типімен ауыратын 29 жасар науқас диабеттік кетоацидозбен түсті.

Қандай дәрі бірінші кезекте тағайындалады?

/

Натрий хлорид 0,9% ерітіндісі

/

Реополиглюкин

/

Глюкоза 5%ерітіндісі

/

Глюкоза 40%ерітіндісі

/

Натрий хлорид 7,5% ерітіндісі

!

Науқас, 44 жаста шағымдары салмағының артуы, басының ауыруы. Объективті: беті қошқыл қызыл түсті, іші өскен, аяқ-қолдары жүдеген, артериалды қан қысымы-190/110 мм.с.б.б. Рентгенограммада: омыртқада остеопороз белгісі анықталды. Қан мен зәрде гидрокортикотропин деңгейі сәл жоғарылаған.

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

/

Иценко-Кушинго синдромы

/

Семіздік

/

Глоиерулонефрит. Созылмалы бүйрек жетіспеушелік

/

Біріншілік альдестеронизм

/

Гипертония ауруы

!

55 жастағы, әйел шөлдеуге, полиурияға, арықтауға, түнгі мезгілдегі тершеңдікке, бас ауруына шағымданады. Артериалды қан қысымы-70/40 мм.с.б.б. төмендеді.

Қандай мүмкін болатын диагноз?

/

Феохромацитома

/

Климактериялық невроз

/

Иценко-Кушинг ауруы

/

Иценко-Кушинг синдромы

/

Вегето-тамырлық синдром

!

40 жастағы, ер кісі шағымдары тез қозғыштық, жиі жүрек соғысы, тез шаршағыштық. Тексеруден кейін эндемиялық зобтың түйінді формасы диагнозы қойылды.

Емдеу тактикасы ?

/

Йодомарин

/

Тирозол

/

Преднизолон

/

Меркозолил

/

L-тироксин

!

30 жасар, әйел шағымдары салмағының артуына, жиі басының ауруы, іштің өтуі, аяқ қолдың жүдеуіне. Артериалды қан қысымы - 180/110 мм.с. б.б. Иценко-Кушенг ауруы диагнозды қойылды.

Қандай ем түрі тиімді?

/

Бүйрек үсті безінің ісігін алып тастау

/

Капотен

/

Преднизолон

/

Спиронолактон

/

Азатиоприн

!

40 жастағы, әйел 10 жылдан бері гипотиреозбен ауырады. 125 мг тәуліктік дозамен тиреоидты препаратты ұзақ уақыттан бері қабылдайды. Науқаста тері қабатының құрғақтығы, іш қатуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ұйқышылдық сақталады. Анамнезінде тиреоидты гормондардың деңгейі жоғары.

Дәрігердің жүргізу тактикасы қандай?

/

Тироксин мөлшерін жоғарылату

/

Преднизолон тағайындау

/

Меркозолилді тағайындау

/

Оперативті емге жіберу

/

Азотиоприн тағайындау

!

12елі ішек ойық жарасымен ауыратын науқастың уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі қанша?

/

21-28 күн.

/

45-50 күн.

/

50-70 күн.

/

9-12 күн.

/

5-7 күн.

!

Дене жүктемесін тоқтатқанда басылушы, жүгіру барысында пайда болатын төс тұсында қысып ауырсыну стенокардияның қай түріне тән?

/

Тұрақты күштемелі стенокардия I ФК.

/

Тұрақты күштемелі стенокардия II ФК.

/

Тұрақты күштемелі стенокардия III ФК.

/

Тұрақты күштемелі стенокардия IV ФК.

/

Тұрақсыз стенокардия.

!

29 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге күндізгі уақытта аптасына 1-2 рет, түнгі уақытта айына екі реттен жиі мазалайтын демікпе ұстамасына шағымданды. Ұстама барысында сальбутамолды ингаляция түрінде қолданады. Ауру белгілері бір жылдан бері байқалады. Темекі шегеді. Жағдайы нашарлауын салқындаумен байланыстырады. Объективті - өзгерістер анықталған жоқ. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы сальбутамолмен дем алғаннан соң 20 минуттан кейін алғашқы көрсеткішімен салыстырғанда 25 % жоғары. Ұстамадан тыс уақытта тыныс шығарудың жылдамдық шыңы қажетті мөлшердің 80% құрайды, тыныс шығарудың жылдамдық шыңы көрсеткішінің ауытқуы 30%.

Қандай диагноз ең дұрысы?

/

Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, жеңіл ағымды персистирленген

/

Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, жеңіл интермиттирленген ағымы

/

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жеңіл ағымы

/

Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, орташа ағымды персистирленген

/

Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, ауыр ағымды персистирленген

!

45 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауыруына, жүрек айнуына, жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып келді. Екі жыл ішінде артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Артериялық қан қысымының ең жоғарғы деңгейі 150/95 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. Клиникалық зертханалық тексеру нәтижелері өзгеріссіз.

Артериялық гипертензияның дәрежесі мен қатер тобын анықта:

/

Артериялық гипертензия I дәрежесі, қатер тобы IV

/

Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы III

/

Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы IV

/

Артериялық гипертензия III дәрежесі, қатер тобы III

/

Артериялық гипертензия, III дәрежесі, қатер тобы IV

!

55 жастағы ер адам, дәрігерге аяқ астынан пайда болған ентігуге, көкірек тұсында ауырсыну, жүрек соғысы жиілеуі, қанды қақырық, тершеңдік пайда болуына шағымданды. Объективті тексергенде цианоз, мойын веналары кеңеюі, аяқ веналарының варикозды кеңеюі байқалады. Өкпеде плевра үйкеліс шуылы естіледі. Электрокардиограммада: SІQІІІ синдромы, P-pulmonale, Гис бұтағының оң жақ аяғының толық емес блокадасы анықталды. Қандай диагноз ең дұрысы?

/

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы.

/

Миокард инфаркті.

/

Астматикалық статус.

/

Өкпе бөлігінің ателектазы.

/

Өкпенің ошақты туберкулезі.

!

19 жастағы ер бала дәрігерге жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінде дене жүктемесінен кейін естен танып қалу байқалған. Анасы жағынан жақын туысқандарының ішінде жастай аяқ астынан өлім жағдайлары болған. Объективті тексеруде дене бітімі жақсы, көкірек торы деформацияланбаған. Тері қабаты қалыпты. Жүрек аускультациясында жүрек түрткісінде төс бойына жақсы берілетін қатал систолалық шу естіледі. АҚҚ 120/80 мм сынап бағанасы бойынша, пульс минутына 84 рет. Электрокардиограммада І, aVL, V5,V6 тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі анықталды. Эхокардиограммада сол жақ қарынша мен қарыншааралық пердесінің айқын гипертрофиясы анықталды.

Осы патологияда кардиалгияның пайда болу себебі қандай?

/

Салыстырмалы коронарлық жетіспеушілік.

/

Спецификалық емес коронарит.

/

Коронарлық артериялар спазмы.

/

Қанда эндорфиндер деңгейінің төмендеуі.

/

Коронарлық артериялар атеросклерозы.

!

35 жастағы ер адам, дәрігерге бас ауруына, бұлшық еттер әлсіздігіне, шөлге, көп зәр шығуына, қайтымды тырысу байқалатынына шағымданып келді. Ауру белгілері бірнеше ай бойы мазалайды, аурудың басталуын ешқандай себеппен байланыстырмайды. Объективті тексергенде науқаста АҚҚ 170/100 мм сынап бағанасына дейін жоғарылауы анықталды. Анализдерінде гипокалиемия– 2,5 ммоль/л, гипернатриемия – 170 ммоль/л анықталды.

Болжам диагноз қандай?

/

Біріншілік гиперальдостеронизм.

/

Реноваскулярлы гипертония.

/

Феохромоцитома.

/

Диабеттік нефропатия.

/

Бүйрек поликистозы.

!

57 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында 30 минутқа созылған, нитроглицеринге басылмайтын қысып ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілуіне шағымданды. Электрокардиограммада І, ІІ, aVL, V5-V6 тіркемелерінде Q тісшесі және монофазалы қисық анықталды.

Қандай диагноз ең дұрысы?

/

Сол жақ қарыншаның алдыңғы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

/

Сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

/

Сол жақ қарынша түрткісінің Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

/

Сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік және бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

/

Сол жақ қарыншаның артқы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

!

30 жастағы әйел, дәрігерге жүрек айнуымен, іш кебуімен, қатты терлеумен бірге байқалатын және көп зәр шығарумен аяқталатын жүрек соғысы жиілеу ұстамасына шағымданды. Алғашқы ұстама үш ай бұрын мазалаған, дәрігерге қаралмаған. Объективті тексергенде ішкі органдар жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. АҚҚ 110/80 мм сынап бағанасы бойынша, пульс минутына 78 рет. Электрокардиограммада PQ интервалының қысқаруы, QRS комплексінің кеңеюі мен деформациясы, QRS комплексінің алдыңғы тармағының «сатылы» деформациясы, ST интервалының дискордантты жылжуы анықталды.

Науқаста қандай жүрек ырғағы бұзылысының түрі болу мүмкін?

/

Синдром Уайт-Паркинсон-Вольф синдромы пароксизмалды жүрекшелік. тахикардия ұстамасымен

/

Синустық түйіннің әлсіздік синдромы.

/

Қарыншалық экстрасистолия.

/

Гис буынының оң жақ аяқшасының толық блокадасы.

/

II дәрежелі атриовентрикулярлы блокада Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасымен.

!

22 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге тез шаршауға, аздаған дене жүктемесінен кейін ентігуге шағымданып келді. Обьективті тексергенде беті көкшіл қызғылт, жүрек түрткісі солға жылжуы, жүрек аускультациясында І тонның әлсіреуі, сол жақ қолтықастына берілетін І тоннан кейін бірден естілетін систолалық шу, ІІІ патологиялық тон анықталды. Электрокардиограммада сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша гипертрофиясы анықталды.

Қандай диагноз барынша мүмкін?

/

Митралді жетіспеушілік

/

Митралді стеноз

/

Аорталді стеноз

/

Аорталді жетіспеушілік

/

Үшжармақты қақпақша стенозы

!

55 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында физикалық жүктемеге байланысы жоқ, бірақ нитроглицеринге басылатын, қысып ауырсынуға шағымданып келді. Аяқ көқтамырларында варикозды ісіну бар. Қан қысымы 160/90 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. Электрокардиограммада спецификалық өзгерістер жоқ.

Қандай келесі диагностикалық тексеру түрі болуі мүмкін?

/

Тәуліктік мониторинг

/

Велоэргометрия

/

Обзиданмен сынама жүргізу

/

Коронароангиография

/

Қандағы ферменттер мөлшерін анықтау

!

43 жасар ер адам, аспаз, жалпы тәжірибелік дәрігерге жеңілдік әкелмейтін, аз мөлшерде кілегейлі қақырық бөлінетін қатты жөтелге, физикалық жүктемеде пайда болатын ентігуге шағымданып келді. 4 жылдан бері ауырады. 14 жасынан темекі шегеді. Көкірек торы бөшке пішінді, бұғана үсті кеңістіктері ісінген. Дауыс дірілі екі жақтама төмендеген. Перкуссияда қораптық дыбыс. Тынысы қатаң, тыныс шығаруы ұзарған, бүйір бөлімдерінде дисканттық, қатты тыныс шығарғанда күшейетін сырылдар естіледі.

Науқасқа не тағайындау қажет?

/

Бронхты кеңейтуші препараттар.

/

Жөтелге қарсы препараттар.

/

Дәрумендер.

/

Антиагреганттар.

/

Седативті препараттар.

!

30 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге 1 ай бойы антибиотиктерге тұрақты, 38 0С дейін жоғарылаған дене қызуына, гипергидрозға шағымданып келді. Тексеріп көргенде: мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ-ң 50 мм/сағатқа көтерілуі анықталды. Диагнозын анықтау үшін не істеу қажет?

/

Бейспецификалық ем тағайындап көру

/

Цитостатиктер тағайындап көру

/

Жергілікті антибиотиктер тағайындау

/

Кортикостероидтар тағайындап көру

/

Антибиотиктер тағайындап көру

!

40 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздікке, бас айналуына, көз қарауытуына шағымданып келді. Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, терісі және кілегейлі қабаты бозғылт.

Эритроциттері – 3,6 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л, түстік көрсеткіші – 0,83

Сарысудағы темір – 9 мкмоль/л. Сарысудың жалпы темірбекіту көрсеткіші – 76 мкмоль/л

Науқасқа қандай дәрілік ем тағайындау қажет?

/

Темір сульфаты 150 мг/т.

/

Витамин В12 200 мкг б/і күнара.

/

Преднизолон 20 мг/т.

/

Фолий қышқылы 5 мг/т.

/

Витамин Е 200 мг/т.

!

40 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге оң табанында қатты ауырсынуға шағымданып келді. Бір күн бұрын досының туылған күнінде болған, көп мөлшерде кәуап жеп, қызыл шарап ішкен. Ауырсыну таңғы сағат 6 шамасында басталып, оң аяқтың бірінші саусақ буынында орналасқан. Буын үстінде тері қызарған, ісінген, сипағанда ыстық және қатты ауырсыну байқалады, қозғалғанда, жүргенде күшейеді. Әлсіздік, дене температурасы 37,60С, бас ауыруы байқалады. Бұндай жағдай өмірінде бірінші рет болып тұр. Сіздің күдігіңіз подагралық шабуыл.

Сіздің диагностикалық тактикаңыз қандай?

/

Тәуліктік зәрде зәр қышқылын анықтау.

/

Буын пункциясы.

/

Қанның клиникалық талдауы.

/

Табанның R-граммасы.

/

Ревматоидты факторды анықтау.

!

55 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға шағымданып келді. Ауырсыну сол қолға беріледі, 3 қабатқа көтерілгенде немесе тегіс жерде 500 метрден артық жүргенде пайда болып, тыныштық күйде басылады. Бұл симптомдарға жүрек соғуы және беттің қызаруы қоса байқалады.

Қандай дәрі тағайындау дұрыс болады?

/

Метопролол 100 мг тәулігіне 2 рет.

/

Нитроглицерин тіластына (шектеусіз).

/

Кардикет 20 мг тәулігіне 3-4 рет.

/

ТромбоАсс 100 мг тәулігіне.

/

Симвастерол 10 мг тәулігіне.

!

67 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге ентігу мен жөтелдің күшеюіне, кілегейлі-іріңді қақырықтың бөлінуіне, субфебрилді температураға шағымданып келді. Көп жылдан бері өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауырады. Аускультативті өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі – минутына 28 рет, жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Артериялық қан қысымы 130/90 мм сынап бағанасы, пульс минутына 88 рет. Қай препаратты тағайындаған дұрыс?

/

Кларитромицин per os.

/

Гентамицин бұлшықетке.

/

Сальбутамол көктамырға.

/

Вентолин ингаляциялық.

/

Сальбутамол ингаляциялық.

!

47 жасар әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауру, жүрек айну, жүрек тұсында ауырсыну, жүректің қатты соғуына шағымданып келді. 10 жылдан бері бронх демікпесімен диспансерлік тіркеуде тұрады. Қан қысымы 170/90 мм сынап бағанасы.

Науқастың қосымша бронх демікпесімен ауыратынын ескере отырып, қайсы препаратты тағайындауға болмайды?

/

Карведилол.

/

Лизиноприл.

/

Верапамил.

/

Индапамид.

/

Амлодипин.

!

«Жедел дизентерияға» қандай нәжіс тән?

/

«Ректальді түкірік» тәрізді

/

«Таңқурай мүгі» тәрізді

/

«Батпақ балдыры» тәрізді

/

«Күріш қайнатпасы» тәрізді

/

«Бұршақ сорпасы» тәрізді

!

Тілменің буллезді түріне қандай белгілер тән?

/

Серозды сұйықтықпен ірі көпіршіктер

/

Теріде майда көпіршіктің болуы

/

Ауырсынусыз карбункул

/

Ұзақ аурсыну синдромы

/

Жүйке талшықтары бойымен ауырсыну

!

Әйел 60 жаста. Саяжайда тұрады, ешкілер бағады. Жұқпалы ауруханаға мынадай шағымдармен түсті: қызару, оң жақ тізесінің ісінуі, қалтырау, дене қызуының жоғарлауы. Анамнезінде жедел 3-күн бұрын ауырған. Қарап тексергенде дене қызуы 38,5, оң жақ балтырдың төмеңгі бөлігінде, шекарасы айқын қызару. Пальпацияда ауру сезімі байқалады, терісін ұстап көргенде ыстық. Оң жақ шап аймағында үлкейген лимфа түйіндері, айналасындағы тінмен бірікпеген.

Болжам диагноз?

/

Оң жақ тізе аймағындағы тілмелік зақымдану

/

Оң жақ тізе аймағындағы сібір жарасы

/

Оң жақ тізе аймағындағы карбункул

/

Оң жақ тізе аймағындағы инфицирленген жара

/

Оң жақ тізе аймағындағы эризипелоид

!

Ер адам, 40 жаста. Жұқпалы ауруханаға ауруының 7-ші күні мына шағымдармен түсті: дене қызуының жоғарлауы, бас ауруы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, оң жақ қабырға астының ауруы, терінің сарғыштануы және қышуы.

Эпидемиологиялық анамнез: Балықшы, жиі толық қайнатылмаған балықты қолданады. Сарғаю бар адаммен қатынаста болмаған. Соңғы 6 айда парентеральды егу болмаған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 37,2 оС, теріде, склерадағы сарғаю айқын. Терідегі қасынған іздер, тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған, іші кебіңкі, өт қабы аймағында ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 1,5 см, зәрі қою қоңыр, нәжісі ашық сары, Жалпы қан анализінде –эозинофилия.

Болжам диагноз қойыңыз:

/

Вирусты гепатит А

/

Лептоспироз

/

Описторхоз

/

Иерсиниоз

/

Вирусты гепатит В

!

Ер адам, 26 жаста. Жұқпалы ауруханаға ауруының 2-ші күні мына шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі, жиі шұрылдаған көп мөлшердегі нәжіс, жүрек айну, көп мөлшердегі құсу. Ауру жедел басталған, бір тәулік ішінде жоғарыдағы симптомдар пайда болған. Жақында асханадан тамақтанған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,3 оС, гипотония, тахикардия, тері тонусы төмендеген, ерні және тілі құрғақ, іші жұмсақ, эпигастральды аймақта және кіндік аймағында ауру сезімі, нәжісі қабылдау бөлімінде сұйық болды және көп мөлшерде, өткір иісті, жасыл түсті түрде.

Болжам диагноз:

/

Сальмонеллез

/

Тырысқақ

/

Дизентерия

/

Иерсиниоз

/

Іш сүзегі

!

Ер адам, 23-жаста, жұқпалы ауруханаға мынадай шағымдармен түсті: нәжісінің сулы және жиі болуы, көп мөлшердегі сулы құсық, жүрек айнусыз. Жедел ауырған. Жақын арада Гаитиде қонақта болған. Қарап тексергенде: жалпы терісінің көгеруі, шырышты қабаттарының құрғауы, афония, көз алмасының төмен түсуі, бет ұштары үшкірленген. Тері тонусы төмендеген, айқын «кір жуушының қолы». Белгілері, тері жабындылары суық, дене қызуы 35,4 оС. Аяқ бұлшықеттерінде тырысу болған. Тілі құрғақ, қоңыр жабындымен жабылған, ентігу, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары әлсіз, тахикардия, гипотония, іші тартылған, ауру сезімсіз.

Алдын ала диагноздың болжамы?

/

Тырысқақ, гиповолемиялық шок

/

Сальмонеллез, гиповолемиялық шок

/

Жедел дизентерия ИТШ

/

Ішектік иерсиниоз ИТШ

/

Іш сүзегі ИТШ

!

Әйел, 32 жаста. Жұқпалы ауруханаға мынадай шағымдармен түсті: оң жақ тізесінің және оң жақ табан буындарының ауру сезімі, дене қызуының жоғарлауы, терлегіштік. 6-жылдан бері сауыншы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде жағдайы орташа ауырлықта, t-37,5 оС, терісі таза, ылғалдылығы жоғары. Микрополиаденит анықталады. Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Бауыр пальпацияланады. Оң жақ тізе буыны үлкейген, қимылы шектелген, ауырсыну сезімі байқалады. Анализінде: серологиялық реакция Райт әдісімен 1/200 қатынасы, Хеддльсон –оң.

Емдеу жоспарында қандай антибиотиктардын комбинациясын қолданған дұрыс?

/

Доксициклин, рифампицин

/

Пенициллин, канамицин

/

Левомицетин, эритромицин

/

Ампиокс, левомецитин

/

Тетрациклин, пенициллин

!

Ер адам 40-жаста. Жұқпалы ауруханаға мына шағыммен келді: әлсіздік, жүрек айну, дене қызуының жоғарлауы, нәжісі сұйық, шырыш немесе қан аралас, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі байқалады. Ауру жедел басталған. Асханадан тамақ ішеді, қолды жиі жумайды. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, t-37,7 оС, іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі. Сигма тәрізді ішек тығыздалған, ауру сезімімен, қабылдау бөлімшесінде нәжісі сұйық, шырыш пен қан аралас.

Бүл жағдайда кандай зерттеу тәсілін қолданған дұрыс?

/

Бактериологиялық

/

Иммунологиялық

/

Бактериоскопиялық

/

Вирусологиялық

/

Серологиялық

!

Әйел адам, 44-жаста, ауруханаға ауруының 4-ші күні мына шағымдармен келді: әлсіздік, бас ауру, ауызының құрғауы, тыныс алуының қиындауы, көруінің нашарлауы. Анамнезінде маринадталған консервіленген саңырауқұлақ жеген. Қарап тексергенде : t-37,5 оС, жағдайы ауыр, адинамия, есі анық, птоз, жеңіл анизокория, дауысының қарлығуы, жұту қиындауы, суды қиналып ішеді, аз мөлшерде. Айқын тахикардия, гипотония, жүрек үндері әлсіреген, іші жұмсақ, кебіңкі, эпигастральды аймақта ауру сезімі байқалады. Нәжісі тек клизмадан кейін, зәр шығаруы қалыпты.

Бүл жағдайда алғашқы ретте қандай препаратты енгіземіз?

/

Ботулизмге қарсы сарысу

/

Сіреспеге қарсы сарысуы

/

Дифтерияға қарсы сарысуы

/

Вирусқа қарсы препарат Виферон

/

Антибактериальды препарат Пенициллин

!

Геолог, 35-жаста. Жұқпалы ауруханаға ауруының 9-шы күні мына шағымдармен келді: Басының ауруы, әлсіздік, ұйқысының бұзылуы,тәбеттің төмендеуі, ауруы біртіндеп басталған, ауруының 4-5 күні, дене қызуы t-39,0 оС. Анамнезі: 14 күн алдын іс-сапардан келген. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, t-39,0 оС, адинамия, беті бозарған, теріде іш аймағында розеолезды элементтер, тілі ылғалды, көбіне тілінің және шеттерінде тістің іздері бар, оң жақ мықын аймағы шұрылдау және перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, гепатомегалия.

Аталған антибиотиктардің ішіндегі тиімдісі?

/

Левомецитин

/

Пенициллин

/

Доксициклин

/

Ампициллин

/

Тетрациклин

!

16-жасар оқушы, ер бала, жұқпалы ауруханаға ауруының 2-ші күні түсті. Шағымы: Жедел бас ауруы, t-39,5 оС, 3- рет құсу, жүрек айнусыз. Қарағанда: жағдайы ауыр, бозғылт, әлсіз. Қабылдау бөлімінде құсу, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі, Керниг симптомы оң.

Бүл жағдайда қандай диагностикалық тексеру қажет?

/

Ликворограмма

/

Гемокультураға қан

/

Биохимиялық қан анализі

/

Қанның серологиялык тексеруі

/

Зәрдің бактериологиялық тексеруі

!

Ер адам, 25-жаста, емханаға мына шағымдармен келді: науқастың дене қызуы 4 аптаға созылған. Нәжісі сұйық, тәулігіне 2-3 рет. Терісінде бөртпелер, түнде терлеу, 17-жасынан бері наркотикалық инъекция қабылдаушы. Қарағанда: дене қызуы 38,5 оС. Терісі бозғылт, ылғалды, кеуде клеткасының алдыңғы, жоғары бөлігінде және арқасында розеолезді бөртпелер, қолтық асты бездерінің мөлшері бұршақ тәрізді. Айналасындағы тінмен біріккен лимфа түйіндері анықталады.

Бүл жағдайда қандай диагностикалық тексеру қажет?

/

Иммуноблотинг

/

Биохимиялық анализ

/

ИФА

/

Серологиялық

/

Бактериологиялық

!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]