Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
test.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

35 Жастағы науқас терапевтке әлсіздікке, шаршағыштыққа, бас ауруына, кеудедеге жағымсыз сезімдерге шағымданып келді. Осындай бұзылыстар байқалуы мүмкін?

/

неврастенияда

/

депрессивтік синдромда

/

алкоголдік абстиненттік синдром

/

истерия

/

жабысқақ жағдайлар неврозда

!

Науқас Л ,17 жаста.Асфиксия жағдайында шала жетіліп туылды.Әлсіз, аурушаң болып өсті.Мінезі тұйық, қарым қатынасқа түспейтін,сөйлеспейтін болып қалыптасты.Құрбылары болмады, әңгімелесу орнына кітап оқуды қалады.Бұл психопатия түрінде мүмкін болатын болжам?

/

тұрақты, аз қайтымды жағдай

/

толығымен сауығу

/

жағдайының баяу жақсаруы

/

толқын тәрізді ағым жиі маусымдық өршумен

/

прогредиентті(өрістеуші ) ағым

!

Бір айдың ішінде ұйқы бұзылысы аптасына 3 рет болады,айқын субъективті күйзеліске әкеледі,әлеуметтік және кәсіптік фукцияларды қиындатады,ұйқысыздықты соматикалық аурулармен немесе психоактивті заттарды қабылдаумен түсндіруге болмайды.Осы жағдай ненің диагностикалық критериі болады?

/

органикалық емес табиғаты бар ұйқысызды

/

органикалық табиғаты бар ұйқысыздық

/

органикалық табиғаты бар сомноленция

/

органикалық емес табиғаты бар сомноленция

/

гиперсомнияпсихогеннді табиғаты бар

!

Науқас Д. 32 жаста. ЖҚТБ-ны (СПИД) жұқтыртып аламын деген үнемі жабысқақ қорқыныштар мазалайтынына шағымданады. «Жұқтырып алмау үшін» күніне бес рет душ қабылдайтынын, қолдарын жиі жуатынын және іш киімін жиі ауыстыратынын айтты. Ұсынылатын ем түрі?

/

антидепрессанттар, транквилизаторлар

/

тырысуға қарсы ем

/

витаминотерапия

/

ноотроптар

/

литий тұздары

!

38 жастағы науқас. Инженер, 15 жасынан бастап темекі шегеді. Егер шылымды уақытында шекпесе ашуланшақ, тынымсыз болып кетеді, шылым шегуге деген тоқтамсыз әуестігі бар, жұмыс істей алмайды, жөтел, бас ауыруы, бас айналуы пайда болады. Бұл көріністер шылым шеккеннен кейін толығымен басылады. Науқастағы никотинге әуестік диагнозын қандай белгілер растайды?

/

Абстиненттік синдром

/

Жоғары төзімділік

/

Психикалық және соматикалық бұзылыстар

/

Қолдану түрінің өзгеруі

/

Интоксикациялық энцефалопатия

!

15 жастағы жасөспірім, мас күйінде сыртынан қарасаң есеңгіреулі, есі ауып мелшиіп қалғандай көрінеді, басы салбыраған, көзі жарым-жартылай жабылған, жүзінде қатып қалған күлімсіреу, өзіне сөйлеп тұрғандарды ешқандай ілтипатына алмайды. 1,5 минуттан соң ПАЗ-ды қолдануын тоқтатқаннан кейін масаю көріністерінің кері өркендеуі басталған: галлюцинациялар жоғалған, бағдары қалпына келген, ашушаңдық, бас ауыруы, бас айналу, әлсіздік, босаңдық, жүрегі айнуы пайда болған, жүрісі төселмеген, бет әлпеті қызарған, қарашықтары ұлғайған, көзінің аққабықтары қызарған, жүрек қағысы жиіленген. Қандай затқа салынғаны жайлы айтып тұр?

/

Ингалянттарға

/

Анашаға

/

Кокаинға

/

Барбитураттарға

/

Апиынға

!

Науқас О, 48 жаста. Бірнеше рет келіп түскен. Ауруханаға түсердің алдында оңашаланып,тұйықтала бастаған. Науқасты сөзге тартқанда күйеуі мен балаларына көз алмастан қарап,бір нәрсеге құлақ түріп отырғандай болған. Госпитализациянудың алдында ерекше үркігіш және мазасыз болған. Туыстары науқастың бірнеше рет «жоқ, істемеймін, қаламаймын» деп айтып жатқанын естіген.Түнде ұйықтап жатқан күйеуін балғамен ұрмақшы болған. Психиатриалық ауруханаға жеткізіліп,госпитализацияланған. Дәрігермен сөйлесу кезінде,басының ішіне тікелей Америкадан келетін сигналдарды алатынына сенеді. Басының ішінен әйел және ер адамның дауыстарын естиді. Ол дауыстар күйеуі мен балаларын өлтіруді бұйырған,олардың енді басқа,бөтен адамдар екенін айтқан. Жанындағы адамдар оған қарсы ұйымдасып,аңдып жүретініне сенімді. МКБ-10 бойынша нозологиялық диагнозды анықтап,емінің психофармакокинетикасын тағайындаңыз?

/

параноидты шизофрения, нейролептиктер, корректорлар

/

тон тәрізді шизофрения, транквилизаторлар, ноотроптар

/

рекуррентті шизофрения, нейролептиктер, нормотимиктер

/

әлсіз дамитын шизофрения , нейролептиктер, транквилизаторлар

/

кеш шизофрения, ноотроптар, корректорлар

!

Науқас М. 23 жаста.МПСО-ға бірінші рет түсіп отыр. Тұқымқуалаушылығы анасының ауруымен асқынған (анасы шизофрениямен ауырған,баласына 2 жас болғанда өз-өзіне қол жұмсаған). Стационарда байланысқа аз түседі,өз жеке басына қатысты сандырақтық ұлылық ойлар (ол әкесінің миллиондарының жалғыз мұрагері,тегінің жалғастырушысы,талантты ғалым), қатынастық ойлар,әпкесінің атына сөгулер (қорлайды,сыйламайды,әкесінің құжаттары мен ақшасын жасырады және оның ақшасын пайдаланады), әсер ету сезімдері туралы айтады (әсер ету сезімдері, «эзотерикалық әулиелер» тұрғысынан басқарылады), шизофрениялық типті ойлау бұзылысы (клиникалық және экспериментальді-психологиялық мәліметтер бойынша), эмоциональді өзгергіштік, жекелену, апатия, аутизм, инфантилизм. Осы науқастың емдеу жоспарының психофармакокинеткасын құрыңыз?

/

нейролептиктер, корректорлар

/

дезинтоксикационды терапия, ноотроптар

/

витаминотерапия, транквилизаторлар

/

антидепрессанттар, ноотроптар

/

психостимуляторлар, транквилизаторлар

!

Емделуші психобелсенді заттармен өткір ұланған: тежелулі, сана-сезімі терең есеңгіреген дәрежеге дейін жабырқаулы, сирек үстіртін дем минутына 2-3 дем, брадикардия, гипотермия, қарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы жоқ, бозарыңқылық, тері жамылғыларының құрғақтығы, АҚ-ның төмендеуі. Осы психоактивті заттармен ұланған кезде емдеудің таңдау әдісі күре тамырға жіберу болып саналады:

/

Налоксонды

/

Диазепамды

/

Бромокриптинді

/

Преднизолонды

/

Дроперидолды

!

Емделушінің мас күйіндегі сыртқы көрінісі: беті: көздері жарым-жартылай жабылған және аузы ашылған, қозғалыссыз, қатып қалған, жансыз, жоғарғы бөлігі қызарған, сәл ісіген, бет әлпеті мәнсіз ақымақтау; көзінің аққабықтары сәл қызғарған, нұрқабығы мөлдір, көз қарашықтары сіріңкенің басындай; қолдың баяу қозғалысымен орналасуы қимылсыз, сөйлеген сөзі созылыңқы. Осы психоактивті заттармен ұланған кезде емдеудің таңдау әдісі күре тамырға жіберу болып саналады:

/

Бромокриптинді

/

Диазепамды

/

Преднизолонды

/

Налоксонды

/

Дроперидолды

!

Сарғаю алды кезеңіндегі вирусты гепатитті диагностикалау мақсатында қолданылатын бихимиялық көрсеткіш:

/

аланинаминотрансфераза белсенділігі

/

билирубин деңгейі

/

тимол сынамасы

/

сулема титрі

/

аспартатаминотрансфераза деңгейі

!

Вирусты гепатит В-ның қай маркері қанда анықталмайды.

/

HbсAg

/

Hbs Ag

/

HbeAgIg M

/

HbeAgIg G

/

HbeAg

!

Науқас П. сырқатының 2-ші күні үйіне дәрігерді шақыртты. Шағымы: дене қызуы 38,5°C көтерілген, қалтыраумен, басының қатты ауырсынуы, әсересе мандай және қас үсті бөлімі, мұрнының бітелуі, түшкіру, жарықтан қорқу, төс артында күйдіріп ауырсыну, құрғақ жөтел. Эпиданамнез: 3 күн бұрын әйелі сол сияқты сырқаттанған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, араңы қызарған, беті гиперемияланған. Дене қызуы 38,6°C. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Сіздің тактиканыз:

/

ем тағайындап үйде қалтыру

/

науқасты лабораторлы зерттеуге жолдау

/

инфекционды бөлімшеге жатқызу

/

өкпе рентгенографиясын жасау

/

антибактериальды терапия тағайындау

!

Науқас А. 27 жаста, сырқатының 8-ші күні келесі шағымдармен келді: басының ауырсынуы, ұйқысының қашуы, дене қызуы (4 күн бойы) 39,5°C көтерілген, тәбетінің болмауы. Ауруы біртіндеп дамыды. Обьективті: терісі бозарған, ішінде біраз розеола тәрізді бөртпе, пульс 82 рет минутына (дене қызуы 39,5°C болып тұрғанда), ішінің вздутие живота, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, Падалк симптомының оң болуы. Қандай зерттеу диагнозды негіздейді?

/

Гемокультура

/

Жұлын пункциясы

/

қанның жалпы анализі

/

Қанның паразиттерге тексеру

/

Райт реакциясы және Хеддельсон реакциясы

!

Науқас Н., 20 жаста,ауруханаға ауруының 2-ші күні сол жақ мықын аймағының толғақ тәрізді ауырсынуына, жиі ,сұйық нәжісінің шырыш және қан аралас болуына (күніне 10 ретке дейін), дене температурасы 38,5°C жоғарылауына, жалған шақыруларға, жүрек айнуына, қайталамалы құсуға, әлсіздікке шағымданады. Берілген сырқатқа негізгі емді тағайындаңыз.

/

Этиотропты

/

патогенетикалық

/

регидрациялық

/

дегидрациялық

/

симптоматикалық

!

Дәрігерге 20 жастағы шабан қаралды, бұл науқаста мынандай симптомокомплекс анықталды: аурудың жедел басталуы, 6 апта бойы толқынтәрізді қызба, қалтырау, түнгі уақыттағы тершеңдік, лимфа түйіндерінің, бауыры, көкбауырының ұлғаюы, оң жақ тізе буының ауырсынуы және ісінуі. Болжам диагнозды қай реакция арқылы нақтылауға болады.

/

Видаляь реакциясы

/

Пауль-Буннель реакциясы

/

Комплементтердің байланысу реакциясы

/

Райта реакциясы

/

Тура емес гемаглютинация реакциясы

!

Науқас Ж, 67 жаста, енжарлыққа, жара аймағы бұлшық еттерінің кернеп тартылуына шағымданып жанұялық дәрігерлік амбулаторияға келді. Бақшада жұмыс істеп жүргенде оң аяғының табанын терең жарақаттанған соң 12 күннен кейін ауырған. 2 күннен кейін аузын ашу және тамақты шайнау қиындаған, жұтынғанда ауырсыну пайда болған. Одан кейін бет бұлшық еттері қатайып, кеудесінде қысу сезімі пайда болған. Болжам диагнозыңыз.

/

Сіреспе

/

Құтыру

/

Кене энцефалиті

/

Жара ботулизмі

/

Менингит

!

Емханаға 25 жастағы әйел адам дене температурасының 37,8 көтерілуіне , тәбетінің төмендеуіне, тамағының ауырсынуына шағымданып келді. Эпид. анамнез: жұқпалы аурулармен қатынаста болмаған.Объективті: терісі таза, бозғылт. Аранда – тілшеде, таңдай доғасында қызыл шеңбермен қоршалған везикулезді элементтер. Жақ асты , алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері үлкейген. Ағзалар бойынша патология жоқ. Дұрыс диагноз қойыңыз.

/

энтеровируст ы инфекция, герпангина

/

Лакунарлық баспа

/

ЖРВИ, жедел бронхит

/

Фолекулярлы баспа

/

аран дифтериясы

!

Науқас К., 40 жас, мұғалім, аурудың бесінші күні мынадай шағымдармен түсті: дене қызуының 38,7°C дейін жоғарлауы, тамағындағы ауырсыну. Оқушыларының арасында ЖРВИ мен ауырғандар болған. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,6°C, бозғылт. Жақасты лимфа түйіндері пальпацияланады, ауырсынумен. Араңында– шырышты қабаттың көкшіл түспен тоқырау гиперемиясы, миндалиналары ұлғайған, жанаспалы, тілше ісінген. Миндалинада және тілшеде толықтай тығыз сұр–кір түстес жабын, оны алғанда астындағы тін қанайды, қиындықпен алынады. Ішкі ағзалар бойынша өзгеріссіз. Осы аурудың негізгі терапиясын таңдаңыз және себебін түсіндіріңіз.

/

вирусқа қарсы препараттар, аурудың қоздырғышы вирус болғандықтан /антибактериальды, аурудың қоздырғышы бактерия болғандықтан.

/

патогенетикалық , ауру қоздырғышы емдік препараты жоқ вирус.

/

симптоматикалық, жергілікті, барлық үрдіс араңда болғандықтан.

/

антитоксикалық, негізгі патогенетикалық фактор экзотоксин болғандықтан.

!

Дәрігерге науқас мынадай шағымдармен келді: әлсіздік, көз алдының қосарлануы, бір реттік құсу, көз алдының «тұмандануы», «торлану». Ауырғанына бір тәулік болған. Жуық арада саңырауқұлақтармен үй жағдайында жасалған жеміс консервілерін қолданған. Жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Дене қызуы 36,8° C. Даусы қатты. Екі жақты шамалы птоз, мидриаз, анизокория. Осы науқаста қандай терапия негізгі және неліктен?

/

Серотерапия (спецификалық сарысуды енгізу), өйткені патогенезінде негізі фактор экзотоксин болғандықтан.

/

Этиотропты, өйткені патогенезінде негізі фактор бактеремия болғандықтан.

/

Дезинтоксикациялық , өйткені патогенезінде негізі фактор эндотоксин болғандықтан.

/

Қабынуға қарсы, өйткені патогенезінде серозды қабыну негізгі болғандықтан.

/

Десенсебилизирлеуші, өйткені ГНТ дамуда.

!

Науқас И., 28 жаста, нашақор, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, шамалы диспепсиялық құбылыстарға (жүрек айну, сұйық нәжіс), көзінің сарғаюына шағымданып келді. Жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Терісі құрғақтау, склералары сарғайған. Тілі ақ жабынмен жабылған. Іші аздап кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 0,5- 1,0 см шығыңқы, тығыздау, шеті үшкір. Көкбауыры пальпацияланбайды. Қанның биохимиялық анализінде: АЛТ- 0,96 ммоль/л, билирубин- 36,8 мккат/л, тура билирубин- 29,8 мккат/л. Осы сырқаттың белсенділік дәрежесі қандай?

/

Созылмалы вирусты гепатит С, шамалы белсенділік дәрежесі

/

Созылмалы вирусты гепатит С, минимальды белсенділік дәрежесі

/

Созылмалы вирусты гепатит С, айқын белсенділік дәрежесі

/

Созылмалы вирусты гепатит С, бауыр циррозына өтумен

/

Созылмалы вирусты гепатит С, ремиссия кезеңі

!

Науқас С., 22 жаста, ауырған күні тусті, шағымдары: дене қызуының 39,2°С жоғарлауы, басының қатты ауырсынуы, құсу. Жедел ауырды. Жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, склера тамырлары инъекцияланған, конъюнктиваның ауыспалы қатпарында- қанталау. Сан және бөксе терісінде көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе бар, ол дұрыс емес пішінді, түрлі өлшемді (петехиядан экхимоздарға дейін), ұстағанда тығыздау. Кернинг, Брудзинский белгілері оң. Шүйде бұлшықеттерінің ригидттілігі айқын. Л- 16 х 109/л, ЭТЖ- 35 мм/сағ. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:

/

Менингококкты инфекция, жайылмалы форма, менингит, менингококкцемия, ауыр дәрежелі

/

Менингококкты инфекция, жергілікті форма, назофарингит орташа ауырлық дәрежесінде

/

Менингококкты инфекция, жайылмалы форма, менингит, ауыр дәрежелі

/

Менингококкты инфекция, жайылмалы форма, менингококкемия, ауыр дәрежелі

/

Менингококкты инфекция, жайылмалы форма, менингоэнцефалит, ауыр дәрежелі

!

Компьютерлі томография нәтижесінде екі жақтық фиброз және екі жақтық «бұлыңғыр шыны» өзгерістер барынша тән:

/

фиброзирлеуші альвеолитке

/

екі жақты пневмонияға

/

милиарлық туберкулезге

/

өкпе амилоидозына

/

өкпе саркоидозына

!

М. атты 38 жастағы науқаста плевраның үйкеліс шуылы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. неғұрлым мүмкін диагноз:

/

құрғақ плеврит

/

плевра эмпиемасы

/

жедел пневмония

/

экссудативті плеврит

/

бронхоэктаз ауруы

!

М. атты 55 жастағы науқас қиын бөлінетін қақырық, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. Бронхоөкпелік дертпен 15 жыл. Объективті: қатаң тыныс, барлық өкпе беткейінен құрғақ ызыңдаған сырылдар мен демді шығарудың ұзарғаны естіледі. неғұрлым мүмкін диагноз:

/

созылмалы обструктивті бронхит

/

пневмония

/

бронхиальды астма

/

бронхоэктаз ауруы

/

созылмалы іріңді бронхит

!

Науқас 28 жаста, стационарда сол жақ өкпенің т/б пневмониясымен ем алып жатыр. Емделудің 8 күні ентігуі және кеуде қуысының ауырлауы күшейді, субфибрилді температура сақталады. Науқаста қандай асқыну дамыды:

/

экссудативты плеврит

/

абсцедирлеу

/

пневмоторакс

/

ӨАТЭ, инфаркт пневмония

/

плевра эмпиемасы

!

Т., науқасы 68 ж, шағымдары үдеген ентігуге, Тексергенде: ЭТЖ-55 мм/с,. Рентгенде: плевралды сұйықтық. Плевралды пункция кезінде 900 мл геморрагиялық сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевра құысында сұйықтық қайта жиналуы байқалады. Диагнозды анықтау үшін қандай әдіс тиімді:

/

экссудаттың цитологиялық зерттеуі

/

компьютерлі томография

/

трансбронхиалды пункция

/

онкомаркерларға зерттеу

/

магнитты-резонансты томография

!

48 жастағы К. атты науқасты 10 жыл тұншығу ұстамасы, экспираторлы ентігу мазалайды. Тұншығу ұстамасы беротекпен басылады, 3 жыл бойы полькортолон қабылдаған. Соңғы 3 күнде тұңшығу ұстамалары жиілеп кетті, түнде 3-4 ретке дейін, тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 51%. Неғұрлым тиімді базисті терапия:

/

к/т преднизолон

/

эуфиллин к/т

/

атровент

/

небулайзер арқылы беротек

/

сальмотерол

!

Антибиотиктердің үлкен дозасымен емделіп жүрген науқаста ірінді-шырышты қақырықты жөтел, қалтырау, ыстығынын көтерілуіне мазалайды. Аускультативті аздаған тұрақсыз ылғалды және құрғақ сырылдар. Рентген қорытындысында - өкпе түбіріндегі өкпе суретінін кушеюі және ауыспалы ошақты инфильтраттар. Қақырықта Сandida табылды. Сіздің шараларыңыз

/

микосист (флюконазол)

/

цефазолин

/

лазолван

/

тималин

/

преднизолон

!

Ж. атты 48 жасар ӨСОА-мен ауыратын науқас өкпенің ыдыраусыз ошақты туберкулезімен ауруханада емделуде. Клиникалық жақсарудан кейінгі соңғы 3 күнде өнімсіз жөтелмен дене қызуы 38оС дейін көтерілгені байқалады. Науқастың жағдайының нашарлауының себебін анықтау үшін неғұрлым тиімді зерттеу әдісі:

/

қақырықты микрофлора сезімталдығына егу

/

томография

/

бронхоскопияны

/

БК қақырық анализі

/

атипті клеткаларға қақырық анализі

!

Т., атты 66 жастағы науқас қиын бөлінетін шырышты-ірінді қақырықты жөтелге, үдемелі ентігуге, физикалық жүктемеде күшеюінде, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Суық тигеннекенеттен ауырған. Күніне 25 темекі тартады, анамнезінде созылмалы бронхит. Аускультация кезінде әлсіреген везикулярлы тыныс, шашыраған құрғақ сырылдар екі жақта, оң жақта жауырын астында – ылғалды ұсақкөпірішікті сырылдар. Сол жерлерде перкуторлы – тұйықталған дыбыс. Рентгенде: оң жақ өкпенің т/б көптеген инфильтративты көлеңкелер, көлемі 1-2 см. Лейкоциттер – 14 мың., ЭТЖ - 22 мм/с. Қандай диагноз ықтимал:

/

ӨСОА, орташа ауырлықта, өршуі, оң жақ өкпенің т/б пневмониясы.

/

созылмалы ірінді бронхит, өршуі

/

ӨСОА, орташа ауырлықта, өршуі

/

созылмалы бронхит, жеңіл ағым, өршуі

/

созылмалы бронхит, орташа ауырлықта бронхоэктаздармен, өршуі

!

64 жастағы көп жыл бойы ӨСОА-мен ауыратын науқас суықтаудан кейін пайда болған дене қызуының көтерілуі, шырышты-іріңді қақырықты жөтел, ентігу, әлсіздік, терлегіштікке шағымданады. Рентгенде: оң жақ өкпе тінінің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталаған. Цефазолин және линкомицин тағайындалған. Емделудің 3 күні қақырық анализінде кандидалар табылды. Сіздің тактиканыз:

/

кларитромицин + амброксол + ипратропиума бромид

/

тетрациклин + метрогил + лазолван

/

амоксиклав + гентамицин + бромгексин

/

цефазолин + преднизолон + бромгексин

/

пенициллин + амброксол + сальбутамол

Кардиология

!

Жедел миокард инфарктында фибринолитикалық емiнiң тиiмдi мезгiлi:

/

3-4 сағатқа дейiн

/

12 сағ.дейiн

/

24 сағ дайiн

/

48 сағ.дейiн

/

1 апта бойы

!

Ентігу, тұншығу ұстамасы, физикалық күштемеге төзімділіктің төмендігі, инфантилизм, физикалық дамудың кешігуі, жүректегі систолалық шуыл мынаған барынша тән?

/

жүректің іштен туа пайда болған ақауларына

/

өкпе эмфиземасына

/

бронхиальды астмаға

/

жүректің жүре пайда болған ақауларына

/

бронх-өкпе жүйесінің іштен туа пайда болған аномалияларына

!

Тыныс алу органдарының созылмалы ауруы кезінде өкпелік гипертензияның себептерін көрсетініздер:

/

Өкпелік гипертензия өкпе тамырларында қарсыласудың жоғарлауы салдарынан

/

Өкпелік гипертензия өкпе веналарында қысымның жоғарлауы салдарынан өкпе артериолалардың рефлекторлы спазмымен байланысты

/

Өкпелік гипертензия өкпе веналарында қысымның жоғарлау салдарынан

/

Өкпелік гипертензия өкпе артериясындақан айналымның жоғарлауы салдарынан

/

Өкпелік гипертензия сол жақ жүрекшедеқысымның жоғарлауы салдарынан

!

Науқас 47 жаста, 2 апта бұрын 4 қабатқа тез көтерілгеннен кейін кенет төс артының төменгі бөлігінде ауыру сезімі пайда болды, тыныштық күйде ауыру сезімі жоғалды. Мұндай ауыру сезімі бірінші рет пайда болды. Кейін тез жүргенде, 2 қабатқа көтерілгенде пайда болатын болды. Стенокардия түрін анықтаңыз. Емдеу шараларын қолданыңыз:

/

ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия. Ауруханаға жатқызу керек, антиангиналді ем тағайындау керек.

/

ЖИА, Прогрессирлеуші стенокардия. ауруханаға жатқызу керек

/

ЖИА. Күштену стенокардиясы ФК 2. Антиангиналді ем тағайындау

/

Кардиалгия коронарлы себептерге байланысты емес болуы мүмкін. Науқасты зерттеу керек.

/

ЖИА. Принцметалл стенокардиясы

!

58 жастағы ер кісі 4 сағат бұрын басталған жедел миокард инфарктымен жатқызылды. ЭКГ-да қысқа жылдамдақтағы қарыншалық экстрасистолалардың жиілігі көбейіп барады. Қандай дәрі тағайындау керек.

/

Лидокаин

/

Амиодарон

/

Флеканид

/

Хинидин

/

Верапамил

!

Науқас 45 жаста, шұғыл терапия палатасына алдыңғы қабырғаның жедел миокард инфаркты диагнозымен түсті. АҚ 150/100 мм.сн.бғ., ЖСС 100 рет мин. 2 күннен кейін қысқа уақытқа пайда болған ентікпеге шағымданды. АҚ 100/70мм.сн.бғ, ЖСС 120 рет мин., ТЖ 32 рет мин. Өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар пайда болды. Төстің төменгі бөлігінде голосистолалық шу, ат шабысының дүбірі ритмі пайда болды. Диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеу әдісін таңдаңыз.

/

эхокардиография

/

12 әкетуде электрокардиограмма

/

өкпе рентгенографиясы

/

өкпе артериясында қысымды өлшеу

/

Артериальді қандағы газдарды зерттеу

!

А. атты 52 жастағы науқас трансмуралды алдыңғы-перделік миокард инфарктысымен емделді. Аурудың 3-ші күні науқастың жағдайы нашарлап, төстің сол жиегінде ІІІ-ші қабырға аралығында систолалық шуыл және үдеген оң қарыншаның жетіспеушілік белгілері пайда болды. Дамыған асқыну диагностикасын нақтылауда қандай тексеру әдісін жүргізу керек?

/

ЭхоКГ

/

ЭКГ

/

ӨАЭС (ЧПЭС)

/

селективті коронароангиография

/

кеуде торшасы ағзаларының рентгенография

!

АГ және диабетпен ауыратын науқастарда бүйрек жетіспеушілігінің үдеуін алдын алу үшін келтірілген стратегиялардың қайсысы пайдалы болып саналмайды:

/

Бета- блокаторамен терапияның басталуы

/

АР-ІІ және терапияның басталуы

/

АҚ-ның төмендеуі < 120/75 мм. рт. ст.

/

АПФ және терапияның басталуы

/

АПФ және терапияның басталуы АР-ІІ бірлескен

!

32 жастағы науқас, бір ай бұрын миокардитпен ауырған, физикалық күш түскеннен кейін ауыр, ұстама тәрізді ентігу пайда болды. Қарағанда: тері жабындылары бозғылт, ортопноэ. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСС 106 р мин. АҚҚ=110/70 мм сбб. Аускультативті: төменгі бөлімдерде ылғалды сырылдар естіледі. ТЖ = 25 р мин. Бауыры қабырға доғасы бойымен. ЭКГ – да тісшелер вольтажы төмендеген, Т тісшесінің инверсиясы. Осы жағдайда қандай шараларды жүргізесіз?

/

фуросемид к/т

/

прессорлы аминдерді енгізу

/

эуфиллин ішке

/

анаприлин ішке

/

симпатомиметиктер ингаляциясы

!

Науқас М., 25 жаста жүрек соғуына,тез жүрген кезде ентігуіне шағымданады.Ревматологтың тіргеуінде тұр.Күшті, жайылған, төмен және солға ығысқан жүрек ұшының соққысы, жүрек ұшында қолтық астына берілетін голосистолалық шуыл, жүрек ұшындағы әлсіреген I үн; жүректің митральді конфигурациясы мынаған БАрынша тән:

/

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы митральді қақапақшаның жеткіліксіздігі СЖЖ І

/

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аорта сағасының стенозы СЖЖ ІI

/

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы аорта қақпақшаларының жеткіліксіздігі СЖЖ І

/

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі СЖЖ ІII

/

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы сол жақ атриовентрикулалық саңылаудың стенозы СЖЖ ІI

!

Науқас К, 48 жаста, инфекциялық эндокардит бойынша стационарда емделіп жатыр. Фебрильді қызба 2 апта сақталған, жедел аорталды жетіспеушілік фонында жүрек жетіспеушілік көріністері өршіген, клапандардағы вегетация көлемі 10мм жоғары ұлғайған, өкпе артериясының ұсақ тармақтарының тромбоэмболиясы белгілері пайда болды. Неғұрлым рационалды емдеу тактикасын анықтаңыз.

/

оперативті ем жүргізу

/

антибиотикті ауыстыру

/

иммуномодуляторларды қосу

/

антибиотиктер дозасын жоғарлату

/

қанды лазерлі сәулелеуді тағайындау

!

Реанимация бөлімшесіне миокард инфарктысымен ауыратын науқас жеткізілді. Екінші тәулікте науқастың жағдайы күрт нашарлап, екі рет есінен танған. ЖСС минутына 36 рет. АҚ 100/65 мм.сын.бағ. ЭКГ-да: тәуелсіз жүрекшелер ырғағы минутына 100 рет, қарыншалар ырғағы минутына 33-36 рет. QRS кешені – 0,16˝, деформацияланған. Науқас жағдайының нашарлауы себебін анықтаңыз?

/

Толық АВ-блокадасының Морганьи-Эдемс-Стокс ұстамасымен болуы

/

Кардиогенді шоктың дамуы

/

Идиовентрикулярлы ырғақтың туындауы

/

Синоаурикуларлы блокаданың пайда болуы

/

ІІ дәрежелі АВ-блокадасының Венкебах кезеңімен пайда болуы

Гастроэнетрология

!

В типтi созылмалы гастрит үшiн асқазанның шырышты қабатының биоптатында қандай морфологиялық өзгерiстер болмайды:

/

жаралы некротикалық өзгерiстер

/

асқазан шырышты қабатының гиперплазия аймақтары

/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]