Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_Testy_po_6_predmetam_2016_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.95 Mб
Скачать

|Ретроспективті

|көлденең

|продольді

|жағдай - бақылау

|когортты

~Балалар мекемесінде дифтерия жағдайы тіркелген. Топ тәрбиешісі жедел респираторлы инфекциямен, ал аспазшы созылмалы ангинамен ауырады, бұрын коринебактерия бактериятасымалдаушысы, бірақ толық емделген. Зертханалық бақылау тиімділігі бойынша зерттеулер жүргізілмеген.

Бұл жағдайдағы аурудың инфекция көзі:

|тәрбиеші

|науқастың қолданылған заттары

|науқастың мұрын бөлінділері

|науқас сүлгісі

|аспазшы

~2 жасар ер бала жедел ауырды. Дене қызуы 38,9С, тамағының, басының қатты ауруына шағымданды. Қарағанда таңдайында гиперемия, бадамша бездері ұлғайған, сұр затпен жабылған, науқас жұтынғанда ауру сезімі болатынын айтты. Учаскелік педиатр клиникалық көрсеткіштері бойынша таңдай дифтериясы деп диагноз қойды.

Бұл жағдайдағы қажетті іс-шара:

|жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

|үйде жекешелеу

|дифтерияға қарсы сарысу енгізу

|дифтерияға қарсы анатоксин енгізу

|үйде ем тағайындау

~58 жастағы пациентке өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі диагнозы қойылған. Жұмыс істемейді, ішімдік ішеді, коммуналды пәтерде балалары мен жүкті әйелімен тұрады.

Бұл жағдайдағы ошақта жүргізілетін қажетті іс-шара:

|науқасты туберкулезге қарсы стационарда жекешелеу

|жанасқандарды 17 күн бақылау

|науқасты жұқпалы аурулар ауруханасының боксында жекешелеу

|науқасы үйде жекешелеу

|жанасқандарды 21 күн бақылау

~Тәртіпті түзету коллониясында туберекулезбен сырқаттанушылық өсе бастады. Көптеген науқастар коллонияға түсер алдында ауырмаған, ол туралы амбулаторлық картасында жазылған. Бірақ бұл мәліметтердің барлығы кеуде қуысын флюорография әдісімен тексерген (сол нәтиже).

Эпидемиологиялық жағдайды анықтау үшін қажетті маңызды диагностикалық әдіс:

|қақырық бактериоскопиясы

|қақырықтың жалпы анализі

|кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы

|манту реакциясы

|ПТР - диагностикасы

~36 жастағы кішігірім ауылда тұратын ер кісіге бөртпе сүзегі диагнозы қойылды. Жанұясында 10 адам, одан басқа әйелі, ата анасы және 6 балалары бар. Өте тығыз тұрады. Мектепке және балалар бақшасына баратын балаларында биттеу анықталды. Әкесі мен анасы жас кезінде бөрпе сүзекпен ауырған. 2 апта бұрын бөрпе сүзек басталмастан бұрын әкесінде басының қатты ауруы мен қызба болған. Дәрігерге қаралмаған.

Бұл жағдайдағы аурудың негізгі берілу механизмі:

|трансмиссивті

|аэрозольді

|жанасу

|алиментарлы

|парентеральді

~45 жастағы ер кісі соңғы кездері әлсіздік, шаршағыштық, ішінің желденуі, жүрек айнуы мазалады. Жаралы гастродуоденит анықталды. Бауыр ұлғайған. HBsAg оң. АИВ-инфекциясы сол. Науқас үйленбеген. Жыныстық серігі – белгісіз әйел. Денсаулығы туралы ештеңе білмейді. Іш жарақатына байланысты ота жасалған, қан құйылған.

Бұл жағдайдағы аурудың берілу жолы:

|парентеральді

|алиментарлы

|тұрмыстық жанасу

|жыныстық

|трансмиссивті

~30 жастағы ер кісі ауыз қуысының кілегей қабаттарының жаралы–эрозиялы зақымданумен шағымданды. Анамнезінен – салқындағаннан кейін жиі мұрын қанаты мен ерінде жиі ұшықтар пайда болатыны анықталды. Осыған дейін физикалық шаршағыштық, стресс болған.

Бұндай жағдайда ауыз қуысының зақымдануы ........ инфекциясымен шақырылған:

|вирусты герпестің 1 түрі

|Herpes zoster-мен

|ЦМВ-пен

|вирусты герпестің 2 түрі

|вирусты инфекциялы мононуклеоз

~Милиция жоғарғы оқу мектебінде казармада тұратын әскери қызметкерлердің арасында қызамық бұрқ етпесі болды. 18 жастан 24 жас аралығындағы 22 жауынгер және 3 офицер ауырған.

Бұл жағдайдағы қажетті іс-шара:

|барлық әскери қызметкерлерге моновакцина енгізу

|қорытынды дезинфекция жүргізу

|17 күн медициналық бақылау

|казармада ауырғандарды жекешелеу

|21 күн медициналық бақылау

~22 жасар жүкті әйелді тексеру барысында вирусты гепатит Е (анти-HEV IgG) маркері анықталды. Эпидемиологиялық анамнез жинау барысында, науқас бір ай бұрын өзінің жанұясымен кішігірім өзен жағалауына демалуға барған. Бұл жағдайдағы қажетті іс-шара:

|жанасқандарды 30 күн бақылау

|жанасқандарды вакцинациялау

|ошақта қорытынды дезинфекция

|үйде жекешелеу

|жанасқандарды 35 күн бақылау

~27 жасар ер кісіге қалалық аурухананың терапиялық бөлімінде вирусты гепатит А маркерін анықтап, вирусты гепатит А диагнозы қойылған.

Мұндай жағдайда жүргізілетін комплексті алдын алу шаралары:

|қауіп-қатер топтарын вакцинациялау

|медициналық құралдарды стерилизациялау тәртібін бақылау

|бір реттік шприцтерді қолдану

|жанасқандарды бақылау

|санитарлық ағарту жұмысы

~Жанұясында 5 адам: күйеуі, әйелі және үш баласы. Әкесі вирусты гепатит А диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Мұндай жағдайда эпидемияға қарсы жүргізілетін қажетті шаралар:

|жанасқандарды 35 күн бақылау

|жанасқандарды вакцинациялау

|ошақта қорытынды дезинфекция

|үйде жекешелеу

|жанасқандарды 30 күн бақылау

~Жұқпалы аурулар ауруханасында 32 жасар әйел қайтыс болды. Қайтыс болғандағы диагнозы: АИВ- инфекциясы, пневмоцистті пневмония. Эпидемиологиялық анамнезі: күйеуі Теміртау қаласынан, мерезбен ауырған, ИФА нәтижесі бойынша АИВ-инфекциясы оң реакция. Әйелдің жағдай босаннанған кейін бірден нашарлады.

Бұндай жағдайдағы жұқтыру жолы:

|жыныстық

|парентеральді

|тұрмыстық жанасу

|трансмиссивті

|алиментарлы

~Терапиялық бөлімде созылмалы холециститтен емделіп жатқан 38 жасар науқастың өтінен S. Typhi анықталды. Эпидемиологиялық анамнезінен науқас 10 жыл бұрын іш сүзегімен ауырғаны белгілі болды. Палатада 3 науқас жатыр, олардың 2-уі бір апта бұрын шығып кеткен. Бөлімшеде - 30 науқас жатыр.

Бұндай жағдайда жанасқандарға жүргізілген эпидемияға қарсы шаралар:

|21 күн бақылау

|бөлімшеде жекешелеу

|17 күн бақылау

|жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

|бөлімшедегі бокста жекешелеу

~Терапиялық бөлімшеде артериальді гипертензиямен емделіп жатқан 46 жасар науқас 10 күні сұйық дәрет, ал бактериологиялық тексерген кезде нәжісіне Зонне шигелласы табылды. Стационарда басқа науқастарда бұндай диагнозбен ауырған аурулар жоқ.

Инфекция көзін анықтау үшін ... тексеру қажет.

|асхана қызметкерлерін

|бөлімшенің медициналық қызметкерлерін

|палатада жанасқандарды

|науқастың қолданылған заттарын

|науқастың туыстарын

~Қызылшаның жалпылай эпидемиясына байланысты бес қабатты жұқпалы аурулар ауруханасында уақытша қосымша бөлімше ашу жоспарланды.

Осы жағдайда қосымша бөлімді ... қабаттан ашу керек.

|бесінші

|екінші

|үшінші

|төртінші

|бірінші

~Вирусты гепатиті бар науқасты қабылдап болған соң, қабылдау бөлімінің медициналық қызметкері сутегінің асқын тотығымен медициналық аспаптарды өңдеу тиіс.

Осы жағдайда зарарсыздандыру мақсатында ерітіндінің концентрациясы және уақыт экспозициясы қажет:

|6%, 60 мин

|6%, 10 мин

|3%, 10 мин

|3%, 30 мин

|3%, 60 мин

~Вирусты гепатиті бар науқасты қабылдап болған соң, қабылдау бөлімінің медициналық қызметкері хлорамин ерітіндісімен медициналық аспаптарды өңдеу тиіс.

Осы жағдайда зарасыздандыру мақсатында ерітіндінің концентрациясы және уақыт экспозициясы қажет:

|3%, 60 мин

|2%, 20 мин

|3%, 10 мин

|2%, 60 мин

|3%, 20 мин

~Бактериологиялық зертханада патологиялық материалмен жұмыс жасап болған соң, медициналық қызметкер ауа әдісімен (ыстық құрғақ ауа) зертханалық ыдысты стерилизация жасау қажет.

Осы жағдайда стерилизациялық камерада жұмыс температурасы болу қажет және уақыт экспозицияланған абзал:

|180ºС, 60 мин

|100ºС, 10 мин

|120ºС, 60 мин

|180ºС, 10 мин

|100ºС, 60 мин

~Бактериологиялық зертханада патологиялық материалмен жұмыс жасап болған соң, медициналық қызметкерге химиялық әдісімен (сутегінің асқын тотығымен) зертханалық ыдысты стерилизация жасау қажет.

Осы жағдайда стерилизациялық камерада жұмыс температурасы болу қажет және уақыт экспозицияланған абзал:

|50ºС, 180 мин

|30ºС, 100 мин

|20ºС, 15 мин

|50ºС, 30 мин

|30ºС, 30 мин

~Тамырішіне дәрі-дәрмектерді енгізгеннен кейін медициналық қызметкер абайсызда басбармағын қолданылған инемен жаншып алды. Ол қолғабын шешпей, қолын ағынды сумен, сабынмен жуып, кейін қолғабын шешіп, жарадан басу әдісімен қан шығарды, қайта қолын сабынмен жуды.

Сол жағдайда медициналық қызметкердің әрі қарай әр-әрекеті болуы тиіс:

|жарадан басу әдісімен қан шығару

|қайта қолын сабынмен жуу

|қолын кептіру

|йодпен қолын өңдеу

|пластырмен жараны таңу

~Тамыр ішіне дәрі-дәрмектерді енгізгеннен кейін медициналық қызметкер абайсызда басбармағын қолданылған инемен жаншып алды. Ол қолғабын шешпей, қолын ағынды сумен, сабынмен жуып, кейін қолғабын шешіп, жарадан басу әдісімен қан шығарды.

Сол жағдайда медициналық қызметкердің әрі қарай әр-әрекеті болуы тиіс:

|қайта қолын сабынмен жуу

|қолын кептіру

|йодпен қолын өңдеу

|пластырмен жараны таңу

|жаңа қолғап кию

~Тамырішіне дәрі-дәрмектерді енгізгеннен кейін медициналық қызметкер абайсызда басбармағын қолданылған инемен жаншып алды. Ол қолғабын шешпей, қолын ағынды сумен, сабынмен жуып, кейін қолғабын шешіп, жарадан басу әдісімен қан шығарып, қайта қолын сабынмен жуды.

Сол жағдайда медициналық қызметкердің әрі қарай әр-әрекеті болуы тиіс:

|қолын кептіру

|йодпен қолын өңдеу

|пластырмен жараны таңу

|жаңа қолғап кию

|оқыс жағдай туралы әкімшілікке хабарлау

~Ине жаншу бөлмемінің мейірбике тамырдан қан алуда қолғаппен жұмыс істеді. Тамырды тесу барысында қан шашырап қолғабына тиді. Мейірбике қолғабын дезинфектант малынған шүберекпен өңдеп, қолданылған шүберекті дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыста жібітіп қойды.

Мұндай жағдайда мейірбикенің әрі қарай іс-әрекеті:

|қолғапты шешепей, қолдарын сабынды сумен жуу

|қолғапты шешу

|қолдарын сабынды сумен жуу

|қолдарын кептіру

|қолдарын тері антисептикпен өңдеу

~Орталық стерилизациялық бөлімінің медициналық қызметкері ауа әдісімен медициналық аспаптарды стерилизация жасады. Экспозициядан кейін, стерильдік индикатордың түс өзгерткенін байқаған.

Тиімді стерилизатор жұмысы толық орындалған жағдайда, индикатордың түсі ... болуы қажет.

|көк

|қызыл

|жасыл

|күлгін

|сары

~Орталық стерилизациялық бөлімінің медициналық қызметкері бу әдісімен медициналық аспаптарды стерилизация жасады. Экспозициядан кейін, стерильдік индикатордың түс өзгерткенін байқаған.

Тиімді стерилизатор жұмысы толық орындалған жағдайда, индикатордың түсі ... болуы қажет.

|күлгін түсті

|қызыл

|жасыл

|көк

|сары

~Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімінде АИВ-мен науқасты қарап болған соң, медициналық қызметкер қолданылған медициналық аспаптарды Жавелион ерітіндісімен залалсыздандыру қажет.

Бұндай жағдайда ерітіндінің концентрациясы және залалсыздандыру үшін экспозиция қолдану қажет:

|0,1%, 60 мин

|0,2%, 10 мин

|0,1%, 30 мин

|0,2%, 20 мин

|0,1%, 10 мин

~Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімінде вирусты гепатит С-мен науқасты қарап болған соң, медициналық қызметкер қолданылған медициналық аспаптарды Жавелион ерітіндісімен залалсыздандыру қажет.

Бұндай жағдайда ерітіндінің концентрациясы және залалсыздандыру үшін экспозиция қолдану қажет:

|2,5%, 60 мин

|2%, 30 мин

|2,5%, 30 мин

|1%, 30 мин

|2%, 60 мин

~Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімінде туберкулезбен науқасты қарап болған соң, медициналық қызметкер қолданылған медициналық аспаптарды хлорамин ерітіндісімен залалсыздандыру қажет.

Бұндай жағдайда ерітіндінің концентрациясы және залалсыздандыру үшін экспозиция қолдану қажет:

|5%, 240 мин

|3%, 60 мин

|5%, 100 мин

|3%, 180 мин

|2%, 120 мин

~Ине жаншу бөлмесінің мейірбикесі жұмыс соңында «Б» тобына жататын бір реттік қолданған шприцтерді сары түсті қапшыққа жинады.

Көрсетілген жағдайда аталған қалдықтарды ... асырмай сақтауға болады.

|24 сағаттан

|32 сағаттан

|60 сағаттан

|72 сағаттан

|48 сағаттан

~Бактериологиялық зертхананың медициналық қызметкері патологиялық материалдармен жұмыс істеп болған соң, қолданған зертханалық ыдыстарды химиялық тәсілмен (глутаралмен) залалсыздандыру қажет.

Көрсетілген жағдайда жұмыс ерітіндісінің температурасы және уақытқа ұстау қажет:

|21ºС, 240 мин

|10ºС, 90 мин

|20ºС, 100 мин

|10ºС, 30 мин

|21ºС, 120 мин

~Балалар бақшасына баратын 3 жасар қыз бала қызылша диагнозымен үйде жекешеленген.

Топтағы жанасқан балаларға мейірбике ... бақылау жүргізуі тиіс.

|21 күн

|7 күн

|10 күн

|1 ай

|17 күн

~Эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты вирусты гепатиттермен ауырған науқастар бөлімі жедел респираторлы аурулармен ауырған науқастарды қабылдау үшін қайта ауыстырылды.

Ең алдымен жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралар:

| бөлімшеде қорытынды дезинфекция

|30-45 мин аралығында бөлімшені желдету

|күнделікті дезинфекция

|90 минут аралығында бөлімшені кварцтау

|екі шелек әдісімен еденді жуу

~Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел ішек инфекциясымен науқас түсті. Эпидемиологиялық анамнезінен 2 күн бұрын туыстарында қонақта болып, әртүрлі тағамдарды жегені туралы анықталған.

Мұндай жағдайда инфекцияның берілу жолы болуы мүмкін:

|алиментарлы

|жанасу

|ауыз-нәжістік

|ауа-тамшы

|трансмиссивті

~Мемлекеттік шекарада сары қызба жағдайы анықталды.

Аумақты басқа мемлекеттерден әкелінетін инфекциялардан қорғау үшін жүргізілетін санитарлық шаралары:

|халықаралық эпидемиялық ақпарат беру

|жанасқандарды жекешелеу

|барлық келгендерді бактериологиялық тексеру

|қолайсыз аудандардан келгендерді бақылау

|қолайсыз аудандардан келгендердің барлығын егу

~Балалар үйінен жұқпалы аурулар ауруханасына дифтерияға күтікті 2 жасар баланы алып келді. Бұл инфекцияға қарсы бала егілмеген.

Мұндай жағдайда жанасқандарға жүргізілетін іс-шара:

|7 күн бақылау

|АД-М-анатоксинін енгізу

|дифтерияға қарсы сарысу енгізу

|10 күн бақылау

|АДC-М-анатоксинін енгізу

~Егу бөлмесінің мейірбике егу жүргізгенде қолғаппен жұмыс істеді. Егі істеу барысында қан шашырап қолының ашық жеріне және халатына тиді.

Бұндай жағдайдағы қауіпсіздік техника тактикасы:

|теріні 70% спиртпен өңдеу

|қолды сумен және сабынмен жуу

|екі рет теріні дезинфектатпен өңдеу

|ластанған теріні 1% хлорамин ерітіндісімен өңдеу

|ластанған теріні иодоформмен өңдеу

~Егу бөлмесіндегі мейірбике пробиркадағы қанды емдеу бөлімінен биохимиялық зертханаға апара жатқанда, абайсызда бір пробирканы құлатып сындырып алды және ол еденге төгілген. Сынған пробиркада «АИВ-инфекциясына қан» деген жазу болған.

Осы жағдайда мейірбикенің тәсілі:

|дезинфекциялық ерітіндіні құю

|сумен жуу

|сабынды сумен жуу

|антисептикалық өндеу

|кварцпен өңдеу

~Перзентханада 4 айлық балаға медициналық көрсеткіштер бойынша туберкулезге қарсы егу жүргізілмеген.

Осындай жағдайда учаскелік дәрігердің қабылдаған шешімі:

|Манту реакциясы сол болғанда егу

|егуді тез арада жүргізу

|клиникалық тексергеннен кейін, егу

|7 жасқа дейін – егуді қалдыру

|АКДС және полиомиелитке қарсы вакцина жасағаннан кейін егу

~Медициналық құралдарды стерилизация алды тазалау жүргізгеннен кейін, сынама қанның қалдықтары бар екендігіне оң нәтиже көрсетті.

Бұндай жағдайда медициналық құралдарға байланысты іс-қимылыңыз:

|дистилденген сумен жуу және стерилизацияны жалғастыру

|ағынды сумен жуу және стерилизацияны жалғастыру

|жууғыш ерітіндіге салу және стерилизацияны жалғастыру

|жууғыш ерітінде жуу және стерилизацияны жалғастыру

|15 мин дезерітіндіге салу және стерилизацияны жалғастыру

~Шетелден келген құрғақ жүктерді медициналық-санитарлық тексеру барысында өлген кеміргіштер анықталды.

Мұндай жағдайда обаның таралуын және енуін алдын алуда қолданылатын шаралар:

|жүктерге дератизация

|жүктерге дезинсекция

|жүктерге стерилизация

|жүктерге қорытынды дезинфекция

|жүктерге камералық дезинфекция

~35 жастағы ауылда тұратын ер кісі есік алдына шыға бергенде итке ұқсайтын жануар көрді. Ол жануар түлкі болып шықты. Оған жақындаған кезде мойнын тістемекші болып шабуыл жасады. Бірақ ол мойнын қолымен жауып үлгерді. Сонда да түлкі саусақтарын тырнап қашып кетті. Зардап шеккен адам тістегеннен кейін 4 сағаттан соң фельдшерге қаралды.

Осындай жағдайда зардап шеккенге антирабиялық вакцинаның толық курсы және енгізу мерзімі:

|0,3,7,14,30,90 күн

|0,1, 4,7,10,14 күн

|0,4,10,20,40,90 күн

|0,5,10,15,20,30 күн

|0,10,20,30,40, 60 күн

~Қан құю бөлімінің қызметкерлерін вирусты гепатиттер маркерлерін зертханалық тексеру барысында мейірбекеден HBs Ag анықталды.

Мұндай жағдайда эпидемияға қарсы қажетті жүргізілетін шаралар:

|шаруа мейірбике қызметіне ауыстыру

|қабылдау бөліміне ауыстыру

|емханаға ауыстыру

|физиотерапиялық бөлімге ауыстыру

|жұмыстан шығару

~Орта мектептің кітапханасын жұмыс істейтін 37 лет жасар әйел емханаға диспептиялық шақымдармен келген кезде, терісінің сарғаюы байқалды және вирусты гепатит А диагнозы қойылды. Науқас сол күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Оның жанұя мүшелері: күйеуі – жұмысшы, ұлы балалар бақшасына барады, сіңлісі – сатушы.

Бұндай жағдайда ошақта эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар:

|ошақты 35 күн бақылау

|жанасқандарды жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

|жанасқандарды үйде жекешелеу

|ошақты 30 күн бақылау

|жанасқандарды шұғыл алдын алу

~Перзентханада тұмау эпидемиясы кезінде жаңадан туылғандардың арасынан 5 бала ауырғаны туралы тіркелді.

Бұндай жағдайда эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар:

|жанасқандарды тұмаудан шұғыл алдын алу

|науқас балаларды үйіне шығару

|науқас балаларды жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

|тұмау бұрқ етпесі аяқталғанға дейін перзентхананы жабу

|жанасқандарды максимальді жасырын кезеңіне дейін бақылау

~Балалар бөлімінде 3 жасар балаға қызылша диагнозы қойылды. Жанасқан барлық балаларға белгіленген мерзімде қызылшаға қарсы егу жүргізілген.

Бұндай жағдайда жанасқандарға жүргізілетін шаралар:

|палатада жазылғанға дейін қалдыру

|жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

|жазалғанға дейін ауруханадан шығару

|тірі қызылша вакцинасын енгізу

|қызылша иммундыглобулинін енгізу

~Терапиялық бөлімде 2 тәулік ішінде әртүрлі палаталар арасынан 8 науқас жедел ішек инфекцияларымен тіркелді. Науқастарды және қызметкерлерді тексерген кезде, ас таратушыдан және 6 науқастан сальмонеллалар анықталды.

Бұндай жағдайда эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар:

|санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті қатаңдату

|науқаспен жанасқандарды белсенді вакцинациялау

|бұрқ етпе аяқталғанға дейін бөлімді жабу

|стационарда науқастардың келуін уақытша қысқарту

|науқасты сауыққанға дейін бөлімде қалдыру

~Балалар бақшасына баратын 5 жасар балада анасының айтуы соңғы кездері ұйықтамайтынын, ашуланшақ, түнде артқы тесік айналасында қышу мазасыздандыратынын айтты. Балаға зерттханалық тексеру негізінде энтеробиоз диагнозы қойылды.

Бұндай жағдайда эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар:

|барлық балаларды 14-21 күн аралықпен екі рет дегельминтизация

|балалар бақшасында дезинфекция

|барлық балаларды 7-10 күн аралықпен үш рет дегельминтизация

|жанасқандарды иммунды әдіспен алдын алу

|балалар бақшасында дератизация

~Стационардың неврологиялық бөлімінде жатқан 38 жасар пациентке 15-і ауызжұтқыншақ дифтериясы диагнозы қойылды.

Мұндай жағдайда науқасқа байланысты жүргізілетін шаралар:

|жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

|боксқа ауыстыру

|бөлімде қалдыру

|дифтерияға қарсы сарысу енгізу

|антибиотиктер тағайындау

~Қабылдау бөлімінің бір бөлмесінде 40 мин ауырған балаларымен әртүрлі ата-аналар бірге болды. Қараған кезде бір балада дизентерия (қызылшамен ауырмаған, қызылшаға қарсы егілмеген); басқа балада – продорма кезеңіндегі қызылша диагнозы қойылды. Қызылшамен ауырған баланы боксқа жіберілді.

Дизентериямен ауырған баланы ... жіберу керек.

|7 күн ішек бөліміне, одан кейін боксқа

|қызылшамен ауырған баламен бірге боксқа

|бөлек боксқа

|барлық ауру кезеңінде ішек бөліміне

|ауа-тамшы инфекциялар бөліміне

~Жедел респираторлы аурулар палатасында 3 науқас жатыр. Біреуінде 2-ші күні қызылша диагнозы қойылған (бетінде бөртпе). Палатадағы 50 жастағы көршісі бала кезінде қызылшамен ауырған, ал 16 жасар қызылшамен ауырмаған. 16 жасар науқасқа ... керек.

|қызылша иммундыглобулинін енгізу

|боксқа ауыстыру

|тірі қызылша вакцинасын енгізу

|палатада қалдыру

|антибиотиктер тағайындау

~Қалалық аурухананың терапиялық бөлімінде 3 орынды палатада созылмалы гастритпен жатқан 46 жасар науқасты ИФА әдісімен тексерген кезде вирусты гепатит А маркерлері анықталды. Науқасқа вирусты гепатит А қойылды.

Бұндай жағдайда жанасқандарға жүргізілетін шаралар:

|35 күн бақылау

|вирусты гепатит В маркерлеріне тексеру

|вирусты гепатит А қарсы егу

|антибиотиктер тағайындау

|жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

~Хирургиялық құралдарды өңдеу үшін қолданылған сілтілі жуу заттарының қалдықтарын тексергенде қызғылт түске боялды.

Осындай жағдайда ... қажет.

|5 мин ағынды сумен жуу

|2 мин ағынды сумен жуу

|4 мин ағынды сумен жуу

|3 мин ағынды сумен жуу

|60 сек ағынды сумен жуу

~Ауруханада бүгінгі таңда хлорлы әк бар. Хлор құрамын тексергенде 15% белсенділік нәтижесін көрсетті.

Медициналық қызметкер жұмысқа пайдаланылатын дезинфекциялық заттар:

|дезинфекция мақсатында қолданбау

|эндоскоптарды дезинфекциялауға қолданбау

|ойыншықтарды, жиҺаздарды дезинфекциялауға қолданбау

|нәжісті, зәрді дезинфекциялауға қолданбау

|бірреттік қолғаптарды залалсыздандыруға қолданбау

~11 жасар бала иық асты және саусақтарының көптеген жарақаттарымен емханаға қаралды. 4 күн бұрын аулада балалармен ойнап жатқан кезден, белгісіз бұралып жүрген мысықты көрген. Мысық қашпай, баланың саусақтарына жабысқан кезде балалар мысықты қолынан тартып алып, өлтірген.

Бұндай жағдайда жүргізілетін іс-шара:

|антирабиялық вакцинамен егу

|10 күн бақылау

|антибиотиктер тағайындау

|жұқпалы аурулар ауруханасында оңашалау

|үйде оңашалау

~34 жастағы ер кісі іш сүзегімен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Әйелі мейрамханада кондитер болып жұмыс істейді. 2 баласы бар: қызы 3 сынып оқушысы, ұлы 4 жаста, балалар бақшасына барады. Жанұясы коммуналды пәтерде тұрады.

Ошақты жою үшін қолданылатын шаралар:

|қорытынды дезинфекция

|күнделікті дезинфекция

|жанасқандарды белсенді егу

|жанасқандарды бақылау

|жанасқандарға антибиотиктер тағайындау

~2 жасар балаға орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен менингококкты инфекция диагнозы қойылған. Баланың әкесі – монтер, анасы тігін шеберханасында жұмыс істейді. 3,5 жасар ағасы бала бақшаға барады. Жанұясы жеке меншік үйде тұрады.

Бұндай жағдайда эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар:

|жанасқандарды 21 күн бақылау

|жанасқандарды егу

|пәтерде қорытынды дезинфекция

|жанасқандарды 17 күн бақылау

|жанасқандарға иммундыглобулин егу

~36 жастағы ер кісіге күйдіргі, терілік түрі деп диагноз қойылды. Мамандығы – шабан. Малдарды бір жайылымнан басқа жайылымға қамшымен айдаған кезде қасының жоғарғы доғасына қамшысы тиіп кетті. Содан сол жерде біріншілік ақау пайда болды.

Бұндай жағдайда ошақта эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар:

|жұқпалы аурлар ауруханасының боксына жекешелеу

|науқасты үйде жекешелеу

|малдардың барлығына вакцина енгізу

|жанасқандарға вакина енгізу

|малдардың тұратын жерлерін дезинфекциялау

~Балалар бақшасына қайтадан қабылданған балада 3 күн бойы сұйық іш өту болды. Бактериологиялық әдіспен тексергенде одан Зонне дизентериясының қоздырғышы табылды.

Бұндай жағдайда балалар мекемесінде жүргізілетін шаралар:

|жанасқандарды бақылау

|жанасқандарды бактериологиялық тексеру

|қорытынды дезинфекция

|эпидемиологиялық қадағалау

|күнделікті дезинфекция

~Терапиялық бөлімге түскен науқасыт қабылдау бөлімінде тексеру барысында оның бас шашынан биттер мен сіркелер табылды.

Мұндай жағдайда науқасқа жүргізілетін іс-шара:

|карбофосты эмульсиямен басын өңдеу

|сабынды ыстық сумен басын жуу

|хлорамин ерітіндісімен басын өңдеу

|бор қышқылымен басын өңдеу

|фенолды сабын қосылған ыстық сумен басын жуу

~Балалар бақшасына баратын 4 жасар баласынан анасы бөртпелер байқап, учаскелік дәрігерді шақырды. Анамнезінен ол 2 күн бойы ауырған, дене температурасы 37.3ºС дейін көтерілген және великулезді бөртпелер келесі күні барлық денесінде көбейіп кеткені туралы анықталды.

Балалар ұжымына байланысты дәрігердің тәсілі:

|1 айға дейін жаңа балаларды қабылдамау

|карантин белгілеу

|бұрынғы тәртіпте жұмысты жалғастыру

|топта дезинфекция жүргізу

|барлығына гаммоглобулин енгізу

~Балалар ауруханасында емделіп жатқан 8 жасар ер балада 3-і күні клиникалық көрсеткішткер бойынша жедел дизентерия диагнозы қойылды.

Мұндай жағдайда науқас балаға жүргізілетін шаралар:

|жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

|бөлімшеде қалдырып, боксқа жатқызу

|бактериофаг енгізу

|иммундыглобулин енгізу

|антибиотиктер тағайындау

~Урологиялық бөлімшеде дене қызуының көтерілуімен, іштің өтуімен, жүрек айнуымен, іште ауру сезімінің болуымен сипатталған инфекция бұрқ етпесі болды.

Жанасқан медициналық қызметкерлерге жүргізілетін іс-шара:

|7 күн бақылау

|сальмонеллезге тексеру

|жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

|10 күн бақылау

|дизентерияға тексеру

~Медициналық көрсеткіштер бойынша 3 айлық балаға полиомиелитке қарсы вакцина енгізілмеген.

Мұндай жағдайда учаскелік дәрігер қабылдаған шешімі:

|қызылша вакцинасымен бірге 4-ші мөлшерін иммунизациялау

|АКДС вакцинасымен 3-ші мөлшерін иммунизациялау

|бір айдан кейін иммунизациялау

|6 – 7 жаста иммунизациялау

|2 мөлшері жеткілікті

~Интернатта тұратын тәрбиелушілерді тексерген кезде 3 адамның бас шашынан биттер табылды.

Мұндай жағдайда қолданылатын инсектицид:

|0,15% карбофос

|зоокумарин

|4% дибром

|0,1% хлорамин

|ратиндан

~Мектеп интернатында оқушылар арасынан жедел ішек инфекциясының бұрқ етпесі болды. Бұдан 2 күн бұрын дәрігерге 30 оқушы келген. Олардың барлығы таңертеңгілік асқа жұмыртқа қосылған тағам жеген. 25 науқастың нәжісінен S.enteritidis табылған.

Бұндай жағдайда жүргізілетін шаралар:

|асханада қорытынды дезинфекция

|оқушылар мен қызметкерлерді жұқпалы аурулар ауруханасында жекешелеу

|оқушылар мен қызметкерлерді антибитиктермен алдын алу

|асханада күнделікті дезинфекция

|барлық оқушылардыа бактриофагпен алдын алу

~Үндістандағы ауылда 3 жастағы екі баладан солғын салдану анықталды. Зертханалық тексергеннен кейін ауырған балаларға полиомиелит диагнозы қойылды.

Мұндай жағдайда жүргізілетін шаралар:

|жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

|полиомиелитке қарсы вакцина енгізу

|үйде жекешелеу

|антибиотиктермен алдын алу

|бактериофагпен алдын алу

~Құрылысшылар эндемиялық қолайсыз іш сүзегі мен туляремия сырқаттанушылығы бар ұзақ жол сапарына бару жоспарлануда. Жол жүруге 2 апта қалды.

Мұндай жағдайда жүргізілілетін екпелер:

|екі препаратты да бір уақытта енгізу

|бір препаратты жол жүргенге дейін, екіншісін 1 айдан соң енгізу

|препараттарды 12-13 күн аралықпен енгізу

|тек іш сүзегі вакцинасын енгізу

|тек туляремия вакцинасын енгізу

~Урологиялық бөлімшесінде екі тәулік бойы әртүрлі палаталарда 5 науқас жедел ішек инфекцияларымен тіркелді. Науқастарды, бөлімше қызметкерлерін және ас таратушыны бактериологиялық тексеру барысында ас таратушыдан және 5 науқастан сальмонеллалар табылды.

Мұндай жағдайда науқастарға жүргізілетін шаралар:

|жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

|үйде жекешелеу

|шұғыл вакцнды алдын алу

|серологиялық тексеру

|антибиотиктермен алдын алу

~Тонзиллэктомияға дайындап жатқан науқасты тексергенде оның ауызжұтқыншақтан алынған жағындысынан токсигенді емес дифтериялық бактериялар табылды.

Мұндай жағдайда ... қажет.

|тағайындалған оталау жүргізу

|оталауды кейінге қалдыру

|дифтерияға қарсы анатоксин енгізу

|қайтадан бактериологиялық тексеруді тағайындау

|тасымалдаушыларды емдеу үшін бактерияға қарсы терапияны тағайындау

~Қызылша вакцинасын енгізген бала, 5 күннен кейін қызылшамен ауырған науқаспен араласты.

Мұндай жағдайда ... қажет.

|медициналық бақылау

|иммундыглобулин енгізу

|антибиотиктер тағайындау

|жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

|тірі қызылша вакцинасын енгізу

~3 жасар балаға үйде бақылаған педиатр бөртпелерді анықтап, қызылша диагнозын қойды. Бала соңғы рет балалар бақшасындағы тобына 5 күн бұрын барған. Бала қызылшаға қарсы егілмеген.

Мұндай жағдайда жүргізілілетін шаралар:

|үйде жекешелеу

|жұқпалы аурулар ауруханасының боксында жекешелеу

|тірі қызылшаға қарсы вакцина енгізу

|антибиотиктермен емдеу

|17 күн бақылау

~Гвинеи африка мемлекетінен демалыстан кейін оралған студентте 3 күн бойы дене температурасы өте жоғары, жағдайы орташа дәрежеде болды. Мұндай жағдай бірінші рет африкалық демалыс кезінде байқалды. Жедел жәрдем дәрігері грипп диагнозын қойған. Науқас үйінде қалдырыған.

Мұндай жағдайда эпидемиологиялық диагноз қою үшін қолданылатын зертханалық әдіс:

|безгек плазмодилерін табуға қанның қалың тамшысын тексеру

|JgM R.Рrowazekii-ді анықтауға тікелей емес гемагглютинация реакциясы

|Видал реакциясын

|Қу-қызбасына комплемент байланысқан реакциясы

|лейшманиозға енжар гемагглютинации реакциясы

~Аурухананың терапиялық бөлімшесінде 30 жастағы қала тұрғыны бауыр эхинококкозына күдіктенді. Жеке меншік үйде тұрады. Үйінде ит ұстайды, оны дайын азықпен тамақтандырады. Ешқайда қыдырмаған.

Мұндай жағдайда қорытынды диагноз қою үшін қолайлы диагностикалық әдіс:

|компьютерлі томография

|рентгенография

|эндоскопия

|тері-аллергиялық сынамасы

|ПТР – диагностикасы

~Балалар бақшасының топтарын жоспарлы түрде тексеру барысында бір апта бойы жөтеліп жүрген 5 бала анықталды. 14 күн бұрын топта көкжөтел жағдайы тіркелген.

Мұндай жағдайда эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар:

|топта 14 күн карантин жариялау және балаларды бақылау

|жөтелген балаларды үйде жекешелеу

|топтағы барлық балаларды серологиялық тексеру

|топта 17 күн карантин жариялау және балаларды бақылау

|топтағы барлық балаларға иммунды әдіспен алдын алу

~Педиатр участкесінде бес балалар мекемелері бар. Біреуінде көкжөтелмен ауырған 5 жағдай, қалғандарында бірде-бір тіркелмеген. Барлық мекемелерде АКДС-вакцинасымен егу 95% құрайды. Барлық ауырғандардың барлығы көкжөтелге қарсы егілген.

Мұндай жағдайда эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар:

|вакцинациялау үшін балаларды іріктеуді талдау

|мектепке дейінгі мекемелерде балаларды бактериологиялық тексеру

|эпидемиялық ошақты тексеру

|мектепке дейінгі мекемелерде балаларды серологиялық тексеру

|мектепке дейінгі мекемелерде топтарды бақылау

~Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша бактериологиялық тексеру барысында балалар бақшасындағы топтардағы балалар арасынан 2 токсигенді дифтерия бактериясын тасымалдаушы анықталды.

Мұндай жағдайда бактериятасымалдаушыларға жүргізілетін шаралар:

|балалар бақшасына баруға тиым салу

|үйде жекешелеу

|вакцинация жүргізу

|жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

|балалар бақшасының жекешелеу бөлмесінде бақылау

~Стационарда вирусты гепатит А-мен жатқызылған науқасты тексеру барысында санынан жазылмаған жарақат анықталды. Анамнезінен бір апта бұрын оны белгісіз ит қапқаны анықталды.

Мұндай жағдайда науқасқа жүргізілетін шаралар:

|антирабиялық вакцина енгізу

|антирабиялық анатоксин енгізу

|антирабиялық сарысу енгізу

|сіреспеге қарсы вакцина енгізу

|сіреспеге қарсы сарысу енгізу

~Балалар бақшасына баратын 3 жасар балаға ауызжұтқыншақ дифтерия диагнозы қойылған. Жанұясы екі бөлмелі пәтерде тұрады: әкесі-инженер, анасы- балалар бақшасында тәрбиеші.

Мұндай жағдайда эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар:

|жанасқандарды 7 күн бақылау

|жанасқандарды 17 күн бақылау

|жанасқандарды 21 күн бақыла

|жанасқандарға антибиотиктер тағайындау

|жанасқандарға дифтерияға қарсы аноатоксин енгізу

~32 жастағы әйелде бактериябөлінулермен белсенді өкпе туберкулезі анықталған. Жанұялық жанасқандардың ішінде 5 және 7 жасар балалары бар. Пациент балалар бақшасында тәрбиеші болып жұмыс істейді.

Мұндай жағдайда инфекция ошағында жүргізілетін шаралар:

|ауруханада жекешелеу

|үйде жекешелеу

|иммунды алдын алу тағайындау

|антибиотиктермен емдеуді тағайындау

|балалар бақшасына 1 ай карантин қою

~Балалар бақшасына баратын 3 жасар балаға қызылша диагнозы қойылған. Топта барлық балалар қызылшаға қарсы тірі вакцинамен егілген.

Мұндай жағдайда эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар:

|топтағы балаларды 21 күн бақылау

|жанасқандарға тірі қызылша вакцинасын енгізу

|топтағы балаларды 17 күн бақылау

|жанасқандарға иммундыглобулин енгізу

|балалар бақшасында қорытынды дезинфекция

~Дене температурасының жоғары көтерілуіне, оң құлағының ісінуі мен ауруына шағымданған 10-шы сынып оқушысын мектеп медициналық пунктіне жіберген. Педиатр эпидемиялық паротит диагнозын қойған. Науқасты ауруханаға жатқызған. Сыныпта - 25 адам. Бұлардың ішінен 7-уі эпидемиялық паротитпен ауырған, 16-сы егілген. Жанұясында келесі жанасқандар: інісі 15 жаста – 12 жасында ревакцинация жүргізілген, қарындасы 4 жаста – балалар мекемесіне барады, 12 айында егілген.

Мұндай жағдайда ошақта жүргізілетін шаралар:

|егілмеген оқушыларға тірі паротит вакцинасын енгізу

|мектепте дезинфекция жүргізу

|ошақты бақылау

|4 жасар қарындасына тірі паротит вакцинасын енгізу

| үйде қорытынды дезинфекция

~Кене энцафалиті мен оба сырқаттанушылығымен қолайсыз эндемиялық аудандарға саяхатшылар тобы жол жүрмекші. Жол жүруге 2 апта қалды.

Мұндай жағдайда егу жүргізу тәртібі:

|екеуінде бір уақытта енгізу

|тек кене энцафалитіне вакцина енгізу

|екеуінде 13-14 күн аралықпен енгізу

|тек оба вакцинасын енгізу

|біреуін жол жүргенге дейін, екіншісін 1 айдан соң

~Кейбір аудандарда жергілікті тұрғандар арасында описторхоздың таралуын және осы инвазиямен үй жануарлары мен балықтардың заладанғанын экспедиция зерттеді.

Тұрғындардың описторхозбен залалдануы шикідей, толық қақталмаған және аз тұздалған балықтарды қолданғанда жұқтырды. Тексерілген аудандарда жүргізілетін шаралар:

|дегельминтизация

|дезинфекция

|дезинсекция

|иммунды алдын алу

|дератизация

~Травматологиялық бөлімде 28 жастағы науқастан ауруханада 10-шы күні сальмонеллез анықталды.

Бұндай жағдайда науқасқа жүргізілетін шаралар:

|жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

|боксқа ауыстыру

|бөлімде қалдыру

|дифтерияға қарсы сарысу енгізу

|антибиотиктер тағайындау

~Қабылдау бөлімінің бір бөлмесінде 30 мин ауырған балаларымен әртүрлі ата-аналар бірге болды. Қараған кезде бір балада жіті ішек инфекциясы қызылшаға қарсы егілмеген,бұрын қызылшамен ауырмаған, ал басқа балада – продорма кезеңіндегі қызылша диагнозы қойылды. Қызылшамен ауырған баланы боксқа жіберілді.

Жіті ішек инфекциясымен ауырған баланы ... жіберу керек.

|7 күн ішек бөліміне, одан кейін боксқа

|қызылшамен ауырған баламен бірге боксқа

|бөлек боксқа

|барлық ауру кезеңінде ішек бөліміне

|ауа-тамшы инфекциялар бөліміне

~Жедел респираторлы аурулар палатасында 4 науқас жатыр. Біреуінде 2-ші күні қызылша диагнозы қойылған (бетінде бөртпе). Палатадағы 35 жастағы көршісі бала кезінде қызылшамен ауырған, ал 19 жасар қызылшамен ауырмаған.

19 жасар науқасқа ... керек.

|иммундыглобулин енгізу

|боксқа ауыстыру

|антибиотиктер енгізу

|палатада қалдыру

|вакцина енгізу

~Қалалық аурухананың терапиялық бөлімінде гипертониямен жатқан 33 жасар науқаста 7-ші күні іш өту пайда болды және нәжісін бактериологиялық тексергенде Зонне шигелласы анықталды. Ауруханада мұндай диагнозбен басқа аурулар жоқ.

Инфекцияның қоздырғыш көзін анықтау үшін жүргізілілетін шаралар:

|асхана қызметкерлерін тексеру

|бөлім медқызметкерлерін тексеру

|науқастың туыстарын тексеру

|тұрмыстық заттарын тексеру

|палатадағы жанасқандарды тексеру

~Терапиялық бөлімде созылмалы холециститпен 28 жастағы науқастың өтін тексергенде S. Typhi анықталған. Анамнезінен науқас 7 жыл бұрын іш сүзегімен ауырған. Палатадағы 4 науқастың ішінен 2-уі бір апта бұрын ауруханадан шығып кеткен. Бөлімде 60 науқас бар.

Бұндай жағдайда жанасқандарға жүргізілетін шаралар.

|21 күн бақылау

|изоляторға ауыстыру

|ТҚҚБ хабарлау

|антибиотиктер тағайындау

|жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

~Балалар ауруханасында 7 жасар балада 4-ші күні клиникалық жіті дизентерия диагнозы қойылған.

Науқас балаға жүргізілетін шаралар:

|жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

|бөлімде қалдырып, боксқа жатқызу

|ректороманоскопия жүргізу

|адам иммундыглобулинін енгізу

|антибиотиктер тағайындау

~Қалалық аурухананың терапиялық бөлімінде жедел гастритпен 36 жастағы науқасты ИФА әдісімен тексергенде вирусты гепатит А маркерлері анықталды. Палатада 6 науқас бар. Науқасқа вирусты гепатит А диагнозы қойылды.

Бұндай жағдайда жанасқандарға жүргізілетін шаралар:

|35 күн бақылау

|40 күн бақылау

|жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

|антибиотиктер тағайындау

|вакцинация жүргізу

~Тұмау эпидемиясы кезінде перзентханада нәрестелер арасында тұмау сырқаттанушылығының 7 жағдайы тіркелген.

Бұндай жағдайда жанасқандарға жүргізілетін шаралар:

|тұмауды шұғыл түрде алдын алу

|бөлімде қалдырып, боксқа жатқызу

|жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

|антибиотиктер тағайындау

|5 күн бақылау

~Конго-Қырым геморрагиялық қызбаға күдікті науқастан қан алу үстінде зертханашы абайсызда саусағын шприц инесімен жаншып алды.

Осы жағдайда бірінші жүргізілетін шұғыл шаралар:

|арнайы гаммаглобуллин енгізу

|антибиотиктерді тағайындау

|жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

|жұмыстан шеттеу

|вакцинация жасау

~Гинекологиялық бөлімде іш өтумен, дене қызуының көтерілуімен, іштің ауруымен сипатталған инфекция өршуі болды.

Бұндай жағдайда жанасқан медқызметкерлерге жүргізілетін шаралар:

|7 күн бақылау

|антибиотиктерді тағайындау

|жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

|жұмыстан шеттеу

|дизентерияға тексеру

~Балалар ауруханасында 3 жасар балада қызылша анықталған. Баламен бұрын жанасқандардың барлығына қызылшаға қарсы егу белгілі мерзімде жүргізілген.

Бұндай жағдайда жанасқандарға жүргізілетін шаралар:

|палатада сауыққанға дейін қалдыру

|жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

|антибиотиктерді тағайындау

|екпе жүргізу

|10 күн бақылау

~Терапиялық бөлімде 3 тәулік бойы әртүрлі палаталарда 5 науқас жіті ішекинфекцияларымен тіркелді. Науқастарды, бөлімше қызметкерлерін және ас таратушыны бактериологиялық тексеру барысында ас таратушыдан және 5 науқастан сальмонеллалар табылды.

Мұндай жағдайда науқастарға жүргізілетін шаралар:

|қорытынды дезинфекция жүргізу

|науқаспен жанасқандарға егу жүргізу

|бөлімді өршу аяқталғанға дейін жабу

|ошақтық дезинфекция жүргізу

|науқастарды сауыққанға дейін бөлімде қалдыру

~Медициналық қызметкер гепатит бөлімінен микробиологиялық зертханаға пробиркамен қан тасымалдады. Абайсызда бір пробирка еденге құлап, сынып, қан еденге шашырады. Пробирка жапсырмасында «Вирусты гепатит» деп жазылған.

Осы жағдайда медициналық қызметкердің әрі қарай іс-әрекеті ... .

|еденге дезинфекциялық ерітіндіні құю

|еденді дезинфекциялық ерітіндіндіге малынған шүберекпен сүрту

|сабынды ерітіндімен еденді жуу

|антисептикпен еденді өңдеу

|еденді кварцпен өңдеу

~Ішек инфекциялар бөлімінің орта буынды медициналық қызметкерлердің нәжісін бактериологиялық зерттеу нәтижесінде мейірбикеден острицалар анықталды.

Осы жағдайда мейірбикеге қатысты жүргізілетін шаралар:

|науқастармен жұмыстан шеттету

|қабылдау бөліміне өткізу

|емхана бөліміне өткізу

|физиотерапевтикалық бөлімге өткізу

|сол бөлімде қалдырып,бекетке отырғызу

~Орталық стерилизация бөлімінің медициналық қызметкері стерилизация алдындағы тазалаудан кейін зертханалық ыдыстарды қанның қалдығына азопирамді тәсілімен тексеру барысында оң нәтижені көрсетті.

Бұндай жағдайда медқызметкердің іс әрекеті ... .

|дистилденген сумен жуып, стерилизация жүргізу керек

|ағынды сумен жуып, стерилизация жүргізу керек

|антисептик ерітіндісіне батырып, стерилизация жүргізу керек

|сабын сумен жуып, стерилизация жүргізу керек

|дез.ерітіндіге 15 мин батырып, содан соң стерилизация жүргізу керек

~Қабылдау бөлімінің бір бөлмесінде 30 минут шамасында әртүрлі ата-аналар науқас балаларымен бірге болды. Қараған кезде бір науқасты қызамық анықталып, ол бокске жіберілді. Екінші балада салмонеллез диагнозы қойылды. Ол науқас қызамыққа егу алмаған, бұрын ауырмаған.

Салмонеллезбен ауырған науқасты ... жіберу қажет.

|7 күнге дейін ішек бөліміне, сосын бокске

|қызамықпен ауырған науқаспен бір бокске

|жеке өзін бір бокске

|аурудың барлық кезеңінде ішек бөлімінде ұстау

|ауа-тамшылы инфекция бөліміне

~Ине жаншу бөлмесінің мейірбикесі анаэробты инфекциямен науқастан қан алу барысында бетперде мен қолғаппен жұмыс кезінде қан шашырап көзіне түсті.

Бұл жағдайда мейірбикенің көзіне тамызылатын ... ерітіндісі.

|1% азотқышқылды күміс

|5% бор қышқылы

|2% новокаин

|3% натрий карбонат

|6% ас содасы

~Егу бөлмесінің мейірбикесі ағынды тазалау жүргізу барысында абайсызда бактерицидті саулелі лампаны сындырып алды.

Сынған саулелі шамды ... қорапқа салуы қажет.

|«Г» класындағы

|«Б» класындағы

|«В» класындағы

|«А» класындағы

|«Д» класындағы

~Мейірбике ағымды тазалау жүргізу барысында абайсызда көзіне дезинфектант ерітіндісін шашыратып алды. Ол тез арада көзін ағынды сумен жуды. 15 мин өткен сөң көзінің қатты қызарғанын байқады.

Бұл жағдайда мейірбикенің көзіне тамызылатын ... ерітіндісі.

|1% альбуцид

|5% бор қышқылы

|2% новокаин

|3% натрий карбонат

|6% ас содасы

~Мейірбике ағымды тазалау жүргізу барысында абайсызда көзіне дезинфектант ерітіндісін шашыратып алды. Ол тез арада көзін ағынды сумен жуды. 5 мин өткен сөң көзінің қатты ауырғанын сезді.

Бұл жағдайда мейірбикенің көзіне тамызылатын ... ерітіндісі.

|2% новокаин

|1% альбуцид

|5% бор қышқылы

|3% натрий карбонат

|6% ас содасы

~Аскаридозды жұқтыру қаупі жоғары топты жыл сайын тексеру кезінде 3 жасқа дейінгі кіші балалар тобы анықталды. Анықталған инвазия ошағында жыл сайын сауықтыру, сонымен қатар санитарлық-гельминтологиялық мониторинг ұйымдастырылады және жүргізіледі. Осы жылы МДБМ 10 аскаридоз жағдайы тіркелген.

Жұғудың ықтимал жолы:

|балалар құмда ойнауы кезінде жұқтырды

|тамақ арқылы жұқтырды

|балалар бассейнде шомылу кезінде жұқтырды

|ойыншықтар арқылы жұқтырды

|ауыз су арқылы жұқтырды

~Аурухананың медициналық қызметкері мерзімі өткен барлық дәрілерді, диагностика мақсатында қолданған дәрілердің қалдықтарын, қолдануға келмейтін дез.ерітінділерді «Г» класындағы қораптарға жинап салды.

Бұндай жағдайда әрі қарай қалдықтарды жоюдың тәсілі:

|өндірістік улы заттармен бірге көму

|арнайы биологиялық молаларда көму

|екіншілік өнімге жіберу

|қатты тұрмыстық заттар полигонында көму

|өндірістік ошақтарда жағу

~Обаға қарсы станца зертханашысы аса қауіпті инфекция науқасымен қатынаста болған заттардың бәрін жинап «В» класындағы қалдықтар қорабына салып жинады.

Бұндай жағдайда әрі қарай жоюдың тәсілі:

|өндірістік ошақтарда жағу

|өндірістік улы заттармен бірге көму

|арнайы биологиялық молаларда көму

|екіншілік өнімге жіберу

|қатты тұрмыстық заттар полигонында көму

~Аурухана медициналық қызметкері жұқпалы аурулар ауруханасында науқастың биологиялық бөлінділерімен қатынаста болмаған улы емес қалдықтарды «А» класындағы қалдықтар қорабына жинап салды.

Бұндай жағдайда әрі қарай қалдықтарды жоюдың тәсілі:

|қатты тұрмыстық заттар полигонында көму

|арнайы биологиялық молаларда көму

|өндірістік ошақтарда жағу

|екіншілік өнімге жіберу

|өндірістік улы заттармен бірге көму

~5 жастағы бала капилляротоксикоз диагнозымен терапиялық бөлімге түсті. 3-ші күні балаға менингококты инфекция диагнозы қойылды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.

Терапиялық бөлімде жүргізілмейтін шаралар:

|палатадағы науқастардың шығаруын кештету қажет

|бөлімшенің палатасында күнделікті тазалау жұмысын жүргізу

|жанасқандарға иммундыглобулин енгізу

|палата мен бөлімшеде дезинфекция жүргізу

|жанасқандарды бақылау

~Медициналық қызметкердің мұрынның кілегей қабатына пациент қаны түскен кезде,сол жерді тез арада жууы:

|0,05% жавелион ерітіндісімен

|ағынды сумен

|фурацилин ерітіндісімен

|0,05% марганец калии ерітіндісімен

|0,5% хлоргексидин ерітіндісімен

~Медициналық қызметкер стерилизация алды тазалаудан кейін зертханалық ыдыстарды жуғыш заттардың сілтілі компонент қалдығына фенолфталеин тәсілімен тексеру барысында оң нәтижені көрсетті.

Бұл жағдайда медқызметкердің іс әрекеті:

|дистилденген сумен жуып, стерилизация жүргізу керек

|ағынды сумен жуып, стерилизация жүргізу керек

|антисептик ерітіндісіне батырып, стерилизация жүргізу керек

|сабын сумен жуып, стерилизация жүргізу керек

|дез.ерітіндіге 15 минут батырып, содан соң стерилизация жүргізу керек

~Шетелден келген құрғақ жүктерді медициналық-санитарлық тексеру барысында өлген кеміргіштер анықталды.

Мұндай жағдайда сары қызбаның таралуын және енуін алдын алуда қолданылатын шаралар:

|жүктерге дезинсекция

|жүктерге камералық дезинфекция

|жүктерге стерилизация

|жүктерге қорытынды дезинфекция

|жүктерге дератизация

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]