- •«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» мақалының мәнін ашыңыз.
- •«Өз тілімізбен өмір сүрейік!» – сөйлемнің мағынасын түсіндіріңіз.
- •Ана тіліміздің мәртебесін көтеру – басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес (Шерхан Мұртаза) – дәйексөздің мағынасын ашып жазыңыз.
- •Адамның қоғамдық өмірінде тілдің қолданылмайтын жері жоқ. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен қатынасады, пікір алысады, түсініседі – ойды жалғастырып жазыңыз.
- •10. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» (м. Әуезов) – өз пікіріңізді жазыңыз.
- •12. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» деген Абайдың сөзіне өз пікіріңізді білдіріңіз
- •17. Түркі халықтарын Наурыз мерекесімен құттықтап, құттықтау нотасын жолдаңыз.
- •18. Ресей мен Қазақстан арасындағы халықаралық мәдени келісім туралы жазыңыз.
- •19. Қазыбек бидің ашық нотасындағы қуатты тілдік оралымдарды мысалға келтіріңіз, ұлттық рухты айқындап тұрған құрылымдарға талдау жасаңыз.
- •Сөздердің байланысу формалары мен сөздердің байланысу тәсілдері туралы жазыңыз. Мысалдар келтіріңіз
- •Кәсіби тіл аспектісін меңгеруге деген қажеттіліктің себебін жан-жақты ашып көрсетіңіз.
- •Сөз, сөз тіркесі, сөйлем ұғымдарына анықтама беріңіз, мысалдармен дәйектеңіз.
- •Сөз тіркесінің негізгі белгіли
- •Кәсіби лексиканың ерекшеліктерін жазыңыз.
- •5. Термин, терминді норма, терминжасамның негізгі шарттарын көрсетіңіз.
- •Терминдік норма
- •6. Терминдердің жасалу жолдарына тоқталыңыз (10 халықаралық терминді мысалға алып, жасалу жолын талдаңыз).
- •Терминдердің жасалу жолдары
- •Терминдердің жасалу жолдарына (сөз тудырушы жұрнақтар арқылы) мысалдар келтіріңіз.
- •Терминдердің жасалу жолдарына (сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы) мысалдар келтіріңіз.
- •Қарсылық мәнді сөйлемдердің жасалу жолдарын жазыңыз, мысалдармен көрсетіңіз.
- •Салыстырма мәнді сөйлемдердің жасалу жолдарын көрсетіңіз.
- •Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін бес сөйлем жазыңыз.
- •Сөз дәлдігіне қойылатын талаптарды жазыңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •Мақсат мәнді құрылымдарға бес сөйлем құраңыз.
- •Қимылдың жасалу тәсіліне қатысты құрылымдарарқылы алты сөйлем (2 сөйлем – қимылдың басталуына, 2 сөйлем қимылдың жалғасына, 2 сөйлем қимылдың аяқталуына) құраңыз.
- •Міндеттілік, қажеттілік, тиістілік модальдігіне қатысты 6 сөйлем құраңыз.
- •«Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіруші құрал» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Білім жүйесіндегі реформалар» тақырыбына сыни пікір келтіріңіз.
- •7. «Қазақстан – Азия барысы» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •8. «Дипломатиялық әліппе» туралы жазыңыз.
- •9. «Еуразия кеңістігінің дипломаты» тақырыбының мазмұнын ашыңыз.
- •10. «Қазақтың тұңғыш өкілетті және төтенше елшісі» деген мәтін бойынша эссе жазыңыз.
- •11. Талейранның дипломатияға қатысты пікірлерін талдап шығыңыз.
- •12. «Нота – дипломаттық құжат» деген тақырыптың мазмұнын ашыңыз.
- •14. «Дипломатиялық этикет» деген тақырыпқа эссе жазыңыз.
- •15 «Дипломатиялық протокол» туралы жазыңыз.
- •16. «Дипломатиялық хат-хабар жазысу» тақырыбының мазмұнын ашыңыз.
- •17. «Қазақстанның шет елдермен келісімдік қатынастары» деген тақырыптың мазмұнын ашыңыз.
- •18. Н. Төреқұловтың елімізге сіңірген еңбегі туралы жазыңыз.
- •Кәсіби сала мамандарының құқықтары мен міндеттері туралы жазыңыз.
7. «Қазақстан – Азия барысы» тақырыбына эссе жазыңыз.
Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпші-лігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Индонезия және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз – Қытай жоғарғы қарқын танытып отыр. Бізге достас Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенімдіміз.
Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан баласына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлық-тардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да көп-теген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстардың нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.
Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтиже-ге қол жеткізе алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.
Бізде жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін қар барысы дүниежүзілік қауымдастыққа онша таныс емес.
Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктері де бар.
Бұл – өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалылы-ғымен дараланатын Барыс болмақ.
Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады. Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Ол қауіпқатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс.
Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады. Ол өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ол өз аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отырады.
Ендеше қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдындағы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі де, төзімділігі де тән болуға тиіс.
Дегенмен, 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз. Сауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.
Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағы-тымыздан ауытқымау үшін бізге өзіміздің нені қалайтындығымызды білу керек. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
