Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.53 Кб
Скачать
  1. Мақсат мәнді құрылымдарға бес сөйлем құраңыз.

.......... үшін мен бүгін ерте тұрдым.

.......... үшін спортпен айналысады.

.......... үшін радионы қостым. Радиодан күніне бірнеше рет ауа райы туралы айтады.

.......... үшін кейбір радио және телехабарлар қайталанады

 

  1. Қимылдың жасалу тәсіліне қатысты құрылымдарарқылы алты сөйлем (2 сөйлем – қимылдың басталуына, 2 сөйлем қимылдың жалғасына, 2 сөйлем қимылдың аяқталуына) құраңыз.

Қимылдың жасалу фазасы деп оның басталуынан аяқталуына дейінгі қалыпты айтамыз. Мысалы, өсе бастады, сала бастады, аудара бастады т.б.

1. Қимылдың басталу кезеңімен байланысты аналитикалық форманттар: -а баста; -а жөнел; -п қоя бер, - п сала бер, - п кет, - а бер белсенді көрсеткіштер саналады.   

Мысалы: 

Нарықта жаңа тауарлар пайда бола бастады. Банктен депозит ашқызып, ақшасын сала бастады.

2. Қимылдың жалғасу кезеңімен байланысты аналитикалық форманттар   -п тұр, -п жүр, -п жатыр, -п отыр, -п бара жатыр,  -п келе жатыр, - а түс, -а бер, -п кел, -п барады. 

Мысалы: 

Экономиканың дамуы құрылымдық жұмыссыздықты тудырып отыр.

Жыл сайын ипотекалық несиеге деген сұраныс өзгеріп жатыр.

3. Қимылдың аяқталу кезеңімен байланысты аналитикалық форманттар:       

1. -п біт, -п қал, -п бол, - п шық, -п ал, -п қой, -п кет, - ып түс, -п бер, -п таста, т.б. түрлі контексте қимылдың аяқталуының әр түрлі кезеңдерін (қарқынмен жасалған қимылдың бірден аяқталуы,  қимылдың жалпы немесе уақытша аяқталуы, қимылдың аяқталуға жақын қалуы) білдіреді (Жолшаева М. Қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма және мазмұн. Фил. ғыл.док... дис..автореф.. Алматы, 2009. 50 б).

 

Мысалы: 

Қоғам бюджетін (1 жылға арналған бизнесжоспарын) жасап бітті. 

Қосымша жұмыс тауып алды. Қалған ақшасын басқа қалтасына салып қойды.

  1. Міндеттілік, қажеттілік, тиістілік модальдігіне қатысты 6 сөйлем құраңыз.

Міндеттілік модальділік (модальность должествования) қимылды жасауға субьектінің міндетті екенін білдіреді. Қазақ тілінде міндеттілік модальдік мағынаны негізінен керек, қажет, тиіс, міндетті сөздерінің қатысуымен жасалатын, -у қажет, -у керек, -у(-уға) міндетті. -уы (-уі) тиіссияқты аналитикалық форманттар береді. Бұл сөздер сөйлеушінің сөйлемде айтылған хабардың ақиқаттығын нақтылау, міндеттеу мағынасында жұмсалады.

Мысалы, Менің сол жерге дәл сол күні баруым керек.

Міндеттілік мағына болымсыз түрде де айтылады, ол үшін емес, жоқ көмекшілері форманттарға тіркеседі. Мысалы, Оған ескерту керек емес.

3-деңгей

  1. «Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіруші құрал» тақырыбына эссе жазыңыз.

Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Бұл үшін тіл саясатын сауатты және дәйекті жүргізу керек. Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер. Бұл үшін қазір барлық жағдай жасалған. Қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Бұл – егер бала биыл мектепке барса, енді он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз. 

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Тәуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65 %-дан асты. Қазақтың саны 4 миллионға артты. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді.

Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз.Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз. (Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауынан ықшамдалып алынды. Астана, 14 желтоқсан 2012 жыл).

4.   «Халықаралық қатынастар факультеті» тақырыбына ой толғау жазыңыз.

Халықаралық қатынастар факультеті ҚР Сыртқы Істер министрлігінің бастамасымен 1995 жылы құрылды. Факультет халықаралық қатынастар, аймақтану, халықаралық құқық саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау  мақсатында жұмыс істейді. Мамандар даярлау – бакалавр, магистр, PҺD доктор сияқты үш сатылы оқу жүйесімен жүзеге асырылады. 

    Халықаралық қатынастар  мамандығы    бойынша 2 шет тілді (батыс және шығыс) меңгерген бакалавр.  Оқу мерзімі – 4 жыл. Аталған мамандық екі шет тілін тереңдетіп оқытумен бірге, елтану, аймақтану,  дипломатиялық және консульдық қызмет, халықаралық бірлесу, ымыраласу және  халықаралық ұйымдар мамандықтарын қарастырады.  Елтану аясында АҚШ, Германия, Франция, Кытай, Жапония, Үндістан, Түркия, Араб және Орта Азия елдері оқытылады. 

   Аймақтану   мамандығы бойынша 2 шет тілді меңгерген бакалавр. Оқу мерзімі – 4 жыл.  Аталмыш мамандық  аймақ  елдерінің  өзара байланысын кешенді оқып-үйренуге, аймақтағы сәйкес ұйымдармен, аймақтық бірлестіктермен халықаралық қатынастар, сондай-ақ, әлемдік және аймақтық саясаттың, экономиканың, аймақтық қауіпсіздіктің дамуы, студенттердің қалауы бойынша екі шет тілін тереңдете оқытуға бағытталған. Мамандық аясында Азия-Тынық мұхит, Батыс Еуропа, АҚШ пен Канада, Таяу Шығыс, Орта Азия сияқты елдер бойынша мамандандыру қарастырылады.

   Халықаралық құқық бакалаврі.  Оқу мерзімі – 4 жыл. Бұл мамандық аясында мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасындағы халықаралық құқықтық байланыстарды реттейтін, қазіргі құқық институттарын, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын шетелдік компаниялар, кедендік және басқа да заң органдары туралы  оқып-үйрену  қарастырылған.  Студент таңдауы бойынша бір шет тілі тереңдете оқытылады. Халықаралық құқық кафедрасы халықаралық құқық саласында жоғары білікті мамандар даярлау жөнінен Қазақстандағы бірден-бір ғылыми орталық болып саналады.