Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.53 Кб
Скачать

Терминдік норма

 

Жыл өткен сайын ғылымның сан-салалы дамуымен байланысты терминнің саны жалпылама сөздердің санынан көбейе түспек. Терминжасам әдетте мынадай шарттарды негізге алады:

- термин нормасы жалпы әдеби тіл нормасымен қайшылықта болмауға;

- термин жүйелі болуға;

- термин контекске тәуелсіз болуға;

- термин қолдануға ыңғайлы болуға;

- термин бірмәнді болуға;

- термин ұғынықты болуға тиіс (Н.Уәли).

6. Терминдердің жасалу жолдарына тоқталыңыз (10 халықаралық терминді мысалға алып, жасалу жолын талдаңыз).

Термин (лат. terminus – шек, шеті, шекарасы деген мағынада) – ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер.  

Терминдердің жасалу жолдары

 Терминдердің сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалуы: 

1) шы, ші жұрнағы арқылы: тергеуші, жинаушы

2) лық, лік, дық, дік, тық, тік : бәсекелестік, төзімділік

3) ыс, іс жұрнағы арқылы: байланыс

4) ым, ім, м жұрнағы арқылы: келісім

5) лас, лес, дас, дес, тас, тес жұрнағы арқылы: мүдделес

6) лы, лі, ды, ді, ты, ті жұрнағы арқылы: мәліметті пайдалану

7) –ғы, гі, қы, кі:  ішкі жүйе

 

Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер: келіссөз

Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған терминдер: хат-хабар

 

Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған терминдер:  ресми хабар

  1. Терминдердің жасалу жолдарына (сөз тудырушы жұрнақтар арқылы) мысалдар келтіріңіз.

Терминдердің сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалуы: 

1) шы, ші жұрнағы арқылы: тергеуші, жинаушы, тексеруші, куәландырушы, шығарушы, пайда алушы, өсиет қалдырушы, т.б.

2) лық, лік, дық, дік, тық, тік жұрнағы арқылы:мемлекетаралық, халықаралық, авторлық құқық,консулдық, шетелдік, қауіпсіздік, кеңістік, агенттік,толеранттық, бірлік, тұтастық, кепілдік, басымдық, бәсекелестік, төзімділік, ақпараттық, бейбітшілік, т.б.

3) ыс, іс жұрнағы арқылы: байланыс, дағдарыс, айналыс, тексеріс, үдеріс, өзгеріс, т.б

4) ым, ім, м жұрнағы арқылы: келісім, алым, сенім, ұсыным, шығарылым, таралым, т.б.

5) лас, лес, дас, дес, тас, тес жұрнағы арқылы:еншілес, серіктес, бәсекелес, қызметтес, мүдделес, т.б.

6) лы, лі, ды, ді, ты, ті жұрнағы арқылы:ақпаратты іздестіру, мәліметті пайдалану, материалдарды тексеру, күрделі шығындар, құзыретті адам, меншікті қызмет, күнделікті істер, т.б.

7) –ғы, гі, қы, кі: сыртқы байланыс, ішкі жүй

  1. Терминдердің жасалу жолдарына (сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы) мысалдар келтіріңіз.

Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер:

келіссөз

геосаясат

 

Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған терминдер:

арнамыс

зорлықзомбылық

 

Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған терминдер:

адам құқығы

ақпарат агенттігі

  1. Қарсылық мәнді сөйлемдердің жасалу жолдарын жазыңыз, мысалдармен көрсетіңіз.

Қарсылық мәнді құрылымдар жай сөйлемдер арқылы да, құрмалас сөйлемдер арқылы да беріледі. 

Мысалы, Өкінішке орай, біз сіздің пікіріңізбен келісе алмаймыз. Сіздің дәлеліңіз негізсіз болғандықтан, біз сізбен келісе алмаймыз.

Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы болады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты қарсылықты салалас деп аталады. Жалғаулықсыз салалас құрмаластардың арасына үтір қойылады.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем – басыңқы сөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойылатын сабақтастың түрі.

Сұрақтары: не қатсе? Не етсе?