Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.53 Кб
Скачать
  1. Кәсіби тіл аспектісін меңгеруге деген қажеттіліктің себебін жан-жақты ашып көрсетіңіз.

Кәсіби немесе арнаулы қазақ тілін көптеген адамдар қажет етеді. Олардың қатарында: экономист, қаржыгер, бизнесмен, менеджер, маркетолог, есепші, логистик және т.б. мамандар бар. 

​Кәсіби тіл аспектісін меңгеруге деген қажеттіліктің себебі неде? Сіздер тілді алып ағаш бейнесінде елестетіп көріңіздерші. Оның тамыры – бұл тілдің негізі, түбірі. Олар сөздерді байланыстыруда мықты тірек бола алады. Ағаштың діңі – тілдің сыртқы келбеті, корпусы. Яғни, кең қолданысқа ие түрлі саладағы: кино, радио, теледидар, газет пен журнал, түрлі ортадағы адамдардың тілі. Ал тілдің түрлі салада қолданатын арнаулы және ерекше нұсқасы – бұл бұтақтары. Ағаш бұтақтарының ұзындығы, өлшемі түрлінше болғандықтан олар бірнеше кіші тармақтарға бөлінеді, ол – мамандық тілі. Мамандық тілін білікті маманнның көмегінсіз игеруге шамамыз жетпейді.

  1. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем ұғымдарына анықтама беріңіз, мысалдармен дәйектеңіз.

Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуы. Сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын тіл білімінің синтаксис саласы зерттейді. 

Сөз тіркесінің негізгі белгіли

Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз. 

 

Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:

1) жалғау арқылы; 

2) шылау арқылы; 

3) орын тәртібі арқылы; 

4) интонация арқылы. 

 

Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп аталады. Мысалы, қазақ тілінің мәселесі, университетке келу, тілді құрметтеу, өткенге көз жіберу. 

 

Сөздер шылау арқылы да байланысады. Мысалы, қазақ тілін білмегенім үшін ұялдым, күн сайынүйрендім, кәсіби лексикамен бірге, Сабақтан кейінүйге қайттым.

 

Сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез, тілі қысқа, өнегелі өмір, берілген тапсырма, биік мақсат, аталы сөз, кәсіби шеберлік, т .б.

 

Сөздер интонация арқылы да байланысады. Мысалы, Абай – ақын, мектеп – кеме, білім – теңіз, т. б.

 

  1. Кәсіби лексиканың ерекшеліктерін жазыңыз.

Кәсіби лексика – белгілі бір мамандықкәсіп аумағында қолданылатын және сол мамандықтың адамдарына ғана түсінікті болып келетін сөздер.

Кәсіпке байланысты белгілі бір тақырып, мамандық саласындағы әңгіме, пікірлесу маманның кәсіптік тілмен сөйлеуін қажет етеді. Сөйлеушінің барлық жағдайда қай ұлттың өкілі екені, дүниетанымы, ұстанатын идеологиясы кәсіптік тілмен пәлендей байланысты болмайды. Өйткені сөйлеуші белгілі бір саланың және соған сәйкес ұғымдық категориялық аппараттарды игеруге тиіс. Кәсіп иесі, кез келген адам алдымен жалпыға ортақ әдеби тілді білуі қажет.

5. Термин, терминді норма, терминжасамның негізгі шарттарын көрсетіңіз.

Термин (лат. terminus – шек, шеті, шекарасы деген мағынада) – ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер.