Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.53 Кб
Скачать

18. Ресей мен Қазақстан арасындағы халықаралық мәдени келісім туралы жазыңыз.

Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,       Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы халықтарының тарихи және мәдени құндылықтарымен өзара танысу, олардың арасындағы дәстүрлі байланыстарды сақтау және дамыту мүддесін ескере отырып,       1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларацияны негізге ала отырып,        Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми және білім беру процестерінің дамуы туралы өз мемлекеттері жұртшылығының ақпарат алуын ұлғайтуға зор маңыз бере отырып,        1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың және 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мәдениет, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің рухында екі жақты гуманитарлық, мәдени, ғылыми-техникалық және ақпараттық байланыстардың дамуына жәрдемдесуге ұмтыла отырып,

19. Қазыбек бидің ашық нотасындағы қуатты тілдік оралымдарды мысалға келтіріңіз, ұлттық рухты айқындап тұрған құрылымдарға талдау жасаңыз.

Қазақтың аса айтулы, айбынды, аруақты биінің бірі- Қаз дауысты Қазыбек. Оның өмірі негізінен қазақ-қалмақ шапқыншылықтары өршіп тұрған жаугершілік заманда өтті. Қазыбек есімі ел аузындағы әңгімелерде тарихи деректерде, көбінесе Абылай ханмен, Бұқар жыраумен қатар аталады, Халық оны «Қазып айтқан Қазыбек» – деп қастерлеген. Қазыбек бидің: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз;елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз» – деп келетін жай оғындай отты сөздерін жатқа білмейтін қазақ аз. Қаз дауысты Қазыбек айтты деген аталы сөз ел ішінде көп сақталған. Қазыбек бидің тіршілік ортасы, өз тұлғасы жайлы мәнді әңгімелер халық жадында әлі де мол.

Қаз дауысты Қазыбектің әкесі Келдібек би қыз таңдап, үйленбей біраз жүрсе керек. Содан ойламаған жерде, бір жиында, аяғы ақсақ, көзі қыли жас қызға көңілі ауып, құда түсіп, айттырып алады. Әке –шеше баласының айтқанына келіскенмен, аса қолдай қоймайды. Тіпті әкесі: «Таңдаған тазға жолығадының кебі келді. Сөз байласқан бұрынғы құдалардың бетіне қалай қараймыз?» деп айтып та тастапты.

2-деңгей

 

  1. Сөздердің байланысу формалары мен сөздердің байланысу тәсілдері туралы жазыңыз. Мысалдар келтіріңіз

Сөздердің байланысу формалары сөздердің байланысу тәсілдері негізінде жасалады. Байланысу тәсілдерінің қалыптасқан үлгілері сөздердің байланысу формаларын жасайды. Демек, сөздердің байланысу тәсілдері сөздердің байланысу формаларын жасаудың алғышарты болып табылады.

 

Қиысу – сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелу ретімен бастауыштық және баяндауыштық қатынаста жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі. Мысалы, Мен делдалмын (І ж.), сен кәсіпкерсің (ІІ ж.), олар келеді (ІІІ ж.), біз уақытша жеңілдіктер жасаймыз. (І ж.).

 

Матасу – сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Мысалы, Алматтың фирмасы, бағаның тұрақтануы, менің сұранысым, т .б.

 

Меңгеру – сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғауларыарқылы байланысқан түрі. Мысалы, бәсекеге қабілетті, өмірді сақтандыру, ақшалай түрде беру, банкіден келу, жұмыспен қамту, т. б. 

 

Қабысу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі. Мысалы, қызық кездесу, шағын бизнес, төмен жалақы,тұрақты баға т .б

 

Жанасу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы. Мысалы, телефон арқылы сөйлесу, фирмаға дейін бару, әдейі кездесу.