Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.53 Кб
Скачать

17. «Қазақстанның шет елдермен келісімдік қатынастары» деген тақырыптың мазмұнын ашыңыз.

Бұдан әрі “Тараптар” деп аталатын Палестина мемлекетінің Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі екі мемлекет пен олардың халықтары арасындағы достық қатынастарды нығайту ниетін көздей отырып мәдениет, ғылым, мен білім, бұқаралық ақпарат құралдары, туризм мен спорт салаларындағы, сондай-ақ жастар істері жөніндегі салада ынтымақтастық пен алмасуды дамытуға ұмтыла отырып, мынаған келісті:

1-бап

Тараптар мәдениет, ғылым мен білім, бұқаралық ақпарат құралдары, туризм мен спорт салаларында, сондай-ақжастар істері жөніндегі салада ынтымақтастық пен алмасуды дамытуға жәрдемдеседі.

2-бап

Тараптар мына төмендегі бағыттар бойынша мәдениет саласындағы  ынтымақтастыққа жәрдемдеседі:

– мәдениет пен өнер күндерін, кинофестиваль өткізу, ынтымастық негізінде көркем өнерпаздар мен жеке орындаушылардың гастрольдерін ұйымдастыру;

– бейнелеу өнері мен декоративтік-қолданбалы өнердің көрмелерін өткізу;

– мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлерінің делегацияларымен алмасу;

– әдеби шығармаларды аудару мен жариялау;

– екі елдің мұражайлары, кітапханалары, архивтері арасындағы ынтымақтастық.

Тараптар мәдениет мекемелері арасында тікелей қарым-қатынас орнатуын көтермелеп отырады.

18. Н. Төреқұловтың елімізге сіңірген еңбегі туралы жазыңыз.

XX   ғасырдың 20-30 жылдарында Сауд Арабиясында Кеңес Одағының өкілетті өкілі болып қазақ Нәзір Төреқұлов қызмет етті. Ол екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас  орнатып, байланыстың дамуына көп еңбек сіңірген. Нәзір Төреқұлов өкілетті елші ретінде үлкен қайраткерлік көрсеткен. Аса сыйлы болғаны сондай, Сауд Арабиясының негізін салушы король Әбдел-Әзиз оны өзіне жақын тартып «інім» деп құрмет көрсеткен. Нәзір Төреқұловтың Кеңес Одағының Хиджаздағы өкілетті өкілі болып тағайындау мәселесіне И. Сталиннің тікелей қарауымен шешілген көрінеді.  Кеңес өкіметінің сеніміне ие болып, мұндай лауазымды қызметке жіберілуі оның бұған дейін де Түркістан республикасының ағарту комиссары, Түркістан Компартиясы Орталық комитетінің төрағасы, КСРО халықтары баспасы басқармасының төрағасы сияқты басшылық қызметтер атқарып, ысылып, елге басшылыққа танылғандығынан болса керек. 

     Нәзір жан-жақты азамат болды. Өзінің алғыр, талапшыл, ізденгіштігінің арқасында қысқа мерзім ішінде араб тілін меңгеріп алған. Сондай-ақ жергілікті діни ғұламалармен теологиялық тақырыпта еркін пікір алмасатындай  дәрежеге  жеткен. Сондағы бүкіл елшілердің атынан корольдің алдында сөз сөйлеу құрметіне ие болған.

  1. Кәсіби сала мамандарының құқықтары мен міндеттері туралы жазыңыз.

 

Халықаралық құқық нормалары мен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғышарты болып табылады. Халықаралық құқық нормалары халықаралық қатынастардың пайда болуынан туындайды. Халықаралық қатынастарды халықаралық құқық  реттеп отырады, сонымен бірге оның нормаларына өз әсерін  тигізеді. Халықаралық құқық кез келген қоғам өмірінде маңызды орынға ие болатын жан-жақты және дамыған халықаралық қатынастарды реттейді.

     Халықаралық құқық тар мағынасында алғанда мыналарды: біріншіден, мемлекеттер мен мемлекет тәріздес құрылымдарды; екіншіден, өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттардың, мемлекеттік құрылымдардың орнығу процесін;  үшіншіден, халықаралық ұйымдарды; төртіншіден, мемлекеттер тобын; бесіншіден, осы белгілердің арасындағы байланысты білдіреді.

Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары халықаралық қатынастардың және халықаралық құқықтың осы заманғы жүйесінің маңызды заңдылықтарын көрсетеді. Қағидалар жүйесіне мынадай сипаттар тән: 1) әмбебаптық; 2) көпшілік мойындағандық; 3) жалпыға міндеттілік; 4) тұрақтылық

Халықаралық құқыққа құқықтың барлық негізгі белгілері тән, олар:

1. Құқық – бұл мемлекеттің еркіне тән құбылыс;

2. Қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жүйесі;

3. Тәртіп стандартын ұстану үшін мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану.