Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.53 Кб
Скачать

14. «Дипломатиялық этикет» деген тақырыпқа эссе жазыңыз.

Дипломатиялық этикет   – дипломатиялық контакт немесе байланыстар және сыртқы саясат саласында белгілі бір тәртіпті жүргізуде белгіленген ереже. Этикет нақты белгіленген тәртіп ретінде қарастырған кезде, белгілі бір мақсаттарға жетуде, қолайсыз жағдайлардан шығушы ретінде қарастыруға болады. Сондықтан дипломатиялық этикеттің негізгі функциясы ретінде – қоғамда тәртіпті орнату деп анықтауға болады. Екінші функциясы ретінде, ыңғайлылық, мақсатқа жетушілік, практикалылық сипаттар тән.

Дипломаттардың және тағы басқа ресми тұлғалардың ережелер тәртібі бір бірімен байланыста болғанда әртүрлі дипломатиялық қабылдаулар, кездесулерде, келісімдерде дипломаттар этикетке қатты көңіл бөледі. Себебі оларға этикеттен алшақтау немесе бұзу елдің имиджіне үлкен теріс әсерін тигізеді немесе елдің өкілдеріндегі екі елдің арасында қарым-қатынасты қиындатады.

     Қоғамда этикеттің рөлі әрдайым үлкен орында. Ол тарихи заманнан және әлеуметтік дамудан қоғамдық функциялардан және басқа да әр түрлі құрылымдар мен формалардан анықталып келеді. Салт-жораларымен салыстырғанда қоғамдық мақсаттарға негізделген.  

15 «Дипломатиялық протокол» туралы жазыңыз.

Дипломатиялық протокол – әр мемлекетте бірнеше жылдар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, қағидаларды негізге алатын ережелердің жиынтығы. «Протокол» латынша «protokollon» («протос» - бірінші, «колла» - желімдеу). Орта ғасырларда осы термин документтерді бекітудің және термині тек дипломатияда және дипломатиялық қызметте ғана қолданыла бастады. Оның мағынасы да кеңейе түсті. Дипломатиялық хаттамаға этикет мәселелері мен рәсімдеу мәселелері де қосылды.

 

     Оның негізгі ережелері барлық  мемлекеттер үшін бірдей болуы керек. Сонымен қатар, әр елдің дипломатиялық протоколының өз ерекшеліктері бар. Мемлекеттер оған өздерінің мәдениеті мен социалдық-экономикалық құрылымына, ұлттық ерекшеліктеріне, тарихи салт-дәстүрлеріне сәйкес келетіндей етіп әр түрлі өзгерістер енгізеді.

     Қазіргі кезде дипломатиялық этикет жаңа мемлекеттің қабылдануы, құрылуы кезінде, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары сайланған кезде, сенім грамоталары тапсырылатын кезде, дипломатиялық визиттер мен кездесулер, келіссөздер жүргізілу кезінде және келісімдер мен келіссөздерге қол қою кезінде және т.б. кездерде қатаң түрде сақталынуы керек. Халықаралық сыпайылық ережелерінің шартты күші жоқ. Бірақ, халықаралық протоколдық практикада көрсетілгендей, мемлекеттер мен дипломаттар оны сақтауға тырысады. Өйткені, халықаралық қатынаста әр түрлі тәуелсіз мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтеді, олардың әр түрлі идеологиялық, діни және саяси, моралдық принциптері болуы мүмкін.

16. «Дипломатиялық хат-хабар жазысу» тақырыбының мазмұнын ашыңыз.

Дипломатиялық хат-хабар жазысу – мемлекеттің сыртқы саяси және дипломатиялық қызметінің негізгі нысандарының бірі, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды іске асыратын әртүрлі ресми қатынас хаттары мен дипломатиялық сипаттағы құжаттардың жиынтығы.                      Мемлекеттер арасындағы өзара қатынастар жазбаша түрде мемлекет басшысының, үкімет сыртқы істер министрлігінің, әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық мекемелер мен ұйымдар, немесе олардың басшылары, дипломатиялык өкілдік және жеке дипломаттар атынан жүзеге асады.

     Қазіргі заманның аса маңызды, өзекті мәселелеріне қатысы мемлекеттердің саяси ұстанымын айқындайтын мемлекет қайраткерлерінің баяндамалары, мәлімдемелері, жолдаулар, ноталар,  меморандумдар, мемлекет басшысының, үкіметтің ресми жеделхаттары сияқты дипломатиялық құжаттар бүгінгі кезеңдегі ақпараттық желісінде сыртқы саясат мәселесіне қатысты құжаттар ретінде ерекше орын алады. Жалпы дипломатиялық құжаттарда қаралатын мәселелер де алуан түрлі. Олар өзіндік нысанына қарай мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындайтын және дипломатиялық қатынастар орнату жөнінде ұсыныстар түрінде, барлық халықтардың тағдырына қатысты құжаттар болуы мүмкін. Дипломатиялық құжаттарды дайындау сыртқы істер министрлігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы дипломатиялық хат алмасудың қалыптасқан тәжірибе бойынша жүзеге асуын қадағалау негізінен протоколдық қызметке тапсырылады.