- •«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» мақалының мәнін ашыңыз.
- •«Өз тілімізбен өмір сүрейік!» – сөйлемнің мағынасын түсіндіріңіз.
- •Ана тіліміздің мәртебесін көтеру – басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес (Шерхан Мұртаза) – дәйексөздің мағынасын ашып жазыңыз.
- •Адамның қоғамдық өмірінде тілдің қолданылмайтын жері жоқ. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен қатынасады, пікір алысады, түсініседі – ойды жалғастырып жазыңыз.
- •10. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» (м. Әуезов) – өз пікіріңізді жазыңыз.
- •12. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» деген Абайдың сөзіне өз пікіріңізді білдіріңіз
- •17. Түркі халықтарын Наурыз мерекесімен құттықтап, құттықтау нотасын жолдаңыз.
- •18. Ресей мен Қазақстан арасындағы халықаралық мәдени келісім туралы жазыңыз.
- •19. Қазыбек бидің ашық нотасындағы қуатты тілдік оралымдарды мысалға келтіріңіз, ұлттық рухты айқындап тұрған құрылымдарға талдау жасаңыз.
- •Сөздердің байланысу формалары мен сөздердің байланысу тәсілдері туралы жазыңыз. Мысалдар келтіріңіз
- •Кәсіби тіл аспектісін меңгеруге деген қажеттіліктің себебін жан-жақты ашып көрсетіңіз.
- •Сөз, сөз тіркесі, сөйлем ұғымдарына анықтама беріңіз, мысалдармен дәйектеңіз.
- •Сөз тіркесінің негізгі белгіли
- •Кәсіби лексиканың ерекшеліктерін жазыңыз.
- •5. Термин, терминді норма, терминжасамның негізгі шарттарын көрсетіңіз.
- •Терминдік норма
- •6. Терминдердің жасалу жолдарына тоқталыңыз (10 халықаралық терминді мысалға алып, жасалу жолын талдаңыз).
- •Терминдердің жасалу жолдары
- •Терминдердің жасалу жолдарына (сөз тудырушы жұрнақтар арқылы) мысалдар келтіріңіз.
- •Терминдердің жасалу жолдарына (сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы) мысалдар келтіріңіз.
- •Қарсылық мәнді сөйлемдердің жасалу жолдарын жазыңыз, мысалдармен көрсетіңіз.
- •Салыстырма мәнді сөйлемдердің жасалу жолдарын көрсетіңіз.
- •Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін бес сөйлем жазыңыз.
- •Сөз дәлдігіне қойылатын талаптарды жазыңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •Мақсат мәнді құрылымдарға бес сөйлем құраңыз.
- •Қимылдың жасалу тәсіліне қатысты құрылымдарарқылы алты сөйлем (2 сөйлем – қимылдың басталуына, 2 сөйлем қимылдың жалғасына, 2 сөйлем қимылдың аяқталуына) құраңыз.
- •Міндеттілік, қажеттілік, тиістілік модальдігіне қатысты 6 сөйлем құраңыз.
- •«Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіруші құрал» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Білім жүйесіндегі реформалар» тақырыбына сыни пікір келтіріңіз.
- •7. «Қазақстан – Азия барысы» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •8. «Дипломатиялық әліппе» туралы жазыңыз.
- •9. «Еуразия кеңістігінің дипломаты» тақырыбының мазмұнын ашыңыз.
- •10. «Қазақтың тұңғыш өкілетті және төтенше елшісі» деген мәтін бойынша эссе жазыңыз.
- •11. Талейранның дипломатияға қатысты пікірлерін талдап шығыңыз.
- •12. «Нота – дипломаттық құжат» деген тақырыптың мазмұнын ашыңыз.
- •14. «Дипломатиялық этикет» деген тақырыпқа эссе жазыңыз.
- •15 «Дипломатиялық протокол» туралы жазыңыз.
- •16. «Дипломатиялық хат-хабар жазысу» тақырыбының мазмұнын ашыңыз.
- •17. «Қазақстанның шет елдермен келісімдік қатынастары» деген тақырыптың мазмұнын ашыңыз.
- •18. Н. Төреқұловтың елімізге сіңірген еңбегі туралы жазыңыз.
- •Кәсіби сала мамандарының құқықтары мен міндеттері туралы жазыңыз.
10. «Қазақтың тұңғыш өкілетті және төтенше елшісі» деген мәтін бойынша эссе жазыңыз.
М.С. Фазылов 1975 ж. Д.А. Қонаевтың ұсынуымен КСРО-ның Малидағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. Тропикалық қиын климатта М.С. Фазылов жеті жылдан астам қызмет істеді. Қазақ ретінде, қазақстандық ретінде өз республикасын да насихаттай білді. КСРО-ның Малидағы елшілігінде өз қолтаңбасын қалдырды, дипломаттар үшін барлық жағдай жасалынған жаңа елшілік қалашығын салуды ұйымдастырды.
Малидегі қызметінен кейін ол бірден Кеңестер Одағының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. Мұнда ол 1983 жылдан 1990 жылға дейін еңбек етті.
Мали Республикасында да, Марокко Корольдігінде де М.С. Фазылов Қазақстанның мәдениет күндерін табыспен өткізді.
1988 жылы Елші Алматы мен Мекнес (Марокконың ескі астанасы) қалаларын бауырлас қала ету жөніндегі хаттамаға қол қойды.
Өзінің өмірінің соңына дейін ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігінде кеңесші болып қызмет атқарды. Дипломат, тарих ғылымының кандидаты М.С. Фазылов әр түрлі басылымдарда орыс, қазақ, француз, араб тілдерінде көптеген мақалалар жариялады.
Ол өз еліне, халқына адал қызмет етті.
11. Талейранның дипломатияға қатысты пікірлерін талдап шығыңыз.
Талейранның пікірінше дипломатия саласында жемісті жұмыс істеуге қажетті «Жан мен рухтың» сапасы екі санатқа бөлінеді.
Бірінші санатқа байқампаздық, қанағатшылдық, пайдакүнемдіктен мүлде аулақ болу, сондай-ақ сыртта жүргенде ұлт атынан сөйлеу аса жауапты міндет екендігін сезінуге және ел ішінде оның саяси құқықтарының сақталуын қадағалауға мәжбүр ететін әйгілі сезім асқақтығы жатады.
Екінші санатқа саяси қатынастарды оқып-үйренуге жан-дүниесінің бейімділігі, мәселелердің түп-төркінін дұрыс және тез арада аңлай қою қабілеті, ой-өрісінің кеңдігі жатады.
Бәрін бірге алғанда және практика жүзінде өрістетіп көргенде аталмыш қасиеттердің барлығы да дипломатиялық мансаптың рухы мен абыройын құрайды, – деді Талейран 1800 жылы наурызда үкіметке ұсынған дипломатиялық мансап туралы өзінің баяндамасында.
Қайтыс боларынан бір жарым ай бұрын (1838 ж. наурызда) Талейран Париж академиясында сөйленген сөзінде оның пайымдауынша үлгі болып табылатын дипломат туралы тағы да айтып өтті.
12. «Нота – дипломаттық құжат» деген тақырыптың мазмұнын ашыңыз.
Нота – халықаралық шарттар жасасу құжаттарының бiрi. Ол мемлекеттер арасында келiсiмдер жасасу, дипломатиялық қатынастар орнату, дипломатиялық миссияны елшiлiк етiп қайта құру кездерiнде пайдаланылады.
Жеке нота – елшiнiң өз атынан жазатын жеке хаты. Жеке нота оған қол қоюшының атынан бiрiншi жақта түзiледi. Мөр қойылмайды. Нотаның басқы сөйлемдерi жолданушы адамға қаратыла айтылған арнау түрiнде басталады да, соңы қалыптасқан жаттанды фраза түрiнде ризашылық сезiмiн бiлдiрген сөйлемдермен аяқталады.
Жеке нота бірінші жақтан жазылады.
Жеке нотаға қол қойылады.
Жеке нота сыпайы (сыпайылықтың трафареттік фразаларымен) аяқталады.
Жеке нотадағы қаратпа сөз: (формула обращения) Құрметті Елші мырза, Елші мырза, Министр мырза. Мысалы: 1921 ж., 28 қыркүйекте Персияның РСФСР-дағы елшісіне жіберілген нотадағы қаратпа сөз: “Төтенше Елші мырза”, қорытынды сөз: “Төтенше” (Өкілетті министр, Төтенше өкіл дәрежесі (ранг) – Вена конгресінде 1815 ж. Аахенск конгресінде 1818 ж. бекітілген). Елші мырза!” сізге құрметімді білдіремін” деп аяқталады. 1921 ж. 21 қыркүйекте Финляндияның Сыртқы Істер министріне жіберілген нотадағы қаратпа сөз: “Министр мырза”, қорытынды сөз: “Министр мырза, менің үлкен құрметімді сеніммен қабыл алыңыз”.
Вербальды нота – ²назар алуға тұратын қағаз² деген мағынаны бiлдiредi. Бұл дипломатиялық хат алысудың ең кең тараған түрi. Вербальды нота үшiншi жақта түзiледi. Нота бланкiсiне басылады және оған қол қойылмайды. Мөр басылып, мекен-жайы көрсетiледi. Жеке нота сияқты құрмет сезiмiн бiлдiре басталып, ризашылық сезiмiн бiлдiре аяқталады.
Вербальді деген ұғым – “ұқыпты назар аударатын қағаз” дегенді білдіреді.
Вербальді нота үшінші жақтан жазылады.
Вербальді нотаға қол қойылмайды.
Вербальді нота сыпайы (формулами уважения) басталады.
Вербальді нота сыпайы аяқталады.
Вербальді нота – дипломатиялық хат алысуларда кең таралған құжат.
