Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.53 Кб
Скачать

8. «Дипломатиялық әліппе» туралы жазыңыз.

Біздің жұмысымыз туралы айтатын болсақ, жұмысымыз өте қызық әрі қиын, жауапкершілігі де жоғары. Қызығы басқа елдермен, олардың салт-дәстүрімен, протокол ережелерімен танысып, еліміздің сыртқы саясатына үлесімізді қосқанымыз.

– «Жауластырмақ жаушыдан, елдестірмек елшіден» деген мәтелді сіз білетін шығарсыз деп ойлаймын. Шет елдерден делегация келетін күні дайындықты неден бастайсыздар?

– Әрбір сапар – бір адамның жай келіп кеткені емес, оны дайындау үшін алдын-ала үлкен жұмыс жүргізіледі. Алдымен келетін қонақтың сапарын дайындау үшін көптеген мекемелерге хат жазылып, шет елдерден ноталар алмасып, бірнеше өкімдер, жарлықтар мен бұйрықтар шығарылып, бағдарлама жобасы дайындалады. Сол бағдарламаға қатысатын лауазымды тұлғалармен келісіп, бағдарламаның әр бабына басқа мекемелерден жауапты адам тағайындалып, келе жатқан тараптың алдыңғы тобы келгенше, біраз дайындық өткіземіз. Содан кейін өз басшыларының Қазақстанға сапарын дайындау мақсатында келген алдыңғы топпен бірлесе отырып, бағдарламалардың егжей-тегжейлерін талдаймыз. Мєртебелі қонақтың ұшағы еліміздің әуе кеңістігіне кіргеннен бастап, әуежайға қонуын, ол сапарда қонақтың ресми делегацияның, қосалқы құрамның жүріс-тұрысын, әрбір баратын жеріне кімнің қашан келу-кетуін, келген ұшақтың біздің әуе кеңістігімізден ұшып шыққанына дейін жазып-сызып, дайындап, тыныштық болмайды. Қонақтың ұшағы қай тұраққа тұратыны, оған қандай жанармай құйылатыны, Елбасымен, Қазақстанның басқа да ресми өкілдерімен кездесіп, көшелерде ілінетін транспоранттардың жазылуын бақылау, екі елдің жалауларымен қала көшелерін безендіру, қай көшемен барып-келуі, кездесулерде кімнің қай жерде тұратыны, қай жерде отыратыны, берілетін қонақасы мен дастархан мәзірін дайындау, кімнің қандай көлікпен жүретінін ұйымдастыру, келетін қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді еліміздің басқа да мекемелерімен бірігіп ұйымдастыру – міне, осының барлығы біздің қызметіміздің  құзіретіне кіреді. Осы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізгенде қонақтарға келетін өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ салттарына, елімізде қалыптасқан протоколға сәйкес қызмет көрсетіледі. "Әр елдің салты басқа…" демекші, мысалы Елбасының қатысуымен өтілетін түрлі іс-шараларды протоколдың қамтамасыз ету барысында кездесетін маңызды бөлік – сыйлық алмасу.

9. «Еуразия кеңістігінің дипломаты» тақырыбының мазмұнын ашыңыз.

Дипломат, инженер, әкім және жазушы.... Осының бәрі бір адам – Тайыр Мансұров туралы, яғни жоғары адамгершілігі мен үлкен ұйымдастырушылық таланты тек  Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерге де кеңінен танымал деп айтуға болады. Тайыр Айтмұхаметұлы Мансұровтың дипломатиялық қызметі оның 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалуынан басталды. 1996 жылдың сәуірінде ол  Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Ресей мен Қазақстанның екі жақты қатынастарының қалыптасу кезеңінде, оның дамуының жаңа сатысында өз мемлекетінің елшісі болған  Тайыр Мансұров өзін шебер дипломат,  халықаралық істердің тамаша білгірі ретінде көрсетті. 

Қазақстан Республикасының  Ресей  Федерациясындағы   Елшісі болып 8 жыл жұмыс істеген ол    Қазақстан-Ресей қатынастарын жаңа жағдайларда нығайту мен кеңейтуде бірқатар маңызды міндеттерді шешті.  Мысалы, Байқоңыр ғарыш айлағын тиімді пайдалануға қатысты мәселелер де бар. Біртұтас энергетикалық жүйе құрылды, шекаралық ынтымақтастық жөніндегі міндеттер ұтымды шешілді. Каспий теңізін бөлу мәселесі реттелді. Ресей мен Қазақстан көптеген күрделі халықаралық мәселелердің оң шешімін табуына қол жеткізді. Қазір Ресей-Қазақстан арасында шекара келіспеушілігі  жоқ.

Т. Мансұровтың дипломатиялық қызметі кезеңінде бұрынғы кеңестік кеңістікте Шанхай Ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық тәрізді ірі халықаралық құрылымдар құрылды. Аталған үдерісте ҚР басты өкілі болған Т. Мансұров өзіне қойылған міндеттерді орындауда көп күш-жігер жұмсады.  Сол арқылы өзін нағыз дипломат ретінде көрсете білді. ҚР осы қуатты державамен қатынастарын нығайтуда өзінің дипломатиялық миссиясын ойдағыдай атқарды.

    Ол КСРО-ның Уәкілетті өкілі Нәзір Төреқұловтың өмірі мен дипломатиялық қызметін зерттеуге зор ықылас танытты. Қазақ халқының осы бір көрнекті ұлы туралы «Тамаша адамдар өмірі» сериясымен бірқатар ғылыми және көркем-әдеби кітаптар жазды.

     «ҚР Бірінші Президенті Н. Назарбаев» орденінің иегері, «Достық», «Құрмет» ордендерінің иегері, Солтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Т. Мансұровтың есімі «Даңқ кітабына» енгізілген. Ол Ресейдегі жемісті еңбегі үшін ресейлік Халықтар достығы орденімен марапатталған.