Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.53 Кб
Скачать
  1. Деңгей

  1. «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» мақалының мәнін ашыңыз.

Ана сүті сәби үшін теңдесі жоқ, құнарлы, ең таза қорек болып табылады.Баланың ағзасында табиғи иммунитеттің қалыптасуына ықпал ететін де — ана сүті. Әсіресе, бірінші-екінші күнгі жас уыздың маңызы зор, бұл — баланың кез келген ауруға қарсы тұра алуының бірден-бір кепілі. Ана сүтінің құрамында сәбидің дұрыс өсіп-жетілуіне, орталық жүйке жүйесінің қалыптасуына, зат алмасу қызметіне қатысы бар пайдалы қоректік заттар жеткілікті. Ана сүті баланы анемия, мешел, гипотрофия (салмақ қоспау) сияқты жиі кездесетін аурулардан сақтайды. Сол сияқты ана сүтінің аналарды сүт безі обырынан, сондай-ақ босанғаннан кейінгі алғашқы 6 ай ішінде болатын жүктіліктен сақтайтын қасиеттері де бар.

  1. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» дәйексөздің мағынасын ашыңыз.

Адамның қоғамдық өмірінде тілдің қолданылмайтын жері жоқ. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен қатынасады, пікір алысады, түсініседі. Бұл жағынан тіл – адам қатынасының құралы, қаруы. Тіл оймен тікелей байланысты. Адамның ойы – қоғамдық өмірдегі, айналадағы заттың, құбылыстың, істің адам санасындағы көрінісі, сәулесі. Ол ой, тіл арқылы ақиқатталады, аталады. Адам өзінің өмірінде таныған, білген, сезген, түсінген нәрселерін тіл арқылы баянды етеді.

  1. «Өз тілімізбен өмір сүрейік!» – сөйлемнің мағынасын түсіндіріңіз.

Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы керек.

Тілдің ең негізгі қызметі адамдардың бір – бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көз – қарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 – орынға ие болып тұр.

  1. Ана тіліміздің мәртебесін көтеру – басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес (Шерхан Мұртаза) – дәйексөздің мағынасын ашып жазыңыз.

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.