Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ikt.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
312.13 Кб
Скачать

12.Мәліметтер қорын басқару жүйесі ( субд )

Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. Мәліметтер қорын басқару жүйесі – мәліметтерді сақтау, қосу, жою, редакциялау үшін қолданылатын программалық жүйе.

Мәліметтер қорын басқару жүйелері: Access, Clipper, Oracle, Paradox, FoxPro, FoxBase.

Access программасы - мәліметтер қорын басқару жүйесінің танымал программаларының бірі. MS Access файлының кеңейпесі: .mdb. Басқа жүйелерге қарағанда, Microsoft Access пайдалануға жеңіл және ыңғайлы. Ол пайдаланушыға келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

- Мәліметтер қорын құру және оған мәліметтер енгізу;

- Кестенің құрамын қарап шығу және оны редактрлеу;

- Кестелер арасында байланыс орнату;

- Мәліметтердің тұтастығын және құпиялылығын қорғауды қамтамасыз ету;

- Мәліметтерге әртүрлі сұраныстар жасау;

- Ақпаратты қалып және есеп түрінде көрсету;

- Қалыпқа және есепке суреттер және графиктер қою;

- Мәліметтерді импорттау және экспорттау;

- Интернеттің Web беттерінде мәліметтер қорын қолдану.

Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесін іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар – Microsoft Office – Microsoft Access командалар тізбегі орындалады.

Мәліметтер қорының негізгі объектісі: кесте. Кесте дегеніміз өрістер мен жазбалардан тұратын ақпараттарды сақтау қоймасы. Файл жазбасының дербес мағынасы бар қызметтік бөлігі, яғни кесте түріндегі мәліметтер базасының бір бағанасы өріс деп аталады. Ол мәліметтер қорын басқару жүйесіне тікелей қатынасатын мәліметтердің ең кіші атаулы бірлігі. Логикалық байланысқан өрістердің жиыны жазба деп аталады. Жазба – кестенің қатарына (жолына) жазылған мәліметтер жиыны.

Әр кестедегі мәліметтердің біріктіруін, сақтауын, іздестіруін тиімді түрде ұйымдастыру үшін кілттік өріс қолданылады. Мысалы: телефон анықтамалығы берілсін. Онда фамилия, адрес, телефон нөмірі жазылған. Мұнда телефон нөмірі өрісі кілттік өріс болады. Файлдағы жазбаны бір жақты ұқсастыратын кілтті негізгі немесе бастапқы кілт деп атайды. Негізгі кілттен басқа жазбаларда мәні қайталанатын екінші реттік кілттер де қарастырылуы мүмкін.

Индекс дегеніміз индекстелетін өрістің мәні бойынша кестеде жазбаларды автоматты сұрыптау құралы. Өрістерді индекстеу мәліметтерді іздеу және сұрыптауды тездетеді. Access-те кесте жазбаларын белгілеу аймағы дегеніміз – жолдың барлығын белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағындағы тіктөртбұрышты аймақ. Кесте өрістерін белгілеу аймағы – кестедегі бағана тақырыбы аймағы.

 

 

Мәліметтермен жан – жақты қатынас құра отырып, олардың өңделуін қамтамасыз ететін база құру мен сүйемелдеуге арналған бағдарламалық кешен ( комплекс ).

Microsoft  Access 97/ 2000 СУБД – сы Windows 98/ 2000 ортасында жұмыс істейтін, жаңа буынға жататын реляциялық мәліметтер қорының 32 – разрядты басқару жүйесі болып табылады. Оның Windows – технолгиясының барлық жақсы қасиеттерін сақтай отырып, тұтынушының жайлы жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы графикалық интерфейсі бар. Access  кестелер, формалар, сұраныстар, басылымдар макростар және модульдер сияқты мәліметтер қорының объектілерімен жұмыс істейді.

11.Дерекқор, деректер базасы (франц. base,грекbasіs – негіз) – ұзақ мерзімге сақтауға (әдетте, компьютердің жадында), өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің (мәліметтердің) реттелген жиынтығы. Жазба деректерді реттелген жүйеге келтіру адамзат мәдениетінің ажырамас белгісі болып табылады. Компьютерлікдерекқордың негізін түрлі кестелер,каталогтартелефондық кітаптар,күнтізбелеркарталар мен атластар, әртүрлі картотекаларанықтамалықбасылымдар, құжаттар, т.б. құруы мүмкін. Ақпарат қорын бір жерге шоғырландыру (ЭЕМ-нің жадында) ақпараттардысақтауды әрі оны толықтырып отыруды қамтамасыз етеді; ал орталық ЭЕМ-мен желілік байланыс арқылы ақпаратты тұрақты әрі жылдам алуға болады.Компьютерлік дерекқор деректерді сақтауды, реттеуді, іздеуді және ЭЕМ-нің сыртқы құрылғыларына жіберуді қамтамасыз ететін белгілі бір файлдықжүйеге сүйенеді. Пайдаланушылар мен дерекқор арасындағы қарым-қатынас дерекқорды басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Басқару жүйесіпайдаланушының сұранысын қабылалады да файлдық жүйеге қажеттібұйрықтар беріп, ақпараттық хабарды пайдаланушының қолдануына ыңғайлы түрге келтіріп береді. Дерек алмасу бірлігі ретінде арнаулы жазуөлшемі қабылданған. Әр жазудың құрамында өзіндік тақырып немесе осы жазуды іздейтін кілт («кілттік сөз») болады. Жазу тақырыптары дерекқордың мазмұны іспетті анықтамалық кестелергебіріктіріледі. Кілттер мен анықтамалықкестелер жасау дерекқордағы ақпараттарды іздеу мәселесін толықтай автоматтандыруды қамтамасыз ететін формальдық ережелерге бағынады. Дерекқорға өзгерту енгізу әрі толықтырып отыру компьютерлік желі әкімгерлері арқылы орындалады

10.

Конец формы

Начало формы

Бит дегеніміз - "0" мен "1" мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі Компьютердің жадында сақталатын информацияның барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (binary digit - екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның byte деган сөзінен) деп атау келісілген. Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан 8 биттен тұрады, мысалы, Е - 10000101, е - 10100101, / - 00101111, 8 - 00111000 т.с.с. Ассемблер тіліндегі мәндер түрлері

Мәндер өздерінің көлеміне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: Байт - 8 бит Сөз – 2 байт, биттер (разрядтар) 0-ден 15-ке дейін нөмірленеді, нольдік разряды бар байт – кіші байт деп аталады., 15-ші разряды бар байт үлкен байт деп аталады. Қоз сөз – 4 байт-32 бит, үлкен сөз, кіші сөзден тұрады. Төрт сөз – 8 байт-64 бит, үлкен қос сөз, кіші қос сөзден тұрады.

Мәндер логика құрылысына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

1.таңбалы бүтін мән – 8, 16, 32 биттен тұратын екілік жүйедегі берілген таңбалы мән. Таңба белгісі 7, 15, 31 разрядтарда орналасады. Бұл разрядтардағы ноль саны мәннің теріс екенін білдіреді. Теріс сандар қосымша код арқылы беріледі.

Мәндердің берілу аралығы: 8 разрядтық (1 байт) – 128-ден + 127-ге дейін 16 разрядтық (2 байт) – 32768-ден + 32767 дейін 32 разрядтық (4 байт) – 231 ден + 2 32 – 1

2.Таңбасыз бұтін мән – 8, 16, 32 биттен тұратын таңбасыз екілік жүйеде берілген мән. Мәндердің берілу аралығы: Байт – 0+255 Сөз – 0+65535 Қос сөз – 0+2 32 – 1

3.Жадты көрсету мәні 2 түрден тұрады: Жақын аралықтағы түрі – 32 разрядты логикалық адрес, сегменттің ығысу адресін көрсетеді. Алыс аралықтағы түрі – 48 разрядты логикалық адрес, 32 разрядтық ығысу адресінен және 16 разрядтық селектордан тұрады.

4.Тізбек – байт, сөз, қос сөзден тұрады, көлемі 4 Гбайт-қа дейін болуы мүмкін.

5.Разрядтық аумақ – разрядтарлың тізбегі

Конец формы

Бит және байт бастауыштары

Ондық

Шамасы

SI

10001

k

кило-

10002

M

мега-

10003

G

гига-

10004

T

тера-

10005

P

пета-

10006

E

екса-

10007

Z

зетта-

10008

Y

йотта-

Екілік

Шамасы

IEC

JEDEC

10241

Ki

киби-

K

кило-

10242

Mi

меби-

M

мега-

10243

Gi

гиби-

G

гига-

10244

Ti

теби-

10245

Pi

пеби-

10246

Ei

ексби-

10247

Zi

зеби-

10248

Yi

йоби-

Байт (Б) (ағылш. Byte, B) — дерек көлемін өлшеу бірлігі. Сегіз биттен тұратын топ.

1)Байт (ағылшынша byte) — ЭЕМ-дегісимволдық таңбаларды бейнелейтін сегізразрядты екілік сан тізбегінен тұратын, адрестелетін мәліметтерді өлшеуге арналған ең кіші бірлік. Компьютержадының бір ұясында бір Байт мәлімет сақталады. Бір Байт бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан 8 биттен, яғни екілік сан таңбаларынан тұрады. Мысалы,компьютерде “Е” әрпі 10000101, кіші “е” әрпі 10100101, “/” таңбасы 00101111, “8” саны 00111000 түрінде өңделеді. Бір Байт тек бір символды бейнелейтін ақпарат өлшеу бірлігі болғандықтан, оның көмегімен 256 символды (28=256) өрнектеуге болады. Компьютер жадының көлемі осы Байт бірлігімен өлшенеді. Ол үшін Байт бірлігінің еселік түрлері:килобайт — Кб (1 Кб=1024 Б=210Б.),мегабайт — Мб (210 Кб), гигабайт — Гб (210Мб) қолданылады. Мысалы, ЭЕМ-нің шапшаң жадының көлемі 32 Мб болса, онда 32Һ210 Байт (символ) ақпарат сақталынады. Ал, ЭЕМ-нің сыртқы жадында (магниттік дискілерінде) 1—8 Гб және одан да көп ақпарат сақтауға болады. Мысалы, 400 беті бар, әр бетінде 50 қатар, ал әр қатарда 50 таңба болатын кітаптың көлемін Байт арқылы есептесек, онда 400Һ50Һ50 = 1000000 Байт = 1 Мб (яғни көлемі 1 Гб дискі 1000 кітапты есте сақтай алады). Қатар орналасқан төрт Байт бір машиналық сөз болып есептеледі, ол 32 биттен тұрады. 64 биттен немесе 8 Байттан тұратын мәліметтер бірлігі екі еселенген машиналық сөз деп аталады. Компьютер осы машиналық сөздер тізбегін өңдейді.[1] 2)Байт (Byte) — 1) ақпарат мөлшерінің бірлігі немесе 8 битке (екілік цифр) тең компьютердегі жад. Айтарлықтай ірі ақпарат бірлігі: 1 килобайт (Кбайт) 1024 байтқа тең, ал 1 мегабайт (Мбайт) 1042 Кбайтқа тең; 2) адрес иемдене алатын ең аз бірлік. Әрбір байт мәліметтердің бір таңбасына — әріпке, цифрға немесе символға сәйкес келеді. Байттар — компьютердің қуатын өлшеудің немесе оның дискілердегі сақтауыш құрылғысының сыйымдылығының стандартты бірлігі. Өңделетін ақпараттыңнысаналық көлемі (жаңа есептеу құралдарында) — секундына 100 килобайт, өндеу көлемі — ақпараттың әрбір байтына 50—55 арифметикалық операция; 3) сегіз биттен және бір бақылау битінен түратын машиналық сөздің стандартты бөлігі. Әрбір байт компьютерде біртұтас бүтін ретінде өңделеді.

Мега (гр. megas – үлкен) — бірнеше есе көбейтілген деген мағынаны білдіретін күрделі сөздің алғашқы жүрнағы. Белгіленуі: М. Мысалы 1 МВт = 106 Вт (бір мегаВатт миллион Ваттқа тең

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]