- •1. Сөз әдебі. Қазақ-қытай тілдеріндегі қаратпа сөздердің мағыналық-құрылымдық ерекшеліктері
- •1. 1. Сөз этикасы. Амандасудағы қаратпалар. Қаратпа сөздердің зерттелу тарихы және қазақ тілінде алатын орны
- •1.2. Қаратпа сөздердің қытай тіл біліміндегі орны
- •1.3. Қаратпа сөздердің синтаксистік жүгі
- •2. Қытай елінде адамзатқа қарым-қатынас дәстүрлері мен қазақ тіліндегі ұқсастықтар
- •2.1.Қытай елінде адамзатқа қарым-қатынас дәстүрлері.
- •2.2. Қытай тіліндегі атау, туыстық сөздер
- •2.3.Заманауи қытай тіліндегі қаратпа сөздер
2.3.Заманауи қытай тіліндегі қаратпа сөздер
Бұл тақырып аясында біз заманауи қытай тілінің қаратпалардың қолданылуы кезінде туындайтын мәселелерді қарастырамыз. Қытайдың реформадан кейінгі кезеңде әлеуметтік-саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты: оның ішінде 1949 жылдары тыйым салынған қолданыстан шыққан коммунистік қызметші-шаруалар мемлекетінің жарқын болған негізгі ұстанымдардың бірі, екінші тоқынды бастан кешеді[42,231].
Осы күндегі қытай тілінде заманауи қытай қоғамында класстық(топтық) құрамымен қоса санағанда қаратпаның жаңа бір түрлері пайда болуда. Бұл мақалада біз заманауи қытый тілінің кәсіби және тұрмыстық бағыттағы қаратпа түрлерін қарастырамыз.
Қаратпаның грамматикалық түрлері.
Әдетте Қытай тілің қаратпа сөздер бастауыштармен белгіленеді, әсіресе, жалқы есімдерімен.
Қаратпа сөзін қоспай, адам тегін жалғыз қолдану мүмкін емес, алайда, бұл қағиданың ерекшеліктері де жоқ емес. Егер жолданушы адамның тегі бір иероглифтен(қытай таңбасынан) құралған жағдайда, оның назарын аудару барысында келесі қаратпа үлгісін қолдана аламыз: (сяо, лао) + адам тегі: лао Ли
Ал егер жолданушы адамның тегі екі иероглифтен(қытай таңбасынан) құралған жағдайда, қағида бойынша, ешқандай қосымша түбіртек қолданбай, тек адам тегін көрсетіп тұрған таңбаны ғана қолданамыз. Мысалға: ou yang, zhu ge, si ma ю
Қытай тілінде қаратпа рөлін баяндауышта сомдай алады. Яғни, бұл қаратпа түрі, белгілі бір қызымет иесінің назарын аударуға арналған сипат, мысалға: қарбыз сатумен айналысатын сатушыға (кісіге) «қарбыз сатушысы» : mai xi gua de – майсиквуад – қарбыз сатушы адам.
Қаратпаның келесі бір түрі: сым есімі мен зат есімінің бірге қолдануы: «сяо Ли» - сяо – кіші, жас, адам жынысына қарамай қолданылады, сол сияқты «лао» - үлкен: зиялы қауым арасында – көбіне «сяо», ал «лао» - қызымет көрсету саласында, кәсіпорындарда, жұмысшылар арасында жасы үлкен кісілерге қолдаынылады. Егер әлеуметтік жағдайы айтарлықтай жоғары емес кісіге «лао» қаратпа сөзін қолданар болсақ, онда оны жат адамдар алдында дәрежесін сәл асыра көтергенмен тең. Бұл қаратпа сөзін швейцар және көрші тұрғындарға қолдануға болады. Қара жұмысшалар – «көк жағалылар(білікті жұмысшалар)» - өзара (ішінара) «лао» қаратпасын қолданады. Бұл жағдайдағы қаратпа сөзі адамдар арасындағы жас айырмашылығына байланысты емес екенін айтып кеткен жөн.
Балалық шақтағы жолдастар белгілі бір уақыт үзілістен кейін бас қосқан кезде, олардың әлеуметтік жағдайда жеткен дәрежесіне қарамастан, бір-бірімен тығыз, достық қарым-қатынаста болғандықтан, өзі ара қаратпа ретінде осы үлгідегідей қолданатынын байқауға болады, яғни «лао» + қаратушы адам тегі.
Орта жастағы адамдардың назарын аудару үшін, тілдесушінің жасын көрсету мақсатында «да» қаратпа сөзін қолдануға болады. Оның негізгі мақсаты, кәсіпорында бірдей тектес адамдарды ажырата білу болып саналады. Мысалға: lao li (Лао Ли) –40 жас және жоғары ; xiao li (Сяо Ли) – 30 жасқа дейін; da li (Да Ли) – 30- 40 жастар аралығы.
«Да» қаратпа сөзі қолданысы өте шектеулі, өйткені оны тек кәсіпорындағы жұмысшылар арасында ғана қолданылады.
Осы күндегі қытай тілінде заманауи қытай қоғамында класстық(топтық) құрамымен қоса санағанда қаратпаның жаңа бір түрлері пайда болуда. Бұл мақалада біз заманауи қытый тілінің кәсіби және тұрмыстық бағыттағы қаратпа түрлерін қарастырамыз.
Аудандық мекендерде, бір ауыл тұрғындары арасындағы көрші-танысыңның жақын ағайын-тумаласына деген қаратпа сөзі, туыстық дәрежесіне байланысты: жалқы есім + зат есім, типі өте кең таралған. Отбасысында қалыптасқандай, қаратпа сөзі ретінде ерлер(әйелдер) есімдері де (не есімнің қысқаша түрі, немесе мүлдем өзгеше есімдердер де) қолданылады. Отбасы мүшелері арасында жие айтылатындай осы баласына( осы қызына) + әке (ана, әже, ата, апа немесе аға): ерлер атауына - kai kai ba – Кай – Кай+ па= Кайдың әкесі, bao bao nai nai – Бао – Бао+ найне= Бао-бао-ның әжесі (бао – ерлерле қалай, әйелдерге де солай, жыныстық белгіні көрсетусіз), xiao ming gu gu – Сяомин + гугу = Сяомин-нің (әкесінің) әпкесі, xiao ming yi yi – Сяомин + йийи =Сяомин-нің (анасының) әпкесі; әйелдер есімдері - wan ying ma – Ваньйин + ма =Ваньйин-ның анасы, na na ye ye – Нана + йейе – Нана-ның атасы, xiao hua shu shu – Сяохуа + шушу = Сяохуа-ның (әкесінің) ағасы (не інісі), xiao hua da ye – Сяохуа + дайе =Сяохуа-ның (әкесінің) ағасы. Осы қаратпа типіата-аналардың оқушы балалармен немесе мектеп жасқа дейінгі сәбилермен сөйлесу кезінде де қолданылады.Сәбилердің оқу деңгейі ересектер үшін қарым-қатынасты жақсарту үшін немесе жай сөйлесу себебінің бірден бір салдары. Осы қаратпа типін бір сынып оқушыларының ата-аналары немесе көршілер сөйлесу барысында қолдана алады. Қытай тілінде қаратпа сөзі ретінде (hei) «Хай!», (ei) «Эй!», (wei) «Вэй!» демеуліктері қолданылады. Алайда бұл демейулік сөздердің лексикалық тұрғыда алатын рөлі шамалы, яғни олар тек сөйлесуші адамның назарын аударту үшін ғана қолданыста жүретінін айта кеткен жөн. Бұл қаратпа сөзінің қолданысы тек ауызекі тілінде ғана жүреді. Оны көбіне қарапайым хылықтың сөйлесу барысында ғана байқай аламыз. Оны жолсеріктердің жолаушыларға, сатушылардың тұтынушылармен қарым-қатынасында байқауға болады. Және қаратпа типін қоғамдық орындарда бірін бірі танымайтын адамдар(жолаушылар, тұтынушылар) сөз арасында қолданады. Сонымен қоса осы қаратпа демеулік сөзін тұтынушылар сатушылардың, жолаушылар жолсеріктердің назарын аударту үшін қолданады. Егер қазақ тілінде, тілдік тәжірибе барысында қаратпа сөзі ауқымды рөл ойнайтын болса, қытай тілінде айтарлықтар үлкен емес. Мысалға тек ресми қарым-қатынас барысында: «құрметті мырза» – «цуньтиндъ сеньшын» (zun jing de xian sheng). Әдеби стильде ресми қаратпа сөзі арнайы ережелер бойынша реттелген, әсіресе гендерлік белгілер бойынша.
Ер адамдардың назарын аударту. Қытай тілінде бейтаныс адамдардың назарын аударту қазақ тілінде ұқсастығын табуда: 1949 жылы Қытай елі Тәуелсіздігін алған уақытқа дейін, бейтаныс жасы үлкен кісілерге «мырза» (сеньшын): xian sheng сөзі қолданылған. Бұл сөздің қолдану себебі ретінде, қаратушы адамның киіну үлгісіне, бет әлпетіне қарап, әлеуметтік жағдайда алатын орынын ескеруге болады, өйткені ол уақыттағы киім үлгісі класстық тұрғыда алатын орны ерекше зор. Ал қара жұмыс иесіне, атқарған қызыметіне байланысты сөздер қолданылған: көкөніс сатушысына «(көкөніс) сатушы» - mai shui guo de, рикша көлік жүргізушісіне «рикша жүргізуші» - la yang che de. Ол уақытта қоғамда халыққа бірдей қолданылатын қаратпа сөзі болмаған. «Хэй» жақсыз қаратпа сөзі, тек солтүстік өңірде ғана қолданыста жүрген. Оның қазақ тіліндегі тура баламасы «Эй(Ей)!» сөзіне тең. Бұл сөз қос елде де әдепсіз көрініп, сөйлеу этикетінен алыс екендігін көрсетеді. Алайда әлі күнге дейін бұл сөздің қара жұмысшылар арасында қолданылатынын байқай аламыз. Ал зиялылар қауымы арасында бұл сөз мүлдем қолданылмайды. «Лаое» – жасы үлкен кісілердің назарын алу мақсатында жүреді. Ал жасы кіші ер азаматтарына «шаое» қаратпа сөзін қолданады, өйткені бұл сөздің бастапқы мағынасы – «бай отбасының кіші баласы». Осы қос қаратпа сөзінің қолдануын, сөйлеушінің тыңдаушыға деген жас айырмашылығына байланысты сыпайылық пен құрметтілік көз қарасын байқауға болады : lao ye,shao ye. 1949 жылдан кейін бұл қаратпа сөздер тұрмыстан шығып, қазір мулдем қолданыста жүрмейтінін байқай аламыз. Қазіргі таңда күнделікті өмір мен ресми қарым қатынаста бұрыннан қалған тек «Мырза» («сиеньшын», xian sheng) сөзі ғана күшін сақтаған. Алайда бұл қаратпа да, 1949 жылы тәуелсіздік алғаннан күннен бастап, 80 жылдары мемлекеттік реформа жүргізгенге дейін қолданыста болмаған.
Әйел адамдардың көңілін аударту. 1949 жылға дейін жасы үлкен әйел адамдарға «Ханым»: «тайтай» (tai-tai), «фужэн» (fu-ren), ал жасы кіші қыздарға: «сяодье» (xiao jie) – тұрмыс құрмаған бикеш сөздері қолданылған. 1949 жылдан кейін, шыққан тегі, әлеуметтік деңгейі, тұрмыстық жағдайына қарамастан, жалпыға ортақ бір қаратпа сөзі қолданысқа кірді: «тонгджи» (tong zhi) – «жолдас». Оған себеп болған тек Марксисзмдік идеология ғана емес, сонымен қоса,1917 жылғы революциядан қалған әйелдердің азат етілуі гендірлік мәселелерді жойған кезде, жаңа социалисттік қоғамда қабалданған Кеңестік Одақ қоғамының күнделікті қарым-қатынасы да салдарын тигізген.
Ерлерге қатысты: li hong tong zhi; әйелдерге қатысты: zhao ming tong zhi. Кеңес үкіметінің азаматына арналған жалпыға бірдей қаратпа: «Кеңес Одағы ағасы» : «сулиелаодаг» (su lian lao da ge). Бұл жерде Қытай хылқының Кеңес үкіметінің азаматтарына деген көз-қарасы досшыл, жақын, құрметпенен қарым-қатынаста болған. Бұл сөйлеу стилі қазақ тіліне жат емес. Өйткені қазақ тілінде де, бөгде, таныс емес адамдарға, ағайындық, таныстық кейіпін танытып, жылы шырай сөйлесу(бауырым, достым, ағасы) .
1949 жылдан кейінгі кең тараған каратпа сөзі, Кеңес Одағында қалыптасқандай, ерге де, әйелге де бірдей «жолдас» - «тонгджи» болып саналған. 1949 жылдан мәдениеттік революцияға (1964-1974) дейінгі аралықта «Мырза» (сеньшын) қаратпа сөзі, демократиялық партия өкілдеріне қолданылған. Сондай ақ Гонконг, Тайване және Макао партия мүшелері де осы қаратпа сөзін ауқымды қолданған. Ал Қытайдың коммунистік партия мүшелері «тонгджи» сөзімен назар аудартқан.
Мәдениеттік революция кезеңінде демократиялық партиялардың Тайван жане Гонгконг партияларымен байланысы үзілген. Соның салдарынан, осы партия басшылары мен Қытай Халық Республикасының коммунисттері қоданған қаратпа сөздерінің айырмашылықтары анық көріне бастаған. 1980 жыл басында болаған реформа салдарынан Тайван және Гонгконг мәдениеті ҚХР-сының мәдениетімен бірге дами бастаған. Жаңа бағдарлама, қолданыстағы қаратпа сөздеріне де өз салдарын тигізген. Яғни, күнделікті өмірден «тонгджи» (жолдас) сөзі күшін жойған. Оның орнына, ескі «Мырза» (сеньшын) қаратпа сөзі қайта қолданысқа енген. Ең алғаш болып, бай-зиалы қауымдар қоныстанатын зейнетті қонақ үйлерде, мейрамханаларда, дүкендерде, басқа да қоғамдық жерлер мен жоғарғы класс орындарда қолданыла бастаған. Ал қазіргі таңда, бұл қаратпа сөзін сатушылар, даяшылар өмірле кең қолданады, алайда, тұтынушы халық бұл сөзді көңілі қабылдауда. Ал әйелдерге деген деген қатырас, өзгеріссіз, реформаға дейінгі жағдайда қала берді. Бірақ, қоғамдағы қолданысына байланысты туындаған маселе саны да аз емес. «Сяодие» (xiao jie) реформаның бастапқы кезеңінде пайдалана бастаған.
Уақыт өте келе, яғни, 80жылдардан осы күндерге дейін, бұл қаратпа сөзі қалыпты деңгейден, кемсітушілік жағдайына дейін түсіп кетті. Елде реформа жүргізіп, кәсіпкерлікке жол ашқаннан бері, әлеуметтік қоғамның класстық деңгейге бөлінуіне әкіліп соқтырды. Анығын айтқандаөмірлік көз-қарасы пайда табудан бөлек, көңіл көтеру мен ляззәттана демалуды мансаптанған, өте бай қауыммен қатар, жетерліктей ауқатты орта класстар пайда бола бастады.
Сондықтанда «сяодие» каратпа сөзі осынау уақытта, колданылған жері мен көңіл көтеру бағытына байланысты, бірнеше қосалқы мағынаға ие бола бастады. Айтып өтетін жайт, әйел адамға қаратпа ретінде дұрыс жағынан, бұрыс жағдайға бұрмаланып кетті, өйткені «сяодие» сөзі қазіргі таңда «жезөкше»(жеңілтек қыз) сөзіне балама болуда. Массаж салонындағы жеңілтек қыздарға осылай қаралғандықтан, қолдану шеңбері де тарылуда. Тіпты мейрамханада да даяшыны осы атаумен шақырған жағдайда, даяшы тарапынан кері әсерін байқау ықтимал.Қазіргі таңда, жасы үлкен әйел адамдарды да «сяодие» деп назар аудартуға болмайды.
Қытай тілі мыңдаған жыдар бойы дамыса да, әйел атауына арайы қалыптасқан тұрақты қаратпа сөзі жоқтың қасы. Бұрынғы уақыттарда, «ханым» (ny shi) зат есімі қаратпа сөзінің рөлін атқармай, жай ғана әйел деген мағынаны берген болатын. Ал оны ресми түрде каратпа сөзі ретінде қолдана бастаған кезде, алдымен адам тегі кейін «ханым» (ny shi) қосымша сөзі болып қолданылды, мысалы: Ли ню ши (li ny shi). Бұл сөз каратпа мақсатында 2000 жылдардың басында елдің барлық өңірлерінде, әйелдің жасына айырмашылығына қарамай кеңінен қолданысқа енген болатын.
Кәсіпорындық Жалпы этика.
Жұмыс орнындағы әріптестерге қаратпа сөздерінің қолданылуы. Жұмыс орнындағы әріптесін назарын аудару барысында, кәсіпорындағы немесе фирма бөлімінде алатын мәртебесіне байланысты қаратпа сөздер қолданылады. Яғни дәрежесі төменнің дәрежесі жоғары адамға деген құреметпенен қаратуды негізге алынады.Кәсіпорын басшысына келесі көрсетілген қаратпа формаларын қолданған жөн: (zong jing li) директор, (fu zong jing li) орынбасар, (dong shi zhang) президент.Кәсіпорындық жалпы сөйлеу этикетінде келесі қаратпа сөйлеу типтерін жатқызуға болады: қызметкердің тек лауазымын қолдану: jing li; қызметкер тегі мен лауазымын қолдану: zhang jing li; қызметкердің тегін, есімен жане лауазымын қолдану. Бұл қаратпа типі тек ресми сөлеу барысында ғана қолданылады, мысалға: жиналыстарда немесе конференцияларда (zhang jian jing li).
Әртүрлі мамандар/кәсіби топтағы лауазымдардың қолданыстағы қаратпалары (ЖОО)
Кішілеу қызметкерлер құрамы көбінесе лауазым аттарымен қолданбайды. Мысалы, қарым-қатынас кезінде сол ұызметкердің ассистент не көмекші екендігін есіне салып отырудың қажеті жоқ. Наименование должности младшего персонала большей частью не употребляется. Ал жоғары лауазымды адамдарға қарата айтылатын кезде, мысалы, профессор, керісінше, лауазымымен бірге атап өткен дұрыс-ақ. Университет пен жоғарғы оқу орындарындағы профессорлық-мұғалімдер құрамының мамандарын: zhu jiao – ассистент (көмекші); jiang shi – аға-мұғалім; fu jiao shou – доцент; jiao shou – профессор;
ғылыми деңгейі: xue shi – бакалавр; shuo shi – магистр; bo shi – ғылым кандидаты; bo shi hou – ғылыми доктор.
Мамандарға байланысты қаратпалар үш нұсқаға бөлінеді:
лауазымына қарай қаратпа сөздер, мысалы, jiao shou – профессор, lyshi адвокат (заңгер), gong cheng shi – инженер; Қарату алдында лауазым алдына фамилия/тегі көрсетіледі. li jiao shou – Ли профессор.
Инженер сөзінің қаратпасында ол қысқартылған күйде жиі қолданылады. "инженер" (wang gong cheng shi) деген сөзді толықтай қолдану орнына, (gong) деп қысқарта салады. Егер қысқартылған нұсқасы таңдалған болса, онда оның алдында міндетті түрде сөйлесушінің тегі айтылуы тиіс (wang gong).
Қысқартылған нұсқасы мынадай жағдайларда қолданылуына болады, яғни, сөйлесуші қарсыласты жағымсыз күйде қалдырмаса, немесе қытай тілінде (wu) «У» дейтін фамилия бар, және егер қысқартылған қаратпа сөзімен сол кісінің фамилиясы қосылар болса (wu gong) «кунг», онда бұл қосылулар басқа бір ақылға қонымсыз мағына беріп кетуі мүмкін - "жәндік"; тегі+аты+лауазымы: бұл берілген қаратпа сөз нұсқасы ресми қарым-қатынас түрінде кеңінен қолданылады.
Жоғары оқу орындарындағы ғылыми конференцияларда ғылыми деңгейін ескере отырып, қарым-қатынас жасау кең таралған. Күнделікті өмірде олар сирек қолданылады. Студенттер мұғалімдерге жүгінген сәтте, олардың ғылыми деңгейін қосып айтып отырмайды, оның орнына кең таралған нұсқада сөйлейді, яғни, мұғалімнің тегі+ лаошы (мұғалім), мысалы: li lao shi.
Бакалавр немесе магистратура дәрежелерімен қаратпа сөздер көп қолданылмайды. Тіпті сирек кездесетін қаратпалар қатарында (bo shi hou) бо ши хо. Бастысы, ең маңыздысы, күнделікті сөйлеу қарым-қатынасының іс-жүзінде көп таратылған қаратпа түрі (bo shi) бо ши.
Кәсіби ортадағы қаратпа сөздер.
Қызметкерлерге олардың кәсіби қызмет түрлеріне деген қарым-қатынас. Мектепте, жоғары оқу орындарында, университет оқитын жандар және студенттер жиі өз мұғалімдеріне фамилия + лаоши:(li lao shi) Ли лаошы, (yang Lao shi) Йанг лаошы деген нұсқада жүгінетінін білеміз. .
Медицина орталықтарында/ басқармаларында мынадай нұсқалар көп таралған: мысалы, дәрігер жандарға: – фамилия + тай – фу (дәрігер, врач): wang dai fu; фамилия + и-шэң (врач): li yi sheng; орта медицина қызметкерлеріне былай жүгінеді, кең таралған қаратпа нұсқасы: фамилия + ху-шы (медсестра): guo hu shi.
Орта медициналық қызметкерлерге hu shi деген медбике мен медицина көмекшілеріне де бағытталады. Онда әйел белгісінің сипаты, яғни медбике екенін білдіреді.
Медицина орталығында жұмыс істейтін ұлдарға арнайы айтылатын қаратпа сөздер жоқтың қасы, десек те ху-шы деп оларға да жүгінуімізге болады.
Ал кішілеу медициналық құрамға немесе топқа арналған қаратпалар қатарына hu gong – ху го – санитар, (жынысқа бөлінбейді), qing jie gong (чиндьегун) – жинап тазалаушы (тек қана ауруханада емес). Бұл берілген кіші медициналық қызметшілеріне арнайы қаратпа сөз айтпаған дұрыс. Өйткені қызметкердің төменгі дәрежелерін атап өтпеген жөн. Бұл сыпайылық белгісі. Олардың орнына мынадай нұсқаны қолданған жөн: лао+фамилия (ер адам үшін), ал әйел адам үшін, үй тазалаушы қызметін атқарушы әйелдер әсіресе, немесе үлкен жасқа кеп қалған жандар болса, онда мынадай қаратпа нұсқасы бар: фамилия + дийе (старшая сестра): li jie – Ли дийе.
Заңды ортада мынадай қаратпалардың мынадай түрлерін қолдануға болады: фамилия + лью-ши (адвокат/заңгер): yang lu shi; фамилия + дие-ча-гуань (прокурор, кінәлаушы): wang jian cha guan; фамилия + фа-гуань (судья/сот): zhang fa guan.
Қаратпалар нақты фамилия/ ата-тегін көрсетпестен мынадай нұсқада қолдана алады: мырза + лауазымдық қызмет атауы: fa guan xian sheng (фа-гуань сеншин) – сот мырза, jian cha guan xian sheng (дие-чагуань) –прокурор мырза.
Экономика аясында ұйымдарда/ басқармаларда қаратпа сөздер жағы әлі қалыптасу жайында тұр, құрылу процесінде десек те болады.
Экономика аясында қаратпасы ретінде мамандық атаулары жөнінде сұраныс өте сирек кездеседі.
Жалғыз экномикалық кәсіби қызмет атауына, яғни, жалпыға бірдей қолданыс тапқан, kuai ji есімдігі, (квайджи) бухгалтер/есепші.
Басқарма/ұйым есепшісіне әдеттегідей мына нұсқада жүгінуі мүмкін: фамилия + квай-ти (бухгалтер). Коммерция бағытында, клиенттермен жұмыс істейтін ортада жиірек қолданылатын қаратпа сөздерге «xian sheng – сиеншин» (мырза), «nv shi – ню-ши» (ханым).
Мейрамханаларда меймандар екі түрлі жыныстағы даяшыларға да «фу-у – йуань»деп, яғни, (даяшы, басқа адамдарға не қонақтарға қызмет көрсететін адам).
Бұл қарым-қатынас стилистикалық тұрғыдан алсақ бейтарап күйде, ешқандай қосымша коннотативті мағына бермейді. 2000жылдары «сяо дийе» деген көне атау қолданыстан шығып кетті. Мағынасы түрленген бұл атаудың қызмет ортасынан шығып кетуіне өз септігін тигізді.
Осымен қатар, "сен" және "сіз" деген қаратпа сөздер мәселесі өзекті. "Сіз" қаратпа сөзі тек ресми байланыс кезінде немесе ең білімді адамдар арасында көбіне көп қолданылады. Күнделікті өмірде қарым-қатынас кезінде "сіз" қаратпасын өте сирек қолданады, бейтаныс жандарға да "сіз" есімдігін сирек қолданады. Әдетте, күнделікті өмірде танымайтын жандармен "сен" деген есімдікті пайдаланып сөйлесе береді.
Қазақ сөйлеу мәнеріне қарағанда қытай тілінде бұл жағдай жағымсыз жәйт тудырмайды, бейтаныс жан үшін қорлап, тіл тигізіп тұрғандай әсер етпейді екен. Күнделікті өмірдегі қарым-қатынас кезінде, ауызекі сөйленім кезінде, қыз баласына, тұрмыс құрмаған жас қызға gu niang – гу ня деп қаратуға болады. Тұрмыс құрған әйел затына, яки, 30 бен 60 жас аралығындағы әйелдерге әр түрлі қаратпа сөздерді қолданып сөйлесуге болады. xiao jie – сяодие қаратпасы қолданыла береді. Мұндай жас-шамасындағы әйелдермен қарым-қатынас орнатқан кезде, кім қаратып тұр, осы мәселеге де тәуелді болады. егерде ол жас жігіт болса, этикет/ әдеп бойынша a yi а йи» («тетя») деуіне әбден болады, ал егер қаратып тұрған адам сол әйел жасымен шамалас болса, онда da jie – да тие («әпке») деген қаратпа сөзін қолданса болады. Егер қарсы тұрған сөйлесуші әйел бір мекеме немесе дүкеннің бастығы болатын болса, онда ол әйелге lao ban niang – лао бэнг ньян» («жена хозяина») деп қарата сөйлеуге болады. Егер ол зиялы қауым әйеліне тән өзін ұстаса, онда оған да lao shi – лао ши («мұғалім»)деп қаратқан дұрыс-ақ. Егер сөйлесуші - бейтаныс әйел болса, онда оның мамандығын, айналысатын ісін, жас ерекшелігін бағалау қиынға соғады, мүмкін емес. Бұрыс тұжырымдаулар шығып қалса, бейтаныс әйелді тез ренжітіп алуыңыз мүмкін. Сондықтан танымайтын әйелдермен әңгіме дүкен құруға асықпаңыз, немесе былай тілдесуіңізге болады. «кешіріңіз» (dui bu qi – дуй бут чи») или «мазалағаным үшін кешірім сұраймын» (da rao le – да рао лэ).
Қазақ мәдениетінде ер адам мен әйел адам танысқанда, «сен» деп сөйлеспейді, қайта «сіз» деп үлкен кісілермен сөйлесу әдебін ұстанады. Ал қытай мәдениетінде ер адам жас қызбен бірінші рет кездескенде «сен» деп сыпайы және ауызекі этикетінде сөйлесе береді. «Сіз» деп көбінесе жасы елулерге жеткен қарт кісілерге айтылады, алайда қазіргі таңда көптеген адамдар өзіндің биологиялық жасынан қарағанда әлде қайта жас көрінеді. Бірақ, «сіз» деп әрқашан жасы үлкендерге тіл қатылады. Қытай мәдениетінде сөйлесуші жағынан сіз және сен деген есімдіктерді пайдалануда қазақ мәдениетідегідей сияқты қатты мән берілмейді.
Қарт кісілерге деген қарым-қатынас.
Қытай ауызекі мәдениетінде қарт кісілермен қарым-қатынас кезінде қарапайым ережелерді ұстану қажет. Біріншіден, қарт кісілермен «сіз» деп сөйлесу, екіншіден, «тегі+ляо» модельін таңдау керек. Сөйлесушінің тегі белгісіз болса, xian sheng – сиеньшэн («мырза») немесе lao ban – лао бэ» («бастық», «қожайын») деп тіл қатқан жөн. Осындай қарым-қатынас жас ерекшелігіне қарамайды. «Аға» (da shu – да шу»), «бауыр» (da ge – да гы) деген үндеулер жас шамасынан қарай қолданылады. Ер адамдар қарым-қатынас кезінде барлық үндеулерге оң көздермен қарап, қарсылық білдірмейді. Сонда да, олар іштей осындай қарым-қатынасқа келіспеуі мүмкін, алайда олар ондай жағдайда сыртқа ешқашан көрсетпеуге тырысады. Ауызекі сөйлесуде жас адамдар бейтаныс қарт кісілерге қазақ мәдениетіндегідей сөйлеседі.Мысалға, егде әйелдерге «тәте» (da ma – да ма); егде ер адамдарға «аға» (да шу). Қарт кісілер қарым-қатынас кезінде жастарға келесі модель арқылы үндейді: «қызым»(gu niang – гун ньян) немесе «балам» (xiao huo xi - сяо хуо дцз). Жасөспірімдер арасында және кәсіби жаргондардағы қарым-қатынас. Мектепте, жоғарға оқу орнында оқушылар мен студенттер бір-бірімен өзара қарым-қатынас кезінде таныс болмаса, «tong xue – тонг шюйе» (бірге оқимыз) = сыныптас, құдасы, топтас, «группаласы» сөз тіркестер арқылы сөйлеседі. Егерде оқушылар я студенттер бір-бірін таныса, қарым-қатынас уақытында тегі+есімі; есімі; лақап аты арқылы үндейді. Қарым-қатынаста лақап аттарды пайланғанда оқушылар я студенттер көніліне алмайды және күнделікті өмірде есімдермен бірге жиі қолданысқа ие. Негізінен осының бәрі студенттердің өз араларындағы жақын қарым-қатынасқа байланысты болады. Алайда жақын қарым-қатынасты ұстанбаса, жоғарыда көрсетілген басқа да модельдерді пайдалана алады. Белгілі бір кәсібтік топтарға қатысты. Мұғалімдер мен әр түрлі оқу орындарындағы оқытушылар арасында бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында тегі + мұғалім (лао ши): Wang laoshi! деп араласады. Дәрігердер бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында тегі + дайф (дәрігер) моделін қолданады. Кәсіпкерлер арасында бір-бірімен қарым-қатынас кезінде тегі + қызметі, тегі+ профессия моделін қосып араласады.Егер кәсіпкерлікте қызметкерлердің белгілі бір қызмет болмаса, онда оған лао+тегі, сяо+тегі деп қарым-қатынасқа түседі. Көріп тұрғаныңыздай, қазіргі қытай тілінде қарым-қатынасқа кезінде бірнеше мысал келтірдік. 1949 жылы қарым-қатынас моделдері жаңаша формулаларында әлеуметтік-саяси өзгерістер енгізілді. Осы үдерістер қазіргі қазақ тіліндегі өзіндік аналогикалық үдерістермен айқын ұқсастықтары байқалады.
Бұл әдетте ҚХР халқында экономикалық нарығында қоғамдық даму жолында және халықтың жана әлеуметтік дамуы арқылы жасалады, бәрі осымен байланысты. Алдымен, орта таптар мен жаңа қоғамдық қабаттардың пайда болуына, (яғни кәсіпкерлер мен олигарх байлар ) шығуна пайдасын тигізді. Уақыттың тапшылығына жауап берумен қатар, тіл қаратпа сөздердің, сонымен қатар заманауи қытай тілінің таптық құраламын ескеріп, қарым-қатынастың жаңа түрлерін ұсынып келеді[42,235-238].
Қорыта келе, біз екінші тарауда қытай тілінің заманауи қаратпа сөздерімен танысып, қай ортада қалай қарым-қатынас жасау керек деген сияқты сұрақтарға жауап іздеген болатынбыз. Міне, қазақ-қытай тілдеріндегі әлеуметтік ортада қаратпалардың ұқсас аналогиялық үдерістерін байқауға болады. Қаратпа сөздердің белгілі бір ортада қалай қолданылатынына да көзіміз жетті. Олар ер адамдарға, әйел адамдарға, қарт адамдарға, жастарға, белгілі бір кәсіпорын қызметкерлеріне қарата айтылады. Әр ортада қаратпа сөздер өзіндік этикалық нормаларды сақтап отыратынына назар аудардық. Өйткені, сыпайылықпен тікелей қатысы бар бұл қаратпа сөздерді дұрыс, әрі жүйелі қолдануымыз керек. Осы қаратпалардың өзіне тән нұсқаларымен, яғни формулалармен қолдана білсек, онда біздің зерттеуіміз өз мақсатына жетті деген сөз.
Қорытынды. Қаратпа сөздер дегеніміз - жарқын әдеби белгі болып табылады. Әлеуметтік өзара қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мен байланыс орнатудың маңызды және негізгі әмбебап әдіс-тәсілінің бірі.
Обращением говорящий предлагает адресату определенное распределение ролей и определенный тип общения. С изменением обстановки появляется новый знак отношений, новое обращение.
Қытай тілінің қаратпа сөздер жүйесі өте бай, әрі күрделі. Оның тарихқа терең жайылған түбірі бар. Қаратпалардың көптігі, олардың мөлшері аталынуы мен бұрынғы және заманауи қытай тілінің атаулары қытайлықтардың сөйлеу мәнерінің нормаларын әр түрлі жағдайларда реттеп отырады. Қытайдағы жеке дара қарым-қатынас әрдайым сөйлесушілердің дәрежесіне, өзара қарым-қатынас сипатына, жақындық дәрежесіне, жас-шамасына, жынысына келіп негізделген. Бала мен әке қарым-қатынасы, қарыз сезімі, басшы мен орындаушы арасындағы қарым-қатынастағы әділеттілік, әйел мен ер арасындағы қарым-қатынас, үлкендер мен кішілер арасындағы тәртіпті орнату, достар арасындағы сенімділік - Қытайдағы ең көп таралған қарым-қатынас түрлері. Ал қаратпалар осы қарым-қатынасқа қызмет ету үшін керек екен бізге.
Қытайлықтардың сөйлеу мәнері үлкендерге жас-шамасы жағынан да, дәрежесі жағынан де құрметпен қарайтыны белгілі. Кіші буындарға ізетпен қарайтыны белгілі. Осыдан бөлек, өмірдегі өзінің дәрежесін қолдана отырып, келесі арналатын жақты кемсітетін болса, өзінің тәкаппар, әрі тәрбиесіз екенін білдіріп қоюы мүмкін. Қытай тілінің қаратпалар жүйесі үлкен сөз жиынтықтары мен формулалардан тұрады. Сөйлеу мәнеріне сай сөйлеу керек.
Қаратпалардың заманауи жүйелерінің негізін туыстық және әлеуметтік қаратпалар құрайды.
Қаратпа сөз - сөйлем мүшесі болып есептелмейтін оқшау сөздердің бірі. Сөйлем арқылы біреуге арнай айтылатын ойдың, хабардың кімге, неге арналғанын (адресатын) дәлдеп білдіру үшін жұмсалатын сөз не сөз тіркестері қаратпа сөз деп аталады.
Қытай тілінде екі термин бар. Олар қаратпалар термині десек те болады, яғни, чэнвэй (称谓),чэнху ( 称呼)деп аталады. Чэнвэй мағынасы чэнху дегенге қарағанда әлдеқайда тереңірек, өйткені, чэнвэй термині қаратпа сөздерді де, атау сөздерді де қамтиды. Ал чэнху - бұл тек қарата айтылатын сөздер қатарына жататын термин.
Қытай қаратпалар сөздігі Пекин қаласында 1994 жылы жарық көрген. Оның алғашқы тарауында біздің қазіргі күнге дейінгі алты мыңнан аса қаратпалар жинақталған. Бұл қытай тілінің қаратпалар жүйесі сонау ерте заманнан түбірін алып келе жатқан, әрі бай екенін, күрделі екенін білдіреді. Расында, сөздік ең бірінші "ата-баба" бөлімінен басталады, екінші бөлімі "ата-ана" деп аталады және оның ішінде 380 термин қамтылғаны белгілі болып отыр.
Қаратпа сөздер туралы негізгі ұғымға қазақ тіл білімінде тыңдаушының немесе оқырманның назарын аудару мақсатында белгілі бір ой қаратыла айтылған сөз немесе сөз тіркесі деген анықтама беріледі. Олардың сөйлемнің қай шебінде орналасатындығы, қалай жазылатындығы жəне қаратпа сөздердің көбінесе туыстығына, жасына байланысты жалқы атаулардан, еркелету немесе жек көру мəніндегі сөздерден, көркем шығармаларда жан-жануарлардың, жер-су атауларының қолданылуы арқылы жəне одағай сөздерден де жасалатындығы көрсетілген деп айтуға да болады.
Қаратпалар: қаратпа сөз, қаратпа сөз тіркесі, қаратпа сөйлем болып болып, қала берді аралас қаратпалар, айқындауышты қаратпалар болып бөлінеді. Қаратпа сөздер - ең көп әрі, ең ерте қалыптасқан түрі. Қаратпа ретінде жұмсалмайтын зат жоқ десе болғандай. Олар жекеше, көпше, тәуелдік жалғауларында көбіне зат есім, заттанған сын есім, сан есім, есімдік, одағай, еліктеуіш сөз таптары, кей жеке сөздер арқылы жасалады. Олар негізгі тұлғада да түрлі морфологиялық өзгеріс арқылы да келе береді. Қаратпа сөздер қазақ және қытай тілдеріндегі алатын орнын, олардың зерттелу деңгейі мен қолдану ретін білгендейміз. Теориялық көзқарастарды алатын болсақ, қазақ тілінде қаратпа сөздерге қатты көңіл бөлінбеген болса, қытай тілі мамандары бұл сұраққа баяғыдан жауап іздеп, жан-жақты зерттеген деп тұжырым жасаймыз. Сонымен қатар, қытай тілінде осындай қаратпаларға сәйкес үлкен сөздіктердің барына да көзіміз жетті. Қаратпа сөздер сөздігі туыстық және жалпыға бірдей әлеуметтік қаратпа сөздерді ажыратып береді.
«Мұғалім» - әдемі естіледі ия? Қытайда бұл сөз мұғалімге деген ерекше құрметке ие қаратпа сөз екені бәрімізге мәлім.
Егер бізде мұғалімдерді аты-жөнімен атайтын болса, ҚХР мемлекетінде "мұғалім" (老师 – Laoshi) деп айтады. Егер сөз арасында әр түрлі адамды айтып жатқан болса, "мұғалім" сөзінің алдында ол кісінің тегі қойылады. Мысалы, Ли лаошы, Чжан лаошы, Ван лаошы және т.б. Біздің мемлекетте "апай, ағай" терминдерімен қолданысын табады. Мысалы, Жазира апай, Ербол ағай деген сияқты. Бұрындары "мұғалима", "тәрбиеші" деген ұғымдар басым түрде айтылатын.
Мэй нюй 美女қаратпасының қолданылуы.
Алдымен, Қытайдағы әйелдер қауымына деген қаратпалар туралы сөз еткеніміз дұрыс болар. Әрине, алғашқы және ең маңызды әдіс - ол өз атымен атау. Егерде сіз бейтаныс жас қызбен сөйлесетін болсаңыз, міндетті түрде美女(Meinü – сұлу, сұлу қыз). Ресми жағдаяттарда (女士 – Nüshi) деп, яғни, "ханым" деп қаратқан дұрыс. Бұл мәселеде біздің Қазақстан мемлекетімен ұқсап қалары анық. Өйткені біздің ортада да, яғни қоғамдық орындарда, басқармаларда, тіпті көшеде болсын, қыз баласына "қарындас" немесе жас-шамасы үлкен болса "тәте", жасы орталау болса " ханым" деп қарататыны рас.
Қорыта келе, біз «атау сөз» дегеніміз адамдардың қоғамдағы қарым-қатынасын білдіру үшін қолданылатын, адамның салауаты, кәсібі, жыныс ерекшелігіне қарай жасалатын атаулар тобы деген анықтама береміз. Қорыта келе, сөз әдебі мен сөйлеу мәнеріне байланысты көптеген тұжырымдар бар екенін айтқан болатынбыз. Тілдегі қаратпаларды білмесе, мейлі ол өз тілі болсын, басқа шет тілі болсын, жақсы, әрі жетік меңгереді деген сөз емес. Бұл не деген сөз егер сол үйреніп жүрген тілдің қаратпа сөздердің ұлттық салт-дәстүрін жетік меңгермесе, сөйлеу мәнерінің анық-қанығын білмесе, әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы қаратулардың ережелерін, қаратудың пара-лингвистикалық әдістерді жетік меңгермеген болса, ондай мамандарды тілді жақсы біледі деп тұжырымдай алмаймыз. Бұл қарым-қатынас ерекшеліктерінің барлығы "коммуникативтік норма, яғни байланыс сипаты" дегенге келіп қалары анық. Өзекті туыстық атаулар, яғни ұдайы қолданыста жүретін белсенді туыстық атаулар тобы. Қытайдың жазбаша тіліндегі туыстық атауларының көп бөлігі потенциалды туыстық атаулар, ал ауызекі тілдегі туыстық атаулардың бәрі бірдей өзекті туыстық атауларға жатады. Сол себептен жазбаша тілде туыстық атаулардың жалпы саны 274 болса, ауызекі тілде 66ға әрең жетеді.
Қызметкерлерге олардың кәсіби қызмет түрлеріне деген қарым-қатынас. Мектепте, жоғары оқу орындарында, университет оқитын жандар және студенттер жиі өз мұғалімдеріне фамилия + лаоши:(li lao shi) Ли лаошы, (yang Lao shi) Йанг лаошы деген нұсқада жүгінетінін білеміз.
Соңғы қаратпа сөздердің нүктесін былай етіп қойғым кеп отыр. Осы жұмысты жасау барысында екі керемет бай тілдің салыстыруға дейін жағдайлары жететіндігіне көзіміз жетті. Әрбір тілді зерттеп, өзіндік ерекшеліктері болатындығына, өзіне тән сипатқа ие болатынына тағы бір сенімділік алдық. Қытай тілінің мамандары бұл саланы тереңірек зерттеген еді. Тіпті, қытай тілінің қаратпа сөздері атты сөздіктер қатары бар. Онда қаратпа сөздерді бөліп, әр түрлі қаратпаларға сипаттама беріп өтеді. Біздің қазақ филологтарының ішінде оқшау сөз туралы терең серттегенімен, қаратпа сөз туралы еңбектер көп емес. Болашақта бұл мәселе әлі де талқыланады деп ойлаймыз, алдағы уақытта өз шешімін тапса деген ниетпен қорытындылаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения. – М.: Высшая школа, 1989. – 159 с.
2. Шадкам З. Қазақ және түрік тілдеріндегі сөз этикетінің лингвомәдени ерекшеліктері: Филол.ғыл.канд.дис. – Алматы, 2005. – 147 б.
3. Құлсариева А.Т. Этика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 43 бет.
4. Гольдин В. Е. Этикет и речь. – Саратов: Изд-во СГУ, 1978. – 112 с.
5. Егіншібаева Н.Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалар: Филол. ғыл. канд. ... дис. автореф. – Алматы, 1997. – 25 б.
6. Қобланова А. Қазақ сөз этикеті: Филол. ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 1993. – 151 б.
7. http://www.elarna.com/m/kitap_kk.php?id=5502&oku=36274
8. Аманжолов С., Сауранбаев Н. -Қазақ тілінің грамматикасы II синтаксис. - Алматы, 1939. - 113б.
9. Аманжолов С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы. - Алматы, 1971. - 106б.
10. Балақаев М.Б. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің кейбір мәселелері. // Қазақ ССР Ғылым Академиясының хабаршысы, Алматы. 1952. -№6.
11. Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы. - Алматы, 1957.
12. Әмір Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. – Алматы: Мектеп, 1977.
13. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі: (Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі).−Алматы: «Ана тілі», 1992
14. Байтұрсынұлы А. Тіл құрал. Алматы., 1997 ж.
15. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.− Алматы: Ғылым, 1999.
16. М. Томанов пен Т. Сайрамбаев "Қазақ тіліндегі қаратпалар" атты методикалық оқулығы
17. Қаратпа сөздер сөздігі, Пекин қаласы, 1994 жыл
18. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М.: Советская энциклопедия, 1966. - 908 с.
19.Словарь родственных обращений. Чаньчунь, 1988. - 254 с.
20. Словарь китайских обычаев и нравов. Шанхай, 1992. - 911 с.
21. Скоробатюк И.Д. Некоторые аспекты выражения форм вежливости в корейском языке.// Национально-культурная специфика речевого поведения. М.: Наука, 1977.-С. 306-319.
22. Большой китайско-русский словарь в четырех томах. Т. 1-4 / Под ред. И.М. Ошанина. М.: Наука, 1983.
23. Розенталь Д.Э., Теленкова М.А. Словарь-справочник лингвистических терминов. М.: Просвещение, 1976. - 543 с.
24. Словарь современного китайского языка. Пекин, 1996. - 1724 с.13. 25. Китайско-русский словарь. Пекин, 1990. - 1250 с.14. 26. Большой словарь китайского языка. Шанхай, 1994. - 1362 с. 27. Обращение в современной китайском языке, 2007
28. 马宏基《称谓语》,新华出版社,1998年版 Ма Хуңзи. Қаратпа сөздер. Синхуа баспасы, 1998.154 б.
29. 刘孝存《姓名、属相、人生》,中国文联出版公司,1998年版 Лю Сяоцун. Есім сөздер, жұлдызнамалық белгі, адам өмірі. ҚХР Вэнлян баспа компаниясы, 1998. 78-79 б.
30. 马宏基《称谓语》,新华出版社,1998年版 Ма Хуңзи. Қаратпа сөздер. Синхуа баспасы, 1998.156 б.
31. 扬存田《中国风俗概观》,北京大学出版社,1994年版 Яң Цунтян. Қытайдың әдет ғұрыптары жайлы жалпы түсінік. Пекин университеті баспасы. - 1994. 144 б.
32. 马宏基《称谓语》,新华出版社,1998年版 Ма Хуңзи. Қаратпа сөздер. Синхуа баспасы, 1998.160 б.
33. 马宏基《称谓语》,新华出版社,1998年版 Ма Хуңзи. Қаратпа сөздер. Синхуа баспасы, 1998.164 б.
34. Диссертации по гуманитарным наукам
http://cheloveknauka.com/obrascheniya-v-sovremennom-k..
35. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. // фил.ғыл.канд.дисс. Алматы, 1999. - 132 -136 бб.
36.Словарь родственных обращений. Чаньчунь, 1988. - 254 с
37. Краткий китайско-английский словарь. Пекин, 1982. - 838 с.
38. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья және неке. − Алматы, 1973. – 328 б.
39. Даулетова Ф.Н. Лингвомәдениеттану: Қытай және қазақ тілдерінің салғастырмалы фразеологиясы. − Алматы, 2000. – 113 б.
40. Чукас Е.А. Влияние конфуцианской философии на семейно-бытовые отношения в Китае. // Россия и Китай на дальне- восточных рубежах. – Благовещенск: АмГУ, 2001. – С. 438-441 бб
41. Ханзуша-Қазақша сөздік. Синзяң Халық баспасы.1987 ж
42. Цианьхуа Ли, Смирнов И. Б., 2013 (231)
