Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.45 Кб
Скачать

2.2. Қытай тіліндегі атау, туыстық сөздер

Тіл пайда болғаннан бастап атау сөздер де болғаны хақ. Алайда, кейбір қытай ғалымдары бұл термин ең алғаш  «Ши-цзи» атты Сыма Цянның еңбегінде кездеседі деген пікір айтады [28,154]. Демек бұл еңбектегі аталмыш термин адамдар қарым- қатынасына қатысты қолданылған және қазіргі кездегі беретін мағынасымен бірдей болып табылады. Алайда бұрынғылар «атау сөз» деген шын мәнінде не екені туралы толық анықтама бермеген. Бүгінгі таңда тіл ғылымының дамуына байланысты, бұл термин тіл зерттеушілерінің назарын өзіне аударды. Содан бастап, адамдар бұл терминге нақты анықтама беруге талпыныс жасады. Көптеген ғалымдар түрлі ойларын ортаға салып, әркім әр жаққа тартты. Алайда осы тартыстар бұл терминге нақты ғылыми анықтама беруге оң ықпалын жасап, өзіндік негіз қалады.

Төменде біз біршама ойға қонымды деп есептелінген қытай ғалымдарының бірнеше анықтамаларына талдау жасап, бұл терминге анықтама қалай берілетінін анықтап көрейік. Атап айтар бір жайт, кейбір белгілі туындылар мен ғылыми еңбектерде атау сөзді «қысқартып атау» деп берген, бізше, бұл екі термин ішкі мәні жағынан да, сыртқы тұлғалық жағынан да бірдей. Біздің «сөз» деген тағы бір сөзді қосуымызда мынадай екі түрлі себеп бар: бірінші, «атау» зат есім ғана емес,  да етістік те болады. Мысалы, біз үнемі қолданып жүретін « Мына кісілерді қалай атасақ екен?» деген сөйлемде «атау» сөзі етістік болып тұр. Мағынасы жағынан да функциясы да мүлдем басқаша, атау сөз тек қана зат есім болады. Екіншіден, атаулар жалаң және күрделі болып келеді. Жалаң атаулар сөз болса, күрделі атаулар сөз тіркесі болып табылады. Мысалы, «азаттық армиясы, әскери ағай, министр мырза, Ли Чияң мұғалім» қатарлылар [29,78-79]. «Атаусөздер» деген терминге барлық кең және тар мағынадағы атау тұлғадағы сөздерді қамтуға болады. Осы жоғарыда атап кеткен себептерге байланысты біз «атау сөз» терминін қолдануға алдық.

Атау сөздің анықтамасына байланысты төмендегідей бірнеше түрлі пікір бар. Бірінші пікір, кең және тар мағынасында айтылған атау сөздер. «Атау» деген осы бір сөздің өзі кең және тар мағынаны қамтиды. Кең мағынада барлық адам және заттардың атауы, ал тар мағынада тек қана адамдар арасында бір- бірін атауға қолданылатын ат-есімдерді көрсетеді. Біз кең мағынадағы атау сөздерді қарастырмаймыз, атаусөз зат, жануарлар атауына емес, негізінен адамға байланысты болуға тиіс деп есептейміз, атау сөздің басқа сөздерден басты ерекшеліктері де осы тұсында. Олай болмағанда атау сөздер мен басқа  зат есімдердің айырмашылығы айқындалмай қалады. «Мұғалім» дегеніміз білім үйретіп адамдарды тәрбиелейтін адам; «жолдас» дегеніміз ойы бір арнаға тоғысатын пікірлес адамдар; «апай» - өз анасымен жасы қарайлас әйелді көрсетеді. Осы аталған үш сөз де атау сөз болып табылады. «Үстел», «машина», «ағын су» сынды сөздер адамды емес затты білдіреді, сондықтан, олардың барлығын атау сөз деп қарастыруға болмайды. Кейбір ерекше жағдайлар да болады, мысалы, кей ертегілер мен мысал әңгімелердің кейіпкерлері хайуанаттар не хайуанаттар арасындағы атауларға  адамдарға қолданылатын атау сөздерді колданғанын кездестіреміз. Мысалы, «сиыр атай, тауыс апай, көжек қарындас, қара мысық сақшы» т.б.  

Бұл сөздер стилистикалық жағынан адамдандыру тәсілімен қолданылған сөздер болып, атау сөздердің кең көлемденген бір бейнесі деп айтуға да болады. Егер тар мағынасында қарастырсақ даулы мәселе болары хақ. Себебі, біріншіден, мұнда атау сөздің ішкі мәні сақталынбаған, яғни атау сөзде бейнеленетін адамдар арасындағы қарым-қатынастық мәні жоқ. Атау сөздер ерекше тілдік белгілер  болып табылады. Оларда өзге де сөздерде болатын нақты  атап көрсету функциясынан басқа ерекше қасиеттері бар: мысалы, атау сөздер қарым-қатынастағы екі тұлғаның өзара байланысын айқындайды. «Жолдас» сөзі адамдар ара  біркелкілік пен жақындықты көрсетеді, ал «мырза» сөзі алыс қарым-қатынастағы адамдар ара сыйластықты көрсетеді. Атау сөздер қарым-қатынастағы екі тұлғаның салауаты, жасы, кәсібі сынды көп жақтарын аңғартады. Сондай –ақ, сөйлеушінің ойын, сезімін, көзқарасында көрсетеді. Мысалы, «мұғалім» деген сөз сөйлеушінің қарсы тарапқа деген құрметін, «сұмырай» деген сөз жиіркенішін көрсетеді. Тар мағынадағы атау сөздердің бұларға еш қатысы жоқ, сондықтан бұл жалпылық жағдай емес[30,156]. 

Екіншіден, «адамдар арасындағы қарым-қатынастық атаулар», бұлар бір қарағанда атаудың шынайы мәнімен сай келмейді. Кей атау сөздер өзара қарым-қатынасты көрсете алады, әсіресе, жалпылама атау сөздер. Нақтырақ белгілі бір түр не бір атау сөзді жекелей қарастыратын болсақ, оның адамдар ара қарым-қатынастық атау көлемі мен дәрежесі бірдей болуы екіталай. Мысалы, «жолдас» деген сөзді кең көлемде қолдануға болады, ешқандай да жас, кәсіп, ер, әйелдік шектеуге ұшырамайды. Ал «бойжеткен» сөзі тек әйелдер арасында ғана, немесе ер адамдар әйелдерге қарата қолданады, ал керісінше қолданылуы тіпті мүмкін емес. «Дәрігер» сөзінің аясы тіпті тар, бар болғаны аурухана ауласында ғана қолданылады [31,144]. Енді бір атау сөздер бір бағытта, яғни, бір тарап екінші тарапқа қана қолданады, ал екінші тарап бірінші тарапты олай атай алмайды. Профессор  -  университеттерде жоғары дәрежелі маман атағы, ал профессор өзін профессор деп атаған өзге адамдарды осы атаумен атай алмайды. Осы себепті, егер біз атау сөздерді «адамдар арасындағы қарым –қатынастық атау» аясында қарастыратын болсақ, онда басым көптеген атау сөздерді назардан тыс қалдыратын боламыз.

Екінші пікір, бұл  пікірде атау сөздер (称谓语) мен адамдарға қаратылған атау сөздер(称呼语) бір ұғым деп қарайды[32,157]. «Атау  деген сөздің өзі адамдарды белгілі бір атпен атап айту деген мағынада, яғни,  қоғамдық өмірде адамдардың өзін не басқаларды белгілі бір атпен атауын көрсетеді» [33, 164]. Бұл екеуін мағыналас бір ұғым деп қарауға болмайды. Адамдық атау қарым-қатынас барысында бетпе- бет қолданылатын атау болып, бар болғаны жалпы атау сөздердің қолданылу түрлерінің бір бөлігі ғана болып табылады. Мысалы, адамдар кейде біреулерді бетіне «шешей», «мұғалім» деп атайды. Ал кей атау сөздер тек сырттай ғана атауға қолданылады. Мысалы, «қарт әжей», «қарт атай» деген атауларды ешкім сол адамның бетіне атап айтпайтыны анық, дегенмен, мұндай атаулардың қолданыста барын ешкім де теріске шығара алмайды. Енді бір атаулар тек белгілі бір топқа ғана қолданылады. Мысалы, қызметкер, саудагер, т.б. мұндай атау сөздер (称谓语) тікелей де сырттай да қолданыла береді [34, 78]. Тағы бір топ атау сөздердің қолданылатын нысаны қазіргі таңда жоқ, ол атаулар тек әдеби тілде ғана сақталып қалған, ал қазіргі қоғамдық өмірде қарым-қатынастық рөлін жойған болып адамдарға тікелей қолдану мүмкін емес, себебі, ол атаулардың нысаны бұл қоғамда өмір сүрмейді. Мысалы: әтек, канизак, т.б. Алайда бұл сөздер де атау сөздер екені шүбәсыз.

            Жоғарыда біз атау сөздерді  ешқандай да қоғамдық және тарихи сипатқа бөлмей, тұтастай қарастырып анықтама бердік. Төменде осы заманғы қытай тіліндегі атау сөздерге нақты қандай анықтама беруге болатынын жан-жақты қарастыратын боламыз. Ол үшін төмендегідей бірнеше түйінге назар аудару керек: біріншіден, қоғамдық сипаттағы атау сөздер. Осы  заман қытай тіліндегі атау сөздер басым бөлігі қазіргі таңда қолданыстағы қытай тілін негізге алады. Тарихта болған, алайда қазіргі таңда қолданылыстан қалып қойған атау сөздерді қамтымайды, мысалы: «三公(үш министірлік, 太监(әтек), 举人(орда емтиханын тапсырушы), 官人(отағасы)» т.б. /1/. Ертеде бір мезгілдерде қолданыстан қалған, алайда қазіргі таңда қайта қолданысқа енген кейбір атау сөздер осы заманғы қытай тілінің құрамына енеді. Мысалы: «村长(қыстақ бастығы),太太(бәйбіше),经纪人(жеңгетай)» т.б. екіншіден, жалпыға ортақ атау сөздер. Жалпыға ортақ тіл дегеніміз ұқсас тайпа, ұқсас ұлыс, ұқсас ұлттар арасында барлығына жалпылама қолданылатын тіл болып, әдетте, бір ұлтқа ортақ тілді көрсетеді. Қазіргі таңдағы қытай ұлтына тән жалпылық тіл – ортақ тіл путунхуа(普通话).

Осы заманғы қытай тіліндегі атау сөздер осы ортақ тіл көлемінде қарастырылуы тиіс. Кей атау сөздердің қайнар көздері жергілікті тіл болғанымен, кең таралғандықтан, олар да ортақ тіл аясында қарастырылады. Мысалы: 爹爹(әке) атауы Қытайдың солтүстік өңірінде өте кең таралғандықтан, осы заманғы қытай тілі болып саналады. Енді бір атау сөздер тек белгілі бір көлемдегі аумақтарда ғана қолданылып, аз санды адамдарға ғана түсінікті болғандықтан,  оларды осы заманғы  қытай тілінің құрамына енгізуге әбден болады. Мысалы: 阿玛 атауы «әке» деген мағынаны білдіретін Манчжур ұлтының тілінен алынған, кейін келе солтүстік шығыс өңірін мекен еткен Хан ұлты да осы атауды қабылдап , әкесін阿玛 деп атайтын болған, алайда бұл сөз басқа өңірде тұратын Хан ұлттарына түсініксіз, сондықтан да бұл атауды осы заманғы қытай тілінің сөздік қорына жатқызуға болмайды.  Сондай-ақ осы заманғы қытай тілі сөздік қорындағы атау сөздердің көлемін айқындауда атау сөздер қалыптасқан тұрақты қасиетке ие сөздер екеніне назар аудару керек. «Ұлы төңкерісші», «таяу замандық биология ғылымының маманы», «жоспарлы туу реформасының үздігі» сияқты белгілі бір дәуірде, белгілі бір жағдайда ғана қолданылатын кейбір көп буынды, күрделі атау сөздер бұған қосылмайды [35,132-136]. 

Сонымен біз мынадай ойға келеміз, атау сөздің (称谓语) қамтитын көлемі адамдық атаулардан (称呼语) кең, соңғысы тек адамдар арасында бетпе -бет тікелей атауға ғана қолданылатын атау сөздер болып табылады. Егер екеуін өзара теңестіріп қарастыратын болсақ, атау сөздік сипатқа ие қаншама атауларды назардан тыс қалып, кісілік атаудың(称呼语)бай да сан қырлы сипатын аша алмайтын боламыз. «Осы заманғы қытай тілі сөздігінде» бұл екі ұғымды бір-бірінен айырып, жеке-жеке түсініктеме берген. «Атау сөз» дегеніміз адамдар өзара туыстық не басқа да қарым-қатынастарға байланысты, салауаты, кәсібі т.б. негізінде жасалған атаулар.  Мысалы: әке, ұстаз, хатшы, т.б. кісілік атау дегеніміз адамдардың тікелей сөйлесуі барысында қолданылатын, сөйлесушілердің өзара байланысын білдіретін атаулар. Мысалы: жолдас, аға, т.б. Біз бұл сөздікте атау сөздерге нақты да ғылыми түрде анықтама берген деп есептейміз, сондықтан, бұл мақалада осы пікірді негізге аламыз. Ондағы басты себеп, біріншіден, бұл анықтамада екі ұғымның ұқсастығы мен айырмашылығын атап көрсетіп, олардың шынайы мәнін айқындап берген; екіншіден, екі ұғымның нысаны адам екенін анық көрсетумен қатар, атау сөздің нақты мәні мен қасиеттерін ашып береді, сонымен қатар, оның «туыстық және де басқа қарым-қатынастық байланысты» білдіретінін анықтап көрсетеді. Осы бір түсініктемелер өзге пікірлерде қарастырылмаған. Қорыта келе, біз «атау сөз» дегеніміз адамдардың қоғамдағы қарым-қатынасын білдіру үшін қолданылатын, адамның салауаты, кәсібі, жыныс ерекшелігіне қарай жасалатын атаулар тобы деген анықтама береміз.

Әр елдің тілінде туыстық қарым-қатынаста қолданылатын сөздердің тобы бар. Ол сөздер тобы туыстық атаулар немесе туыстық терминология деп аталады. Тілдің лексикасының құрамдас бөлігі бола тұра, туыстық атаулар тілдің ішкі даму заңдылықтарымен айқындалатын лингвистикалық ерекше құбылыс болып табылады. Тілдің даму заңдылықтары сол елдің мәдениетіне тікелей байланысты. Лингвомәдениет тұрғысынан алып қарағанда, туыстық атаулар сөйлеу этикетінің құрамындағы апеллятивтерге (қаратпа) кіреді. Туыстық атаулар қытай тіліндегі апеллятивтердің ең ауқымды тобы. Олар ұлттың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігінің жарқын көрінісін беретін ерекше лексикалық категорияларға жатады. Туыстық атаулар қандай жүйеге кірмесін, негізінен, қолданылуына қарай мынадай екі түрге бөлінеді. Біріншісі – потенциалды атаулар, яғни сирек қолданылатын немесе қажеттіліктің тууына қарай оңай жасалатын туыстық атаулар. Екіншісі – өзекті туыстық атаулар, яғни ұдайы қолданыста жүретін белсенді туыстық атаулар тобы. Қытайдың жазбаша тіліндегі туыстық атауларының көп бөлігі потенциалды туыстық атаулар, ал ауызекі тілдегі туыстық атаулардың бәрі бірдей өзекті туыстық атауларға жатады. Сол себептен жазбаша тілде туыстық атаулардың жалпы саны 274 болса, ауызекі тілде 66ға әрең жетеді. Жазбаша тілдегі туыстық атаулардың көп болуын, біріншіден, ол атаулардың жаппай сипаттамалық туыстық атауларға жатуымен түсіндірсек, екіншіден, патриaрхалды феодалдық қоғамның тәртібіне сәйкес «тоғыз ата» - «九族» (jiuzu) деген түсінік болған. Сол «九族», анығырақ тоқталсақ «эгоға» дейінгі төрт ата, олар: 父 (fu) − әке, 祖 (zu) – ата, 曾祖 (zengzu) – үлкен ата (атаның әкесі), 高祖 [gaozu] – баба (үлкен атаның әкесі) және «эгодан» кейінгі төрт ұрпақ, 子[zi] – бала, 孙 (sun) немере, 曾孙 (zengsun) – шөбере, 玄孙 (xuansun) – шөпшек[36,254]. Осы тәртіппен жоғарыдан төмен тарайтын және «эгоға» жанама туысатын туысқан тұлғалардың ұрпақтарының жолының үлкендігіне не кішілігіне қарай патриархаттық мұрагерлікті бекітті. Одан бөлек «丧服» (sangfu) – «қаралы киім дайындау» рәсімі − осы көрсетілген шеңбердегі туысқан тұлғалардың жолы үлкен адамдары дүниеден өткенде орындалады. Міне, осының салдарынан туыстық атаулардың саны өздігінен-ақ көбейіп шыға келеді. Ал ауызекі тілде ол туыстық атаулар туыстығы алшақтаған сайын туыстықтан ажыратылып тасталынды. Одан бөлек, ауызекі тілде туыстық жүйенің тізбегі тоғыз ата емес, бес атамен шектеледі. Олар: «эгоға» дейінгі екі ата, 父 (fu) - әке, 祖 (zu) – ата болса, «эгодан» кейінгі екі ұрпақ, 子(zi) – бала, 孙 (sun) немере болады [37,838]. Қытай тілі аталас туысқандар арасында туыстық атауларды қолдануда ата жолының ретін сақтауды бірінші орынға қояды. Кіші буын аға буынға әрдайым сый-құрмет көрсетіп, аға буынның алдында басын иуі керек. Сол себептен кіші буын аға буынға туыстық атаудың қай түрі болмасын (вокативті не референтивті) орынды қолданып одан мүлт кетпеуі тиіс. Мұнда, ең алдымен, ата жолына назар аударылғандықтан, айтушы қарым-қатынас барысында туысқан тұлғаның жасына емес, жолына қарайды. Қытай дәстүрлі қоғамында рулық тәртіппен қандастық алдыңғы орынға қойылған. Соның ішіндегі ұрпақ жалғастыру міндеті тек әкеден балаға берілетін болғандықтан, аталас туыс пен шеше туысы деген ұғымдарға ерекше мән беруді талап етеді. Соның нәтижесінде аталас туыстық (өз жұрты) және шеше туысқандары (нағашы жұрты) болып екі тармаққа бөлінеді. Туыстық атаулардың негізгі пайда болатын жері − неке- лесу. Еркек пен әйел некелесіп, отау тіккеннен кейін екі жақ бірдей түскен ортасындағы отбасы мүшелерін арнайы атауымен атай бастайды. Міне, осыдан бастап «қайын жұрт» деген туыстық термин пайда болады. Қайын жұрттың өз ішіндегі жас ерекшелігі, жыныс ерекшелігі, жолы бойынша тағы да жеке атауларға бөлінеді. Осыған орай халық арасында «三亲 六戚» (sanqinliuqi) (қазақ тіліндегі «жігіттің үш жұрты») деген сөз қалыптасқан. Төменде «мен» деген сөзді «эго» ретінде ала отырып, оның айналасында түзілетін туыстық атауларға жеке-жеке тоқталып көрейік: 父系(fuxi) – аталас туыстық жүйе немесе өз жұрты 1.祖父(爷爷)(zufu (yeye) ) − ата (әкесінің әкесі); 2. 祖母(奶奶)(zumu (nainai) ) − әже (әкесінің шешесі); 3. 父亲(爸爸)(fuqin (baba)) - әке; 4. 伯父(bofu) − ата, аға, үлкен әке (әкесінің ағасы); 5. 伯母 (bomu) − үлкен апа (әкесінің ағасының әйелі); 6. 叔父 (shufu) − кіші әке (әкесінің інісі); 7. 婶母 (shenmu) − кіші шеше (әке- сінің інісінің әйелі); 8. 堂兄弟 (tangxiongdi) − немерелес, аталас аға-інілері (әкесінің аға-інілерінің ұл балалары); 9. 堂姐妹 (tangjiemei) - немерелес, аталас әпке-қарындастары (әкесінің аға-інілерінің қыздары); 10. 姑父 (gufu) − жезде, жезде аға (әкесінің әпке-қарындастарының күйеуі); 11. 姑母(gumu) − апай, тәте (әкесінің әпке-қарындастары); 12. 表兄弟(biaoxiongdi) − жиен бала (әкесінің әпке-қарындастарының ұл балалары); 13. 表姐妹 (biaojiemei) − жиен қыз (әкесінің әпке-қарындастарының қыздары); 14. 自己 [ziji] − мен; 15. 哥哥 (gege) − аға; 16. 弟弟 (didi) − іні; 17. 嫂嫂 (saosao) − жеңге (ағасының әйелі); 18. 弟妹 (dimei) − келін (інісінің әйелі); 19. 侄儿 (zhi er) − немере ұл (аға-іні ұлдары); 20. 侄女 (zhinu) − немере қыз (аға-іні қыздары); 21. 儿子 (erzi) − ұл; 22. 女儿 (nuer) − қыз; 23. 孙子 (sunzi) − немере ұл; 24. 孙女(sunnu) − немере қыз; 25. 外孙 (waisun) − жиен ұл; 26. 外孙女 (waisunnu) − жиен қыз; 27. 姐姐 (jiejie) − әпке; 28. 妹妹 (meimei) − қарындас; 29. 姐夫 (jiefu) − жезде; 妹夫 (meifu) − күйеу бала; 31. 外甥 (waisheng) − жиен ұл (әпке-қарындасының ұл балалары); 32. 外甥女 (waishengnu) − жиен қыз (әпке-қарындасының қыздары) /2/. 母系 (muxi) – шеше жағының туыстары немесе нағашы жұрты. 33. 外祖父(老爷)(waizufu (laoye)) – нағашы ата (шешесінің әкесі); 34. 外祖母 (waizumu(laolao)) – нағашы апасы (шешесінің шешесі); 35. 母亲(妈妈)(muqin (mama)) шеше; 36. 舅父 (jiufu) – нағашы, нағашы аға (шешесінің аға-інілері); 37. 舅母 (jiumu) – нағашы ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №1 (67). 2014 90 Қытай тіліндегі туыстық атаулар және олардың жіктелуі жеңге (шешесінің аға-інілерінің әйелі); 38. 姨夫 (yifu) – нағашы жезде (шешесінің әпке- сіңлілерінің күйеуі); 39. 姨母 (yimu) – нағашы апай, нағашы тәте (шешесінің әпке-сіңлілері); 40. 表兄、表弟 (biaoxiong, biaodi) – нағашы аға, нағашы іні (шешесінің аға-інілерінің, әп- ке-сіңлілерінің ұл балалары); 41. 表姐、表 妹 (biaojie, biaomei) – нағашы әпке, нағашы қарындас (шешесінің аға-інілерінің, әпке-сі- ңілілерінің қыз балалары); 42. 公公 (gonggong) - қайын ата (күйеуінің әкесі); 43. 婆婆 (popo) – қайын ене (күйеуінің шешесі); 44. 丈夫 (zhangfu) – күйеуі; 45. 大伯子 (dabozi) – қайын аға (күйеуінің ағасы); 46. 小叔子(xiaoshuzi) – қайын інісі (күйеуінің інісі); 47. 大姑子 (daguzi) – қайын әпке (күйеуінің әпкесі); 48. 小姑子 (xiaoguzi) – қайын сіңлі (күйеуінің қарындасы); 49. 岳父 (yuefu) – қайын ата (әйелінің әкесі); 50. 岳母 (yuemu) – қайын ене (әйелінің шешесі); 51. 妻 (qi) – әйелі; 52. 内兄弟 (neixiongdi) – қайын аға, балдыз (әйелінің аға-інілері); 53.姨 姐妹 (yijiemei) – қайынбике, балдыз (әйелінің әпке-қарындастары) [38,328]. Жоғарыда келтірген атаулардың барлығы бірдей референтивті атаулар. Бұл атаулар қарым-қатынас барысында айтушы туысқан тұлғаны сипаттағанда пайдаланады. Референтивті атаулар вокативті атауларға қарағанда ресми атауларға бір табан жақын келеді. Әдетте туыстық қарым-қатынаста вокативтерді қолдану көбірек кездеседі. Себебі вокативтерді қолдану адамдардың бір-біріне деген жақындығы мен сый-құрметті ресми атаумен шектемей, одан да жақын етіп көрсету үшін керек. Мысалы: 父亲 – 爸爸 - әке; 母亲 – 妈妈 - шеше; 伯父 – 大爷 – үлкен әке (әкенің ағасы); 伯母 – 大娘 − үлкен шеше (әкенің ағасының әйелі) т.б. Ал 堂兄弟 – немере аға-іні, 堂姐妹 – немере апа-қарындас, 表兄弟 – нағашы аға-іні, 表姐妹 – нағашы апа-қарындас сияқты атаулардың вокативтеріне «堂», «表» иероглифтері әдетте қосылмай тек 兄弟, 姐妹 деп атай береді[39,113]. Ал келін сол түскен шаңырақтың бір мүшесі болып кеткендіктен, күйеуі қандай вокатив қолданса, сол атауларды ол да қолдана береді /4/. Жоғарыда айтқанымыздай қытайдың туыстық жүйесінде атаның жолына қатты көңіл бөлетіндіктен, «排行» (paihang) тәртібін қатаң сақтауды талап етеді. Ол бойынша, егер бір буындағы аға өкілдері бірнешеу болса, оларды жас ерекшеліктеріне қарай, 大伯 (dabo) – әкенің үлке ағасы, 二伯 (erbo) – әкенің екінші ағасы және 大嫂 (dasao) – үлкен жеңге, 二嫂 (ersao) – екінші жеңге тағы сол сияқты рет-ретімен ат қойыла береді. Аға буын жас ұрпақты тіке атымен немесе бала кезде қойылатын атымен атаса болады. Олар туыстық атауды парықтап ажыратып жатпайды. Әр халықтың мәдени дәстүрлері, ерте дамыған жазуы – тілдің шын мәнінде дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Жалпыға ортақ тілді бұрынғы ауызекі тіл негізінде құралды десек, көне «文言» тілі мүлдем жойлып кетті деп кесіп айта алмаймыз, себебі нормативтік қытай тіліндегі кейбір референтивтік атаулардан бұрынғы жазбаша тілдің сипаттары бар екенін анық байқауға болады[40,438].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]