Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.45 Кб
Скачать

2. Қытай елінде адамзатқа қарым-қатынас дәстүрлері мен қазақ тіліндегі ұқсастықтар

2.1.Қытай елінде адамзатқа қарым-қатынас дәстүрлері.

Әр мемлекетте әртүрлі жағдаяттарға байланысты болып келетін қаратпалардың ерекшеліктері, өзіндік дәстүрлері бар, мысалы: ресми және зайырлы, жас-шамасына қарай, әлеуметтік жағдайына және тағы басқа көптеген факторларға байланысты жағдаяттар.

Бұл мәселеде Қытай халқын айтпай кетуге болмайды. Бүгін біз сіздермен мынадай тақырыпта сөз қозғайтын боламыз: қытай адамын қалай қарату керек? Сен әлде Сіз?

Қазақстан мемлекетінде бейтаныс жандарға немесе жасы үлкен адамдарға "Сіз" деп қаратып сөйлеген дұрыс. Мені әрдайым жастардың рұқсатсыз "сен" деп сөйлейтіндері бір түрлі таң қалдырады. Жалпы "сен" деп балаларға, достарға немесе жанұя мүшелеріне айтуға болады. Монғол халықтары ата-аналарына дәстүрлі түрде "сіз" деп айтады, осы арқылы өздерінің сый-құрметтерін білдіріп отырады. Қытай елінде жағдай қалай екен? Қарап көрелік.

Қазақ тіл болмыстарын қытай тіліне аудару барысында, үнемі бейтаныс жандарға "сіз" деп келеміз. Алайда, біраз уақыт өте келе, жас буындардың өздері менен "сен"(你 – Ni)деп айтуымды өтініп сұрайды. Қытайда "сіз" (您 – Nin) үстеуі жас-шамасы біраз үлкен адамдарға, мысалы, мұғалімдерге, ресми түрде қолданылады. Егер сіз жас адамдарға қарап, "сіз" дейтін болсаңыз, онда ол қыз немесе ол жігіт жас-шамасына меңзеп тұрғанын ойлап, өз көңіліне алуы әбден мүмкін.

Алға, жолдас! - 加油,同志!Мұндағы  «жолдас» (同志 – Tongzhi) сөзі Мао Цзэдун кезінен Қытай елінде өте атақты, көп қолданылған сөздер қатарына енген болатын, тіпті, Кеңес Одағының кезінде де тілдік тұрмыста қолданылды. Қазіргі таңда бұл сөз іс жүзінде қолданыстан алынды, басқа жағымсыз мағыналарға ие болып кетті [25,256].

Қытай тілінде (先生 – Xiansheng) мырза/ (女士 – Nüshi) ханым қаратпа сөздерін жиі естуге болады, және тек қана түрлі рәсімдер кезінде емес, сондай-ақ, күнделікті өмірде, мысалы, мейрамханалардан да жиі естуге болады. Егер сіздің Қытайда кәсіби-серіктесіңіз болса, және араларыңызда ресми қарым-қатынас орнаса, ол қытай адамына былайша жүгінуіңізге болады: "мырза" сөзінің алдына оның ата-тегін қосып айтсаңыз нұр үстіне нұр болары анық. Мысалы, Қазақстанда "Ли мырза" деген секілді, Қытайда да "Ли мырза"делінеді, дәлірек «Ли xiansheng» болады. Қытайда тіпті осы аттас атақты мейрамхана желісі бар. Кез келген қытай адамына жағымды болар еді, егер сіз оны өз аты-жөнімен атайтын болсаңыз. Өйткені, олар ТМД елдеріне оңай болу үшін, есімдерін орысша атаулармен өзгертіп жатады. Әр адам үшін өзіндік атауы, яғни есімі - ең жағымдылардың бірі болып табылады, бұл психология заңдарының бірі.

Әртүрлі кәсіптегі адамдарға қалай қарым-қатынас жасау керек?

Қытайда маған қатты ұнайтын «шифу» (师傅 – Shifu), сөзі тура мағынада шебер деген мағынаны береді. Кейбір мамандарды, мысалы, жүргізушілерді, аспазшыларды, тігіншілерді осылай атайды. Біздің, басшы, бастық деген сөздермен ұқсастығы бар.

Әртүрлі жастағы адамдармен қалай қарым-қатынас жасайды? Жасына қарай адаммен қарым-қатынас жасау-әрқашан нақты болмағандықтан, жасын анықтау оңай болмайды, әлде нақты білмеуіміз мүмкін.

Қытайда келесі қағидалар бар: үлкен әпкесін (姐姐 – Jiejie), кіші әпкесі – (妹妹 Meimei), үлкен ағасы  (哥哥 – Gege), кенжесі – (弟弟 – Didi).

Жоғарыда көрсетілген атаулар тек туыстық қарым-қатынаста ғана емес, танымайтын адамдарға жасына қарай да қолдана береді[26,87].

Мысалға айтсақ, менім басымнан мына бір өткен жайт: мен көшеде кетіп бара жатып, кенеттен алдымнан бір бала "үлкен әпке" деп айқай салды.

Мен өзім іштей көңілім толмай мынадай сұрақ қойдым: Менің үлкен екенімді соншалықты оңайлықпен анықтауға бола ма екен? деп. Қытай халқында бұл мәселе ешқандай жағымсыз жәйт тудырмайды екен. Бірақ, ойға салып көрсек, басқа бейтаныс жандарға "әпке" деп атаған біртүрлі болып көрінетін секілді. Жай танымайтын жандарға, жас-шамасы қырықтан асқандарға қалай қаратқан дұрыс? Аға, көке (叔叔- Shushu)  немесе тәте, апа (阿姨 – a’yi). Бұлайша барлық жас-шамасындағы жандарға айтыла бермей ме, мысалы: "Әне, қарашы, көкенің қолындағы күшігі әдемі екен. 阿姨«Ayi» деген сөздің тағы да бала күтуші, үй қызметшісі деген мағыналары бар. «Мұғалім» - әдемі естіледі ия? Қытайда бұл сөз мұғалімге деген ерекше құрметке ие қаратпа сөз екені бәрімізге мәлім.

Егер бізде мұғалімдерді аты-жөнімен атайтын болса, ҚХР мемлекетінде "мұғалім" (老师 – Laoshi) деп айтады. Егер сөз арасында әр түрлі адамды айтып жатқан болса, "мұғалім" сөзінің алдында ол кісінің тегі қойылады. Мысалы, Ли лаошы, Чжан лаошы, Ван лаошы және т.б. Біздің мемлекетте "апай, ағай" терминдерімен қолданысын табады. Мысалы, Жазира апай, Ербол ағай деген сияқты. Бұрындары "мұғалима", "тәрбиеші" деген ұғымдар басым түрде айтылатын.

Мэй нюй 美女қаратпасының қолданылуы.

Алдымен, Қытайдағы әйелдер қауымына деген қаратпалар туралы сөз еткеніміз дұрыс болар. Әрине, алғашқы және ең маңызды әдіс - ол өз атымен атау. Егерде сіз бейтаныс жас қызбен сөйлесетін болсаңыз, міндетті түрде美女(Meinü – сұлу, сұлу қыз). Ресми жағдаяттарда (女士 – Nüshi) деп, яғни, "ханым" деп қаратқан дұрыс [27,10]. Бұл мәселеде біздің Қазақстан мемлекетімен ұқсап қалары анық. Өйткені біздің ортада да, яғни қоғамдық орындарда, басқармаларда, тіпті көшеде болсын, қыз баласына "қарындас" немесе жас-шамасы үлкен болса "тәте", жасы орталау болса " ханым" деп қарататыны рас. Біздің мемлекетте жас қыздарға "сұлу қыз" деп шақырса, әдемі естіледі әрине, кейде басқаша түсініп қалуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]