Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.45 Кб
Скачать

1.3. Қаратпа сөздердің синтаксистік жүгі

Сөйлем — ойды білдіру, қарым-қатынас жасаудың ең негізгі құралы, оны зерттейтін тіл білімінің саласы синтаксис екені белгілі. Қазақ тілі білімінде синтаксистің негізгі объектісі ретінде:

1) жай сөйлем синтаксисі, оның құрамы, құрылымдық жəне мағыналық түрлері;

2) сөз тіркесі, оның өзіндік ерекшеліктері;

3) сөйлемдер тіркесі, оның түрлері мен құрылымдық сипаттары зерттеледі

1. Академик В.Виноградовтың «грамматика құрылымдық сөйлем туралы ілімді сөйлеу құрылысының заңдылықтарын зерттеудің негізі етіп алуға тиісті» екінші деген пікіріне сүйенсек, сөйлемде белгілі мүшелік қызмет атқармайтын, айтылатын ойды дəлдеңкірей түсетін оқшау сөздердің синтаксистік жүгінің салмағы да елеулі деуге болады. Синтаксис саласы да, тіл білімінің басқа салалары сияқты, толысу, өзгеру процестерін бастан кешіріп, зерттейтін элементтерінің сыртқы құрылымдық жəне ішкі мазмұндық қырларын ашумен бірге, бұрынғы элементтерді де қайта қарауды қажет етіп отырады. Осындай мəселенің бірі — қазақ тіл білімінде 2-дəрежеде зерттеліп келген сөйлемдегі оқшау сөздер. Сөйлемдегі сөздермен синтаксистік байланысқа түспейтіндіктен, олардың міндеті жанама ретінде көрсетіліп келді. Тілдің зерттелу аясын кеңейтіп, жетілдіре түсу үшін осы сияқты мəселелерді де толық тану септігін тигізбек. Қазақ тіліндегі оқшау сөздер — қаратпа сөздер, одағайлар, қыстырма сөздер. Қаратпа сөздер туралы негізгі ұғымға қазақ тіл білімінде тыңдаушының немесе оқырманның назарын аудару мақсатында белгілі бір ой қаратыла айтылған сөз немесе сөз тіркесі деген анықтама беріледі. Олардың сөйлемнің қай шебінде орналасатындығы, қалай жазылатындығы жəне қаратпа сөздердің көбінесе туыстығына, жасына байланысты жалқы атаулардан, еркелету немесе жек көру мəніндегі сөздерден, көркем шығармаларда жан-жануарлардың, жер-су атауларының қолданылуы арқылы жəне одағай сөздерден де жасалатындығы көрсетілген. «Егер оқшау сөздер сөйлемде басқа сөздермен жалпы мағыналық байланыста тұрса, олардың синтаксистік жүгі қандай болмақ?» деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың жауабы ретінде қазақ тіл білімінде қаратпа сөздер сөйлем мүшесі болмайды жəне олар меңгеру-меңгерілу, қиысу-қабысу сияқты байланыста тұрған жоқ деген пікір орныққан. Тіл біліміндегі синтаксистің қазіргі бағыты жайында ғалым В.А.Гречко: «В современных исследованиях по синтаксису стало весьма распространенным выделение в традиционно понимаемом предложении, по сути дела, двух синтаксических единиц — собственно предложения и высказывания. При этом под предложением понимается абстрактная модель, или схема предложения, реализуемая в открытом числе высказываний. Высказывания, таким образом, представляют собой лексические наполнения этой модели, выражающие индвидуальные смыслы. Последние образуются в конкретных речевых условиях в результате отражения определенных «ситуаций» 4 , — дейді. Осы тұжырымға сүйенсек, синтаксис мəселесінде сөйлемдерді тек сыртқы қаңқасына қарай емес, ішкі мазмұнына қарай, айтылыс күйінде зерттеу белең алып келе жатыр деуге болады. Бұл бұған дейінгі зерттеулерде сөйлемнің ішкі мазмұны мен сыртқы пішіні екі бөлек зерттеліп келді деген ой тудырмаса керек, өйткені осыған дейінгі синтаксист-ғалымдарымыздың еңбектері осы саланың зерттеу объектісін айқындау т.б. теориялық сұрақтарды шешуге, бағыт-бағдар сілтеуге арналып келсе, осы жетістіктерімізді əрі қарай толықтыра, дамыта зерттеу сол ғалымдар еңбектерінің жалғасы болмақ. Тілдің басты коммуникативтік қызметі синтаксистік жүйе арқылы жүзеге асады, ал коммуникативтік сипаты бар тұлғалардың құрамына құрылымдық компоненттер қатысады. Бұлар дара жұмсала алмайды, олар коммуникативтік дербестігі бар тұлғалардың құрылымдық компоненті (элементі) ретінде ғана танылады. Сөз тіркесі, сөйлем мүшесі — осы қатарға жататын тұлғалар. Бұлардың коммуникативтік дербестігі жоқ, бірақ құрылымдық дербестігі бар. Осыған қарағанда оқшау сөздер де осы тұрғыдан, құрылымдық дербестігі жағынан, сөз болып келген тəрізді. Ал қарым-қатынас жасау үшін, 16 яғни коммуникативтікті іске асыру үшін (коммуникативтік дербестігі жағынан), қаратпа сөздердің дəрежесі жоғары тұрады деуге болатын секілді. Өлең мəтінінің синтаксистік ерекшеліктерін зерттеген ғалым Аяужан Таусоғарова: «Лирикада коммуникация қаратпа сөздердің қолданылуымен, автор субъектінің объектімен, субъектімен қатынасындағы ауызекі сөйлеудегі диалогтық формалардың қолданылуымен, сонымен бірге жіктік жалғауының 1,2-ші жақтарының, қаратпа сөздің контакт тудыру қызметімен анықталады»6 , — деп көрсетеді. Осы тұжырым синтаксисте қалыптасқан қаратпа сөздер туралы түсінікті толықтыруға итермелейді. Қаратпа сөздер негізінен ауызекі сөйлеу тілінде, көркем əдеби стилінде кеңінен қолданылса, публицистикалық стильде де ұшырасады, ал ғылыми стильде ешқашан қолданылмайтындығы белгілі. Қаратпа сөзді сөйлемдер құрылымдық жəне мағыналық жағынан толығып тұрумен қатар, сөйлемнің мағыналық жағы мен объектілердің қатынастық дəрежесін анықтайтын жүк арқалайды деуге де болады. Мысалы: 1. Мен бүгін келдім. 2. Апа, мен бүгін келдім деген екі сөйлемнің қамту объектісі (біріншісінде жалпылама, ортақ объектіге қатысты, хабар беру жағы ескерілсе, екіншісінде сөйлемге қамтылатын объект нақты, назар аударуды мақсат еткен іс-қимылға екінші бір жақты тартуды мақсат еткен) бірдей емес. Синтаксистегі формалар сөйлеудегі белгілі мазмұнды білдіру жəне функционалдық мақсатты жүзеге асыру үшін құрылғандықтан, форманы тануға сүйеніш ретінде форма білдіретін мағына, атқаратын қызмет ескеріліп отырады. Осы тұрғыдан бағамдағанда қаратпа сөздердің сөйлемдегі атқаратын қызметі ғана ескеріліп, білдіретін мағынасының формаларын талдау кезегін күтіп тұр деуге болады.

Қаратпа сөздер ең көп кездесетін ауызекі сөйлеу тілі мен əдеби тіл деректерінен олардың назар аудару мағынасының айтылыстағы маңызы, негізгі сипаты, мағынасы мен мəніне қарай мысалдарды А, Ə, Б, В деген төрт топқа бөліп, талдап көрейік.

А. 1. Жолдастар, бай-кулактар, Нестердің продналог жайын түсіндір деп талап етуі дұрыс (С.Жүнісов). 2. Отағасы-ау, ақша көздің құрты емес пе? (С.Жүнісов). 3. Қореке, ана Нұртазаның мінезі доғал, тентектеу ғой (С.Жүнісов). 4. Қызылда-аа-ар! Қызылдар! — деп атына қарай жүгірді (С.Жүнісов). 5. Сашенька, Қырғызбаев кінəлі болса, оны мектептен шығарып жіберу — оңайдың оңайы (Ш.Мұртаза). 6. Уай, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз ба еді? (М.Əуезов). Бұл мысалдарда келтірілген қаратпа сөздер болып жатқан іс-əрекетке тыңдаушыны тарту қызметінде жұмсалып тұр. Жалқы есімдерден құралған қаратпа сөздер, осы сөйлемдердегі іс-қимылдың сипатын білдіретін баяндауыштың жəне бастауыштың сыртында келіп, байланыспай тұр. Бұл сөйлемдерде қаратпа сөздер логикалық жəне мағыналық, грамматикалық жағынан да құрамындағы сөйлемнің субъектісімен қабаттаспайды деуге болады. Қаратпа сөздермен осы сөйлемнің баяндауыштары жақтық қатынасқа түспейді. Бұл сөйлемдерде сөйлеуші мен жазушының көңіл-күйін білдіруден гөрі, шақыру, назар аударту жағы басымдау. Қаратпа сөзді осы сөйлемдердің барлығын мағынасына қарай «белсенді тыңдаушы екінші жақ» деуге болады. Бұл сөйлемдердегі қаратпа сөздер сөйлемнің ешбір мүшесімен байланыспай тұр. Сондықтан қаратпа сөздердің белгісі ретінде сен, сіз т.б. екінші жақты немесе тыңдаушыны алмастыратын сөз, нөльдік тұлға арқылы немесе ашық шығып келмейді. Бұл қаратпа сөздердің іс-əрекет жасаушының белсенді қимылынан тыс тұрғандығын көрсетеді.

1. Ағажан, ашуыңызды қойыңыз.

2. Мініп келген атанымның аяғы ақсап қалыпты, балам, кіріп-шыққанда көз қырыңды сала жүр.

3. Ей, жарық күн! Біздің жерге, біздің елге қарашы: Қандай ғажап, Мына менің туған елім, Жайнап жатыр жазирам, Алтын, күміс ақтарылған даласы (С.Мəуленов).

4. Сен жыладың, жігітім, Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын, Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым (М.Шаханов).

5. О, бақыт! Бар адамға өтімдісің сөйлесең, Баянсыз да секілдісің кейде сен (М.Шаханов).

6. Тəтті ұйқыңды қашырған кім, жан ана, Кімді іздейсің, неге жүрсің далада? (М.Шаханов).

7. Ойпырым-ай, ана болғандағы ақылыңыз осы ма, кіші апа? (М.Əуезов).

8. Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін «күндестің күні күндеспен» дегенді сен білмей-ақ қой (М.Əуезов).

Осы сөйлемдердегі қаратпа сөздердің мақсаты, біріншіден, айтылған ойға қатысатын, тыңдайтын 2-ші жақ болумен қатар, екіншіден, осы сөйлемдегі іс-əрекетті орындайтын адресатқа қатысты деуге болады.

(Ə) тобындағы қаратпа сөздер мағыналық жағынан жанды да, жансыз да құбылыстарды көрсететін екі жақты болып келеді. Сонымен қатар қаратпа сөз арқылы берілген субъект грамматикалық бастауышпен қабаттасып, бастауыш сияқты қызмет атқарып тұр. Басқаша айтқанда, қаратпа сөз осы сөйлемнің іс-əрекетін білдіретін баяндауышпен мағыналық байланыста тұр. Осы топтағы қаратпа сөздерден кейін орналасқан сөйлемнің бастауышы көбінесе бұйрық райды білдіріп, грамматикалық көрсеткіші 2-ші жақтың нөлдік тұлғасы немесе -ыңыз/-іңіз, -ңыз/ңіз, -ыңдар/-іңдер, -шы/ші, - саңшы/-сеңші т.б. қосымшалы баяндауышы бұйрық немесе өтініш мəнді болып келетіндігі байқалады. Сондықтан қаратпа сөздер сол сөйлемдегі субъект, адресантпен мағыналық байланысты анықтап, сен, сіз, сендер, сіздер немесе нөлдік тұлғалы 2-ші жақ есімдігі — бастауыш — қабаттасып тұр деуге болады. Басқаша айтқанда, «жіктеу есімдіктерінің екінші жағы субъект бастауыш болып, бастауыштың əрекетін білдіретін баяндауыш міндетті түрде жіктік жалғауын қабылдап, тұтас синтаксистік құрылымның мəнін беріп тұр»7 . (Ə) топтағы сөйлемдерді мағынасы мен мəні жағынан «белсенді тың- даушы 2-ші жақ» жəне іс-əрекетті «белсенді орындаушы 2-ші жақ» деп айтуға болады. (Ə) топтағы сөйлемдердегі қаратпа сөздер жалпы жəне жеке сипатымен (А) тобындағы сөйлемдердегі қаратпа сөздермен қарама-қарсы қызметте ((А) тобындағы сөйлемдердегі қаратпа тыңдаушыны іс-əрекетке тартушы, ал (Ə) тобындағы сөйлемдердегі қаратпа сөздер іс-əрекетті орындаушы)) жəне сөйлемнің стилі, айтылым ерекшелігіне байланысты сөйлемнің басында, ортасында, аяғында орналаса береді. (А), (Ə) топтағы келтірілген мысалдардағы -жан, -еке, -тай, -м (-ім,-ым), -ш, -аш, -еш т.б. тұлғаларды қаратпа сөздерді танитын белгі деуге де болатын сияқты.

Б. 1. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың (Абай). 2. Қош бол енді, қасиеттім, қамқор белім, тірегім, Ортамызда тірі жүрген қос алыптың бірі едің! (М.Шаханов) 3. Үкідей желпіндірген қарақтарым, Шешсеңші, білегіме арқан батты... (Біржан сал). 4. Ар жақта отыратын Көлбай, Жанбай, Шідерімді кім алды Лəйлім алмай? (Біржан сал). 5. Жастық шағым, менің шалқар ырысым! Шаттығымсың, жанарымның нұрысың! (М.Шаханов). (Б) тобындағы сөйлемдерде қаратпа сөздер сөйлемнің басында келіп, өзін анықтайтын сөз тіркестерін меңгеріп, анықталатын субъекті мен қаратпа сөздер қабаттасып тұр. Қаратпа сөздердің қызметін анықтауыштық қатынастағы атаулы сөйлемдер атқарып тұр. Қаратпа сөздер мағынасы жағынан белсенді тыңдаушы екінші жақ бола алмайды (ондай мақсат бұл сөйлемдерде жоқ). Бұл сөйлемдердегі қаратпа сөздердің мақсаты басқаның назарын аудару емес, сырласу, ой-сезімімен бөлісу, жалыну- жалбарыну, субъектінің ойын толықтыру сияқты қызметте жұмсалатын тəрізді.

В. 1. О, тəңірім... Кетеуі кеткен мына өмірді не істерсің? (С.Жүнісов). 2. Қодар: — А, құрыған құдай, нең бар еді дей беріп, қасына бұрын барған екі жігітті қойып-қойып жібергенде, біреуі мұрнын басып ұшып түсті (М.Əуезов). 3. Тентек жаңбыр тереземді, Бытырамен атып тұр. Қандырайын кенеземді, Айхай, көктем! Тұра тұр! (М.Мақатаев) 4. Қу сорлы ағам-ай! Сорлы ағам! Ол менің жалғыз ағам еді (С.Ерубаев). Бұл топтағы сөйлемдердегі қаратпа сөздер тыңдаушы 2-ші жақ немесе орындаушы 2-ші жақта емес айтылыстың қосымша мағынасын білдіріп, айтушы, жазушының көңіл-күйі, сезімді білдіру жағы басым болып тұр деуге болады. Адам тығырыққа тірелгенде, айтарға сөз таппағанда, қысылғанда ауызға қалып болып қалған сөздерді (Ей, алла-ай, құдайым-ай, тəңірім, жасаған алла, құдіреті күш- ті құдай-ай т.б.) айтатыны белгілі. Осындай қаратпа сөздер қазақ тіл білімінде көңіл-күй одағайлары 18 деп танылғанымен, олар адамның танымы, дəстүрі, көңіл-күйін білдірудің жеке ерекшелігі, халықтың наным-сенімі, тіршілік жағдайымен байланысты қаратпа сөздердің адам психологиясына əбден ден- деп енуінің нəтижесінде, ауызға қалып болып қалыптасқандығына байланысты болса керек. Қаратпа сөздер халық тілінде дəстүр ретінде жалғасып, қоғамдық өзгерістер кезінде жаңаланып (Сашенька, жолдастар, əріптестер), кейбірі қолданыстан шығумен қатар (Ей, Бөкенші, Борсақ (ру атаулары), КССР! Мұнша неткен керім едің!), адамзаттың таным процесі дамып өзге қоғамдық құрылым қалыптасса да, этноерекшеліктің сақталуы (құлыным, ботам, қарғам, қоңыр қозым), салт-дəстүр (ағатай, тентек жан, Майраш), табыну (тəңірім, құдайым-ай, жасаған алла) т.б. əрекеттердің тілде көрініс тапқандығы да көңіл аударады. Талданған мысалдарды қортындылай отырып, қазақ тіліндегі қаратпа сөздерді төмендегідей сипаттауға болады: 1. Айтылу мақсаты, субъекті мен қатынасына қарай: − сөйлемнің субъектісімен қабаттаспай, белсенді тыңдаушы 2-ші жақ қызметін атқарады; − сөйлемнің субъектісімен бірдей қызмет атқарумен бірге, іс-əрекетті орындаушы 2-ші жақ болып, қабаттаса анықталушы қызметін атқарады; − сөйлемнің субъектісімен бірдей қызмет атқарып, атаулы сөйлемнің мағынасын білдіреді; − сөйлемнің субъектісіне еш байланыссыз, тек адамның көңіл-күйі, эмоциясын білдіреді. 2. Айтылу бояуына қарай мақсатты (əдейі біреудің назарын аудару үшін адресатқа бағытталған) жəне мақсатсыз (эмоцияға байланысты шошыну, шарасыздықтан айтылатын) қаратпа сөздер деп те бөлуге болады. Қаратпа сөздердің жалқы есімдер мен жалпы есімдерден болатындығы, деректі жəне дерексіз құбылысқа қаратыла айтылатындығы, одағай сөздермен де бірігіп жасалатындығы т.б. қасиеттері тіл білімінде бұрын да сөз болғандығын ескере отырып, осы мақалада олардың тек сөйлемдегі қызметі, синтаксистік жүгін салмақтауға баса назар аударылды. Қазақ тілінде бұйрықты сөйлемдер де қаратпалық мəнді бойына сіңіріп тұрмай ма деген ой туындайды. Мысалы: а) Жұбатпаңдар! Ер адам от-жігерін Намысына жаниды жылағанда (М.Шаханов). ə) Қызуланба! Барар дейсің ол қайда, Тек құштарлық болғай да... (М.Шаханов). б) Мə, жеңдер! Талап-түтіп жеңдерші бұл қуарғанды! Жабылыңдар, мə, дейім! — деп, Абайға қатты төніп жетіп келді (М.Əуезов). в) Ей, тарқама түге! Тоқта былай! — деп саңқ етіп, зілді бұйрық берді. Осы мысалдардағы бұйрықты сөйлем қаратпа сөздердің де жүгін арқалап тұр. Бұл, біріншіден, бұйрық 2-ші жаққа қаратыла айтылатындығы (жіктік жалғауының 2-ші жақтық мағынасы сөйлеуші тарапынан тыңдаушыға алуан түрлі мəнмен бағытталатындығы); екіншіден, поэтикалық тілдің үнемдік ерекшеліктерімен байланысты; үшіншіден, төл сөзді тиімді жеткізуге міндетті; төртіншіден, қаратпа сөзсіз бұйрықты сөйлемдер жағдайды динамикалық түрде беру үшін ұтымды болғанымен, тілдік факт ретінде де зерттеуді қажет етеді. Ал төмендегі сөйлемдерде қаратпа мəнінде тек қана жалқы немесе жалпы есімдер ғана емес, субстантивтенген басқа сөз таптары да қолданылып, олардың құрамы күрделі болып келумен қатар, мағынасы тура адресатқа бағытталғандығы (көп шуылдақ, сендерге, саған) байқалады. а) Əй, өрекпіме демеп пе, көп шуылдақ! (М.Əуезов). ə) Айттым сəлем, Қаламқас, Саған құрбан мал мен бас (Абай). б) Ақ, қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан, қара бет?! (М.Əуезов). Сонымен, қаратпа сөздер қазақ тіл білімінде көбінесе (А) тобындағы мысалдардың деңгейінде қаралып келгені байқалады. Олардың осы тəрізді ерекшеліктері бұл сөздерді жан-жақты, тереңдете зерттеудің қажет екендігін көрсетеді.

Осындай мысалдармен қазақ тіліндегі қаратпа сөздердің рөлі жоғары екенін білуімізге болады.

Қорытындыда бұл тарауда мынадай тұжырымдарға келеміз.

Оқшау сөздердің ішіндегі қаратпалар субъектілік мәні бар, алдымен адамның, келе- барлық жан-жануарлар, тіпті дерексіз заттардың да назарын аудару үшін жұмсалатыны, өзіндік жаңару, көнелену процесі бар тарихи категория.

Қаратпалардың өзіндік сұрағы, тұлғасы, үш жақты да жекеше, көпше түрде, нольдік, түрлі морфологиялық тұлғаларда кездесетіні дәлелденді.

Қаратпалар: қаратпа сөз, қаратпа сөз тіркесі, қаратпа сөйлем болып болып, қала берді аралас қаратпалар, айқындауышты қаратпалар болып бөлінеді. Қаратпа сөздер - ең көп әрі, ең ерте қалыптасқан түрі. Қаратпа ретінде жұмсалмайтын зат жоқ десе болғандай. Олар жекеше, көпше, тәуелдік жалғауларында көбіне зат есім, заттанған сын есім, сан есім, есімдік, одағай, еліктеуіш сөз таптары, кей жеке сөздер арқылы жасалады. Олар негізгі тұлғада да түрлі морфологиялық өзгеріс арқылы да келе береді. Қаратпа сөздер қазақ және қытай тілдеріндегі алатын орнын, олардың зерттелу деңгейі мен қолдану ретін білгендейміз. Теориялық көзқарастарды алатын болсақ, қазақ тілінде қаратпа сөздерге қатты көңіл бөлінбеген болса, қытай тілі мамандары бұл сұраққа баяғыдан жауап іздеп, жан-жақты зерттеген деп тұжырым жасаймыз. Сонымен қатар, қытай тілінде осындай қаратпаларға сәйкес үлкен сөздіктердің барына да көзіміз жетті. Қаратпа сөздер сөздігі туыстық және жалпыға бірдей әлеуметтік қаратпа сөздерді ажыратып береді. Қаратпа сөздердің қолданылуы мен олардың іс жүзінде қалыптасатын мәселелеріне екінші тарауда тоқталып өтеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]