Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.45 Кб
Скачать

1.2. Қаратпа сөздердің қытай тіл біліміндегі орны

Қытай тіліндегі қаратпалардың алатын орны қандай деген мәселеге бұрынғы ғұламалар көптеген тұжырымдар мен ой-пікірлер қалдырған болатын. Ол қашан да өзекті мәселе болып қала беретін сияқты. Өйткені, әр халықтың өзіне тән ерешелігі болады дедік, сонымен қатар, аудару кездерінде үлкен проблемалар тууы әбден мүмкін болғандықтан, бұндай өзекті мәселеге назар аудару керек.

Қытай тілінде екі термин бар. Олар қаратпалар термині десек те болады, яғни, чэнвэй (称谓),чэнху ( 称呼)деп аталады. Чэнвэй мағынасы чэнху дегенге қарағанда әлдеқайда тереңірек, өйткені, чэнвэй термині қаратпа сөздерді де, атау сөздерді де қамтиды. Ал чэнху - бұл тек қарата айтылатын сөздер қатарына жататын термин.

Қытай қаратпалар сөздігі Пекин қаласында 1994 жылы жарық көрген. Оның алғашқы тарауында біздің қазіргі күнге дейінгі алты мыңнан аса қаратпалар жинақталған. Бұл қытай тілінің қаратпалар жүйесі сонау ерте заманнан түбірін алып келе жатқан, әрі бай екенін, күрделі екенін білдіреді. Расында, сөздік ең бірінші "ата-баба" бөлімінен басталады, екінші бөлімі "ата-ана" деп аталады және оның ішінде 380 термин қамтылды [17,13]. Балаға деген құрмет - конфуций әдебінің қағидасы ең маңызды құндылықтардың бірі болып қалады және сөз әдебінің қағидаларының ішінде өзіндік орны бар. Сөздіктің лексикалық сараптамаларын жүргізуде заманауи тіл мамандары қаратпалардың түрлерін мынадай деп бөлуге келісті.

а) туыстар арасындағы қаратпа сөздер

I.Туыстық қаратпалар

б)бейтаныс адамға арналған сөздер

II.Әлеуметтік қаратпа сөздер а) өзара қарым-қатынас қаратпа сөздер

б) қызметтік қаратпалар (лауазымы)

в) аты-жөнімен қарату, шақыру

г) жалпыға бірдей қаратпалар

Осындай туыстық және әлеуметтік қаратпаларды мынадай түрлерге бөлуге болады: жеке және ұйымдық.

Сөйлеу мәнері жағынан туыстық және әлеуметтік қаратпаларды былай етіп бөлуге болады:

а) құрметті, б) бейтарап, в) мейірімді, г) кемсіту, д) күлкілі, қалжыңдап, е) есім-атаулар, лақап аттар, ж) жарқын, з) тектес, к) ерекше. Қытай мен басқа да тілдерді салыстырар болсақ, мысалы қазақ және орыс тілдерінде туыстық атаулардың бір немесе бірнеше мағыналары бар екені белгілі. Ал қытай халқында әке жақтары, ана/ әйел жақтарының нақтылай бөлінуін айқындаймыз. Қытай туыстық терминдерінің айырмашылықтары бар:

а) жыныстық белгісі (әйел не ер); б) туыстық байланыс белгілері (әкелік, аналық жақ); в) жас-шамасына байланысты (заманына сай жасы үлкен мен кіші болып бөліну айырмашылығы және ұрпақ арасындағы қарым-қатынас).

Қытай тілінде тіпті бір ағайынға бірнеше рет басқалай қаратуға болады. Бір жағынан, кейбір қаратпалар сәйкес болып қалуы мүмкін. Мысалы "Баба"爸爸деп өз әкесіне де, қайын атасына да қаратып айтыла беруі мүмкін. Мұндай кезде туыстық термин қаратпаларының қолдану барысында және туыстарды анықтау кезінде біраз айырмашылықтарды аңғаруға болады.

Бейтаныс туыс емес жандарға қаратып айту үшін мынадай факторларға мән береміз: жас-шамасы, таныс деңгейі, әңгімелесушінің әлеуметтік жағдайы, яғни, коммуникацияда болып жатқан құбылысқа мән беріледі.

Туыс емес жандарға қаратыла айтылатын сөздердің туыстық терминдерді қолданып қарату барысында мындай формула шығарылды:

а) тек қана тегі+туыстық термин;

б) тек қана аты+туыстық термин;

в) аты-жөні+туыстық термин;

г) қызметтік лауазымын немесе әлеуметтік жағдайын білдіретін сөздер+туыстық термин; т. б. [23,543]

Туыстық қаратпалар сөздігі заманауи қытай тілінің барлық қаратпаларының төрттен бірін құрайды. Оның ішінде ең көп қаратпалардың бірі -әлеуметтік қаратпалар. Туыстық қаратпалар ең маңызды жағы - туыстар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ету болып табылады.

Әлеуметтік қаратпалардың әр қайсысын жіктеп қарауға болмайды, алайда, әр тілде бірнеше көп қолданылатын, жалпыға бірдей қаратпалар бар екені белгілі. 老师, 师傅, 美女,同志, 等等。

同志 - деген қатынас қазіргі таңда қарым-қатынас кезінде бірнеше санаттарға бөлінеді: а)танымайтын жандарға; б) лауазымы белгісіз адамдарға; г) партиядағы жолдастарына; д) білімі мен қызметі жоқ адамдарға; Осындай үндеулер күнделікті өмірде және ресми кездесулерде қолдана береді. 同志- формуласы төмендегі сөздермен пайдаланылады: а) 同志;б) тегі +同志; в) есімі +同志; г) тегі + есімі +同志; ғ) қызметі +同志; д) сын есім +同志; ж) сен есім + тегі +同志; з) жынысы +同志. Әлеуметтік зерттеулерде, Кытай Халық Республикасының әртүрлі қалалары мен аудандарында同志 қатынасы өзіндік сипаттарында пайдаланатынын көрсетті[19,374]. Шанхай, Қытайдың өнеркәсіптік және сауда орталықтарында, Пекин қаласында да жоғарғы пайызбен кадрлық қызметкерлер, партиялық және революциялық ардагерлер арасында қолданысқа ие.

老师 (лаошы) атауыҚытай тіліндегі «老师» деген сөздің қазақ тіліндегі мағынасы «мұғалім, оқытушы» деген сөздер, ал «оқытушы» деген сөз көбінде кітап жүзінде қолданылып, салауаттылықты білдіретін стильдік түс алады, ал «мұғалім» деген сөз ауыз екі тілде қолданылып, қарапайым түс алады. Мысалы: 作为老师,首先要以身作则,严格要求自己 。 Оқытушы болған адам алдымен өзі үлгі көрсетіп, өзіне қатаң талап қоюы керек. 你们要是不去,就早点告诉老师。 Бармайтын болсаңдар мұғалімге ертерек айтып қойыңдар. Егер бірінші мысалдағы «老师» дегенді «мұғалім» деп, ал екіншісін «оқытушы» деп аударған болсақ, аудармасы жатық шықпаған болар еді.

师傅 (шифу) қатынасы қазіргі сөйлесу этикетінде рөлі тезарада жоғары деңгейге көтеріліп кетті. Егер бұрындары бұл қаратпаның қолданылуы үшін үш жағдай жасалынуы керек болатын[20,235].

1) шебер ақылгөй; басалқышы;2) тәлімгер3) ұстаз4) баулушы; жетекші:

木匠師傅, 大師傅

Қытай тілінің қаратпаларға әсер ететін негізгі факторларға мыналар жатады:

1. Қарым-қатынас сипаты: туыстық/ туыстық емес; өзіндік/ өзге; таныс/бейтаныс; достық/достық емес/бейтарап; басшы/бағынушы.

2. Сөйлесушілер жас-шамасы: үлкен/кіші/бірдей жастағы; бір замандас/әр түрлі замандағы жандар.

3. Әлеуметтік мәртебесі және тілдесушілердің жағдайы: тең/жоғары/төмен; шаруалар/жұмысшылар/қызметшілер/зиялы қауым/студенттер/ т.б.

4. Сөйлесушілер жынысы

5. Қарым-қатынас ортасы: ресми/ресми емес; салтанатты/қарапайым.

6. Қарым-қатынас орны: қала/ауыл; астана/аудан/ өндіріс қаласы/ еркін экономикалық аймақ; отбасы/басқарма/қоғамдық орындар[18,306-309].

Қосатын тағы бір мәселе, сөз әдебі мен сөйлеу мәнеріне байланысты көптеген тұжырымдар бар екенін айтқан болатынбыз. Тілдегі қаратпаларды білмесе, мейлі ол өз тілі болсын, басқа шет тілі болсын, жақсы, әрі жетік меңгереді деген сөз емес. Бұл не деген сөз егер сол үйреніп жүрген тілдің қаратпа сөздердің ұлттық салт-дәстүрін жетік меңгермесе, сөйлеу мәнерінің анық-қанығын білмесе, әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы қаратулардың ережелерін, қаратудың пара-лингвистикалық әдістерді жетік меңгермеген болса, ондай мамандарды тілді жақсы біледі деп тұжырымдай алмаймыз. Бұл қарым-қатынас ерекшеліктерінің барлығы "коммуникативтік норма, яғни байланыс сипаты" дегенге келіп қалары анық. "Байланыс сипаты" деген мағына астында ең бастысы жалпы түрде ережелер мен сөйлеу қарым-қатынасының іске асатын коммуникация түрлерін түсінуіміз керек, мейлі ол өз тілі болсын, мейлі басқа тіл болсын. [21, 151]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]