Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.45 Кб
Скачать

Кіріспе

Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді. Тіл - адамның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Қазақ тілі –өте бай да көркем, иірімдері көп күрделі тіл. Тілімізде ойды айшықтап, көркемдеп жеткізудің амалдары ретінде түрлі құралдар қолданылады. Олар ұлттың сан ғасырлық өмірімен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан мақал-мәтел, фразеологизмдер, нақыл сөздер, сонымен қатар, ол – қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары болып табылады. Біз сөз еткелі отырған қазақ ырымдары мен тыйымдары халықтың ойлауын, сана-сезімін, наным-сенімін көрсетумен қатар, оның тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, жөн-жоралғыларын танытатын бірден-бір құнды мұра, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалған баға жетпес қазына.

Қазақ ырым-тыйымдарының тәрбиелік мәні, педагогикалық қызметі осы кезге дейінгі еңбектерде, мақалаларда айтылып жүр. Бірақ, біз осы зерттеуімізде ырым-тыйымдарды басқа қырынан, жаңа аспектіде зеттеуді мақсат етіп отырмыз. Қазақ ырымдары мен тыйымдарының прагматикасы және сөйлем құрылымдары. Яғни, үлкен екі бөлімнен тұратын бұл еңбекте, бірінші бөлім ырым-тыймдардың коммуникативтік-дискурсивті прагматикасын анықтау , фреймдерін жеке-жеке топтау болса, екінші бөлім олардың сөйлем құрылымдарына арналған.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қаратпа сөздер қытай-қазақ тілдерінің қай-қайсыснда да өзіндік дара сипаты бар, ерекше, оқшау сөз табы ретінде қаралады. Оған қаратпа сөздерінің басқа сөз таптарына ұқсамайтын қалыптасы жолдары, мағыналық-құрылымдық ерекшеліктері, сөйлем құрамындағы орны мен рөлі, қолданылу икемділігі т.б. жақтары себеп болған. Диплом жұмысында екі тілдегі қаратпа сөздердің жоғарыда аталған өзіндік ерекшеліктерін салғастыра отырып, олардағы ортақтықтарды тауып, өзгешеліктерді айқындауға, баса мән берілді. Мүлде ұқсамайтын екі жүйеге тән тілдер бола тұрса да, олардағы қаратпа сөздердің пайда болуы мен қолданылу жақтарындағы өзгешеліктердің болуына қарамастан, көптеген ортақтықтардың да барлығын байқауға болады.

Қытай-қазақ тілдеріндегі қаратпа сөздер әр екі тілде өз алдына жеке зерттеліп келсе де, қазірге дейін оларды арнаулы салғастыра зерттеген ғылыми еңбек жоқ. Сондықтан бұл тақырып көлемінде салғастыру зерттеу жүргізу қазақ-қытай тіл білімі үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселе.

Екіншіден, қаратпа сөздерді жан-жақта зерттеу практикалық қытай тілі пәнін оқыту процесінде студенттердің қаратпа сөздердің ерекшеліктерімен толық танысуы, жан-жақты түсінік қалыптастыруы үшін қажет.

Үшіншіден, біз диплом жұмысын жазу барысында қаратпа сөздер жөніндегі қытай тілі мамандарының көптеген зерттеу еңбектерін пайдаланып, оларды жүйелеп, негізгі көзқарастарды іріктеп алып, олардың ортақ және өзгеше жақтарын саралап көрсетуге күш салдық. Бұл ғылыми еңбектер мен көзқарастар бұдан кейінгі қаратпа сөздерді зерттеушілер үшін және осы сала бойынша жарық көретін оқу құралдары үшін пайдалануға болатын құнды материал болмақ.

Қай ұлт болмасын, өзіне тән ерекшелігі болады дедік, осыған орай қазақ және қытай тілдеріндегі қаратпалардың алатын орны қандай, ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар ма, міне осындай сұрақтарға жауап іздейтін боламыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қытай-қазақ тіліндегі қаратпа сөздерді салыстырып, жүйелі және кешенді зерттеу болып табылады. Қойылған мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруды көздедік:

1. Қаратпа сөздерді зерттеп, жан-жақты қарастыру.

2. Қаратпа сөздер тіл біліміндегі орнын анықтап, ашып көрсету.

3. Қаратпа сөздердің синтаксистік жүгін сараптау.

4. Қытай тіліндегі күнделікті тұрмыста қолданылатын қаратпа сөздердің рөлін айқындау.

5. Қазақ және қытай тіліндегі туыстық атаулар, шақыруларды талдау

6. Екі тілдегі қаратпа сөздерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары ашып көрсету.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Қытай-қазақ тілдеріндегі қаратпа сөздер.

Зерттеу пәні: Қытай-қазақ тілдеріндегі қаратпа сөздерінің өзара ерекшеліктері.

Зерттелу деңгейі: Қытай және қазақ тіліндегі қаратпа сөздер ғалымдардың ғылыми зерттеу назарында болды. Осы тақырып бойынша алуан түрлі зерттеушілер тобын анықтауға болады. Соның ішінде қытай дереккөздері, қазақ дереккөздері, т.б. дереккөздер. Алайда, зерттеу негізін көбінесе қытай дереккөздері тобтары құрайды. Қытай тілінің жіктеу проблемаларында қаратпалардың қазіргі заманғы мәселелер Цуй Силян, Яо Япин, Чэн Сунцэн , Жиго, Ху Минъян, Вэнь Юныпу және басқа да көптеген ғалымдардың еңбектерінде көтеріледі. Мына кісілердің еңбектерінде сөйлеу мәнері яғни этикеті туралы мәселелер көтеріледі: У Юндэ, Ван Гошэн, Чэнь Цзяньмин Мм, Жиго, Чжу Ваньцзин және т. б. Туыстық айналымы және олардың ерекшеліктері Чэнь Юемина, Цзя Яньдэ, Ти Юншуня және т. б. еңбектерінде сипатталады. Қытай тіліндегі жекелеген қаратпалар мына кісілердің зерттеулерінде бар: Чжу Ваньцзин, Хуан Наньсун, Ти Юншун, Син Фуи, Би Цайдэ, Бао Янь және т. б. Ерекшеліктері және жазбалар ақпараты Лун Цзяньго, Цзян Тэнчжо, Лю Шэхуй, Ли Вэйсюн және т. б. еңбектерінен көрінеді. Салғастырмалы талдау туыстық өтініштерін қытай, ағылшын, француз және орыс тілдерінде арналатын мақалалар Цзя Яньдэ деген кісі еңбегінде айтылады. Сонымен қатар отандық зерттеушілер ішінде қаратпа сөздер туралы М. Томанов пен Т. Сайрамбаев "Қазақ тіліндегі қаратпалар" атты методикалық оқулығында біздің тақырыбымызға сай мәліметтер табылды. Қазақ тілінде жарық көрген А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, Х. Арғынов, М.Бимағанбетов, М.Балақаев, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, Р. Әміров, М. Томанов еңбектері қарастырылған.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Қытай және қазақ тіліндегі қаратпа сөздердің салыстырып, зерттеуге талпыныс жасалғаны анықталды. Қытай және қазақ тіліндегі қаратпа сөздер ерекшелігін кешенді түрде аса күрделі зерттеуді қажет етеді. Себебі оның зерттелу кезінде толыққанды жоғары деңгейде қарастырылмады. Қазіргі таңда осы тақырыпта жаңаша көзқарастар талданып, ғылыми айналымға соңғы кезеңдегі тың мәліметтер енгізілді.

Диплом жұмысының әдістемелік және теориялық негізі зерттеу және ғылыми талдаудың барысында қытай-қазақ тілдеріндегі қаратпа сөздердің тіл біліміндегі сипаттау, талдау, салғастыру әдістері болып табылады.

Оның ішінде жүйелі құрылымдық талдау маңызы зор, ол қандай да бір дамып келе жатқан құбылысты қажетті құрылымы мен функционалдық маңызы бар белгілі бір жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дипломдық жұмысындағы нақты әдістер: мәселелі, салыстырмалы, логикалық, т.б. әдістер қолданылды.

Салғастырмалы әдіс қытай және қазақ тіліндегі қаратпа сөздердің өзіне тән өзгешелігін анықтауға көмектеседі.

Тақырыпта берілген қытай-қазақ тіліндегі қаратпа сөздерді қарастыру үшін бұл дипломдық жұмыста бірнеше теориялар пайдаланылды, дәлірек айтқанда А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, Х. Арғынов, М.Бимағанбетов, М.Балақаев, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, Р. Әміров, М. Томановтың теориялары. Соның ішінде бірнеше теорияны атап өтсек, С. Аманжолов, А.Әбілқаевтың тұжырымдары бойынша, бір, я бірнеше адамның назарын аудару үшін қолданылатын сөзді қаратпа сөздер деп анықтама берген.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Дипломдық жұмысының қорытындылары қытай және қазақ тіліндегі қаратпа сөздер зерттеу жұмыстары және осы бағытта жалғастырушылар үшін өте маңызды. Диплом жұмысының нәтижелері қаратпа сөздер бойынша зерттеулер барысында пайдалануға болады.

Диплом жұмысының нәтижелері негізінде қытай және қазақ тіліндегі қаратпа сөздердің ерекшеліктерін қарастыруға болады. Ал ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастырсақ, еңбек бізге қаратпа сөздерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған қаратпа сөздер туралы тіл білімі бойынша оқу құралдарын дайындап жазу кезінде пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.

1. Сөз әдебі. Қазақ-қытай тілдеріндегі қаратпа сөздердің мағыналық-құрылымдық ерекшеліктері

1. 1. Сөз этикасы. Амандасудағы қаратпалар. Қаратпа сөздердің зерттелу тарихы және қазақ тілінде алатын орны

Сөз этикасы, сөйлеу мәнері

Адамдар белгілі бір қоғамның, мемлекеттің, этностың, ұжымның мүшесі ретінде қоғамдасып, бір-бірімен тығыз байланыста, экономикалық, мәдени, саяси т.б. сан алуан қарым-қатынаста өмір сүреді. Адам өміріндегі осы бір алуан қырлы, күрделі қарым-қатынасты жүзеге асырудың аса маңызды бірден-бір құралы тіл екені барша жұртшылыққа мәлім. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында күнделікті қайталаудың барысында, сан мәрте қолданудың нәтижесінде мықтап орныққан, әбден қалыптасып, стереотипке айналған іс-әрекеттер (амандасу, қоштасу, кешірім сұрау, құттықтау, рахмет айту, ризашылық білдіру, тілек айту, жұбату, көңіл айту т.б.) болады. Адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің жиынтығы ғылымда этикет деген арнайы терминмен айтылады. Осы әдеп ережелерінің тіл арқылы жүзеге асатын жағы «сөз этикеті » деген арнайы атпен ерекшеленіп атала бастады. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Яғни иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді, сөзі арқылы да, өзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін сүйсіндіріп, көңіліне нұр шашады, әдемі әсер беріп, әңгімеге тартады. Халық әдебі “Сіз” деген сөзден басталады. Бұл сөз – сыйласымды, құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз. Жеке адамның іс – қимылына тәуелденіп айтылғанда, бұл сөз “ыңыз”, “іңіз” қосымшалары арқылы сыпайылық мәнін арттырады. Мысалы, дастарқан мәзірінде “астан алыңыз”, құрметтеу ниетін айтқанда “төрге шығыңыз”, т.т. Қазақ халқында өзінен біраз жасы үлкен болсын, кіші болсын, бейтаныс адамға “Сіз” деп сөйлеу салтқа айналған. Өмірінде қателеспейтін адам жоқ, аңғалдық жасап, байқамай қалатын кемшіліктер әркімде бар. Мұндай кемшіліктер екінші бір адамның көңіліне қаяу салып, кейітуі мүмкін, жеке адамның әдептен озып, опықтануы басқаға да әсерін тигізеді. Осындай жағдайда “кешіріңіз”, “ғапу етіңіз” деген сөздерді айтып, өз кемшілігін мойындаған адам әдептілік көрсетеді. Ол әдепті сөздерге “оқасы жоқ” деп жауап беру де әдептілік болып табылады. Әдептілікті білдіретін, мәдениеттілікті көрсететін сөздер – құрметтеу, ардақтау, бағалау сөздер: “Аса құрметті атамыз, біз, сізден тараған ұрпақтарыңыз, сіздің тоқсан жылдық торқалы тойыңызды зор құрметпен тойлағалы отырмыз !”, “Ардақты анамыз, аялап өсірген балаларыңыз сіздің ақ сүтіңізді ақтау үшін өзіңізге өмір бақи ризашылықпен қызмет етеді !”. Міне, осындай ардақтау, құрметтеу сөздерден соң ата – ана, үлкен адамдар жақсы тілекті батасын береді. Әдептілікті көрсететін сөздерге теңеу, балау сөздер де жатады. Ағасы інісіне, не қарындасына “жаным”, “күнім”, “айым”, “алтыным” десе, әкесі не шешесі, ағасы жас балаға “ботам”, “құлыным” дейді, бала атасына “аташым”, апасына “апатайым”, ағасына “ағатайым” деп сөйлейді. Басқа адамнан көрген қызмет пен жақсылық үшін “рақмет” айту да әдептілікке жатады. Бұл сөзге “денсаулығыңызға бұйырсын”, “көңіліңіз қош болсын”, т.б. жауап айтылады. Жақсылыққа жақсы сөз айтып, ризашылық білдірмеу әдепсіздік болады. Үлкен адамға қызмет ету үшін немесе оның тарапына қарай бір іс - әрекет жасау үшін, “рұқсат етіңіз”, “мүмкін бе?”, “мархабат етіңіз”, “мүмкін болса”, “ренжімесеңіз” деген сияқты уәж сөздер айту әрі мәдениеттілікті, әрі әдептілікті көрсетеді. Үлкен адамның алдында дөрекі қимыл жасап, сөкет сөздер айту әдептілік емес. Әдепсіздік деген сөздің баламасы - “ақымақтық, нақұрыстық”. Әдепсіз адам – бақытсыз. Ол өз бақытын өзі тебеді, өзіне-өзі бақытты өмір жасай алмайды. Әдепті сөздер – ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам – мәдениетті де әдепті адам. Сөз этикетінің адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеп отыратын, олардың өзара байланыс орнатуына ұйтқы болатын арнаулы қызметі болады. Сөйтіп, қоғамның, ұжымның, жеке адамдардың рухани ахуалының сау- cаламат болуына, сөз жоқ септігін тигізіп отырады. Тәуелсіздігімізді алып, егемен ел болып жатқан осы бір кезеңде республика жұртшылығының рухани ахуалының сау болуы, қоғам мүшелері арасындағы қарым- қатынастың оң бағытта дамуы – аса қажетті шарт. Сөз этикеті негізінен фатикалық, аппелятивтік, конативтік, эмотивтік, волюнтативтік, регулятивтік қызметтер атқарады. Сөз этикеттері арқылы халықтың болмысын, сана-сезімін, дүниеге деген көзқарасын түсінуге болады. Бүгінгі ғылым үшін тілдік қарым-қатынас кезінде жұмсалатын, этикеттік мәнге ие болатын сөздер мен сөз тіркестерін, грамматикалық тұлғаларды, олардың құрылымдық, семантикалық, стилистикалық, прагматикалық, әлеуметтік, т.б. да ерекшеліктерін зерттеудің маңызы ерекше. Сөз этикеті өз бастауын мораль мәселелерін зерттейтін философиялық ғылым этикадан алады. Этика моральдің қоғамдағы орнын, оның шығу тарихы мен мәнін т.б. мәселелерін зерттейді. Этика, мораль сөздерінің мағынасы қазақ тіліндегі адамгершілік ұғымына келіп саяды. Этиканың міндеті адам өмірінде кездесетін іс-әрекеттерді адамгершілік тұрғыда шешу мәселелерімен айналысу. Ал этикет этика ғылымы зерттейтін мораль ережелерінің бір бөлігі болып табылады. Этикет ұғымына адамдар өздерінің түрлі көзқарастарын білдіріп жатады. Этикетті қолдамайтындар мынандай пікір айтады: - Өздерін әдепті, сыпайы көрсететін адамдарды ұнатпаймын. Әдепті көріну үшін ғана өздерін сыпайы ұстайды. Ішкі жан дүниесі таза болса болды, ал сыртқы дүние ол – алдамшы. Солай жасау керек болғандықтан ғана сыпайы боласың, ол сенің өз еркің емес, сондықтан да ол жалған, екіжүзділік. Байқайсыз ба, барлық өтірік айтатындар, екіжүзділер сыпайы көрінеді. Ал этикетті жақтаушылар былай дейді: - Сіз дұрыс айтасыз, барлық өтірікшілер, екіжүзділер сыпайы көрінеді. Бірақ, бұл нені дәлелдейді? Бес саусақ бірдей емес дегендей, сыпайы адамдардың барлығы өтірікшілер емес қой. Ал өтірік айтушылар, екіжүзділер сыпайыгершілік өте керемет қасиет болғандықтан соның ығына тығылады [1, 6]. Этикет сөзінің шығу тарихы төмендегідей: Франция королі XIV Людовиктің қабылдауына келушілерге король сарайының арнайы қызметкерлері этикетка деп аталатын бір жапырақ қағаз беретін болған. Ол қағазда корольді қалай атау керек, оның алдында қалай сөйлеу керек, корольдің алдына барған кезде қандай қимыл жасауға болады, қандай қимыл жасауға болмайды, т.б. қысқаша әдеп ережесі жазылатын болған. Бұл этикеткаларды адамдар арасындағы қарым-қатынас пен норма ережелерінің алғашқы құжаты ретінде бағалауға болады [2, 147]. Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады. Мысалы, кейбір халықтарда қонақ тың тамақты жеп, риза болғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда мәдениетсіздіктің нағыз көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет күтеді [3, 43]. Сөйлеу этикасы - әр түрлі қарым-қатынас ситуацияларындағы сөйлеу тәртібінің ережесі және этикалық нормалардың жиынтығы. Сөйлеу этикасы риторикалық этика деп те айтылады. Сөйлеу этикасы жалпы адамзаттың этикалық құндылықтарын, ұлттың этикалық алғышарттарын, жеке тұлғаның этикасының байлығын өзіне тірек ете алады. Сөйлеу тәртібі ұлттық мәдениет, әдет-ғұрып, салт жоралғылармен, жеке тұлғаның тілді қолдану тәрбиесімен, тұрақты тәжірибесімен тікелей байланысты. Сөз этикетіндегі негізгі ерекшеліктің бірі - кез келген тілдегі этикет тілдік бірліктердің белгілі бір дәрежеде стандартталуы. Кез келген тілде амандасу, қоштасу, кешірім сұрау, ризашылық білдіру, алғыс айту, жұбату, рахмет айтудың қалыптасқан стандарт түрлері бар. Оларды жас, жыныс т.б. ерекшелігіне қарай белгілі бір формасын қолданғанмен әр адам я автор амандасу, қоштасу я рахмет айту формаларын өздері ойлап таппайды. Көркем шығарма мәтіндерде де, ауызекі сөйлеу тілінде де белгілі бір этикет сөз, сөз тіркесі, сөйлем дайын тілдік бірлік ретінде қолданылып отырады[4,112]. Этикет тілдік бірліктердің дайын күйінде қолданылуы әдеби тіл үшін де, ауызекі сөйлеу тілі үшін де, көркем шығарма тілі үшін де норма болып саналады. Сөз этикетіндегі стандарт тілдік бірліктердің негізгі белгілері: құрамының тұрақтылығы, үнемділігі, дыбысталуының үйреншіктілігі, мазмұнының көпшілікке түсініктілігі, қолданысқа икемділігі, дайын тілдік бірлік ретінде қолданылуы. Сөз этикетіндегі стандарттылық кездейсоқ пайда болған құбылыс емес, ұзақ уақытқа созылған тіл тәжірибесінің нәтижесі. Стандарт тілдік бірліктердің туып, қалыптасуына әсер ететін бірнеше факторды атап көрсетуге болады. Оның бірі – күш-жігерді үнемдеу заңы негізінде пайда болған тілдік экономия. Қарым-қатынас процесінде сөйлеу этикеті маңызды роль атқаратыны белгілі. Ол адамдардың әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау, мінез-құлық пен жүріс- тұрыс принциптерін жүйелеп отырады. Этикет – адамдардың барлық жағдайлардағы өзара араласуындағы ережелер жиынтығы. Осы дүниеде және о дүниеде иесіне ең көп пайдасы мен зиян келтіретін бұл – бір жапырақ ет – адамның тілі. Өйткені тіл адамның ішкі дүниесін ашатын кілті іспетті. Мәселен, адам иманға келсе, не күпірлігін сыртқа шығарса қоршағандарға соны тілі арқылы білдіртеді, сыпайылығы мен көргенсіздігін де тілінен аңғаруға болады. Мұсылман адам жаман, арсыз, дөрекі, қарғыс сияқты сөздерден аулақ болуы қажет. Жаман сөздердің айтылуын Алла-тағала ұнатпайды. Және бұл мұсылманға жат сипат болып табылады. Пайғамбар жаман сөздерді айтуды имансыз құлдың сипатына жатқызған. Осыған орай ол былай деп айтқан:

«Иманда адам тілдеуші, қарғаушы, ерсілік істеуші, азғын емес». Бірнеше адам сөз айтқысы келсе, алдымен жасы үлкенге сөз беріледі. Пайғамбарға бірнеше сақаба келіп, өздерінің жағдайын айтпақшы болған кезде, олардың кішісі Абдрахман ибн Сәхл сөзге кірісе берген сәтте, пайғамбар оған: « Үлкенді үлкейтіңдер ( яғни, үлкенге жол беріңдер ) » - деп ескертеді. Сонымен, сөз этикеті дегеніміз, қорыта айтқанда, адамдар арасында байланыс орнату үшін жұмсалатын, сол байланысты жалғастыра беру мақсатында қолданылатын ұлттық ерекшелігі бар стереотипке айналған сөздер мен тұрақты сөз орамдары. Адамдар арасындағы қарым-қатынас кезінде қайталанып отыратын біртектес, стандарт жағдайлар мен ұғымдар экстралингвистикалық фактор ретінде сөз этикетіндегі стандарт тілдік бірліктерді тудырады. Осының нәтижесінде тұрақты тілдік стереотип қалыптасады. Стандарт тілдік бірліктердің негізгі қасиеті олардың құрылымы мен семантикасының тұрақтылығы, өзгермеген, дайын күйінде қолданылуы болып табылады. Сөз этикетіне қаратпа сөздер, сәлемдесу, танысу, қоштасу, құттықтау, тілек білдіру, алғыс айту, өтініш айту, кешірім сұрау, шақыру, кеңес беру, көңіл айту, жұбату, құптау, марапаттау формалары және т.б. да құрылымдар жатады. Бұл құрылымдар мән-мазмұны мен қолданыс ерекшелігіне қарай тілдің бірнеше қызметін анықтап, атқарып отырады. Сөз этикетінің тыңдаушы назарын аудару (аппелятивтік), байланыс орнату (фатикалық), сыпайылық таныту (конативтік ), тыңдаушының көңілін аулау ( эмотивтік ), ерік білдіру (валюнтативті), түрлі критерийлерге байланысты коммуниканттарды жіктеу (регулятивті) қызметтері бар. Есте боларлық ерекшелік – сөз этикетінің қызметтері жеке-дара, дербес күйде емес, бір- бірімен жанаса, жарыса жүзеге асады. Жалпы этикеттік таңбалардың негізгі ерекшеліктерінің бірі – әлеуметтік сипатының болуы[5,25].

Әйел адам «уағалейкумассалам» деп сәлем алмайды, ер адам тізесін бүгіп сәлем етпейді, қазақтың байырғы этикеттік нормасы бойынша келін күйеуінің туыстарын аты-жөнімен атамайды. Басқаша айтқанда, сөз этикеті единицалары коммуниканттардың әлеуметтік белгілеріне тәуелді болады. Әр халықтың өзіндік қалыптасқан салт-дәстүрі болатыны белгілі. Тіпті олардың кейбірі өзге ұлт өкілдері үшін ақылға қонымсыз болып көрінуі де ықтимал. Сырт қарағанда, бұрынғы қазақ әйелдерінің күйеуінің туған- туысқандарын өз атымен атамай, жанама ат қоюы оның құқығының төмендігін көрсететін де тәрізді. Оның дұрыс-бұрыстығына қазақ отбасындағы қалыптасқан этикет жүйесіне талдау жасамай, көз жеткізу қиын. Отбасында үлкенді – ата-ана, ата-енені сыйлау, оларды құрметтеу барлық халықта бар дәстүр. Бірақ осы дәстүрге әсіресе қазақ тұрмысында қатты ден қойылады да, ұлттық этикет номенклатурасында ең жоғарғы орындардың бірінде тұрады. Адамдар арасында жүретін қаратпалар ұлттық этикетпен тығыз байланысты. Қарым-қатынас процесінде ер адамдар қатынастағы адамының жасын, жынысын, әлеуметтік орнын т.б. жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық сөйлеу этикетін сақтай келіп, өз жөнімен, айту жолымен жалпы есімді қаратпа сөздерді теріп қолданады. Қаратпа сөздерді қолдану арқылы ерлер коммуникативтік қатынастағы адамын эмоциясыз өзіне көңілін аудартады. Әйелдер мен ерлердің қолданысында қаратпалар айтылу мақсатына қарай кездеседі. Ұлттық этикет бойынша ерлер мен әйелдер салт-дәстүрлердің тәртіптеріне бағынған. Әйелдердің сөйлеу этикетіндегі ат тергеу де қарым-қатынас орнатудың ұлттық белгісі, тәртібі. Ат тергеу салты арқылы әйелдер бірінші – қатынастағы адамын өзіне қаратады, екінші – онымен дұрыс қатынас орнатады, үшінші – жалпыға ортақ ұлттық дәстүрдің негізін ұстайды. Халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктері сөйлеу әрекетінде қолданылатын тілдік және бейвербалды амалдардың көмегімен анықталады. Осы тәсілдер тіл мен мәдениеттің өзара байланысының негізгі элементтері болып табылады, соның ішінде сөйлеу этикеті маңызды роль атқарады. Қазақ тілінде сөйлеуші коммуниканттардың ішінде үлкен кісілердің тілі лингвистикалық, коммуникативтік, культурологиялық тұрғыдан алғанда өңделген, тіл мен мәдениеттің өзара байланысының дәлелі ретінде салт- дәстүрлер және әдет-ғұрыпқа байланысты формаларды қолданумен ерекшеленеді. Ал жастар мен балалар әдептілік пен сыпайылықты білдіретін этикет формалары мен тілдік амалдарды үлкен кісілерге қатысты жиі қолданады. Паралингвистикалық амалдар негізгі, тіл арқылы берілген информациямен бірге сыпайылық пен әдептілікті, мәдениеттілік пен инабаттылықты, ізет пен ілтипатты білдіреді. Сөйлеу этикетінің прагматикасы түрлі тілдік бірліктер арқылы да, басқа да тәсілдер арқылы да көрініс береді. Олардың бірқатары қоғамда норма ретінде қабылданған түрлі әрекеттерден көрініс табады. Сол арқылы кез келген этикет тілдік бірлік өзінің тыңдаушыға әсер ету, мақсатқа жету функцияларын орындай алады. Көркем шығарма мәтіндерінде қолданылатын этикет тілдік бірліктер мәтіннің жалпы мазмұнын ашумен сөз этикетінің мағыналық ерекшелігі мен стильдік айырымын да анықтауға мүмкіндік береді. Кез келген адамның сөз этикетін қаншалықты меңгергендігі оның кәсіби деңгейінің де көрсеткіші бола алады. Адамдармен қарым-қатынас жасау мәдениетін, сөз этикетін жетік білу – мемлекеттік қызметшілерге, саясаткерлерге, педагогтар мен заң қызметкерлеріне, журналистерге қойылатын негізгі талаптардың бірі. Сөз этикетін жетік білу адамның абыройы мен құрметінің арта түсуіне, басқалардың ол адамға деген сенімінің күшеюіне де ықпал етеді. Тіл мамандары мен тәрбие беретін мекеме қызметкерлерінің басқаларды сөз этикеті нормаларын сақтауға, оның негізгі талаптарын орындауға үйретіп отыруы сөз мәдениетінің ғана емес, қоғамдағы жалпы мәдениеттің деңгейінің көтерілуіне көп ықпал етеді [6,151].

Сөйлеу мәнеріне амандасу жатады деген болатынбыз, біздіңше, амандасу сыпайылықтың белгісі. Ендеше екі арасындағы амандасу қалай жүзеге асады. Көрелік.

Әр елдің өзіне тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар. Осы салт-дәстүрлерді белгілі бір деңгейде сол халықтың келбеті, тәрбиелік ережесі деп айтуға да болады. Ата-бабалардың ұзақ ғасырлық көш-керуені арқылы үзілмей жалғасып, кешеден бүгінге асыл аманаттай ардақты қалпында жетіп отыруы да сондықтан. Демек әр бір халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері ұлттық болмысты басқа халықтардан айрықша даралап тұратын рухани бөгенай деуге толық негіз бар.

Ал амандасу – қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы беташары іспетті. Себебі әр халықтың амандасу рәсім, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, славян халықтары бір-біріне қол беріп амандасса, жапон, қытай, үнді халықтары қос қолын бірлестіріп, маңдайына тигізіп тағзым ету арқылы амандасу рәсімін жасайтыны белгілі. Ал Орта және Кіші Азия мен Африкадағы мұсылман халықтары ертеде оң қолын жүрегінің тұсына апарып тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған. Сондай-ақ мұсылман халқында амандық салты «Ассалаумағалейкум!» деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек: «Сізге алланың нұры жаусын» деген сөз. Жас адам жолы, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып, қос қолын ұсынады, ал сәлем алушы кісі «Уағалейкум ассалам!» деп оң қолын ұсынады. Ол: «Алланың рақым нұры сізге де жаусын» - деген сөз.

Ал, біздің сөз еткелі отырғанымыз қытай халқының амандасу рәсім, яғни «问候» немесе «打招呼» . Қытай халқының амандасу рәсімінің қазақ халқының амандасу салтынан қандай өзгешеліктері, қандай ерекшеліктері мен ұқсастығы бар? Біз оған осы «打招呼»-дың мән-маңызын ашып, айқындау арқылы көз жеткіземіз.

Әрбір халықтың амандасу рәсімі оның салт-дәстүрі мен болмысына ғана байланысты емес, сонымен бірге сол елдің діни наным-сеніміне де тікелей байланысты. Мәселен, қазақ халқы мұсылман болғандықтан біздің амандасу рәсіміміз ер кісілеріміздің «Ассаламұғалейкум!» сөзінен басталады. Осылай қол алысып сәлемдесуден кейін амандасушылар алма-кезек:

- Армысыз? Аман-есенсіздер ме? Дені-қарныңыз сау ма?

- Армыз! Аманшылық. Өздеріңіз қалайсыздар? Мал-жандарыңыз аман ба?

- Шүкір Аллаға! Ел-жұрт, ауыл-аймағыңыз аман ба? т.б. сияқты амандасу

сұрағын жалғастырады.

Осылайша қарсы жақтың отбасындағы, ауылындағы бала-шағаның, немере-шөберенің, келін-кепшіктің, ағайын-туғанның, көрші-қолаңның амандық-саулығы сұралады. Келесі кісі де қайталап, амандық-саулық сұрасып барып төрге шығып жайғасып отырады. Егер үй толы адам болса, сырттан енген адам үйде отырғандардың ең үлкенінен бастап кішісіне дейін алма кезек қол беріп амандасып шығып, отырғаннан кейін үй иесі ақсақал мен келген қонақ амандық-саулық сұрасады. Міне, бұл қазақтың әдеттегі амандасу дәстүрі.

Ал қытайлар әдетте кездескен кезде бір-біріне көбінде:

- «你好!» (нихау) деп амандасады. Бұл біздің «Сәлеметсіз бе?» дегенімізге сәйкес келеді. Егер қытайларға таңертең кездессеңіз сізбен «早上好!» (зау-шаң-хау), «早安!» (зау-ань) («қайырлы таң» деген мағнада) деп амандасады.

Дүниежүзінің көптеген елдерінде, осызаманғы аман-сәлемнің мазмұны ұқсас болып келеді. Мәселен, жанұя мүшелері немесе өзге адамдар бір-бірін күннің әр түрлі мезгілінде көргенде әдетте: «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Кеш жарық!» деп амандасады. Ал қытайларда жанұясында болсын немесе өзге ортада болсын таңертең мынадай амандасу рәсімдері бар:

- «早安!»

- «早上好!»

- «昨晚睡好没有?»

Бұл көрсетілген мысалдарды қытайдың дәстүрлі амандасу рәсімі деп те айтуға болмайды. Бұлар әшейін сәлемнің («问候语») бір түрі ғана. Тағы бір мысалға тоқталайық: Мысалы адамдардың кездесетін жерлерінің әр түрлілігіне байланысты олардың сәлемдері («问候语») де немесе амандасу түрлері де ұқсамайды. Мысалы есік алдында кездестірген адамға: «出去了?» (далаға шықтыңыз ба?), «上班去?» (жұмысқа барасыз ба?) деп те амандаса береді. Ал екінші адам: «走一走» (жүріп қайтайын деп...), «是啊» (иә...), «有点事儿» (бір шаруамен...) деп қана жауап беріп кете беруіне болады. Немесе бөлмеге иә болмаса бір белгілі жерге біреудің бір таныс адамы кірді делік, оған екінші адам былай дейді: «你来了?» (келдің бе?) Анау: «来了!» (келдім) деп жауап береді. Бұл да қытайлар үшіні «问候语»-нің бір түрі. Бұл сұраулар қытайларда сәлемдесу ретінде қолданылады. Тағы бір мысал, көшеде кездесіп қалғанда: «上街了?» (көше қыдырып жүрсің бе?), «上班去了?» (жұмысқа кетіп барасың ба?), «下班了?» (Жұмыстан қайттың ба?) деп сұраса, оған: «诶» (иә), «上街了» (көше қыдырып...), «上班去» (жұмысқа кетіп барам), «下班了» (жұмыстан келем), «转一转» (айналып жүрген...) т. с. с. деп қана жауап берсеңіз болғаны.

Демек, бұдан түсінетініміз қытай тілінде амандасудың түрі сан алуан. Ол белгілі бір сөздермен ғана шектелмейді. Ол әр түрлі жағдайда әр түрлі қолданыла береді. Тағы бір мысал: егер дүкенде кездесіп қалған жағдайда «买什么了?», «买东西了?» дейді. Әрине бұндай сұрақтар батыс елдерінің өкілдері үшін бір түрлі ерсі естіледі. Ал қазақ халқында да бұндай сұрауларды амандықсыз сұрауға болмайды. Әуелі амандасып, содан кейін әртүрлі сұрақтар қоюға болады. Яғни біздің халықтың салтында, көрген жерде бас салып, еш қандай аман-сәлемсіз: «Не сатып алдың?», «Қайдан жүрсің?», «Қайда кетіп бара жатырсың?» деген сияқты сұрақтар бір түрлі мәдениетсіздікке жатады. Сондай-ақ қазақ халқында әдейі барып амандасуды белгілі бір міндет, парыз ретінде қарайды. Мысалы, ауыл адамдарының ауылға келген қонақпен амандасуында белгілі ереже-тәртіп бар. Атап айтқанда, үй сыртына таяп келген үлкен адамды аттан түсіріп алғалы тұрған жасы кіші адам оған бұрын сәлем беруге тиісті. Ал сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да үй ішінде отырғандарға өзі бұрын сәлем беруі керек. Көріспегелі көп жыл болған тұрғылас, замандас, құрдас, ағайын-туыс адамдар қауышып амандасады. Қауышып амандасу (кеуде тиістіріп) үшін әуелі қос қолдап амандасып, төс қағысып, оңға бір, солға бір кеуде тоғыстырып, сонан соң екеуі де артқа бір табан шегінісіп, қолдарын алақан айырмастан тағы соғысып, қос қолдап амандасады.

Ал қытай халқы төс қағыстыруды ұната бермейді. Баяғы замандарда қытайлар бір жұдырығын алақанымен жауып қарсы адамға құрмет көрсетіп тағзым ететін. Ал қазақтар үшін қауышып амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады. Халқымыздың ұлттық дәстүрінің ең жақсы (көне) амандасу түрі – келіндер жасы үлкен ата-ене, қайнағаларға үйге кіріп, сол тізесін сәл бүгіп оң тізесін екі қолымен басып, басын иіп, ибалық сәлемдесу ишаратын жасаған. Қытай халқында үйлену тойында жастар әке-шешелеріне үш рет иіледі, қайтыс болған кісіге үш рет тағзым етеді. Ал дәстүрлі қазақ ауылдарында ұзақ сапардан келген ағайынға жиылып келіп амандасу немесе алыс сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып «жол болсын» деп тілек айту дәстүрі болған. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал барып сәлем береді» деген мақал соның айғағы. Құрбы-құрдас қариялардың бірін-бірі әдейі іздеп барып сәлемдесуі – халқымыздың бауырмалдық дәстүрінің белгісі. Көріп-біліп жүргеніміздей, қазақ халқының амандасу салт-дәстүрінің өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.

Енді қытай халқының «问候»-ына қайтып оралайық. Қытайда жүрсеңіз таныс адамдар арасындағы мынадай да «амандасу» түрлеріне куә боласыз. Егер бір әйел тыста кір жайып жатса, оны көрген бір танысының «晒衣服了?» (кір жайып жатсың ба?) деп, біреу есігінің көзінде темекі тартып тұрса оған «抽烟了?» (темекі тартып тұрсың ба?) деп, біреу далада велосипедін жөндеп жатса «修车了?» (велосипедіңді жөндеп жатсың ба?) деп «амандық» сұрайды. Өзге елдің азаматтары үшін бұл өте бір күлкілі жағдай болып сезіледі. Яғни не істеп жатқанын көріп тұрып қайта сұрау, бұл есі дұрыс адам үшін таң қаларлық жағдай емес пе?! Алайда, бұл да қытайлар үшін «问候»-дың бір түрі. Мұндай сұраулар қытайлықтардың түсінігінде адамдардың бір-біріне деген ілтипаты мен қамқорлығын білдіреді. Немесе осындай сұраулар арқылы қытайлар бір-бірімен жақындығын, қамқорлығын, ілтипатын тіпті ең кемінде таныстығын білдіреді.

Қытай «问候»-ының тағы бір ерекшелігі, ол сөйлеуші екі тараптың бір-бірінің көңілін аулап, жай ғана назар аудару болып табылады. Мысалы белгілі бір адам өзінің танысын кездестіргенде, одан «қайда барасың»? «қайдан келесің?» деп сәлемдеседі, ал таныс адамы «жұмысқа» немесе «бір шаруамен...», «жәй жүрген» деп әртүрлі жауап айтуы мүмкін. Бірақ түптеп келгенде сәлем алушының «жұмысқа» деген жауабы нақты немесе шын мәніндегі жауап емес. Алайда, ол әсте сұраушы адамды алдаған болып есептелмейді. Өйткені сәлем беруші адамның өзі о баста-ақ танысының шынымен қайда бара жатқанын білгісі келіп сұраған жоқ. Демек қытайлардың «打招呼» дегені бұл бір әдетке айналған сәлемдесу рәсімі болып есептеледі. Сондықтан қытайлардың осындай сәлемдесу рәсімінің ұлттық ерекшелігіне шетелдіктер барынша көңіл бөлу керек. Әйтпесе біз күтпеген ыңғайсыз жағдайлар туындауы мүмкін. Сөздің осы тұсында, студент кезімізде болған мына бір жағдайды айта кетудің реті келіп тұр. Пекинге оқуға барғанымызға ұзақ бола қоймаған. Біздің тобымызда Тоқтар деген жігіт болды. Бір күні ол университеттің қақпасынан шығып бара жатса, бізге практикалық қытай тілінен сабақ беретін Ли деген мұғалім кездесіп қалыпты да «қайда барасың?», деп сұрайды. Содан әлгі жерде біздің Тоқтар жаңағы Ли мұғалімге бұрылып: «Туған ауданынан бір кісінің Пекинге келгенін, әке-шешесінің сол кісіден сәлемдеме беріп жібергенін, келген кісінің тұтас ішкі қытайды саяхаттап жүргенін, Пекинде енді қанша күн тұратынын, ол кісіні әлі іздеп таба алмай жүргенін, бұған дейін екі-үш рет іздеп барғанын, бүгін тағы сол кісіні іздеп кетіп бара жатқанын, бұл хабарды жеткізушінің қонақүйдің аты мен мекен-жайын дұрыс айтпағанын, сол кісіні іздеп бүгін тағы кетіп бара жатқанын, тез тауып алмаса сәлемдеменің ішіндегі тағамдардың бұзылып кетуі мүмкін екенін...» егжей-тегжейлі баяндап, Ли мұғалімнің миын шіріткені өз алдына, ең бастысы ол кісіні жолынан қалдырады. Ертеңіне Ли мұғалім осы әңгімені айта отырып, қытайлардың «амандық сұрауы» деген тақырыпқа бір сағатын арнаған болатын. Ал осындағы қазақстандық шәкірттеріміз де қытайға барғанда көптеген қызықты жағдайларға кез болғанын айтып келеді. Қытайдың белгілі бір ЖОО-нда тілдік тағылымдамадан өтуге барған біздің бір шәкіртіміз асханадан таңертең көрген бір танысымен кешкі ас кезінде тағы кездесіп қалады. Сол кезде біздің студенттен қытайлық танысы «你也来了?» («Сен де келдің бе?») деп сұрайды. «Осы сұрақты алғаш естігенде өзімді бір түрлі жаман сезініп қалдым»,- дейді біздің шәкіртіміз. «Неге?»,- десем, «бұл сұрақ маған «саған не жоқ?» «асханадан шықпайды екенсің ғой» деген мағнада айтылғандай болды», -дейді. Әрине, алғашқыда осындай ұлттық ерекшелікті білмеген соң әр түрлі түсінбеушіліктер болуы мүмкін. Шетелдіктерге қытай халқының жақынырақ танысу үшін немесе етенелік таныту үшін қоятын көптеген сұрақтары орынсыз, тіпті мәдениетсіздік болып көрінуі де мүмкін. Мысалы, бірінші рет танысып отырған адамына «отбасыларыңда неше адамсыңдар?», «Әке-шешеңнің табысы, жалақысы қандай?», «Қандай үйде тұрасыңдар? Ол үйді қалай сатып алдыңдар?», «Сүйген жарың бар ма? Ол сені оқуға қалай жіберді?» т.с.с. сұрақтарды шетелдіктер дұрыс түсіне қоймайды. Алайда бұл да бір ұлттық ерекшелік. Демек қытайлықтың осындай сұрақтар қоюын саған деген ілтипаты, етенелік білдіргені, сенімен достық қарым-қатынас орнатқысы келгені деп түсінген орынды. Қай халықта болмасын, әсіресе көңілі жақын, таныс-біліс адамдардың сәлемдеспей өтіп кетуі мәдениетсіздікке жатады. Сол сияқты қытайлар да таныс адамдары, әріптес, көрші-қолаңдары сәлемдеспей, үндемей өтіп кетсе ренжиді.

Ал қазақ халқында бір жақтан келген немесе жолаушы жүріп бара жатқан жастар ауылды аралап жүріп, жасы үлкен қариясы бар үйге бас сұғып, амандаспай кетсе, сол азаматтың үлкенді сыйламауы деп есептеліп, тәрбиесіз екенін бетіне басылып, «амандасуға да жарамды», «салам бермеді», «салам алмады» т.б. деп сөгетін болған. Бұл тәрбие негізі амандық-саулық сұраудан басталады, оны білмеген адамның көргені, тәрбиесі шамалы деген ұғымды білдіреді. Міне, бұл қазақ халқының тәлім-тәрбиесінің ерекшелігі. Бұдан шығатын қорытынды мынау: әрбір халықтың амандасу дәстүрінің өзіне тән ерекшеліктері бар, олар бір-біріне ұқсай бермейді. Алайда барлық халықтың аман-сәлем дәстүріне тән бір ұқсастық, ол – сәлемдесудің маңыздылығы, мәдениеттіліктің көрінісі болып есептелетіндігі.

Ал енді қытайлардың аман-сәлемінде шетелдік азаматтар үшін өте қызықты естілетіні «吃饭了吗?» деген, яғни «тамақ іштіңіз бе?» - деген сұрақ. Бұл аман-сәлем түрі басқа халықтарда кездесе бермейтін, қытай халқында ғана бар, ерекше бір дәстүр. Амандасудың бұл түрінің өзінің қолдану уақыты мен ерекшелігі бар. Мәселен, таңғы сағат он-онбірлердің кезінде сіз әлде біреуден «тамақ іштің бе?»- деп сұрайтын болсаңыз, ол кісі «беймезгіл қандай тамақты айтып отыр?», -деп сізге таңдануы мүмкін. Ал қытай халқы өзара сәлемдесуде, амандасуда бұл сөзді жиі қолданады, бірақ өзінің уақытымен, ретімен қолданады. Бұрын қытайлардың бұндай аман-сәлем дәстүрін естіп көрмеген шетелдіктер басында мұны түсінбеуі мүмкін, тіпті кейбір адамдар «мүмкін мені тамаққа шақырғысы келіп тұр ма» деп те ойлауы ғажап емес. Немесе «менің тамақтанған, не тамақтанбағанымда оның не шаруасы бар» деген қиялға кетуі де мүмкін.

Кейін үйрене келе өздері де қолданады, тіпті бұл олардың әдетке сай, қолдануға үйреншікті әрі қызыға қолданатын сәлемдесу дәстүріне айналады. Бірақ шетел азаматтары бұл сәлемдесудің қолданылу уақытына аса көңіл бөле бермейді. Бұның себебі, мүмкін, бұл сөзді шетелдіктердің таза сәлемдесудің бір түрі ретінде қабылдап алуынан деуге де болатын шығар. Әдетте қытай халқы сәлемдесудің бұл түрін таңертең, түсте және кешке, яғни осы үш мезгілдегі тамақ уақытында көбірек қолданады.

«Ас – адамның арқауы» дейді атамыз қазақ. Сол сияқты қытайлар да асқа, дәмге қатты көңіл бөледі. Демек кездескен кезде сізден қытайлар: «吃饭了吗?» деп сұрап қалса оған таңданудың қажеті жоқ. Бұл ежелгі дәуірлерде үнемі болып тұратын қуаңшылық немесе сел апаты салдарынан жиі-жиі айлап-жылдап ашаршылыққа ұрынатын қытай халқының бір-бірін көргенде «талшық тауып жей алып жүрсің бе?» деген жанашыр ниетінен қалып қойған амандық сұрау салты. Уақыт өте келе бұл қытайлардың әдеттегі амандық саулық, дені-қарныңыздың саулығын сұраудың бір түріне айналып қалды.

Тарихи жазба деректерге қарағанда, бағзы замандарда қытайлар ашаршылық және толассыз шапқыншылық салдарынан күніге екі мезгіл тамақтанатын болған, кейін Хань дәуірінде кейбір жерлерде күніне үш мезгіл тамақтану қалпына келтіріледі, бірақ көп аймақтарда екі мезгіл тамақтанатын жүйе ұзақ уақыт сақталып қалды. Бұл тағамды үнемдеуден туындаған тәртіп болатын. Сондықтан бүгінгі таңда адамдардың бұлай сәлемдесуі (сұрауы) басқа адамның тамақ ішкен-ішпегенімен ешқандай да қатысы жоқ. Бірақ бүгінде бұл сөз өзінің негізгі мағынасы тұрғысында емес, тек сәлемдесу немесе сыпайыгершілік салты болып табылады.

Қытайлар бір-бірімен сәлемдесу кезінде «你好»! (нихау) яғни «сәлеметсіз бе» деген сөзді өте аз қолданады. Есесіне сіз көшеде қоғамдық көлік күтіп тұрған кісіден бір танысы келіп «上班去?» (жұмысқа барасың ба?) , немесе біреудің тауға шығып бара жатқанын біле тұра оған «爬山了?» (тауға шығып барасың ба?) деген секілді сәлемін жиі естіп қалуыңыз мүмкін. Мұның барлғы еш қандай да артық сөз емес, есесіне амандасу тәсілдері.

Шетелдіктер үшін қытай халқының сәлемдесу дәстүрін үйреніп алу қиын сезілуі мүмкін, бірақ бұл өте қарапайым нәрсе. Ол үшін мынадай бірнеше жағдайға назар аудару қажет: бірінші, екі адам кездескен кезде қарсы тараптың немен шұғылданып жатқандығына көңіл бөлу керек. Мәселен, сен менің кітап оқып жатқанымды көрсең «看书啊?» (кітап оқып жатырсың ба?) деп сәлемдесуіңе болады. Егер сіз кезіккенде курстасыңыз кір жуып жатқан болса, «洗衣服了» (кір жудың ба?) деп, егер оның теледидар қарап отырғанын көрсеңіз «看电视吗?» (теледидар көріп отырсың ба?) деген секілді сәлемдесулерді қолдануыңызға болады. Екіншіден, жолда кетіп бара жатқан досыңның не танысыңның қайда, не себеппен кетіп бара жатқандығын жүріс-тұрысына, қолындағы затына қарап, жобалап қана «上课去? », «出去了?», «买东西了?» (Сабаққа кеттің ба?, Шығып барасың ба? зат сатып алдың ба?) деп сәлемдесуге болады. Үшіншіден, қарсы жақтың нендей жұмысты тындырып келе жатқандығына көңіл бөле отырып: «回家了?», «下课了?», «买菜了?», (үйге қайттың ба?, сабақтан шықтың ба?, көкөніс сатып алдың ба?) деген секілді сөздерді қолдана отырып, амандаса аласыз. Төртіншіден, ұзақ уақыт кездеспеген адамыңмен «哪儿去了?», «好久不见了!», «回来了!» (қайда кетіп қалдың?, көптен көрінбей кеттің ғой, қайтып келдің бе?) т.б. сәлемдесуге болады.

Егер де жасы кіші достар кездесе қалса, қарапайым ғана, жылы жүзбен не болмаса олардың өздерінің сәлемін бірінші қарсы алған жөн, бірақ олардың алдында өзіңізді үлкен санап, өзімшілдік көрсетудің мүлдем қажеті жоқ. Егер де қуанышты жағдайда отырған немесе күлімсіреп келе жатқан танысыңыз болса, онымен амандықты «有什么喜事儿?» (қандай қуаныш бар?) немесе «恭喜你» (қуаныш құтты болсын!) деген секілді әзілмен бастап, артынша қарсы жақтың қуанышын білуге асыққандық таныту тұрғысынан, міндетті түрде қуанышының себебін сұрап қою артық емес.

Ал таныс адамыңыз бір топ адамның ортасында кездессе, тек таныс адамыңызбен амандасумен шектелмей, қасындағыларға ең кемінде қол беру, бас изеу немесе көз ишарасын жасау, бұл – бейтаныс кісілерге де құрмет болып есептеледі.

Топпен сәлемдесу кезінде міндетті түрде «你们.......» немесе «几位.......» сөзін қосып айтқан жөн. Егер сіз сол топтың ішінде тұрсаңыз, амандасушыға өз тарапыңыздан сәлемін қабылдағандық танытуға тиіссіз. Қысқасы көпшілікпен амандасқан кезде міндетті түрде сыпайлықты жоғалтпау қажет.

Егер сіз сәтсіздікке ұшыраған не қайғылы жағдайда тұрған қытайлық досыңызға кездессеңіз, әуелі оның жағдайын сұрап, қандай жағдайға тап болғанын біліп алып, соған байланысты (онда да сіздің араласпауыңызды өтінбеген жағдайда), мүмкіндігінше ортақ, қалыпты атмосфера орнатқаныңыз жөн.

Қорыта келе айтарымыз, қытайларда жолыққан кезде қолданылатын сәлемдесу рәсімінің түрлері өте көп, бірақ осының барлығы қатып-семіп қалған, мүлде өзгермейтін нәрсе емес. Қытай үшін сіз шетелдіксіз, ал қытай сіз үшін өзге ел. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, сіздің қытайдың дәстүр-салтын білмегеніңізге олар түсіністікпен қарай алады. Ал өз кезегінде олардың сізге тосындау салт-дәстүріне, мінез-құлқына құрметпен қарағаныңыз жөн. Қысқасы қытайдың амандық-саулық сұрасу дәстүрі де адамдар арасындағы қарым-қатынастың алыс-жақындығына қарай өзгеріп отырады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың артуына байланысты сәлемдесу тәсілдері де өзгеріске ұшырап, жаңғырып отырады. Одан бөлек уақыт озады, заман да өзгереді, соған орай сәлемдесу түрлері де өзгереді. Өзге елдермен аралас-құраластық жиілеп, адамдардың тұрмыс дәрежесі өсіп, ішіп-жеуі жақсарып, мәдениет деңгейі жоғарылауына байланысты, «哪儿去了?» (қайда бара жатырсың?), «吃饭了吗?» (тамақ іштің бе?), «买东西了» (бір нәрселер сатып алдың ба?) деген секілді сәлемдесу түрлері қолданыстан шығып, оның орнын көбірек «你好!» (сәлеметсің бе!) ауыстырып келеді.

Қазірде көптеген шетелдіктер қытай тілін үйренуді осы «你好!» (сәлеметсің бе!) немесе «您好!» (сәлеметсіз бе!) деген сөзден бастайды. Өйткені бұл қытай халқының әрі қарапайым, әрі жиі қолданатын сәлем түрі. Аман-сәлемнің бұл түрін қай кезде де, қай ортада да қолдануға болады. Егер тілдік қабілетіңіз жетіп, оны қажетіңізге қарай өзге сөздермен ауыстыра алсаңыз тіпті жақсы. Алайда, сәлемнің осы түрін қолданудың өзінде де алдымен қарсы жақтың жағдайына, жасы мен қызметіне көңіл бөлуіміз қажет. Жасы үлкен, жұмыс дәрежесі жоғары кісімен сәлемдескенде «您好!» -ды қолданып, ұстаздармен сәлемдесу кезінде «老师好!» деп сәлемдесуіңізге болады.

Сәлемдесу барысында есімін атап барып амандасуға тура келсе, аты-жөнін толық айтып жатпай (олай айту кәдімгідей ерсі қылық болып саналады), фамилиясының артына қызметін, атақ-дәрежесін қосып айтып, сонан соң амандық сұрайсыз. Мәселен, 王雷鸣(Уаң Леймиң) деген ұстазыңыз болса, онымен «王老师,您好!» (Уаң мұғалім, сәлеметсіз бе!) деп амандасуыңызға болады. Егер Уаң Леймиң университет ректоры болса, «王校长,您好!» (Уаң ректор, сәлеметсіз бе!) деп сәлемдескеніңіз дұрыс. Егер Уаң Леймиң мекеме бастығы болса, онда сіз онымен «王局长,您好!» (Уаң бастық, сәлеметсіз бе!) сәлемдескеніңіз жөн. Бұлай амандасу жалпы міндетті емес, тек қарсы жақтың атын атап сәлемдесу қажет болған жағдайда деген сөз[7, 10]. Қысқасы амандасу қай халықтың болмасын дәстүрінің беташары, мәдениетінің көрінісі болып есептеледі. Сондықтан шығыстағы ұлы көршіміздің аман-сәлем дәстүрін біле жүрудің де еш артықтығы болмас деген ойдамыз.

Қаратпа сөздердің зерттелу тарихы және қазақ тілінде алатын орны

Бұл тарауда біз қазақ-қытай тіліндегі қаратпа сөздердің өзгешелік үлгісінің жалпы сипатамасын қарастырамыз.

Қаратпа сөздерге қатысты көптеген мәселелердің ішіндегі ең негізгі оның ережесі болу керек. Осы күнгі оқулық, жеке диссертациялық жұмыстардың біразында, оқшау сөздерге анықтама береді де, оның жеке бөлімдеріне ондай ереже бермей-ақ негізгі қасиеттерін берумен шектеледі. Ал қаратпа сөздер туралы да бірнеше авторлар ереже берсе кейбір типті қаратпа жөнінде диссертация жазған.

М. Бимағамбетов ол жағын ескермейді. Міне біз қаратпа сөздер туралы ережелер жиынтығын бере келіп, қаратпа сөздер туралы қай жағы тиімді, кейде ойланатын жайларына да назар аударуды жөн көрдік.

С. Аманжолов: Сөйлемдегі ой қаратылып, арналып айтылған сөзді қаратпа сөздер дейміз. [8;76]. Аманжолов С., Әбілқаев А.:Айтайын деген сөзімізге бір, я бірнеше адамның назарын аудару үшін қолданылатын сөзді қаратпа сөздер дейміз [9;66]. М.Балақаев: Айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру үшін, оған басқаның көңілін аудару үшін жұмсалатын оқшау сөздерді қаратпа сөздер дейді [10;95]. Р.Сыздықова: Белгілі бір ойға қаратыла айтылған адамның (кейде жансыз заттың) назарын аудару үшін арналған сөзді немесе сөз тіркесін қаратпа сөздер дейміз. [11;67]. Г. Әбуханов: Сөйлемдегі айтылған ойдың кімге, неге айтылғандығын білдіру үшін оған өзге адамдардың көңілін аудару үшін қолданылатын оқшау ойынша мына мәселелер қаратпаның ережесі үшін басшылыққа алынуы тиіс.

Біріншіден, қаратпа сөздер ойдың, назардың біреуге қаралып айтылуы керек. Осы жағынан келгенде ол үшін мынадай тіркестер пайдаланылады.

1. Сөйлемдегі ой қаратылып;

2. Айтайын деген сөзімізге назарын аудару;

3. Белгілі бір ойға қаратыла айтылған;

4. Айтылған ойдың кімге, неге айтылғандығын;

5. Айтылған ойдың кімге арналғанын

деген сияқты бірнеше вариантпен берудің қайсысы қаратпа үшін ең негізгісі. Сонда пайдаланып отырған сөздердің ішінен ойдың қарылуы немесе назарың аударылуының негізгісі, біздіңше біреудің назарын аудару ой сөзіне қарағанда мағынасы айқындау сияқты.

Екіншіден, кісінің назарын қайда қаратылуы жөнінде де ойлану керек сияқты. Өйткені:

1. Айтайын деген сөзімізге;

2. Кімге арналғанын;

3. Бір ойға қаратыла айтылғанын;

4. Айтылған ойдың кімге, неге айтылғандығы сияқты

әр түрлі айтылады. Мысалы: Ей, Асан, сен бері қарашы - дегенде негізінен "Асан" және "сен" сөзі негізгі объекті болуы тиіс.

Үшіншіден, барлық ережелерде қанша адамның назарын аудару туралы сөз болмайды да, тек С. Аманжолов, А. Әбілқаевтардың мектеп грамматикасында ғана "айтайын деген сөзімізге бір немесе бірнеше адамның" деп олардың сандық көлеміне де назар аударылады.

Қаратпа сөздердің жасалуы көбіне дара сөздер арқылы өте мол. Ал олардың сөз тіркесі, сөйлемдік түрлері де бар болғанымен, олардың жеке сөз түріндегі түрлеріне қарағанда аз. Сонда олардың сөз тіркесімен сөйлемдік түрлеріне сандық құбылыс ойша сөз бола бермесе керек. Ал жеке сөздерді қаратпалардың өзі дара, көптік жалғауы арқылы да келе бергенімен, олардан бірнеше қасиеттерді айту қиындау. Ал қаратпалардың қолданылуында Р.Сыздықова көрсеткеніндей "Кәкітай, Дәрмен, Мағаш! Мұнда келіңдер! - сөйлеміндегі бірнеше айтылғанымен, оларда көптік мән болғанымен, бірыңғай қолданылған. Әрқайсысы жеке-жеке айтылуы тиіс. Бұлайша бірнеше есімнің бір қаратпа ретінде келуі сирек те. Сондықтан да "бір не бірнеше адамның" демей ақ басқаның назарын аудару үшін деп айту орынды болар еді.

Төртіншіден, қаратылатын сөз, сөз тіркесі деп қана айту жөн болар деп білеміз. Өйткені, сөйлемдік деп айту қаратпаның ол түрінің әлі біріншіден, толық қалыптаса қоймағандығын ондай қаратпалар да таза сөйлемдік қасиеттер басшылыққа алынуы керек. Екіншіден, ондай түрге қатысты әзірше көлем жағынан да өте аз. Сондықтан сөзді, сөз тіркесі деп алу барынша орынды. Үшіншіден, тек Р.Сыздықованың ережесінде ғана жанды, жансыз заттың деп арнайы көрсетілсе, ал басқаларында олай нақтыланбайды. Бірақ, М. Балақаев, Р.Әміров т.б. еңбектерінде жансыз (домбыра, Қаскелең) т.б. қаратпалар айтылуы кездеседі. Оның үстіне кейде, оған қатысатын заттарды "Кім?" сұрай мен "Неге?" сұрауы да қоса алынуы сол мәселелерді толық қамтиды ғой деп білеміз. Осыған байланысты заттарды жанды, жансыз деп бөлмей-ақ, заттардың деп беру де дұрыс демекпіз.

Осы сияқты бес ерекшелік қаратпалардың ережесінің негізгі мазмұнын айқындайды.

Қаратпа сөздер туралы М. Томанов пен Т. Сайрамбаев "Қазақ тіліндегі қаратпалар" атты методикалық оқулығында да жарық көрді. Онда алдымен жалпы оқшау сөздер, олардың негізгі ерекшеліктері мен түрлері туралы айтыла келіп, қаратпа сөздер, сөз тіркестері немесе сөйлемнің синтаксистік құрамы, негізгі белгілері мәселесіне арналған. Авторлар қаратпаның табиғаты туралы айта келіп, "Қаратпа сөз арналған адресаттың назарын аудару, айтылып жатқан, айтылатын хабарға әрекетін байқау немесе сөз сөйлеп тұрған моменттегі іс-әрекетке араластыру мақсатын көздейді. Қаратпаның синтаксистік топ құрамындағы негізгі қызметі сөз арналған жақты білдіріп, сөйлеушілер арасындағы байланысты іске асыру болып табылады," - дейді.[12,125]

Ендеше, қаратпаның анықтамасы жоғарыдағы ерекшеліктердің негізінде нақтылануы тиіс. Сондықтан, "Қаратпа сөз деп сөйлемдегі айтылған ой назарының кімге, неге арналғандығын білдіру үшін қолданылатын сөз, сөз тіркесін, сөйлемді айтамыз".

Қазақ тілінде сөйлемдегі оқшау сөздердің берілу жолдары дегенде тіліміздегі қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің жасалу жолдары туралы сөз болады. Қазақ тілінде қаратпақызметінде көбінесе кісінің аты-жөні, туыстық немесе қоғамдық қатынаста қолданылатын жалқы есімдер атау септігінде немесе көптік, тәуелдік жалғауларымен келіп қолданылады. Көркем әдебиетте жансыз зат есімдер жанды заттың баламасы ретінде субстантивтенген басқа сөз таптары да қолданылып, олар құрылымы жағынан жалаң , күрделі, жайылма болып келеді. Біреуге жылы лебіз білдіру үшін немесе жасы кішіге айтылатын сөздер қазақ тілінде қозым, қалқам, сәулем т.б. сөздер І жақ тәуелдік жалғауымен қолданылады. Үлкенге құрмет көрсету үшін қазақ тілінде жалқы есімдерге -еке, -ке, -қа тұлғаларын тіркестіріп білдіруге болады. Қазақ тілінде кішіге ізет ретінде қолданылатын -ш, -қан, -тай, -жан жұрнақты сөздер арқылы беріледі. Қазақ тілінде әдеп, ізеттілік үшін әлеуметтік мәнде қолданылатын сөздер -й жұрнағымен беріледі.

Оқшау сөздер мағыналары мен грамматикалық белгілеріне қарай қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөз деп үш түрге бөлінеді.

Қаратпа сөз - сөйлем мүшесі болып есептелмейтін оқшау сөздердің бірі. Сөйлем арқылы біреуге арнай айтылатын ойдың, хабардың кімге, неге арналғанын (адресатын) дәлдеп білдіру үшін жұмсалатын сөз не сөз тіркестері қаратпа сөз деп аталады. Кел, балалар, оқылық! Арылма, өлең, арылма. Домбырам, күйден жаңылма. Қаратпа сөз өзі тұрған сөйлемнің мазмұнына белгілі мағыналық байланыста болады да, бірақ сол сөйлемдегі басқа сөздердің ешқайсысымен синтаксистік байланысқа түспейді. Мысалы: Ой, Бәтес мұның не? Естіп тұрсын ба, Сұлтеке мына баланың сөзін? Өзің біл, балам. Бұл сөйлемдердегі Бәтес, Сұлтеке, балам дегендер қаратпа сөздер. Олар сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, сол себепті интонация жағынан да басқа сөздермен жекеленіп, оқшау айтылып тұр. Бұл сөздердің сөйлемде атқарып тұрған қызметі - айтылған ойдың кімге, неге арналғанын, бағытталғанын көрсету ғана. Қаратпа сөз қызметінде көбінесе жалқы есімдер, туыстық қатынасты білдіретін зат есімдер және кейбір эмоциональді мәнді есім сөздер жұмсалады [13,73]. Олар көптік, тәуелдік жалғауларында атау септігінде де келе береді: Элиза, мықты едің ғой.Шыда! Саржан аға, мен сізді бір көрсем де, ұмытқан жоқпын. О не дегенің, қарағым-ау! Апа, мен ауылға қайтпаймын. Айналайын, жиен-ай, тура қарашы, құлыным.

Сөйлемде қаратпа сөз атау тұлғасында тұрады. Қаратпа сөзді атау тұлғалы бастауыштан ажырататын мынадай белгілер бар: - Қаратпа сөз атау тұлғалы болғанымен, оның сұрағына жауап бермейді. - Сол сөйлемдегі бірде-бір мүшемен грамматикалық байланысқа түспейді. - Сөйлемдегі басқа сөздерден интонация арқылы оқшауланып айтылады. Мысалы: Назыкеш, біздің қосты артқан түйені алып қалшы, қалқам (Назыкеш,қалқам сөздері - қаратпа). Ал сөйлемнің бастауышы-сен. Назыкеш Жабайдың аузына шалап тосты. (Назыкеш - сөйлемнің бастауышы). Қаратпа сөз әсіресе лепті, бұйрықты, сұраулы сөйлемдерде жиі қолданылады және осындай қаратпалы сөйлемдерде бастауыш көбінесе айтылмайды. Қаратпа сөз негізінде зат есімдерден болады. Кісінің аты-жөні болатын сөздер мен соның орнына қолданылатын басқа жалпы атаулар, жануарлар аты, ал поэзияда жансыз деректі, дерексіз ұғымдарды білдіретін есімдер де қаратпа сөз болып қолданылады. Мысалы: Қарағым-ай, тұршы тезірек. Қорықпа, бейшара! Күнім-ау, не істегелі жүр едің? Кәне,бәле, әкел қолыңды! Өзгеге көңілім тоярсың. Уа, туған жер, аша бер құшағыңды! Уа, дүние-ай, қанат бітіп, құс боп ұшсам. Қаратпалар сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да келе береді. Бірақ олар сөйлемнің қай жерінде тұрса да сөйлемдегі сөздермен байланысқа түспей (салалас, сабақтас), өз позициясын оңашалағыш және грамматикалық дербестігін сақтайды да сөйлем мүшесі бола алмайды. Көтеріңкі әуенмен айтылғанда көбінесе одағайлар қосылады: О, жарқыным, әнің тамаша екен! Қаратпалар кейде бағытты атап қана қоймай, айтылар ойдың алуан түрлі қорқу, жеку, қуаныш, сыйлау т.б. мағыналық қырларын көрсетеді. Яғни, ойға экспрессивті- эмоциональды мағына үстейді: Қарағым-ай, сен бе едің?! - деді Күңше. Мұндай мағыналық қырларды беруде интонация ерекше рөл атқарады. Қаратпа сөздердің стильдік қызметін ашып, айқындайтын амал ретінде жұмсалады. Қаратпалар диалогта, шешендік сөзде, үндеулерде, көркем әдебиетте, әсіресе, поэзияда өте мол қолданылады. Нақтылық мағына беру үшін іс қағаздарында да жиі кездеседі. Қаратпа сөз жеке бір сөзден де, сөз тіркесінен де болады және бірыңғай боп та келе алады. Мысалы, Иә, сәлем қайда, Бүркіт? Сақтаған, Нұрбек, сендер өз үйлеріне баратын шығарсыңдар? Күрең ат, жабырқама, арқаң босар. Қаратпалар құрылымы жағынан дара және күрделі болады. Бір сөзден болғандары дара, бір немесе бірнеше сөз тіркесінен жасалғаны күрделі болады [14,33]: Қымбатты достар, сөзімді сіздерге арнаймын! Тыңда, - дала, Жамбылды. Күрделі қаратпалар дараланған нақты ұғымды, дара қаратпалар тұтас жалпы ұғымды беруге ыңғайланған: Жолдастар, ертең клубта жиналыс болады. Аңсаған менің арманым, жеттім бе бүгін шегіне!

Қазақ сөз әдебі қорындағы қаратпалар сан жағынан алғанда аса мол, түр жағынан алғанда сан алуан. Олардың, негізінен, туыстық қарым-қатынасқа, таныс-бейтанысқа және әлеуметтік жікке байланысты айтылатын түрлері бар. Бір алуан сөздер өзінің тілдегі кәдімгі қызметінен тыс жүк арқалап, сөз саптауда қаратпаға көшеді.Олардың аражігін балаға түсіндіріп, орынды қолдануға үйрету керек. Мысалы, екінің бірі күнде қолданатын «әке» сөзін алайық.Ол, бірішіден, «балалы болған ер адам» дегенді білдірсе, екіншіден, баланың әкеге қарап айтатын қаратпасы.Ал, үшіншіден, әке сөйлеу тілінде өзінен жасы кіші адамға «қарағым, шырағым» деген мағынада айтылатын қаратпа. Туыстық атауларды мағынасына қарай дұрыс қолдану қажет екенін балаға жастайынан үйретіп, дағдыландыру керек. Себебі, жас өсіп келе жатқан сәби, біріншіден, кімнің кім екенін ажырата алады, екіншіден, баланың сөз әдебін қалыптастырады. Қазақ тіліндегі туыстық атауларды мағынасына қарай былайша топтап қарастыруға болатын сияқты:

1) Әке жағынан қандастық туыс атаулары: әке, шеше, аға, апа,әпке, әпше, тәте, іні, қарындас, сіңлі, баба, ата, әже, немере, шөбере, немере аға, немере апа, немере қарындас, немере іні, немере сіңлі, шөбере аға, шөбере іні, шөбере апа, шөбере қарындас.

2) Шеше жағынан қандастық туыс атаулары: нағашы, нағашы ата, нағашы әже, нағашы әпке, нағашы аға, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар. 3)Некелік қатынасқа байланысты атаулар: жезде, жеңге, нағашы жеңге, нағашы жезде.

4) Құдандалыққа байланысты туыстық атаулар: құдаша, құда бала, құдағи, құда.

Бұл атауларды үйретуіміздің басты себебі жоғарыда айтып өткеніміздегідей туыстарымен қалай туысатынын біледі және қазіргі кездегі қалыптасқандағыдай аға, апай дей бергеннен гөрі осындай туыстық атауларды қолданса, енді бір жағынан жеті атаны білу ұғымымен де байланыстыруға болады және баланың тіл байлығы байиды. Бұл сөздер арқылы біз тек сәбидің тіл байлығының  дамуына ғана әсер етпей, оның жеке тұлға болып қалыптасуына да өз деңгейінде жағдай жасаймыз. Дәл қазір қалада тұратын қазақтар түгелдей әкесін папа, шешесін мама деп атайды. Аудан мен ауылдар, қыстау мен қыстақтарда тұратын қазақтардың арасында да бұл «көрсеткіш» тым жоғары. Тіпті шалғай ауылдардың тең жартысы «мама»мен «папаға» бауыр басып алғанын өз көзімізбен көріп, өз құлағымызбен естіп те жүрміз. Мұның сыртында туған әкесін «батя», іні- қарындастарын «братишка», «сестренка», ата-әжесін «дед», «бабуля» дейтін қазақтарда қисап жоқ. Ал осындай этикет нормаларының бұзылуы оның адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеу қызметіне нұқсан тигізеді. Осының салдарынан адамдар арасында   түсінбестік пайда болып, ынтымақ, бірлік, сыйластықтың аса маңызды сапалары әлсірейді. Тіпті ұлттық санаға да іріткі түсе бастайды.

Халықтың жан дүниесінің, ұлттың ұлттылығының бір көрінісі-туыс атаулары. Бұлар-бізге ата-бабаларымыз тастап кеткен  қасиетті тілдік ескерткіштер ғана емес, сонымен бірге әрбір жеткіншектің санасын ұштайтын ұлы ұғымдар. «Әкемен», «апамен» тілі шыққан сәби ерте бастан өзінің  осы сөзді тудырған халыққа қосақтаулы, осы сөзді дүниеге әкелген ұлтқа байлаулы екенін сезініп өтеді.

Өз ана тілінде апа, әке деген ыстық сезімге бөлейтін, адамның жан- дүниесін елжірететін сөз тұрғанда сәбидің аузына бөгде тілдің бөтен сөзін салып, құлағына сіңіре бастайтын өзіміз екенбіз.

Эмоциональды — экспрессивті бояулы тілдік бірліктерді көбірек қолдансақ сәбидің жүрегіне мейірім ұялатуға болады. Көбінесе кішірейту, еркелету мәнінде жұмсалатын -еке, -жан, -шым, -шім, -тай тәрізді экспрессивті қосымшалары жақсы көру, ерекше құрметтеу мағынасында жұмсалады: әкежан, әкетай, әкешім, әкей, ағеке, ағажан, ағашым, ағатай, ағай, шешежан, шешетай, көкежан, көкешім, көкетай т.б. Баланың, әсіресе, кішкентай сәбилердің жан сезіміне жақсы әсер етіп көңілін марқайтатын сөздер, тілдік амал — тәсілдердің тағы бір алуаны қозым, ботам, құлыным, ботақаным, қоңыр қозым, ақботам, айым, күнім, жұлдызым, шырағым, сәулем, жарығым тәрізді тәуелдік жалғауымен айтылатын қаратпалар деуге болады. Олар — эмотивтік қызметі аса күшті этикеттік құралдар. Ана нәрестеге ақ сүтін бере отырып, қозым, ботам, деп еміреніп отырады. Эмоциялық әсері күшті бұл қаратпалар, біріншіден, ана мен бала (сәби) арасында қарым — қатынас орнату үшін аса қажет. Адамның тынысы жан тұрмысына байлаулы. Жан шат болса, дауыс та шат болады. Қысқасы, ана баласының қасында үндемей отыруы дұрыс емес. Ана нәрестеге ақ сүтін бере отырып, оны алақанымен сылап — сипайды.  «Қарды қылау өсіреді, баланы сылау өсіреді» деген мақал осы жайтты аңғартады. Сезу мүшесіне әсер ететін ананың аялы алақаны, көру мүшесі арқылы көңіл — күйге әсер ететін ананың жылы жүзі қандай қажет болса, ананың айналып — толғанып айтатын қозым, ботам, құлыным деген жүрекжарды сөздері сондай қажетті құрал. Адамның болмысын, мінез — құлқын, бір — бірімен сан алуан қарым — қатынасын жан исіндіретін жақсы сөз жөнге салып отырады. Сондықтан осындай амал — тәсілдерді қолдану арқылы балаға жастайынан өзге адамдарға аялы алақан, жылы жүз, жақсы сөз сыйлауға үйрету керек.  «Жақсы сөз жарым ырыс», «Жақсы сөзге жан семіреді» деген даналық нақылдар өмірдің шындығынан, бала тәрбиелеудің халықтың көп жылдық тәжірибесінен сомдалған сөздер.

Қаратпа, оның түрлерінің қай сөз таптарынан жасалуы туралы түрліше көзқарас бар. А. Байтұрсынов және 1939 ж. А. Байтұрсынов қаратпаға төмендегіше сипаттама береді: "Бұл айтылған сөйлем мүшелерінен басқа сөйлем маңайында жүретін бұратана сөздер болады [15,87]. Ол бұратана сөздер екі түрлі. Бір түрі - сөз арасынан керек жерінде қыстырыла айтылатын сөздер. Бұлар қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер сөйлем ішіндегі басқа сөздермен үйлеспейді, байланыспайды. Алып тастағанда орны ойсырап қалмайды. Екінші түрі сөз бетін біреуге қарата, қадап сөйлегенде айтылатын сөз. Бұлар қаратпа сөз деп аталады. Бұлар да сөйлем ішіндегі басқа сөздермен үйлеспейді, байласпайды. Қызым, саған айтамын, келінім, сен тыңда! Сөз тыңдаңыз, әлеумет! Әй, Әлжан, қайда барасың? Құдай, оңда. Оңға баста... Мұнда қаратпа сөз болатындар: "қызым", "келінім", "әлеумет", "Әлжан", "құдай", өйткені сөз беті соларға қаратылып айтылып тұр.

Мектеп грамматикасында С.Аманжолов, Р.Сыздықова олардың қай сөз таптарынан жасалатынына тоқталмаса, С.Аманжолов " Ғылыми синтаксисінде" олардың зат есім, одағай, сілтеу есімдіктерінен, онан кейінгі еңбектерінде оларға заттанған сын есім, есімшелерді қосады. Н.Сауранбаев, М.Томанов, Т.Сайрамбаев, М.Серғалиевтер тек зат есімнен жасалғанын атаумен шектелсе, проф.Р.Әміров оған сын есім, одағайларды қосады. Басқа ғалымдардан, А.Н.Кононов тек зат есімнен ғана жасалуын көрсетсе, Е.И.Убрятова оған есімдікті қосады. Орыс тілінде "Русская грамматика" еңбегінің авторлары зат есім, сын есім, есімшені көрсетеді. Сонымен қатар, қазақ тілінде қаратпа сөздер ғана зат есім, заттанған сын есім, есімше, одағай, еліктеуіш, сөз таптарынан жасалатыны белгілі болып отыр. Бірақ олардың ондай кездегі қолданылуы дәрежесі әр түрлі.

С.Аманжолов "Ғылыми синтаксис" еңбегінде қаратпаларды бір сөзден, сөйлемнен, оның соңғысын одан әрі толықтауышы, анықтауышы бар сөйлемнен де құралады дегенмен, сөз тіркесі тұрғысынан түсінген жөн. Н.Сауранбаевтың дара және тіркес сөздер деп беруін сөз тіркесі тұрғысынан түсіну оңай. Қаратпаларды М.Балақаев, Р.Әміров, М.Томанов, Т.Сайрамбаевтар үшке бөліп қарастырады[16,47]. Соңғы пікірді бізде қолдаймыз. Сонымен қаратпалар сөз, сөз тіркес, сөйлем түрінде беріледі. Осыларға қоса, біз айқындағышты қаратпалар да жеке қаралуы тиіс деп білеміз.

Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде қаратпаға мынадай түсініктеме беріп өткен: "Қаратпа сөз - сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі. Қаратпа сөздер сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей,ерекше әуенмен айтылады, сөйлеушінің көңіл-күйін, модальдықты білдіреді. Қаратпа сөз болатын: жалқы есімдер, туыстық атаулар, эмоциональдық мәнді сөздер, көркем әдебиетте жан-жануарлар, жер-су атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе одан кейін үтір, не леп белгісі қойылады, ортасында келсе, оның алдынан үтір қойылады. Мысалы: Балам, жөніңді айтшы. Бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңнен істедің бе?-деді. (М.Әуезов).

Практикалық қазақ тілі оқулықтарында да қаратпаға түсініктеме беріп өтеді. Мәселен, сөйлемде сыртқы тұлғасы жағынан бастауышқа ұқсас сөздер болады. Солардың бірі - қаратпа сөздер. Қаратпа сөздер - басқа біреудің назарын аудару мақсатымен соған қаратыла айтылған оқшау сөздердің бір түрі. -Раушан-ау, Мариямнан айырылып қалыппыз ғой! (Б.М.) Бұл жердегі қаратпа сөз басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Сөйлем мүшесі болмайды.

Қаратпа сөздердің сөйлемдегі орны әрқалай. Егер сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір, ортасында келсе, үтір екі жағынан қойылады. Қаратпа сөздер, көбінесе, кісі аттарымен, туыстық қатынасты білдіретін сөздерден, адамның кәсібіне, жынысына, жасына байланысты сөздерден болады. Сондай-ақ, үй хайуанаттарының аттары, жер-су, қала аттары, тіпті, жалпылама дерексіз сөз де, кейде қаратпа сөз ретінде жұмсала береді.

Сөйлемдер мазмұны тек пікір білдірумен тынбайды. Сөйлем пікірді сөйлеушінің түрлі эмоциясын қосып айтатыны белгілі. Мұнымен бірге сөйлемнің мазмұнына тыңдаушыны үндеу, яғни, оның назарын сөзге аудару, контекст жасауда кіреді. Осыған орай К.Бюлер тіл үш түрлі қызмет атқарады дейді. Ол қызметтер мыналар: пікірді хабарлау, эмоцияны білдіру, үндеу. Үндеу сөз жоқ, тілдің қосымша атқаратын қызметі, пікірді хабарлау. Үндеу осы пікірді хабарлау, тыңдаушыға жеткізу нәтижелі, анық болу үшін жәрдемдеседі.

Үндеу қызметін атқаратын сөздер сөйлем құрамына қыстырма компонент рөлінде қатыстырылады. Қыстырма компонент рөлінде қаратпа сөздер және тыңдаушының назарын аудару үшін қызмет ете алатын, оның атына айтылатын пікірге байланысты ассоциация тудыруға жәрдемдесетін сөздер жұмсалады.

Қаратпа сөз - үндеу амалының бірі. Қаратпа рөлінде жиі жұмасалатын сөздер бар. Олар мыналар:

1.Жалқы есімдер.

2. Туыстық қатынасты білдіретін сөздер (бөле, құда). т.б.

3. Кісілерді жас, жыныс, әлеуметтік ерекшелігіне қарай атайтын (батыр, жігіттер т.б.) сөздер.

4. Лақап атын білдіретін сөздер (төрежан, тетелес т.б.).

5. Қаратпа сөз рөлінде тілек істі білдіретін зат есім, сын есім сөздер эмоцияны білдіретін басқа д сөздер жұмсалады. Әй, өркенің өскір, айтар сөзіңді ашып айт.

6. Одағай сөздер. Ау, сен неге жайластың (Б.М.).

Қаратпа сөздер анықтауыш, айқындауышты қатыстырып іргесін кеңейте алады. Қаратпа сөздер сөйлемнің коммуникативтік талабына сай мағыналық өң алады, сонысына сай лексикалық, грамматикалық, интонациялық түр алады. Ол бірде сөздерді қатал, суық, сұсты етіп көрсетуге қызмет етсе, бірде сыпайылық, эмоциялықты білдіру үшін қызмет етеді. Мұндайда ол өзіне түрлі демеулік сөздерді үстейді. Кісі атын білдіретін жалқы есімдер тәуелденіп, қаратпа сөздер ретінде жұмсалғанда, сөйлеушінің үстем, өктем, кексіп сөйлеуін білдіреді. Қаратпа сөздердің осылай жұмсалуы әсіресе мына қаратпа сөзден айқын көрінеді. Тәуелділік жалғаудың бұл тәрізді синтаксистік қызметі бастауыш мүше құрамынан да байқалады. Қаратпа сөздер сөйлем құрамына негізгі қызметке қоса актуализация үшін де жұмсалатыны бар. Бұл әсіресе оның орын тәртібіне байланысты. Қаратпа сөздердің орны көп жағдайда сөйлемнің ой екпінін түсіретін мүшесінің жанында болады. Осы тәрізді қосымша қызметі жүктелуіне байланысты бір сөйлемде бір емес, бірнеше қаратпалар қоса енгізіледі. Мұндайда қаратпа сөздердің біріншісі үндеу үшін қызмет етсеғ екіншісі актуализация міндетін атқару үшін енгізіледі. Кейде екі қаратпа сөздің бірі үндеу үшін жұмсалып, екіншісі сөзге сипаттылық жіне ажарлық үстеу үшін де енгізіледі.

Қаратпа сөздердің жұмсалуы кейде үндеу қызметінен гөрі, поэтикалық әсер туғызуға байланысты болады. Куә бол, айым, куә бол, Алатауым! Бұл сөйлемдегі қаратпа сөздер тыңдаушының назарын аудару үшін жұмсалып тұр деп ешкім де айта алмайды. Қаратпа сөздің поэтикалық мақсатта жұмсалуына бірнеше жыр-дастандарды мысалға келтіруге болады.

Қаратпалар кейде бағытты атап қана қоймай, айтылар ойдың алуан түрлі қорқу, жеку, қуаныш, сыйлау т.б. мағыналық қырларын көрсетеді. Яғни, ойға экпрессивті-эмоциональды мағына үстейді. Мұндай мағыналық қырларды беруде интонация ерекше роль атқарады. Қаратпа сөздердің стильдік қызметін ашып, айқындайтын амал ретінде жұмсалады. Қаратпалар диалогта, шешендік сөздерде, үндеуде, көркем әдебиетте, поэзияда өте мол қолданылады. Нақтылық мағына беру үшін іс-қағаздарында да жиі кездеседі.

Қаратпалар құрылымы жағынан дара және күрделі болады. Бір сөзден болғандары дара, бір немесе бірнеше сөз тіркестерінен жасалғаны күрделі болады. -Қымбатты достар, сөзімді сендерге арнаймын. Күрделі қаратпалар дараланған нақты ұғымды, дара қаратпалар тұтас жалпы ұғымды беруге ыңғайланған.

Қаратпа сөз тіркесі туралы айта кетсек, ол - сөз тіркесі, бірақ олардың сөйлемдегі сөз тіркестерінен айырмашылықтары бар. Сөйлемдегі сөз тіркестері, біріншіден, бір-бірімен байланысты, өйткені сөйлемдегі сөз тіркесінің басыңқы сыңары өзінен кейінгі сөзге бағыныңқы сыңарда жұмсалады. Екіншіден, оның басыңқы сыңкарындағы жалғаулары бағыныңқы сыңармен байланыста болуы қажет емес, өйткені ондағы жалғау басынқының өзінен кейінгі сөзге басыңқы кезінде ғана байланысу формасын айқындау үшін қажет. Үшіншіден, ондағы сөз тіркестері әрі есімді, әрі етістікті түрде келсе, керісінше, қаратпа сөз тіркесінің тек есімді түрі ғана болады. Төртіншіден, олар шектеулі, сөйлемдегі басқа сөздермен байланыста бола алмайды. Бесіншіден, бұлардың басыңқы сыңардағы жалғаулары да тұрақты, сондықтан ол оның тұлғалық көрсеткіші ретінде алынады. Алтыншыдан, егер сөйлемдегі есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарлары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше, үстеулер болса, қаратпа сөз тіркесіне оның бәрі қатыса бермейді. Қазақ тілінде қаратпа сөз тіркесі туралы С.Аманжолов, Н.Сауранбаев еңбектерінде кездеседі. М.Балақаев 1954 жылғы академиялық грамматикасында қаратпа сөз тіркестерін анық көрсеткен. Р.Әміров "Қаратпа сөздер анықтауыш, айқындауышты қатыстырып, іргесін кеңейте алады" деп олардың күрделі түрлеріне тоқталған. Осы сияқты пікірлерді Ғ.Әбуханов, М.Серғалиев, М.Бимағанбетов еңбектерінен кезіктіреміз. Әрине, ол еңбектерінде тек жалпы мағлұмат беріледі де, оның бағыныңқы, басыңқы сыңарлары талданып жатпайды. Қаратпа сөз тіркесі дегеніміз сөз тіркесі, бірақ одан жаңа сөз тіркесі туындамайды. Сол қалпымен біреудің назарын аудару үшін қолданылатын қаратпа сөз тіркесінің орналасуы, мағынасы, байланысу тәсілдері, синтаксистік қатынасы жағынан да әдеттегі сөз тіркестеріне қарағанда ауқымды емес. Әсіресе, жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің интонациялық жағы онша еленбесе, қаратпа сөз тіркесінде интонациялық қарқын әлдеқайда басым. Қаратпа сөз тіркесінің байланысу формаларынан қабысу, матасу түрі ғана бар. Олардың басыңқы сыңары ретінде зет есім, заттанған сын есім, сан есім, есімдік сөз таптары болады.

Қаратпа сөз бен қаратпа сөз тіркестеріне қарағанда қаратпа сөйлемдер біріншіден, аз. Екіншіден, қаратпа сөйлемдер деп ідеттегі сөйлемдердегі барлық қасиеттерді іздеу қиын. Үшіншіден, қаратпа сөйлемдер көбіне есімді болып келеді. Төртіншіден, қаратпа сөйлемдерді сөйлемдік дәрежеге жеткізуде демеулік шылаулардың да қызметі баршылық. Қаратпа сөйлемдер былайша жасалады:

Жеке баяндауыш арқылы: Құрымбай деймін, әңгіме айтшы!

Бастауыш пен баяндауыш жалаң сөйлем арқылы: -Ие, қалайсың достым, шаршап қалған жоқсың ба? -деп сұрады күйеуі. (Л.Н.Толстой).

Кейде бастауыш пен баяндауыш арқылы: Қатаң күндегі, жан серігім-анам, үнсіз тоғай ішінде жалғыз өзің сарғайып күтіп отырсың ғой мені (Б. Полевой).

Күрделі бастауыш+күрделі баяндауыш арқылы. Жас жұбайлар-жас отау, құтты болсын тойларың ("Сүйінші" кітабы).

Кейде баяндауышқа одағайларың тіркесуімен тиянақтылық мән пайда болу арқылы: Өзіңде өші қалағандай, кей тіл зәрін төгеді, жаны жақсы Ақа-ау, қасың қайндай көп еді (Жұлдыз).

Сөйлем арқылы біреуге арнайы айтылатын ойың, хабардың кімге, неге арналғанын (адресатын) дәлдеп білдіру үшін жұмсалатын сөз не сөз тіркестері қаратпа сөз деп аталады. Кел, балалар оқылық! (Ы.А.)

Қаратпа сөз қызметінде көбінесе жалқы есімдер, туыстық қатынасты білдіретін зат есімдер және кейбір эмоциональды мәнді есім сөздер жұмсалады. Олар көптік, тәуелдік жалғауларында атау септігінде де келе береді: Элиза, мықты едің гой. Шыда! (Ә.Н.). Саржан аға, мен сізді бір көрсем де ұмытқан жоқпын. О не дегенің, қарағым-ау!(Х.Е.). Апа, мен ауылға қайтпаймын (Ғ.М.). Айналайын, жиен-ай, тура қарашы құлыным (Ғ.М.).

Қаратпа сөйлемнің басында да, өз позициясымен оңашаланғым және грамматикалық дербестігін сақтайды да сөйлем мүшесі бола алмайды. Көтеріңкі әуенмен айтылғанда көбінесе одағайлар қосылады: О, жарқыным, әнің тамаша екен!

Қаратпалар ерекше шақыру интонациясымен айтылады. Оладың әсіресе қүшті болатын жері-қаратпаның сөйлемнің басында бұйрықты, лепті сөйлемдерге келгенін де: -Нұрым, ә Нұрым! Үйде бармысың, Нұрым!-деді.

Қаратпалардың тыныс белгілерін сөз ететін болсақ, бұл мәселе олардың сөйлемде орналасуына қарай айтылып жүр. Сөйлемнің басында айтылуына қарай леп белгісі, үтірмен беру басым. Сөйлемнің ішінде екі жағынан үтір, ал сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Осы принцип қаратпа сөз, сөз тіркесі, сөйлемге де тән. Оларға байланысты жаңа тыныс белгісі берілмейді. Бірақ кейде сөйлемнің басындағы қаратпалардан кейін нүкте қоюда орын ала бастады. Мұндағы қиындық, қаратпалардың одағай, демеулермен қабаттасуы және бірыңғай түрлерінде іштей ерекшелік те баршылық болғандығынан. Одағайлар да әрі үтір, әрі леп белгісі арқылы жазылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]