Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссертация Сатыбалдиева Алуа.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115 Кб
Скачать
☆

Шартты белгілер мен қысқартулар

Бұл диссертацияда келесі шартты белгілер мен қысқартулар:

пайдаланылды:

AICPA

American Institution of Certified Public Accountants;

FASB

Қаржылық есеп стандарттары бойынша комитет (Financial Accounting Standards Board;

GAAP

Generally Accepted Accounting Principles;

GASB

Мемлекеттік органдар үшін есеп стандарттары бойынша комитет Governmental Accounting Standards Board

SEC

Бағалы қағаздар мен биржалар бойынша комиссия;

АҚ

Акционерлік қоғам;

АҚШ

Америка Құрама Штаты;

БЕС

Бухгалтерлік есеп стандарттары

БКҚ

біріктірілген корпоративтік құрылым;

БӨА

Баяу өткізілетін активтер;

БП

Бөлінбеген пайда;

БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымы;

ЕК

Европалық кеңес;

ЖШС

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

ҚЕХС АХС

қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары;

Аудиттің халықаралық стандарттары;

ҚМА

Қысқа мерзімді активтер;

ҚММ

Қысқа мерзімді міндеттемелер;

ҚР

Қазақстан Республикасы;

ҰМА

Ұзақ мерзімді активтер;

ҰММ

Ұзақ мерзімді міндеттемелер;

ЭЫДҰ

Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы

Кіріспе

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуімен байланысты қаржы шаруашылық қызметтің ақпараттарының дұрыс нәтижелері, ұйымдастырылуы және тәуелсіз аудиторлардың заңға сәйкес жұмыс атқаруы, олардың атаулы қызметке дайындығы, яғни жұмысты жүргізе алатындығы, кәсібі, тәжірибесі қажет етіле басталды. Кәсіби аудиттегі қажеттіліктер көптеген жағдайлардың өсуімен сипатталады:

  • кәсіпкерліктің дамуы мен капиталдың өсуіне ықпалы;

  • дамушы ұйымдардың өзін-өзі басқаруына ұмтылысы;

  • экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, кредиторлардың салымдарының сақталуына кепілдік беруге жағдай жасау қажеттіліктері;

  • компанияның операциялары сан алуан түрлі және қиын болуы мүмкін, қолданушылар өз бетінше ақпаратты ала алмайды, сол себептен аудиторлардың көмегіне мұқтаж;

  • қаржылық ақпаратты қолданушылар әдетте компанияның есептік жазуына іліге алмайды, себебі олар қажетті тәжірибемен қамтылмаған;

  • қолданушылардың қабылдаған шешімдерінің нәтижелері олар үшін өте маңызды болуы мүмкін және аудиторлар арқылы алынған дұрыс әрі толыққанды ақпарат олар үшін өте қажет.

Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі меншіктің әртүрлі нысандарының пайда болуы, еліміздің экономикасының стратегиялық салаларында жекешелендірілген ұйымдармен тиімді басқару мониторингін жүзеге асыру экономикалық бақылау жүйелері механизміне түпкілікті әсер етті.

Қазіргі кезде, нарық жағдайында ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметін бақылаудың маңызды, сонымен қатар перспективті және тиімді түрі – тәуелсіз аудит. Тәуелсіз аудит өз қызметін келісім шарт негізінде тапсырыс беруші клиенттің, ал кейбір жағдайларда бюджет есебінен жүзеге асыратын аудитормен, аудиторлық ұйымдармен жүргізіледі.

Кәсіпкерлік ұйымдардың қызметін аудиторлық тексерудің басты мақсаты олардың қаржылық есебінің көрсеткіштерінің дұрыстығын растау (бекіту).

Нарық жағдайында ұйымдардың қызметінің нәтижесі және қаржы жағдайы туралы ақпарат әртүрлі пайдаланушылардың көңіл қоятын мәселе болып табылады. Барлық келісім-шарт жасаушылар негізделген шешім қабылдау үшін өз серіктері туралы дұрыс ақпарат алуға және пайдалануға тырысады. Сонымен қатар, ұйымдардың қызметінің нәтижесі туралы ақпаратты және олармен заңдылықтардың сақталуын тәуелсіз растау мемлекетке экономика және салық салу саласында шешім қабылдау үшін қажет. Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп боғандықтан әртүрлі ұйымдарды тексеретін аудиторлар қаржылық есеп берудің дұрыстығына аудиторлық дәлелдер және кепілдемелер, бизнес-жоспарлардың жобаларын, өндірісті жетілдіру, шығындар, қаржы жоспарларын жасау және қызметті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды жүзеге асыру тиянақты ақпаратын алу үшін тексерудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдана білуі керек.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты - аудиторлық қызметтің тиімділігін және әрекеттілігін арттыру бойынша теориялық сұрақтар құрастыру және кепілдемелер (ұсыныстар) беру болып табылады.

Мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды :

  • аудиторлық қызметті жүргізу тәртібін зерттеу және оны нарықтық экономиканың талаптарына сай жетілдіру:

  • аудиторлық қызметтің іс жүзіндегі жүргізу тәртібін зерттеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; нарықтық экономиканың талабына сай қаржылық есеп берудің аудитінің әдістемесін құрастыру;

  • қаржылық есеп берудің аудитінің әрекеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша кепілдемелер беру.

Зерттеу объектісі болып «ЕРКО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық есеп беруі табылады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы кәсіпорындағы бақылау мен аудитті дамыту бойынша сұрақтарды теориялық негіздеу және практикалық шешу болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы мынадай нәтижелерінен тұрады:

  • ішкіұйымдық аудиторлық стандарттар құрастырылды;

  • аудиттің жаңа әдістемелік тәсілдеріне негізделген нақты стандарттар құрастырылды;

  • аудитті халықаралық тәжірибемен үйлестіру мақсатында интеграция міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін аудиттің ұлттық стандарттарын құрудың қағидаттары мен әдістері құрастырылды;

  • қаржылық есеп берудің аудитінің әрекеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша кепілдемелер берілді.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижесін «ЕРКО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүзеге асыру қаржылық есептің дұрыстығын арттыруға мүмкіндік береді. Ол қызметтің тиімділігін арттыру үшін уақытылы шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады.

Қаржылық есеп берудің аудитінің әрекеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша кепілдемелер дәрі өндірісінде өнімсіздік шығындар мен шығыстарды болдырмауға себін тигізеді.

1. Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері

    1. Аудиторлық қызмет сапасын ішкі ұйымдық басқару жүйесін ұйымдастыру

Аудиторлық бизнестің өсуі мен кеңеюі жағдайында, мемлекеттік құрылымнан бақылау қызметін қоғамдық (мемлекеттік) секторға қайта бөлу, ең алдымен аудиторлық ұйымдар деңгейінде жүзеге асырылуы қажет. Сапаны басқару жүйесі нақты аудиторлық ұйымның қызметін ескере отырып сапаны жоспарлаудың анықтаулы саясатын және сапа бойынша қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін сапаны бақылау процедураларын жүргізуді қамтамасыз етеді. Аудиторлық ұйымда басқару сапасының ауқымды жүйесі ережелер мен аудиторлық қызметтің нарықтағы сапасына сай болуы қажет. Аудиторлық қызметтің сапасын басқару жүйесі кешенді тәсілдер, аудиторлық қызметтің ішкі стандарттарының әдістемесі мен әдістері қағидаларына негізделген. Жүйенің негізгі мақсаты-сапаның үздіксіз дамуын қамтамасыз ету және аудиторлық қызметтің ұйымдастырушылық пен әдістемелік деңгейінде қалыптасатын тиісті сапа жоспарларының ережелеріне, стандарт талаптары мен пайдаланушылардың сұраныстарына негізделген.

Негізгі мақсатқа келесі жолдармен қол жеткізуге болады:

  • халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа және сапалы аудит қызметтерін құру және дамыту;

  • қызметтерді жаңарту арқылы аудиторлық сапа көрсеткіштерін жақсарту;

  • жаңа аудиторлық қызметтер көрсету арқылы аудит қызметінің сапа көрсеткіштерін жақсарту;

  • ескірген аудиторлық қызметті жаңа түрлерімен ауыстыру;

  • аудит стандарттарына (ішкі және сыртқы) және басқа да нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес қатаң қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету;

  • ғылымның соңғы жетістіктері мен озық технологияларды, корпоративтік тәжірибені аудиторлық ұйымдардың жұмысына енгізу;

  • аудит қызметінің басқару сапасын жетілдіру және нысандары мен әдістерін дамыту.

Аудиторлық ұйымдағы бақылау жүйесінің сапасы барлық процестерді қамтиды, яғни аудиторлық жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету қажет және де маркетингтің аудиторлық қызметінен бастап оны ұсынғанға дейін, сондай-ақ тұтынушылырға көрсеткен қызмет сапасының анализін қамтиды.яғни аудиторлық қызметтің барлық өмірлік цикл кезеңдері қаралады - «сапалы ілмек» аудиторлық қызметі. Осылайша аудиторлық қызметтің бақылау сапасының ішкі жүйесі ұйым басқарушыларының арақатынасының тиімділігін және аудиторлық ұйымның кеңсе атқарушылары мен жеке тұлғаларының аудиторлық қызметтердің қалыптасып нарықта іске асыруы. Оларға қасиеттерін беру үшін нарықтағы қолданылуын ең төменгі шығындармен қамтамасыз ету.

Қарау кезінде сапаны бақылау элементтерінің тергеуге аудиторлық қызметтер сапасын кешенді бағалау қолданылды. Аудиторлық қызметтер сапасын кешенді бағалау ұйымдағы басқару қызметінің сапалық тиімділігі интегралдық сапа көрсеткіштерімен көрініс табуы тиіс. Интегралдық сапа саясат пен рәсімдерді бағалау кезінде, басқару қызмет жүйесінің шешімімен және аудиторлық қызметтің ұсынылған нәтижелерінің қатынасы мен барлық ресурстардың шығындарын ұсыну арқылы анықталатын индикатор болып табылады.

Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпаратгізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондайақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды.

Екінші компонент - өндірістік жағдаймен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субьектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды.

Үшінші копонент бұл аудитті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзіретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білу керек және осы фактілерді бағалйтын өлшемдерді жете білу қажет. Одан тәртіптің белгілі бір нораларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап,қысым көрсетілушілікке қарсы тұра білу керек.

Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны боып табылатын фактілерді алумен бағалау жатады. Фактісіз қандайда бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің нәтижесі ретінде қабылданбайды.

Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер алдыға шығады.

Аудиттің алтыншы компоненті аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін оңайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.

Аудит қағидаттары. Аудит өзінің кәсіби қызметінде мына қағидаттарды басшылыққа алу керек: адалдық, объективтілік, кіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, нақтылық, жариялылық және т.б.

Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.

Нақтылық принципі аудиттің мақсатқа лайықты әрі уақытылы жүргізілуін білдіреді.

Жариялылық принципін сақтау қажеттілігі аудитті жүргізуге де, оның нәтижесіне де қатысты. Жариялықтың аудиттің дамуы мен аудиторлық беделін көтеруге пайдасы бар. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор.

Халықаралық аудиторлық қызметтің  нұсқауында тәуелсіз тексеру жүргізілгенде сақталуы қажет басқада принциптер аталады. Негізгі принциптердің маңызы мен оларды сақтау аудиторлықты тек жақсы жағынан ғана ұғындырып қоймай, оның қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттырады.

Концепциялар аудит теориясының бағытын белгілеп береді.

1.2 Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары

Аудиттің көкейтесті мәселелерінің бірі – оның пастулаттарынзерделеу болып табылады. Кең мағынадағы постулат - бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер.

Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады. Іргелі постулаттарды  негізге алаотырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады.

Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса маңызды болады. Батыс ғылымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р.К. Маутц және Х.А. Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар өте әйгілі болып, аудит теориясында кеңінен қолданыла басталы.

Әр түрлі ғалымдар мен маман практиктердің көзқарастарын жан жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделген постулаттар болып мыналар саналады:

1.Қаржылық есеп берулер мен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін.

2.Мүддделердің қайшы келіп қалуы ықтималдығы.

3.Верификацияның мүмкіндігі.

4.Есептеме дұрыс жасалмаған.

5.егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттілігімен реттемеленеді.

6.Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес.

7.Аудиторлардың пікірі оның мүдделеріне тәуелді.

8.Есеп беру мәліметтерінің обьективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне тікелей пропорционалды.

9.Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі мүмкін және әрдайым ақпараттылығы аз болады.

10.Аудитордың әрбір пайымдауы белгілі деңгейде иландырады.

11.Бұрынғы ақпараттың құндылығы.

12.Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау.

Осылайша, аудит саласын стандарттау және теориясын дамытудағы постулаттардың маңызы

Аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрстеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырыды.

Аудиторлық қызмет заңнан басқа стандарттармен, нормалармен және негізгі постулаттармен реттеледі.

Аудиторлық стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс тәжірибелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.

Стандарттардан айырмашылығы аудит нормалары негізгі принциптерді қарастырмайды.

Аудиторлық стандарттар мен нормалар сияқты жарияланған ресми құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқада өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін.

Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары өзара байланысты төрт тізбекті бөлімнен тұрады:

1. Негізгі постулаттары.

2. Жалпы стандарттары.

3. Жұмыс стандарттары.

4. Есеп беру стандарттары.

Негізгі постулаттар – бұл аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының қызметінің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, заңдылықтар. Олар аудиторға нақты стандарттардың белгілі бір тұста қолдануға жарамайтын жағдайында есеп берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемасы ретінде қызмет етеді.

Олардың ішінде арнайы экономикалық әдебиеттерде ең маңызды делінетін мынадай негізгі постулаттар ұсынылады:

1. тексеруші орган өз қызметінде барлық мәселелер бойынша аудиторлық қызметтің стандартына сәйкес әрекет етуі керек.

2. Аудиторлық органның еш қоспасыз өз пікірі болы және тексеру барысында пайда болатын әр түрлі жағдайларды дербес бағалаы керек.

3. Қоғамдық сала өскенде қоғамдық қаражат сеніп тапсырылған жеке тұлғаны немесе ұйымды бақылауға талап күшейеді, олардың елдің көзінше, яғни көпшілік алдында есеп беруіне және қаржылық шаруашылық опрацияларын дұрыс жүргізуіне қолдау көрсету.

4. Есеп берушілікті дамыту ақпаратты алу, бақылау жүйесінің дұрыс жүргізілуімен жетілуіне ықпалын тигізуі керек. Қаржылық есеп берулер және басқа мәліметтер мазмұнының толық болуымен формасының дұрыс болуына кәсіпорын басшысы жауап береді.

5. Басшылықпен үкіметтің тиісті органдары қаржылық есеп берулердің стандартарын таратуға кепілдеме беруі керек.

6. Есеп берулердің стандарттарын дәйекі түрде, яғни тізбектілікпен қолдану қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелері туралы дәл қорытынды жасауға өз септігін тигізу керек.

7. Ішкі бақылаудың барабарлық жүйесі болғанда ықтимал қателіктер мен бұрмаланушылық ең төменгі деңгейде азаяды. Осыған байланысты аудитор ішкі бақылау құралы қабылданған нормаларға сәйкес келмесе немесе ол мүлдем жоқ болған жағдайда  тексерілген бірлікке өз ұсынысын енгізеді.

8. Заң актілері бақылаудағы қызметтерді жан жақты бағалауда қажет болатын қолдағы бар ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін тексеруші органдарымен ревизия бірліктерінің ынтымақтастықта болуын мақсат етеді.

9. Барлық аудиторлық қызмет заң актілерімен, келісім шартпен және басқада нормативті құжаттармен белгіленетін өкілеттіліктің шегінен шықпауы тиіс.

10. Тексеруші органдар аудит технологиясын жетілдіруге және шаруашылық операцияларының заңды болуына ықпал етуі керек.

11. Тексеруші органдар аудитормен тексерілетін бірлік мүддделерінің қарама қайшы келуінен сақтануы, яғни олардың арасында жанжалға жол бермеуі керек.

12. Аудиторлық органдар зерттеу, бағалау және қаржылық есеп берудің жағдайы туралы қорытынды шығаруы жолымен тексерілетін ұйымның қаржылық қызметін аттестациядан өткізеді, шаруашылық қызметті оның қол жеткізген нәтижелерін жоспарланған межесімен салыстырып, барлық ресурс түрін пайдаланылғанын ескертіп, үнемдеу, өнімділік және тиімділік мәселелері бойынша тексеруден өткізеді.

Жалпы стандарттар – бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби орындауы үшін аудиторға қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы.

Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:

- даярлығы

- құзіреттілігі

- тәуелсіздігі

- ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жаауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.

Жұмыс стандарттары – бұл тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алатын ережелер.

Олардың құрамына мыналар кіреді:

-аудиторлық тексеруге дайындалу

-қадағалауды жүзеге асыру

- анық айғақтармен сенімді мәліметтерді жинау

- ішкі бақылаудың жағдайын бағалау

Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасымен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.

Есеп берулердің мақсаты – елеулі қателіктерге ықтимал есеп және бақылау жүйесіндегі кемшіліктердің болуына түсініктеме беру, құрылымдық кеңестер беру, болашақта аудиторлық тексерулер қандай мәнге ие болатынын анықтау.

Есеп берулерде келтірілген ақпаратар дәл әрі анық, сенімді әрі құзіретті, тәуелсіз әрі обьективті және сындарлы болып, басшылықты іс қимылмен қамтамасыз етілуі керек.

Форма бойынша есеп беруде немесе қорытынды шығаруда мекен жай, негізгі мазмұн, қойылатын қол, мөр және күні көрсетілуі қажет. Есеп берудің мазмұнында аудиттің уақытылы өткізілуі стандарттарға сәйкес келуі, заңдық негізі, мәні, сипаты, мақсатарымен ауқымы көрініс табуы қажет.

1.3 Аудиттің халықаралық стандарттарының сипаттамасы

Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдерін қамтитын Халықаралық бухгалтерлер федерециясы бар.

ХБФ аясында аудиорлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық  комитет тікелей айналысады. АХС жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келседе, ол жергілікті жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғыни одан басым түспейді.

1948 жылы Америкалық алқалы бухгалтер институты “Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарты” деген атаудағы он қаулыны мақұлдағаннан бері олар айтарлықтай өзгере қойған жоқ және олардың пайдалануын бақылау көкейтесті ету және қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және әдістік басшылықты жүзеге асырушы ХБФ арқылы Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық комитет әзірлеген АХС негізінде жатады. Осынау негіз қалаушы он принциптің мәнін кеңінен түсіндіріп беретін ХАС та олар өз көрінісін тапты.

Кейбір мемлекеттерде ХАС ты өз стандарттарын әзірлеу үшін база ретінде пайдаланса, ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекетер ХАС ты ұлттық ретінде қабылдайды.

“Қазақстандағы АХС” атты біздің нұсқамызды Халықаралық аймақтық бухгалтерлер федерациясымен Евразия аудиторлары барлық ТМД елдеріне негіз етіп алуға ұсыныс білдірді. ҚР аудитор палатасының Кеңесіне осы бухгалтерлер мен аудиторлардың Халықаралық Кодексін қабылдауды тапсырды. Қалыптасқан жағдайға қарай  Аудиторлық қызмет туралы заңның бухгалтерлік есеппен аудитті жетілдіру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық  аудиторлар палатасы ХАС қа өтудің тұжырымдамасын сайлады. ХБФ тың қолданылуына ұсынылған қолданыстағы барлық ХАС түпнұсқадан орыс және мемлекеттік тілдерге аударылды.

Аудиторық іс-тәжірибе жөніндегі Халықаралық комитет аудитті өткізудің халықаралық стандарттары ілеспе қызметті көрету бойынша стандарттардан тұратын нормативтік құжаттарды шығарады. 1994 жылдың шілдесінен бастап АХС аудит стандарттарының кодификациясында 29 АХС пен 4 ІҚС болса, кодтарды қайта қарастырып өзгерткеннен кейін олардың жалпы саны 2005 жыл басында 50-ге жетті, оның ішінде олардың 38-і АХС қа, ал 12-сі халықаралық аудиторлық іс тәжірибе бойынша ережеге негізделді.

Аудит теориясың негізгі элементтері компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалардан тұрады.

Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан, ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.

Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпарат жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондайақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды.

Аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрстеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді.

Аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының қызметінің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, заңдылықтар. Олар аудиторға нақты стандарттардың белгілі бір  тұста қолдануға жарамайтын жағдайында есеп берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемасы ретінде қызмет етеді.

2. Аудиторлық ұйымдардың ішкі стандарттарды қалыптастыруының әдістемелік аспектілері

2.1 Аудитролық ұйымдардың қызметін стандарттау процедураларының жүйелілігі

Аудитор жұмысының сапасын бақылау бірнеше формада жүзеге асырылады: өз ассистенттерінің жұмысын негізгі аудиттің бақылауы, аудитордың жұмысын аудиторлық ұйымның бақылауы және сыртқы бақылау.

Негізгі аудитор аудиторлық тексеруді жүргізу кезінде тұрақты бақылауға және ассистенттермен орындалатын жұмыстарды бағыттап отыруға тиіс. Негізгі аудитор аудиттің орындалуына толық жауап береді. Жұмыс берілген ассистиенттер жауапкершілігі және процедуралардың мақсаты туралы тиісті түрде инструктаждан өту керек. Аудитордың жазбаша программасы – бұл аудиторлық уәкілдікті (өкілдікті) берудің қажетті элементі.

Кәсіби аудитгің халықаралық озық тәжірибесін зерделеугс кіріспес бүрын нарыктық зкономикалык елдердегі әр түрлі бизнес-күрылымның қызметін қаржылык бақылаудағы өзіндік ерекшелігі бар әрі тәуелсіз жүйесі ретінде оның калыптасуының маңызды кезеңдеріне ерекше назар аударған жөн. Тәуелсіз аудиттің негізгі міндеті - көптеген компаниялар, банктер, биржалар, инвесторлар, кредиторлар, кәсіпкерлер, акционерлер және т.б пайдаланатын экономикалык акпараттың анықтығын тексеріп, өзінің қорытындысын шығаруы болып табылады.

Дамыған елдерде аудиторлык кәсіптің әр түрлі атауы бар. Мысалы, АҚІІІ-та бухгалтер-аудитор қоғамдық немесе мамандандырылган бухгалтер деп аталады. Францияда сараптаушы бухгалтер немесе есепшот бойынша комиссар, ал Германияда - шаруашылықты бакылаушы немесе кітапты бақылаушы, Ұлыбритания мен ағылшынсаксондық елдерде ревизор немесе алқалы бухгалтерлер деп атайды.

Кәсіби аудит батыс елдерінде алғаш рет Ұлыбританияда XIX ғасырдың ортасында пайда болды. 1844 жылдан бастап Англияда акционерлердің алдында есеп берулер мен есепшоттарды тексеру үшін тәуелсіз бухгалтерлерді «жылына әдетте 1 мәрте» шақыратын акционерлік компаниялар басшыларына міндет жүктейтін заң сериялары шыкты.

Алдыңғы қатарлы елдерде міндетті аудит туралы қүқықтық-нормативті актілердің қабылдануына байланысты тәуелсіз каржылық бақылау саласы айтарлыктай дәрежеде ұлғайыпкеледі. Мәселен, Англияда міндетгі аудиі туралы заң 1862 жылышықса, Францияда 1867ж., ал АҚШ-та 1937ж. кабылданды.

Бухгаалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымы әлемнің көптегенелдерінде құрылған. Атап айтқанда, Ұлыбританияда, Англия мен Уэльстің Алқалы бухгалтерлер институты құрылды (1980 ж), АҚШ-та - Маманданған бухгалтерлер институты (1887 ж.), Германияда - Аудиторлар институты (1932 ж.) және Аудиторлар палатасы, ал Францияда – Сарапшы бухгалтерлер палатасы (1942ж.) мен есеп шот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы құрылды. Италияда кәсіби аудиторлық қызметті Әділет министрлігінің бақылауында болатын арнайы атаулы тізімге енгізілген адам ғана жүзеге асыра алады.

Аудиттің көкейтесті мәселелерінің бірі – оның постулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынасындағы постулат–бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер. Дж. Робертсон мынадай анықтама ұсынады: «Постулат – бұл негізінде қызмет бағыты белгіленетін негізі бар аксиомалық бекіту». Постулаттардың көмегімен аудиторлық стандарттардың мазмұнын танып білуге болады.

Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады. Іргелі постулаттарды негізге ала отырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады.

Тіпті олардың шынайылығы толық дәлелденбесе де постулаттар анық болуы керек. Кез келген постулат немесе аксиомалар білімнің даму процесінде өзгерістерге ұшырауы ықтимал болғандықтан олар соңғы инстанциясында шынайы болмауы да мүмкін. Осы жөнінде Дж. Робертсон былай деген: «Аудиторлық тексерудің белгілі бір жағдайларын ескермей тұрып, постулаттарға көзсіз ере беруге болмайды. Постулаттар белгілі бір жағдайларда жалған болып, соған сәйкес әрекет етеді – яғни, аудиторлық тексеруде жүргізуде қалай болса, солай ұқыпсыз қарайды».

Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса маңызды болады. Батыс ғалымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р.К. Маутц және Х.А. Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар өте әйгілі болып, аудит теориясында кеңінен қолданыла бастады.

1982 жылы Америкалық ғалым Т.А. Ли өзінің постулатын қосты. Сондай-ақ Дж. Робертсон, Р.К. Маутцпен пен Х.А. Шараф постулаттары «экономикалық тиімділіктің максимасы» деп аталатын тағы бір постулатпен толықтырды. Бірқатар ғалымдар, атап айтқанда, А. Белкаоуи, Р. Адамс, Я.В. Соколов, К.Ш. Дүйсембаев, М.С. Ержанов және басқалары жекелеген постулаттардың мазмұнын нақтылау бойынша және оларды қалыптастыру үшін өз нұсқаларын ұсынды.

Әр түрлі ғалымдар мен маман практиктердің көзқарастарын жан-жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделген постулаттар болып мыналар саналады:

1. Қаржылық есеп берулермен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін.

2. Мүдделердің қайшы келіп қалу ықтималдығы.

3. Верификацияның (қандай да бір нәрсені дұпыстығын тексеру) мүмкіндігі.

4. Есептелу дұрыс жасалмаған.

5. Егер, қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттігімен реттелінеді.

6. Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес.

7. Аудитордың пікірі оның мүдделеріне тәуелді.

8. Есеп беру мәліметтерінің обьективтілігі ішкі бақылацдың тиімділігіне тікелей пропорционалды.

9. Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі мүмкін және әрдайым ақпараттылығы аз болды.

10. Аудитордың әрбір пайымдауы белгілі бір деңгейде иландырады.

11. Бұрынғы (алдыңғы) ақпараттың құндылығы.

12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау.

Осылайша аудит саласын стандарттау және теориясын дамытудағы постулаттардың маңызы зор. Олар аудитордың тәжірибелік жұмыстарына міндетті түрде қажет болады. Оларды күнделікті іс-тәжірибеде біліп қолдану аудиттің мақсаттары мен техникасын, аудиторлық стандарттардың нормалардың, мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Аудиторлық стандарттарды жобалауда қолдануы аудиторлық қызметтің тиімділігіне оң әсер ететін, кәсіби маман топтар талқыға салатын постулаттардың нақты жүйесі негізге алынуы керек.

Аудитордың жұмысын аудиторлық ұйым жағынан бақылау жүзеге асырылады біріншіден, осы клиентте аудиторлық жоспар мен бағдарламаның негізделгенін тексеру және талқылау арқылы, екіншіден, ұйымдастыру – этикалық аудиторлық принциптерді қатаң сақтау арқылы (атап айтқанда аудитор клиентке ақыл-кеңес беруші немесе оның бухгалтерлік есебін қайта қалпына келтіруші, оның өзіне тексеруге жіберілмейді және т.б.); үшіншіден, кейбір аудиторлық ұйымдар клиент үшін қайта, тегін ұйымның басқа аудиторымен есеп берудің дұрыстығын қайта тексеруді негізгі аудитормен аудиторлық қорытынды беріліп қойғаннан кейін қолданады.

Сыртқы бақылау – мемлекеттік органдар жағынан жүзеге асырылады және іс жүзіндегі нормативтік құжаттармен қарастырылады.

Аудиторлық тексерулерді бақылау:

а) кейбір аудиторлық тексерулерді бақылауға;

ә) сапасын жалпы бақылауға бағытталған.

Кейбір аудиторлық тексерулерді бақылауға мыналар жатады:

  • өкілеттікті беру – тәуелсіздікті, аудиторлардың кәсіби біліктілігін қамтамасыз ету; аудиторларға қызмет етуде тиісті ерік беру; аудиттің жазбаша программасын пайдалану;

  • бақылау – аудиторлардың жұмысын ағымдағы бақылау; адекватты әрекет ету үшін клиенттің бухгалтерлік есебінің өзекті сұрақтарын білу;

  • тексеру – аудиторлармен жүргізілген барлық жұмысты, оның стандарт­тарға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету үшін, құжаттардың жеткіліктігін, аудиторлық тексерудің мақсатына жеткенін бақылап тексеру.

  • Аудиттің сапасын жалпы бақылау мынадай элементтерге негізделеді:

  • аудиторлардың анықтаулы жеке сапасы (шыншылдық, объективтілік, тәуелсіздік, құпиялылық);

  • аудиторлардың кәсіпқойлығы және жетік біліктілігі;

  • аудиторлық топтың мүшелері арасында жұмысты негіздеп бөлу;

  • аудиторлардың жұмысын сапа стандарттарын қамтамасыз ету мақсатында бақылау;

  • клиенттерді қабылдаудың қатаң саясаты және олармен қарым-қатынасты жалғастыру;

  • аудиторлық ұйымның өз саясатының тиімділігін және сапа бақылауының процедураларын ағымдағы бақылау.

Аудит жоғары сапалы болу үшін келесі іс-шаралар қажет:

а) аудиторларды оқыту және қайта дайындау;

ә) аудиторлық стандарттарды құрастыру және жетілдіру;

б) аудиторлық ұйымның ішінде сапа бақылауының тиімді жүйесін құрастыру;

в) сапаны сыртқы бақылаудың өте қатаң жүйесі (салық комитеті және қаржы полициясы, басқа мемлекеттік бақылау органдары).

Аудитті тиімді жоспарлау үшін аудиторлық ұйым (аудитор) міндеттеме-хатты жазғанға және аудитті жүргізу туралы келісім-шарт жасасқанға дейін ұйымның жетекшілігімен аудитті жүргізумен байланысты негізгі ұйымдастыру сұрақтарын келіседі.

Алдын ала жоспарлау кезеңінде аудитор тексерілетін ұйымның қаржы-шаруашылық қызметімен танысуы және ол туралы ақпараты болуы қажет:

а)ұйымның шаруашылық қызметіне әсер ететін жалпы, елдегі экономикалық ситуацияны және оның салалық ерекшеліктерін көрсететін сыртқы факторлар;

ә)ұйымның жеке ерекшеліктерімен байланысты шаруашылық қызметіне әсер ететін ішкі факторлар туралы ақпараты болуы керек.

Сонымен қатар, аудитор:

  • ұйымның басқаруды ұйымдастыру құрылымымен;

  • өндірістік қызметінің түрлерімен және шығарылатын өнім номенклатура­сымен;

  • капитал құрылымы және акция курсымен;

  • өнімді өндіру технологиялық ерекшеліктерімен;

  • ұйымның негізгі жабдықтаушылары және сатып алушыларымен;

  • ұйымның қарамағында қалған кірісті бөлу тәртібімен;

  • еншілес және тәуелді ұйымдарының барлығымен;

  • ұйыммен ұйымдастырылған ішкі бақылау жүйесімен;

  • қызметкерлердің еңбек ақысының қалыптастыру принциптерімен танысуы қажет.

Аудитор үшін ұйым туралы ақпаратты алу көздері болып:

а) жарғы;

ә) тіркеу туралы құжаттар;

б) директорлар кеңесі мәжілісінің, акционерлер жиналысының хаттамалары;

в) есептік саясат және оған енгізілген өзгертулерді растайтын құжаттар;

г) қаржылық есеп беру;

ғ) статистикалық есеп беру;

д) ұйымның қызметін жоспарлау құжаттары (жоспарлар, сметалар, жобалар);

е) келісім – шарттар, келісімдер;

ж) аудиторлардың, консультанттардың ішкі есептері;

з) ішкі инструкциялар;

и) салық тексерулерінің мағлұматтары;

к) соттық және арбитраждық мағлұматтар;

қ) ұйымның өндірістік және ұйымдастыру құрылымын белгілейтін құжаттар; оның еншілес және тәуелді ұйымдарының тізімі;

л) жетекшімен, атқару қызметкерлерімен әңгімелесуде алынған мағлұматтар табылады.

Аудиторлық ұйым алдын ала жоспарлау кезеңінде аудитті жүргізу мүмкіншілігін бағалайды. Егер, аудиторлық ұйым аудитті жүргізу мүмкін деп санаса, онда ол аудитті жүргізу үшін штат құра бастайды және ұйыммен келісім-шарт құрады.

Аудиторлық топқа кіретін мамандар құрамын жоспарлауда аудиторлық ұйым есепке алуға тиіс:

  • аудиттің әр дайындау, негізгі және қорытынды кезеңіне жұмыс уақытының бюджетін;

  • топ жұмысының болжамдалған мерзімі;

  • топтың сандық құрамы;

  • топтың мүшелерінің лауазымдық деңгейі;

  • топ мүшелерінің кәсіби деңгейі.

Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын құрастырған кезде аудиторлық ұйым кәсіпорын туралы бастапқы білімін, сонымен қатар жүргізілген аналити­калық процедуралардың нәтижесін негізге алу керек.

Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын дайындау процесінде аудитор­лық ұйым (аудитор) ұйымдағы іс жүзіндегі ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін және ішкі бақылау тәуекелін бағалайды. Егер, ішкі бақылау жүйесі дұрыс емес ақпа­раттың пайда болғанын уақтылы ескертсе, сонымен қатар дұрыс емес ақпаратты анықтаса, онда ол тиімді деп саналады. Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалай отырып, аудиторлық ұйым аудиторлық дәлелдердің тиісті санын жинау керек.

.Аудитордың аудиторлық бағдарламаның әр бөлімі бойынша жұмыс құжатында көрсетілген қорытындысы аудиторлық қорытынды жасаудың және есеп құрудың нақты материалы.

Аудиттің бағдарламасының үлгісі 2 қосымшада көрсетілген.

Аудитті жоспарлау процесі біткен соң аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасы құжатталады және бекітілген тәртіпте қол қойылады.

Аудиторлық ұйым тексерудің жоспары мен аудиторлық бағдарламаның өз стандарттарын құрастыра алады.