Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-МДБ-Баалау каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.66 Кб
Скачать

20

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы «28» қаңтардағы

№ 92 бұйрығына 2-қосымша

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының

білім беру бағдарламасы

1. Кіріспе

1. «Мектепке дейінгі ұйым басшысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі ұйым басшыларының оқытуға арналған.

2. Мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру көкейкесті мәселе болып табылады, себебі белгілі бір дәрежеде ол өзінен кейінгі білім беру деңгейлерінің сапасына тікелей әсер етеді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі ретінде білім беруді бағалаудың заманауи жүйесін құру көрсетілген. Сол сияқты оның бағдарламалық мақсаттарының бірі – балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен толық қамту. Қазақстанның әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған 30 елінің қатарына кіру тұжырымдамасы мектепке дейінгі білім берудің сапасымен тікелей байланысты бірқатар талаптар қойып отыр.

3. Білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының білім беру сапасын бағалау әдіснамасы мен әдістері саласындағы құзыреттілігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Бағдарлама мазмұны білім беру сапасын бағалау саласындағы нормативтік құжаттарды, квалиметрияның теориялық және практикалық мәселелерін қарастыруға, өлшемдердің мәліметтерін өңдеу және талдау, мектепке дейінгі ұйым жағдайы мен тиімділігін бағалау, т.б. бойынша тәжірибе жинақтауға бағдарланған.

2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

4. Бағдарламаның мақсаты мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау саласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың басшысының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру болып табылады.

5. Бағдарлама мақсатына жетудегі міндеттер:

1) мектепке дейінгі білім берудің сапасы саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарын түсінігін қалыптастыру;

2) педагогикалық квалиметрияның теориялық және әдіснамалық негіздерін ашу;

3) педагогикалық квалиметрия әдістерін, құралдары мен технологияларын қолдану арқылы мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау моделін жобалау дағдысын қалыптастыру;

4) мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау құралдарын жасауда, мәліметтерді өңдеуде және нәтижелерін шығаруда бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (бұдан әрі- АКТ) пайдалану құзырының дамуын қамтамасыз ету;

5) курстан кейінгі кезеңде үздіксіз кәсіби өзіндік дамуға түрткі болу.

3. Күтілетін нәтижелер

6. Курс соңында тыңдаушылар:

1) мектепке дейінгі білім берудің сапасы саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының мәнін; педагогикалық квалиметрияның теориялық және әдіснамалық негіздерін; педагогикалық квалиметрия және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі білім берудің сапасын сипаттайтын параметрлерді біледі;

2) тәрбие-білімдік әсер етудің тиімділігін бағалау әдістемелерін таңдауды; педагогикалық квалиметрия әдістерін, құралдары мен технологияларын қолдану арқылы мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау моделін жобалауды; мектепке дейінгі білім беру сапасын диагностикалауды; бағдарламалық қамтамасыз етуді және АКТ пайдалану арқылы мәліметтерді өңдеуді және нәтижелерді шығаруда мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау құралдарын құрастыруды; курстан кейінгі кезеңде үздіксіз кәсіби өзіндік даму траекториясын жасай алады;

3) мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау үшін критерийлер, құралдар, бақылау-бағалау материалдарын жасау; мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау барысында алынған нәтижелерді жинақтау мен өңдеу; педагогикалық квалиметрия әдістерін, құралдары мен технологияларын таңдауды негіздеу; зерттеу нәтижелерін MS PowerPoint, Prezi.com редакторларында көрсету дағдыларын меңгереді.

4. Бағдарламаның мазмұны

7. Білім беру бағдарламасы 5 модульден тұрады:

  1. нормативтік-құқықтық;

  2. психологиялық-педагогикалық;

  3. мазмұндық;

  4. технологиялық;

  5. вариативтік.

Басшы мамандар үшін қосымша басқарушылық модуль енгізіледі.

8. Нормативтік-құқықтық модульде «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол», Ұлт жоспары – 100 нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі мемлекет, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңы (24.11.2015 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде Қазақстан Республикасының білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру мәселелері қарастырылады.

9. Басқарушылық модульде Қазақстан Республикасыңың заманауи білім беру саясатының аясында инклюзивті білім беруді қолдау ерекшеліктері және осы бағыттағы халықаралық тәжірибені қарастыруға бағытталған.

10. Психологиялық-педагогикалық модульде келесі тақырыптар зерделенеді:

  1. білім беру жүйесінің тиімділігін бағалауға кешенді тұрғыдан келу;

  2. психологиялық-педагогикалық диагностика, диагностика моделі мен әдістемелері;

  3. ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық және педагогикалық сүйемелдеу ерекшеліктері.

11. Мазмұндық модульде төмендегідей мәселелер қарастырылады:

  1. мектепке дейінгі білім беру сапасы: проблемалар және оларды шешу жолдары;

  2. мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалаудың әдіснамалық тұрғылары;

  3. мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалаудың функциялары;

  4. мектепке дейінгі білім беру сапасын сипаттайтын параметрлер;

  5. мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау әдістері;

  6. педагогикалық квалиметрияның теориялық негіздері; мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау моделін жобалау.

12. Технологиялық модульде келесі мәселелер бойынша практикалық тапсырмалар орындалады:

  1. мәтіндік және кесте редакторларын пайдалану арқылы сауалнамалық инструментарий жасау;

  2. MS Excel құралдары арқылы мәліметтерді енгізу, өңдеу және талдау;

  3. MS PowerPoint, Prezi.com редакторларында нәтижелерді көрсетуге бағытталған практикалық тапсырмалар орындалады және қашықтықтан оқытудың әдістері, қашықтықтан оқыту контентінің жаңа түрлері ( скринкаст, подкаст, вебинар).

13. Вариативтік модульде тыңдаушылардың олардың қажеттіліктеріне сәйкес келесідей тақырыптарды таңдау мүмкіндігі беріледі:

  1. мектепке дейінгі ұйым басшысының педагогикалық квалиметрия саласындағы технологиялық құзыреттілігін дамыту;

  2. педагогтердің интерпретацияық іскерліктерін дамыту;

  3. мектепке дейінгі ұйым басшысының білім беру сапасын қамтамасыз етудегі рефлексиялық мәдениеті;

  4. мектепке дейінгі ұйым басшысының зерттеу нәтижелерін ұсынудағы ақпараттық құзыреттілігін дамыту тақырыптарының бірін таңдауға мүмкіндік беріледі.

Курс тыңдаушыларының қажеттіліктеріне сәйкес вариативті модуль 2-ден 6 сағатқа дейін өзгеруі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]