Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бакыткул Кулжанова(оу ралы).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать
  1. Pһd бағдарламасы бойынша мамандар қай жылдан бастап даярлана бастады?

А. 1995 жылдан

Б. 1934 жылдан

С. 2005 жылдан

Д. 1991 жылдан

  1. Еқыұ қай ұйымның қысқарған атауы?

А. Шанхай Ынтымақтастық ұйымы

Б. Біріккен Ұлттар Ұйымы

С. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы

Д. Еуропалық Одақ

  1. Халықаралық қатынастар мамандығы ..... Қарастырады.

А. Өлкетану, мұражайтану саласын

Б. Экономиканың, аймақтық қауіпсіздіктің дамуын

С. Кедендік және басқа да заң органдары туралы оқып-үйренуді

Д. елтану, аймақтану, дипломатиялық және консульдық қызмет, халықаралық бірлесу, ымыраласу (интеграция) және халықаралық ұйымдар мамандықтарын

4. Студенттер бірнеше рет «...» фестивалі бойынша 1-ші орныды жеңіп алды

А. «Жігіттер сайысы»

Б. «Менің Қазақстаным»

Д. «ҚазҰУ аруы»

С. «Үздік факультет»

Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:

  1. ХҚ факультет қашан, кімнің қолдауымен құрылды?

  2. Факультетте қанша кафедра бар?

  3. Факультет қандай мамандықтар бойынша оқытады?

  4. Қысқарған сөздер дегеніміз не?

  5. Олар қандай жолдармен қысқарады?

  6. Факультет қандай халықаралық орталықтармен байланыс орнатқан?

  7. Факультетте студенттер үшін не жұмыс істейді?

СӨЖ тапсырмасы: Өзіңіз таңдаған мамандығыңыз туралы жазыңыз.

5-тақырып

Мен және қоршаған орта өзім туралы менің отбасым

1-тапсырма. Тірек сөздерді оқып, мағынасын түсініңіздер. Жазып алыңыздар.

Отбасы, ата-әже, туысқан, әке-шеше, аға-іні, қарындас, әпке, ағайын, басқару, демалу, бірлік, ынтымақ, ақылдасу, отбасылық мереке.

2-тапсырма. Мына сөйлемді аударып, қалай түсінетініңізді айтыңыз. Отбасы туралы әңгімелесіңіз.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезімдер жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады (Н.Ә. Назарбаев).

3-тапсырма. Ой шақыру.

  • Отбасы деген не?

  • Қалай ойлайсыз, қоғамдағы отбасының ролі қандай?

4-тапсырма. Мәтінді оқып, отбасы тәрбиесі туралы әңгімелеңіз.

Отбасы әр адамның алтын ұясы. Отбасы – адам баласы өмірінің ең маңызды шағы өтетін орта. Адам баласының шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап, ер жеткенше тәрбие алар ортасы, адамзаттың қастерлі де қасиетті ұясы. Отбасы ұрпақ бойына ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. Ол – адамның жеке басына қажетті адамгершілік қасиеттердің алғашқы дәні себілетін орта. Қазақ отбасында ұл бала мен қыз баланы тәрбиелеуге үлкен орын беріледі. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген қазақ мақалының мәні өте зор. Отбасында ұл балаға үйдің күрделі, ірі жұмыстарын үйретсе, қыз балаға тамақ істеу, үй ұстау сияқты дағдыларын қалыптастырады (Б. Құлжанова. Ж. Баласағұн отбасы тәрбиесі туралы. Мақала).

  • Адам баласы үшін отбасының маңызы қандай?

XI ғасыр ғұламасы Жүсіп Баласағунидің отбасы туралы ойлары

Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда

Үйіңде өсір бөтен жерде қалдырма.

(Жүсіп Баласағуни).

  • XI ғасыр ғұламасының мына сөздерін қалай түсінесіз?

5-тапсырма. Мәтіндегі аяқталмаған сөйлемдерді аяқтаңыз және өз сөзіңізбен толықтырыңыз.

  1. Отбасы ........... . 2. Отбасы ұрпақ бойына ........ маңызды орын алады. 3. Қазақ отбасында .......... үлкен орын беріледі. 4. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» ......... . 5. Отбасында ұл балаға .............., қыз балаға .......... қалыптастырады.

6-тапсырма. Сөзіңіз құнарлы болсын!

Өнегелі отаудың өрісі кең. Отан отбасынан басталады. Ата – бәйтерек, бала –жапырақ. Ананың сөзі – ақылдың көзі. Келіні жақсының керегесі алтын. Өз үйім – өлең төсегім. Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар.

  • Мағынасын түсіндіріңіз. Нақыл сөзді жаттап алыңыз. Дәптеріңізге жазып алыңыз.

  • Өзіңіз қандай нақыл, бата сөздерді білесіз, мысал келтіріңіз.

  • Орыс және басқа тілдердегі осыған ұқсас мақал-мәтелдерді есіңізге түсіріңіз.

7-тапсырма. Қысқа мәтінді оқып, қазақ отбасы туралы әңгімелеңіз.

Қара шаңырақ

Қазақ отбасында кенже ұл шаңырақ иесі болып саналады. Кенже ұл отбасындағы ең кіші бала. Кенже бала өз отбасымен бірге әке-шешесімен бір шаңырақ астында тұрады. Кенже бала – қара шаңырақ иесі. Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-шешенің үйі.

  • Қарашаңырақ деген не?

Қазақ отбасындағы кенже баланың орны қандай?

  • Әке-шеше үйі неліктен қарашаңырақ деп аталады?

8-тапсырма. Сұрақтарға жауап бере отырып, тірек сөздердің көмегімен өз отбасыңыз туралы әңгімелеңіз.

А) Сіздің отбасыңызда қанша адам бар?

Ә) Отбасында кім басшы?

Б) Отбасындағы экономикалық мәселелерді кім шешеді?

В) Қазақтың отбасылық салт-дәстүрлерін ұстанасыздар ма?

Г) Сіздің отбасыңыздағы ең негізгі мереке қандай?

Д) Сіздің отбасыңыздың ерекшелігі? Е) Бос уақыттарыңызды қалай өткізесіздер?

9-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.