Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бакыткул Кулжанова(оу ралы).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Мен таңдаған мамандық халықаралық қатынастар факультеті

1-тапсырма. Ой шақыру.

Халықаралық қатынастар факультетін не үшін таңдадыңыз?

  • Таңдаған мамандығыңыз туралы бұрын естіп пе едіңіз?

Бұл мамандықты таңдаудағы басты мақсатыңыз не?

2-тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс.

Бастама, құрылды, жоғары білікті, жоғары білікті, мамандар даярлау, елтану, аймақтану, қалауы бойынша, халықаралық құқық саласында, меңгеру, жүзеге асыру.

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Халықаралық қатынастар факультеті ҚР Сыртқы Істер министрлігінің бастамасымен 1995 жылы құрылды. Факультет халықаралық қатынастар, аймақтану, халықаралық құқық саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында жұмыс істейді. Мамандар даярлау – бакалавр, магистр, PҺD доктор сияқты үш сатылы оқу жүйесімен жүзеге асырылады.

Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша 2 шет тілді (батыс және шығыс) меңгерген бакалавр. Оқу мерзімі – 4 жыл. Аталған мамандық екі шет тілін тереңдетіп оқытумен бірге, елтану, аймақтану, дипломатиялық және консульдық қызмет, халықаралық бірлесу, ымыраласу және халықаралық ұйымдар мамандықтарын қарастырады. Елтану аясында АҚШ, Германия, Франция, Кытай, Жапония, Үндістан, Түркия, Араб және Орта Азия елдері оқытылады.

Аймақтану мамандығы бойынша 2 шет тілді меңгерген бакалавр. Оқу мерзімі – 4 жыл. Аталмыш мамандық аймақ елдерінің өзара байланысын кешенді оқып-үйренуге, аймақтағы сәйкес ұйымдармен, аймақтық бірлестіктермен халықаралық қатынастар, сондай-ақ, әлемдік және аймақтық саясаттың, экономиканың, аймақтық қауіпсіздіктің дамуы, студенттердің қалауы бойынша екі шет тілін тереңдете оқытуға бағытталған. Мамандық аясында Азия-Тынық мұхит, Батыс Еуропа, АҚШ пен Канада, Таяу Шығыс, Орта Азия сияқты елдер бойынша мамандандыру қарастырылады.

Халықаралық құқық бакалаврі. Оқу мерзімі – 4 жыл. Бұл мамандық аясында мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасындағы халықаралық құқықтық байланыстарды реттейтін, қазіргі құқық институттарын, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын шетелдік компаниялар, кедендік және басқа да заң органдары туралы оқып-үйрену қарастырылған. Студент таңдауы бойынша бір шет тілі тереңдете оқытылады. Халықаралық құқық кафедрасы халықаралық құқық саласында жоғары білікті мамандар даярлау жөнінен Қазақстандағы бірден-бір ғылыми орталық болып саналады.

4-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

  1. Халықаралық қатынастар факультеті қашан құрылды?

  2. Факультет қандай мамандықтар бойынша маман даярлайды?

Дипломатиялық сөздіктен:

Халықаралық қатынастар теориясы – қоғамдық қатынастардың ерекше саласы. Халықаралық жағдайды және нақты сыртқы саяси ахуалды талдаудың, бағалаудың және дамуын болжаудың теориялық негізі, сыртқы саясаттың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу.

5-тапсырма. Мәтіннің жалғасын оқыңыз.

Ғылым және білім саласында жұмыс істегісі келетіндер магистратурада, PҺD докторантурасында білімін жалғастыра алады. Магистратураға бакалаврде барлық пәннен жоғары білім көрсеткішіне жеткендер ғана қабылданады. Магистратураны бітірген соң магистр академиялық дәрежесі беріледі.

ҚР Ғылым және білім министрлігінің тәжірибелік жобасы аясында 2005 жылдан бастап факультетте алғаш рет PҺD бағдарламасы бойынша мамандар даярлана бастады.

Факультетте 5 кафедра бар. Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы, Халықаралық құқық кафедрасы, аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы, қазіргі шығыс тілдері, батыс тілдері кафедрасы. Оқу үдерісінің сапалылығын факультетте 125 жоғары білікті оқытушы қамтамасыз етеді. Олардың арасында ҚҰ ҰҒА академиктері, ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, ҚР Сыртқы істер министрлігінде және ғылыми-педагогикалық салада көптеген жылдар жемісті еңбек еткен маман-тәжірибешілер бар. Оқытушы-профессорлардың біразы шетелдерде тағылымдамадан өткен. Кейбір ұстаздар ҚР Ғылым және білім министрлігінің «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» деген марапатына ие болды.

Факультет АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Қытай, Түркия, Үндістан сияқты 25 елдің ғылыми орталықтарымен тығыз ғылыми байланыс орнатқан. Факультеттің халықаралық әріптестігі БҰҰ, ЕО, ЕЫҚҰ, Қызыл Крест сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен, шетел елшіліктерімен ынтымақтаста жемісті дамуда. Аталған ұйым өкілдіктері студенттермен көптеген кездесулер, ойын түріндегі интерактивті сабақтар, олимпиада өткізуге атсалысады. Факультет республикамыздағы «Елші сағатын» өткізетін жалғыз орын. «Елші сағатында» отандық және шетелдік дипломаттар ашық дәрістер өткізеді.

Халықаралық әріптестік негізінде факультетте Ақпараттық-талдау және ресурстық орталық; Еуропалық ақпараттық орталық; Америкалық және демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы; НАТО жөніндегі ресурстық ақпараттық орталық жұмыс істейді. Бұл орталықтар оқу үдерісін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеуге көмектеседі, электорондық хабарлардың көздерімен танысуға қолайлы жағдайлар жасайды, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, студенттердің конкурстарын ұйымдастырады.

6-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтіндегі абзацтарға сұрақ қойыңыз.

  2. Абзацтар бойынша түсінігіңізді әңгімелеңіз.

7-тапсырма. Мәтінді жалғастырып оқыңыз.