- •Тәуелсіз қазақстанның мемлекеттік тілі
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Қазақ тілі Қазақстан Республикасының ..... Тілі
- •2. Қазақ тілі түркі тілдерінің .... Тобына жатады.
- •4. Барыс септігінің жалғауын қажет ететін сөз қайсы?
- •Тәуелсіз қазақстанның рәміздері
- •Біздің университет
- •Мен таңдаған мамандық халықаралық қатынастар факультеті
- •Факультеттегі студенттер өмірі
- •Pһd бағдарламасы бойынша мамандар қай жылдан бастап даярлана бастады?
- •Еқыұ қай ұйымның қысқарған атауы?
- •Халықаралық қатынастар мамандығы ..... Қарастырады.
- •Мен және қоршаған орта өзім туралы менің отбасым
- •XI ғасыр ғұламасы Жүсіп Баласағунидің отбасы туралы ойлары
- •Менің отбасым
- •Өзім туралы
- •Ер адам – үй тірегі
- •2. Қате жауапты табыңыз.
- •3. Тәуелдік жалғаулы сөйлемді табыңыз.
- •Табиғат және біз табиғат – туған анамыз
- •Табиғат – тал бесігің
- •Қазақстан экологиясы
- •Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
- •1. Сын есімдік қатарды табыңыз:
- •2. Сапалық сын есімді сөйлем қай қатарда?
- •3. Қатыстық сын есімді сөйлемді табыңыз.
- •(Трагедия Семея)
- •Қазақстан дипломатиясының кезеңдері
- •Қазақстан дипломатиясының кезеңдері
- •Қазақстанның дипломатиялық және экономикалық қатынастарының алғашқы қадамдары
- •Қазақстан қатынастарының алғашқы кезеңдері
- •Қазақстан дипломаттары
- •Қазақстан дипломаттары
- •Дипломат – мәмілегер
- •Еуразия кеңістігінің дипломаты
- •Аса талантты тұлға
- •Дипломат келбеті
- •Дипломат келбеті
- •Дипломат кімнің атынан сөйлейді?
- •2. Көсемшелі сөйлемді табыңыз.
- •«Салақтан ......... Жаман»
- •Дипломатиялық этикет
- •Дипломатиялық этикет
- •Этикеттің әлеуметтік маңыздылығы
- •Дипломатиялық хат-хабар жазысу
- •Дипломатиялық хат-хабар жазысу
- •1. Дипломатиялық өкілдің шет мемлекетте тіркелуін куәландыратын құжат....
- •Ауыспалы осы шақ емес сөйлем қайсы?
- •Дипломатиялық өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенім грамотасы, құжат ол – ...
- •Аса жоғары, жоғары деңгейдегі кездесулердің, халықаралық мәжілістердің, ресми іссапарлардың, келіссөздердің қорытынды құжаттары
- •Қорытынды құжаттар
- •Қазақстанның ресми мерекелері тәуелсіздік – сан ғасырлық күрестің өтеуі
- •Тәуелсіздік – сан ғасырлық күрестің өтеуі
- •Тәуелсіздік монументі
- •Астана – бейбітшілік босағасы тарихи қалалар қазақ елінің астаналары
- •Астана – бейбітшілік босағасы
- •Қазақ елінің астаналары
- •Орынбор
- •Қызылорда
- •Сыртқы саясат халықаралық қатынастар
- •Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынасы және сыртқы саясаты
- •Жалғаулық шылаулы сөйлем қай қатарда?
- •2. Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің саны?
- •3. Және жалғаулық шылауын керек етіп тұрған сөйлем.
- •Қазақстанның еуропа елдерімен қатынасы
- •Қазақстанның қатынастары
- •Дала заңдары
- •Мемлекеттік шекара
- •Қазақстан Республикасының шекара саясаты
- •Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңдары
- •Әлемдегі ендігі соғыс су үшін болуы мүмкін
- •Су тапшылығы – келешек қақтығыстарға себеп
- •Қазақстан және халықаралық ұйымдар
- •Қазақстан және Халықаралық ұйымдар
- •Шыұ қай ұйымның атауы?
- •Есімшелі сөйлем қай қатарда?
- •Қате жауапты табыңыздар.
- •Халықаралық ұйымдар еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
- •Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы
- •Қазақстан ірі жауапкершілік кезеңінде
- •Мемлекеттік және жергілікті басқару
- •Басқарудың түрлері
- •Парламент
- •3. Көп нүктенің орнына қажетті үстеуді қойыңыз: ... Қалаға жүретін боламыз.
- •4. Менеджментті қызметкерлер үшін заңды күші бар нұсқаулықтар, ережелер негізінде ............... Әзірлейді.
- •5. Мекен үстеуді көрсетіңіз.
- •Балалар құқығы
- •Бала құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенция
- •Ақбас шыңдарымыз аласарып барады жаһандық жылыну
- •Жаһандық жылынудан ең алдымен Қазақстан зардап шегеді
- •Ақбас шыңдарымыз аласарып барады
- •Іле Алатауындағы мұздықтар соңғы 53 жылда қанша пайызға қысқарды?
- •Күшейтпелі шырай қай сөйлемде?
- •Әлем ғалымдары жанұшыра дабыл қағып жатқан мәселе?
- •Тақырыптарға қатысты дипломатиялық терминдер
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мазмұны
Ақбас шыңдарымыз аласарып барады жаһандық жылыну
Данышпандар сөзінен.
Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып, уланбаған болу керек (Қасым Аманжолов).
1-тапсырма.
Сіздің ойыңыз?
2-тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс.
Ғаламдық жылыну, орта көрсеткіш, өзекті, шаңды боран, шөл мен шөлейтті аймақтар, жауын-шашын, мұздық, бітік,
3-тапсырма. Ой шақыру.
Жаһандық жылыну туралы не білесіз?
Ауа райындағы мезгілсіз құбылыстарды байқай алдыңыз ба?
Қазір бүкіл әлем жанұшыра дабыл қағып жатқан жаһандық жылынудың себебі неде деп ойлайсыз?
4-тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс.
Шөлді аймақтар, өзекті, шөл, жердің тозуы, сарқылу, қауіп төндіреді, жойқын апатты сел.
5-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.
Жаһандық жылынудан ең алдымен Қазақстан зардап шегеді
Қазақстан климаты әлемдегі орта көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жылдам жылып келеді. «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы» атты мемлекеттік бағдарламада осындай мәлімет келтірілген. «Климаттың жылынуы мәселесі Қазақстан үшін де өте өзекті. Еліміздің аумағындағы орта температура деңгейі 100 жыл ішінде 1,8 С-ге өскені байқалды. Бұл әлемдік көрсеткіштен екі есеге артық», – деп көрсетілген бағдарламада.
Климат эволюциясының заманауи үлгісі бойынша, Қазақстанда ауа температурасы тағы көтеріле беруі ықтимал. Бұл табиғи аймақтардың ауысуы, жердің тозуы, шөлге айналуы процесін күшейтуі әбден мүмкін. Шаңды боран жиі тұрып, дәнді-дақылдар өнім бермей қалуы кәдік. Бір тамшы жаңбыр тамбайтын шөлді аймақтардың көлемі бара-бара ұлғая түспек. Өзен-көлдердің де сарқылуы ғажап емес.
Климат өзгерісі жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне де үлкен қауіп төндіреді. Экологтардың айтуынша, қазірдің өзінде олар құрып кетуге айналып, республика аумағының 70 пайызында экожүйе құлдыраған. Қазақстан территориясының үлкен бөлігі шөл мен шөлейтті аймақтардан тұратынын ескерсек, бұл жерлердің экожүйесі, әсіресе, ауыл және су шаруашылықтары климат өзгерісі тәрізді табиғаттың төтенше құбылысының алдында шарасыз.
Бағдарламадағы болжамға сенсек, климат өзгерісі нәтижесінде ылғал аймақтарының шекарасы солтүстікке қарай жылжиды екен. Бұл – аймақтағы жауын-шашын азаяды деген сөз. Осының кесірінен жаздық бидай кем дегенде 25 пайызға аз түсім бермек. Температураның көтерілуі жем-шөптің бітік шығуына қолайсыз болып, 30-дан 90 пайызға дейін қысқаруы ықтимал.
Іле Алатауының солтүстік беткейінде мұздықтар 1955-2004 жылдар аралығында 40,8 пайызға азайған. Климат өзгерісіне байланысты болжамға сенсек, болашақта мұздықтар одан әрмен жылдам ери бастайды. Қырық жылдан соң Жетісу Алатауында мұздық қалмайды. Ал ХХІ ғасырдың аяғына қарай Іле Алатауында ешқандай мұз болмайды. Мұздықтардың жаппай еруі тау басында үлкен көлдер пайда болуына әкеп соғады. Мұның кесірінен жойқын апатты сел көбейеді. Мұздықтардың кішіреюі тау өзендерінің су режимі мен арнасын түбегейлі өзгертеді. Іле Алатауының өзен-сулары 16 пайызға дейін азаяды.
«Табиғат өзгерісі алдындағы осалдығымызды айтпағанда, Қазақстан Республикасының антропогендік жүйесінің бейімделу потенциялы да өте төмен. Сондықтан климат өзгерісіне қарай заманауи бейімделу шараларын жасау және жүзеге асыру – аса өзекті мақсат. Әрі бұл мақсат Киото протоколына қол қою арқылы бекітілген», – делінген құжатта (Ғаламдық жылынудан ең алдымен Қазақстан зардап шегеді. Жас алаш, № 101, 2009 ж.).
6-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
«2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы» атты мемлекеттік бағдарлама не жайында?
Климаттағы өзгеріс қандай қауіп төндіруде?
7-тапсырма. Халық болжамдары.
Қысты күні ағаш шуласа, күн жылынады.
Қазан айының алғашқы күндері суық болса, әрі ағаш жапырақтары сарғайып түспесе, онда күн қайтадан жылынады.
Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады немесе боран болады.
Аралар омартадағы өздері кіріп-шығатын есігін жартылай жапса, қыс суық болады, ашық қалдырса, қыс жылы болады.
Өздеріңіз тағы қандай халық болжамдарын білесіздер?
8-тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс.
Салдар, мұздықтардың жылжу процесі, қатерлі қауіп, ұшар басы, асқақтаған Алатау, Алатау жоталары, көз сүйсіндірер, Алатау сілемдері.
9-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.
