Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бакыткул Кулжанова(оу ралы).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать
  1. Дипломат кімнің атынан сөйлейді?

А. Отбасының атынан

Б. Ұлт атынан

С. Премьер-министрдің атынан

Д. Үкіметтің атынан

2. Көсемшелі сөйлемді табыңыз.

А. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар

Б. Отбасылық байланыстарын білуге міндетті» екенін айтты

С. Үлгі болып табылатын дипломат туралы тағы да айтып өтті

Д. Қол бастайтын батыр болу да, жол бастайтын көсем болу да қымбат

3. «Жан мен рухтың» сапасы ........ бөлінеді.

А. Төрт санатқа

Б. Алты санатқа

С. Үш санатқа

Д. Екі санатқа

  1. «Салақтан ......... Жаман»

А. Жалқау

Б. Пысық

С. Олақ

Д. Кербез

Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:

  1. Етістіктің қандай түрі көсемше деп аталады?

  2. Көсемше қалай жасалады?

  3. Талейран «Жан мен рухтың» сапасын қанша санатқа бөлді?

  4. Абылайхан мәмлегерлерге қандай талаптар қойды?

  5. Соңғы мәтіннен көсемше жұрнақтары табыңыз.

  6. Оларды түрлеріне ажыратыңыз.

  7. Дипломат кімнің атынан жұмыс істейді?

СӨЖ тапсырмасы: «Мен ардақтайтын дипломат» тақырыбына эссе жазу (көлемі 1- 1,5 бет).

12-тақырып

Дипломатиялық этикет

1-тапсырма. Ой шақыру. Пікірімізбен бөлісейік.

  • Этика дегеніміз не?

Жалпы қандай этикет түрлерін білесіз?

2-тапсырма. Дала ойшылдарынан.

Инабат – ердің азығы,

Бақыт пенен дәулеттің

Ұстайтұғын қазығы (Кердері Әбубәкір).

  • Мына өлең жолдарынан не түсіндіңіз. Өз ойыңызды қосыңыз.

  • Бақыт пен дәулетті қалай түсінесіз?

  • Инабатты неліктен бақыт пен дәулеттің «қазығы» деген?

3-тапсырма. Шағын мәтінді түсініп оқыңыз. Аударыңыз. Таныс емес сөздерді аударуда оқытушының немесе сөздіктің көмегіне сүйеніңіз.

Әдеп сөзі – қазақ тіліне араб тілінен енген сөздердің бірі. Әдеп дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу. Әдеп сақтау – туған халықты, елді, жерді, Отанды және жалпы адамзатты ардақтау болып табылады («Әдептілік қағидалары» кітабынан).

  • Мәтіннен не түсіндіңіз?

Қазақ халқы өмірінде әдептің тағы қандай түрлері бар?

4-тапсырма. Тірек сөздер.

Әлеуметтік-мәдени жағдай, тәртіп, ыңғайлылық, қолайсыз жағдайлар, жүріс-тұрыс ережелері, құндылық, тіл табу, жағымды, ұлы игілік, ұстаным, таң қалдыру, ым-ишаралар, реніш.

Дипломатиялық сөздіктен:

Дипломатиялық этикет – дипломатиялық контакт немесе байланыстар және сыртқы саясат саласында белгілі бір тәртіпті жүргізуде белгіленген ереже. Этикет нақты белгіленген тәртіп ретінде қарастырған кезде, белгілі бір мақсаттарға жетуде, қолайсыз жағдайлардан шығушы ретінде қарастыруға болады. Сондықтан дипломатиялық этикеттің негізгі функциясы ретінде – қоғамда тәртіпті орнату деп анықтауға болады. Екінші функциясы ретінде, ыңғайлылық, мақсатқа жетушілік, практикалылық сипаттар тән.

Этикет (французша «Etiquette») – белгілі бір әлеуметтік ортада (монархтар, дипломаттар және т.б.) қолданылатын өзін-өзі ұстау, жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы. Этикеттің синонимі «өзін-өзі ұстау мәнері», «жақсы мінез-кейіп жүрісі».

Дипломатиялық қабылдаулар – маңызды оқиғалар мен мерекелік күндерді атап өту үшін өткізілетін ресми шаралар.

5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.