- •Тәуелсіз қазақстанның мемлекеттік тілі
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Қазақ тілі Қазақстан Республикасының ..... Тілі
- •2. Қазақ тілі түркі тілдерінің .... Тобына жатады.
- •4. Барыс септігінің жалғауын қажет ететін сөз қайсы?
- •Тәуелсіз қазақстанның рәміздері
- •Біздің университет
- •Мен таңдаған мамандық халықаралық қатынастар факультеті
- •Факультеттегі студенттер өмірі
- •Pһd бағдарламасы бойынша мамандар қай жылдан бастап даярлана бастады?
- •Еқыұ қай ұйымның қысқарған атауы?
- •Халықаралық қатынастар мамандығы ..... Қарастырады.
- •Мен және қоршаған орта өзім туралы менің отбасым
- •XI ғасыр ғұламасы Жүсіп Баласағунидің отбасы туралы ойлары
- •Менің отбасым
- •Өзім туралы
- •Ер адам – үй тірегі
- •2. Қате жауапты табыңыз.
- •3. Тәуелдік жалғаулы сөйлемді табыңыз.
- •Табиғат және біз табиғат – туған анамыз
- •Табиғат – тал бесігің
- •Қазақстан экологиясы
- •Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
- •1. Сын есімдік қатарды табыңыз:
- •2. Сапалық сын есімді сөйлем қай қатарда?
- •3. Қатыстық сын есімді сөйлемді табыңыз.
- •(Трагедия Семея)
- •Қазақстан дипломатиясының кезеңдері
- •Қазақстан дипломатиясының кезеңдері
- •Қазақстанның дипломатиялық және экономикалық қатынастарының алғашқы қадамдары
- •Қазақстан қатынастарының алғашқы кезеңдері
- •Қазақстан дипломаттары
- •Қазақстан дипломаттары
- •Дипломат – мәмілегер
- •Еуразия кеңістігінің дипломаты
- •Аса талантты тұлға
- •Дипломат келбеті
- •Дипломат келбеті
- •Дипломат кімнің атынан сөйлейді?
- •2. Көсемшелі сөйлемді табыңыз.
- •«Салақтан ......... Жаман»
- •Дипломатиялық этикет
- •Дипломатиялық этикет
- •Этикеттің әлеуметтік маңыздылығы
- •Дипломатиялық хат-хабар жазысу
- •Дипломатиялық хат-хабар жазысу
- •1. Дипломатиялық өкілдің шет мемлекетте тіркелуін куәландыратын құжат....
- •Ауыспалы осы шақ емес сөйлем қайсы?
- •Дипломатиялық өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенім грамотасы, құжат ол – ...
- •Аса жоғары, жоғары деңгейдегі кездесулердің, халықаралық мәжілістердің, ресми іссапарлардың, келіссөздердің қорытынды құжаттары
- •Қорытынды құжаттар
- •Қазақстанның ресми мерекелері тәуелсіздік – сан ғасырлық күрестің өтеуі
- •Тәуелсіздік – сан ғасырлық күрестің өтеуі
- •Тәуелсіздік монументі
- •Астана – бейбітшілік босағасы тарихи қалалар қазақ елінің астаналары
- •Астана – бейбітшілік босағасы
- •Қазақ елінің астаналары
- •Орынбор
- •Қызылорда
- •Сыртқы саясат халықаралық қатынастар
- •Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынасы және сыртқы саясаты
- •Жалғаулық шылаулы сөйлем қай қатарда?
- •2. Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің саны?
- •3. Және жалғаулық шылауын керек етіп тұрған сөйлем.
- •Қазақстанның еуропа елдерімен қатынасы
- •Қазақстанның қатынастары
- •Дала заңдары
- •Мемлекеттік шекара
- •Қазақстан Республикасының шекара саясаты
- •Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңдары
- •Әлемдегі ендігі соғыс су үшін болуы мүмкін
- •Су тапшылығы – келешек қақтығыстарға себеп
- •Қазақстан және халықаралық ұйымдар
- •Қазақстан және Халықаралық ұйымдар
- •Шыұ қай ұйымның атауы?
- •Есімшелі сөйлем қай қатарда?
- •Қате жауапты табыңыздар.
- •Халықаралық ұйымдар еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
- •Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы
- •Қазақстан ірі жауапкершілік кезеңінде
- •Мемлекеттік және жергілікті басқару
- •Басқарудың түрлері
- •Парламент
- •3. Көп нүктенің орнына қажетті үстеуді қойыңыз: ... Қалаға жүретін боламыз.
- •4. Менеджментті қызметкерлер үшін заңды күші бар нұсқаулықтар, ережелер негізінде ............... Әзірлейді.
- •5. Мекен үстеуді көрсетіңіз.
- •Балалар құқығы
- •Бала құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенция
- •Ақбас шыңдарымыз аласарып барады жаһандық жылыну
- •Жаһандық жылынудан ең алдымен Қазақстан зардап шегеді
- •Ақбас шыңдарымыз аласарып барады
- •Іле Алатауындағы мұздықтар соңғы 53 жылда қанша пайызға қысқарды?
- •Күшейтпелі шырай қай сөйлемде?
- •Әлем ғалымдары жанұшыра дабыл қағып жатқан мәселе?
- •Тақырыптарға қатысты дипломатиялық терминдер
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мазмұны
1. Сын есімдік қатарды табыңыз:
А. Балқаш, ғаламшар, Табиғат-Ана, экология
Б. Тигізу, толғандырып отыр, мойындап отыр
С. Экологиялық, ащы, аянышты, тамылжыған
Д. 1989 жылы, 400 млн. тонна, 173 мың
2. Сапалық сын есімді сөйлем қай қатарда?
А. Елеулі зиянын тигізіп келеді
Б. Бар əлемді толғандырып отыр
С. Апатты аймақтардың көбеюі неліктен? Д. Ғаламшардағы көне көлдердің бірі
3. Қатыстық сын есімді сөйлемді табыңыз.
А. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады
Б. Шығыстағы айдыны айрықша ащы болып келеді
С. Дүние жүзіндегі ең беделді ұйымдардың бірі
Д. Табиғаттың тарылтпасын, Мөлдір кәусар тынысын
Студенттердің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары:
Сын есім дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
Сапалық сын есімдердің анықтамасын айтып, мысалдар келтіріңіз.
Қатыстық сын есімнің анықтамасын айтыңыз, мысал келтіріңіз.
Сын есім неге үнемі зат есіммен тіркесе қолданылады?
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі қандай?
Қатыстық сын есімнің жасалуына қандай сөз табы қатысады?
Нөсер, жусан, білім, егін сөздерін қатыстық сын есімге айналдырыңыздар.
СӨЖ тапсырмасы. Семей тақсірет . Мәтінді оқу. Өз ойларыңызбен толықтырыңыз.
(Трагедия Семея)
Кеңес Одағы кезінде сынақ алаңына айналған аймақтар қазақ жерінде көп болды. Тұрғылықты халық әлі күнге дейін соның зардабын тартып отыр.
Сондай аймақтың бірі – Семей өңірі. Бұрынғы Семей облысының (қазір Шығыс Қазақстан облысына қарайды) Абыралы, Абай аудандарының жерінде әлемдегі ең үлкен атом полигоны орналастырылды. Тұрғын халқы түгелдей қазақтар болып келетін осы аудандар аумағында полигонның ашылуы КСРО басшылығының зиянды саясатының нәтижесі еді.
Алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылы 29 тамызда, ауада жасалды. Мұндай ашық жарылыстар көп уақыт бойы жалғасты да, кейін жер асты жарылысына ауысты. 1952 жылы термоядролық бомба сыналды. Ал бір-екі жылдан соң академик Сахаровтың басшылығымен дүние жүзінде тұңғыш рет сутегі бомбасы сынақтан өткізілді.
Сөйтіп, 40 жыл бойы Семей жерінде сынақтар өткізіліп келді. Осыған орай, 1989 жылғы ақпан айында Олжас Сүлейменовтың басқаруымен ядролық жарылысқа қарсы «Невада-Семей» қозғалысы өмірге келді.
1991 жылғы 29 тамызда, алғашқы жарылыс жасалған күнге 42 жыл толғанда, Президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды.
7-тақырып
Қазақстан дипломатиясының кезеңдері
1-тапсырма. Ой шақыру. Пікірлесейік.
Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның басқа елдермен байланысы қалай болды?
2-тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс.
Күйреу, жаңа жүйе, нұқсан, жүзеге асыру, қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығы, сыртқы саясатының тұжырымдамасы.
3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Қазақстан дипломатиясының кезеңдері
Кеңес одағының күйреуі және қос кіндікті дүниенің құлауына байланысты халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі пайда болды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы жылдары-ақ өзінің сыртқы саясатын тездетіп қалыптастыруы қажет болды, әйтпесе, біздің мүдделерімізге орасан нұқсан келуі мүмкін еді.
Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 1992 жылғы мамыр айында шыққан «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Еліміз өзінің геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және факторларды ескере отырып, көп бағытты дипломатияны жүзеге асыруға кірісті. Мұның мәні – әлемдік деңгейдегі істерде елеулі орын алатын және еліміздің нақты мүдделері тоқайласатын мемлекеттердің бәрімен достық және өзара сенімділік сипатындағы қарым-қатынастарды дамыту деген сөз.
Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі мынадай өрелі міндеттерді жүзеге асырудан басталды. Біріншіден, біздің мемлекетіміздің шын сипатын танытуымыз, екіншіден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуіміз қажет болды. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласуымыз қажет болды.
Қазақстанның қуаты мен мүмкіндіктерін шетелдерге кеңінен насихаттау үшін дүниежүзі мемлекеттері басшыларымен тікелей жеке байланысқа шықты, біз әлемдік қауымдастыққа тең құқылы және тәуелсіз әріптес ретінде танылдық. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі айдың ішінде әлемнің 92 мемлекеті елімізді таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен өзара қарым-қатынасының шарттық-құқықтық базасы жасалды және дамыды, ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тарапынан қауіпсіздік кепілдігі қамтамасыз етілді.
Біздің дәуірімізде бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ауыса бастауына байланысты шет мемлекеттермен тату көршіліктің қалыптасуына бар күш-жігер жұмсалады. Осыған орай сыртқы саяси қызметке басымдық берілді. Сыртқы істер министрлігін құру оңай іс болған жоқ. Сыртқы саяси қызметтің тиімділігі көбіне дипломатиялық кадрларға байланысты шешіледі. Сондықтан алғашқы кезде КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында және шетелдерде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар еліміздің сыртқы саяси ведомствосына қызметке шақырылды. Республикаға он екі жоғары маманданған дипломаттар келді. 1992 жылғы 2 шілдеде Республика Президенті Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы» Ереже қабылданды. 1997 жылғы қарашаның 12-нде «Дипломатиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Онда дипломатиялық қызмет органдарына мынадай міндеттер жүктелді: Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар жасау; дипломатиялық құралдар мен әдістер арқылы Қазақстан Республикасының егенмендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығы мен шекараларының мызғымастығын қорғауды, басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және халықаралық аренада оның саяси, сауда, экономикалық және өзге де мүдделерін қамтамасыз ету тағы басқалар.
4-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Мәтіндегі әр абзацқа сұрақ дайындаңыздар.
Сұрақтарға жауап бере отырып, абзацтан түсінгеніңізді баяндаңыз.
5-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, сөйлемнің дұрыс, бұрыстығын дәлелдеңіз.
Кеңес одағының күйреуі және қос кіндікті дүниенің құлауына байланысты халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі пайда болды.
Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 1995 жылғы сәуір айында шыққан «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі айдың ішінде әлемнің 92 мемлекеті елімізді танған жоқ.
2010 жылғы қарашаның 12-нде «Дипломатиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Сыртқы істер министрлігін құру оңай іс болды. Сыртқы саяси қызметтің тиімділігі көбіне дипломатиялық кадрларға байланысты шешілмеді.
6-тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс.
Қару-жарақ, ядролық қаруды таратпау, белсенді түрде, кемеліне келу.
7-тапсырма. Мәтіннің жалғасын оқыңыз.
Қазақстанның Стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу мен қысқарту туралы шартқа, орта және таяу қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шартқа, Еуропалық кәдімгі қару-жарақ күштері туралы шартқа қатысуы, сондай-ақ, 1993 жылғы желтоқсанда ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы – еліміздің әлемдік қауымдастыққа тұтасуының жаңа мүмкіндіктерін ашты.
Өткен жылдарда Қазақстан мен әлемнің бірде-бір елінің арасында қарсыласу болған емес. Қазір шетелдерде біздің 29 елшілік, 4 дипломатиялық миссия, екі бас консульдық пен алты консул жұмыс істейді. Осының нәтижесінде көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынас едәуір нығайып, Америка Құрама Штаттарымен, Еуропа мен Азияның жетекші елдерімен арадағы ынтымақтастық белсенді түрде дамып отыр.
Президент Н.Ә. Назарбаев сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттарына тоқтала келіп, ол халықаралық өзгерістер алдымызға тың міндеттер мен жаңа мақсаттар қоятынын, біздің сергектік танытып, дүниеде болып жатқан өзгерістерге тиісінше үн қатуымыз керек екендігін атап көрсететті. Президент Қазақстан дипломатиясының бұдан былайғы міндеті – экономикалық салаға қарай ойысуға, елімізде шетел инвестицияларына кең өріс ашуға қарай бағдарлануға тиіс екендігіне, бұл ретте біздің экономикалық жоспарларымызды әлемге танытып, көрсете білудің маңызы зор екендігіне көңіл бөлді.
Президент Қазақстанның сыртқы саясаты қалыптасу кезеңінен ойдағыдай өтіп, жаңа тарихи жағдайдағы мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі ретінде біржола бекіп, кемеліне келіп отырғанын атап көрсетті.
Сонымен, Қазақстан дипломатиясы қалыптасу кезеңін ойдағыдай аяқтап, қазіргі кезде кемеліне келуіне байланысты еліміздің халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлін айқындауға қызмет етіп отыр (С. Абдулпаттаев. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты кітабынан).
8-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Қазақстан қай жылы ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды?
Қазір шетелде қанша өкілдіктеріміз жұмыс істейді?
Президентіміз нені атап көрсетті?
9-тапсырма. Грамматикалық анықтағыш. Мұны білгеніңіз жөн! Нақ осы шақ.
Нақ осы шақ қимылдың сөйлеуші хабарлап жатқанда болып, жасалып жатқанын білдіреді. Мысалы: Мен кітап оқып отырмын. Әркім өз ойымен отыр. Бұл сөйлемдерде істің дәл осы уақытта болып жатқанын білдіріп тұр.
10-тапсырма. Мәтіннен нақ осы шақта тұрған сөйлемдерді табыңыздар.
11-тапсырма. Мына сөздердің дұрыс айтылу, жазылуына назар аударыңыздар!
Тұжырымдама, күйреу, өкілдік.
12-тапсырма. Мына сөйлемдерді нақ осы шаққа айналдырыңыздар.
Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі мынадай өрелі міндеттерді жүзеге асырудан басталды.
Қазақстанның қуаты мен мүмкіндіктерін шетелдерге кеңінен насихаттау үшін дүниежүзі мемлекеттері басшыларымен тікелей жеке байланысқа шықты, біз әлемдік қауымдастыққа тең құқылы және тәуелсіз әріптес ретінде танылдық.
Президент Қазақстан дипломатиясының бұдан былайғы міндеті – экономикалық салаға қарай ойысуға, елімізде шетел инвестицияларына кең өріс ашуға қарай бағдарлануға тиіс екендігіне, бұл ретте біздің экономикалық жоспарларымызды әлемге танытып, көрсете білудің маңызы зор екендігіне көңіл бөлді.
Президент Қазақстанның сыртқы саясаты қалыптасу кезеңінен ойдағыдай өтіп, жаңа тарихи жағдайдағы мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі ретінде біржола бекіп, кемеліне келіп отырғанын атап көрсетті.
Біздің дәуірімізде бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ауыса бастауына байланысты шет мемлекеттермен тату көршіліктің қалыптасуына бар күш-жігер жұмсалады.
Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1. Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі қалай пайда болды?
2. Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасы қашан жарияланды?
3. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы» ереже қай жылы қабылданды?
4. 1997 жылғы қарашаның 12-нде қандай заң қабылданды?
5. Нақ осы шақ дегеніміз не? Мысалдар келтіріңіз.
СӨЖ тапсырмасы: Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет туралы» заңын оқып келу.
8-тақырып
