Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 болим - охрана труда.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.51 Кб
Скачать

3 Автоөзіаударғыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігі

Автоөзіаударғыштарға ТҚК және АЖ жұмыстары тиісті МЕСТ-тар талаптарына, Санитарлық ережелерге; Автокөліктің жылжымалы құрамын техникалық күту, жөндеу, пайдалану ережелеріне; Еңбек қорғау және Өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелерге сәйкес жүргізілу керек.

Автомобильдерді ТҚК және АЖ жұмыстарына жіберу алдында арнайы оқшауланған, лай тұндырғышпен және бензин-май ұстағышпен жабдықтанған бөлмеде жақсылап тазартылып, жуылуға тиісті. Осыған байланысты механикаландырылған және автоматтандырылған жуу тәсілі прогресшіл, тиімді болып есептеледі.

Еңбектің қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасау үшін, оның ауырлығын төмендетіп, сапасын жоғарлату үшін ТҚК және АЖ жұмыстары әдейі арналған орындар (постылар) мен бөлмелерде жүргізілуге тиісті. Бұл постылар қажетті құралдармен, аспаптармен, құрылғылармен жабдықтануы керек.

Автомобильді еден постына қойғанда, оны тұрақ тежеуішімен тежеп, төменгі берілісін қосып, жылжып кетпеу үшін доңғалақтарының астына екіден кем емес тірек қойылуға тиісті.Автомобильдің рөліне мынадай жазу бар кестеше ілінеді: «Қозғалтқышты іске қоспа – адамдар жұмыс істеп жатыр!». Автомобильді көтергіш үстінде күткен жағдайда,оның плунжері берік бекітіліп, басқару механизміке кестеше ілінеді «Тиіспе – автомобиль астында адамдар жұмыс істеп жатыр!».

Автомобильдердің ағынды қозғалысы бар техникалық күту бөлмелерінде жұмысшыларды автомобильдің постыдан постыға ауысатыны туралы белгі беретін құрылғы орнатылуға тиісті, сонымен бірге ағынды желіні төтенше жағдайда тоқтату үшін әр посты белгі беретін құрылғымен жабдықтануы керек.

Автомобильдің астында жатып жұмыс істейтін жағдайларда кәсіби аурулар пайда болмау үшін жұмысшыларды жатақтармен жабдықтау керек, оларсыз еденде және жерде жатып, жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.Жоғары тұрған агрегаттар мен бөлшектерді жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін орнықты жеңіл баскыштарды және тұғырықтарды пайдаланған жөн.

Сұйық толтырылған агрегаттар мен бөлшектерді тек оларды сұйықтардан босатқаннан кейін ғана орнынан алуға болады. Массасы 20 кг артық агрегаттар мен түйіндерді орнынан алу, тасымалдау және қайта орнына қою толық қауіпсіздікті камтамасыз ететін тетіктермен жабдықтанған көтергіш- тасымалдағыш механизмдердің көмегімен орындалуға тиісті.

Автомобильдерді ТҚК және АЖ жұмыстарының сипатгамасына сәйкес жұмысшылар тиісті, түзу құрал-саймандармен және арнайы киіммен, қажетті жағдайларда жеке қорғану құралдарымен жабдықтануға тиісті.Жұмыста қол электр аспаптарын пайдалануға рұқсат етілмейді, егер олардың жерге жалғайтын құрылғысы жоқ және тоқ өткізгіштерінің оқшауламасы бөлінген болса.

Жұмыс орындарында кажетті тетіктер, аспаптар, слесарлық құралдар, қосалқы саймандар болу керек, сондай-ақ қолайлы жарықтылық және тиімді желдетпе ұйымдастырылуға тиісті. Жұмыс орындары ТҚК жене АЖ бөлмелерінде автомобильдердің адамдарды басып кету мүмкіндігі болмайтындай етіп орналасқан жөн.

Автомобильдердің ТҚК және АЖ жұмыстарын қозғалтқыштарының тоқтап тұрған кезінде ғана жүгізуге рұқсат етіледі, тек технологиялық үрдістерге байланысты олардың жұмыс істеуі керек болмаса. Қозғалтқыш жұмыс істегенде пайдаланған газдарды бөлмеге жібермей, айдап шығару үшін шлангты сорым колданылуға тиісті. Қозғалтқышты жүргізгенде және автомобильді орнынан қозғағанда жанындағы адамдардың қауіпсіздігін карастыру керек.

Автомобильдерді ТҚК және АЖ жұмыстарында қауіпсіздік техникасының талаптарын қатал сақтау керек: жұмысшылардың тек арнайы киім киіп және түзу кұрал-саймандармен жұмыс істеу, оларды дұрыс пайдалану, енбекте қауіпті тәсілдерді қолданбау; электр және өрт қауіпсіздігін, өндірістік санитария талаптарын сақтау; жұмысшыларды қауіпсіздік техникасы жөнінде оқыту, нұсқау беру, қатал бақылау жүргізу т.б.

Газ баллонды автомобильдердің ТҚК жљне АЖ жұмыстарын олардың өрт және жарылыс қауіптілігіне байланысты қосымша талаптарды орындау арқылы жүргізу керек. Мұндай автомобильдерді күтіп, жөндеуге бензин немесе дизель отынымен жүретін автомобильдермен бір бөлмеге коюға болады. Бірақ олардың газ жүйесін бөлек, үрлеме-сорма желдетпесі бар арнайы бөлмеде күтіп, жөндеу керек. Бұл жұмыстарды тиісті оқуы бар, емтихан тапсырған,қауіпсіздік жөнінде нұсқау алған адамдар ғана орындауға тиісті. Жұмыс барысында ашық отты пайдалануға, темекі тартуға болмайды, ұшкындар пайда болуынан сактану керек.

Газ аппаратурасы түзу немесе күтуден, жөндеуден шыққан газ баллонды автомобильдерді жалпы постыларға не ТҚК және АЖ желісіне жіберуге болады. Мұнда бұл автомобильдерді постыларға қою үшін бөлмеде оларды тек бензинмен (дизель отынымен) жүргізу немесе буксирмен қозғалту керек. Егер отын жүйесінен газ шығымы белгілі болса, автомобильді дереу бөлмеден сыртка шығарып, газ шығуын жою керек, оған дейін қозғалтқышын жүргізуге рұқсат етілмейді.

Газ баллонды автомобильдердің ТК және АЖ жұмыстарын жүргізетін бөлмелерде ашық отты пайдалануға, пісіру жұмыстарын жүргізуге, қайрау станогінде жұмыс істеуге, жанында тұрған автомобильдің электр жабдығын жөндеуге рұқсат етілмейді.

Аккумуляторлық жұмыстар. Бұл жұмыстар қорғасынмен улану, күкірт қышкылымен, сілтімен және электролитпен күю; аккумулятор батареяларын зарядтаған кезде шығатын сутегінің жарылу, электр тоғымен жарақаттану қауіптілігімен байланысты болады.

Аккумулятор жұмыстарын жүргізу кезінде сәтсіз оқиғалардың болмауы үшін қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігінін, жеке басты гигиенаның ережелерін катты сақтау керек. Батареяларды жөндейтін, зарядтайтын және электролитті дайындайтын жұмысшылар арнайы киіммен,қорғаныш көзілдірікпен, резеңке алжапқышпен, қолғаппен жабдықтануға тиісті. Олар қауіпсіздік шаралары және жарақаттанған адамдарға бірінші көмек көрсету тәртібі туралы нұсқау алу керек.

Аккумулятор бөлімшесінің барлық бөлмелері жалпы алмасу және жергілікті сорма желдетпемен жабдықтанады. Массасы 20 кг артык аккумуляторлық батареяларды тек арнайы арбашықтарға салып тасымалдау жөн болады, ал кіші мөлшерлі аккумуляторларды электролитін үстіне төгіп

алудан сақтанып, арнайы ұстағыш құралын пайдаланып, қолмен тасымалдауға рұқсат етіледі.

Аккумулятор бөлімшесінде темекі тартуға, ашық отты және электр жылытқыш аспаптарды пайдалануға; тез тұтанғыш және жаңғыш сұйықтарды, олардың бос ыдыстарын сақтауға; су мен тағамдарды қабылдауға, бөтен адамдардың болуына рұксат етілмейді. Бөлімшеде қол жуғыш, орамал, сабын, орамда мақта, бейтараптандырғыш немесе ас содасының не барий қышқылының ерітіндісі бар жабық сауыттар болу керек.

Шина монтаждау және вулкандау жұмыстары.Шина монтаждау жұмыстарында сәтсіз оқиғалар көбінесе сақтандыру сақинасының немесе монтаждау қалағының кенеттен шығып және шинаның жарылып кетуінің салдарынан болады; сондай-ақ ауыр жүкті автомобильдердің шиналарын алу, тасымалдау және орнына қою кезінде; электр аспаптарымен, қысым астында аппараттармен жұмыс істегенде сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін.

Вулкандау жұмыстарында негізгі қауіптіліктер: вулкандау аппараттарының жарылысы, будан және қызған затгарға тиісуден күйік алу; бензиннің, резеңке клейінің, күкіртті органикалық қоспалардың зиянды шығымдары; артық жылылық, өрт шығуы, электр тоғымен жарақаттану т.б. Шина монтаждау жұмыстары қажетті жабдықтарды, тетіктерді, құрал-саймандарды пайдаланып, арнайы учаскеде жүргізіледі; бұл жұмыстарда кувалданы (шойбалғаны) қолдануға болмайды, алдымен шина камерасынан желді шығару керек, ал шинаға жел толтырылғанда қоршау немесе сақтандырғыш құралын пайдаланған жөн және шинаның кейін байқап отыру керек. Массасы 20 кг артық шиналарды алу, тасымалдау және орнына қою жұмыстары арнайы механизмдердің (қол арба, көтергіш т.б.) көмегімен орындалуға тиісті.

Вулкандау жұмыстарының өте қауіптілігіне байланысты, оларға 18-ден жас емес, арнайы оқу оқып, емтихан тапсырған; медициналық байқаудан өткен, қолында куәлігі бар адамдар жіберіледі. Вулканшылар арнайы киіммен және жеке қорғану құралдарымен жабдықтануға тиісті.

Вулкандау бөлмесі үрлеме-сорма және жергілікті желдетпемен жабдықтанады, электр құралдары жарылыстан қауіпсіз болуға тиісті. Электрмен вулкандау аппараттарымен жұмыс істегенде, электр қауіпсіздігінің ережелерін мұқият сақтау керек, ал бумен вулкандау аппараттарын пайдаланғанда кысым астында жұмыс істейтін сауыттарға қойылатын қауіпсіздік талаптары орындалуға тиісті.

Вулкандау жұмыстарын жүргізгенде мынадай қауіпсіздік шараларын қарастыру керек: вулкандау аппараттарының және олардың бақылау-өлшеу аспаптарының түзулігі, жұмыс істеп тұрған аппаратты қараусыз қалдырмау, аппаратта жұмыс істеуге басқа адамдарды жібермеу, бөлмені оқшаулау, қысым мен температураның шектен тыс жоғарламауы, электр және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, вулкандау аппараттары мен аспаптарын жыл сайын сынаудан өткізу т.б.